Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
Оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және
олардың білім, дағды, үйренулерінің жастық дамуға қаншалықты сәйкес
келетінін анықтау мектеп психологының басты міндетіне жатады.
Психодиагностика оқушылардың тәрбиеде, оқу барысындағы
қиыншылықтарын анықтауда, сондай-ақ қызығушылықтардың, қабілеттердің даму
ерекшеліктерін зерттеуде үлкен рөл атқарады. Балалардың жеке психикалық
ерекшеліктері туралы ақпаратты жинау, К.М Гуревичтің анықтамасы бойынша,
психодиагностиканың негізгі міндеті болып табылады. Бұл ақпараттар
оқушылармен жұмыс істейтін адамдар үшін өте пайдалы.
Мектеп психологының практик-психологпен диагностикалық жұмыс
барысындағы ерекшеліктері. Психологиялық қызмет жүйесінде
психодиагностиканың біршама ерекшеліктері бар. Психодиагностиканың ғылыми
- зерттеуші және ғылыми –практикалық секілді түрлерін ажырату керек.
Егер біріншісінің міндеті психикалық даму заңдылықтарын зерттеу болса, ал
ғылыми –практикалық психодиагностиканың мақсаты нақты психологиялық
бұзылыстың себебін анықтау болып табылады. Практик-психолог бала дамуына
ұсыныс беру үшін, балаға түзетуші шаралар жасау үшін психодиагностиканы
қолданылады.
Психодиагностикалық ақпараттар мына жағдайларда: 1) даму
бұзылыстарын түзетуді ертерек бастау, оқушылардың психикалық даму қарқынын
зерттеу; 2) төмен деңгейдегі және озат оқитын балалардың дұрыс жетілуіне
жағымды жағдай қалыптастыру мақсатында дамытушы бағдарламаны жасау; 3)
ерекше қабілеттері бар балалардың дамуына жағдай жасау; 4) психолог
жүргізетін психопрофилактикалық жұмысының тиімділігін тексеру; 5) тәрбиелеу
және оқыту жүйесіне салыстырмалы психологиялық талдау жасау; 6)
психологиялық ағартудың өзекті тақырыптарын таңдау мақсатында қажет. т.б.
Мектептегі психологиялық қызмет шеңберінде түзету, дамыту,
диагностика секілді әдістер бөлек жүргізілмейді. Олар мектепте бір кезеңде
атқарылатын жұмыс болып табылады. Мысалы; диагностикалық - коррекциялық
немесе диагностикалық - дамытушы жұмыстар.
Мектеп психологының жұмысы диагноз қойып, тұлғаны дамыту
бағдарламасын жасаумен шектелмейді. Ол балалардың дамуын зерттеп,
ұсыныстардың орындалуын қадағалайды, сонымен қатар психологиялық,
түзетушілік, тәрбиелік жұмыстың басым бөлігін өзі атқарады.
Практикалық психологияның негізгі әдістері
3.1 Психодиагностика
Психодиагностика – нақты міндеттерді шешуге арналған
практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының
жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Ол
диагностикалық әдістер, кеңес беру, терапевттік түзету әдістері және
ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар психологтың
клиентке ықпал ету қарқындылығының , шешілетін міндет күрделігінің
негізінде құрылған. Психодиагностика клиенттің психологиялық проблемасын
шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы мен мінез
құлқын өзгертуге, адамның ішкі мүмкіндіктерін табуға жәрдемдеседі.
Практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші,
түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.
Психодиагностика – психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс
жасайтын мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт.
Психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол
практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, яғни
психолог кеңес беруде немесе психотерапияда маманданған өзге
психологтардың тапсырысы бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап,
сол салада мамандана алады. Екіншіден, психодиагностика психологтың
клиентпен жүргізілетін жұмыстарының маңызды кезеңін құрайды. Екі жағдайда
да психодиагностика адамдардың психологқа шағымдана келетін өмірлік
қиындықтарының себеп - салдарын анықтауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың,
әдістердің, әдістемелік тәсілдері мен үрдістердің кешенін анықтайды.
Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде
психодиагностиканы теориялық пән ретінде қарастырады. Идеялардың теориялық
психологиядан тәжірибелік психологияға едәуір жақындауына ықпал етіп,
психодиагностиканың теориялық негізі қалыптасады.
Диагностикалық әдістердің бірнеше түрлері бар:
Бақылау – анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын
іріктелген мәселелерді( бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің
негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Практикалық
психологиядағы бақылау – клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы
вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылдау.
Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктес қарым- қатынасының
барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алу
тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік
әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады.
Әңгімелесу барысында клиент сезінген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы
клиент тұлғасын және оның сөздері арқылы алынған ақпараттың барлығын
сынамай қабылдайды, яғни түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау
әдісі қолданылады.
Практикалық психологтың іс - әрекетіндегі психодиагносикалық
әдістер клиенттің қиын мәселелерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта
стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау, өзіндік бақылау,
тесттер, проэктивті әдістемелер, рөлдік ойындар қолданылады.
Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапия арқылы
белгілі болған мәселенің нәтижелерін бағалауда да жәрдемдеседі.
Диагностикалық үрдістер практикалық психологияның әр түрлі
бағыттары мен мектептерінде қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің
проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше
ерекше бағытпен шешеді.
Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі
варияцияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал.
Сұхбаттасудың клиент жайлы ақпаратты жинауда қолданылатын сызба – нұсқаны
қарастырып көрейік. Сызбада клиенттің шағымына байланысты мәліметтердің
тізімі бар.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПРАКТИК ПСИХОЛОГТЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Балалар психологының негізгі қызметтерінің түрлері мыналар:
психологиялық ағартушылық, психологиялық профилактика, психологиялық
кеңес беру, психологиялық диагностика, психологиялық коррекция.
Психологиялық ағартушылық
Педагогикалық ұжымда, отбасында көбіне әр түрлі кикілжіңдер орын
алып отырады. Бұның бәрі ересек адамдардың психологиялық
сауатсыздығынан, бір-бірін тыңдау, түсіну, кешіру, мойынсұну, секілді
қасиеттердің жүзеге аспау негізінен туындайды. Сондықтан да практик
психологқа баламен жұмыс істейтін барлық адамдардың психологиялық
мәдіниетін көтеру өте маңызды.
Психологиялық ағартушылық – бұл үлкендер (тәрбиешілер, мұғалімдер,
ата-аналар) мен балаларға психологиялық білім беру. Бұндай
психологиялық ағартушылықтың негізгі мәні мынада:
1. Тәрбиешілер, мұғалімдер мен ата-аналарды балалардың психикасының
дамуының негізгі заңдылықтары мен жағдайларымен таныстыру;
2. Жаңашыл психологиялық зерттеулердің нәтижесін анықтау;
3. Психологиялық білімге сұранысты, оларды балалармен жұмыс істеу
кезінде немесе тұлғаның өзінің дамуына деген қызығушылығында
қолдануға ынта-ықыласты қалыптастыру;
4. Практикалық психологияның және балаларды оқыту мен тәрбиелеу
ұйымдарында психолг жұмысының қажет екендігін түсіндіру;
Психологиялық ағартушылықтың формалары әр түрлі болады: дәріс,
әңгіме, семинарлар, көрме, т.б. Бұндай жағдайда психолог жұмыс
істеу кезінде барлық іс-әрекетті бір өзі ғана атқара бермей басқа
да мамандарды шақыруға болады. Алайда, жұмыстың бұл формалары тек
бірсарынды теориялық түрде өтпеуі керек. Яғни, бұл жұмыстар
психологиялық білімнің бала білімі мен тәрбиесіне қатысты нақты
мәселелерді шешуге бей-жай қарамайтындығын көрсету қажет.
Психологиялық профилактика
Психопрофилактикалық жұмыс – практик психолгтың қызметінің ішінде аз
зерттелген түрі, алайда білім берудің психологиялық қызметіне қатысы
бар барлық ғалымдар мен психологтар бұл жұмыстың маңыздылығын
мойындап отыр.
Психологиялық профилактиканың міндеттері
Психологиялық профилактикаға байланысты әр түрлі мәселелер
америкалық әдебиеттерде көрініс тапқан. Психипрофилактикалық қызмет 3
деңгей арқылы жүзеге асырылады:
І деңгей – алғашқы профилактика деп аталады. Психолог мектептегі барлық
балалармен бірдей жұмыс істейді және олардың психикалық денсаулықтарын
қамқорлыққа алады. Мысалы, 10 оқушының 10-ымен де бірдей жұмыс
атқарады.
Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша мектеп психикалық денсаулықтың
профилактикасы үшін ең оптималды жүйе болып табылады және мектеп
психологтары өмірге осындай алғашқы прфилактиканы әкелген негізгі
мамандар болып есептелінеді.
ІІ деңгей – екінші профилактика. Бұл тәуекелшіл деп аталатын
топқа, яғни мәселелері жаңадан басталған балаларға бағытталаған.
Екінші профилактика балалардың оқу мен мінез-құлқында ерте пайда
болған қиындықтарды зерттейді. Бұның басты міндеті – балалар әлеуметтік
немесе эмоционалды басқаруға көнбейтін жағдайларға жетпей бұл
қиындықтарды жеңу. Мұнда психолог шамамен 10 баланың 3-уімен жұмыс
істейді және көп жағдайда ата-аналарға, мұғалімдерге кеңес беру
формасында жүргізіледі.
ІІІ деңгей – үшінші профилактика. Психолог нақты оқуда немесе мінез-
құлқында мәселесі бар баламен жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті –
түзету немесе күрделі психологиялық қиындықтарды жеңу. Психолог 10
баланың 1-уімен жұмыс істейді.
І деңгейден ІІІ деңгейге дейін психолог қызметі жоспарға және
қызметтің қамтамасыз етілуіне қатысьы бірте-бірте белсенді бола
түседі.
Психопрфилактикалық іс-әрекеттің мәні – балалар мен оқушылардың
психикалық және психологиялық денсаулығын қорғап, күту. Олай болса,
психопрофилактика – мектеп және мектепке дейінгі барлық жастағы
балалардың психологиялық денсаулығын сақтауға, қорғауға және дамытуға
бағытталған балалар психологының іс-әрекетінің арнайы түрі.
Психологиялық профилактика мыналарды талап етеді:
1. Білім беру ұйымдарында бала тұлғасының біртұтас психикасының дамуы
мен қалыптасуы үшін қажет психологиялық жағдайлардың сақталуына
жауапкершілікті;
2. Қарым-қатынасында, мінез-құлқында, интеллектуалдық және эмоционалды
дамуында белгілі бір қиындықтарға әкеп соқтыратын балалардың
ерекшеліктерін дәл уақытында анықтауды;
3. Балалардың келесі жастық кезеңге өтуімен байланысты мүмкін болатын әр
түрлі қиындықтарды ескеруді;
Психопрофилактикалық жұмыс жеке балалармен, балалар тобымен,
сыныппен, сол сияқты тәрбиешілермен, мұғалімдермен, ата-аналармен және
баланы дамуына, дүниетанымына әсер ететін басқа да адамдармен де
жүргізіле береді. Бұл жұмыстағы қиындық мынада – психолог педагогикалық
ұжымның психопрофилактиканың маңызын түсінбейтін жағдайларға көп тап
болады.
Психопрофилактиканың нәтижелі болуы тұтастай психологқа байланысты.
Психолог өзінің біліміне сүйене отырып, баланың білім алуы мен
тәрбиесінің дамуына жағымды жағдай туғызу үшін нені өзгерту керек, нені
ескеру қажет және қалай кеңес беру керектігін қамтамасыз етеді.
Психологиялық профилактикалық жұмыстың мазмұны
Психолог әр жастық кезеңді есепке ала отырып, әр түрлі жастағы
балаларға арналған дамытушы бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады.
Бағдарламалар білім беру мен тәрбие жұмыстарында барлық жастағы топтың
балаларымен, сол сияқты тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналармен де
жүргізіледі. Ең бастысы – оқушылардың барлығына практикалық іс-әрекетті
өздерінің қызығушылығын, қабілеттерін анықтауға, дамытуға және өзін
білімнің барлық саласында байқап көруге мүмкіндік беру. Сондықтан да
әрбір баланың танымдық сферасы мен іс-әрекетінің кеңейіп, өзіне осы
уақыттағы мәдіниеттің әсерін сезінуге мүмкіндік туғызу керек. Дамытушы
бағдарламалардың да негізгі мәне осында.
Психолог жасайтын дамытушы бағдарламалардың қамту аймағы өте кең,
күрделі. Мұнда психолог баланың қоршаған ортасын, оған әсер ететін
барлық жағдайларды; ойынды, оқу процесін, тәрбиелік іс-шараларды, қарым-
қатынасты, театрға, табиғатқа баруды, спорттық секцияларды талдайды.
Мұнда бұның бәрі баланы психикалық, тұлғалық дамуына қаншалықты әсер
ететіндігін анықтайды.
Психолог баланың болашақтағы интеллектуалды және тұлғалық
дамуында белгілі бір пайда болатын қиындықтарды ескеріп отыра алатын
психологиялық ерекшеліктерін анықтайды.
Білім берудегі практик психологтың негізгі іс әрекеттерінің түрлері.
Бала психологының негізгі іс әрекеттерінің бағыттары: психологиялық
оқыту, психологиялық профилактика, психологиялық кеңес беру,
психологиялық диагностика, психологиялық коррекция жатады.
Кез келген шынайы ситуацияда психологтың кез келген жұмыс
түрі мәселеге, жұмыс жүріп жатқан орынға байланысты негізгісі бола
алады.
Психологиялық оқыту.
Біздің қоғамда психологиялық білімді меңгерген адам сирек
кездесіп, психологиялық мәдениеті төмен басқа адамның жеке
тұлғалық ерекшеліктерін, қызығушылықтарын қарым қатынаста ескермейтін
адамдар тізімі біршама көп кездеседі.
Педагогика ұжымында отбасындағы сияқты көптеген тәрбиеші бала
арасында конфликтілер болып тұрады. Бұл конфликтілер негізінен
психологиялық мәңгүрттіктен тәрбиелеуші бала тұлғасын тыңдай, түсіне
кешіре тани білмегендіктен болады.
Сонықтан да практик психолог маманы үшін балалар мен жұмыс
істейтін кәсіби мамандардың психологиялық мәдениет деңгейін көтеру
өте маңызды.
Психологиялық оқыту үлкендерді (тәбиешілер, мұғалімдер, ата
аналар) және балаларды психологиялық біліммен қаруландыру.
Психологиялық оқытудың негізгі мәні мынада:
1. Тәрбиешілерді, мұғалімдерді және ата аналарды қалыпты
балалардың психикалық дамуының негізгі жағдайы және
заңдылықтарымен таныстыру.
2. Жаңашыл психологиялық зерттеулердің нәтижесін талдау және
түсіндіру.
3. Психологиялық білімге қажеттілікті қалыптастыру, оны баламен
жұмыс істегенде немесе өзінің жеке қызығушылығында
қолдануға итермелеу.
4. Оқушыларды негізгі өзін тану және өзін тәрбиеле ұғымдарымен
таныстыру.
5. Баланы тәрбиелеу білім беру мекемелерінде психолог
жұмысының және практик псиологтың қажеттілігін түсіндіру.
Психологиялық оқыту әртүрлі формада болуы мүкін: лекция, семинар,
әңгіме, көрме әне т.б.
Психологиялық прафилактика
Психопрафилактикалық жұмыс- практикалық психологияда үлкен
қажеттілігіне және үлкен қолданысына қарамастан аз өңделген аз
қарастырылған психологиялық жұмыс болып есептеледі.
Психологиялық прафилактиканың міндеттері.
Психопрафилактиканың ең кең маңызды мәселелері америкалық
әдебиеттерде көрініс тапқан.
Психопрафилактиканың мәселелері негізгі үш деңгейге бөлінеді:
1. Деңгей аталмыш біріншілік прафилактика. Психолог төмен
эмоционалдық, қалыпсыздығы бар мінез құлқында және оқу да
өзгерістері бар балалармен психологиялық денсаулығын ескере
отырып жұмыс жасайды.
2. Деңгей аталмыш екіншілік прафилактика. Ол мәселесі бар
балалармен жұысқа бағытталады. Екіншілік прафилактика баланың
мінез құлқында, оқуында қиындықтары болған ждайда
жүрізіледі. Пралафилактиканың негізгі міндеті: мінезінде, оқуында
қиындықтары бар балаларды әлеуметтік басқаруға қиын топ
болудан алдын мәселелерін шешу.
3. Деңгей аталмыш үшіншілік прафилактика. Психологтың негізгі
зейіні оқуда және мінез құлқында жарқын қиыншылықтары ,
мәселелері бар балаларға бағытталады. Оның негізгі міндеті:
шынайы психологиялық мәселелік қиындықтарды жеңу және коррекция
жасау.
Психопрофилактика бұл баланың мектепке дейінгі және мектептегі
балалық шағының психологиялық денсаулығының дамуына және сақталуына
бағытталған бала психологының негізгі іс әрекетінің ерекше түрі.
Психопрофилактика жұмысының мазмұны.
Психолог баланың әр түрлі жас кезеңінің маларды мәселесіне
сәйекс әртүрлі жасерекшелік балаларына дамытушылық бағдарламаларды
жасап жүргізеді. Бағдарлама оқыту тәрбие процесінде тәрбиелеуші
мұғалім ата ана көмегімен жүзеге асырылады. Ең бастысы балаларды
әр бағдарламада өз мүмкәндіетерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын
қолдана білуге үйрету негізінде олардың қабілеттерін,
қызығушылықтарын атықтау дамытуға жағдай жасау.
Психолог болашақта баланың интелектуалды және жеке тұлғалық
дамуында қандай өзгерістер анықтап соған сәйкес жұмыс жасауы
мүмкін.
Психолог баланың әр жас кезеңіне сәйкес білім, білік
дағдыларының өалыптасуын қадағалау керек.
Психолог баланы тәрбиелеу, оқыту, ұйымдарында психологиялық
климаттың орнауын қадағалайды . Жайлы психологиялық климат көптеген
компаненттердің, оны құраушылардың өзара әрекеттестіктерінің нәтижесі,
бірақ мұнда балалардың үлкендермен және достарымен, сонымен қоса
үлкендердің үлкендермен қарым - қатынасы негізгісі және орталық
болып есептеледі.
Психологиялық қызмет бөлімінің мақсаты мен тапсырмалары.
Ғылыми негіздемелік және психологиялық қызмет білімге қатынсты
сұрақтарды қарастыру кезіндегі мәселені әр ел өзінше шешеді. Бұл
кездейсоқ емес. Қызмет психологиясының дамуы бір жағынан қоғамдағы
ғылыми психологиялық концепциялармен, ал екіншіден халықтық білімнің
қажеттіліктерімен және тапсырмаларымен ұлғаның қалыптасудағы тәрбиелік
мақсаттарымен анықталады, ол кез-келген мемлекеттің саяси,
экономикалық және басқа да ерекшеліктеріне байланысты.
Сондықтан басқа мемлекеттерде өңдеоген қолайлы құндылықтарды
есепке ала отырып, қызмет психолгиясының барлық ғылыми ұйым
принциптерін құру керек және кеңестік психологиялық теория мен
мәдени традицияға бағыттталатын барлық қадамдарды қарастыру керек.
Ең алдымен, қызмет психологиясының түсінігін анықтау керек.
Оның көптеген анықтамалары бар. Бұл қызмет психологиялық өз
тарихында қарамастан психологиялық ғылымның интенсивтілігін
көрсететін құбылыстардың күрделі екендігін көрсетеді.
Психологиялық қызмет бөлімінің анықтамасы.
Психологиялық қызмет бөлімі - мемлекеттегі толық қамтылған
білім жүйелеріндегі компоненттердің бірі. өзімізге сұрақ қояйық:
психолгиялық қызмет қазір интенсивті түрде дами бастайды, оны қандай
себептер бұған шақырды. Тәжірибе ме? Әрине, педагогикалық
практикада бала жайлы оның психологиялық білімінің қажеттіліктері
құрылды. Бірақ, бұл тек бір жағынан, ал басқа жағынан - ғылым
дамуының логикасы психологиялық зерттеулердің - ғылыми - тәжіибенің
жаңа бағытын құру керек екендігін міндеттейді. Осылайша ,
психологиялық қызмет білімі мен тәжірибенің өзара байланысымен
қамтылады. Психолгиялық қызмет бала жайлы барлық ғылым мән осы
осы дамудың практикалық реализациясын өзіне бағындырған болатын.
Дәл осы бала жайлы ғылым және ғылымның дайындығы мен тереңдігі
негізгі тапсырмаларды қарастыруын қажет етеді.
Ғылым мен практиканың өзара байланысы теңдеседі,
психологиялық құбылыстар мен педагогикалық шарттар өзара бір -
біріне тәуелді , осыдан психологиялық білім қызметінің өзара
біркелкі емес, күрделі құбылыстары туындайды.
Психологиялық білім қызметі - негізгі аспектсін көрсететін
интегралды құбылыстар болып табылады, яғни - олар ғылыми,
практикалық, ұйымдық және прикладной әр аспкетісінің өз
тапсырмасы бар.
Ғылыми аспект - психологиялық білім методологиялық теориялық
практика психолгиялық дамудың жаңа ғылыми - практикалық бағытының
мәселелері бойынша ғылыми зерттеулердің жүргізілуін ұсынады, ол
психолгиялық дамудың жасөспірімдік заңдылықтарының индивидуалдылығын
меңгереді. Осындағы тапсырмалардың бірі - психодиагностикалық,
психокоорекциондық, психопрофилоктикалық, программаны ғылыми тұрғыда
өңдеу осы зеттелердің академиялықтан айырмашылығы, олар тек
психологиялық механизм мен заңдылықтарға ғана әсер етпейді,
сонымен бірге осы механизмдер мен заңдылықтардың психолгиялық
даму шартын анықтайды. Осы зерттеулерді орындайтын ғылыми қызметкр
практикалық психологқа өзін бағыттайды.
Сонымен қатар, прикладной аспект, тәжірибелік аспект,
ұйымдастырушылық аспектілері бар.
Психодиагностиканың пәні мен мәселелері.
Псходиагностиканың пәні:
Білімнің қай саласы болмасын еңбек процесі өту кезіндегі жағдайы
мен сапаларының диагностикасы жетекші рөл атқарады. Қазіргі көптеген
әдебиеттерде диагноз деген грек сөзінің түп мәні – танып білу,
бағдарын анықтау деген мағына беретіндігі жазылып жүр. Ал,
педагогикалық-психологиялық ғылыми зерттеулерде тиісті мәселенің
құрылымдық, функционалдық міндетінің бағытын анықтап, бағдарын болжай білу
және оны зерттеу барысында қолдана білу делінген. Олай болса,
диагноздың анықтамасы педагогикалық-психологиялық процестің себеп-
салдарын анықтап, оның барысында оқушы мен оқытушы әрекетіндегі
мүмкіндіктерді ажыратып, жобалаудағы нысандарды болжап, бағдардың
ұстанымы болып табылады. Ол қарым-қатынасты сипаттап, оның жақсы жақтарын
жинақтайтын, себеп-салдарын ажырататын көрсеткіш деп есептелінеді.
Белгіленген психодиагностиканы жүзеге асыру педагогикалық-психологиялық
зерттеу әдістерімен тікелей байланысты.
Психологиялық диагностика адамның жеке индивидуалды психологиялық
ерекшеліктерін (оның өзінің жеке ерекше интелект қасиеттерін) тнуды,
өлшуді зерттейді. Тану және лшеу психодиагностиканың әдістері негізінде
жүзеге асады.
Теориялық тәртіп ретінде жалпы психодиагностика төмендегі мәселелерді
қаратырады:
• Тұрақты және қалыпты психодиагностикалық ереже заңдылықтарын енгізуді.
• Диагностикалық нәтижені дұрыс шығару ережелерін.
Психодиагностика психологияның төмендегі бөлімдерімен тығыз байланыста
болады:жалпы психология, медициналық, жас ерекшелік, әеуметтік және т.б.
Аталған ғылымдардағы адамның, қабілеттері, мүмкіндіктері, ерекшеліктерін
және т.б. қасиеттерін зерттеу психодиагностика әдістерінің негізінде
жүзеге асады. Психолдиагностика өлшемдерінің нәтижесі тек белгілі бір
қасиеттің шегін, даму деңгейін және т.б. анықтап қоймай әртүрлі
психологиялық бағыттардағы теориялық мәліметтерді тәжіриби, эксперимент
жүзінде көрсетеді.
Психодиагностикалық мәселелер.
Жалпы психодиагностиа мәселелері белгілі бір мөлшерде диагностика
және психология бөлімдерінен шығады. Бірақ практик психологтар бұл
мәселелер туралы нақты мәліметке ие болуы керек, себебі мәселені нақты білу
негізінде, нақты әдістер таңдалады. Ерекшеліктер тек мәселелерде ғана емес
психодиагностика ситуацияларында да көрініс табады. Бұл әртүрлі клиент
ситуациясы және экспертиза ситуациясы.
Бірінші ситуацияда адам көмек сұрап психологқа барады, бл кезде адам
психологпен әріптестік қатнаста болуға, оның талаптарын, ережелерін қатаң
сақтап орындауға тырысады, яғни нәтижені ойластырулы түрде жасағысы
келеді.
Екінші ситуация бұл жерде адам экспертизаға түсетінін біледі және
өзіні сенімді, тұрақты етіп көрсету мақсатында сұрақтарға еркін жауаптар
қайтарады.
Психодиагностикалық құралдарға кез келген ситуацияда шынайы қатынаста
болуды қадағалау.
Психодиагностикалық мәселелерді - диагноз нәтижесіндегі мәліметтерді
кім? Қалай? және қандай ситуацияда қолданатыны тұрғысынанда қарастыруға
болады. Бұл ситуацияларды қысқа көрсетіп өтейік:
- Мәліметтерді смежник маманы психологиялық диагноз қою үшін емес,
адменистраторлық шешімді шығару үшін қолданады. Аталған монографияның
негізінде дифференциалды психология жалпы зерттеліне алатын мәселелер
қатарына енгізілді.
1898жылы ағылшын журналында басылып шыққан Галтонның шәкірті Джеймс
Маккин Кеттелл мақаласында проба зерттелуші деген мағынаны білдіретін
тест термині алғаш рет ғылыми қолданысқа енген.
1890 жылдың басына қарай Эмил Крепелин алғаш рет экспериментальды
психология әдістерін, пихология және психометриялық диагностика
мәселелеррін шешуде қолдану туралы идеясын ұсынған. Оның шәкірті Э.Оерн
бірінші болып осы идеяны интелектуалды қабілетті бағалау үшін тәжірибе
жүзінде қолданысқа енгізді.
XIX ғсасырдың соңы мен XX ғасырдың басында психологиялық
диагностиканың әртүрлі әдістері тез қарқынмен дамыды
1885жылы мәтіндегі түсіп қалған сөзді есте сақтап қалу қабілеттін
зерттейтін әдісті өңдеп шыққаны туралы Герман Эббингауз мәліметтеген. Бұл
топтың ойлау қабілетін зерттейтін алғашқы тестердің бірі болып есептеледі.
1908жылы Альфред Бине және Томос Симон индивиттің есін өлшейтін
Метрикалық интелект өлшемін жасап шығарған. Вилям Штерн коэффицент
интелекта терминімен бала интелектісін өлшеуді ұсынған.
Психодиагностиканың әдістері
Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі
Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі практик психологқа өз
жұмысын атқаруда белгілі бір әдістемелерді таңдауға көмектеседі.
Сондықтан бұндай жіктелу әдістердің байланысын бейнелеуі керек.
Психодиагностикада әдістемелер жиынтығы - әдістер деп аталады.
Әдістеме практикалық міндеттерді шешуге арналып, белгіленген қасиеттерді
анықтауға бағытталса, әдіс технологиялық тәсілдер мен процедуралардың
жүргізілуімен сипатталады.
Осы орайда, әдістердің өзін бірнеше критерилер бойынша сипаттауға
болады:
1. Әдіс – оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі;
2. Әдіс – табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын , қоғамды жалпы танымды
зерттеу;
3. Әдіс – танымда және практикада белгілі нәтижеге жетудің тәсілі;
Әдістемелердің операционалды жіктелуі
Әдістемелердің жіктелуі обьективтілік-субьективтілік деген
өлшемдерге негізделеді. Обьективті әдістер жағдайында психолог-диагностың
нәтижеге әсері шамалы болады. Ал, субьективті әдістер нәтижесінде
керісінше психолог-диагностың тәжірибесінен және интуициясына байланысты.
Обьективті және субьективті әдістерді жүргізу барысында орындаушыдан әр
түрлі технологиялық операцияларды орындау талап етіледі. Сондықтан да бұл
жіктелу операциональды деп аталады.
Обьективті және субьективті әдістемелер арасында айтарлықтай
айырмашылықтар болмайды.
Жаңашыл психологиядағы психодиагностикалық әдістер өздерінің сапасы
бойынша екі үлкен топқа бөлінеді:
Формализденген әдістер зерттеудің нақты риламенттік процедурасына
(инсрукциясы нақты сақталған, материалды белгілі әдістермен шешу)
стндартизация (нәтижені бағалаудың басқа нормаларын немесе критерилердің
болуы) сенімділік пен нақтылық кіреді. Бұл әдістер аз уақыт ішінде
дигностикалық ақпаратты алуға, индивид пен адамдарды саналы салыстыруға
мүмкіндік береді.
1. Тест – (ағылшын тілінен аударғанда тексеру, дайындау деген мағынаны
білдіреді.) бұл стандартталған қысқа, көбіне уақыт бойынша шектелген
бақылау. Сандық және сапалық айырмашылықтарды анықтауға бағытталған.
Формасы бойынша тестер:
- индивидуалды және топтық;
- ауызша және жазбаша;
- бланктық және заттық;
- аппаратуралы және компьютерлік;
- вербалды және вербалды емес болып бөлінеді.
2. Сауалнама – психодиагностиканың бұл әдісінде тапсырма сұрақ пен
ойлар түрінде беріледі. Бұл әдіс зерттелушінің сөздерінен ақпарат
алуға негізделген. Сауалнамалар диагностикалық инструменттердің
ішіндегі ең көп таралған түрі болып есептелінеді.
Сауалнамалар:
тұлғалық сауалнамаларды анкеталы сауалнамалар
адам
стандартталған өзіндік жауап туралы, оның
психологиялық
деп қарастырады. ерекшеліктеріне байланыссыз
ақпараттарды алуға
бағытталған.
3. Психофизиологиялық әдістер – ол адамның табиғи ерекшеліктерін
диагностикалайды. Бұл әдістің айырмашылығы анық теориялық негіздері
бар. Бұл әдіс көбіне мектеп пен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында
қолданылады.
4. Аппаратуралық мінез-құлықтық әдістің көмегімен қарапайым
психикалық қызметтерді (мысалы, теңдік) және жүйке жүйесінің қасиеттерін
диагностикалауға болады. Сол сияқты диагностикалық аппаратуралалық
диагностика арқылы психологиялық сәйкестілікті жүзеге асыруға болады.
Аппаратуралық әдістерде белгілі бір кәсіби қабілеттерді диагностикалау
үшін тест-тренажерлер бар.
Ал, аз формализденген әдістер клиент туралы құнды мәліметтер
береді. Соған қоса, аз формализденген әдістер көп еңбекті қажет
етеді. Мысалы, бақылау бірнеше айға созылуы мүмкін.
1. Бақылау – психодиагностикалық ежелгі әдіс. Ол арқылы адам туралы
ауқымды ақпарат алуға болады. Ол стандартталған процедуралар белгісіз,
анық емес кезде қажет. Бақылау жүргізген кезде келісушілік немесе адамның
өзінің қатысуының басқа формасы керек емес. Бақылау – белгілі бір мақсат
қойып обьектіні әдійі қабылдау. Психологияда бақылау кең тараған әдіс.
Зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, мінез-құлқын, психикасын жүйелі
жоспарлы түрде бақылайды.
2. Контент-анализ – (контент сөзі құжаттың мағынасы деген түсінікті
береді) құжаттардағы зерттеп отырған құбылыс немесе процес жайлы сандық
мәліметтерді жинау әдісі. Ол түрлі әлеуметтік зерттеулерде соның ішінде
әлеуметтік психологияда кең қолданылады. Контент-анализдің мақсаты – құжат
мәтінінің негізінде нақты адамдар мен құбылыстар туралы, олардың
әлеуметтік-психологиялық қасиеттері туралы қорытынды жасау.
3. Рөлдік ойын - оқытушылық іс-әркетті ұйымдастыру барысында оған
қатысушылардың өз тәжірибесі арқылы білім, дағды қалыптастыру
мүмкіндіктерінің жүйелі түрі. Яғни, ережелермен анықталған жарысушылардың
жеңіске жету немесе жеңілуін айқындайтын іс-әрекет. Іскерлік немесе
рольдік ойын біртұтас әрекет ретінде сипатталатын қарым-қатынас жүйесінің
бейнесі, маманның болашақ кәсіптік әрекетінің пәндік және қоғамдық
мазмұнының қалыптасу формасы ретінде көрініс табады.
Іскерлік, рольдік ойындарда таңбалық құралдар (тіл, сөйлеу, графика, кесте,
құжаттар) көмегімен шынайы мәндік негізге сәйкес кәсіби орта қалыптасады.
Сонымен қоса мұнда біркелкі, әрі уақыт аясына сай жоспарланған жағдаяттар
туындайды.
4. Эксперимент – бұл әрекет етушінің және эксперимент жүргізушінің
бір-бірімен қарым-қатынасы. Әрекет етуші өзінің өмірін тәжірибесімен,
мотивімен экспериментаторға келеді. Зерттеушінің нәтижесі тұлғалық
эксперимент қарым-қатынасынан көрінеді. Эксперименттік әдістің
артықшылығы – бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп
отырудың қажеті жоқ. Экспериментатор өзіне қажетті үрдісті өзі тудырады.
Білім беру жүйесіндегі психолог жұмысына қойылатын талаптар.
Психолог тулғасына қойылатын талаптарды келесі сипаттамалар бойынша
көрсетуге болады:(Р.В. Овчарова).
1. жоғары ақыл – ой қабілеттері;
2. адамдармен жұмыс жасауға ,белсенді топтарды оңай құрастыруға бейім;
3. есте сақтау қабілеті жоғары;
4. бірлескен іс - әрекеттерді жақсы көру, жауапкершіл, өзіне бағындыра
алу,практикалық сұрақтарды тез шеше алатын;
Қандай тұлғалық көрсеткіштер психолог жұмысымен сәйкестендірілмейді?
Бұл тұлғаның жетілмеуі, эго күшінің төмендігі, интеллект деңгейінің
төмен болуы, эмпатияның жоқтығы,ойлауының тәуелсіздігі, өз проблемаларын
шеше алмау, ұйымдастырушы қабілетінің төмендігі, стресске қарсыласуының
төмендігі, үрей сезімінің жоғары болуы.
Төменде психолог қызметінің психограммасы көрсетілген.
Психолог маманының қасиеттер мен дағдыларын дамытуға бағытталған ұсыныстар:
логикалық және тәуелсіз ойлау, топтық жұмыс, лидерлік, тұлғааралық қарым-
қатынас мұқияттылығы.
Психолог маманының психограммасы.
№ Тұлғалық ерекшеліктер мен жұмыс икемділігі
Ұқыптылық, басқалардың позициясын түсінуге тырысу.
Достық қарым- қатынас, қарым- қатынасқа бейімділік.
Лидер болуға бейімділік.
Сыпайылық, ұқыптылық.
Ақыл- ойын дұрыс жетекшілік ету.
Көтеріңкі көңіл.
Төзімділік, табандылық.
Жауапкершілігінің басымдығы.
Жұмысты орындауға қабілеттілік.
Жұмыс шығармашылығы.
Әрекет ұқыптылығы.
Жаңа идеялар қабылдағыш.
Жұмыста реттілік және ұқыптылық.
Өз болашағын жоспарлауға қабілеттілік.
Ауызша түсіндіруге қабілеттілік.
Жақсы ес.
Басқаларды оқытуға қабілеттілік.
Ауру адамдарға қамқорлық көрсету.
Басқа да адамдарға қамқорлық көрсету.
Психолог жұмысының ережелері және жалпы принциптері.
1. Клиенттер, зерттеушілер, текесерушілер алдындағы психологтың ерекше
жауапкершілігі.
2. Клиенттермен жұмыс кезінде психолог сыпайылық танытуы.
3. Практик психологтың жұмысы әр адамның тәуелсіз интеллектуалды және
тұлғалық даму жолындағы шектеулерді жою бағытталған.
4. Психолог өз жұмысын тұлғаның құқығын сақтай және белсенді түрде қорғай
отырып істейді.
5. Психолог психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді таңдауда,
сонымен қатар өзінің талдаулары мен ұсыныс беруінде мұқият және ұқыпты
болуы тиіс.
6. Психолог адамның дамында және бостандығына физикалық және психологиялық
құқығына қол сұқпауы және шектемеуі керек.
7. Психолог өзін басқарушы тұлғаға ақпараттандырып оытруы міндетті,
сонымен қатар басқа тұлғалардың адам құқығын бұзуын байқаған жағдайда
өзінің профессионалды бірлестігімен мәлімдеуі керек.
8. Психолог тек өзі жетік меңгерген білімі және квалификациясы бойынша
ғана өкмек көрсетуі тиіс.
9. Психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді, барлық ғылыми
стандарттарға жауап беруші немесе толық апробациядан өтпеген жағдайда
амалсыздан өткізу керектігін, қызығушылық танытқан тұлғаларды ескертіп
және өз таңдаулары мен ұсыныстарында ерекше мұқият болуы тиіс.
10. Психолог психодиагностикалық, психокоррекциялық және психотерапиялық
әдістерді компоненттілігі жоқ тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
11. Психологиялық білімі жөнінде дайындығы жоқ және осы сферада білімсіз
психологияқ қызмет көрсетіп жүрген адамдарға психодиагностикалық және
психологиялық әсер ету әдістерін қолдануға қарсылық танытып, оларды
ескертіп, қолдануға психолог тыйым салуы қажет.
12. Психолог, клиенттің қалауы бойынша зерттеуді және кеңес беру барысында
басқа адамдардың қатысуына қарсылық көрсетпеуі керек( сотық
психологиялық немесе медициналық психологиялық заңды түрде анықталған
экспертизалардан басқалары).
13. Психолог индивидуалды психологиялық зерттеулер нәтижелерін үшінші бір
адамға беру және мәлімдеу тек клиенттердің келісімі бойынша ғана жүзеге
асырылады.
14. Психолог мұғалімдерге, ата- аналарға, олардың орнын басушы тұлғаларға,
оқу тәрбиелеу мекемелерінің әкімшілігіне бала жайындағы мәліметтер,
тек балаға олар зиян келтірмейтін болған жағдайда ғана мәлімдеуге
болады.
15. Психологтар психологиялық компоненттілігі төмен адамдардан
психологиялық көмектерге жүгінуде кері әсерлердің болу мүмкінділігінің
болуы жайында ескертіп, профессионалды психологиялық көмектін кімнен
алуы керектігін нұсқауы керек.
16. Психолог адамдарға қасырет тигізетін жұмыстары мен іс- әрекеттердегі
рольдерге өзін қатыстыруға мүмкіншілік бермеуі тиіс.
17. Психологклиентке өзі қолынан келмейтін, орындай алмайтын уәделер
бермеуі тиіс.
18. Егер баланың зерттелінуі немесе психологиялық әсер етулер басқа қызмет
тұлғалардың талаптарымен жүзеге асырылатын болса, психолог осы жайында
баланың ата-аналарын немесе олардың орнын алмастырушы тұлғаларға
мәлімдеуі тиіс.
19. Психолог өзінің жұмыс жүргізіп жүрген клиенттер жайындағы ақпараттарды
құпия түрде сақтауда жауапкершіл болуы тиіс.
20. Психолог өз жұмысын ұйымдастыруда өз зерттелінушілерінің денсаулығына,
көңіл-күйіне немесе әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбеу принципін
ұстануы керек.
21. Зерттелінушілерге жүргізілетін әдістемелерді қауіпсіздік ережелері.
Психолог зерттеу әдістемелерінің,зерттелінушінің денсаулығына, көңіл
–күйіне, әсер етуші жалған ақпараттар бермейтін әдістемелерді қолдана
алады.
22. Зерттелінушіге қатысты адекватты емес әсер етулер жайындағы ескертулер
ережелері.Психолог өз клиенттерімен келісілген шарттар бойынша өз
ұсыныстарын жүйелеп, зерттеу нәтижелерін сақауды ұйымдастыруды, осы
ақпараттардың таралмауына және басқа да көздеген жеке мақсаттарда
қоданбауды қамтамасыз етеді. Психолог зерттелінуші жайында ақпараттарды
клиентке хабарлап отыруы тек зерттелушінің келісімін алған жағдайда
ғана жүзеге асырылалы.
23. Психологтың профессионалды компетенттілік ережесі, психологтан
профессионалды игерген сұрақтармен жұмыс және құқықтарға сәкестелінген
практикалық әдістермен жұмыс жасауы талап етіледі.
24. Психолог пен тапсырыс берушінің бірлесіп жұмыс жүргізу ережелері,
тапсырыс беруші тұлғаның мазасыздандыратын сұрақтар аумағындағы
психология ғылымындағы психологтың өз мүмкіндіктер шегін
ақпараттандыруын талап етеді. Психолог тапсырыс беруші тұлғаға
психологиялық іс - әрекеттердің ережелері мен принциптерін айтып және
осы ережелерді, әдістерді қолдануда оларға жетекшілік етуге тапсырыс
берушінің келісімін алуы қажет.
25. Психолог пен зерттелінушінің проссионалды қарым-қатынас ержелері
психологиялық әңгімелесу әдістерін, бақылау және алға қойылған
міндеттерді шешуде максималды эффективті деңгейде әсер етуді және де,
психологпен қарым – қатынастан зерттелінушінің қанағаттануын, симпатия
сезімі мен сенімін тудыруды талап етіледі.
26. Зерттеу нәтижелерін негіздеу ережелері психологты зерттеу нәтижелерін
психология ғылымында қабылданған терминдер мен түсініктерде жүйелеп, өз
қорытындыларын алғашқы зерттеу материалын көрсете отырып, математикалық
– статистикалық өңделген мәліметтермен жүйелеуін талап етеді.
27. Психолог тапсырыс берушінің зерттелінушіге деген қандай да субъективті
жағымсыздық сезімін танытып, оған психологтың көмегімен психологиялық
кері әсер етушілігін болдырмауы қажет.
28. Психолог іс - әрекетінің конфедециалдық принципі сенімді қарым –
қатынас негізінде психологтың зерттелінушімен жұмыс процесінде алынған
материалдың сапалы түрде немесе кездейсоқ таралуын болдырмауы және осы
мәліметтер тапсырыс берушінің, не зерттелінушінің, не психологтың, не
болмаса психология ғылымына компромис жасалмайтындай етіп көрсетілуі
тиіс.
29. Психологиялық сипаттағы мәліметтерді кодтау ережесі. Психологты барлық
психологиялық сипаттағы мәліметтерде зерттелінушілердің аты – жөнін
емес код арқылы белгілеуге міндеттейді. Документ – дешифратор бір ғана
жалғыз экземплярда толтырылады және осы мәліметтер психологтың жеке
кабинетінде, басқалардың қолына түспеуін қадағалау керек.
30. Психологиялық сипаттағы мәліметтердің сақтауды бақылау
ережелері.Тапсырыс беруші адаммен бірге, алынған мәліметтерге басқа да
адамдардың қол жеткізу тізімін, мәліметтерді сақтау шарттары, орны,
мерзімі және оларды жою жөнінде алғашқы келісім бойынша қарастырылады.
31. Психологиялық сипаттағы мәліметтерді корректілеуде қолдану ережелері,
психологқа тапсырыс беруші мен зерттелінушіні жарақаттайтын кездейсоқ
немесе алдын ала бағытталған мәліметтерді жоюға келісім алуына қол
жеткізуіне көмек береді.
32. Келісім жайында хабардар болу принципі. Психологтың, тапсырыс берушінің
және зерттелінушінің психологиялық іс - әрекеттің этикалық принциптері
және ережелері, мақсаты, тәсілдері жөнінде хабардар болуын және өз
еріктерімен қатысуын талап етеді.
Практикалық психология профессионалды іс - әрект ретінде тобырлық масштабта
пайда бола бастайды, сол себепті бір адамның екінші адамға әсер ету
негізінде мәселелер шегіне дейін өршиді.
Профессионалды және практикалық этика сұрақтарының түйісу шегі,
профессионалды борышының жүзеге асырылуы болып табылады. Профессионалды
борыш психологтан әрекет етуін талап етеді, практикалық этика басқа адамға
әсер етудің тереңдігін анықтайды, ал мамандық өз әрекеттеріне шектеу қоюды
қабылдауын мәлімдейді.
Өзінің профессионалды әрекеттері ушін жаупкершілікке және профессионалды
міндеттері үшін уайым сезімінде негіздеуін, психологияның профессионалды
әрекеттердегі басқа адамның құндылықтарында айқын ориентациясы, өзінің
мүмкіндігін басқа адамға әсерінің өлшемі ретінде адекватты қабылдауы.
Ол психолог мамандығын аздаған әлеуметтік бейімділіктің бірі болуын
жасайды. Әйгілі мағынада психолог өзінің профессионалды әрекеттерімен
адамның басқа, өзгеше бейнесін жасайды.
Практик психолог жұмысының және оның профессионалды іс - әрекетінің моделі.
Әртүрлі білім беру мекемелеріне және мұғалімдер ұжымына әртүрлі психологтар
қажет.
Психолог статусына субъективті амалдардың барлық нұсқауларына келесідей
талаптар қойылады:
• Педұжымның психолог жұмысының негізгі бағыттары және түрлері,
міндеттері, ержелерімен, психологиялық қызметтің стратегияларымен
толық таныс болғаннан кейін мұғалімдер ұжымының адекватты күтулерінің
құрылуы.
• Психологтың барлық категориядағы тәрбиеленушілермен, тәрбиелеушілермен
диагностикалық қарым – қатынас оранту.
• Мектеп жоспарлары және бағдарламаларда жалпы позицияларды анықтауда
мұғалімдермен өзара әрекет және бірлестік орнату.
Психолог іс - әрекетінің бағытталуында, психологтың өзін осы іс - әрекеттің
субъекті ретінде және оның әсер етуінің негізгі объектілері: балалар,
мұғалімдер, педагогикалық процесс ретінде бөліп қарастыруға болады.
Психологиялық білім беру қызметінің субъектісі – психолог үшін өзінің
тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттерін, мүмкіндіктерін, қүшті және әлсіз
жақтарын, кемшіліктерін компенсациялау амалдарын білу өте маңызды.
Ол өзінің эмоционалды күйлерін реттей алуы, өзінің психологиялық
функцияларын ( ес, зейін, ойлау ) мобильдеуі, қажетті ғылыми, әлеуметтік,
профессионалды мәліметтерді іздеу және талдауын іске асыра алуы қажет,
кәсіби қажетті қасиеттерін жаттықтыруы керек. Іс - әрекет субъектісі
ретінде кәсіби мәнді қасиеттерге ие болып және оны үнемі дамытып оыруы
керек, олар интеллектуалдылық, әлеуметтілік.
Балалармен жұмыс кезінде психолог олардың жастық және типологиялық
ерекшеліктерін білу. Тәрбиеге, оқуына және тұлғалық даму өзгерісі туралы
білуі қажет. Оған дамуында, жүріс – тұрысында, қарым – қатынаста ауытқулары
бар балалармен де жұмыс істеуге тура келеді, сол себепті психологқа осы
құбылыстар мен процесстер жайында білімі болуы қежет. Баланың дамуы көбіне
жанұялық тәрбие шартында қалыптасатын болғандықтан, психолог отбасы
психологиясы мен жанұялық тәрбиеге бағытталуы керек. Балалар ұжымы тұлғаның
құрылымына әсерін анықтай отырып, психолог міндетті түрде балалар ұжымы мен
формалды емес топтардың әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктер біліміне
сүйенеді.
Балаға көмек көрсету үшін, баланың өзі өзгеруге талпынысы болуы керек, өзін
- өзі тануға, тәрбиелеуге үйренуі керек.
Балалармен жұмыс жүргізуде келесі профессионалды қабілеттер ерекше роль
атқарады: ұйымдастырылған, коммуникативті, психодиагностикалық,
жасерекшелік – индивидуалды және жанұялық кеңес беру, даму нұсқауларының
болжамдары, психопрофилактика және психокоррекциялар. Психологтың балаларға
қатысты қарым – қатынасында эмпатия, мейірімділік, ұқыптылық және
бақылаушылық, ұстамдылық, төзімділік, табандылық танытуы керек. Айтылып
өткен барлық кәсибі маңызды қасиеттер педагогикалық интуициямен және
психологтың оптимизмімен сәйкестендірілуі керек.
Мұғалімдермен жұмыс жүргізу үшін, психолог не білуі қажет? Ең алдымен
педагог психологиясын және педагогикалық іс - әрекетті профессиограммалар,
түрлі мамандағы педагогтардың психограммасын, оқыту және тәрбие
психологиясын, педұжымның психологиялық ерекшеліктерін, педагогикалық қарым
– қатынастың спихологиялық негіздерін білу керек. Педагогтармен жұмыс
кезінде жалпы коммуникативті ұжымдық, психодиагностикалық,
психопрофилактикалық және педагогтардың профессионалды тәжірибелер мен
мінез-құлықтарына ерекше мән беру керек. Бұларға көбіне психологтың кәсіби
маңызды қасиеттерінің мына түрлері сәйкестендіріледі: дипломатиялық,
әріптесін түсінуге тырысу, эмпатия сезімі, өзін - өзі игеру, ұқыптылық,
достық қарым – қатынас, жоғарғы профессионалды компетенттілік және кең
кругозор.
Маманға оқу және тәрбие іс - әрекет психологиясын зерттеу керек; оқыту
пәндеренің психологиялық сипаттарын және оларды оқыту спецификаларын,
түрлерін, әдістерін, формалары мен амалдарын ұғыну керек.
Осылайша практик психолог іс - әректінің қиындылығы мен көп аспектілігі
білім беру жүйесіндегі оның жұмысының мәнділігі көрінеді, ал маман
тұлғасына ерекше және әртүрлі талабтар қойылады.
Практик психолог іс - әрекетінің спецификасы оның – адамның индивидуалдығы
– пәнімен анықталады.
Мамандар квалификацияланған психологтың квалификациясы жоқ психологтан
ажырататын он негізгі қасиеттерді бөліп көрсетті.
1. Психологиялық көмектің мақсаты.
2. Профессионалды іс - әрекет жағдайындағы психологтың реакциялары мен
назар аударуы.
3. Практик психологтың концепциялары.
4. Практик психологтың мәдени продуктивтілігі.
5. Конфенденционалдылық.
6. Іс - әрекетіндегі шектеулер.
7. Тұлға аралық әсерлер.
8. Адамның жетістіктері.
9. Жалпыланған теория.
10. Жалпыланған теорияға қатынас.
Білім жүйесіндегі практик психологтың статусы.
Профессионалдылық позиция, бағдар және психологтың толығымен
профессионалдық мазмұны көбіне оның статусымен анықталады.
Практик психолог өз жұмысымен айналысып болғаннан кейін, арнайы пәндерді
өтуге эпизотикалық қатысатын маман жағымды көрінеді. Бар энергиясын және
жұмыс уақытын ол психологиялық тапсырмаларға жұмсайды.
Психолог ретінде педагогикалық процесстерге сырт жақтан қарайды. Оған
қызығушылық танытқан тұлға ретінде ата – аналар, қатысушылар үлкен сенім
артады. Бірақ бұл ситуацияларда педагогтар жағынан сенімсіздік байқалады.
Егер психологта педагогикалық тәжірибе болмаса, мектеп проблемаларынан
жеткіліксіз білім болса онда, ол оның адаптациясын қиындатады, көбіне оның
әдістемелік дайындығы, өмірлік тәжірибесі жеткіліксіз болады. Мұндай
жағдайда психологтың психологиясына жақын, балаларға әрқашан жол іздейтін
ұстаздармен тығыз қарым – қатынас жасау керек. Өз коллективіне арнайы
факультеттерді бітіріп, жаңа профессионалдық рольде қайтып келген
педагогтың бейімделуі, бұрын қалған стериотиптерге үлкен өзгерістер кей –
кезде стериотиптерге қарсы болады.
Психолог өзінің жаңа бағдарламаларының дұрыстығын жұмыста дәлелдеуге
тырысады. Өз ролін анықтамай оқу қысымының бір бөлігін алып жаңа статусқа
тұруға нагрузка кедергі жасайды. Өте күрделі қызметтерді үйлестіру, енді
бастап келе жатқан маманға және кейде қолынан келмейтін жұмыс. Сондықтан
ондай психолог педагогикалық процесстерді іштей біле отырып талдауда өзі
қатыса алады, бірақ оны өте керек кезде эпизотикалық түрде жасайды.
Психолог көбіне әріптестеріне және әкімшілікке тәуелді болады және ең
бастысы – асықпай жаңа статусқа енеді.
Енді бастап келе жатқан маман тиімсіз жағдай болып қалғанда, оны әкімшілік
құрамына немесе педагогикалық қызметке алынады. Мұндай жағдайда ол толық
көлемде басты жұмыстарды жүргізуі керек. Оның әрекетінде, оқу уақытында
жеңуге тырысқан мінез, стериотиптерге және педагогикалық бағдарламалары
басым болады. Психологтың жұмысына уақытының жетіспеуі психологиялық
профессионалдық компетенттілігін жақсартуға кедергі жасайды. Практикалық
жұмысында ол эпизотикалық кеңес берумен, әкімшілік мерекелерді
ұйымдастырумен шектеледі.
Мамандардың бірнеше бөлігі халықтардың білім беру бөлімдерінде,
аудандық психолог, психолог – методист болып жұмыс істейді. Олар
әкімшілікке, педұжымдарға тәуелді емес, психолог статусымен қоса басқарушы
жұмысты статусын алады. Бұл психологтар, өз іс - әрекеттерін, масштабты
зерттеулерін, әртүрлі категориясын кеңес беруден бастайды да ең тиімді
нұсқаларға келеді, педагогтардың педагогикалық психологиялық дайындығын
іске асырады, аудандық мектеп психологиясына әдістемелік, координациялық іс
- әрекеттеріне көмек жасайды.
Практик психолог жұмысының ұйымы.
Психолог жұмысының эффективті болуы үшін оған жеке кабинет және топтық
зерттеу жұргізу үшін кеңістік керек. Кабинет автоматтандырылған жұмыс
орнымен қамтамасыз етілуі керек; яғни қажетті бағдарламасы бар компьютер,
аудио – видео аппараттар, психодиагностикалық мәліметтерді және
документтерді сақтайтын орындар болуы керек.
Психологиялық сабақтар, факультативтер, ата – аналар мен мұғалімдерге
арналған лекциялар әдеттегі оқу сыныптарында немесе арнайы психологиялық
кабинеттерде жүргізіледі. Онда оқыту –методологиялық материалдар:
психологиялық күнтізбе; психологтың хат жәшігі; бір күндік психологиялық
кеңес; мұғалімдер, ата – аналар және әртүрлі жастағы оқушыларға берілетін
ұсыныстар.
Психологиялық жеңілдеу сеанстарына арналған кеңістіктер және олар ерекше
безендірілуі керек.
Практик психологтың жұмыс орны келесі блоктардан тұрады:
• Іс -әрекетін жоспарлайтын документациялар;
• Психодиагностикалық зерттеулер қорытындысын көрсететін документациялар;
• Корректорлі – дамытушы жұмыстарды жоспарлау, ақпараттармен,
инструменттермен қамтылған;
• Әртүрлі тренингтерді жүргізуге арналған жоспарлар мен инструменттер;
• Психологиялық диагностикалар, коррециялар, профилактикалар, кеңес
беруші әдістер мен мәліметтік базалар;
• Клиенттер мен олардың проблемалары жайындағы мәліметтер;
• Психологиялық орталықтар жайында мәліметтер;
• Практик психолог интернеті;
• Кітапхана, картотекалар, видеотекалар.
Мұнда кабинет - жұмыс эффективтілігін жоғарлату, клиенттерге психологиялық
комфорт орнатуға және психологпен сенімді қарым – қатынас орнатуға
көмек береді.
Психологтың жұмыс жоспары – бір жылдық жоспар, айлық күнтізбелі жоспар, бір
апталық және бір күндік жұмыс жоспарларынан тұрады.
Жылдық перспективті жоспар, білім беру мекемелеріндегі психологиялық
қызметтің стратегияларын бейнелейді; балардың психологиялық дамуының
мақсаты мен міндеттері, даму қиындығының психологиялық себептерін анықтау;
педагогикалық эксперименттердің бағытталуын анықтау. Бұл жоспар міндетті
түрде мекеменің (мектеп, бала – бақша) перспективті жоспарларымен
сәйкестендіріледі.
Күнтізбелік жоспарлар практик психолог жұмысында өзінің функцияларын толық
көлемде іске асыруына көмек береді. Функционалды міндеттерді орындалуын
реттеу үшін, іс - әрекеттің басымды бағытын қарастыру ұсынылады.
Дүйсенбі (психодиагностика). Психодиагностика және зерттеу нәтижелерін
өңдеу.
Сейсенбі (психологиялық кеңес беру). Сенім телефоны, индивидуалды және
отбасылық кеңес беру.
Сәрсенбі (психокоррекция). Психокоррекциялық және психопрофилактикалық
жұмыс.
Бейсенбі (психопрофилактика). Қарым – қатынас тренингін жүргізу,
психотерапиялық сеанстар, психологиялық гимнастика.
Жұма (психологиялық – педагогикалық пропаганда). Модельді курсстар,
педконсилиум, педсовет жүргізу.
Әр күнге нақты жұмыс көлемі анықталынады. Аптаның бір күнін өзіндік білімге
және психодиагностикалық материалдарды өңдеуге арнау керек. Психологтың
профессионалды іс - әрекеті оның документацияларында көрінеді:
1. Мекеменің тәжірибелі – эксперименталды жұмысын психологиялық
қамтамасыз ету жоспарлары нақты, өзекті тақырыптар (2-3 ж) бойынша
болады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz