Мектепке дейінгі жас бала дамуының жана әлеуметтік ситуациясының пайда болуы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Лекция 5
Мектепке дейінгі балалық шақтағы баланың дамуының психологиялық
ерекшеліктері

Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің
қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің
анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің
сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің
дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі.
Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы
орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу
жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.
Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту
процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы
жағдайлар жасайды.
Мектепке дейінгі жас бала дамуының жана әлеуметтік ситуациясының пайда
болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар
арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі
айырмашылығы болады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады.
Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет
ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы
белгілі программа бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ Л. С.
Выготскийдің айтып көрсеткеніндей, бұл программаның жүзеге асуы оның
қаншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына айналуына тығыз
байланысты болып келеді.
Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен
жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, балалар қоғамының
құрылуы болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі
позициясы өз менің және ез қылықтарының маңызын анғарудын арта түсуімен,
үлкендердің ішкі дүние, олардың іс-әрекеттері мен өзара іс арым-қатынасына
ерекше қызығуымен сипатталады.
Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері
оған тән іс-әрекет түрлерінең, алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көрініп
отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен
іскерліктердің болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы
келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі
балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық
тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды
оқыту программасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің, алғашқы
түрлері қалыптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген
зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы
дәрежесі мен мектепте оқуға даярлықтын барысы жағынан балабақшада
тәрбиеленгендігі; бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады. Мектеп жасына
дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері. Айтылып өтілгендей, мектепке
дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс-
әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып,
үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес.
Ойың баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші
болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек
негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде
қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып,
еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да
нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер
өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда
болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын
объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке
араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бір-
сыпыра праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен,
бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексеріп қарауға, қызмет көрсетуге
байланысты ескертпе жасауға правосы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда
сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік
ойында роль атқару дегеннің, өзі рольде көрсетілген міндетті орындау және
ойынның басқа қатысушыларына байланысты. Правоны жүзеге асыру болып
саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тартіптендіріп
отырады. Бірлескең іс-әрекекет үстінде олар оз іс-әрекеттерін үйлестіруді
үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалынатын мұндай өзара қарым-
қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сонымен
бірге баланың өзіндік санасын да жоғары көтереді. Құрдастарына, туа
бастаған коллектив пікіріне қарап бағдар алу баланын әлеуметтік сезімдерін:
топқа ілесу, басқаға жаны ашу т. б. қабілеттерін қалыптастырады.
Сонымен, егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара
қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас
оны балалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге
үйретеді. Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына, балалардың,
осы тобының талаптарына және өзінің жеке-дара қабілеттеріне сай ұстауға
үйренеді. Мінез-құлықты таңдау балалардың жалпы құрамына және өзіндік
мүмкіндіктерін бағалауына байланысты; Бұйырып билеп-төстеуді ұнататын,
сондай-ақ тасада қалып қойғанды дұрыс көретін балалар да болады. Баланың
ойында алатын орны оның пассивтілігінің дәрежесін анықтамайды.
Мектепке дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет
процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі кұрдастар тобындағы барлық
балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану
әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты
болып есептеледі. Алайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала
маңызды орынға талаптануын көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы
жағдайларда ғана жарыққа шығарады.
Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін
таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы статустық
ролые талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу
(идентификация) күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі
ретінде балаға танылған баламен бірге тебірену, жедімпаздың
шаттығына қуану қиындау болады. Әдетте сезімнің шарықтауы
роль бөліскенде және рольдер бөлінгеннен кейінгі ойынға кіріскен сәтте
күшейе түседі. Танылу, қажеттілігі және бірге тебірену қабілеттерінің өзара
әсері бірлескен іс-әрекетпен шұғылданушы құрдастар тобындағы қарым-
қатынастардан туындайды. Осы айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын
мінез-кұлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын
қайсібір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп түсінуге
мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасу қабілетін
үйренеді.
Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен
алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала
үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып
қолдана алады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат,
жануар, басқа адамдар орнына өзін де қолданады. Мысалы, мылтықтан атып
жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі құлап түседі.
Мынадай жайтты да атап өткен маңызды: бала затқа өзі ат қойған соң енді
онымен бастапқы қасиеттеріне сай іс-әрекет жасамай, оның жаңа атына сай
әрекет жасай бастайды. Егер таяқ мылтыққа айналса, ол одан атады, атқа
айналса, оған мініп шабады; пароходқа айналса, ол жүзіп отырып жағаға келуі
тиіс.
Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі. Ойын
жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағыдан зейінін
жақсы жинақтайды және көбірек есте сақтайды.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр
баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын
барысына қатысты өзгілектерін түсінікті етіп айта алмаса, егер ойын
үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда құрбылары
оны жақтырмайды. Психологиялық әдебиетте құрбылармен қарым-қатынас жасау
мүмкіндіктерінен айрылған егіз ұлдардың психикалық нашар даму оқиғасы
суреттелген. Өзара қарым-қатынас жасауда бұл егіздерде өздерінің екеуіне
ғана түсінікті автономиялық тілі қалыптасқан, Егіздерді белгілі уақыт
ажыратып, басқа балалар коллективіне қосқан жағдайда ғана олар дұрыс тілдік
қарым-қатынас жасау қабілетіне ие бола бастған. Жалпылама мағынасын
қолдануды т. б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың акыл-ой әрекетінің
түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай
отырып, ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей
(тіпті бала оны жақсы біліп турса да) қазіргі ойын жағдайына кажетті заттын
атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, тандалынған нәрсе, біріншіден,
жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір сыртқы тірегі және, екіншіден,
осы заттын жасалынатын шынайы іс-әрекеттер тірегі ретінде көрінеді.
Сонымен, рольдік ойында ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастайды.
Алғашкыда, әрине, ойша әрекет жасау нақты заттарға сүйене отырып жүзеге
асады. Бала өзі жаңа ат беріп және демек, жаңа функция артатын заттармен
нақты әрекет жасаудан біртіндеп ішкі, нағыз ақыл-ой әрекетіне ауысады. Ақыл-
ой әрекеттеріне ауысудың негізі ойын әрекеттерінің қысқаруы мен
жалпылануынан тұрады.
Рольдік ойынның психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де
үлкен маңызы бар. Мәселен, киял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен
ғана дами бастайды.
Мектепке дейінгі шақтың ішінде ойын мазмұны сапалы өзгеріске түседі.
Мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны үлкендердің шынайы
заттармен жасайтын іс-әрекеттерін ойын заттары арқылы қайта жаңғыртатын іс-
әрекеттерді орындау болып есептеледі. Мәселен, үш жас шамасындағы балалар
столды сүртеді, еденді сыпырады, нан тіледі, аяқкиім тазалайды т. с. с. Іс-
әрекеттерді қайта жаңғырту — мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі
мазмұны, міне осы. Бұл кезенде балалар, әдетте, жеке-дара ойнайтынын атап
өту маңызды. Тіпті ойын материалы арқылы немесе үлкендердің арнайы
ұйымдастыруымен біріккеннін өзінше олардың ойыны бәрібір бірлесіп ойнау
емес, қатар ойлау. Балалар бір-бірінің ойынына аз көңіл аударады, әрқайсысы
өз ойыншығымен жайбарақат шұғылданып отырады.
Мектепке дейінгі ересектердің ойыны сәл басқаша өтеді. Егер сәбилер
үлкендерден үйренген кейбір іс-әрекеттерді орындай отырып, осы іс-
әрекеттерге сәйкес рольдерді өзіне алмайтын болса, ересек балалар қайсыбір
рольдерді ойнай бастайды, Мәселен, қуыршақты тербетіп отырған екі-үш жасар
қыз бұл жерде өз мойнына мама рөлін алмайды да бұл жағдайда: Сен кімсің?—
деген сұрақка өз атын атап жауап береді. Ал бес-алты жасар қыз болса, өзің
мамамын деп таныстырады. Бұл жерде бала енді іс-әрекетті сол әрекеттің
өзі үшін жасамайды. Олар рөлые кіріседі. Ойын дамуының бұл сатысында баланы
адамдар арасында болатын қарым:қатынастар қызықтыра бастайды.Әрекеттер
қарым-қатынастарды өрістетудің құралы ретінде қолданылады. Ойын басталмай
тұрып-ақ балалар кімнің кім болып
ойнайтынын келісіп алады. Мұнда бұрын айтылып етілгендей, әлеуметтіқ
рольдер игеріледі. Балалар көп жағдайда балалар болып ойнайды. Мұндай
жағдайларда олар адамдар қарым-қатынасы жүйесіндегі өз орындарын жақсы
түсініп, өздерінің осалдықтары мен күштерін біледі.
Ересектермен шынайы қарым-қатынаста бала тек бала болу мүмкіндігіне ғана
емес, сонымен бірге баланың ролін ойнау мүмкіндігіне де ие болады. Соңғы
жағдайда ол қолында ресми билігі бар үлкендердің өзін билеп-тестеп кете
алады. Мәселен, бала үлкендердің негізгі назарында болу, тілегіне жету үшін
өзінің балалығын да пайдаланып кетеді. Балалық әлсіздік бала пайдалануға
үйренетін әсерлі күшке айналады.
Өмір тәжірибесінің жоқтығы мен бәрін де тезірек білуге тырысушылық баланы
ғажап максималист етеді. Осылай болады, бұлай болмайды, бұл — жақсы,
бұл — жаман — балалар бағалануының кең тараған формалары. Осыдан барып
ережелерді ұнату туындайды. Мектепке дейінгі ересек балаларда ойын
мазмұнының бастысы— ережелерге бағыну, өзін-өзі тежеу, қарым-қатынас
тәртібі алдыңғы кезекке шығады. Ойын үстінде балалар өз әрекеттерін тез
үйлестіріп, бір-бірінің айтқандарына көніп, бағынып отырады, өйткені бұл
олардың өздері алған рольдердің мазмұнына енеді.
Әрекеттерді рольдік қатар бағындыру мен келістіру кезеңі кейбір
құрбыларына біршама тұрақты ықылас пайда болумен сай келеді. Ойын енді
белсенді қарым-қатынас үшін желеуге айналады. Басқа баламен бірлесіп әрекет
жасау әлеуметтік қарым-қатынас дағдысынсыз оңайға түспейді. Құрбысымен
қарым-қатынасты түзеп, оның ықыласынан айырылып қалмау үшін бала өзара
түсінік жолдарын іздестіреді. Қарым-қатынастағы кейбір жеңілтектік
ойындағы серіктерін жиі алмастыру адамдар қарым-қатынастарын игеруге
ұмтылудан туындайды. Жиі-жиі жаңка достық қарым-қатынастар жасай отырып,
бала таныс құрбыларының тобында өзіне белгілі еркіндік беретін көптеген
мінез-құлық формаларын игереді.
Ойынмен қатар мектеп жасына дейінгі баланын психикалық дамуында елеулі
рольді сурет салу, мүсіндеуі аппликация, конструкциялау тәрізді жемісті іс-
әрекет атқарады. Оның әрқайсысы белгілі берілген сапалары бар нәтиже
(сурет, құрылыс) алуға, бағытталуымен сипатталады. Балалардан іс-әрекет
процесі дәл казіргі сәтте оны қызықтырмаған жағдайдың өзінде де тиісті
нәтиже алуға үйрену, түпкі ниетін жасау оны бірізді жүзеге асыру талап
етіледі. Әрине, мектеп жасына дейінгі кішкентайлар өз әрекеттерін әзірше
мұңдай талаптарға бағындыра алмайды. Алғашқы кезде оларда нәтижеден гөрі
текшелерді орналастыру, саз балшықтың формасын өзгерту, қарындаш пайдаланып
қағазда із қалдыру сияқты іс-әрекет процесінің өзі қызықтырады. Нәтиже
алуға деген бағыттылық іс-әрекетті игеру барысында біртіндеп қалыптасады.
Міне, осы бағыттылықтың қалыптасуына карай бала қажетті сыртқы, практикалық
және ішкі, психикалық әрекеттер түрлерін игереді, онда эстетикалық
тебіреністер мен творчестволық қабілеттер қалыптасады.
Балалардың суреттері зерттеушілердің назарын неғұрлым көбірек аударады.
Балдырғандардын салған суреттері өзіне тән белгілерімен ерекшеленеді: олар
схемалы болып келеді (адам бірнеше сызықтармен бейнеленеді), оларда көлемі
жағынан заттардың арақатынастары (гүл үйшіктен үлкен болуы мүмкін) және
кеңістік қатынастары жиі бұзылады, кейде зат бір мезгілде түрлі жағынан
бейнеленеді және т. б. Белгілі дәрежеде бұл ерекшеліктер балалар
суреттерінің ойын немесе қызық оқиғалар жөніндегі әңгіменің элементі ғана
болуымен түсіндіріледі. Суретте көрсетілмегендер сөзбен немесе қимылмен
толықтырылып отырады. Балалар игерген бейнелеу құралдарының тапшылығының да
әсері тиеді. Бірақ сонымен қатар бейнелеу ерекшелігінен бала қабылдауы мен
ойлауына тән белгілер де көрініп қалады. Мұның дәлелі ретінде көп жағдайда
балалардың өз құрбылары салған заттың суретін тез танып, ал үлкендердің оны
тануда қиналатынын келтіруге болады. Бейнелейтін заттарды зейін қоя және
жүйелі тексере білуге, оларға тән белгілерді бөле білуге тәрбиелеп,
балаларды қажетті техникалық дағдылармен қаруландырып, сурет салуға дұрыс
үйреткен жағдайда мектепке дейінгі шақтың өзінде заттарды шынайы бейнелеуге
толық қол жеткізуге болады. Мұндай үйрету максатты түрде белсенді
қабылдауды және ойлау операцияларын дамытуға көмектеседі. Бала өз ниеттерін
жүзеге асырудың қажетті құралдарын алады, ал мұның өзі творчестволық
қабілеттерді дамытады.
Мектеп жасына дейінгі балалар жекелеген еңбек тапсырмаларын да орыңдауды
үйренеді. Әрине, бұл жерде іс-әрекеттің ерекше дербес түрі ретіндегі еңбек
жөнінде айту ертерек болғанымен, осындай тапсырмаларды орындау үстінде
еңбекті дамыған формаларына тән кейбір психологиялық қасиеттер қалыптасады.
Солардың ішіндегі негізгісі өз іс-әрекетін қоғамдық мотивтерге бағындыра
білу, бұл іс-әрекеттің басқа адамдарға келтіретін пайдасын басшылыққа алу
болып табылады. Нәтижесінде мектепке дейінгі шақтағы бала оқу әрекетінің
элементтерің игереді. Әр түрлі дәрежедегі үйрену балалардың кез келген іс-
әрекетінін, құрамына енеді. Бірақ баланың өзі үшін оқу ерекше іс-әрекет
болып, оқу міндеті қандай да болмасын бір жаналыққа үйрену пайда болғанда
ғана қалыптасады. Оқу міндеттерінің бөлініп шығуы мектепке дейінгі балалық
шақтын соңына қарай ғана болады. Осыған байланысты балаларда үлкеннің
нұсқауларын зейін қоя тыңдап, орындай білу пайда болып, тапсырманы орындау
тәсіліне деген ықлас, өзін-өзі бақылаудың алғашқы дағдылары қалыптасады.
Оқу әрекеті балдық психикасына, алдымен қабылдау, зейін, ес, ойлау тәрізді
психикалық процестердің ырықтылығы мен басқарылуына өте жоғары талаптар
қояды және сөйте отырып тиісті психикалық қасиеттердің қалыптасуына
көмектеседі.
Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму. Мектепке дейіңгі шақ —
баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен
ойлаудың адамға, тән формаларын игеру, қиялдың күшті даму, ырықты зейін мең
мағыналы естің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады.
Үш жастан жеті жасқа дейінгі керу, есту, тері-қимыл сезгіштігінің
табалдырықтарының едәуір төмендейтіні байқалады. Көздің көргіштігі, түстер
мен олардың реңктерін ажырату нәзіктігі артып, фонематикалық және жоғары
дыбысты естуі дамиды, қол белсенді сөзіну мүшесіне айналады. Бірақ бұл
барлық өзгерістер өздігінен бола салмайды. Олар баланың болмыстағы заттар
мен құбылыстарды олардың сан алуан қасиеттері мен қарым-қатынастарын
тексеруге бағытталған қабылдаудың жаңа іс-әрекеттерін игеруінің нәтижесі
болып есептеледі. Қабылдау іс-әрекеттері заттар мен құбылыстар қасиеттерін
айқындау мен ескеруді талап ететін мазмұнды іс-әрекет түрлерін игеруге
байланысты қалыптасады. Форманы, көлемді, түсті көру қабылдауын дамыту үшін
аппликация, сурет салу, конструкциялау сияқты әрекеттіқ жемісті түрлерінің
айрықша маңызы бар. Сезініп қабылдау мүсіндеу, қол еңбегі процесінде,
фонематикалық есту тілдік қарым-қатынас, процесінде жоғары дыбысты есту
музыкалық сабақтарда дамып жетіледі.
Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін, А. В. Запорожец
пен оның қызметкерлерінің еңбектерінде көрсетілгендей, балалардың сенсорлық
эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар (сенсорлық эталондар — спектр
түстері, геометриялық формалар, музыкалық дыбыстар, тіл фонемалары т. б.
жүйесі тәрізді адамзат белгілі бір жолмен беліп алған зат тар қасиеттерінің
жіктелген және өзара байланысқан үлгілері). Сенсорлық эталондар балалар
қабылдау әрекеттерін орындағанда қолданылып, тексерілуге тиісті заттардың
ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін айрықша өзінше бір өлшем
қызметін атқарады.
Мектепке дейінгі балалық шақтын соңында бала мақұлдағаң эталондарды әлі
игермейді. Онын қабылдау өлшемі нақтылы жақсы таныс заттардың қасиеттері
туралы елестер болады. Бұл, мәселең, баланың заттардың қасиеттеріне беретін
сөздік атауларынан байқалады. Мысалы үш бұрышты анықтай отырып, бала: Үй
сияқты, Шатыр сияқты, шеңберді анықтай отырып: Доп тәрізді; сүйірді:
Қияр тәрізді; қызыл түс жайында: Шие сияқты т. б. деп жауап қайырады.
Эталондардың жұрт мақұлдаған жүйесін игеру қабылдауды жандандырып;
баланың дүниені қоғамдық тәжірибе тұрғысынан қабылдауына мүмкіндік береді.
Егер баланы эталондар жүйесімен арнайы таныстырмаса, онда бала оларды
біртіндеп стихиялы жолмен түрлі, әсіресе жемісті іс-әрекеттер орындау
үстінде игереді. Қолданылатын материал түстер мен түрлердің негізгі
үлгілерінен, көлемдердің серияларынан (түсті қарындаштар, бояулар, мозаика,
құрылыс текшелері) түрады. Бала үлгілерді олар5а тән ерекшеліктерге сәйкес
қиыстыра отырып затты бейнелейді, оның моделін жасайды: Мұндай практикалық
моделдеу — к-ру тұрғысында моделдеуге ауысудың бастамасы.
Қабылдауды дамыту әсіресе арнайы ұйымдастырылған сенсорлық тәрбие болған
жағдайда тиімді етеді. Сурет салуға үйреткенде музыка сабақтарында,
дидактикалық ойындар процесінде мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық
эталондар жүйелерімен жоспарлы түрде таныстырады, заттарды тексеру
тәсілдеріне, олардың қасиеттерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық даму
Баланың дамуының ерекшелігі
Даму психологиясы пәні мен міндеттері
Мектеп жасына дейінгі жас шамасындағы зеиінің психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық сипаттама
Баланың даму шақтары
Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі
5-6 жасар балаларды мектепке даярлау әдістері
Сөйлеу әрекеті кезеңі
Психологтың мектепке даярлық тобымен жүргізетін жұмысы туралы
Пәндер