Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске

асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсаты
  2. «Балапан» бағдарламасы
  3. ҚР Мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі туралы

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау

Осы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар (бұдан әрi - Бағдарлама), «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң), «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (бұдан әрi - Ереже), Бiлiм және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi нұсқаулыққа (бұдан әрi - Нұсқаулық) және басқа да білім беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзiрленген.

2. Бағдарлама меншiк түрiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды (бұдан әрi - ұйымдар) мемлекеттiк аттестаттаудан (бұдан әрi - аттестаттау) және өзіндік бағалаудан өткiзу кезінде бірыңғай тәсіл мен мөлдірлікті қамтамасыз етуге арналған.

3. Аттестаттау толықтай білім беру ұйымы бойынша жүзеге асырылады.

4. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және жұмыс істейтін халықаралық және шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен олардың филиалдарын аттестаттау, егер Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарда басқаша белгiленбесе, Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарына қойылатын тәртiп және шарттар көлемiнде өткізіледі.

5. Аттестаттау барысында білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігі анықталады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсаты

Республикада 2010 жылғы 1 қаңтарда 373, 1 мың баладан тұратын 4972 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеуде, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың 38, 7%-ын қамтиды. Бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 3, 1%-ға артық.

Балабақшамен қамтудың ең жоғары көрсеткіштері Қостанай (90, 3%), Қарағанды (69, 6%), Ақтөбе (64, 3%), төменгі көрсеткіштер Оңтүстік Қазақстан (14, 4%), Алматы (21, 5%) облыстарында.

271 мыңнан астам бес-алты жастағы балалар немесе олардың жалпы санының 83%-ы (қалалық жерде - 85%, ауылдық жерде - 82%) мектепалды даярлықпен қамтылған.

Жалпы білім беретін 6430 мектепте 10 754 мектепалды даярлық сыныптары ұйымдастырылған, оларда 168, 7 мың бала оқытылады. 1271 мектепке дейінгі ұйымдарда 3480 мектепалды топтары жұмыс істейді, олардағы балалар саны 102, 6 мың.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Қазақстан республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда:

1) «Балбөбек», «Қарлығаш», «Қайнар» республикалық бағдарламалары іске асырылуда;

2) 2009 жылы «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас) мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламалары әзірленді және бекітілді;

3) осы бағдарламалардың оқу-әдістемелік кешені (жекеменшік, отбасылық балабақшалар, және ата-аналарға арналған консультациялық пункттер үшін әдістемелік нұсқаулықтар мен дидактикалық материалдар) әзірленді.
Елбасы Н. Назарбаевпен өткен тікелей желі барысында мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты сұрақтардың көбі мектепке дейінгі тәрбиелеу қызметінің қолжетімділігі туралы қойылды.

Елбасының берілген тапсырмасын орындау мақсатында халықты балабақшамен қамтамасыз ету қысқамерзімді шаралары жүргізілді:
1) 2009-2015 жылдарға мемлекеттік және жекеменшік инвестиция есебінен мектепке дейінгі ұйымдардың объектілерін енгізу кестесі құрылды;
2) мемлекеттік органдар орналасқан балабақшалар ғимараттарын босату бойынша, оларды коммуналдық меншікке беру шаралары жүргізілді;
3) мектепке дейінгі ұйымдарды ашу үшін басқа да ғимараттар мен орындарды пайдалану қарастырылды.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық әкімдеріне мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту және мемлекеттік білім беру тапсырысын меншік түріне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда орналастыру жөнінде ұйымдастыруға кеңес беру көмектері көрсетілді.

Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау шараларын жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.
Әлеуметтік осал тұрғындар қатарына жататын отбасылардың балалары мектепке дейінгі ұйымдарда кезектен тыс орын алу мүмкіндіктері қарастырылған мемлекеттік Стандарт жасалып шығарылды.
Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдарды медициналық, кадрлық, оқу-әдістемелік, материалдық-техниканы қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша мәселелер қарастырылуда.

Қолданылған шаралар демографиялық өсу есебінен 2010-2012 жылдары - 2 310 бірлікке (217 мың орындық), 2013 жылы - 282 бірлікке (34, 6 мың орындық) мектепке дейінгі ұйымдардың желісін көбейтуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, 2009-2015 ж. ж. 307, 8 мың орындық 3 358 мектепке дейінгі ұйымдарын құру, 2010 жылы «Жол картасы» аясында 2000 тәрбиеші дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қамтамасыз ету күтілуде.

«Балапан» бағдарламасы

2010 жылы «Балапан» Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыру бойынша (одан әрі - «Балапан» бағдарламасы)

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыста 4 балалар бақшасы салынды, 69 мектепке дейінгі шағын орталық құрылды, 2 жеке меншік балабақша ашылды.

Бұдан басқа, бұрын жекешелендірілген мектепке дейінгі ұйымдарды қайтарып алу, тұрғын үйлердің 1-қабаттарында ашу, жалға берілген, коммуналдық меншіктегі жеке тұрған ғимараттарды босату, басқа да ғимараттар мен үйлерді беру есебінен 3 балабақша ашылды және 2 балабақшаның бөлігі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 28 мамырындағы №488 қаулысына сәйкес 2010-2014 жылдары «Балапан» бағдарламасын қаржыландыру үшін 4, 557 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 4, 171 млрд. теңге, жергілікті - 0, 418 млрд. теңге. Оның ішінде 2010 жылы 0, 488 млрд. теңге бөлінді және игерілді.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде 2011 жылдың басында 462 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде - 177 балабақша және 285 мектепке дейінгі шағын орталық. Балабақшалар мен шағын орталықтар 44, 037 мың балаға қызмет көрсетеді.

ҚР Мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі туралы

Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі әртүрлі типті, түрлі және деңгейлі білім беру ұйымдарынан тұрады:

мектепке дейінгі ұйымдар;

жалпы білім беру мектептеріндегі мектеп алды сыныптары;

түрлі деңгейдегі БКИ-дегі мектепке дейінгі тәрбие және мектеп алды дайындық кабинеттері;

жоғары оқу орындары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі білім беру факультеттері және бөлімдері.

Негізгі түрі 9-10 сағаттан жұмыс істейтін және жастық топтары бар ясли-бақша болып табылады. Балаларды жастық деңгейіне қарай бөлетін топтар:

ерте жастағы балалар тобы - 1 жастан 2 жасқа дейін;

бірінші кішкентайлар тобы - 2 жастан 3 жасқа дейінгі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикадағы балаларға қосымша білім беруші ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың жинағы
Қазақстан Республикасының заңы
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама және әдістемелік ұсынымдар
Білім беруді ақпараттандыруда педагогикалық технология
Білім беру мақсаттары жайлы ақпарат
Білімді қаржыландыру
Білім беру саласы, құрылымы және принциптері
Қазіргі кездегі оқу мекемелеріне сипаттама (гимназия, лицей, колледж)
Стандарт талаптары
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды медициналық оңалту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz