ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ, МШДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
1. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ, МШДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ
Дене тәрбиесінің маңызы Жеткіншек ұрпақтардың дене тәрбиесінің
маңыздылығы КПСС Программасында былай деп атап көрсетілген: Партия дене
жағынан мықты жас өспірімнің дене және рухани күшін жан-жақты дамыту мен
тәрбиелеуді ең ерте балалық шақтан бастау маңызды міндеттердің бірі деп
санайды.
Мектепке дейінгі шақта бала организмі шапшаң дамиды. Оның нерв, сүйек-
бұлшық ет жүйелері белсенді қалыптасады, тыныс аппараттары жетіледі. Бұл
кезеңде жақсы денсаулық пен дене бітімінің дұрыс дамуының негізі қаланады.
Мақсатты дене тәрбиесі сәбилердің ақыл-ойы дамуына дұрыс ықпал етеді:
қоршаған заттар мен құбылыстар жөніндегі білімдері толысады, кеңістік пен
уақытты бағдарлауы жетіледі; жағымды мінез-құлық белгіле-рі қалыптасады.
Балалар құрбы-құрдастары коллективінде әрекеттенуді үйренеді; оларда
шыдамдылық, дербестік, белсенділік, инициатива, жолдастық, өзара көмек
сезімі және т. б. қасиеттері қалыптасады.
Дене тәрбиесінің міндеттері. Мектепке дейінгі балалардың дене
тәрбиесінің негізгі міндеттері—олардың денсаулығын сақтау және
нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту, организмді шынықтыру, қимыл және
мәдени-гигиеналық дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
Өмірге келген соң сәби тұрақты күтімді, ана сүтін керек етеді, ұзақ
уақыт өздігінен қозғала алмайды. Бала өмірі толығымен оның денсау-лығын
сақтау және нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту жөнінде қамқор-лық жасайтын
адамға байланысты.
Дұрыс ұйымдастырылған режим, гигиенаның қажетті ережелерін орындау,
балалардың біршама қимыл белсенділігі — міне, осының бәрі оның көңіл
күйінің көтеріңкі болуына, қуаныш сезіміне бөленуіне игі әсерін тигізеді.
Дені сау баланың ұйқысы қатты, тәбеті жақсы болады. Режимді бала
тәрбиесінің дұрыс методикасымен ұштастыра отырып орындау балалардың шаршап-
шалдығуын болдырмайды.
Дене тәрбиесінің көздейтін маңызды мақсаты — бала организмін,
шынықтыру. Шынықтыру арқылы балалардың салқын тиюден болатын және жұқпалы
ауруларға төтеп беру қабілеті күшейтіледі. Жүйелі шынықтыру организмде
сыртқы ортаның түрлі жағдайына және өзгерістеріне: температураның
ауытқуына, желді және жауын-шашынды ауа райына бейімделу қабілетін
қалыптастырады.
Дене тәрбиесінің елеулі міндеті — балалардың қимыл дағдыларын,
іскерлігін, дене күші сапаларын қалыптастыру.
Қимыл өсіп келе жатқан организмнің жетілуіне елеулі әсер етеді. Алуан
түрлі белсенді қимыл іс-әрекеті сүйек-бұлшық ет системасының дамуына,
балалар организмі қызметінің жетілуіне септігін тигізеді, сыртқы ортаның
түрлі жағдайына бейімделуіне көмектеседі.
Мектепке дейінгі балаларда негізгі қимыл (жүру, жүгіру, секіру,
өрмелеу, лақтыру) ерте бастан қалыптасады. Алайда тәрбиелеу процесі дұрыс
ұйымдастырылған жағдайда ғана балалардың дамуы неғұрлым толық дәрежеде
болады.
Қимылдың өмірге қажетті негізгі түрлеріне қоса мектепке дейінгі ба-
лалар бұлшық еттің белгілі бір топтарын (қолдың, аяқтың, кеуденің) ны-
ғайтуға бағытталған жаттығуларды орындайды. Сондай-ақ балалардың дамуына
дене жаттықтыруының спорттық түрлері: шаңғы, коньки тебу, жүзу, велосипед
тебу, т. б. көмектеседі.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде баланың организміне белсенді
түрде жан-жақты әсер ету мақсатымен қолданылатын дене жаттықтыруларының
белгілі бір жүйесі қалыптасты. Ол дене тәрбиесі жөніндегі оку сағаттарын,
қозғалмалы ойындарды, таңертеңгілік гимнастиканы мақсатты ұйымшылдықпен
пайдаланудан, сондай-ақ дене шынықтыру жаттығуларын және балалардың өз
бетімен қимыл жасайтын ойындарын кеңінен қолданудан тұрады:'
Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу баланың' денсаулығын нығайтуға
бағытталады. Сонымен бірге ол маңызды адамгершілік міндетті; мінез-құлық
мәдениетін тәрбиелеуді — қамтиды.
Балалардың денсаулығы, олардың нығайып өсуі туралы қамқорлық тазалық
сақтауға, мұнтаздай киінуге, тәртіпке баулудан басталады. Балалар
бақшасының маңызды міндеттерінің бірі,— деп жазды Н. К. Крупская —
балаларға олардың денсаулығын нығайтатын дағдыларды үйрету. Балаларды
жастайынан тамақ алдында қолын жууға, асты бөлек ыдыстан ішуге, таза
жүруге, шашы қиылған болуға, киімінің шаңын қағуға, аяқ киімін сүртуге,
қайнамаған су ішпеуге, мезгілінде тамақтануға, уақтылы ұйқтауға, таза ауада
көбірек жүруге және т. б. үйрету керек.
Балалар мәдени-гигиеналық дағдыларды үлкендердің басшылық етуімен
үйренеді. Ол басқа балалармен бірге қолын жууға, төкпей-шапшай тамақ ішуге,
киімін таза ұстауға, түрлі заттарды ұқыпты сақтай білуге дағдыланады. Оның
бойында өзін-өзі билеушіліқ, жинақылық, ұқыптылық, құнттылық сияқты
қасиеттер қалыптасады, үлкендер мен құрдастары арасында әдепті болуға,
оларды құрмет тұта білуге тәрбиеленеді.
Дене тәрбиесінің барлық міндеттері балалар бақшасының тәрбиелік-
білімдік жұмысының барысында бірыңғай шешіліп, балалардың бірқалыпты
нығайып, өсуін қамтамасыз етеді.
Дене тәрбиесінің шарттары. Қоғамда дене тәрбиесі мемлекеттің ана мен
балаға деген әрдайым өсіп отыратын қамқорлығына, тұрғын үй жағдайының үнемі
жақсаруына, еңбекшілердің әл-ауқатының артуына негізделеді.
Балалардың дұрыс нығайып, өсуі үшін гигиеналық жағдай туғызу (үй-
жайдың, учаскенің, құрал-жабдықтың, киімнің, аяқ киімнің гигиенасы),
Дұрыс тамақтану, қимыл және организмді шынықтыру жөнінде шараларды
қамтитын ғылыми жағынан негізделген балалардың күнделікті режимін міндетті
түрде орындап отыру қажет. Сонымен бірге медициналық қызметкерлер
тарапынан үнемі бақылау орнатылып, қажетті профилактикалық және емдеу
жұмыстары, мақсатты тәрбие жұмысы жүргізілуі тиіс. Мектепке дейінгі балалар
мекемесі мен семья арасындағы тығыз байланыс — балалардың дене бітімін
дұрыс дамытудың маңызды шарты.
2. МӘДЕНИ-ГИГИЕНАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ
Мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмысында балаларды мәдени-гигиеналық
дағдыларға үйретуге үлкен көңіл бөлінеді. Балалардың жасына қарай бөлінген
топтарда бұл міндет Балалар бақшасындағы тәрбие программасына байланысты
шешіледі.
Ең кішкентай балалар қарапайым дағдыларға (қолын жууға, түймесін
салуға), үлкеніректері — неғұрлым күрделі дағдыларға (тамақ жегенде
шанышқыны пайдалануға, ұқыпты болуға) үйренеді. Балалардың белгілі бір
дағдыға үйренуі үшін уақыт қажет, демек, дағдыны қалыптастыру бала өмірінің
бір емес, бірнеше жылына созылуы мүмкін.
Тәрбиешінің атқаруға тиісті жұмысының методикасы программаның
талаптарына және мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай
анықталып отырады.
Мәдени-гигиеналық қалыптастыру шарттары мен тәсілдері. Мәдени-
гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың табысты болуының негізгі шарттары
қатарына жақсы жағдайдың туғызылуы, айқын күнделікті режим мен үлкендер
тарапынан басшылық болуы жатады.
Жақсы ұйымдастырылған жағдай дегенді таза, біршама кең, барлық режим
элементтерін (жуыну, тамақтану, ұйқтау, оқу және ойнау) іске асыруға
мүмкіндік беретін қажетті жабдықтары бар бөлмелердің болуы деп түсінеміз.
Жағдайдың тұрақты болуының, күнделікті қажет бұйымдардың тұ-ратын және
қолданылатын орнын білудің сәбилер үшін маңызы ерекше. Мысалы, жуынатын
бөлмеде көлемі шағын раковиналар жеткілікті болуы шарт, олардың
әрқайсысының үстіне сабын салынып қойылады; раковиналар мен сүлгілер
балалардың бойына қарай орналастырылады; ілмешектегі әр сүлгінің үстіңгі
жағына сурет ілініп қойылады. Бұл балалардың жуынуға деген ынтасын
арттырады.
Күнделікті атқарылатын гигиеналық процедуралардың бір уақытта
атқарылуын күн режимі қамтамасыз етіп отырады, мұның өзі мінез-құлық
мәдениеті дағдылары мен әдеттерінің біртіндеп қалыптасуына себін тигізеді.
Оларды орнықтыру ойындарда, еңбекте, оқу сағаттарында, тұрмыста жүзеге
асырылады.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру үлкендердің — ата-аналардың
және тәрбиешінің басшылығымен іске асып отырады. Сондықтан мектепке дейінгі
балалар мекемесі мен семья тарапынан қойылатын талаптар өзара толық
келісілген болуы қажет.
Мектепке дейінгі балаларда нақты, көрнекі-бейнелеп ойлау басым. Осыған
байланысты оларда гигиеналық дағдыны қалыптастырудың табысты болуы үшін
көрсету және т ү с і н д і р у керек. Тәрбиеші қасықты қалай ұстау, стол
басынан қалай шығу, қолды қалай жуу керек екендігін көрсетеді. Көрсету
түсіндірумен қатар жүргізіледі. Балаларға тәрбиешінің қойып отырған
талаптары (қолды таза жуу, суды еденге шашыратпау және т. б.) түсінікті
болады. Үлкендер тарапынан дұрыс басшылықтың болуы балалардың жеке гигиена
дағдысын үйренуге кететін уақытын қысқартады.
Кейбір дағдыларға үйрету, мысалы, мәдениетті тамақтану дағдысына үйрету
көп еңбектенуді талап етеді, өйткені оған үйрену үшін балалар белгілі бір
ізбен орындалатын бірнеше қимылдарға (стол жанында дұрыс отыру, тамақтану
құралдарын, салфетканы дұрыс пайдалану және т. б.) үйренуі керек. Баланың
белгілі бір қимылдарды орындауға ж а т т ы ғ у ы және оны үлкендердің үнемі
бақылауы қажетті дағдылардың біртіндеп қалыптасуына жағдай жасайды.
Бақылау әсіресе дағдыны қалыптастырудың бастапқы кезеңінде ма-ңызды.
Онан әрі тәрбиеші қимылдың мұқият және шын ықыласпен орындалуын тексереді.
Қажетті бақылаудың болмауы балалардың теріс дағдылануына: қасықты,
шанышқыны дұрыс ұстамауына, қол орамалды пайдалануды ұмытып, киімді
дұрыстап бүктемеуіне әкеп соқтырады.
Мектепке дейінгі балалар еліктегіш келеді, сондықтан дағдылардың
қалыптасуына үлкендердің жеке басының ү л г і с і н і ң тигізетін ролі
үлкен. Тәрбиешілер мен ата-аналардың сыртқы пішіні, олардың мінез-құлқы
балаларға үлгі болуы керек; олардың берген ақыл- нұсқаулары мен өз мінез-
құлықтары арасында қайшылық болмауы тиіс, өйткені бала көзі көреген, ол
бәрін байқайды. Егер балалардан тамақ үстінде кітап оқымауды талап еткен
болсаңыз,— деп үйретті А. С. Макаренко,— өзіңіз де осыны
істемеуіңіз керек. Балалардың тамақ алдында қолын жуғыза отырып, оны
өзіңізден талап етуді де ұмытпаңыз. Өз төсек орныңызды өзіңіз жинаңыз, бұл
аса қиын да ұятты жұмыс емес. Осы кішігірімнің бәрінде де, әдетте
ойлағандағыдан гөрі, анағұрлым мол маңыз бар. Осыны балалар бақшасының
тәрбиешілері де, ата-аналар да әрдайым есте сақтауы керек.
Дағдыларды тәрбиелеуде балалардың өздерінің жақсы үлгілеріне де сүйену
керек. Тәрбиеші сәбилердің назарын қолын жақсы жуа алатын, заттарды ұқыпты
ұстай білетін, өздігінен киіне алатын құрбыларына аударады, өйткені
балалардың өздері мұны әрдайым байқамауы мүмкін.
Ойын аяқталған соң ойыншықтарды жинауды ұсына отырып, тәрбиеші
балаларға ойынға қатыспаған баланың да өздеріне көмектесіп жүргенін
байқатады. Қараңдар балалар,— дейді педагог,— Игорь сендермен бірге
ойнаған жоқ, бірақ ол да жинасып, жолдастарына көмектесіп жатыр. Сендер
бәрің бірлесіп ойыншықтарды тез жинап аласыңдар. Басқа балалар да
көмектесе бастайды.
Алайда, тәрбиеші жақсы өнегені пайдалана отырып, әдептілік көрсетуге,
балаларды бір-біріне қарсы қойып алмауы тиіс.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу ісінде педагогикалық б а ғ а
берудің, яғни баланың мінез-құлқы, жекелеген іс-әрекет женінде-гі
педагогтың ұнамды немесе ұнамсыз пікірінің ролі орасан зор. Педагог өзінің
жұмысында жағымды бағаны көбірек пайдаланады: құптайды, көтермелейді,
мақтайды. Құптау балалардың бұдан кейін де солай істеуге, тіпті одан да
жақсы істеуге деген талпынысын тудырады.
Жаңа дағдыны үйренуде жетістікке жету үшін де жағымды баға беріледі.
Егер үш жасар бала көйлегін алғашқы рет өздігінен кисе, түймесін салса,
тәрбиеші мұны құптайды. Сәбидің жаңа дағдыны үйренгенін жақсырақ түсінуі
үшін тәрбиеші оның қазіргі іс-әрекетін өткендегісімен, қазіргі алған
бағасын бұрынғысымен салыстырады, мысалы, барлық баланың көзінше: Наташа
тез киінетін болды. Бұрын ескерту жасайтын болсам бүгін мақтап отырмын,—
дейді.
Егер балалар қандай да бір ережені орындағанда қате жіберетін болса,
педагог оларға қалай жасау керек екенін айтады, ескерту жасауға немесе
кінәлауға асықпайды.
Қалай істеу керек екендігін балалардың өздері білген жағдайда да
жағымды баға беру керек. Мақтау қажетті дағдының қалыптасуын тездете
түседі. Мысалы, тәрбиеші былай дейді: Мен қалай отыру керек екенін Галяның
есіне салғаным жоқты, бірақ ол дұрыс отырды. Жарайсың! Егер басқа
балалардың бәрі де осы дағдыға үйренулері қажет болса", әлгі баға бүкіл
топтың алдында беріледі. Егер балалардың көбі бұл дағдыға үйреніп, тек
кейбіреулері кешеуілдеп қалса, онда тәрбиеші баланы жеке мақтайды.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеуде ойын тәсілдері ерекше роль
атқарады. Оларды пайдалана отырып, тәрбиеші балалардың күн-делікті өмірде
үйренген дағдыларын бекіте түседі. Сонымен қатар, дидак-тикалық ойын
түрлеріне (Қуыршақты ұйқтата қой, Кәне, қуыршақты серуенге шығару үшін
киіндіріп жіберейік, Қуыршақты тамақтандырайық) елеулі орын беріледі.
Дағдылардың қалыптасуына балалардың түсінігін, мысалы, қалай жуыну,
стол басында қалай отыру, бір-біріне қалай көмектесу керектігін нақтылай
түсетін, соған сай иллюстрациялар, көркем шығаралар, фольклор зор әсерін
тигізеді. Тәрбиеші балалардың назарын оларға арналған кітаптардағы
суреттерге аударады, Балалар ойнап жүр, Құрметті қонақтар, Жаңадан
келген қыз сияқты және басқа суреттерді жинақтайды.
Дағдыларды қалыптастыруда балаларға жеке-дара қатынас жасау маңызды.
Бұл міндеттің күрделі, жүйелілікті, табандылықты, талғампаздықты және
төзімділікті қажет ететіндігін есте сақтау қажет. Балаларға берілетін
барлық нұсқау олардың әдетіне айналатын іс-әрекеттерге дұрыс көзқарас
тудыратын достық лебізбен, байсалды түрде айтылуы керек.
БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ӨМІРІНІҢ РЕЖИМІ
Режим ұғымы оның тәрбиелеудегі маңызы. Режим дене тәрбиесінің табысты
болуының маңызды және шарты режим дегеніміз іс-әрекет пен демалыстың
алуан түрлі уақыты мен кезеңіне қарай тиімді болуды көздейтін ғылыми
жағынан негізделген өмір тәртібі.
Режимді құрайтын барлық элементтердің (тамақтану, ұйқтау, ойнау, оқу,
серунддеу) белгілі бір жүйемен қайталанып отыратындығының нәтижесінде бір
түрден екінші түрге ауысуды оңайлататын балалар тұрмысының үйреншікті
құбылыстары орын алады. Мәселен, тамақ ішетін уақыт болғанда балалардың
қарны ашады, тәбеті келеді, осының арқасында тамақ жақсы қорытылып, тез
сіңеді: ұйқтайтын уақыт келгенде балалардың жүйкесі оңай тежеліп, олар тез
арада ұйқыға кетеді. Режимнің орындалып отыруы баланың нерв жүйесіне және
организмдегі барлық физиологиялық процестердің жүруіне игі әсер етеді.
Режимге қойылатын талап балалардың жасына қарай психофизиологиялық
ерекшеліктерге, тәрбиелеу міндеттеріне, жағдайға байланысты анықталып
отырады.
Режимге қойылатын негізгі талап — балалардың жас ерекшеліктерін
есептеу. Сәбилер топтарында ұйқыға, киінуге, шешінуге және беті-қолын жууға
т. с. уақыт көбірек беріледі. Ересек топтарда балалардың дербестігінің
артуына байланысты тұрмыстық процестерді атқаруға уақыт анағұрлым аз
жұмсалады, соған орай, ойынға және басқа іс-әрекеттерге уақыт көбірек
жұмсалады.
Режимді орындау процесінде балалардың денсаулығы жағдайын, олардың
психиялық даму дәрежесін ескеру керек. Денсаулығы осал немесе сырқаттан
айыққан балалардың ұйқтайтын уақыт және таза ауада серуендеу мерзімі
ұзартылады, тәрбиелік-білімдік жұмыстар мазмұнына да қажетті өзгерістер
енгізіледі.
Келесі талап — режимнің тұрақтылығы: дер кезінде тамақтану, оуу, ойнау,
ұйқтау. Ол балалардың қайталанып отыратын құбылыстарға дағдылануына
көмектесіп, балалар жөн-жосыққа, тәртіпке үйретіледі. Режимнің бұзылуы
балалардың денсаулығына және олардың мінез-құлқына теріс әсер етеді: олар
қызынып, қыңырлыққа салына бастайды, олардың арасында ұрыс-керістің болуы
да мүмкін.
Режим белгілегенде жыл мерзімдері ескеріледі. Мәселен, жазғы кезеңде
балалардың таза ауада болу уақыты ұзартылады, оларды таңертең ертерек
оятып, ал кешкісін ұйқыға кештеу жатқызады. Сонымен қатар балалардың
бақшада болу мерзімін де ескеру қажет. 12—24 сағат болатын балалар
бақшасында уақыттың екінші жартысында ойынға, серуендеуге уақыт көбірек
бөлінеді.
Режим жасалғанда балалардың ата-аналарының жұмыс істейтін мер-зімі де
ескеріледі. Мысалы, ведомостволық балалар бақшаларында жұмыстың басталу
уақыты кәсіпорындардағы жұмыстың басталуына қарай ыңғайластырылады, осыған
орай балалардың тамақтану және оқу сағаттары жылжытылады. Алайда ойынға,
оқуға, серуендеуге белгіленген уақыт ұзақтығы мен барлық режимдік
процестерді өткізу жүйесі өзгертілмейді.
Дұрыс жасалған режимнің гигиеналық және педагогикалық маңызы үлкен. Ол
күн сайын қайталана отырып, балалардың организмін белгілі бір ырғаққа
үйретеді, іс-әрекетінің алмасып отыруын (ойын, сабақ, еңбек) қамтамасыз
етеді, сөйтіп нерв жүйесін шаршаудан сақтайды. Режимнің орындалуы мәдени-
гигиеналық дағдылардың қалыптасуына, ұйымшылдық пен тәртіптілікке
тәрбиелеуге көмектеседі. Режимнің дәл орындалып отыруы балалардың уақытты
сезіну сезімін тәрбиелеп, олар уақытты бағалай бастайды.
Сөйтіп, тәрбиелеу міндеттеріне және мектепке дейінгі, балалардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес қойылған режимдік талаптар дені сау, сергек, іс-кер
де тәртіпті балаларды тәрбиелеуге және олардың жан-жақты дамуы мен мектепке
әзірлігін табысты шешуге жағдай жасайды.
Түрлі жас топтарындағы режим. Балалар бақшасындағы режим балалардың
әр түрлі; тұрмыстық, ойын, оқу және еңбек іс-әрекеттерін қарастырады.
Түрлі іс-әрекеттің алатын орны және оған жұмсалатын уақыт режимде
балалардың жасына қарай беріледі. Мәселен, сәбилер тобында тұрмыстық
процестерге уақыт көбірек бөлінеді. Одан кейін уақыт қысқартылып,
басқа іс-әрекеттерге (ойынға, еңбекке, оқуға) жұмсалатын уақыт
ұзартылады.
Балалар бақшасында мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі
түрі ретінде ойынға көп уақыт бөлінеді: таңертеңгі тамаққа дейін,
тамақтанғаннан кейін, оқу аралығындағы үзілістер кезінде, күндізгі ұйқыдан
соң, күндізгі және кешкі серуен кезінде. Тәрбиеші балалардың ойынының
барлық түріне жағдай жасауға тиіс.
Барлық топтарда оқу сағаттары үшін уақыт белгіленген; олардың уақыты
біртіндеп ұзартылады. Балалардың еңбек қызметі үшін де (таңер-теңгілік
өсімдіктер мен хайуанаттарды күту, еңбекке үйрету, учаскеде жұ-мыс істеу т.
б.) ариайы уақыт бөлінеді. Топтан топқа ауысқан сайын оған белінетін уақыт
ұзартылады, алайда ойын мен оқытуға қарағанда режим-нен аз орын алады.
Бақшада тәулік бойы болатын топ балалары тұрмысының режимінде өзіне тән
ерекшелік бар. Мысалы, бұл топтарда оқу 20—30 минутқа бұ-рын басталуы
мүмкін, таңертеңгі серуендеу уақыты ұзартылады және т. б. Мектепке дейінгі
баланың күндік режимін ұйымдастырудағы Үлкендердің ролі. Мектепке дейінгі
балалар өздерінің дұрыс дамуы үшін қажетті режимді тек үлкендердің
басшылығымен ғана орындай алады. Әрбір жас шамасына қарай бөлінген топта
дұрыс режимнің болуын тәрбиеші ұйымдастырады 0л режимдік талаптарды
үйренуінің алғашқы қадамынан бастап белгілі бір дербестікке жеткенге
дейін балаларды режимді орындауға үнемі үйрете береді.
Балалардың тұрмыстың жаңа режиміне үйренуі әдетте бір-екі аптаға
созылады. Әлсіреген немесе күрт ашуланатын сәбилердің режимге көндігуі бес-
алты аптаға созылады.
Балалардың дене бітімі дұрыс дамуы мен тәрбиеленуінің қажетті шарты
семьяда режимнің сақталуы болып табылады. Бұған ата-аналардың көзін жеткізу
және режимді ұйымдастыруда оларға көмек көрсету қажет. Тәрбиеші ата-
аналарды баласы келіп жүрген топтағы режиммен танысты-рады, оларға
балалардың үйде болатын кешкисағаттардағы және дема-лыс күндеріндегі
режимін ұйымдастыруға көмектеседі._ Семьядағы режимді жасауда семьяның
жағдайын және баланың мүмкіндігі мен ынта-ықыласын ескеру қажет. Балалар
бақшасы мен семья тарапынан бірден талап қойған жағдайда ғана дені сау, шат-
шадыман баланы тәрбиелеуге болады.
§ 4. БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДАҒЫ КҮННІҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
Баланы таңертең Балаларды таңертең қабылдап алуды ойластырып,
қабылдап алудың жақсы ұйымдастырудың күн тәртібінде үлкен маңызы маңызы,
уақыты бар. Тәрбиешінің балаларды жылы шыраймен қарсы және орны алуы
олардың көңіл күйіне, жұмыс қабілетіне, тәртібіне әсер етеді. Балалар
өздерін күтіп алатынын, келгенін ұнататынын білсе, балалар бақшасына
ынталы келеді.
Көреген тәрбиеші баланың бақшаға келгендегі көңіл күйін байқайды да
педагогикалық шара қолданады: сәбиді бірден іс-әрекетке тартады немесе
жалғыз өзі болып, жұбануына мүмкіндік береді.
Балалар бақшасына жаңа келген балаға ерекше көңіл аударуды талап етеді.
Тәрбиеші оған ойыншық беріп, көңілін жұбатады, баланың үйде уйренген
жағдайдан балалар бақшасындағы жағдайға неғұрлым жеңіл ауысуына жағдай
жасайды.
Мектепке дейінгі балалар мекемесіне бұрыннан барып жүрген балалардың
өзі де кейде бақшаға барғысы келмейді. Бұның себебі балалардың
денсаулығына, шаршап-шалдыққандығына, үлкендердің берген уәдесін
орындамауына және т. б. болуы мүмкін. Кейде ата-аналар жұмысқа баруға
асығып тұрып, баланы оның қарсылық көрсетуіне қарамастан, жұлмалап
шешіндіре бастайды немесе өзінің шешінуін талап етіп, ұзақ өтініп тұрады.
Тәрбиеші мұндай ата-аналарға әлгіндей әрекеттің қайсысы болсын жөн емес
екендігін, ол сәбидің көңіл күйіне әсер ететіндігін, өзі кеткеннен кейін
баланың көпке дейін басыла алмайтындығын айтып, түсіндіруі керек.
Баланы жұбату үшін көңілін әлдеқандай қызғылықты бір нәрсеге
аудару қажет. Мұны әр түрлі тәсілдермен: балаға кішігірім тапсырма
беру, қандай да бір қызықты нәрсені бірлесіп бақылау және т.б. жасауға
болады.
Балалар бақшасында тәулік бойы болатын балалар көбірек көңіл бөліп,
еркелетуді қажет етеді. Таңертең тәрбиеші оларға келіп, қалай
ұйықтағандарын сұрайды, алда тұрған қызғылықты істер туралы айта отырып,
ойларын үйден басқаға аударады. Ол сәбилерге ойыншықтарды көрсетіп,
қызғылықты ойын бастап жібереді, кеше басталған құрылыстар туралы
балалардың есіне салады және т. с. с. Тәрбиешінің жайдары көңіл күйі
балаларға да тарайды.
Балаларды қабылдап алу (жас шамасына қарай) әдетте сағат 7-ден
8 - 8 сағат 30 минутқа дейін созылады, бірақ ол ата-аналардың жұмыс
істейтін уақытына қарай бұдан да ерте басталуы мүмкін.
Балаларды қабылдауға әзір болуы үшін тәрбиеші балалар бақшасына ертерек
келеді. Сәбилерді таза ауада немесе белмеде қабылдап алуға болады. Учаске
болса, ауа райы ашық кезде жылдың қай мезгілінде де балаларды таза ауада
қабылдау керек. Әрине, өзгешелеу болатын жағ-дай да кездесіп қалып отырады.
Мысалы, егер тәрбиеші жаңа топпен жұмыс істей бастаса, ол мұндағы балаларды
әлі жақсы білмейді немесе алғашқы кезде туысқандарынан айрылғысы келмейтін
сәбилер тобын қабылдап алғанда, қабылдауды бала көңілін аулауға ыңғайлы
келетін бөлмелерде ұйымдастырған дұрыс.
Қабылдау кезінде балалардың сырт пішініне көңіл аудару керек. Тәр-биеші
кемшіліктерді байқаса, баладан өзін тәртіпке келтіруін талап етеді, оған
көмектеседі. Тәрбиеші балаларды айнаны пайдалануға, өзінің сырт пішініне
қарауға, киіміндегі, шашының таралуындағы кемшіліктерді бай-қауға, әрдайым
таза, мұнтаздай боп киініп жүруге үйретеді.
Сәби топтағылардан бастап тәрбиеші балаларды өзін қарсы алып
отырғандардың бәрімен сәлемдесуге үйретеді, балалардың өзара әдепті де тату
болуын қадағалайды.
Таңертеңгілік қабылдау медициналық сестраның немесе дәрігердің
балаларды профилактикалық байқаудан өткізуімен басталады. Олар болмаған
жағдайда балалардың денсаулығын тәрбиешінің өзі бақылай-ды. Егер тәрбиеші
зер сала қараса, балалардың жеке ерекшелігін жақсы білсе, сырт пішініне
қарап баланың денсаулығын байкай алады. Әдетте дені сау бала балалар
бақшасына келісімен-ақ ойынға кірісіп кетеді, бір-бірімен шүйіркелесіп, көп
қозғалады.
Егер тәрбиеші баланың дені сау емес-ау деп күдіктенсе, ол баланың ата-
анасымен әңгімелеседі, сәби түнде қалай ұйықтап шықты, мазасыз-данған жоқ
па, деп сұрайды, баланың дене қызуын өлшейді. Сәбидің сырқаттанғаны оның
ата-анасының кеткенінен кейін анықталса, тәрбиеші баланы басқа балалардан
бөлектеп, төсекке жатқызады, бұл жөнінде семья мүшелеріне хабарлайды. Олар
қандай болсын бір себеппен баланы алып кетуге келе алмайтын болса, тәрбиеші
дәрігер шақырады.
Көптен бері балалар бақшасына келмеген баланы дәрігер немесе
медициналық сестра қарамайынша, қабылдап алуға болмайды.
Егер қабылдау учаскеде өткізілсе, үйге кірерде балалардың аяқ киімін
сүртіп немесе щеткамен ысқылап тазалауы талап етіледі. Вестибюльде сәбилер
шешініп, сырт киімдерін өзінің киім ілгішіне ұқыпты іліп, аяқ киімдерін
ауыстырады.
Балалар іс-әрекетінің мазмұны және оған басшылық жасау методикасы.
Қабылдап алудан таңертеңгі тамаққа дейінгі кезеңде
балалардың іс-әрекетін қалай ұйымдастыру, олардың
қандай пайдалы іспен шұғылдандыру керек екендігін
тәрбиеші алдын ала ойластырып қояды. Бұл кезде, негізінде балалар
ойнайды. Тәрбиеші ойын мен ойыншықтарды даярлайды, сәбилер өздері оңай
алып, бір-біріне бөгет жасамай ойнауларына ыңғайлы етіп, орналастырып
қояды. Педагог балалардың инициативасы бойынша басталған ойынды құптайды,
қажетті жағдай жасай отырып, балалардың ойлағаны болуына көмектеседі.
Тәрбиеші балаларға бұрыннан таныс дидактикалық ойындарды, сондай-ақ
учаскеде немесе үйде өткізілетін қимылды ойын түрлерін ұсынуына болады.
Ойын түрін таңдап алу балаларға әуелі қандай оқу сағаты ұсынылатындығына
байланысты болады. Егер бірінші оқу сағаты балаларға едәуір күш түсіре-тін
болса, ойынның қимылды көп қажет етпейтін түрі ұсынылып, балалар-дың
шамадан тыс қозып шаршауын болдырмауды қадағалау керек. Егер музыкалық оқу
сағаты белгіленсе, онда тәрбиеші ұсақ құрылыс материал-дарымен стол үстінде
ойнайтын қағазға басылған ойынмен ойнауды ұйымдастырады. Ақыл-ой
белсенділігін талап ететін оқу сағаты алдында сәбидің қимылын дамыту үшін,
оларға физкультуралық құрал-саймандар-ды: секіргішті, құрсауды, допты,
кегльді, серсоны ұсынған жөн.
Таңертеңгілік сағаттарда балалардың еңбек әрекеті ұйымдастырылады.
Тәрбиеші сәбилерді өсімдіктер мен жануарларды күтуге (гүлдерге су құю,
кішкентай балықтарды азықтандыру) қатыстырады, оларға куыршақтарды
киіндіруді және т. б. тапсырады. Сәбилер еңбек тапсырмаларын тәрбиешінің
бақылауымен және оның көмегімен орындайды. Ересек балалар табиғат мүйісінде
кезекші міндетін атқарады. Осы кезде балалармен учаскеде немесе бөлмеде
бүкіл топқа немесе жеке балаға әр түрлі бақылау: үлкендердің жұмысын,
табиғат құбылыстарын және. т. б. бақылау жүргізуге болады.
Тәрбиеші сәбилерді түрлі іспен айналыстырып, олардың қол қусырып жүрмеу
әдетін қалыптастырады.
Балаларды қабылдау аяқталған соң педагог табиғат мүйісіндегі
кезекшілердің жұмысын тексереді, балаларды таңертеңгілік гимнастикаға
шақырады, ол барлық топтарда учаскеде немесе жақсы желдетілген белмелерде
(жыл мезгіліне қарай) өткізіледі.
Гимнастикадан кейін таңертеңгі тамаққа әзірлік жасалады. Кезекші-лер
столдарды орнына қояды, басқа балалар бесеу-алтаудан біртіндеп беті-қолын
жууға барады.
Балалармен жеке жұмыс істеу. Күннің алғашқы жартысында тәрбиеші
сәбилермен көптеген жеке жұмыстар істейді. Мысалы, даусын бұзып
сөйлейтін немесе қандай да бір қимылды дұрыс жасай алмайтын балалар үшін
арнайы ойындар мен жаттығулар ұйымдастырады. Ол белсенділігі шамалы,
тұйық мінезді балалармен жұмыс істейді, оларға үлкендермен және
құрдастарымен қатынаста болуды талап ететін әр түрлі тапсырмалар (мысалы,
ас үйге барып, теңіз шошқасы үшін көкөніс сұрап ал) береді.
Білімге құмарлығы шамалы балаларға қызғылықты бақылау жүргізу (мысалы,
атжалманның дәнді қалай жейтінін және ұртына қалай тығатынын, учаскеге
келіп қонған шымшықты бақылау, қыстың таңертеңгілік көрінісін тамашалау
және т. б.) тапсырылады.
Балалардың қалыпты өсіп, дамуы үшін оларға дұрыс ұйымдастырыл-ған
тамақтандыру қажет. Өсіп келе жатқан және тез дамып отырған организм
тамақтың жеткілікті мөлшерде және сапалы болуын талап етеді. Тамақтың
аздығы да, көптігі де баланың денсаулығына бірдей зиянды және ас қорыту мен
зат алмасуы бұзылып, организмнің қарсыласу қабілеті төмендеп, дене дамуы
ғана емес, психикалық дамудың да тежелуі ықтимал.
Балалар бақшасында болатын ұзақтығына қарай балаларға арасына үш-төрт
сағат салынып, 3—4 рет тамақ беріледі.
Балалардың тамақтануға әзірлігі. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтану
процесі тағамның жақсы сіңуіне себін тигізеді және оның тәрбиелік үлкен
маңызы бар. Алдымен балалар ойыншықтарды өз орнына жинап, қолдарын жуады.
Тамақ таза және жақсы желдетілген бөлмеде ішілуі тиіс. Столдар балалар
еркін отырып-тұратындай етіп қойылады.
Тамақтың сіңуі оның дәмділігіне және баланың тәбетіне ғана емес,
сонымен қатар оның жалпы жағдайына, көңіл күйіне, бақшадағы балалар
тұрмысының ұйымдастырылуына байланысты болады. Сәбилердің шаршап немесе
дүрлігіп кетпеуі үшін, олардың көңіл күйі көтеріңкі болуы үшін тамақ ішер
алдында жайбарақат жағдай жасалады.
Балалар бақшасындағы режим ұзақ серуендеу немесе шулы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы
Оқушылар тұлғасын қалыптастыру және қабілеттерін тәрбиелеу
Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКА ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың мшдеттері
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Физикалық қасиеттерді дамыту
Физикалық қасиеттерді дамыту әдістері
Саптағы жаттығулардың түрлері, маңызы
Дене шынықтыру жаттығулары
Пәндер