Жеткіншектер қылмысының алдын алудың теориялық негіздері
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
І Жеткіншектер қылмысын талдау және мектеп психологы іс-әрекетінің орта
білім беру мекемелерінде қалыптасқан іс-тәжірибесіне шолу
1.1 Жеткіншектер қылмысының алдын алудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... 7
1.2 Балалар мен жеткіншектер қылмысының алдын алу жағдайын талдау ... ...33
1.3 Жеткіншектер қылмысының алдын алу бойынша мектеп психологтары іс-
әрекеттерін жетілдірудің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .44
ІІ Мектеп психологтарының іс-әрекетін жетілдіру бойынша негізгі ұсыныстар
және алдын-алу жұмыстарының тиімділігі
2.1 Жалпы білім беру мекемелерінде жеткіншектіктер қылмысын шектеу бойынша
мектеп психологтары іс-әрекеттері тәжірибесіне шолу және талдау..60
2.2. Мектеп психологтарымен жүзеге асырылатын, балалар мен жеткіншектер
қылмыстарының алдын- алудың кешенді
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...72
2.3. Балалар мен жеткіншектер қылмысының алдын алу жұмыстарының
тиімділігін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 77
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы әлеуметік- экономикалық және саяси
өзгерістердің масштабты, әрі қарқынды даму процесіндегі қазіргі уақыт
әсіресе дүниетанымдары мен өзіндік құндылықтары толық қалыптасып қоймаған
жастар үшін күрделі болуда. Қазіргі әлемде балалар, жеткіншектер мен жастар
өрістерін кеңейтуге ықпал ете отырып, түрлі факторларды күшейтуге ықпал
етіп, асоциалды элементтер тарапынан жағымсыз қатерлі әсерлерге
кезіктіреді. Өткір, кейде үрейлі форма түрлерінде көрініс табатын
құқықбұзушылықтар мен қақтығыстардың алдын-алуға бағытталатын жеткіншектер,
жастарға деген назар күшейтілуі қажет. Агрессивті бет алған формальді емес
жастар топтары өршуде. Әлеуметтік-психологиялық жағдай мен жеткіншектердің
дамуына жағымсыз әсер ететін рухани-өнегелі бағдарлардың жойылуын
байқаймыз. Басқа жасерекшеліктеріне қарағанда, жеткіншектер қоғамның ең
тұрақсыз бөлшегі ретінде экономикалық, әлеуметтік және моральді
жағдайлардан көбірек зардап тартады.
Балаларға деген қатынас кез-келген қоғамның болашаққа ұмтылысын
білдіретін өлшемі екені белгілі. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және
саяси жедел жаңару жолында жолдауында елбасы келесі қағиданы ұсынды:
Біздің стратегиямыздың ең маңызды мәселесі – қоғамымыздың ең қорғансыз
мүшелерінің өмірін толыққанды қамтамасыз ету. Бұлар – балалар, олардың
анасы және ересек ұрпақтар [1].
Жастардың қылмысының алдын-алу мәселесімен айналысатын ғалымдар мен
практиктер девиантты мінез-құлықтық себеп-салдары туралы ойланбастан,
қазіргі қиын жеткіншектерді болашақтағы қылмыстың резервісі десе, ал
кейбіреулері кіші жастағылар арасындағы қылмыстың ерекше қаталдығын гендік
қалыптан тыс өзгерістіктің нәтижесі дегенді тұжырымдайды. Жалпы айтқанда,
барлығы да балалардың ең алдымен, қорғауды, қолдау мен көмекті барынша
қажетсінетінімен келіседі. Соңғы жылдарда, жаңаша әлеуметтік жағдайлардағы
жеткіншектер мінез-құлықтары ерекше психологиялық мәселеге айналып отыр.
Әлеуметтік және мектептік дезадаптация, жеткіншектер арасында қылмыстық
жағдайдың күшеюіне түрткі болып отырған әлеуметтік орта факторы – осыған
дәлел. Жеткіншектік мотивациялық ерекшеліктер мен психикалық
ауытқушылықтар, сондай-ақ әлеуметтік бақылаусыздық және теріс әлеуметтік
ықпал баланың құқық бұзуы мен жеткіншектік қылмыстың негізгі себептері.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген жеткіншектік
құқық бұзушылықтың қылмыстық статусы болмағанымен де, бәрі бір жазаланады.
Кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушыларға қолданатын құқықтық жазаның ең
үлкені – жеткіншектерді, халық арасында балалар колониясы деген атаумен
танымал, арнайы мектептерге орналастыру болып табылады. Қазақстан
Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабының 6-тармақшасында Мемлекет
азаматтардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік
бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді дәлінген [2].
Жеткіншектер қылмысының алдын-алу қазіргі уақытта өткір өзекті
мәселенің бірі. Статистикалық мәліметтер бойынша қарасақ, 2011 жылдың
өзінде облысымызда 9 айда барлығы 5210 қылмыс жасалса , оның 196-ын 229
жеткіншектер жасаған. Қылмыс жасаған жеткіншектердің 124-і мектеп, лицей ,
гимназия оқушылары болса, 42-сі техникум мен арнаулы орта білім ордаларының
, 8-і жоғары оқу орындарының студенттері. Жас ерекшеліктері 12-13 жас
аралығындағы -14, 14-15 жас аралығындағы -61, 16-17 жас аралығындағы -142
жасөспірім және 12 жасқа дейінгі 12 жеткіншек қылмысқа барған.
Жеткіншектер қолымен жасаған қылмыстық іс-әрекеттердің 70-і ұрлық, 55-і
тонау, 22-сі бұзақылық, 6-ауы аса ауыр дене жарақаттары, 5-еуі күшпен
иемдену әрекеттері, 5-еуі қарақшылық, 3-еуі зорлау, 1-еуі кісі өлімі және
т.б. қылмыс түрлері. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда біршама
артқан. Қылмыстың қатыгезді- күштеу бағытындағы құрылымдық өзгерістері
тенденциясы сақталған [3].
Қалыптасқан жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары да соңғы роль
атқармайды. Жеткіншектер құндылықтар мен өз бағдарларын жоғалтады.
Өскелең ұрпақпен дәстүрлі қоғамдық институттар өзара қарым-
қатынастарындағы қақтығыстар жарыққа шығуда. Мектеп пен отбасында жүзеге
асырылатын педагогиканың ескірген жағдайлары қарсылық тудырмайтын жеке
басқа басымдылық көрсетуге бағытталған. Жеткіншек үшін ең жақын ортасы-
отбасы екендігі сөзсіз. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастарының қолайсыз
жағдайы жеткіншектер мінез- құлықтарына теріс ықпал етеді. Жасөспірім үшін
оқу мен жұмыс күш жұмсау мен өзіндік мәнін түсінудің маңызды сферасы. Осы
салаларда жетістіктерге жету өзіндік толыққандылығын сезіну үшін маңызды.
Жеткіншектің әлеуметтік қорғалмауы жиі жағдайларда оқу мен еңбек
сфереларында туындайтын үзілістер мен қақтығыстар себептері болады, оның
мінез-құлық өзгерістеріне, қоғамдағы қанағатсыз жағдайын кез-келген
тәсілмен орын толтыруына ықпал етеді.
Қазіргі ғылым мәліметі бойынша, девиантты жеткіншек- ол ең алдымен
нормадағы тұқымқуалаушылық тән, қалыпты бала. Ол девианттылық белгілерін
тәрбие жұмысында жіберілген қателіктер, қоршаған ортада жағдайының
күрделілігімен игере бастайды. Жеткіншекке өмірде өз орнын табуға
көмектесу, оның ұмтылыстары мен қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік беру-
көптеген теріс әрекеттердің алдын алу болып табылады.
Түрлі медициналық, психологиялық, педагогикалық, құқықтану,
ұйымдастырушылық шараларды үйлесімді қолдану алдын- алу жұмыстарының негізі
болатынын көреміз. Олар жеке мекемелерді, сол сияқты олардың өзара
әрекеттестігі шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Соңғы жылдары ауытқушылық мінез-құлық мәселесі психология, әлеуметтану,
құқықтану, тарих, педагогика, психиатрия, генетика сияқты ғылыми
салаларының зерттеу пәні бола бастады.
Қалыптасқан жағдайға байланысты қоғамда қабылданған нормалардан
ауытқуды негіздейтін тұлғаның барлық құрылымдық деңгейлері мен факторларына
арналған зерттеулердің кешенді тәсілі қажет.
Психология, әлеуметтану, психиатрия мен құқықтану жүйелі және кешенді
тәсіл негізінде балалар мен жасөспірімдердің потенциалды бейімділіктерін,
сонымен қатар мүмкін қылмыстардың алдын алу шаралары бойынша
жасөспірімдердің сәйкес жағымсыз мінез-құлық белгілерін нақтылау бойынша
практикалық психологтар мен психиатрлар іс-әрекеттерінің құқықтық
негіздерімен процедураларын айқындауы қажет. Ол үшін зерттеудің жаңа
деңгейлеріне, балалар мен жасөспірімдердің қылмыстық белгілері қозуын
айқындауға, жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастыруға мүмкіндік
беретін жаңа зерттеу әдістерін қолдану маңызды және қажетті.
Соңғы жылдары жасөспірімдер құқық бұзушылықтарын жасауға негіз
болатын себептер мен шарттарын, сонымен қатар олардың алдын-алу іс-
шараларын зерттеу мәселесіне отандық және шетел криминалистері ерекше көңіл
бөлуде. Бірқатар қазақстандық зерттеушілер, В.А. Трифонов Л.К. Керимов,
В.Г.Баженова, Т.К. Бөлеев, К.С. Бақтыбаева, Ж.А. Ускенбаева А. Жұмабаев,
К.А. Жүкенова, А.М. Қарабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов В.П Шевченко.,
Л.В. Лысенко және т.б. еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты
жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік- педагогикалық факторлардың
әсер ететіндігін зерттеді.
Бірақ, осы маңызды мәселені зерттеуге арналған ғылыми мақалалар мен басқа
да әдебиеттердің көптеген санына қарамастан, оның ғылыми қарастырылуы
өзекті болып қала береді.
Қылмыстық іс-әрекеттерге жетелейтін балалар мен жасөспірімдер
ауытқушылық және қылмыстық мінез-құлықтың алдын-алу Жеткіншектік
қылмыскерліктің алдын алудағы мектеп психологының іс-әрекеті атты зерттеу
жұмысы тақырыбын таңдауға негіз болды.
Зерттеу мақсаты - балалар мен жасөспірімдер қылмыстары мәселесіне
мектеп психологтарының түрлі тәсілдеріне жүйелі талдау жасау, жасөспірімдер
қылмыстық іс-әрекетінің алдын-алу жұмыстарын оңтайландыру бойынша әдістер
ұсыну.
Зерттеу нысаны - мектеп психологының іс-әрекеті.
Зерттеу пәні - жасөспірімдер қылмысының алдын-алу бойынша мектеп
психологының кәсіби іс-әрекеті.
Зерттеудің ғылыми болжамы: мектеп психологтарын балалар мен
жасөспірімдер қылмысының алдын-алуға тарту жеткіншектер қылмысын шектеу
бойынша маңызды практикалық іс-шара болуы мүмкін. Мектеп психологтары
жүзеге асыратын балалар мен жеткіншектер қылмысының алдын-алудың кешенді
бағдарламасын негіздеу және алдын-алу іс-әрекетін жетілдірудің негізгі
бағыттарын ұсыну берілген жас топтарының қылмыстарын елеулі төмендетуге
және оқу орындарында психологиялық ахуалды сауықтыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу міндеттері:
1. Мектеп психологтарының балалар мен жасөспірімдер қылмыстарының алдын-алу
мәселесіне түрлі тәсілдерге жүйелі талдау жасау;
2. Жасөспірімдер ортасында қылмыстың алдын-алу бойынша жұмыстарына
диагностика жүргізу;
3. Мектеп психологтары жүзеге асыратын балалар мен жасөспірімдер
қылмыстарының алдын-алу бойынша кешенді бағдарлама ұсыну;
4. Балалар мен жасөспірімдер қылмыстарының алдын-алу бойынша мектеп
психологтары іс-әрекеттерін жетілдіру бағыттарын негіздеу
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері -отандық және шетел
ғалымдары еңбектеріндегі идеялар мен жағдайлар болып табылады: тұлғаның
психологиялық теориялары бойынша (Б.Г. Ананьев, А.Г. Асмолов, С.Л.
Выготский, И.С. Кон, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және т.б); іс-әрекеттің
психологиялық теориясы бойынша (Е.А. Климов, Б.Ф. Ломов, Ю.П. Платонов,
А.Ф. Шикун және т.б); жасерекшелік және даму психологиясы бойынша (Л.И.
Божович, В.В. Давыдов, Ю.А. Клейберг, А.А. Люблинская, B.C. Мухина, Д.И.
Фельдштейн, Д.Б. Эльконин және т.б); психологиялық қызметті ұйымдастыру
бойынша (И.В. Дубровина, Р.В. Овчарова, A.M. Прихожан және т.б); заң
психологиясы мен криминология бойынша (К.Е. Игошев, В.Н. Кудрявцев, Г.М.
Миньковский, В.Ф. Пирожков және т.б); практикалық психология және
психодиагностика бойынша (А. Анастази, Ю.З. Гильбух, К. Леонгард, Е.И.
Рогов, В.В. Столин, А.Ф. Шикун, П.Я. Шлаен және т.б);
Зерттеу әдістері: зерттеу жұмысында жалпығылыми зерттеу әдістері
жиынтығы, әдебиеттер мен ресми құжаттарды зерттеу және талдау, эксперттік
бағалау, бақылау, сауалнама, тестілеу, зерттеу нәтижелерін өңдеу, салыстыру
сонымен қатар эксперимент нәтижелерін талдау барысында математикалық
статистика әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Жеткіншектер қылмысының алдын алудың психологиялық-педагогикалық
негіздері теориялық талдау арқылы зерттелінді.
2. Мектеп психологтарымен жүзеге асырылатын, балалар мен жеткіншектер
қылмыстарының алдын- алудың тиімді жолдарын анықталды.
3. Балалар мен жеткіншектер қылмысының алдын алу жұмыстарының
тиімділігінің деңгейі диагностикалық әдістер арқылы өлшеніп,
көрсеткіштері сараланды.
4. Мектеп психологтарымен жүзеге асырылатын, балалар мен жеткіншектер
қылмыстарының алдын- алудың кешенді бағдарламасы дайындалып,
психологиялық тиімділігі тәжірибеден өткізілді.
Зерттеудің теориялық мәнділігі - мектеп психологының кәсіби іс-
әрекетінің теориялық негіздерін жасау жасөспірімдер қылмысының алдын-алудың
субъектілерінің бірі
Зерттеудің практикалық маңыздылығы - зерттеу нәтижелерін мектеп
психологтары балалар мен жеткіншектермен жұмыс жасауда қолданылып, оқу
орындарындағы психологиялық ахуалды сауықтыруғаретінде қолдану жолдары
анықталып, оны оқу-тәрбие процесінде қолдану ерекшеліктері ұсынылды.
Зерттеу нәтижелерi мен қорытындылары мектеп психологтарымен жүзеге
асырылатын, балалар мен жеткіншектер қылмыстарының алдын- алудың кешенді
бағдарламасы арттыру iсiнде пайдалануда тиімді нәтиже беретін мүмкіндігі
бар.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
1. Оқу орны психологының практикалық іс-әрекетін қолдану жасөспірімдер
құқықбұзушылығы мен қылмысының алдын-алу жүйесінің әрекеттілігін тиімді
етеді.
2. Балалар мен жасөспірімдер қылмысының алдын-алудың апробацияланған
кешенді бағдарламасын мектеп психологтары жасөспірімдермен жеке жұмыс
түрінде де қолдануға болады.
3. Алдын-алу жұмыстарының тиімділігін келесі жағдайларда арттыруға болады:
а) балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дезадаптациясы және ассоциалды
ауытқуларына уақытылы және сенімді диагностика жүргізу, мінез-құлықтары
ауытқыған оқушылармен психологиялық- педагогикалық түзету тәсілдерін
таңдау;
ә) жасөспірімдер тұлғасының дамуына жағымсыз әсер ететін факторлар мен
себептерді анықтау және қолайсыз әсерлерді залалсыздандыру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспе, теориялық бөлім,
эксперименттік-практикалық бөлім, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады
Зерттеу базасы № 51 қазақ орта мектебі.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде (IX-XII 2010 ж.) жеткіншектер қылмысын талдау және
мектеп психологы іс-әрекетінің орта білім беру мекемелерінде қалыптасқан іс-
тәжірибесіне туралы теориялар жинақталып, олар жан-жақты талданады,
ерекшеліктері анықталады. Зерттеу нәтижелері ғылыми мақалалар ретінде
рәсімделіп, баспаға ұсынылады.
Екінші кезеңде (I-V 2011 ж.) жеткіншектер қылмысының алдын алу
бойынша мектеп психологтары іс-әрекеттерін жетілдірудің теориялық тұрғыда
зерттеудің негізгі бағыттары анықталды. Зерттеу нәтижелері курстық жұмыс
ретінде өңделеді.
Үшінші кезеңде (ІХ 2011 –V 2012 ж.) мектеп психологтарымен жүзеге

бағдарламасы қолданудың тиімді жолдары анықталды. Зерттеу жұмысы
қорытындыланып, рәсімделді және магистрлік диссертация қорғауға ұсынылды
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы.
Зерттеу жұмысының нәтижелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференциялардың жинақтарында жарық көрген.
Жеткіншектер қылмысын талдау және мектеп психологы іс-әрекетінің орта білім
беру мекемелерінде қалыптасқан іс-тәжірибесіне шолу
1.1 Жеткіншектер қылмысының алдын-алудың теориялық негіздері
Психология ғылымында бала дамуының психикалық және тұлғалық жағдайын
зерттеуге бағытталған іргелі зерттеулер жүргізілген, оның жасерекшелік
кезеңдерінің негізгі сипаттары берілген (П.П. Блонский, Л.И. Божович, Л.С.
Выготский, В.В. Давыдов, А.В. Запорожец, А.В. Петровский, Д.И. Фельдштейн,
Д.Б. Эльконин және т.б.).
Ассоциалды мінез-құлық мәселесі пәнаралық сипатта болады және
психология, әлеуметтану, медицина, биология, құқықтану тоғысында. Қазіргі
уақытта ауытқыған мінез-құлықтың түрлі аспектілері бірқатар отандық және
шетелдік ғалымдармен зерттелуде. М. Вебер, Э. Дюркгейм, Н. Смелзер, Я.И.
Гилинский, А.А. Александров, А.Д. Глоточкин, А.Е. Личко, В.Н. Кудрявцев,
В.М. Коган, И.С. Кон, Л.И. Божович, Ю.А. Клейберг, А.А. Реан еңбектері кең
тараған және басқада мамандар еңбектері бай теориялық және практикалық
материалға ие. Отандық әдебиетте девиантты мінез-құлыққа арналған
мәселелер, жиі жағдайда қиын балалар және жеткіншектермен байланысты,
олар ішкі өтпелі кезең қиындықтарына, қоғамда әлеуметтік ролінің
анықталмауына, қарама-қайшылықтарына, әлеуметтік бақылау механизмдері
өзгерістеріне орай, әлеуметтік қатері жоғары топты құрайды.
Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда
бола бастады. Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып
жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа
енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр. Сөз
етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог
мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе
екенін айтып өту керек. Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.
Бельский (1917 ж., 1924 ж.) болды, ол өз мінез-құлқы шамасынан ауытқыған,
кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П.П. Бельский өзінің 30 жыл
уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге
арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.
Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З. Фрейд пен К. Левиннен,
сонымен қатар Ч. Ломбрододан да бірталай мағлұматтар алды. А.С.
Макаренконың қиын балалар мен жеткіншектерге арналған еңбектері әлемдік
педагогиканың алтын қорына енді. П.О. Эфрусси мінез-құлықтағы қиындық
табиғатын жүйке жүйесіндегі ерекшеліктер: қозушылық, көңіл-күйдің аумалы-
төкпелігімен, жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауымен түсіндіруге әрекет
жасады, сонымен бірге ол психологиялық себептерді физиологиямен ұштастырды.
Оның зерттеуінің құндылығы мынады, ол кейбір жекелік ерекшеліктерді
талдауға, соның ішінде жеткіншектердің өзін-өзі қалыптастыру әдетін
анықтауға көп септігін тигізеді.
Қиын жеткіншектердің жекелік ерекшеліктерін өмір жағдайымен, тәрбиемен
өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске
асырған П.П. Блонский болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты – қиын
балалардың өмірін анықтау. П.П. Блонский қиын балалардың мінез-құлық
тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің
қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға
былайша мінездеме береді: Объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы –
мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті
көзқараспен қарағанда қиын оқушы- мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу
өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі
бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П. Блонский өз
жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. П.П.
Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп
бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу
болып табылады [4].
Көп жылдық оқу мен бақылау негізінде И.А. Невский қиындықпен
тәрбиеленетін баланың пайда болуын, балалармен отбасында, мектепте
жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен, кемеліне жетпеген
педагогикалық практика нәтижесінен деп түсіндірді. Ары қарай ол өз ойын
былай көрсетеді: бұл қыңыр құбылыспен күресу бағытының шешімі мұғалімнің
тиімді әдістерді меңгеру қабілетіне қарай емес, сол әдістерді дұрыс
қолданып, дұрыс игеруіне негізделеді. Ал бұл негіз ең біріншіден педагогтің
жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың әрекеттерін
дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады. Баланың психикасы көп факторлы,
әлеуметтік өмір жағдайына, қоғам дамуына тәуелді екенін қарастырды. [5]
Ғалымдардың бірқатары баланың дамуындағы кідіріске, қоғамға
бейімделудің қиындығына себепші болып отыратын қолайсыз әлеуметтік-
биологиялық факторларды анықтады. Балалар мен жеткіншектердің ассоциалды
мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс
істеді (В.Г. Баженова, Р.А. Дебагян, А. Жұмабаев, К.А. Жүкенова, А.М.
Қарабаева, Л.К. Керимов, В.П. Кривошеев, Л.В. Лысенко, И.Ф. Назаров, В.А.
Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Э.И. Шнибекова, Г.А. Уманов, Т.Қ.
Бөлеев, Ж.А. Ускенбаева). Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты
жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың
әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жеткіншектердің
ассоциалды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды
ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті
арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әр түрлі
жолдарын көрсетті.
В.В. Трифонов зерттеулерінде қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті
педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп
қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін
қажетсінетін оқушы. Бұл шексіз ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын
жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпыадамдық және өзге ешкімде
қайталанбайтын қасиеттерді, әлеуметтік және биологиялық факторлардың
ықпалымен қамтамасыз етіледі.
Біраз зерттеулер (М.А. Алемаскин, Л.М. Зюбин, Д.В. Колесов, В.Н.
Кудрявцев, Г.М. Минковский, И.Ф. Мягков және т.б.) қиын балалардың басым
көпшілігі – бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, сондықтан
да оқушылар ұжымынан тысқары шығып қалатын балалар - деп атап көрсетті.
Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез-құлыққа,
айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы-құрдастарымен дұрыс
қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді. Қиын балалар, мінез-құлықтағы
қиындық ұғымынан басқа, қиындықпен тәрбиелену ұғымы да кеңінен
қолданылады. Қиындықпен тәрбиелену термині тәрбиеленушінің педагогикалық
әсерге қарсылығын және оны түсінгісі келмейтінін бейнелейді. Бұл
қарсылықтың басты себебі – көп жағдайда жеке тұлғаның қалыпты дамудан қалыс
қалуынан болады. Осыдан мінездегі жаман қылықтар туады. Қиындықпен
тәрбиелену – баланың теріс мінез-құлқы, дау-жанжал. Кейде бұл қайшылық
табиғи түрде, тек бір-бірін түсінбеуден шығатын дау-жанжал екенін айтуға
болады. Ал мұндай дау кейде онша қауіпті емес және ол қиындықсыз жойылуы
мүмкін.
Қиындықпен тәрбиелену мәселесі Г.А. Фортунатовтың (1935ж)
еңбектерінде зерттелген. Өзінің зерттеулерінде қиын бала ұғымына былайша
түсінік беріп, оларға үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды
жатқызады. Қиын балаларға ол психикалық бұзылудан жапа шеккендерді
жатқызады. Г.А. Фортунатов қиын балаларға тек анықтама беріп қана қоймай,
ондай балалардың пайда болуының себептерін түсіндіреді және осындай
себептің екі тобын табады. Бірінші топқа ол ескінің әсерін, ал екіншіге
оларды қиналтатын ішкі дау-жанжалдарды жатқызады. Дау-жанжалдардың туу
негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез-бітістер: қозушылық,
ұстамсыздық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік
т.б. пайда болады. Қиын балалар намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің
жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық
күшін жұмсап, маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп
санамайды, мен оларға көрсетемін - деп саналы түрде ой тұжырымдап өзін-өзі
сендіреді [6].
Ұзақ мерзімді дау-жанжал баланы қиын атандырып ғана қоймайды, сонымен
бірге оның жүйке-жүйесінің бұзылуына себепші болуы мүмкін. Балаларда ішкі
дау-жанжалдың ықпалынан сыртқы дүниеге, қоршаған ортаға деген сенімсіз,
тіпті жауластық сияқты қатынастар пайда болады.
Л.С. Выготский қиындықпен тәрбиеленумен күресудің нақты жолын
анықтап берді. Өзінің Қиын балалық шақтың педагогикалық клиникасы мен
дамудың диагностикасы (1936ж.) еңбегінде ол былай жазады: Жеке адамның
күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен, білім бірлігімен, дамуына
жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады. Л.С. Выготский жеке адам
тәрбиесі психологиясының маңызды бір мәселесі – аффектілі-қажеттілік
ортасымен сананың байланысын көтерді.
Соғыстан кейінгі жылдарда қиындықпен тәрбиеленушілердің әлеуметтік
мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді, ал 1950-60 жылдар басында олардың шығу
себептерін, мінез-құлықтағы таңқаларлық ауытқушылықтарды, жеке адам
дамуының динамикасымен байланысын терең зерттей бастады. 1950-70 жылдары
зерттеушілер негізгі зейіндерін қиындықпен тәрбиеленетін балалар мен
жеткіншектерге себепші болатын әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-
педагогикалық факторларға бөлді.
1970-80 жылдары қиындықпен тәрбиелену мәселесі отандық ғылымда жан-
жақты зерттелгеніге куә боламыз. Мінез-құлықтың ауытқушылығы мәселесіне ең
алғаш көңіл бөліп қараған жаңа автор Л.С. Славина болды. Мұндай мінезге ол
аффектілі (жан – күйзелісі, қайғыру) психологиялық ерекшелігін алды және
бұл саладағы балаларды екі топқа бөлді. Бірінші топ балаларының
тәртіпсіздігінің себебі мінез-құлықтың дұрыс жағдайда қалыптаспауы
салдарынан, өте күшті эмоционалды қайғыру және жан-күйзелісінен болады.
Л.С. Славина екінші топ балаларының тәртіпсіздігінің себебіне мінез-құлық
ережелерімен санаспау, бұл ережелерді білмеу, өзінің мінезін көп жағдайда
меңгермеуді жатқызады [7].
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларының мінез-құлқындағы қиындық
мәселесімен И.П. Воронаева, И.В. Козубская, В.Г. Сенько, Е.А. Сорофян, И.П.
Трушина т.б. айналысты. Олар мінез-құлқында қиындығы бар жеке балалардың
кейбір ерекшеліктерін анықтап көрсетті. Бастауыш мектеп жасындағы
қиындықпен тәрбиеленушілердің негізгі себептерін айқындап, оларды жеңіп
шығудың жолдарын көрсетті.
Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде
зерттелініп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік–психологиялық және
педагогикалық (М.А. Алемаскин, А.С. Белкин, Л.М. Зюбин, Д.В. Колесов, Г.П.
Медведев, М.Ф. Мягков, Д.И. Фельдштейн және т.б.); клиникалық (Г.А.
Власова, В.Я. Гиндикин, О.В. Кербиков, В.В. Ковалев, М.З. Певзнер, Г.Е.
Сухарев және т.б.); криминологиялық (М.М. Бабаев, К.Е. Легошев, В.Н.
Кудрявцев, Г.М. Миньковский және т.б.) аспектіде қарастырылуда.
Олай болса мінез-құлықтағы қиындық бұл шексіз (интегративті) ұғым,
педагогтік және тәрбиелік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын
психологиялық ерекшелік.
Әлеуметтік норма - әлеуметтік топтар, ұжымдар немесе адамдар іс-
әрекетінің немесе мінез-құлқының белгілі бір интервалы, нақты қоғамда
тарихи қалыптасқан мөлшер, шек. Әлеуметтік норма түсінігі белгілі бір
көрсеткіштердің кең диапазон жиынтығы. Әлеуметтік нормалар тарихи
өзгермелі. Кеше норма деп есептелетін жайт, бүгін ауытқу және керісінше
болуы мүмкін. Қазіргі қалыптасып отырған қоғамда кейбір нормалардың бұзылып
және кейбіреулерінің толық қалыптаспауынан, қалыптасу мәселесі, нормаларды
қолдану және талдау мөлшерден тыс күрделі іске айналуда.
Бүгінгі таңда В.М. Димов пікірінше, адам өміріне физикалық және
әлеуметтік қауіп төндіре, әлеуметтік құбылыстарды бұза отырып, әсер ететін
әлеуметтік норма категориясын анықтайтын принципті критерии болып
табылады. Бұл - норманы девиациядан ерекшелейтін шек болып табылады.
Әлеуметтік құбылыстардың идентификациялануын күрделендіретін екі жақты
бірқатар шекаралық жағдайлар туындайтыны шындық. Критерийлердің,
шектеулердің анықталмағандығы, қандай да бір мінез-құлық актілері үшін
жауапкершіліктің айқын және түсінікті шараларының жоқтығы - шектеу шекарасы
өрісінің кеңеюімен шарттасатын девианттылық қалыптасуына негіз болады.
Норма түсінігі ең күрделі және анықталмаған ғылыми түсініктерге жатады.
Шын мәнінде ешқандай да норма жоқ, бірақ қалыпты емес аймағы басталатын
түрлі вариациялар, одан ауытқудың сан алуан түрлері кездеседі. Мұндай
шекара еш жерде жоқ, және бұл мәнде норма қандай да бір орташа мәннен
ауытқу ретінде түсіндіріледі, осыған байланысты көптеген істер таза күйде
кездеспейді, әрқашанда қалыпты емес формалардың қоспасымен жүріп отырады.
Сондықтан да қалыпты және қалыпты емес мінез-құлық арасында нақты бір
шекара болмайды. Бірақ ауытқулар саны сендіретіндей санға жеткенде, қалыпты
емес мінез-құлық туралы айтуға құқылымыз. Қалыпты емес мінез-құлық
формалары уақытша және ауыспалы мінез-құлықты көрсете отырып, қалыпты
адамдарда да кездесуі мүмкін, бірақ адамдарда созылмалы, тұрақты мінез-
құлық формалары ретінде кездесу де мүмкін. Осы көзқарастан мінез-құлықтың
барлық қалыпты емес формалары келесі топтарға бөлінуі мүмкін:
1) қысқамерзімді және кездейсоқ формалар (сандырақтау, ұмытшақтық,
маскүнемдік т.с.с);
2) ұзақмерзімді және тұрақты жағдайлар (невроздар, психоздар, жан ауруының
кейбір формалары);
3) бүкіл өмір барысындағы мінез-құлық дефектілері.
Қиын мінез-құлықты балалардың пайда болу себептерін қарастырайық.
Қалай түзеу қажеттігін білуден бұрын, алдымен нені түзету қажеттігін, яғни
девиантты мінез-құлық себептерін түсіну қажет. Авторлардың кәсіптеріне
(психиатр, психолог және т.б) және олардың теориялық көзқарастарына
байланысты қалыпты мінез-құлықтан ауытқу себептерінің бірнеше жіктеулері
белгілі.
Нормадан ауытқыған мінез-құлықтың дәстүрлі себептерін қарастыратын
болсақ, олар екі топқа бөлінеді:
- психикалық және психофизиологиялық бұзылыстармен байланысты
себептер;
- әлеуметтік және психологиялық сипаттағы себептер;
Жеткіншектерге және жасөспірімдерге қатысты қарастыратын болсақ, жас
ерекшелік дағдарыстарымен байланысты себептерді жеке топқа ерекшелеу қажет.
Олардың әрқайсысына жеке тоқталайық:
Психикалық және психофизиологиялық бұзылыстармен байланысты себептер:
М. Раттер берілгендері бойынша, психикалық ауытқумен балалардың 5-15%-ті
зардап шегеді. Бұл тек тексерілуге келетін балалар көрсеткіші.
Тексерілмейтіні қаншама. М. Раттер бойынша мәселені шешуге педиатрлар және
медицинамен байланысы жоқ педагогтар, психологтар және әлеуметтік
қызметкерлер қатысулары қажет. Әрине олар диагноз қоя алмайды, бірақ
симптомдарды анықтап кеңес бере алады[8]. Симптомдардың ішінен М. Раттер ең
алдымен келесілерін ерекшелейді:
- бала мінез-құлқының оның жасына және жынысына сәйкес келетін
нормативтерге тепе-тең болу. Мысалы, жақындарымен айырылысқандағы үрейдің
болуы сәбилік жастағы балаға тән, бірақ сирек кездесетін жағдай және
жеткіншектер үшін қалыпты емес;
- бұзылыстардың ұзақ уақыт сақталуы. Қысқамерзімді қорқыныш, талма,
бір істі орындауға ниеттің болмауын балалардың көпшілігі басынан кешіреді.
Егер де осы және басқа да бұзылыстар ұзақ уақытқа сақталса, ол қалыптан
ауытқуды білдіреді;
- балалардың мінез-құлықтарындағы және эмоционалды жағдайындағы
толқу;
- күнделікті мінез-құлқымен салыстырғанда, әсіресе қалыпты даму және
жетілу көзқарасынан түсіндіру қиындық тудырғандағы, бала мінез-құлқында
өзгерістердің пайда болуы;
Ауыр және жиі қайталанатын симптомдардың пайда болуы. Мысалы,
ата-ана баласына кітап оқу салдарынан, балада түңгі қорқыныш пайда болды.
Егер бұл жағдай туралы ата-анасы айтса, ешқандай көңіл бөлудің қажеті жоқ.
Ал егер, бала түн ортасында жылап оянуын жиілетсе, оған басқаша қарау
қажет.
Белгілі болғандай, шектеулі болатын, бір симптомға ерекше көңіл бөлудің
қажеті жоқ. Егер бірқатар симптомдар бірмезгілде байқалып, психикалық
өмірдің түрлі жақтарына қатысты болса, оған басқаша қарау қажет.
Айтылғандардың барлығын бала дамып және өмір сүріп жатқан ортамен сәйкес
бағалау қажет шығар. Қоғамдағы этникалық, әлеуметтік және мәдени
ерекшеліктерге түсіністікпен қарау өте маңызды.
К.С. Бақтыбаева еңбегінде қауіп-қатер факторын үш топқа бөліп
қарастырған: 1) медико-биологиялық топ; 2) әлеуметтік-экономикалық топ; 3)
психологтың-педагогикалық тобы [9].
Кейде нормадан ауытқыған мінез-құлық мәселесі психиатриялық тұрғыда
объективті ретінде қарастырылады. Сонымен, мінез акцентуациялары (А.Е.
Личко, 1983), яғни есею мөлшері бойынша өткірленетін немесе жазылатын
уақытша мінез өзгерістері туралы концепция кең тараған. Бірақ бұл көзқарас
жалғыз емес. Нормадан ауытқыған мінез-құлыққа көптеген ғалымдар
есептегендей, тек психикалық аномалиялар ғана емес, олардың ықпалымен
қалыптасатын, тұлғаның психологиялық ерекшеліктері де негіз болады [10].
Әлеуметтік сипаттағы ортақ себептердің бірі - қоғамның жеткіншектерге
қарым-қатынасы болып табылады. Жеткіншектік жас кезеңінің және қиын
жеткіншектер мәселелері, қоғам жеткіншектерді ерекше адамдар тобы деп
қарастырып, оларға ерекше құқықтар бере бастаған уақыттан пайда болды. М.Д.
Винтер өз зерттеулерінде ХVІІІ ғасырға дейін медицинада, философияда,
педагогикада қиын жеткіншектер, балалық және жеткіншектік кезеңдерге
қатысты мәселелердің туындамағаны туралы тарихи берілгендер келтірген. Орта
ғасырларда балалар жеті жастан бастап үлкендер әлеміне енген, өтпелі, қиын
жас мәселелері болмаған. Тек ХVІІІ ғасырда арнайы көңілді қажет ететін,
ерекше топ ретінде балалардың негізгі ерекшеліктері түзілді. Бұл кезеңде
қоғамда өз балаларының рухани және физикалық қолайлылықтарына қатысты ата-
аналар міндеттері анықталды, жанұядағы эмоционалды қарым-қатынастың ерекше
типі қалыптасты. Балалар үшін үрде мектепке бару міндеті енгізілді. Келесі
ғасырда жеткіншектерге қатысты бақылау біртіндеп әлеуметтену терминіне
алмастырылды, және оның негізгі бағыттары критериилері анықталды. Тек
бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ата-аналар балалардың көмекшілері және
құлы деген көзқарас қалыптасты. Қоғам жеткіншектерге көп көңіл бөлген
сайын және оларға ерекше құқықтар берген сайын, олардың қиын жас мәселесі
өткір бола бастады .
Психологиялық және әлеуметтік сипаттағы себептер арасынан дәстүрлі
түрде келесілерді ерекшелейді:
1) құқықтық және өнегелі сана дефектілері; 2) тұлға қажеттіліктерінің
мазмұны; 3) мінез ерекшеліктері; 4) эмоционалды-еріктік сфера
ерекшеліктері. Белгілі болғандай, жеткіншек мінез-құлқындағы қиындықтар
тұлғаның дұрыс емес дамуы және тап болған қолайсыз жағдайлар, сонымен қатар
тәрбиенің кемшіліктері нәтижелерінің үйлесуімен түсіндіріледі.
Жеткіншектік кезеңдегі жиі кездесетін девианттылықтың себептерін бірқатар
ғалымдар тұлға қалыптасу процесінің аяқталмауы, жанұя және
айналасындағылардың теріс ықпалы, жеткіншектің өзі кіретін топ құндылықтары
және нормалары талаптарына тәуелді болуы деп атайды. Сонымен қатар,
жеткіншектердің нормадан ауытқитын мінез-құлқы өзін-өзі көрсету, шындыққа
немесе үлкендер талаптарына қарсылық болып табылады.
Үлкендер нормасына, құндылықтарына және үлкендер тарапынан қойылатын
талаптарға агрессивті қарсылық көрсету, сонымен қатар өз тобының
ережелеріне еру қысқамерзімді қиын мінез-құлық себептерінің кең тараған
түрі екенін ескеру қажет. Олар жеңіл өткеретін мәселелер болып табылады.
Ересектер өсіп келе жатқан балаларына қарым-қатынасын қайта қарастырса,
мәселе өзінен өзі шешіледі. Жасөспірімдік және субмәдениет мәселелері және
олардың тараптарынан ересектер ықпалынан қорғану жағдайларын әр уақытта
зерттеушілер ерекшелеп отырды, өйткені ол жеткіншектердің жас ерекшелік
өзгерістерімен байланысты. 13-17 жаста жеткіншектер және жасөспірімдер өз
топтарының түрлі ықпалдарына бейім келеді. Баланы есірткі дәмін көруге
итермелейтін себептерінің бірі өз қатарынан қалып қалмау деп аталады,
барлығы сияқты болу (31%). Қылмыстық тәжірибе де осылайша таралады.
Балалардың 50-80% -тінің есептеуінше, бұл жағдай жеткіншектердің өзара
қарым-қатынасы барысында жүзеге асады (В.В. Королев, 1992). Көптеген
зерттеушілердің пайымдауларынша, психологиялық мінездің негізгі
себептерінің бірі деп балалардың, әсіресе жеткіншектердің өзіндік
бағалауларының төмендігін атайды. Өзіндік баға, яғни басқа адамдар арасында
адамның өз мүмкіндіктерін, қасиеттерін және орындарын бағалауы мінез-
құлықтың маңызды реттеушісі болып табылады. Адамның айналасындағы
адамдармен қарым-қатынасы, сыншылдығы, өзіне талап қою, сәттілік және
сәтсіздіктерге қатынасы ең алдымен өзіндік бағаға тәуелді. Адамның
әрекеттенуі және мүмкіндіктері арасындағы сәйкессіздіктер психологиялық
күйзеліс, әсіресе жеткіншектің эмоционалды күйінумен өтетін үлкендермен
қақтығыстарға бейімділігінің жоғары болуына жетелейді. Жас ерекшеліктеріне
байланысты кейбір кезеңдерде жеткіншектерге өз мүмкіншіліктерінің және
тұлға ретінде өз жекелілігін адекватты емес бағалау тән. Мінез-құлықтық
және эмоционалды күйзелестен басқа да бұл жағдай мектепке бармау,
үлгерімінің төмендеуі, шылым, ішімдік, есірткі пайдалану салдары ретінде
депрессияға жетелеуі, күмән келтіретін және мінез-құлықтарында қандай да
бір ауытқулары бар достары арасынан қолдау іздеулері мүмкін. Әлеуметтік
сипаттағы себептердің кең тараған түрлерінің бірі бала дамып және өмір
сүріп отырған ортаның әлеуметтік ықпалы болып табылады. Әлеуметтік қолайсыз
ортада дами отырып, жеткіншек оның нормаларын және құндылықтарын игереді.
Олар қоғамда қабылданған нормаларға қарсы болса да, бала үшін олар өте
орынды, өйткені басқа әлеуметтік ортада оның тәжірибесі жоқ .
Ортаның материалды деңгейі төмен, әлеуметтік қолайлы жағдай да себеп
болуы мүмкін. Егер мұндай ортада тәрбиеленген баланың моральді нормалары
және құндылықтары, өмірін дербес жоспарлау дағдылары қалыптаспаса, ол
қоғамда қабылданған нормаларды аттап кетуі мүмкін, мінез-құлқы алғашында өз
өмірі жағдайларына қарсылық, кейін келе өз өмір сүру деңгейін (ұрлық,
алдау) көтеру мақсатында заң бұзуға бару. Мұның себебі әлеуметтік және
материалды қолайлы орта болуы мүмкін. Моральді нормалардың толық
қалыптаспауы, дамудағы аутқулар, үлкендермен қақтығыстар негізінде қолайлы
атмосферада тәрбиеленіп отырған бала, қызық іздеп кетуі немесе қолайсыз
ортадан қолдау тауып, оның заңдары мен нормаларына ере бастауы мүмкін.
Баланың мектеп жасындағы дамуы әрқашанда тегіс өтпейді. 7 жастан 17
жасқа дейін өсіп келе жатқан адам жас ерекшелік дамуының бірнеше кезеңінен
өтеді, олардың әр қайыссында физикалық және психологиялық жағдайлар елеулі
өзгерістерге ұшырап, эмоционалды және коммуникативті қабылдау өзгереді. Осы
жерде балалардың барлығы өз ойларын, сезімдерін және іс-әрекеттерін жақсы
игере бермейді. Түсініктердің бұзылуы, арман және дағдылар жылдам өзгеріп
отырады. Бала болып жатқан өзгерістерді сезінуге және оларға бейімделуге
үлгермейді, нәтижесінде өзіне деген сенімсіздік, басқа адамдарға сенімділік
төмендейді, қақтығысқа бейімділік немесе депрессияға бейімділік пайда
болады. Осылайша, балалар және жеткіншектер мектептік кезеңде дағдарыс
жағдайларына (грек тілінен аударғанда crisis ауыспалы пункт, шешім, үкім)
бірнеше рет тап болады. Осыған сәйкес көптеген балалар осы кезеңдерде қиын
бала категориясында болады.
Жас ерекшелік дағдарыстары бір кезеңнен екінші кезеңге өту барысында
қақтығыстық жағдайлардың айқын немесе әлсіз байқалуының шартты белгісі
ретінде қарастырылады. Р.С. Немов жас ерекшелік дағдарысын депрессивті
жағдайлармен, қанағаттанбаумен, сонымен қатар ішкі (тұлғалық) және сыртқы
(өзара тұлғалық) сипаттағы күрделі шешілетін мәселелермен өтетін, адам
психикалық дамуындағы тежелу ретінде анықтайды. Оның пікірінше, жас
ерекшелік дағдарыстары бір физикалық немесе психологиялық жастан
келесісіне өту барысында пайда болады. Жас ерекшелік дағдарыстары тұлғаның
қалыпты дамуы үшін қажет және адамның әлеуметтік қарым-қатынастар, іс-
әрекеттері, сезімдері сферасындағы жаңа құрылымдардың пайда болуымен
қамтамасыз етеді [11].
Осылайша кез-келген дағдарыс конструктивті және бұзу сипатындағы
бастауда болады. Жағымсыз даму - өтпелі кезеңде жүретін позитивті
процесстердің теріс жақтары. Алғашқы қызығушылықтардың бұзылуы, негативизм,
оппозициялық - баланың жаңа мораль және құндылықтар жүйесінің жасау тәсілі
ғана. Баланың бойында болатын өзгерістер сапасы көбінесе үлкендердің
келеңсіз жағдайларға әсерлену көріністеріне байланысты. Қауіпті келеңсіз
көріністерді байқамауға болмайды, өйткені олар жақсылап бекіп және дамуы
мүмкін, бірақ шектен тыс қаталдық орнатуға болмайды: бұл жағдай сондай-ақ
келеңсіз көріністердің бекуіне және мінездің патологиялық өзгеруіне әкеліп
соғуы мүмкін.
Мектеп жасындағы балалардың даму процесін шартты түрде екі кезеңге
бөлуге болады: кіші мектептік кезең (6-7 жастан 10-11жасқа дейін) және
орташа және үлкен мектептік кезең (10-11 жастан 16-17 жасқа дейін). Белгілі
болғандай, екінші кезең жеткіншектік кезең (10-11жастан 13-14 жасқа дейін)
және ерте жасөспірімдік кезең (13-14 жастан 16-17 жасқа дейін). Бір
кезеңнен екінші кезеңге өту барысындағы дағдарыстардың жалпы себебі тұлға
даму деңгейінің баланың шынайы мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуі болып
табылады (іс-әрекет, қарым-қатынас, эмоционалды-еріктік сфера). Кіші
мектептік кезеңнен жеткіншектік кезеңге өтудегі дағдарыс ағзаның
физиологиялық өзгерістерімен, үлкендер қалыптастыратын қарым-қатынастармен,
және тұлғалық дамумен салыстырғанда интеллектуалды дамудың алды-алатын
дамумен байланысты болатыны жалпы белгілі.
Бірақ жеткіншектік және ерте жасөспірімдік жастағы дағдарыс жағдайлары
мектеп оқушыларын әр жылы күтіп тұрады. Жеткіншектік жас- есею, жетілу,
еркектену жасы. Сондықтан да бұл кезеңде өзгерістер жылдам байқалып және
болып отырады. Американ психологы А. Гезелл мінез-құлықтың маңызды және тән
ерекшеліктерін сипаттай отырып, жеткіншектік кезеңнің жіктелуін және
кезеңдерін құрастырды.
10 жас - бала бірқалыпты, өмірді жеңіл қабылдайтын, сенгіш, ата-
аналармен жақсы қарым-қатынаста, сырт келбетіне онша мән бермейтін алтын
жас болып табылады.
11 жаста ағзаның қайта құрылуы басталады, бала шапшаң бола бастайды,
көңіл-күйі өзгергіш, құрбыларымен жиі ұрысып, ата-аналарына қарсылық
көрсете бастайды.
12 жаста мұндай өткірлік ішінара жойыла бастайды, өмірге деген
көзқарасы позитивті бола бастайды, бала жанұясынан автономды болып және
бірмезгілде құрбыларының ықпалы артады. Бұл жастың негізгі белгілері-
ойшылдық, қалжыңды түсіну, шыдамдылық, жеткіншек өз инициативасын белсенді
көрсетіп, өзінің сырт келбетін күтіп және қарама-қарсы жыныс өкілдеріне
қызығушылық білдіре бастайды.
13 жаста ішкі әлеміне көңіл бөлу, интраверттілік жетекші бола бастайды.
Балалар өздерін сынай бастайды және сындарға сезгіш келеді, жеке қалуға
бейім, психологияға қызығушылық білдіре бастайды, ата-аналарына сын көзбен
қарап, достықты таңдай бастайды. Болып жатқан соматикалық өзгерістердің
нәтижесінде көңіл-күйдің толқуы өте жиі болады.
14 жаста интраверсия экстраверсиямен алмастырылады, жеткіншек күшті,
экспансивті болып, қарым-қатынасқа бейім, өзіне сенімділігі артып, басқа
адамдарға және олардың айырмашылықтарына қызығушылық пайда бола бастайды.
Көтеріңкі қарым-қатынаста экспансивтілік жиі байқалады, яғни шатастыратын
сұрақтар қоюға бейімділік және қарам-қатынастағы адамдар реакциясын талдау.
Жеткіншектерді тұлға сөзі қызықтырады, психология мәселелерін талдауды,
өзі туралы талқылауларды және басқа адамдармен салыстырғанды ұнатады,
референтті персоналар және топтардан өзінің жеке белгілерін тани отырып,
белсенді идентифициаланады. Он бес жастағылардың маңыздылығын бірыңғай
формуламен көрсетуге болмайды, өйткені жекелік ерекшеліктер жылдам
жетіледі. Бұл жаста жалпы жаңа құрылым жеткіншек қарым-қатынасының
жанұясында және мектепте қысымды болуына негіз болатын рухтың күшеюі болып
табылады. Еркіндікке ұмтылу өзіндік бақылаудың өсуімен үйлесіп және сана
өзіндік тәрбиенің бастамасы болуы позитив болып табылады. Бұл жеткіншектің
жаралануын және зиянды әрекеттер ықпалын қабылдау деңгейін көтереді.
Белгілі бір топ мүшесі болу және жаңа идентифициаланған топтарға
қажеттілік күшейеді.
16 жаста қайтадан тепе-теңдік орнап, өмірге құштарлық өседі, ішкі
дербестілік, эмоционалды тұрақтылық, қарым-қатынас, болашаққа ұмтылу
күшейеді [12].
Бұл жерде жас ерекшеліктерінің жуық сипаты келтірілген. Шынайы
жағдайларда жеткіншектің өсіп-жетілуі және мәдени-әлеуметтік
ерекшеліктерінің жылдамдығының мәні өте жоғары. Бұл жіктеудің мәні өте зор,
себебі, ол жас ерекшеліктерін ескере отырып жеткіншекпен қарым-қатынасты
құру және түзетуге және оқушылардың дамуын және оқушылар ұжымын болжауға
мүмкіндік береді .
Сонымен қатар психофизиологиялық және әлеуметтік себептер келтірілетін
аралас жіктеулер түрлері де жасалған. В. Клайн психотерапевт көзқарасынан
құқық бұзушы жасөспірімдердің алты типін ерекшелейді:
1.Ол жай ғана басты қатырады. Мінез-құлықтары келеңсіз іс-әрекеттермен
шектелетін жеткіншектер. Мысалы, үйге кеш келеді, алдайды, сабақтан қашады,
киноға билетсіз барады. Мұндай жеткіншектер әрқашанда іні-қарындастарын
ренжітеді және мазаларын алады, көршісінің көлігінің дөңгелегінің желін
шығарады, есірткі тартып көреді. Әзілқойлар рұқсатсыз құжаты болмаса да
көлікті айдап кетеді, көршінің есігін немесе мектеп қабырғаларын бояп
кетеді.
2. Ата-ана жауы. Мұндай жеткіншектердің нашар мінез-құлқының себебі ата-
анасының екеуінен де немесе біреуінен өш алу болып табылады. Уақыт өте келе
ата-аналарға қатысты жауластық соғысқа айналуы мүмкін. Кей жағдайларда
жеткіншек-баласының жау болуы ата-аналарына күтпеген жағдай болады. Олар
осы уақыт аралығында жағымсыз сезімдерді басып жүргенін түсінбейді,енді
олар сыртқа шықты.
3. Бұзылған бала. Мұндай баланы ассоциалды бағыттағы тұлға деп атайды.
Не ақыл-ой, не эмоционалды дамуында ешқандай да ауытқу жоқ. Бірақ мінез-
құлқында ауытқуы бары анық- құқық бұзушылармен қатынаста. Бұл жағдай бала
қолайсыз жанұяда өскенін білдіреді. Енді ол өзінің қосымша ортасының
заңдарымен өмір сүреді. Ол қылмыстық әлемнің нормаларын қабылдаған және
оған бағынады.
4. Органик. Бұл баланың бас миы жараланған немесе ақыл-ой дамуы
тежелген. Бұл тежелген бала, оның тәртіп бұзуы ақыл-ойының әлсіздігімен
және өз іс-әрекеттерін бағалау қабілетінің жоқтығымен түсіндіріледі.
Өкінішке орай, құрбылары мұндай балаларды мазақтайды немесе қорлайды,
сондықтан да олар басқалар сияқты емес.
5. Психотиктер. Бұл ақыл-ойы толық емес, науқас балалар, олар үшін
галлюцинациялар, түрлі мазасыз ойлар тән.
6. Жынды ұрық. Жеткіншектердің бұл типін бірінші психопаттар деп
атайды, олар үшін бүкіл өмірі бойы созылмалы құқық бұзу тән, бұл жерде еш
нәрсе көмектеспейді. Бұл ауытқу ерте жастан, жиі жағдайда мектепке дейінгі
жылдарда пайда болады. Мұндай бала жазаланғанына қарамастан әрқашанда
ассоциалды істер жасайды. Оны үрейдің өзі тоқтата алмайды, ол қалыпты,
тәртіпті мінез-құлық ережелерін игере алмайды. Ол ешкімді шынайы жақсы
көрмейді. Онда жауапкершілік, сезімдері жоқ, оған сенуге болмайды. Ол ұялу
және кінәлілік сезімдерін білмейді [13].
Баланың қандай мінез-құлқы нормадан ауытқыған болып табылады? Кез-
келген мінез-құлықтағы мүмкін ауытқуларды бағалау үшін критериилердің
бірнеше түрлері қолданылады. Баланың жас ерекшеліктеріне және жыныстық
ерекшеліктеріне сәйкес келетін нормативтер. Мінез-құлықтың бірқатар
ерекшеліктері тек белгілі бір жастағы балалар үшін ғана қалыпты болып
табылады. Мысалы, бала үшін суланған жөргек ата-аналарды ерекше мазаламайды
және көптеген балалар 4-5 жасқа дейін төсекте суланып жата береді. Сонымен
қатар он жастағы балалармен ұқсас жағдай кездесе бермейді, сондықтан да бұл
жастағылар үшін ұқсас жағдайлар нормадан ауытқу ретінде қарастырылады. Дәл
осы сияқты жаңадан тәй-тәй басып келе жатқан балалар үшін жақын адамымен
айырылысу үрей тудырады (осы жастағы баланың ата-анасынан ажырауына
немқұрайлылық таныту мазасыздану тудыратын себеп). Бірақ жеткіншектердің
жақын адамдармен айырылысуын ауыр өткеру сирек кедесетін құбылыс және
сондықтан да қалыпты емес болып табылады.
Жыныстық ерекшеліктермен байланысты мәселелерге қатысты айтатын болсақ,
балалық шақтың соңғы кезеңдерінде де ұл бала және қыз бала мінез-құлықтары
сәйкес келеді. Ұл балалардың көпшілігінде ол әйелдік белгілер, ал қыз
балаларда кейбір еркектік деп аталатын белгілермен боялған. Бұл қалыпты
жағдай. Бірақ сирек жағдайларда ұл бала бойында әйел мінез-құлық
ерекшеліктерінің барлық жиынтығы кездеседі және сондықтан да статистикалық
көзқараста мұндай жағдай қалыпты емес болып табылады. Ұқсас ауытқу
нақтылығы туралы мәселе басқа да қалыпты емес критериилерді, сонымен қатар
әлеуметтік даму бұзылуы ескіргенде ғана шешіледі.
Бұзылыстың сақталу ұзақтығы. Белгілі болғандай, кез-келген жастағы
балаларды зерттеу барысында олардың көпшілігінде үрей, талма немесе басқа
да жағымсыз бұзылыстар жиі кездеседі. Бірақ, бұл жағдайлардың ұзаққа созылу
жағдайлары сирек кездеседі. Мысалы, әрбір бала мектепке барудан бас тарту
кезеңінен өтті. Бұл бала өмірінде бір күн немесе бірнеше аптаға созылады.
Бұл мәселенің бірнеше айға және жылдарға созылуы үрей тудырады.
Өмірлік жағдайлар. Балалардың мінез-құлықтарындағы және эмоционалды
жағдайындағы уақытша толқулар-күнделікті және қалыпты. Психологиялық
күштің өз шыңдары және сәйкестіктері болады, осыған байланысты балалар
бір уақытта өте осал, кей уақытта жеткілікті қарсылық көрсету және жақсы
бейімделу қабілеттеріне ие болады. Даму ешқашан да тегіс жүрмейді, ал
уақытша регресс жиі жағдайларда кездеседі.
Сөз болып отырған толқулар кей жағдайларға қарағанда жиі болады,
сондықтан да баланың өмір жағдайларын назарға алу өте маңызды. Мысалы,
көптеген балалар кіші інісінің немесе қарындасының дүниеге келуіне мінез-
құлқында регреспен әсерленеді. Осы уақытта олар саусақтарын сорып, бөтелке
сұрап, еркелейді және үлкендер назарын талап етеді. Стрессті тудырып,
мазасыздану және тәуелділік сезімдерінің күшеюіне жетелейтін басқа жағдай -
мектеп немесе сынып ауыстыру. Балалардың көпшілігінде стресс эмоционалды
және мінез-құлық қиындықтарын күшейтетінін ата-аналар білулері қажет.
Мәдени-әлеуметік орта. Қалыпты және қалыпты емес мінез-құлық
дифференциациясы абсолютті болуы мүмкін емес. Баланың мінез-құлқы тікелей
оның мәдени-әлеуметтік ортасында қабылданған норма көзқарасынан бағалануы
қажет. Сондықтан да қоғамда қалыптасқан көптеген мәдени ерекшеліктерге
түсіністікпен қарау қажет.
Бұзылыс деңгейі. Жеке симптомдарға шағымданулар бірмезгілде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz