Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытудың теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫРТТАЙ ОҚУ ФАКУЛЬТЕТІ

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы»

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытудың теориялық негіздері

Орындаған: Тұрғанбаева А.

СМД-111дж

  1. Ғылыми жетекшісі, п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.

Түркістан 2013ж.

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Гуманитарлық - педагогикалық сырттай оқу факультеті

«Қорғауға жіберілді»

«Жалпы педагогика және

этнопедагогика» кафедрасының

меңгерушісі, п. ғ. к., доцент м. а .

Рысбекова А.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытудың теориялық негіздері

Орындаған: Тұрғанбаева А.

CМД-111ДЖ

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.

Түркістан 2013

Мазмұны

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда дұрыс сөйлеуін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.

1. 2 Балалардың тілін дамытуда сөз, сөйлеу және сөздік қор ұғымдарын пайдалану жолдары.

2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1. Балалардың тілін дамытуда ертегілердің тәрбиелік маңызы.

2. 2 Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңге өту жағдайында кәсіптік білікті болашақ маман даярлауда, олардың жоғары білім сапасының деңгейін қамтамасыз ету күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып табылады.

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. [1]

Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат - саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени - ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Баланың ой - өрісінің, сана - сезімінің жан - жақты дамуы балабақшадан басталады. Балалардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ екені ақиқат. Қазақстан Республикасың президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр баланың білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек», -деп көрсетті [2] .

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 4 - тараудың 16 - бабында балабақшада білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдармалары баланың жеке қабілеттерін оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын; мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгерту үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін - өзі көрсетудің, мінез - құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған [2] .

Білім және ғылым минстрлігі « Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы» жобасын әзірлеп, талқылауға ұсынылды.

Отандық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерімен кездесуде, Н. Ә. Назарбаев «Шешімін күткен мәселелердің қордаланып қалғаны да осы жер . . . орта және жоғары білім берудегі реформаларды жеріне жеткізу керек» деп атап көрсеткен еді [3] .

Бүгінгі таңда Қазақстанға дамыған шет елдердің орта білім беру жүйесінің моделі неғұрлым тиімді болады деп ойлаймыз. Қазақстанда міндетті орта білім екі сатымен (бастауыш және орта - 10 сынып) шектелуі тиіс, ал 11 және 12 сыныптар жоғары оқу орындарында іргелі білім алуға

негіз болатын арнайы пәндерден дәріс беретін жоғары орта білім сатысына айналғаны жөн деп есептейміз.

Қоғам сұранысынан туындап отырған осындай талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.

2004 жылы жоғарыда көрсетілген мақсаттарға негізделген он екі жылдық орта білім берудің мемлекеттік стандарты жарық көрді. Он екі жылдық білім берудің ең негізі бастауыш буыннан басталады. Он екі жылдық мектепке көшу білім беру процесін технологиялық деңгейге ауыстыруды көздейді. Бұл ретте жеке тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары, «ынтымақтастықта оқыту», жобалар әдісі, оқытудың әр деңгейлі топтың және қосарлы нысандары, шығармашылық «бойлау», сабақтарды эвристикалық жүргізу әдістері сияқты мектепке дейінгі бала-бақша тәрбиеленушілері жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеретін оқытудың нәтижелі нысандары мен әдістері пайдаланылуы тиіс.

Зерттеу мақсаты: Мектепте дейінгі балалардың тілін дамыту барысында сөздік қорын, сөз мәдениетін қалыптастыру;

Зерттеу обьектісі: Мектепке дейінгі мекемедегі оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Тіл дамыту

Зерттеу міндеттері:

- Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда дұрыс сөйлеуін қалыптастырудың педагогикалық мәселелерін қарастыру.

- Балалардың тілін дамытуда ертегілердің тәрбиелік мәнін анықтау.

- Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдіс-тәсілдерін қолдану.

- Балалардың тілін дамытуда сөз, сөйлеу және сөздік қор ұғымдарын пайдалану жолдарын қарастыру.

Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан-2050 стратегиясы, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, озат мұғалімдердің, тәрбиешілердің тәжірибелері.

З ерттеу әдістері : философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдарын талдау және жүйелеу; білім беруді ақпараттандыруға байланысты құжаттармен танысу.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда дұрыс сөйлеуін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері

Мектептке дейінгі мекемеде оқытылатын ғылым негіздері тіл дамыту арқылы жүргізіліп, баланың дүниетанымын, ой-өрісін, тіл байлығын, ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту қазақ тілінің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан мектепке дейінгі балалардың тілінің заңдылықтарын жете меңгеріп, әдеби тіл нормаларында еркін сөйлеп, сауатты жаза білу міндеті қойылып отыр. Өйткені - тіл дамыту сайып келгенде ой дамыту. Тіл дамыту - ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепке дейінгі мекемеде жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен тіл дамытуға ғана байланысты болмай, оның сөйлеу әрекетіне де тәуелді.

Мектепке дейінгі мекемеде жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі - балаларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен формалар, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім. Жалпы әдістеме ғылымның бір саласы.

Басқа ғылымдар сияқты тіл дамыту әдістемесі де теориялық ғылымдардың соңғы жетістіктеріне негізделе дамиды. Тіл ұстартудың ғылыми негіздері - тіл білімі, әдебиет және психология. Өйткені тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей. Қай тілдің болмасын айтылуының грамматикалық және синтаксистік нормативтік ережелері болады. Мұны тіл білімі зерттейді. Ал сөйлеу - психикалық құбылыс. Ол - әр адамның өзіне ғана тән ерекшелігі. Сөйлеуде объективті шындықты осы адамның субъективті түрде бейнелеп, оған индивидтің көзқарасын білдіреді. Яғни адам тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі, сөйлеу - психологияның зерттеу объектісі болып табылады. Солай бола тұрса да, күні бүгінге дейін мектептегі тіл дамыту жұмыстарын психологиялық ғылымнан оқшау жүргізіліп келеді. Соңғы кезде ғалымдар «Психология әдістеме ғылымынсыз-ақ өркендеп, өмір сүре береді, алайда әдістеме ғылымы психолгиясыз дамып, жетіле алмақ емес. Әдістеме толық мәнді ғылыми пән болуы үшін, ол психологиялық негізге сүйенуі қажет пікірді іс жүзінде дәлелдеп отыр.

Әдістеме теориясында тіл дамыту енді ғана қалыптасып келеді. Оның маңызы, қажеттілігі анықталғанымен, ғылыми негіздері, құралдары, мазмұны мен салалары, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын жұмыс түрлері, әдіс-тәсілдері т. б. жақтары анықталмаған.

Тіл - адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл - адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып, өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.

Тіл - тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіргендерге лағнеті бейнеленген. Тіл - оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізгі арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады [4] .

Ана тілі, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердің қазынасы. Өйткені балаларға ғылым негіздерінен жан жақты білім мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіріп, тіл материалын меңгертетін де осы пән.

Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасымен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», - деп көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский.

Еркіндікке қолы жеткен қазақ халқының болашаққа артқан үміті, сенімі осы қазіргі мектепте отырған, келешекте отыратын жаc жеткіншектерімізде. Тіліміз ғана емес, жалпы халық болып сақталып қалуымыздың өзі қазіргі балаларымызға ана тілін қалай меңгертуімізге байланысты. Енді бұл мәселеде жетпіс жылдай танытқан енжарлығымыздан таймасақ, белсенділік танытпасақ, тілсіз, тарихсыз мәңгүрт тобырға айналуымыз анық.

Міне, сондықтан саналы ересек ұрпаққа ұлы жауапкершілік жүктелмек, ол жауапкершілік - ата-бабамыздың әр сөзін сан ғасыр бойы сомдап жасаған ұлы қазына ана тілін көздің қарашығындай сақтап, кіршіксіз күйде келешек аманат етіп тапсыру. Сол арқылы жеткіншегіне туған халқының ақыл-ой тұжырымын, дәстүр-салтын игерту. «біздің қазақтың ісінде жаңа басталып келе жатыр . . . XX ғасырға дейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген асыл мүлкін қолына алып, быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас», деп жазған болатын осы ғасырдың басында қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы А. Байтұрсынов.

Тіл - рухани байлықтың шыңы. Рухани болмыстың деңгейлік баспалдақтары; танымдық, қазыналық, мән-мағыналық. Тілін меңгерген адам - сара жолын сараптап, игерген адам.

Тілді меңгеру ананың ақ сүтінен басталып, бесік жырымен тербетіліп, өмір сатысымен нықталады. Өткен кезең мәдениетінің тұңғиығына бойлап, оның ішкі мазмұнын түсінуге тырысу адамды рухани жағынан байытады.

Қазақ тілі - аса бай тіл. Қазақ тілінің тазалығы жайында француз ғалымы А. Жарри де Манси « Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі мейлінше таза тілдердің бірі» (Жарри де Манси « История древних и новых литератур, наук и язящных искуства Москва, 1832. 104-105 стр), - десе, Т. алпысбаева « Қазақтың тілі ұшқыр да шешен, ойнақы да, өткір, сұрақ-жауаптарға оңтайлы, кейде тіпті таңқаларлық түрде тапқыр және бәрі де, тіпті оқымаған сауатсыздарының өзі де тілін жетік меңгерген, мұндай жағдайды біз тек Европадағы француздар мен орыстардың бойынан ғана байқаймыз», - деп жазды [5] .

Татар ғалымы А. Саиди 1926 Қазан қаласында басылған «Тіл, әдебиет, жазу әрі олардың өсулері» кітабының 86 бетінде «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол қазақ тілі мен қазақ әдебиеті біз мұны ашық айтуымыз керек», - дейді.

А. Айдашаев: «Ана тілі дегеніміз - ол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың өткенін де, болашағынан да қол үзеді», - деген [6] .

Бүгінгі таңдағы мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі - тілдерді қолдану мен дамыту болып отыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақ тілін өркендетудің нақты 11 жолын атап өтті.

1. Қазақ тілді балабақша санын тиісінше көбейту;

2. Қазақ мектептерінің санын өсіру және осы заманғы технологияның соңғы жетістіктерімен жабдықтау;

3. Қазақстанның барлық мектептерінде оқушылар қазақ тілін еркін меңгеріп шығуы үшін орыс мектептерінде қазақ тілі пәні аптасына екі - үш сағат емес, қазақ мектептеріндегі орыс тілі сияқты бес - алты сағаттық мөлшерде оқытылуы қажет;

4. Барлық орта мектеп оқушылары бірыңғай ұлттық тестілеуде қазақ тілі пәнінен міндетті түрде сынақ тапсыруы тиіс;

5. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерге оқуға жіберілетін жастар қазақ тілін білуі тиіс;

6. Білім, денсаулық, сауда және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласы мамандарының қазақ тілін жетік меңгеруіне ұмтылу;

7. Қазақ тілін жетік білетін мемлекеттік қызметкерлерге жан - жақты қолдау көрсету, әсіресе, мемлекеттік қызметке қабылданған қазақ қазақша сөйлеуі қажет;

8. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне жетіктерін баспасөз, теледидардан жиі насихаттап, салт - дәстүр, әдепке байланысты түрлі конкурстар ұйымдастыруы қажет;

9. «Тілдер туралы» заңды қайта қарап, замана талабына сай өзгерістер енгізу;

10. Бұқаралық ақпарат құралдарына қазақ тілінің қолданысы 50 пайыздан кемімеуі;

11. 2010 жылға дейін жасалған « тілдерді дамыту» бағдарламасына тиісті толықтырулар енгізіп, әр облыстың мемлекеттік тілге көшу кестесін сақтау [7] .

Соңғы жылдары журнал беттерінде шыққан мақалаларда да балалардың тілін дамыту мәселелеріне әжептеуір көңіл бөлгенін байқаймыз. Бұл жөнінде Х. Сүйіншәлиев «Оқу-жазуға үйретуде психология не айтады?» деген мақаласын айтуға болады. Автор бұл мақалада балаларға оқығанда, жазғанда, көп салмақ түсетінін (көру, есту, сөйлеу мүшелері, қолы, саусақтары, мидың 4 түбегі бірдей қызмет істейтінін) айтып, оқуға, жазуға үйрету кезеңін 5-ке бөледі:

Көру, есту, сөйлеу, ойлау мүшелерінің қызметі қолдың қимылымен байланысты. Күштің көбі қол жаттықтыруға кетеді.

Бала сөздің, сөйлемнің мазмұнын тез айыруға дағдыланады. Бұл кезде мұғалімнің көмегі керек.

Шығарманың мазмұнын түсінеді, өз ойын шығарып, сөз жасау басталады [8] .

Бердібаев Р. «Мектепте ана тілді оқытудың мақсаты, оның маңызы» деген мақаласында тіл сабағының мақсаты әңгімеленеді. «Ана тілді оқу тек оқу үшін керек. Балалар ана тілдің жобаларын, қағидаларын судай жаттап алулары шарт емес, оны іс жүзінде, тәжірибеде пайдалана алса ғана, толық білгенге саналады», - дейді автор [9] .

Ана тілді мектептерде оқыту әдістерін зерттеп, нақты әдістемелік еңбектер берген белгілі әдіскер - Шамғали Сарыбайұлы. Ғалымның бастауыш сыныптарда «Қазақ тілін» оқыту жұмысына, орта мектеп оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту әдістеріне арналған еңбектерінде балалардың тілін дамытуға қатысты айтылған құнды ойлар бар.

Ш. Сарыбайұлы еңбектерінде тіл дамыту, жаңа сөздің мағыналарын оқушыларға меңгерту, сөздік жұмысын жүргізу мәселелеріне қатысты пікірлер мол ұшырасады. Мысалы, зерттеуші өзінің «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» деп аталатын еңбегінде оқушыларға емле ережелерін үйрету жолдарын талдау барысында жаңа сөздерді меңгерту жолдарына да тоқталады. «Ол сөздердің жазылуын меңгерту үшін, - деп жазады автор, - төмендегідей әдістерді қолданамыз:

1. Күнделікті оқыған газет, журналдарда кездестірген сөздерді тергізіп, оны күн сайын тергізіп отырамыз.

2. Сол теріліп келген сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп жазуды тапсырамыз.

3. Кейін алфавит тәртібіне енген сөздерді сөздік ретінде алуды тапсырамыз.

4. Сөздік ретінде алынғандардың мағыналарын сөздіктерден қарап, олардың мағынасын біліп келуді тапсырамыз.

5. Ішіне сол сөздер енген сөйлемдерді толтырып жаздырамыз.

6. Оқытып жатқан грамматикалық тақырыпқа байланыстырып, мысалды, балалардың сөздіктерінен аламыз. Оқып отырған кітаптардағы емлесі қиын терминдік сөздердің жазылуын байқата оқытамыз, азырақ байқата отырып, кейін кітапты жапқызып, жаңағы көрген терминдерін екінші бір балаға диктант ретінде айтқызып, дәптерлеріне жаздырамыз».

Ғалымның бұл пікіріне тек термин сөздерді меңгертуге ғана емес, жаңа сөздердің мағыналарын дайындық тобындағы балалардың сөздік қорына берік орнықтыруға, сөйтіп олардың тілін дамытуға да қатысы бар.

Мектепке дейінгі мекемеде баланың сауаттылығын арттырып, тілдерін дамыту жұмыстары әңгімеленген құнды еңбек - профессор Қ. Жұбановтың редакциясымен шыққан «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі» деген кітап. Мұнда ана тілдің мақсаты дұрыс көрсетіле келіп, «тіл ширату» жұмысына мына сияқты талап қойылады: «Бастауыш мектепті бітіріп шыққан бала . . . оқығанын, есіткенін қысқаша түсінікті етіп жаза алатын болсын». Онан әрі тіл ширату жұмысының түрлері (сұрақтарға жауап беру, оқығанды айту, тақырып қою, суретті пайдалана отырып сөйлеу, т. б. ) қысқаша түрде аталып өтеді.

Ендігі бір көңіл аударатын еңбек - С. Жиенбаеваның «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы» кітабы. 31 беттік бұл шағын еңбекте оқығанды балалардың қабылдауы оқу әдісіне байланысты екенін, әсіресе, мәнерлеп оқудың маңызын дұрыс көрсеткен. Оқығанды талдау (әңгімелесу, мазмұндама, қорытынды шығару) жұмыстарының түрлерін анықтай келіп, «Салалы сөйлеуді үйрететін жұмыс - мазмұндау жұмысы» екенін айтады. Кітапта мазмұндама мен шығарма жаздырудың орны былайша белгіленген: « . . . тіл дамыту жұмысы, оның ішінде жазба сөзге жаттықтыру жұмысы мектепте зор орын алады. Жазба сөзге жетілу үшін істелетін жұмыстың ең маңыздысы - мазмұндама, шығарма жаздыру». Кітапта оқулықтардағы бар суреттерді пайдалану, шығарманы талдау үлгілері, сөздік жүргізу сияқтылар да әңгімеленеді. Сондықтан бұл кітапты тіл дамыту жұмысын зерттегенде, басшылыққа алынатын құралдардың бірі деп есептейміз. Әрине, кітаптың көлемі шағын, әрі әңгімелеп отырған объектісі кітап оқыту әдістемесі болғандықтан, тіл дамыту жұмысының оқуға байланысты түрлері ғана сөз етілген, оның өзі де толық қамтылмаған.

С. Жиенбаева - алғаш рет балабақшада жүргізілетін тіл дамыту жұмысының ауызша, жазбаша болып бөлінетін жігін ашып, оның әрқайсысына жататын жұмыс түрлерін, жұмыстардағы ой жүйесі мен сөз қлоданудың мәнін көрсеткен әдісекер. [10] .

С. Рахметова «Бастауыш класта қазақ тілі методикасының мәселелері» еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының тілін ұстартуға, оларға сөз мағыналары туралы түсінік беруге қатысты ойлар «Ана тілі» пәнін оқыту әдістемесіне байланысты да айтылады. «Ана тілі» пәнін оқу барысында кездесетін оқушыларға түсініксіз сөздерді 5 түрге бөледі:

1. Затты, сынды, я амалды білдіретін кейбір сөздерді мүлде білмейді. Мысалы: маусым, сонар, бетегелі, маужырау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы
Мектеп жасына дейінгі балаларды көрнекілік арқылы тілін дамытудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Сөйлеу дағдысын дамыту
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ертегілерді пайдалану жолдары
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөздік қорын дамыту
Бала тілін дамытудағы ана тілінің рөлі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz