Егеменді еліміздің болашағы


Кіріспе
Егеменді еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесінде, оқу процесінде өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің, нарықты экономика кезеңінің қалыптасуы, өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігінің, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылық, кәсіби біліктілігі мен білімділігін керек ететіні белгілі.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің дамуында оң өзгерістер байқалады, оқыту мазмұны жаңарып, жаңа типті оқу орындары көбеюде.
Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі оқу-тәрбие процесінің жемісі болып табылады.
Оқу мен білім алу, ақыл-ойы мен сананы дамыту оқушы буынының негізгі әрекетінің бірі болса, ал сол іс-әрекет пен баланың ақыл-ойының дамуы санасының өрістеуі психикалық процес болып есептеледі.
Соңғы жылдары еліміздің мектеп өмірінде енгізілген өзгерістердің бірі, мектеп бітірушілердің бірыңғай Ұлттық тестілеуден (БҰТ) өткізілуі. Бұл жерде де интеллект, ақыл-ой деңгейінің маңызы зор.
Яғни, әр пәннен қойылатын сұрақтарға жеке-жеке зейінін аудары, өткен материалдарды еске түсіре отырып, ойын жинақтап жауап береді. Зейін, ес, ой процестерінің дамуы интеллект деңгейін көрсететіндіктен маңызды болып табылады.
Мектеп психологының атқаратын қызметтері
Қазақстан Республикасы дамыған, бәсекеге қабілетті елу ел қатарынан орын алу үшін, білім бәсекесінде қабілетті, интеллект деңгейі жоғары шәкірт тәрбиелеу талабы қойылып отыр. Еліміздің әлемдік аренадан орын алуына бүгінгі жас ұрпақтың қосар үлесі зор болмақ.
А. Құнанбаев өз еңбектерінде балалардың талабы мен ынтасының күшті болатынын ерекше атап өтеді. Сонымен бірге, Абай «тіл дамыту, ой дамыту деген сөз, балаларды тәрбиелегенде ең басты міндет олардың ойын дамытып ойлауға үйрету» - дейді.
Ақыл - ойдың дамуы - оқушының жасына байланысты білім мен тәрбиенің әсерінен, тәжірибе жинақтауынан оның ақыл-ой әрекетінде болатын, сандық және сапалық өзгерістер жиынтығы. Әрбір адам бірінен-бірі ойының кеңдігі немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестігі, логикалық жүйелілігі, сыншылдығы т. б. сапалармен ерекшеленеді. Халық ерте замандардың өзінде-ақ, ақыл-ойдың кеңдігін ерекше қастерлеген.
Ал, Л. С. Выготский «баланың ақыл-ойының өрістеп дамуы меңгеретін білімінің мазмұнына байланысты» - деген.
Б. Г. Ананьевтің соңғы жылдары жазған еңбектерінде интеллектіні ой қабілетіне тән нәрсе деп санаған пікірін қолдайды. Бұл пікірді басшылыққа ала отырып, біз ақылды не «интеллектіні» ой процесінің жемісі екенін айта аламыз.
Психологтар С. Л. Рубинштейн, Н. А. Менчинская, З. М. Калмыкова еңбектерінде ойлау іс - әрекеті мынандай ойлау процестерінен құралады: жалпылау мен талдап қорытудан , жаңа материалдың ережесі мен принциптерінен ашудың негізгі заңдылықтарын анықтаудан тұрады.
Талдау бәлендей бір нәрсені ойша бөлшектерге бөлу болып табылады. Бір нәрсені тұтас білу қиын болғандықтан, оны бөлшектерге бөліп, бөлек-бөлек зерттеп кейін соны ойша біріктіру нәтижесінде тұтас нәрсе туралы адамның білімі ұлғаяды. Демек, нәрсенің бөлшектеріне талдау жасау, соны әдейі терең білу үшін қолданылады.
Жалпылау әр нақты затқа тән негізгі қасиетті, оның өзінен бөліп алып, кейін осыларды біріктіріп, жалпылама ұғым құру. Жалпылау арқылы оқу мазмұнына түсіну қиын келсе де, бұған сүйенбей оқу материалын меңгеру мүмкін емес. Сондықтан оқушының ой-өрісін кеңейтіп, зеректілікке тәрбиелеуде жалпылау операциясына ерекше көңіл бөлінеді.
Ойдан қорытынды жасау оқушының оқу материалын ұғынуы тиісті пікір айтып және пікірлерден қорытынды жасау арқылы іске асады. Пікір айту ойдан қорытынды жасау арқылы іске асады. Қорытынды жасай білудің жолы, негізінде, индукциялық және дедукциялық ой амалдарына бөлінеді.
Индукция жеке пікірлерден жалпы қорытынды жасауға көшу жолы болып табылады. Мұндай жалпы қорытындыға келтіру үшін, оқушы әуелі осы ұғымға жататын көптеген жеке фактілермен таныс болуы маңызды. Егер оқушы жалпы ұғымға байланысты жеке фактілерді өмірінде кездсетірмеген болса, онда оның ойша операциясы жасап, қорытындыға келуі қиын. Ал, қорытындыға келген жағдайда да, ол осылардың мәнісіне түсінбесе бұны түсінудің белгісі деп айтуға болмайды. Сондықтан жалпы ұғымдарды (ережені, теореманы т. б ) түсіндірер де осы еске алынады.
Дедукция жалпы пікірден жеке фактілерге көшу жолы болып саналады. Дедукция жолы арқылы жасалынатын қорытындының үнемі дұрыс болып келуі - негізгі тиянақ деп аталынатын пікірдің қаншалықты дұрыс болуына байланысты. Егер негізгі тиянақ дұрыс болмаса, осы арқылы келген ой қорытынды да қате болып шығады.
Егер мектептегі оқыту процесі ойдағыдай дәрежеде жүргізілмесе, оқушы өз бетімен пікір айтып, қорытынды жасауда қатты қиналды.
Бұл ой операциялары оқу мазмұнын меңгеріп, соған ұғынудың негізгі құралдары болып есептелінсе, сонымен бірге, осы әдістер арқылы инттелектісін дамытудың нәтижесі болмақ.
Оқыту процесіндегі ойлау іс-әрекетінің маңыздылығын С. О. Рубинштейн, Л. С. Выготский, А. Н. Монтьев, Ж. Плаже, М. Вертмейгер, Дж. Брунер зерттеген.
Оқытудың негізгі өнімді ойлауда құрылатынын З. И. Калмыкова, ойлау психологиясын А. М. Матюшкин, Н. А. Менчинская, А. В. Скрипченко өз жұмыстарында қарастырды.
Егер оқытудың негізгі көздейтіні оқушыларға білім беру болса, осыған орай оқушының сабақ үстінде ой-өрісін дамыту.
Ой-өріс баланың есейген сайын бұрынғысынан ақыл-ойының қаншалықты дамығанын көрсетеді. Ой-өрістің мынандай екі түрі бар: біріншіден, бұған тапқырлық пен ұғымталдық мәселені ойланып шешеудің шарты. Екіншіден, ойдың өрістеп жұмыс атқаруы ілгеріде аталған ой операциялар (талдау мен топтауға, салыстыруға, абстракциялау, нақтылау) негізделеді. Әрине, бұлар оқыту процесінде дамып отырады.
Мектепте дамыта оқыту принципінде психологтың атқаратын ролі
Мектепте дамыта оқытудың негізгі принцпінде мәселелік оқыту пайда болады. Мәселелік оқытудың интелектіні көтеруге әсері меңгерілетін білім және интелектуалдық дағдының бастапқы кезеңінің қалыптасуы және оқыту процесіндегі өз еркімен тапсырма мен мәселені шешу жүйесі болып табылады.
Мұндай оқыту оқушының ақыл-ойының дамуна бірталай әсер етеді, табиғат өзі жаратқандай ойлау процесіне сәйкестенеді, адам үшін жаңа практикалық мәселелерді шешу жолдарына бағыттайды.
Ж. Ы. Намазбаева өз еңбектерінде: «Айналасындағылардың берген бағасын оқушының дұрыс қабылдауы, оның білімдігін көтереді, ал өзіне талап қойып сынмен қарау қабілеттілігі оның интелектуалдық дамуына жағдай туғызады. Соңғысы өзінің жақсы мүмкіндіктерін бөліп алып шек қоя білсе, осының барлығы жеке тұлға болуна әсерін тигізеді». Оқушылардың тиімді, нәтижелі болуы балалардың жоғары психикалық функциялары; зейін, есте сақтау, ойлаудың дұрыс ұйымдастырылына байланысты.
Мидың дұрыс даму жағдайы мен қоршаған ортаның әлеуметтік - мәдени әсері ең ықпал еткенде және оқыту нәтижелі жүрген кезде ақыл-ойдың дамуы жоғары болмақ. Мида кемістік байқалып, баланың өмір сүру ортасы жайсыз болса, ақыл-ой дамуының мүмкіндігі шектеледі.
Ақыл-ой тереңдігі танушы адамның мәселені шешудегі негізгі белгілерін пайда болуын, заңдылығын ажырата білу деңгейін сипаттайды.
Ақыл-ой икемділігі - мәселені шешуде жағдайға қарай тәсілдерді өзгерту.
Ақыл-ой тұрақтылығы - бөлінген белгілер жүйесін санада ұстай білу қабілеті.
Дербестік ойлаудағы күрделі мәселелерді шешуде көрінеді.
Ақыл-ой жоғарыдағы берілген сапаларды ғана емес, белгілі бір деңгейдегі таным аумағының дамуымен де байланысты.
Баланың ақыл-ой дамуы деңгейін анықтау кезінде оқуға деген ынтасын, қызығушылығын, өз ақыл-ой қабілетін бағалай білуі сияқты «жеке бас көрсеткіштерін» есепке алу маңызды.
Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті жасөспірім шаққа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектілік операцияларды меңгеру және ұғымдық ақпараттың баюы жас жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсуімен қосылып, мұның өзі жасөспірімнің ақыл-ой қызметінің құрылымын жеткіншекке қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипат береді. Қазіргі бар деректерге қарағанда ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады.
Ересектің ақыл-ойына келсек, мұның өзі жеткіншек жасына қарағанда сапа жағынан да, көлем жағынан да біршама қалыптасып қалған. Қалыптасуда мынадай екі тетік бар: біріншіден, бұлар өзін қоршаған әлеумет арасынан, соның ішінде жеке адамдар арасында кездесетін неше түрлі қатынастың мәнісіне түсініп, дүниеде себепсіз нәтиже болмайтынын ұғына бастайды. Екіншіден, жеткіншек жасында ересек уақытының көбін мұң, фантазия нәтиже шықпайтынын біліп, күші мен жігерін шындық нәрсені меңгеруге жұмсайды. Осының өзі ақыл-ойдың дамуындағы үлкен жетістіктің бірі.
Адамның қабілеттілігі дараланған элемент ретінде ешқашан қарастырылмайды. Олардың дамуы өзара байланыста және ауыспалы құрылымдарға біріккен.
Бұл қабілеттілік құрылымы өзара бірін-бірі толықтырушы болып табылып, адамның дара тұлғалық ерекшелігін анықтап қоймай, оның мүмкіндіктерінің әмбебаптығын қамтамасыз етеді.
Тұлғаның жеке даралық ерекшеліктерінің ішінде, оның интеллектуалдық ерекшелігі үлкен орын алады.
Осы жерде Р. Амтхауэрдің зерделікке арналған тестін айтуға болады.
Р. Амтхауэрдің қабілеттілік құрылымдарының бірлігі идеясы, көптеген кәсіби интеллектуалдық тестерге, оның ішінде әсіресе интеллект құрылымы тестіне («ИҚТ») негіз болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz