МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

І. МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ
ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Патриоттық тәрбие және оның даму 7
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.2 Мектепке даярлық топ балаларын халық ауыз әдебиеті арқылы 26
ұлтжандылыққа тәрбиелеудің
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...

ІІ. БАЛАБАҚШАДА МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ
АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Балабақша балаларын тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиеті 41
арқылы ұлтжандылыққа тәриелеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
53
2.2 Халық ауыз әдебиеті арқылы мектепке даярлық топ балаларына
ұлтжандылық тәрбие берудің 63
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
66
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...


КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған
жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық
мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да
азаттық жолындағы қасиетті де қасіретті күресте еңбегі ерен
азаматтарымыздың артына қалдырған мол мұрасы мен тарихын зерттеу қазіргі
таңда зор маңызға ие болып отыр. Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін,
Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр
тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында
қашан да қарыздармыз, - деп Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев айтқандай, біздің алдымызда бабаларының игі дәстүрін
сақтайтын, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болатын
ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр [1]. Мұның тиімді шешімі мемлекеттік
деңгейдегі ресми құжаттарда қарастырылды: Қазақстан Республикасының Білім
туралы Заңы (2007 ж.) [2], Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы [3], Білім беру мекемелерінде тәрбие
берудің кешенді бағдарламасы [4], Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие
берудің тұжырымдамасы [5], Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы [6] т.б.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің
басым міндеттері ретінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау, азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу, отандық және
әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың
басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу атап
көрсетілген [1 12б.].
Қазiргi қоғамдық-әлеуметтiк жағдайда жеке тұлғаның бойындағы
Қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру басты міндет болып саналады.
Патриоттық тәрбиенiң күре тамыры Күлтегiн, Тоныкөк, ХҮI-ХҮIII ғасырда елi
мен жерi үшiн жан аямай күрескен Жалаңтөс, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай,
Наурызбай т.б. батырлар ісінен бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақ
бойындағы ерлiк сезiмiн оятып, туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн
қалыптастыруда негізгі орын алады. Ерлік сын сағатта танылады. Елін, жерін,
шет ел шапқыншыларынан қорғауда, ерен ерлігі аңызға айналған, өлең-жыр,
толғау-дастандарға арқау болған Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайын, Ер Қосай,
Едіге, Қамбар, Абылай, Ағыбай, Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Баян,
Наурызбай, Райымбек, Малайсары, Сұраншы, Саурық, Барақ, Сырым, Исатай
сияқты батырлардың тәрбиешісі де – қазақ халқы. Жиырмасыншы ғасырдың Кеңес
заманындағы әр түрлі соғыстардың батырлары А.Иманов, М.Ғабдуллин,
Т.Тоқтаров, Ә.Молдағұлова, М.Маметова, Р.Қошқарбаев, Т.Бигелдинов,
Қ.Қайсенов және тағы басқалардың ерен ерлік іс-қимылдары да өлең-жыр,
дастанға айналып, оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бірден-бір құралы
болды. Осының бәрі халқымыздың атадан балаға ғасырлар бойы мұра болып
жалғасып келе жатқан ерлік рухымен байланысты туындаған тәрбиенің дәстүрлі
үлгі-өнегелік жемісі.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде Ресейдің классик-педагогтары
К.Д.Ушинский [7], А.С.Макаренко [8], В.А.Сухомлинский [9] т.б. үлкен үлес
қосты. Олар өз еңбектерінде патриоттық тәрбиенің маңызды идеяларын
қарастырып, бағыттарын көрсетті.
Патриоттық тәрбиенің міндеттері, мазмұны мен әдістері И.Ф.Харламов
[10], Б.Т.Лихачев [11], Ю.Бабанский [12], В.А.Сластенин [13], Н.Д.Хмель
[14] және т.б. оқу құралында, лекция курстарында көрініс алған.
Қазақстан халқының патриоттық көзқарасын қалыптастыруда терең ғылыми
зерттеулер жүргізіліп, жаңа бағыттар іздестірудің үлкен маңызы болды. Осы
тұрғыдан алғанда Отандық ғалымдардың еңбектерінің орны ерекше. Педагогика
саласында зерттеулер жүргізген отандық ғалымдар С.Қалиев, [15],
К.Құнантаева [16], С.Ұзақбаева [17], Е.Ө.Жұматаева [18],
С.Т.Иманбаевалардың [19], Ж.Қасымбеков [20], А.Қарпықбаевалар [21]
еңбектерінде ұлтжандылыққа тәрбиелеудің тәлімдік маңызы туралы мәселелер
қамтылған. Зерттеуші-ғалымдар балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
жұмыстарының мазмұнына, міндеттеріне, оны шешудегі әдіс-тәсілдеріне қатысты
ұсыныстар береді.
Жаңа қоғам иегерлері – болашақ ұрпақты тәрбиелеу, білім беру үрдісінде
оларды қан жақындығы емес, жан жақындығына баулу, бүгінгі өмір талабынан
туындайды. Тамырын тереңнен алатын ұрпақ тәрбиесі – баланың қоғамдық
өмірге, айналадағы дүниеге танымдық, ұлтжандылық, отанмсүйгіштік
көзқарастарын қалыптастарып, өнер-білімге құштарлыққа баулу үшін, халық
қазынасы – фольклорлық шығармалармен сабақтас жүргізілуге тиіс. Қазақ халық
ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы бейнеленіп, бүгінге жеткен ұлттық
байлығымыз баланың көкірек көзін оятып, сөз өнеріне, ана тіліне
сүйіспеншілікке баулып, өмірдегі, өнердегі жағымды іс-әрекетті, сұлулықты
ажырата білу дағдыларын қалыптастыру құралы болып табылады. Асылы, жас
ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесін әсемдік әлемі – халық ауыз әдебиеті, халық
мұрасы арқылы қалыптастырудың маңызы өте зор.
Сөз өнерінің ұрпақ тәрбиесіндегі құдіретті күшін терең сезінген ақын-
жазушылар мен ағартушылар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин , А.Құнанбаев,
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, сондай-ақ, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов т.б.
балаларға арналған фольклорлық шығармаларды алғаш жинап бастырушылардың
бірі – С.Сейфуллин, I.Жансүгіров, орыс халқының жазушылары т.б. сияқты
ұлылардың еңбектері отбасында, балабақшада тәрбиеленуші балалардың рухани
байлығын нығайту ісінде үлкен үлес қосты [22].
Жас ұрпақты ата-анаға, өз еліне сүйіспеншілікке, қазақ елін мекендеуші
ұлттар мен ұлыстар достығына, бірлікке, ерлікке тәрбиелеудің бірден-бір
құралы әдеби мұралар болып табылады.
Еларалық байланыс құралы әдебиеттің өнердегі, тәлім-тәрбиедегі маңызы
жөнінде 3.Қабдолов, Р.Сыздықова, М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов, М.Әлімбаев,
А.Сейдімбек, Ә.Табылдиев өз еңбектерінде көркем сөз адамның ой-қиялын,
шығармашылық, көркемдік талғамын дамытатын, өмірді танытатын тәрбие құралы
екендігі туралы ой толғайды [23].
Соңғы жылдары халық ауыз әдебиетінің дамуы туралы Ш.Ахметов [24],
Б.Ыбырайымов [22], сондай-ақ, С.Рахметова [23], Н.Албытова [25] т.б.
кандидаттық диссертациялар қорғады. Тақырыпқа қатысты еңбектерді талдау
барысында халық ауыз әдебиетінің дамуы, бастауыш сынып оқушыларын оқыту
және тәрбиелеу мәселелерін жетілдіру, оқу үрдісінде әдеби шығармаларды
қолдану тәсілдері қарастырылған ғылыми зерттеулер жүргізілгеніне көз
жеткіздік.
Жоғарыда көрсетілгендей, көркем әдебиеттің баланың дамуындағы құдіреті
туралы еңбектер бола тұра, баланы мектепке дайындаудағы халық ауыз
әдебиетін пайдалануды ғылыми негізде жүйелеген зерттеулер жоқ. Осының
нәтижесінде баланы мектепке дайындауда халық ауыз әдебиетін пайдаланудың
қажеттілігі мен оны ғылыми тұрғыда негіздеудің арасындағы қарама-қайшылық
туып отыр. Осы қайшылықтардың шешімі ғылыми-зерттеу жұмысының
көкейтестілігін көрсетеді. Сондықтан да халық ауыз әдебиетін мектепке
дейінгі мекемеде ұлтжандылық тәрбиесінің құралы ретінде пайдалана отырып,
оның мазмұнын, мүмкіндіктерін қарастыру, оқу-тәрбие үрдісіндегі тиімді
әдістері мен жолдарын іздестіру мақсатында біз диплом жұмысымыздың
тақырыбын Мектепке даярлық топ балаларын халық ауыз әдебиеті арқылы
ұлтжандылыққа тәрбиелеу деп таңдауды ұйғардық.
Зерттеудің мақсаты: Мектепке даярлық топ балаларын халық ауыз әдебиеті
арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздерін және әдістемелік
жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Балаларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздерін айқындау;
2. Халық ауыз әдебиеті арқылы мектепке даярлық топ балаларын
ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін негіздеу;
3. Халық ауыз әдебиеті арқылы мектепке даярлық топ балаларын
ұлтжандылыққа тәрбиелеудің әдістемесін жасау және оны тәжірибелік-
эксперимент жүзінде тексеріп, іс-тәжірибеге ендіру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні.
4. Балаларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері айқындалды;
5. Халық ауыз әдебиеті арқылы мектепке даярлық топ балаларын
ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі мүмкіндіктері негізделді;
6. Халық ауыз әдебиеті арқылы мектепке даярлық топ балаларын
ұлтжандылыққа тәрбиелеудің әдістемесі жасалды және оны тәжірибелік-
эксперимент жүзінде тексеріп, іс-тәжірибеге ендірілді.
Зерттеу нысанасы: Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы мектепке даярлық топ
балаларын ұлтжандылыққа тәрбиелеу үдерісі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында философиялық, психологиялық,
педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау.
Балабақшадағы озық тәжірибелерді жинақтау, талдау, саралау, оны оқу-тәрбие
үрдісінде қолдану, әңгімелесу, тәжірибелік іс-әрекеттер нәтижесіне сүйене
отырып, баға беру әдістері қолданылды.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы, Үкіметтің қаулы-қарарлары, балабақшада
тәрбиелеу мен білім беру тұжырымдамалары (1999, 27.11). Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары және басқа да құжаттар мен
ресми материалдар, философтардың, ойшылдардың, психологтар мен педагогтар
еңбектері, зерттеу тақырыбына сәйкес оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-
педагогикалық басылымдар, журналдар материалдары, озат педагог-
тәрбиешілердің озық тәжірибелері басшылыққа алынды.
Диплом жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Патриоттық тәрбие және оның даму тарихы

Қазақ халқы – дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе
жатқан ұлы халық. Оның ұлылығы талай тарихи оқиғаларды бүгіп жатқан сан
қатпарлы тарихынан көрінеді. Қайталанбас әрбір тарихи кезең өз
қаһармандарын туғызады. Бұған дәлел - аты ел аузында аңызға айналған тарихи
тұлғалар. Әрине, есімін тасқа жазып, ерлігін ұрпақтың жадында сақтап
қалған бергісі қазақтың, арғысы түркі халықтарының тарихындағы қайталанбас
тұлғалардың есімі өзі өмір сүрген кезеңмен, сол кездің өмір шындығымен
тығыз байланысты. Айталық, шекарасы батыста Византиямен, оңтүстікте
Персиямен, Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен тұйықталған Түрік қағанаты ұлы
дала мәдениетін бүкіл әлемге паш ете отырып, Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған
сынды өз батырларын тарих сахнасына шығарса, қобызының құдіретті үнімен
өлімге араша іздеген Қорқыт сынды данагөй бабаларымыз желмаясына мініп
Жерұйықты іздеген, елінің бақытты тұрмысын көксеген Асан қайғы образы
арқылы тауып жатты.
Қазіргі қоғам алдында тұрған негізгі міндет - өмірдің қай саласы
болмасын әлемдік кеңістікке ену. Ал, әлемдік кеңестікке енуде әр қоғамдық
құрылым өздігінен енуі керек. Бұл құрылымдықтың өзіндігі оның теориялық
негізгі ұлттық сана, салт-дәстүр, мәселелерімен тығыз байланысты болады.
Қалыптасқан ұлттық сана, салт-дәстүр біздің қазақ халқында тәрбиенің
пәрменді құралы болып табылады, сондай-ақ, қоғамдық өмірде айрықша орын
алады. Әсіресе, қазіргі таңда патриоттық тәрбие беру мәселесінің барынша
нақты қойылып отыруының өзіндік үлкен мәні бар. Еліміздегі ғылыми-
техникалық және әлеуметтік саяси өзгерістер барысында, қоғамдық өміріміздің
барлық салаларына патриоттық тәрбие берудің қажеттілігі айқын сезіле түсуде
және бұл қажеттіліктің онан әрі өсе түсетіндігін өмірдің өзі көрсетіп
отыр. Бұл – мемлекетіміздің Ата заңы, Республикамыздың егемендігі және
қазақ жерін мекендеген ұлттар мен ұлыстар, түрлі халық өкілдерінің бірлігін
сақтау - патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізі болмақ.
Тәрбиенің кең салаларының бірі - патриоттық тәрбие екенін еліміздің
тұңғыш президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының өзекті мәселелердің
қатарына қоюы тегін емес және Қазақстандық патриотизмнің теориялық негізін
тереңдете түсті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 – стратегиялық
бағдарламасының Қазақстан мұраты [1] деп аталатын бөлімінде – еліміздің
тұтастығын, оның тыныштығын яғни мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да
болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі, жастарымызды
патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді – деген құнды пікірлер айтылған.
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
тұжырымдамасында азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге,
оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа
халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық
ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан
ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және
діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің
құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға
қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Балалар мен
жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін
көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми
негізделген саясат жүргізу; білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық,
патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие
құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру мәселелері жан
жақты қарастырылған.
С.Т.Иманбаева Патриотизм – жеке тұлғаның табиғат-адам-қоғам жүйесінде
әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін тұлғаның құнды сапалық қасиеті.
Сондықтан да патриотизмді философиялық категориялар тұрғысынан қарастыратын
болсақ, онда патриотизм адамның табиғатпен үйлесе дамуының басты факторы,
адамдармен қарым-қатынасының құралы, қоғам дамуының дәйекті әсер ететін
себеп-салдар болып табылады. Осыған орай патриотизмнің мәні мен патриоттық
тәрбиенің мазмұны мәдениет – тарих – білім деп аталатын қоғам дамуының
макропарадигмалы логикасы арқылы дамиды, - деп патриотизмді табиғат,
адам, әлеуметтік орта тұрғысынан қарастырып, тұлғаны әлеуметтендіру
мәселесіне ден қояды [19].
Патриотизм өткеннің тәжірибесінсіз, сол тәжірибенің негізінде
қалыптасқан дәстүрсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Бұл, негізінен, өткен
тарихи тұлғалардың іс-әрекет мен қарым-қатынасының нәтижесі ретінде
қалыптасқан тәжірибеге тәуелді болады. Біз, қазақ халқы, өз тарихында жас
ұрпаққа үлгі боларлық алып тұлғаларға бай халықпыз.
Қазақ хандығы құрылған орта ғасырлардағы жаугершілік заман тарих
сахнасына Керей, әз Жәнібек, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Қарасай, Есет,
Райымбек сынды батыр ұлдарын лег-легімен туғызып жатты. Бұл дәуірде
батырлардың бірінен кейін бірінің келуіне себеп болған, әрине, ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұламаны тудырған қазақ тарихындағы қасіретті кезең –
жоңғар шапқыншылығы. Сан жылдарға созылған қиын-қыстау жаугершілік заманда
қазақ халқы қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен елдігін сақтап қалу үшін
күресе отырып, туған елге, кіндік қаны тамған қасиетті жерге деген
махаббатын ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Туған жер ұғымын бала
бойына ерте сіңіруге тырысып, оны Отан, ел-жұрт ұғымдарымен байланыстырып
отырған. Отан от басынан басталады, Отан оттан да ыстық, Елің үшін
отқа түс күймейсің деп тәрбиеленетін қазақ баласы үшін Отан - отбасынан,
ата-жұртынан, туып өскен топырағынан басталады.
Қазақ халқы қиын кезеңдерді, аласапыран замандарды басынан кешірсе де,
Ресейдің отаршылдық озбыр саясаты тарихта өзіндік орны бар көтерілістер мен
қозғалыстардың тууына себеп болды. Осы кезеңдер қазақ халқының бас
бостандығын көксеген Сырым, Исатай, Махамбет сынды біртуар перзенттерін
дүниеге әкелді.
Елін, жерін қорғап азаттығы үшін ішкі, сыртқы жаулармен де сұрапыл
айқасқа түсірген, елдік пен ерліктің түйіскен тұстарының бірі – ХІХ
ғасырдың алғашқы жартысындағы Ішкі Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі.
Орыс патшасы мен қазақ ханы тізе біріктіріп, екі жақтан қанау халыққа
ереуіл атқа ер салдырды. Көтеріліс басшылары, Исатай мен Махамбет халық
қамы үшін әділ жаннан түңіліп жорыққа аттанды.
Алаштағы жақсыдан
Батасын алып, дәм татып,
Түлкідейін түн қатып,
Бөрідейін жол тартып,
Жауырына мұз қатып,
Жалаулы найза қолға алып,
Жау тоқтатар күн қайда?!- деп жырлап өткен Махамбеттің
басты арманы – әділетсіз, озбыр хандардың басын кесіп, әділетсіздік
тамырына балта шауып, халқымыздың өз жері, өз елінде ие болып ен тоғайына
малын толтырып, тыныш өмір сүруіне өзінің қанымен де, жанымен де үлес қосу.
Ақынның қорлықта жүрген халқына бостандық әперуді арман етуі - нағыз
патриоттық [26].
ХІХ ғасыр Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық ғасыр болды.
Дүниежүзілік өркениеттің қуатты ықпалымен Ресей қосып алған шығыстағы
жерлерге терең мүдделілік танылды. Қазақстанға ғалымдар, географтар мен
саяхатшылар, шығыстанушылар келіп жатты; Қазақстан материалдары бойынша
тарихшылар жұмыс істеді. Қазақстан Орыс географиялық қоғамы бөлімшелерінің
зерттеу объектісіне айналды, мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен
статистикалық комитеттер жұмыс істеді; өлкетану мұражайлары ашылып,
ертедегі ескерткіштер, халықтың ауызша шығармашылығы және құқықтар, заңдар,
соның ішінде қазақтардың дағдылы құқығы зерделенді; орыс-қазақ мектептері
мен кітапханалар ашылды. Қазақтар өз балаларына білім беруге ұмтылды,
әрине, бұған бірінші кезекте халықтың ауқатты бөлігі ұмтылыс жасап,
балаларын кадет корпустары бар Омбы мен Орынборға жіберу үшін мүмкіндік
іздестірді.
Қазақ тарихындағы Ресей империясымен қосылу – ірі тарихи оқиғаларға толы
кезең. Бұл кезеңге академик М.Қ.Қозыбаев кеңірек тоқталады. Жауды шаптым
ту байлап атты еңбегінде қазақ халқының басынан өткен ұлт-азаттық
қозғалысын, Отан қорғау тарихын, халқымыздың ел басқарған көсемдерін, қол
бастаған батырларын, олардың ерліктерін жыр еткен шешен-жырауларын сөз ете
отырып, тәуелсіздік үшін болған ата-бабаларымыздың қанды жорықтары,
дабылды, дауылды азаттық күрес жолдары, ел бостандығы, бірлік жолы,
ұлтжандылық, ұлттық сананы негізгі арқау етіп алғанын жазады. Аталған
еңбектің Ұлт-азаттық қозғалысының белестері – атты бөлімінде,
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарын 7 кезеңге бөліп, оның себеп-
салдарын көрсеткен:
I кезең. Қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың Сібір жұртын жаулап
алуға қарсы азаттық қозғалысы.
II кезең. Қоқан-Хиуа хандықтарына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс. Бұл ұлт-
азаттық қозғалыс үш жүзді одан әрі қабыстырды, кіріктірді, біріктірді,
ұлттық дәрежеге көтерді.
III кезең. Ресейге қосылу кезеңі, бодандыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс.
IV кезең. Отарлау саясатына қарсы С.Датұлы, И.Тайманов,
М.Өтемісұлдарының басқаруымен болған шаруалар көтерілісі.
V кезең. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
VI кезең. ХІХ ғ. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
VII кезең. 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерісі [26].
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде қазақ топырағына алып Ресейден бастау
алған қақтығыстар мен толқулардың өз әсерлері тиіп отырды. Саны аз ұлттық
зиялылар осы жағдайларды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандық үшін,
халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшін, қос езгіден: патша
өкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық-рулық зорлық-
зомбылықтан құтылу үшін күрес бастады. Бүкіл дала саяси додаға тартылып
азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді [19]. қазақ ұлтының
зиялылары бастаған азаттық қозғалыстың басты мақсаты – отарлау саясаты кең
етек алып, бұғаудағы қазақ қоғамының мемлекеттік саяси дербестігін қалпына
келтіру арқылы ұлттық өркендеуге жол ашу болды.
Тәрбие – көркем мінез қалыптастырудың ғажайып мектебі. Сол мектептен нәр
алмағандар көп жақсылықтан құр қалары даусыз.
Сан ғасырдан бері қазақ халқының тәрбие жөніндегі өнегелі сөздері мен
істері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі патриоттық сезімнен
бастау алып жатыр. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын
жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістермен қолданып, өмір тәжірибесі
сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік,
мейірімділік, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат
көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына дарытты. Осылардың бәрі адамзат
тәрбиесінде патриотизмнің қандай рөл атқаратындығын көрсетеді.
Халықтың даналық ойлары ұлттық патриотизмнің шамшырағы болған. Ата-
бабамыз ұрпағының бойына мақал-мәтел, ертегі-өлең, жыр түрінде, ақын-
жыраулардың, шешендердің сөздері, толғау, өсиет өлеңдері арқылы патриоттық
сезімін сіңдіре білген. Ұлан-ғайыр сайын даласын ақ найзаның ұшымен, ай
балтаның күшімен қорғай білгендігінің өзі - осы патриотизм жемісі. Көне
түркі заманнан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай
деп суреттеледі: Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі
Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді [27]. Демек, патриоттық құндылық ана
сүтімен даритын ең киелі ұғым екенін түсінеміз.
Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан патриоттық тәлім-тәрбие
дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын
тәрбиелеуде оқу-тәрбие үдерісінде ұтымды қолдану – уақыт талабы. Оның
дәлелі, халықтық мәнге ие мол рухани мұра – түркі халықтарына ортақ көне
жазба ескерткіштеріндегі (Орхон-Енесей жазулары) тағылымдарда, орта ғасыр
ойшылдары (Аристотель, Әл-Фараби, Қорқыт ата, Махмұд Қашқари, Жүсіп
Баласағұн, Ахмет Ясауи) мен жыршы-жыраулардың (Асан Қайғы, Қазтуған,
Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, М.Өтемісұлы), қазақтың
ағартушы-гуманистерінің (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б.) және
КСРО-ның алғашқы жырларындағы қоғам қайраткерлерінің (А.Байтұрсынов,
С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б.) ой-пікірлерінде
көрініс табады [27,28].
VІ-ІХ ғасырларда қазақ жерін мекендеген ұлы түркілердің ардақтайтын
моральдық құндылықтарының ішінде патриоттық рух жетекші орын алады.
Халқымыздың ауыз әдебиеті мұралары арқылы бізге жеткен ұлттық ерлік
дәстүрлерінің ұрпақ тәрбиесінен алар орны ерекше. Халқымыздың жауынгерлік
және ерлік дәстүрлерінің мол тарихын ескере отырып ұлттық сананы
қалыптастыруда, қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие үдерісіне ұлттық ерлік
дәстүрінің негізгі элементтерін, оның ішінде адамгершілік тәрбиесінің
негізгі бағыттарының бірі патриоттық тәрбиенің мазмұнын жан-жақты
қарастырып, кеңінен енгізу қажеттілігі туындап отыр.
Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін
көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы да,
міне осында. Жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктер сонау
Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен басталады. Тарихи мұрамызда ұлттық
нақышымыз былай бейнеленеді: Егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз
бектеріңнен, өз Отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты
өмір сүресің, өзіңнің отбасыңда ешнәрседен мұқтаждық көрмейсің... ер жүрек
халық – күшті халық... бізге жеңіс әперген жер-суымыз – Отанымыз деп білу
керек. Демек, ескерткіштен патриотизмнің халықты көбейтіп, байыту үшін
еңбек ету, ата-баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл
білгірлігін қорғау екендігін байқаймыз. Жоңғар сияқты алып империямен
алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне қылышпен қарсы шабуылға жетелеген
де осы патриотизмнің қуатты күші.
Тоныкөк жырындағы Тоныкөктің өмірі мен қызметі, түркі
халқының патриоттық тарихы және өсіп келе жатқан ұрпақты ерлік дәстүрінде
тәрбиелеу турасында айтылады. Жырда қағанның кеңесшісі Тоныкөк үшін халық
пен Отан даңқы бәрінен жоғары екендігі көрінеді:
Бүкіл түркі халқына
Қарулы жау келтірмедім,
Атты әскер жолатпадым.
... Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз қайта халық болды, - деген жолдардан маңызы зор патриоттық
тағылымды ой-пікірлерді айқын байқаймыз [21].
Бумын қағанның баласы Мегенің жат жұртқа бір уыс топырақты беруге
болмайтыны туралы түркілерге өсиет ретінде қалдырған: Топырақ - халықтың
негізі, оны беруге болмайды! - деген даналық сөзі басқаларға жерді
таптатпау, туған елден айрылмау түркілердің өте киелі дәстүрі болғанының
куәсі деп білеміз [27].
Егеменді еліміздің болашақ отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеуде олардың өн
бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілдік, әдептілік, елін, жерін,
Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы
ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін негізге ұстануды қажет етеді.
Ықылым заманнан бізге жеткен Қорқыт ата кітабы - түркі тілдес
халықтардың барлығының ортақ игілігі. Аталған еңбекте тәлімдік мәні зор
қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Мысалы: Анадан
өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел
басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды. ...Ата даңқын шығарып, өзінің
тегін қуған балаға ешкім жетпейді [27].
Халыққа білім беруді армандаған, адамзат бойында ағарту мен дамуды
біріктіргісі келген ұлы баба Әбу Насыр Әл-Фараби ұстанған мұраттың бір
парасы мынадай: Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге
негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз... тәрбиелеу
кезінде халықтар мен қалалықтарға білімге негізделген қасиеттерден туатын
іс-әрекет жасау дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке
жігерлендеріледі, осы әрекетті жасау тілегі қоздырылады, сөйтіп, осы
қасиеттер және бұлармен байланысты әрекеттер [адамдардың] жан дүниесін
баурап алатындай және [адамдарды] осыған жан-тәнімен құштар ететіндей болуы
көзделеді [29]. Сонымен қатар, Отанына деген сүйіспеншіліктің, сағыныштың
ерен үлгісін Әл-Фарабидің мына бір өлеңінен байқаймыз:
Кеткенім жоқ, елім сенен, атақ, бақыт, тақ іздеп,
Шықтым жұртым шалғай жерден ғылым атты шам іздеп.
Ақтадым мен ақ сүтіңді келгенінше шамамның,
Ассам-дағы сексен жастан сәбиіңмін, балаңмын [29].
Жүсіп Баласағұнидің патриоттық тәрбиеге арналған тағылымдық еңбегі
көркем жазылған. Оның Құтадғу білік (Құтты білік) атты дастанының
тәрбиелік маңызы зор. Мұнда жастарды ерлік, кісілік, сөз өнері секілді
жақсы қасиеттерге тәрбиелеу туралы баяндалады. Мысалы: Ер ажары -
сабырыңды сақтай біл, - деп ерліктің қадір-қасиетін бағалау туралы
тұжырымды ой-пікірлер айтады [29].
Махмұд Қашқаридің Диуани лүғат ат-түрк (Түркі сөздерінің жинағы)
кітабында түркі халықтарының ерлігі, тұрмыс-тіршілігі және қаһармандық
істері жайында баяндалады. Мұнда патриоттизм жайында: Мен түркілердің
зерек қабілет иелерінің бірі, әрі ұрыстарға шебер найзагерімін, бүкіл
шаһарларды қорғаған болатынмын, - деп айтылады [29].
Сондай-ақ түркі тілдес халықтардың ойшыл қайраткері Қожа Ахмет Ясауидің
Диуани хикмет (Даналық кітабы) атты еңбегі адамгершілік, Алла Тағалаға
құлшылық ету, дінге берік болу, елін қорғау туралы патриоттық тәлім-тәрбие
бағытындағы ой-пікірлерге негізделген. Әдетте жеке тұлғаның бойынан табылуы
тиіс патриоттық қасиеттердің негізі сабырлылық, төзімділік, шыдамдылық
қасиеттерден тұрады деп түсінік беріледі. Бұл қазақ батырының тұлғасындағы
асыл қасиеттермен байланысты [29].
Түркі халқы — батыр халық, түрік халқы арыстан ер халық деп бабамыз
Мұстафа Шоқай айтқандай, Күлтегін, Тоныкөк батырлардан бастау алған Керей
хан, Жәнібек хан, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Салқам
Жәңгір хан, Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Жәңгір хан, Кенесары хан
сынды баһадүрлеріміздің ерлік істері бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне негізгі
тәлімдік құрал болып табылады.
Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ХVІ-ХVIII ғасырдағы күресі Отан соғысы
болып табылады. Ш.Уәлиханов: Абылай ғасыры - ерліктің ғасыры,- деп
атап көрсеткендей, тарих майданында талай батыр сынға түсіп, қайталанбас
ерекше сипатымен халықтың жадында мәңгі сақталды. Халықтық ерлік
мұралар - халықтық педагогиканың ең биік тұғыры. Қазақтың жауынгерлік
дәстүрін қазақ халқының көшпелі тіршілігіне, коғамдық құрылым
ерекшелігіне байланысты қарастыратын болсақ жауынгерлік дәстүр - қазақ
қолының тұтас жауынгерлік сипаттағы әзірлігін үзбей ұстауы. Бұл жерде
қазақ халқы ұлт болып қалыптасу дәуірінен бастап, күні кешеге
дейін жаугершілік жағдайда өмір сүріп өз елін, жерін, тәуелсіздігін үнемі
қорғап, отыруға тура келді. Сол себепті қоғамның қолына қару ұстауға
жарайтын азаматы кез-келген уақытта қазақ әскерінің жауынгері
болып табылатын. Қоғамдық болмыс өзінің қайталанбас тұлғаларын
тудырып отырды. ХVІІІ ғасырда елдің бірлігін, жердің тұтастығын
сақтап қалған Абылай хан, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Наурызбай
батыр, Қанкелді батыр, Қойгелді батыр, Көкжал Барақ, Байғозы батыр, Баян
батыр, Қасабай батыр, Ер Жәнібек т.б. ерліктері ұлттық ерлік мұрамыздың
алтын арқауы болып табылады. Ұлы тұлғалардың қаһармандық жолдары
бүгінгі жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге баулудың темір қазығы іспеттес.
Бұл жөнінде зерттеуші С.Иманбаева [19] өзінің еңбегінде: Жауынгерлік
замандағы жыр-жоқтаулар, аңыз-әңгімелер үлкен тәрбиелік мәні бар
білім мен өнегенің нағыз қайнар көзі. Ауыз әдебиетіндегі ақын-жыраулар
шығармасының тәлім-тәрбиелік мәні болуымен қатар, сол кездегі өмір сүрген
ірі тұлғалардың өзіндік орындарын айқын байқауға болатындығын көрсетеді.
Патриоттық тәрбие мәселесі ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыршы-жыраулардың да
толғауларында көрініс тапқан. Асан Қайғы (шын аты Хасан Сәбитұлы) 1361-1370
жылдары Еділ бойында өмір сүрген. Деректерде оның туған, қайтыс болған
жылдары белгісіз. Асан Қайғының патриоттық маңызы зор идеяларына тоқталар
болсақ, ол өзінің өлең-толғауларында хандық билікті нығайту, елдің қорғаныс
қабілетін арттыру қажеттігін насихаттайды. Оның қиялынан туған Жерұйықты
іздеуі аңыз болса да, жер-суларға берген сипаттамалары шындыққа жанасады.
Мысалы, Шідерті өзенін көргенде: Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты
ай арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер екен, бос жылқы шідерлеп
қойғандай тоқтайтын жылқының жері екен, - деп сипаттама береді. Оның
патриоттық идеяға негізделген аңыздарының бәрі де халық арасында кеңінен
мәлім [30].
Ел аузындағы аңыздарда Асан Қайғы халқы мұңсыз ғұмыр кешетін қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған жерұйықты іздеп таппақ болады. Сол сапарда оның
қазақ жерінің әр өңіріне айтқан сын пікірлерінен оның туған өлкесіне деген
құрметі, еліне деген жанашырлығы айқын аңғарылады. Оның Жәнібек ханға
айтқан толғауларында ішкі және сыртқы жауларға сақ болу, доспын деп келген
дұшпанға алданып қалмау, елдің іргесін бекіту мәселесі көтеріледі:
Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып, қызып терлейсің,
Өзіңнен басқа хан жоқтай
Емуреп неге сөйлейсің?! [28]
Жоғарыдағы жолдардан Асан Қайғының Отан мен халық мүддесі жолында
ханның қаһарынан да қаймықпайтын патриоттығы айқын аңғарылады. Бұл - жай
ғана уағыз емес, әсері күшті көрнекі үгіт. Ал оның:
...Арасынан қытай, орыстың,
Қорған сап тыныш жатарсың,
Өзің - Жәнібек, елден асқан батырсың!
Тіл алсаң іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшір,
Мұны неге білмейсің!?
Бұл арадан көшпесең,
Айтқаныма түспесең,
Кәуір алар қалаңды,
Шулатар қатын-балаңды!! [28] -, деген шумақтары өз дәуіріндегі қоғамдық-
саяси қарым-қатынастарға терең бойлай алған зерделігін, болашақты дұрыс
болжайтын, замана желін аңғарғыш кемеңгерлігін көрсетеді.
Патриотизм, ерлікті дәріптеу, Қазақ хандығы дәуіріндегі рухани
құндылықтарды жасаушылардың бірі Қазтуған Сүйінішұлының (ХҮ ғасыр)
шығармаларында көп ұшырасады. Қазтуғанның:
...Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас.
Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!.. [28] деген шумақтары, біріншіден, туған
жерге деген перзенттік парызды көрсетудің, дәріптеудің үздік нұсқасы болса,
екіншіден, оны қасық қаны қалғанша қорғауға жігерлендірудің, Отанға
сүйіспеншілік сезімді оятудың әліппесі.
1523 жылдың ерте көктемінде Астрахан түбіндегі соғыста отызға толмай
шаһид кеткен батыр жырау Доспамбеттің мұрасында туған ел-жұртқа құрмет,
оның абыройы жолында ажалға бас тігу өзекті орын алады. Ерлікті дәріптеуді,
жастарды Отан қорғау жолындағы күреске шақыру мақсат тұтқан жалынды жырлары
сол замандағы патриотизмнің эталоны десек те болады. Мысалы:
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен,
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен,
Тобыршығы биік жай салып
Дұспан аттым, өкінбен,
Тоғынды сарты нар жегіп,
Көш түзедім, өкінбен,
Ту құйрығы бір тұтам
Тұлпар міндім, өкінбен,
Туған айдай нұрланып
Дулыға кидім, өкінбен...
Бүгін, соңды өкінбен,
Өкінбестей болғанмын,
Ер Мамайдың алдында
Шаһид кештім, өкінбен!.. [28]- деген жолдар жоғарыдағы пікіріміздің
дәлелі.
Тарихта өзінің ұмытылмас белгісін қалдырған жауынгер жырау
Шалкиіздің ерлік жайындағы идеяларының барлығы да өз өмірімен
байланысты шыққан. Оның жырларындағы:
Қатты бір тартып бек атсаң,
Қайрылып барып тез сынар
Қайың оқтың жарқасы, - деген жолдар жыраудың әскербасы, батыр екендігін
дәлелдей түседі. Ақын өз жырларында басты мақсат ретінде ауызбіршілікті ел,
ынтымақты отбасы, батырлық туралы маңызды мәселелерге тоқталады [28].
Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675-1768) жастайынан Бердіке батырдың қолында
тәрбиеленеді. Ақын он жеті жасынан қалмақтарға қарсы соғыста ерлігімен
батыр атанады, қаһармандығымен, ақыл-айласымен, әділдігімен көпке танылады.
Ол қазақ елінің бірлігі мен ынтымақты болуы жолында көп қызмет етеді.
Ақынның:
Жауға шаптым ту байлап,
Дұшпаннан көрген қорлықтан.
Жалынды жүрек қан қайнап,
Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бел байлап, - деген жыр жолдарынан оның шынайы батыр
екенін аңғарамыз [28].
Қазақ жырауларының арасында аты шыққан Бұқар арқалы жырау, әділ би
болған. Өзінің отансүйгіштік туралы ой-пікірлерінде Абылай хан саясатын
қолдап, қазақ елінің берік болуын жырлайды. Өз толғауларында ерлікті,
батырлықты, адамгершілікті жоғары бағалайды. Сондай-ақ ел арасында ірі
феодалдардың іріткі салуына, барымта-қарымта мәселелеріне қарсы шығып,
елдің тыныштығын қолдаған жырау болды. Оның жырларындағы:
Ер жігітке жарасар,
Қолындағы найзасы.
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы, - деген тағылымды жолдары ерлік пен елдіктің
негізін отаншылдық дәстүрмен байланысты түсіндіреді [28].
Ел үшін егесіп, халық қамын ойлаған ерлердің бірі дауылпаз ақын Махамбет
Өтемісұлы 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы басқарған шаруалар
көтерілісінің ең сенімді қолбасшысы, халқының патриоты ретінде танылған. Ол
көтерілісті көзімен көріп, соғыс, ерлік туралы тарихи шындықтың шынайы
шежіресін жасаған. Батырдың бойындағы патриоттық рухты өткір жырларымен
бейнелеген. Мысалы оның:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Aт үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгіні теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме? [28]- деген жолдары патриоттық маңызға ие
поэзиясымен өшпес мұра қалдырған біртуар күрескер ақын екенін көрсетеді.
Ерлік жасауға үлгі болған ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы
күресін, батырлардың қуат-күшін, майдан даласындағы шайқастарын, олардың
соғыс өнеріне жетік екенін көрсетеді. Қазақ халқының патриотизмін жоңғар
қонтайшысына Қазыбек би былай деп сипаттаған: Біз – қазақ деген мал баққан
елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын
деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір
дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Атадан ұл туса,
құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды! Ұл мен
қызды қаматып отыра алмайтын елміз. ...Танымайтын жат жерге танысқалы
келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен – қабылан болсаң,
мен – арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар – жарысқалы
келгенбіз, тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп
бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт! [30].
Шоқан (Мұхаммед-Қанапия) Уәлиханов (1835-1865) Құсмұрын бекінісінде
Шыңғыс сұлтанның отбасында дүниеге келген. Шоқан жас кезінен зеректік
танытып, әскери біліммен қоса этнографиямен айналысып, Орта Азия
халықтарының салт-дәстүрлерін зерттеді. Оның Қазақ шежіресі, Сот
реформасы жайында хат, Іле өлкесінің географиялық очеркі, т.б. ғылыми
еңбектері отаншылдық тұрғыда жазылған. Ол өз шығармаларында: Қазақ халқына
білім, ғылым үйретіп, өз алдына ел болса, ұлы халық болары хақ, -деп,
халқымыздың патриоттық қасиетіне баға береді [29].
Қазақтың гуманист, ағартушы педагогы Ы.Алтынсарин қазақ балаларына оқу-
білім бере отырып, патриоттық қасиеттерді дарытып, тек қана заман ағымына
сай білімді патриот азаматтарды тәрбиелеудің маңызына көп көңіл бөледі.
Мысалы:
Оқу-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды,
Айшылық алыс жерлерден
Көзді ашып жұмғанша
Жылдам хабар алғызды, - деп, өркениетті ел қатарына жетудің оқу-білім,
патриоттық тәрбие арқылы жүзеге асатынын айтқан болатын [29].
Ал, Абай Құнанбаев шығармаларының дені тәрбие, дін, саясат, қоғам,
әлеумет, өмір философиясы секілді келелі мәселелерді қамтиды. Оның
педагогикалық мұраларының мәні жеке тұлғаның өз еліне, жеріне, бауырларына,
ұлтына адал еңбек етуге тәрбиелеумен сипатталады. Сондықтан ақын
шығармаларының негізгі бағыты ұлт болмысын айқындауға құрылған. Әлі күнге
дейін біз оны қазақ халқының патриот ақыны деп айтылуына жеткілікті көңіл
аудармаймыз. Бұл тұрғыда зерттеуші ғалым М.Мырзахметов: Абайдың халық
арасындағы орасан зор ықпалы бар әдеби мұрасын езілген халықтың ой-санасын,
азаматтық сезімін ұштап жетілдіру бағытында, қазақ елін топқа, тапқа
жіктемей ағартушылар ұстанған таным тұрғысынан танытуға ұмтылады. Абай -
бүкіл қазақ атаулының ұлтжанды қамқоршысы, - деп келтіреді [31].
Шын мәнінде, қазақ елі Абай өмір сүрген дәуірде қиын-қыстау кезеңді
басынан өткізген болатын. Бұл кезеңде қазақ халқының іргесі сөгіліп, елді
әркім билеп, Ресей империясының озбыр саясаты және жергілікті болыс-
билердің солақай іс-әрекеті елдің тыныштығын бұзған аумалы-төкпелі заман
болатын. Ақынның өзі бұл кезеңді:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, - деп сипаттайды.
Мұның мазмұны ел бірлігін, оқу-білімді, патриоттық тәлім-тәрбиені,
ағартушылықты насихаттаумен түсіндіріледі. Сонымен бірге: Кетті бірлік,
сөнді ерлік, - деп, өз заманындағы ерлік пен батырлықтың қадір-қасиеті
кетіп, халық арасында надандықтың орын алып, отаншылдық рухтың беделінің
төмен түскеніне налып, толғана ой айтады [31].
Мәселенің шешімін өркениеттілікке, ізгілікке ұмтылудан қарастырғанымыз
жөн. Сол жағдайда ғана патриоттық тәрбие жаңа сапаға көтеріліп, уақыт
талаптарына жауап бере алады, жаңа идеологияны қалыптастырушы нысандардың
алдыңғы қатарында болады.
Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, өркендеп гүлденуі
ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары – ана
тілі, ұлттық рух, діни наным-сенімдермен тығыз байланысты. Ұлттық
қасиеттерді сақтап қалудың кепілі - әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен Атамекен
деген киелі атқа ие туған жер. Қай заманда, қай дәуірді алып қарасақта,
біртұтас халықтың, ұлттық ерлігі не жеке қаһармандардың батырлық істеріне
осылар қозғаушы күш болып отырған.
Жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесі дүниежүзі халықтарының
барлығына да ортақ. Жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол
үшін патриоттық іс-әрекет ұйымдастыру, бұл шараны іске асыру үшін оқу-
тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беру қажеттілігі туындап отыр. Олай
болса, жастарға патриоттық тәрбие беруде - өткені мен бүгінгі күнді және
болашағын байланыстыру қажет.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде Ресейдің классик-педагогы
К.Д.Ушинский: Барлық халық өзінің әдебиетінде, өлеңінен бастап, мақал-
мәтелдеріне дейін, ертегіден драма мен романға дейін адамның қандай болуы
керек деген жеке түсінігінің сенімінде көрініс береді. Ол өзінің бар жақсы
рухани қасиеттерімен әсемдеп, әдемілеп мұраттық деңгейде сипаттайды,-
деген [7].
К.Д.Ушинский әр халықтың тілін қорғап, оның өз ана тілінде сөйлеуге
толық құқығының бар екендігіне, ана-тілінің құдіретті күш сенімділігіне,
өзіне дейінгі қоғамдық ой-тұжырымдарды саралай отырып, мынадай баға берген:
Өмірден адам өткенімен, ол жасаған сөз халық тәрбиесінің мәңгілік
сарқылмас қазынасы болып қалады; өйткені, әрбір сөзі, іс-әрекетінің
нәтижесі, сол арқылы сөзде ... халықтың тарихы бейнеленген [7].
К.Д.Ушинскийдің бұл сөзі қазақ халқына да тікелей байланысты. Қазақ
халқының да бала тәрбиесінде өзінің қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Олар
да балаға талап қоя білген.
Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский балаларды тәрбиелеудегі маңыздысы -
Отанға сүйіспеншілікті, еңбекқорлықты, жауапкершілікті қалыптастыру дей
келе, былай тұжырымдайды: Намыссыз адам болмайтыны сияқты, өз Отанына
сүйіспеншіліксіз де адам болмайды, тәрбиедегі осы сүйіспеншілік адамның
жүрегіне тура жол көрсетеді, сонымен қатар табиғи, жанұя, өзінің жеке, туа
біткен жаман әдеттерге бейімділігіне қарсы талпыныста үлкен тірек болады
[7].
Кеңестік мектептердегі тәрбиенің мақсатын А.С.Макаренко қарастыра келе
әрбір жасөспірім батыл, ержүрек, адал, еңбексүйгіш патриот болу керек деген
пікірде болған [8]. Сонымен қатар патриотизм ол тек қана ерлік істерден
ғана көрінбейді, нағыз патриоттан ұзақ, азап, ауыр істер, тіпті қызық емес
жұмыстар арқылы байқалуы керек [8], ал адамды ерлік көрсетуге, мейлі,
неде болсын – ұстамдылыққа, ашық, тік сөз айта алуда, кейбір
мұқтаждықтарда, шыдамдылықта, батылдықта ерлік көрсетуге мүмкіндік беретін
жағдайға қоймайынша ержүрек етіп тәрбиелеу мүмкін емес – деп жазды [8].
А.С.Макаренконың пайымдауынша, мектеп Отанына шын берілген патриотты,
білімді адамдарды, білікті мамандарды, міндет пен парызды терең сезіне
білетін, өзінің адамгершілігін сезінетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар,
тәртіпті, ақжарқын, өмірсүйгіш адамды тәрбиелеуі тиіс. Бұл мәселе орайында
әсіресе В.А.Сухомлинскийдің еңбегін ерекше атап көрсетуге болады.
В.А.Сухомлинский патриоттық сезімдер мен моральдық ерік-күш қасиеттері
толғаныстар арқылы тәрбиеленеді деп санады. Ол: Отан идеясын ұғына жүріп,
сүйіспеншілік, ризашылық, шаттық, қауіп, оның бүгіні мен ертеңі үшін
қамқорлық сезімін, оның жауларымен ымырасыздық және Отан үшін өмірін беруге
даярлық сезімін бастан өткере отырып... адам жасөспірім шағында-ақ өзін
таниды, өз жетістіктерін нығайтады – деген [9]. Оның пікірінше, мектеп
жасөспірімдерді Отанына шексіз беріліп қызмет етуге ұмтылдыруға, қоғамға
белсенді еңбек етуге тәрбиелеуі қажет. В.А.Сухомлинский: Советтік
патриотизм күрделі ұғым. Ол социалистік қоғамда үстемдік етуші, саяси
идеялардың мызғымас бірлігі, коммунистік адамгершілік сенімділік, совет
адамдарына тән жаңа сезімдер, олардың батырлық ерліктері мен батырлық
істері болып саналады. Советтік патриотизм адам тұлғасының барлық жақтарын
– оның санасын, сезімдерін, ерік-жігерін қамтиды [9] – дей келе, бұл
ұғымды совет халқының өзінің социалистік Отанына шексіз сүйіспеншілігі
деп анықтайды. Ол мектептегі тәрбиенің басты міндеттерінің бірі
жасөспірімдерді қоғамдағы күнделікті қарапайым еңбекке даярлау. Осы
мақсатта ұйымдастырылған іс-әрекет өскелең ұрпақты тұлға ретінде
қалыптастырудағы қозғаушы күш болып табылады деп тұжырымдайды [11].
Орыс революционер демократтары да бұл мәселе жөнінен көптеген құнды
идеялар көтерді. Мысалы, В.Г.Белинский: Жалқыдан жалпы басталатыны сияқты,
олардан таным қабылдауы да патриоттық ұтшылдықтан азат- дейді. Өз Отаныңды
сүю деген - сол Отаныңда бүкіл адамзаттық мұраттардың жүзеге асуын қызу
қолдау және шамаң келгенше соған көмек көрсету [18, 53].
Халықтар ұлы адамзат әулетінің бір мүшесі екендігін мойындап, ұлттық
рухани қазыналарын бір-бірімен тең бөлісе бастады. Бір халықтың қандай да
бір табысын екінші бір халық тез игеріп алуда [18, 53], - десе,
Чернышевский оның осы ойын жалғастыра: отан деген, ең алдымен, халық.
Белгілі бір жерде тарихи қалыптасқан халық, сол жерге тер төгіп, өз
еңбегімен түрлендіретін халық, сол жердің бостандығы мен тәуелсіздігін қан
төгіп нығайтатын халық, тек сол халық қана жерді әлеуметтік мағынада
толтырып, Отан деп аталатын ұғымға айналдырады – дегенді айтады [18, 48].
Ал Добролюбов: Жанды, жігерлі патриотизмнің ерекшелігі сонда, ол кез-
келген халықаралық жауласуды жоққа шығарады және осындай патриотизмнен
сусындаған адам, егер пайдалы бола алса, бүкіл адамзат үшін еңбек етуге
даяр. Қызметің өз елі шекарасымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Мектепалды даярлық тобында өткізілетін оқиғалы рөлді ойындар
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру
Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі жағдайы
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасау
Мектепалды даярлық топта оқиғалы - рөлді ойындарды ұйымдастыру мен өткізу
Пәндер