Мектепке дейінгілердің жеке басының қалыптасуына және үлкендермен қатынасына келелік


ЖОСПАР:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
1. Мектепке дейінгілердің психикалық дамуы.
2. Мектепке дейінгілердің сөйлеу және таным процестері.
3. Мектепке дейінгілердің жеке басының қалыптасуына және үлкендермен қатынасына келелік.
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мектепке дейінгілердің психикалық дамуы.
Мектепке дейінгі жас кезінде балалардың денесі мен ақыл ой өрісі төменгі жастарға қарағанда недәуір өсіп қалады. Бірақ 3-5 жастық арасында бала ойының өсуі шамалы тоқтатылып қалады да, мектепке кіргенше тез өсетін болады. Бала ойының өсуі салмағының өсуімен шамалы алда жүреді. Мектепке дейінгілердің анатомо- физиологиялық дамуының негізінде есеюге байланысты жаңа талаптарды оқу, еңбек орындауға мүмкіндік туады. Осыған орай ойын мектепке дейінгілердің негізгі әрекеті екеніне тоқталайық. Алдымен баланың ойында нендей нәрсе түрткі болды, соны ашып алайық. Өткен ғасырлардағы кейбіреулердің Ф. Шиллер айтуынша, бала қозғалмай, не бәлендей нәрсемен айналыспай көп отырса, осының салдарынан жұмсалмай қалған уақыты жиналады да, соны жұмсау қажеттілігі оны ойнауға итермелейді. Бұл пікірге көпшілік психологтар қарсы болғанмен тек жұмсалмай қалған күші барлар емес, күш қуатын тауысып, шаршап отырған баладан «ойнайсың ба?» деп сұраса «ойнаймын» деп жауап береді.
Сонымен баланың неліктен ойнайтын себебі әлі күнге дейін көпшілік ғалымдар арасында мойындалмаған мәселенің бірі.
Қазіргі мектепте дейінгілердің ойыннның көбісі рольдік ойындар. Рольдік ойын деп кішкентайлардың «Мен бәленше не түгенше болам» деп тиісті бейнелерге еліктеуін айтады. Рольдерде ойнау не үшін керек десек, осының қажет екені мынадан: бұл жерде ересек адамдардың әр саладағы қызметі. Мектепке дейінгілер әр саладағы қызметкерлердің жұмысымен телевизор т. б арқылы танысып солардың жұмысы қалайша іске асатын солардың жұмысы қалайша іске асатын біледі. Екіншіден, сол салада істейтін адамдар өзара қандай қатынас болатынын біліп өзінің әлумет қатынасы туралы түсінігін одан әрі ұлғайтады. Демек, роль ойындарының әлеумет тұрғысынан көп маңызы бар.
Мектепке дейінгілер әсіресе ауылдық жерлерде тұратындардың тапсырмасын орындап, айталық, қыз бала үйге су, әкелуге не өзінен кішілерге қамқорлық жасауы бөбекті тербетуі, не бағуы жиі кездеседі. Ал ер баланың тысқандарымен бірге біраз жұмыс атқарады: малға қарайды, бұзауларды не лақты солардың араларын бөлек бағуға әрекет жасайды. Ал өзге ұлт балалары мұндай қасиеттерге 5-6 жасында ие бола алмауы мүмкін. Мұның себебі бәлкім ілгері айтылған қазақ балаларның игілікті өндіруге ерте жасынан жетілуінен қалған қалдық «рудименттік» функция болуы ықтимал. Бірақ, мұндай ерте бастан мектепке дейінгілердің еңбекке жету қала балаларының арасында кездесіп жарымайды.
Мектепке дейінгілердің сөйлеу және таным процестері.
Бөбек жасындағылар құрбылармен қатынас жасап жарымайды. Олар көбінесе үй ішіндегілермен сөйлеседі. Алдыңғы 4-5-7 жаста бала далаға шығып, құрбыларымен ойнайтын болғандықтан, әрқайсысының сөз қоры бірінің білмегенін бірі білу арқылы, бөбекке қарағанда, 3 есе арта түседі. 3200-3800 дей. Сөздік қорының кебеюі тек зат есім арқылы емес, сын есім т. б арқылы іске қосады. Егер бөбектердің сейлуі көбіне ситуацияға тәуелді келсе, мектепке дейінгілерде сөйлем көп текстіге сай құрала бастайды. Ситуацияға байланысты сөйлеуде зат есім кездесіп жарымайды, оның орнына есімдік көп айтылады. Сөйлеудің соңғы түрі әсіресе өзара жақын бір бірін кететтен түсінетін ересектер арасында жиі кездеседі.
Мектепке дейінгі жас кезінде балалардың денесі мен ақыл ой өрісі төменгі жастарға қарағанда недәуір өсіп қалады. Бла бойының өсуі салмағының өсуімен шамалы алда жүреді. Адам баласы туғанда әлсәз, пақыр жан болады, сондықтан үнемі күтім талап етеді. Оның психикалық процестері көбінесе түйсік және қабылдаумен ғана шектеледі. Ол біртіндеп жақын адамдарды, өзін қоршаған заттарға түрліше ынта-ықылас көрсете бастайды, нәрселермен ойнауды ұнатады. Жылдық аяқ ішінде бала балбырап, сөйлеуге әрекет жасап, өздігінен жүруге талпынады. Бала біртіндеп сөйлегісі келе бастайды. Жарты жыл өткеннен кейін соң, ол былдырлап тісі шыға бастайды.
Таным әрекетіне келетін болсақ, таным әрекетіне орай мектепке дейінгілердің нәрселердің эталонмен қабылдауына және қиялына тоқталатын болсақ, біздің қоршаған дүниенің затттары мен құбылыстары бірінен соң бірі көзге тәртәпсіз көрінеді. Тәртіпсіздіктің бұл түрімен күресіп нәрселерді белгілі мәселелерге қабылдау үшін соларды ойша тәртіпке келтіру керек. Мектепке дейінгілердің қиналатын көбінесе кеңістікті және уақытты қабылдау. Кеңістікке орай «оң жақ», « сол жақ» дегенді бөбектер жақсы түсіне алмайтын болса, мектепке дейінгілер 6-7 жас ажыратады. Бірақ осы жастағылардан «сол қолың», «оң қолың» деп сұрағанда, осыны жақсы ажырататын болғанымен, сол не оң көзіңді көрсет десе, осыны орнына, оң не сол оң көзін көрсететін болады. Ал уақытты қабылдауға келсек, «кеше», «бүгін», «ертең», «арғы күні» т. с. с ұғынуда бөбектер көп шатасатын болса, мектепке дейінгілер осыған біраз үйреніп қалады. Бірақ «ертеңгісін», «сәске», «түс», «күн бата» деген ұғымдарға олар қиналады. Сондықтан бала осыларды өзінің ертеңгісін жуынатынын, күндіз тамақ ішетінін, кешке тамақтанатына қарай соған сүйене отырып, ажыратын болады.
Мектепке дейінгілердің зейінін қарастыратын болсақ, бәлендей обьектіге осылардың қаншалықты берілуі, солардың оған қызғылықты келуіне байланысты. Бөбектер ойынға 30-40 минутқа дейін зейінді келе алатын болса, ал 6-7 жастағылар 1-1, 5 сағатқа дейін беріле алады. Ал осы қасиеттердің баланың жадында қалдыра алуына келсек, бұларды аонайы есте қалдыпуында кездеседі. Мектепке дейінгілерде тек арнаусыз есте қалдыру негізгі роль атқарады. Арнаусыз есте қалдыру арнаулы есте қалдыруға қарағанда бұлар да нәтижелі келеді. Мекиепке дейінгілердің кейде нақты нәрселерді есте қалдыра алуы сондай, оларды суретке түсіріп алғандай сияқты кездеседі. Жадтың мұндай түрін эйдетикалық ес деп атайды.
Ал мектепке дейінгілердің қиялдануына келсек, осының өзі недәуір қалыптамып қалған. Себебі осылардың негізгі әрекеті ойын. Ал ойынның қайсысы да шындыққа дәл келе бермейді. Ойынның нәтижесінде қиял балада кеңінен өріс алады. Мектепке дейінгілердің көбі қиялдануына ертек әсер етеді. Ертек тек қазіргі заманда емес, өткен дәуірлерде де 5-7 жастағылардың өмірде негізгі рөл атқарған болатын.
Енді мектепке дейінгілердің интеллектасының дамуына тоталайық. Ж. Пиаже мектепке дейінгі жасты «операцияға, яғни ойлануға дейінгі жас» дейді. Осыған қарағанда бұлар үлкендердікіндей проблемалық мәселелерді шеше алмайды. Бірақ бұларды бір көрген нәрсесін екінші жағдайға әкеп тасу не тапқырлық не аңғарғыштық недәуір қалыптасқан. Мектепке дейінгілерде көбінесе нақты бейне деп балалардың елестетулеріне негізделіп бір ойдан екінші ойға келе алуын айтады. Ал ой жүйелілігі деп- тиісті фактілерден, не көргендерден қорытынды жасай алуын айтады. Қоршаған дүниенің бірінен соң бірі болып тұратын оқиғаларды балаға әсер етіп, осының нәтижесінде әрі істі ол бірінен соң белгілі мерзіммен атқарған болады.
Мектепке дейінгілердің жеке басының қалыптасуына және үлкендермен қатынасына келелік.
Баланың жеке басы дегенде, біріншіден, ол нендей қасиетке ие, оның ішкі «Мен» концепциясын сапасы қандай т. с. с айтады. Екіншіден, жеке бас деген сапа кім болса соған тән емес, бұл өзбеттілігі бар адам деген мағынада білдіреді. Мектепек дейінгілер үлкендерге бағынышты болғандықтан, оларда соңғы қасиет барлық жағдайда үнемі терең кездеседі деуге болмайды. Дегенмен бұларда өзбеттіліктің бастапқы қасиеттері кездесе бастайды. Бұл жастағылар Мен деген қасиетіне келетін болсақ, бөбектер келгенде осы сапасы недәуір қалыптасып қалған. Бұлар үлкендердің қамқорлығына барлық жағдайда көңіл бөлгісі келмейді. Кейде бұлар ерегесіп үлкендердің тілін алмай қоятындары кездеседі. Бірақ ерегесу не қыр көрсету бұларда үнемі кездеседі деуге болмайды. Себебі бөбектерге қарағанда мектепке дейінгілердің есі кіріп қалғандықтан көпшілік жағдайда үлкендердің сөзін тастамайтын болды. Мектепке дейінгілердің өз құрбылармен өзара қатынаса келе осылардың байланысы неше түрлі дәрежеде болып кездеседі. Баланы құрбылармен достастырстан ойын қажеттілігі. Мұның солай екені мынадан: Баланың жалғыз өзі ойнай алмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz