Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

  1. Тарау. МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Патриоттық тәрбие және оның даму тарихы . . .

1. 2 Мектепке даярлық топ балаларын халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеудің мүмкіндіктері . . .

  1. Тарау. БАЛАБАҚШАДА МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Балабақша балаларын тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәриелеу жолдары . . .

2. 2 Халық ауыз әдебиеті арқылы мектепке даярлық топ балаларына ұлтжандылық тәрбие берудің әдістері . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер . . .

Сілтемелер . . .

3

6

12

18

26

31

33

34


КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиетті де қасіретті күресте еңбегі ерен азаматтарымыздың артына қалдырған мол мұрасы мен тарихын зерттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр. «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз», - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев айтқандай, біздің алдымызда «бабаларының игі дәстүрін сақтайтын», «күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары» болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр [1] . Мұның тиімді шешімі мемлекеттік деңгейдегі ресми құжаттарда қарастырылды: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007 ж. ) [2], Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы [3], Білім беру мекемелерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасы [4], Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы [5], «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы [6] т. б.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басым міндеттері ретінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу, отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу атап көрсетілген [1 12б. ] .

Қазiргi қоғамдық-әлеуметтiк жағдайда жеке тұлғаның бойындағы Қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру басты міндет болып саналады. Патриоттық тәрбиенiң күре тамыры Күлтегiн, Тоныкөк, ХҮI-ХҮIII ғасырда елi мен жерi үшiн жан аямай күрескен Жалаңтөс, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т. б. батырлар ісінен бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақ бойындағы ерлiк сезiмiн оятып, туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн қалыптастыруда негізгі орын алады. Ерлік сын сағатта танылады. Елін, жерін, шет ел шапқыншыларынан қорғауда, ерен ерлігі аңызға айналған, өлең-жыр, толғау-дастандарға арқау болған Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайын, Ер Қосай, Едіге, Қамбар, Абылай, Ағыбай, Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Баян, Наурызбай, Райымбек, Малайсары, Сұраншы, Саурық, Барақ, Сырым, Исатай сияқты батырлардың тәрбиешісі де - қазақ халқы. Жиырмасыншы ғасырдың Кеңес заманындағы әр түрлі соғыстардың батырлары А. Иманов, М. Ғабдуллин, Т. Тоқтаров, Ә. Молдағұлова, М. Маметова, Р. Қошқарбаев, Т. Бигелдинов, Қ. Қайсенов және тағы басқалардың ерен ерлік іс-қимылдары да өлең-жыр, дастанға айналып, оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бірден-бір құралы болды. Осының бәрі халқымыздың атадан балаға ғасырлар бойы мұра болып жалғасып келе жатқан ерлік рухымен байланысты туындаған тәрбиенің дәстүрлі үлгі-өнегелік жемісі.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде Ресейдің классик-педагогтары К. Д. Ушинский [7], А. С. Макаренко [8], В. А. Сухомлинский [9] т. б. үлкен үлес қосты. Олар өз еңбектерінде патриоттық тәрбиенің маңызды идеяларын қарастырып, бағыттарын көрсетті.

Патриоттық тәрбиенің міндеттері, мазмұны мен әдістері И. Ф. Харламов [10], Б. Т. Лихачев [11], Ю. Бабанский [12], В. А. Сластенин [13], Н. Д. Хмель [14] және т. б. оқу құралында, лекция курстарында көрініс алған.

Қазақстан халқының патриоттық көзқарасын қалыптастыруда терең ғылыми зерттеулер жүргізіліп, жаңа бағыттар іздестірудің үлкен маңызы болды. Осы тұрғыдан алғанда Отандық ғалымдардың еңбектерінің орны ерекше. Педагогика саласында зерттеулер жүргізген отандық ғалымдар С. Қалиев, [15], К. Құнантаева [16], С. Ұзақбаева [17], Е. Ө. Жұматаева [18], С. Т. Иманбаевалардың [19], Ж. Қасымбеков [20], А. Қарпықбаевалар [21] еңбектерінде ұлтжандылыққа тәрбиелеудің тәлімдік маңызы туралы мәселелер қамтылған. Зерттеуші-ғалымдар балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу жұмыстарының мазмұнына, міндеттеріне, оны шешудегі әдіс-тәсілдеріне қатысты ұсыныстар береді.

Жаңа қоғам иегерлері - болашақ ұрпақты тәрбиелеу, білім беру үрдісінде оларды қан жақындығы емес, жан жақындығына баулу, бүгінгі өмір талабынан туындайды. Тамырын тереңнен алатын ұрпақ тәрбиесі - баланың қоғамдық өмірге, айналадағы дүниеге танымдық, ұлтжандылық, отанмсүйгіштік көзқарастарын қалыптастарып, өнер-білімге құштарлыққа баулу үшін, халық қазынасы - фольклорлық шығармалармен сабақтас жүргізілуге тиіс. Қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы бейнеленіп, бүгінге жеткен ұлттық байлығымыз баланың көкірек көзін оятып, сөз өнеріне, ана тіліне сүйіспеншілікке баулып, өмірдегі, өнердегі жағымды іс-әрекетті, сұлулықты ажырата білу дағдыларын қалыптастыру құралы болып табылады. Асылы, жас ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесін әсемдік әлемі - халық ауыз әдебиеті, халық мұрасы арқылы қалыптастырудың маңызы өте зор.

Жоғарыда көрсетілгендей, көркем әдебиеттің баланың дамуындағы құдіреті туралы еңбектер бола тұра, баланы мектепке дайындаудағы халық ауыз әдебиетін пайдалануды ғылыми негізде жүйелеген зерттеулер жоқ. Осының нәтижесінде баланы мектепке дайындауда халық ауыз әдебиетін пайдаланудың қажеттілігі мен оны ғылыми тұрғыда негіздеудің арасындағы қарама-қайшылық туып отыр. Осы қайшылықтардың шешімі ғылыми-зерттеу жұмысының көкейтестілігін көрсетеді. Сондықтан да халық ауыз әдебиетін мектепке дейінгі мекемеде ұлтжандылық тәрбиесінің құралы ретінде пайдалана отырып, оның мазмұнын, мүмкіндіктерін қарастыру, оқу-тәрбие үрдісіндегі тиімді әдістері мен жолдарын іздестіру мақсатында біз диплом жұмысымыздың тақырыбын «Мектепке даярлық топ балаларын халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу» деп таңдауды ұйғардық.

Зерттеудің мақсаты: Мектепке даярлық топ балаларын халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздерін және әдістемелік жолдарын қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Балаларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздерін айқындау;
  2. Халық ауыз әдебиеті арқылы мектепке даярлық топ балаларын ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін негіздеу;
  3. Халық ауыз әдебиеті арқылы мектепке даярлық топ балаларын ұлтжандылыққа тәрбиелеудің әдістемесін жасау және оны тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеріп, іс-тәжірибеге ендіру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні.

  1. Балаларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері айқындалды;
  2. Халық ауыз әдебиеті арқылы мектепке даярлық топ балаларын ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі мүмкіндіктері негізделді;
  3. Халық ауыз әдебиеті арқылы мектепке даярлық топ балаларын ұлтжандылыққа тәрбиелеудің әдістемесі жасалды және оны тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеріп, іс-тәжірибеге ендірілді.

Зерттеу нысанасы: Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: Қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы мектепке даярлық топ балаларын ұлтжандылыққа тәрбиелеу үдерісі.

Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау. Балабақшадағы озық тәжірибелерді жинақтау, талдау, саралау, оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану, әңгімелесу, тәжірибелік іс-әрекеттер нәтижесіне сүйене отырып, баға беру әдістері қолданылды.

Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Үкіметтің қаулы-қарарлары, балабақшада тәрбиелеу мен білім беру тұжырымдамалары (1999, 27. 11) . Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары және басқа да құжаттар мен ресми материалдар, философтардың, ойшылдардың, психологтар мен педагогтар еңбектері, зерттеу тақырыбына сәйкес оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-педагогикалық басылымдар, журналдар материалдары, озат педагог-тәрбиешілердің озық тәжірибелері басшылыққа алынды.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1-Тарау. МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Патриоттық тәрбие және оның даму тарихы

Қазақ халқы - дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан ұлы халық. Оның ұлылығы талай тарихи оқиғаларды бүгіп жатқан сан қатпарлы тарихынан көрінеді. Қайталанбас әрбір тарихи кезең өз қаһармандарын туғызады. Бұған дәлел - аты ел аузында аңызға айналған тарихи тұлғалар. Әрине, есімін тасқа жазып, ерлігін ұрпақтың жадында сақтап қалған бергісі қазақтың, арғысы түркі халықтарының тарихындағы қайталанбас тұлғалардың есімі өзі өмір сүрген кезеңмен, сол кездің өмір шындығымен тығыз байланысты. Айталық, шекарасы батыста Византиямен, оңтүстікте Персиямен, Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен тұйықталған Түрік қағанаты ұлы дала мәдениетін бүкіл әлемге паш ете отырып, Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған сынды өз батырларын тарих сахнасына шығарса, қобызының құдіретті үнімен өлімге араша іздеген Қорқыт сынды данагөй бабаларымыз желмаясына мініп Жерұйықты іздеген, елінің бақытты тұрмысын көксеген Асан қайғы образы арқылы тауып жатты.

Қазіргі қоғам алдында тұрған негізгі міндет - өмірдің қай саласы болмасын әлемдік кеңістікке ену. Ал, әлемдік кеңестікке енуде әр қоғамдық құрылым өздігінен енуі керек. Бұл құрылымдықтың өзіндігі оның теориялық негізгі ұлттық сана, салт-дәстүр, мәселелерімен тығыз байланысты болады. Қалыптасқан ұлттық сана, салт-дәстүр біздің қазақ халқында тәрбиенің пәрменді құралы болып табылады, сондай-ақ, қоғамдық өмірде айрықша орын алады. Әсіресе, қазіргі таңда патриоттық тәрбие беру мәселесінің барынша нақты қойылып отыруының өзіндік үлкен мәні бар. Еліміздегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік саяси өзгерістер барысында, қоғамдық өміріміздің барлық салаларына патриоттық тәрбие берудің қажеттілігі айқын сезіле түсуде және бұл қажеттіліктің онан әрі өсе түсетіндігін өмірдің өзі көрсетіп отыр . Бұл - мемлекетіміздің Ата заңы, Республикамыздың егемендігі және қазақ жерін мекендеген ұлттар мен ұлыстар, түрлі халық өкілдерінің бірлігін сақтау - патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізі болмақ.

Тәрбиенің кең салаларының бірі - патриоттық тәрбие екенін еліміздің тұңғыш президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының өзекті мәселелердің қатарына қоюы тегін емес және Қазақстандық патриотизмнің теориялық негізін тереңдете түсті. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2030 - стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» [1 ] деп аталатын бөлімінде - еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын яғни мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі, жастарымызды патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді - деген құнды пікірлер айтылған .

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу; білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру мәселелері жан жақты қарастырылған.

С. Т. Иманбаева «Патриотизм - жеке тұлғаның «табиғат-адам-қоғам» жүйесінде әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін тұлғаның құнды сапалық қасиеті. Сондықтан да патриотизмді философиялық категориялар тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда патриотизм адамның табиғатпен үйлесе дамуының басты факторы, адамдармен қарым-қатынасының құралы, қоғам дамуының дәйекті әсер ететін себеп-салдар болып табылады. Осыған орай патриотизмнің мәні мен патриоттық тәрбиенің мазмұны «мәдениет - тарих - білім» деп аталатын қоғам дамуының макропарадигмалы логикасы арқылы дамиды», - деп патриотизмді табиғат, адам, әлеуметтік орта тұрғысынан қарастырып, тұлғаны әлеуметтендіру мәселесіне ден қояды [19] .

Патриотизм өткеннің тәжірибесінсіз, сол тәжірибенің негізінде қалыптасқан дәстүрсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Бұл, негізінен, өткен тарихи тұлғалардың іс-әрекет мен қарым-қатынасының нәтижесі ретінде қалыптасқан тәжірибеге тәуелді болады. Біз, қазақ халқы, өз тарихында жас ұрпаққа үлгі боларлық алып тұлғаларға бай халықпыз.

Қазақ хандығы құрылған орта ғасырлардағы жаугершілік заман тарих сахнасына Керей, әз Жәнібек, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Қарасай, Есет, Райымбек сынды батыр ұлдарын лег-легімен туғызып жатты. Бұл дәуірде батырлардың бірінен кейін бірінің келуіне себеп болған, әрине, «ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» тудырған қазақ тарихындағы қасіретті кезең - жоңғар шапқыншылығы. Сан жылдарға созылған қиын-қыстау жаугершілік заманда қазақ халқы қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен елдігін сақтап қалу үшін күресе отырып, туған елге, кіндік қаны тамған қасиетті жерге деген махаббатын ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп қалдырды. «Туған жер» ұғымын бала бойына ерте сіңіруге тырысып, оны Отан, ел-жұрт ұғымдарымен байланыстырып отырған. «Отан от басынан басталады», «Отан оттан да ыстық», «Елің үшін отқа түс күймейсің» деп тәрбиеленетін қазақ баласы үшін Отан - отбасынан, ата-жұртынан, туып өскен топырағынан басталады.

Қазақ халқы қиын кезеңдерді, аласапыран замандарды басынан кешірсе де, Ресейдің отаршылдық озбыр саясаты тарихта өзіндік орны бар көтерілістер мен қозғалыстардың тууына себеп болды. Осы кезеңдер қазақ халқының бас бостандығын көксеген Сырым, Исатай, Махамбет сынды біртуар перзенттерін дүниеге әкелді.

Қазақ тарихындағы Ресей империясымен қосылу - ірі тарихи оқиғаларға толы кезең. Бұл кезеңге академик М. Қ. Қозыбаев кеңірек тоқталады. «Жауды шаптым ту байлап» атты еңбегінде қазақ халқының басынан өткен ұлт-азаттық қозғалысын, Отан қорғау тарихын, халқымыздың ел басқарған көсемдерін, қол бастаған батырларын, олардың ерліктерін жыр еткен шешен-жырауларын сөз ете отырып, тәуелсіздік үшін болған ата-бабаларымыздың қанды жорықтары, дабылды, дауылды азаттық күрес жолдары, ел бостандығы, бірлік жолы, ұлтжандылық, ұлттық сананы негізгі арқау етіп алғанын жазады. Аталған еңбектің «Ұлт-азаттық қозғалысының белестері» - атты бөлімінде, Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарын 7 кезеңге бөліп, оның себеп-салдарын көрсеткен:

I кезең. Қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың Сібір жұртын жаулап алуға қарсы азаттық қозғалысы.

II кезең. Қоқан-Хиуа хандықтарына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс. Бұл ұлт-азаттық қозғалыс үш жүзді одан әрі қабыстырды, кіріктірді, біріктірді, ұлттық дәрежеге көтерді.

III кезең. Ресейге қосылу кезеңі, бодандыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс.

IV кезең. Отарлау саясатына қарсы С. Датұлы, И. Тайманов, М. Өтемісұлдарының басқаруымен болған шаруалар көтерілісі.

V кезең. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

VI кезең. ХІХ ғ. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

VII кезең. 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерісі [26] .

Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде қазақ топырағына алып Ресейден бастау алған қақтығыстар мен толқулардың өз әсерлері тиіп отырды. Саны аз ұлттық зиялылар осы жағдайларды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандық үшін, халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшін, қос езгіден: патша өкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық-рулық зорлық-зомбылықтан құтылу үшін күрес бастады. «Бүкіл дала саяси додаға тартылып азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді» [19] . қазақ ұлтының зиялылары бастаған азаттық қозғалыстың басты мақсаты - отарлау саясаты кең етек алып, бұғаудағы қазақ қоғамының мемлекеттік саяси дербестігін қалпына келтіру арқылы ұлттық өркендеуге жол ашу болды.

Тәрбие - көркем мінез қалыптастырудың ғажайып мектебі. Сол мектептен нәр алмағандар көп жақсылықтан құр қалары даусыз.

В. А. Сластенин мен В. П. Кашириннің еңбектеріндегі патриоттық тәрбиені халықтық салт-дәстүрлерге, мәдени мұраға, отан тарихына деген сүйіспеншілік, отаны үшін саналы түрде қызмет ету, отанын қорғауға дайын болу, басқа халықтармен достық қарым-қатынасты орнатуы, басқа халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін білуі ара қатынасы тұрғысынан қарастырады [21] .

Кімде-кім халыққа, оның болашағына сенбесе, өз тағдыры үшін де үрейленеді, өз Отанын жат жұрттықтардың жаулап алуынан қауіптенеді, Отанының патриоты, батыры бола алмайды.

Отан - халық топтары өмір сүріп, еңбек ететін белгілі бір саяси, мәдени, әлеумекттік және аумақтық орта. М. С. Жүнісов Отан құрылымы үш элементтің берік байланысы ретінде түсінілуге тиіс деп дұрыс баға берген. Олар:

  1. Халық тарихымен ұштасқан, сол халық субъект ретінде, тарихты жасаушы ретінде көрінетін туған жері, этностық аймағы.
  2. Өзінің тілі, ұлттық мәдениеті, дәстүрлері бар белгілі бір халық.
  3. Мемлекет түрін анықтайтын қоғамдық - экономикалық және әлеуметтік-саяси құрылыс [19] .

ПАТРИОТИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Сақ дәуіріндегі патриотизм

Ғұн кезіңіндегі патриотизм

Түркі қағанаты тұсындағы патриотизм

Алтын Орда тұсындағы патриотизм

XVI-XVIII ғ. ғ. қазақ халқының патриотизмі

ХІХ ғасырдағы патриотизм

ХХ ғасырдың басындағы патриотизм

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі патриотизм

1986 жылғы қазақ жастарының патриоттық рухы

ХХІ ғасыр әлемдік жаһандандыру үрдісі кезіндегі Қазақстандық патриотизм

1 сурет -Патриотизмнің даму тарихы

Патриотизм гректің (раtris) - Отан, ел деген сөзінен шыққан. Соңғы кездері оның қолданылу ауқымы кеңіп, ол Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіретін, жиынтық ұғымға ұласқан.

Патриотизмнің тарихи элементтері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік түрінде ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғы да көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көзқарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді.

Біз ғылыми әдебиеттерді, зерттеу жұмыстарын қарастара келе, қазақ халқының басынан өткен тарихи жағдайларға байланысты патриотизмнің дамып қалыптасуын 10 кезеңге бөліп қарастырдық (1-сурет) .

Кесте 1 − Қазақстан Республикасы, алыс және жақын шет елдердегі патриоттық ұғымына берілген анықтамалардың жіктемесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөздік қорын дамыту
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу ерекшеліктері
Мектепалды даярлық тобында балалардың сөздік қорын дамыту
Сөйлеу дағдысын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz