Мектепке дейінгі мекемені басқару пәнінің ОҚУ БАҒДАРЛАСЫ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ - ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы

Білім алушыларға арналған

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

«Мектепке дейінгі мекемені басқару » пәнінің

ОҚУ БАҒДАРЛАСЫ

5В050101- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

мамандығына арналған

ТҮРКІСТАН

2013ж

Пән атауыМектепке дейінгі мекемені басқару:

Пән атауы

Мектепке дейінгі мекемені басқару

Пән кодыMDDB 4206:

Пән коды

MDDB 4206

Кредит саны: Кредит саны
КурсСеместр:

Курс

Семестр

Пән атауыМектепке дейінгі мекемені басқару:

Мамандық аты

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Пән кодыMDDB 4206:

Мамандық шифры

5В050101

Кредит саны:

Кафедра

Жалпы педагогика және этнопедагогика

КурсСеместр:

Факультет

Тарих-педагогика

Пән атауыМектепке дейінгі мекемені басқару: Пән өткізу уақыты және орны
Пән кодыMDDB 4206: Дүйсенбі. Сағат: 9. 25-10. 15 аудитория-217
Пән атауыМектепке дейінгі мекемені басқару: СОӨЖ уақыты
Пән кодыMDDB 4206: Дүйсенбі. Сағат:
Пән атауыМектепке дейінгі мекемені басқару:

Оқытушының аты жөні лауазымы, дәрежесі атағы

Магистр-оқытушы Қазиева К. О

Пән кодыMDDB 4206:

Контактактілік ақпарат телефон. 8702 655 06 08

@mail kuni-sulu2010

Пән атауыМектепке дейінгі мекемені басқару: Оқытушы қолы
Пән кодыMDDB 4206: Кафедра меңгерушісі Рысбекова А.

Лекция тезистері

1-ЛЕКЦИЯ

Мектепке дейінгі мекемені ұйымдастыру және басқару пәні

Мақсат міндеттері .

ҚР. Білім туралы заңында т. б. басқа нормативті құжаттарда мектепке дейінгі мекеме қызметі мәселелері

Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін,
әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы) .
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:

  • салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
  • эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне
  • талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
  • айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;

Мектепке дейінгі мекеменің методологиясының негізі - тәрбиенің мақсаты және міндеті туралы тұжырымдамалар, мемлекетімізді басқару туралы заңдар. Алда тұрған жаңа міндеттер білім беру ісін басқаруды жетілдіруді талап етеді.

сүйенетін дерек көздері:
• басқару туралы заң;
• Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы;

  • білім беру ісін басқару тәжірибесі.

Мектептану мектепті басқару тәжірибесіне сүйеніп, озат тәжірибені насихаттап тәжірибеге енгізеді. Мектептану үшін маңызды дерек көзі белгілі педагогтардың мектепті басқару жөнінде берген құнды ұсынбалары. Бірақ оны сын көзбен оқыған дұрыс. Мектептану мазмұны: мектепті басқарудың негізгі принциптері; білім беру ұйымдарының қызметі; мектептің ішін басқару мазмұны; әдістері, т. б. Мектептанудың зерттейтін саласы дидактика мен тәрбие саласынан өзге, оларды қайталамайды.

Педагогикада халыққа білім беру ісінде шешілмей отырған мәселелерді шешіп, мектептегі лауазымды адамдардың іс-әрекетін оқу-тәрбие процесіне басшылық жасауына керекті жұмыс түрлері мен әдістерін зерттейтін сала елеулі орын алады. Осы мәселелерді мектептану курсы зерттейді. . Мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі, озат тәжірибені жинақтау түрлері, әдістері қаралады.

Бала бақша мен мектептің өзара байланысы бойынша жұмысын ұйымдастыру:
мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;
мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру;
бала дамуының үдіксіз білім беру жүйесін құру.
Бала бақшаның негізгі мақсаты :
денсаулығын сақтау, нығайту;
психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау)
мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс)
Мектептің мақсаты:
денсаулығын сақтау нығайту;
қабілеттерін, ойлауын дамыту;
ерік, жігер сезімін дамыту.
Екі ұйым арасындағы әрекет:

Мектепке дейінгі мекеме -танымдық әрекет -мағлұмат алады, талдайды, ойнайды,
Мектеп пен бала бақшадағы сабақтарды салыстыра отыра келесі ұқсастықтарды
Бір маңыздылық: балалардың танымдық әрекетін басқару, білім және білікпен
Айқын және қатаң ұйымдастыру: әрқашан, әр уақытта нақты сабақ
Мектеп пен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің оқу үрдісінің
Мектеп Мектепке дейінгі білім беру мекемелері Оқытудың мазмұны Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар да
баланың дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің дамуы мен көру
іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі; құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы;
қоршаған ортасын қабылдау бейімі т. б. . Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысындаКөбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерінМұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені белгілі Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты бастауыш білім беру мен
бала дамуының тиімді жақтарын қамтамасыз ететін үздіксіз білім беру
заман талабына сай мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш білім
мектепте оқуға бейімделуіне, әр баланың жеке тұлғалық дамуына оң
мектепке психологиялық жағынан дайындығын қамтамасыз ету;
жаңа шығармашылық шеберханалар мен жобалар құру.

Мақсатқа жету үшін Мекеме келесі жұмыс бағыттарын жүзеге асырады:

- Қазақстан Республикасының барлық типтегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдарын, жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарын бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша нұсқаулық әзірлеу масқатында оның жағдайын зерттеу және талдау;

- мектепке дейінгі ұйымдардың, жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарының педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру саласындағы инновациялық қызметтің Отандық және шетел тәжірибелерін зерттеу, талдап қорытындылау, тарату;

- педагог-ғалымдардың және олардың мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерінің библиографиялық қызметінің электронды және баспа мәліметтер қорын құру;

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті сұрақтары бойынша жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптары мен мектепке дейінгі ұйымдарды әдістемелік сүйемелдеу және тәжірибелік көмек көрсету;

- жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптары мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерін аттестациялауда әдістемелік сүйемелдеу;

- оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және өңдеу, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің ата-аналарын жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарын ақпараттық және әдістемелік сүйемелдеу үшін ғылыми-тәжірибелік журналдар шығару;

- мектепке дейінгі ұйымдар базасында эксперименталды алаңдарды құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және әдістемелік нұсқауларды басып шығару арқылы эксперименталды алаңдар жұмысының нәтижелерін тарату;

- конференциялар, кеңестер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, педагогикалық оқулар, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберліктері бойынша байқаулар сондай-ақ тәрбиеленушілер үшін байқаулар, фестивальдар даярлау және өткізу;

- жергілікті атқарушы органдармен, білім беру ұйымдары мен қоғамдық, Үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту және дамыту.

Қазақстандық мектепке дейінгі білім берудің жаңғыртылуын жалғастыруды қамтамасыз етуші болып табылатын Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапалы жетілуі бойынша инновациялық жобаларды өңдеумен, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын енгізу және әдістемелік сүйемелдеумен, ата-аналар мен балаларды оқыту үшін ұсыныстар және әдістемелік құралдарды басып шығарумен айналысатын болады.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (бастауышқа дейінгі білім беру - ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес атауы) - баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі. Балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқуға деген құқығын мектепке дейінгі ұйымдардың, жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарының, сондай-ақ жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп- интернаттардың мектепке дейінгі топтарының және мектептен тыс ұйымдардағы мектепке дейінгі топтардың желісі қамтамасыз етеді. Осы кезең сонымен бірге мектепке дейінгі арнайы түзеу ұйымдары мен топтарында, “мектеп - балабақша” кешендерінде болуға айрықша мұқтаж балалардың ұйымдасқан тәрбиесі мен оқуын қамтиды.

Мақсаты -мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

Міндеттері:

• әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан, барлық балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен ертерек қамту;

• бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды қамтамасыз ету;

• мектепалды даярлығының мазмұнын мектеп жасына дейінгі балаларға тән қызмет түрлерін, жасына және даралығына сай тәсілдерді ескере отырып қайта қарау және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде заттық кеңістік ортасын жасау;

• мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігі, баланы шаршаудан қорғау мақсатында оны оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу арқылы денсаулығын нығайту;

• баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу.

Тәрбие мен оқыту мазмұны бірінші деңгейде қызметтің өзіндік түрлерін және баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуге тиісті.

  1. "Білім туралы Заңның" негізгі ережелері.

Бүгінгі күні елімізде қоғам мен мемлекеттің қазіргі заманғы қажеттілігіне бағытталған тұтас тәрбие жүйесі қалыптасқан.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қойылатын талаптар «Қазақстан - 2030: барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңында көрсетілген.

Білім - Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолындағы дамуының аса маңызды, әрі басты бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі заман шарттарына сай - президенттің анықтауы бойынша стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудың, атап айтқанда, бәсекелестікке қабілетті ұлт пен экономика қалыптастырудың негізгі факторы. Білім - мәдениеттің негізі. Ол арқылы тұлға қалыптасып, мәдени тұрғыда өзін-өзі тану жүзеге асады.

Қазақстан Президентінің жолдауында: «Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз», - деген. Осыған орай нәтижелі білім беру - басты мақсат болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес біздің білім беру жүйеміз де әлемдік стандарттарға негізделген жағдайда, білім берудің құрылымы да, мазмұны да, түбегейлі өзгеріске ұшыраған уақытқа сай, нәтижеге бағдарланған білім жағдайында оқу-тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға көңіл бөлінуде.

Бұл заңға сәйкес ҚР-сы Үкіметінің білімді дамыту туралы ұсыныстарын жүзеге асырудың жолдары белгіленген. Заңдағы ережелер білімнің дамуына жағдай жасайды.
Білім жүйесінің орталық білігі - жалпы орта білім. Оны жалпы білім беретін орта мектептер, жекелеген түрдегі тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, кешкі мектептер, интернаттар, денесі мен психикасында кемшілігі бар балаларды тәрбиелеп, оқытатын мектептер береді. Жалпы білім беретін оқу орындарының алдында тұрған басты мімдеттер "Білім туралы" Заңның 8-бабында белгіленген. Олар:

Жеке адамды дамытуға, қалыптастыруға жағдай жасау

Оқушының білім беру бағдарламаларын меңгеруіне жағдай жасау.

Оқушының шығармашылығын дамыту.

Адамгершілік тәрбиесін беру.
Салауатты өмір салтының негізін жасау.

Баланың дамуына жағдай жасап, оған ақыл-ой тәрбиесін беру.

Елжандылыққа тәрбиелеу.

Қүқықтық тәрбие беру.

Саналы тәртіпке тәрбиелеу.
Қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы, дәстүрлерін, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін оқыту.
Оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
Білім беруді ақпараттандыру.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.
"Білім Заңына" сәйкес бұрынғы кәсіптік-техникалық және орта арнаулы оқу орындары деген атау кәсіптік оның орнына бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, т. б. атаулар алынды.
"Білім туралы Заң" жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын мемлекеттің стандарттауын талап етеді. Онда оқушы меңгеруі тиіс негізгі білімдер, іскерлік дағдылар көрсетіледі.

Басқару принциптері дегеніміз - білім беру ісінің басшы қызметкерлері өз жұмысында ұстануға тиісті мақсатқа жетуге көмектесетін негізгі, іргелі ережелер.
Демократиялық принцип бойынша білім беру ісі орталықтан басқарылуымен қатар, басқару ісіне халық, мектептің қызметкерлері тартылады, олардың шығармашылық күштері қолданылады. Осы принцип негізінде Білім және ғылым министрлігінің облыстық, т. б. білім беру басқармасының, педагогикалық кеңестің мәжілістері өткізіліп, онда оқыту және тәрбиенің маңызды мәселелері талқыланып, қаулы-қарарлардың орындалуын білім беру ұйымдарын басқару органдары қадағалап отырады.
Ғылымилық, теория мен тәжірибенің тығыз байланысы принципін ұстанған мектеп басшылары өз жұмысында ғылымның жетістігін қолданып, еңбекті ғылыми ұйымдастырып, озат тәжірибені зерттеп, жинақтап және таратып отырады. Басқару жұмысының табыстылығына ұйымдастыру жұмыстары көмектеседі. Оның маңызды бөлігі - кадрларды іріктеу, дайындау, әрбір қызметкердің қызметіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ақпараттардың шындығы және жеткіліктілігі принципін ұстанған мектеп әкімшілігі өз ұжымының оқу тәрбие жұмысындағы қол жеткен жетістіктерін асыра бағаламайды, кемшіліктерді түзетіп отырады.
Мектептегі басқару органдарының құрылымы алуан түрлі. Шартты түрде оларды төрт топқа бөлуге болады.
Бірінші топ: мектептің лауазымды өкілдері - мектеп директоры, оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектептің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, балалар мен жастар ұйымдарының жетекшілері.
Екінші топ: мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар өкілдері қатысатын жалпы мектептік конференция, педагогикалық кеңес және әдістемелік бірлестіктер.
Үшінші топ: оқушылардың өзін-өзі басқару органдары (оқушылар комитеті, сыныптың, пән үйірмелерінің, түрлі қоғамдардың жетекшілері) .
Төртінші топ: мектептің және сыныптың ата-аналар комитеті.
Осы органдар мектепті басқару үшін ғылыми тұрғыдан дәлелденген ұстанымдарды (принциптерді) басшылыққа алып жұмыс істеуі тиіс. Олардың ішіндегі мәндірегі төмендегі ұстанымдар:
• мектептің алдында тұрған басты міндеттерді анықтау кезінде барлық басқару органдарының келісіп, іскерлік, ынтымақ жағдайында жұмыс істеуі;
• барлық басқару органдары және лауазымды адамдардың өз міндеттері мен қызметтерін атқару кезіндегі демократиялылығы, жариялылығы, мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың қоғамдық пікіріне сүйену;
• мектеп басшыларының, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің жауапкершіліктері;
• мектептегі жақсы және пайдалы психологиялық микроклиматты, шығармашылық белсенділікті және бастама көтерген адамдарды қолдау, оқу-тәрбие жұмысының сапасына жоғары талап қою;
• оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру туралы жоғарғы органдардың қабылдаған шешімдерінің орындалуына әдепті және тұрақты түрде басшылық ету;
• педагогикалық шығармашылықты, инновациялық ізденістерді мадақтау және озат педагогикалық тәжірбиені меңгеруге ұмтылған мұғалімдерді, сынып жетекшілерін қолдау.
Мектеп басшысының жұмыс бағдарламасы:
• мектепке жалпы басшылық ету;
• мектеп кеңесін (педагогикалық кеңесті) басқару;
• жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру;
• мектеп жұмысын жоспарлау;
• оқу және тәрбие жұмысындағы мектеп, отбасы, жұртшылықтың ынтымақтастығын тексеру және орнату;
• ата-аналар комитетінің жұмысын қадағалау;
• мектеп директоры орынбасарларының жұмысына басшылық ету және оны бақылау;
• оқытудың барысын және оқушылардың білім сапасын бақылау;
• мектеп кітапханасымен жұмыс;
• мектептің шаруашылық және қаражат жұмысын бақылау;
• мектепшілік бақылау жүйесіне басшылық жасау;
• мектеп директоры жанындағы мәжілісті өткізу;
• мектеп асханасымен жұмыс;
• демеуші мекемелермен байланыс орнату;
• баланың денсаулығына қамқорлық жасау;
• техникалық қауіпсіздік талабын орындауды қадағалау;
• халық арасында педагогикалық білімді насихаттау.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының жұмысының мазмұны:
• жалпы білім беруді жүзеге асыру;
• оқу бағдарламасының орындалуын қадағалау;
• мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптың және сабақ жоспарларын бекіту;
• сабақ кестесін педагогикалық талапқа сай жасау;
• пән бойынша жүргізілетін әдістемелік жұмысты бақылау;
• сынып журналдары және оқушылардың күнделіктерінің, дәптерлерінің талапқа сай безендірілуін тексеру;
• оқытудың барысына, оқушылардың білім сапасына бақылау жасау және басшылық ету;
• оқушылардың арасында жазбаша бақылау жұмыстарын жүргізу;
• оқушылардың білімін бақылау. Баға қою жүйесін қадағалау;
• пән үйірмелерінің және факультативтердің жұмысын бақылау;
• кітапхананық жұмысы. Сыныптан тыс окуды тексеру;
• зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың өткізілуіне басшылық жасау;
• еңбекті оқыту, еңбек тәрбиесі және мамандық талдау жұмыстарын, өнімді еңбекті ұйымдастыру;
• оқушылардың аудандық, қалалық жарыстарына қатысуына көмектесу.
Директор және оның орынбасарларының оқу-тәрбие жұмысын бірлесіп бақылауы:
Бақыланатын нысандар:
• оқытудың барысы және оқушылардың білім сапасы;
• оқу кабинеттерінің жұмысы;
• оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптар;
• үлгермеушілер болайын деп тұрған сыныптар;
• тәрбиеден тыс қалған оқушылармен жұмыс;
• педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, қорытындылау және шығармашылықпен тарату;
• мұғалімдердің біліктілігін көрсету, әдістемелік және жас мұғалімдермен жұмыс;
• мектеп құжаттары;
• педагогикалық оқу;
• адамгершілік тәрбиесі;
• дене тәрбиесі;
• құқықтық тәрбие, т. б. тәрбие салалары;
• техника қауіпсіздігі.

2-ЛЕКЦИЯ

Мектепке дейінгі мекеменің қызметін ұйымдастыру

Мектепке дейінгі мекеме типтері

Оны ашу қаржыландыру штат кестесін түзу балабақша құжаттары

Мектепке дейінгі мекеме құрамы

Меңгерушінің міндеттері т. б. саласындағы ғылыми зерттеулердің маңызы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Үлгі ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі-мектепке дейінгі ұйымдар) қызметінің тәртібін анықтайды.
2. Мектепке дейінгі ұйым-мектепке дейнгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.
3. Мектепке дейінгі ұйымдар бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, бағуды, күтуді және сауықтыруды қамтамасыз етеді.
4. Мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеттері:
1) мектеп жасына дейінгі балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмір салты құндылықтарына бейімдеу;
2) мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттерін дамыту;
3) мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту;
4) балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын игеруіне жағдай жасау;
5) бес (алты) жастағы балаларды мектеп алды даярлаумен қамтамасыз ету;
6) тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-қимыл жасау;
7) мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелейтін отбасыларына әдістемелік, диагностикалық және консультативтік көмекті ұйымдастыру.
5. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын осы Үлгі ережені, сондай-ақ кесімдерді басшылыққа алады.

2. Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері және оларды жинақтау

Мектепке дейінгі ұйымдар мыналарға бөлінеді:
1) тәрбиеленушілердің жас құрамына қарай:

- бір жастан үш жасқа дейінгі балаларға арналған балалар яслиі;
- үш жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған балабақшалар;
- бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған ясли-бақшалар;
2) Мақсаты бойынша:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қарапайым математикалық ұғымдары қалыптастыру әдістемесі»
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМЫН ҚАЗҚРГҚ
Деректер ағындарының диаграммаларының құрамы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ БАЛАЛАР ҚАБЫЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектепке дейінгі дайындық пен бастауыш сынып арасындағы математикалық білім мазмұнындағы сабақтастық
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің басқарылуын талдау түрлері, классификациясы
Тұлғаның рухани-адагершілік дамуына қажетті жағдайлар қалыптастыру
Бекет атаның ұрпақтары
Құжаттарды рәсімдеу – іс жүргізудің негізі
Мекеменің құқықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz