Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың педагогикалық - әдіснамалық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 225 бет
Таңдаулыға:   
-----------------------
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық университеті

Жұмабекова Фатима Ниязбекқызы

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың педагогикалық - әдіснамалық
негіздері

Астана, 2010

УДК
ББК
Ж

Пікір білдіргендер:
Сейітқазы П.Б. - п.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ.
Жиенбаева С.Н. -п.ғ.д., Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті.

Ф.Н.Жұмабекова
Мектепке дейінгі кезеңде білім беру мазмұнын жаңартудың әдіснамалық
негіздері. Монография - Астана, 2010. 250 бет

ISBN

Монографияда мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми
-педагогикалық негіздері айқындалып, оның әлемдік тәжірибедегі мәні мен
маңызына жан-жақты талдау жасалған. Қазақстандағы мектепке дейінгі
ұйымдардағы білім мазмұнының дамуының басым бағыттары мен қалыптасуының
қазіргі жайы қарастырылған. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың
тұжырымдамасы, моделі жасалып, негізгі бағыттары нақты көрсетілген. Білім
мазмұнын жаңартуда бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыру логикалық-
психологиялық проблема тұрғысынан қарастырылып, білім мазмұнын жаңартуда
инновациялық технологияларды пайдалану, тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігін
жетілдіру, шығармашылығын дамыту жолдары қамтылып, педагогикалық жүйесі
жасалған.
Монография ізденушілерге, оқытушыларға, магистранттарға тәрбиеші
педагогтарға және студенттерге арналады.

Мазмұны
Алғы сөз

1 Үздіксіз білім беру жүйесінде мектепке дейінгі білім
мазмұнын жаңартудың теориялық-әдіснамалық негіздері

1. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми - педагогикалық
негіздері
2. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнының әлемдік тәжірибедегі мәні мен
маңызы
3. Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұнының дамуының басым
бағыттары мен қалыптасуының қазіргі жайы
4. Білім мазмұнын жаңартуда бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыру логикалық
- психологиялық проблема

2 Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары мен
тұжырымдамалық негіздері

1. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық
негіздемесі және оны жүзеге асыру шарттары
1. Мектепке дейінгі кезеңдегі білім беру мазмұнын жаңартудың моделі
2. Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының сипаттамасы

3 Мектепке дейінгі ұйымдарда білім мазмұнын жаңартуда инновациялық
технологияларды пайдалану мүмкіндіктері

1. Білім беру мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды пайдалану
арқылы тәрбиешілердің шығармашылығын дамыту
2. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуда тәрбиешінің инновациялық
технологияларды пайдаланудағы кәсіби құзіреттілігін жетілдіру бағыттары
3. Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны және
оны тиімді пайдаланудың технологиясы

Қорытынды Әдебиеттер тізімі Қосымшалар

Алғы сөз

Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жаңа онжылдық-жаңа
экономикалық өрлеу - қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты халыққа
жолдауында балаларды мекепке дейінгі оқыту мен және тәрбиемен қамтамасыз
етуді арттыруға бағытталған Балапан арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске
асыруға кірісуді тапсырамын. 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық
оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды
қабылдауы тиіс. Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы
заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша
енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы
үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет-деп атап көрсеткен еді. Аталған
стратегияны жүзеге асырудағы басым бағыт білім беруді жаңарту -
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатын
маңызды құрал болуында. Білім берудің бағыт-бағдары Қазақстан
Республикасының Ата Заңында, Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында,
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және басқа мемлекеттік құжаттарда
негізделген.
Қоғам дамуындағы, заман ағымындағы болып жатқан соңғы өзгерістер мен
білім беру саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі
ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде
қалыптастыруға сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеу мен
білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Аталған
міндеттерді шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке
дейінгі кезеңде білім мазмұнын жаңартуды қамтамасыз етудің жолдарын
нақтылаудың маңызы зор.
Ұлттық негіздегі білім беру ұйымдарының мәні өз шәкірттеріне халқының
мәдениетін терең де жан-жақты үйрету, олардың санасына ұлтына деген құрмет
пен мақтаныш сезімін сіңіре білуді басқа ұлттардың мәдениетін қадірлей
білумен ұштастыру болып табылады. Осы орайда, өз заманымыздағы ғылым
салаларынан түгелдей хабардар болған аты әйгілі ақын, философ, қоғам
қайраткерлері түркі халықтарының мәдени рухани мұраларымен таныстыруды жөн
көрген, қасиетті қағидалар мен өсер ұрпаққа өсиет қалдырған Әл-Фараби,
Ж.Баласағұни, Науаи, Қожа-Ахмет Яссауи, М.Қашқари, М.Х.Дулати сынды т.б
ойшылдардың педагогикалық ой тұжырымдарынан нәр аламыз. Өткеннің
тәжірибесін бүгінмен жалғастыра озық өнегелі рухани дәстүрді ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізу үдерісі үнемі жүріп отырады. Бұл үдеріссіз қоғамның
өркениетті елдер деңгейіне жету мүмкін емес.
Ұлт мәдениетінің маңызы және оның жеке тұлғаның рухани дамуына тигізер
әсері, білім беру туралы ой-пікірлердің қалыптасуына Ш.Уалиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, М.Жұмабаев, Т.Шонанов, Ә.Бөкейханов сынды халқымыздың
ағартушылары мен өнер қайраткерлерінің қосқан үлесі зор болды. Өз халқына
білім мен өнер сәулесін шашқан Н.Құлжанова, М.Бегалиева, М.Ниязова,

Ш.Иманбаева сияқты қазақ әйелдерінен шыққан алғашқы қарлығаштар өз
еңбектерінде жас ұрпақ тәрбиесінің өзекті мәселелеріне байланысты айтқан
құнды пікірлері әр кезеңдердегі білім мазмұнын жаңартуға негіз болмақ.
Педагогика ғылымының дамуы барысында тәрбиенің мақсаттары туралы мәселені
қоғамның даму заңдылықтарымен байланыстырды және жас ұрпақтың жан-жақты
дамуын педагогикалық тұрғыда дәлелдеп берген ағартушы-педагогтар: Т.Мор,
Т.Кампанелла, Р.Оуэн, Сен-Симон, Ш.Фурье,
Ж.Ж.Руссо,
И.Ф.Гербарт, И.Г.Песталоции, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Д.Дьюи,
Г.Кершенштейнер, В.Лай т.б зор еңбек сіңірді.
Х1Х-ХХ ғғ. аралығында дидактиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар:
П.Ф.Каптерев, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, А.К.Гастев, А.П.Пинкевич,
М.М.Пастрак, П.Н.Груздев, А.М.Данилов, Ш.И.Ганелин, Е.Я.Голант, Л.В.Занков,
Б.П.Есипов, М.Н.Скаткин т.б оқытудың ғылыми негіздемесіне, обьектісі мен
пәнін анықтауға, педагогикалық емес ғылымдармен байланысын табуға,
зерттеудің әдіснамасын, оқыту әдістері мен дидактиканың басқа да
мәселелерінің дамуына В.С.Ильин, В.И.Загвязинский, В.В.Краевский,
И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.И.Махмутов, П.И.Пидкасистый, И.Ф.Харламов т.б
маңызды үлес қосты. Олардың дидактикаға қосқан үлесі басқа зерттеушілер
сияқты, қазіргі уақытта білім мазмұнын жаңартуда туындайтын көкейкесті
мәселелерге жауап табуға мүмкіндік жасайды.
Зерттеу мәселесінің әдіснамалық, теориялық негіздері философия ғылымы
бойынша: Ә.Нысанбаев, Қ.Шүленбаев, А.Кішібеков, Ғ.Есімов, С.Нұрматов,
А.Қапышев, М.Орынбеков т.б, шетел философтары: Л.М.Архангельский,
Б.С.Гершунский, Г.Гегель, Декарт; Д.Дьюи, Г.Н.Исаенко, Г.Л.Смирнова,
И.Кант, С.Ю.Колчагин, А.Г.Харчаева, В.Я.Ядова еңбектерінде көрніс тапқан.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде балабақшадағы білім мазмұнына
байланысты мәселелерді әр қырынан қарастырған ғалымдар: Р.Абдухадирова,
З.Д.Киекбаева, Э.Х.Мурадов (Өзбекстан), А.М.Магомедов, (Дағстан),
Ж.М.Оразбаева, М.Рахимова (Қырғызстан), С.М.Раймова (Татарстан) т.б. Бұл
зерттеулердің біз үшін құндылығы, әр ұлттың білім беру мен тәрбие
мәселесіндегі белгілі бір мақсатқа жету барысында пайдаланған мазмұндары
мен әдіс-тәсілдерін көрсететін жетекші құрал бола алатындығында.
Қазақстанның білім саласының жағдайы мен болашағы жайлы ғалымдар өз
зерттеулерінде жан-жақты зерделеген. Атап айтқанда: педагогика ғылымының
дамуы мен қалыптасуын, А.І.Сембаев, Қ.Бержанов, К.Қ.Құнантаева,
А.І.Ілиясова, Г.М.Храпченков, К.Ж.Ибраева т.б қарастырса, жоғары мектепте
педагог мамандарды кәсіби дайындауға байланысты проблемалардың бірқатар
аспектілерін қарастырған ғалымдар: Т.С.Садықов, Т.С.Сабыров, М.Н.Сарыбеков,
М.Ә.Құдайқұлов, Қ.К.Жампейісова, Г.А.Уманов, К.Успанов т.б болашақ
мамандарды дайындаудағы біртұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен
әдістемесін: Г.К.Ахметова, Қ.А.Аймағамбетова, А.А.Бейсенбаева, Ғ.Кертаева,
Л.К.Керімов, Е.Ө.Жұматаева, Б.Ы.Мұқанова т.б, мұғалімдердің зерттеушілік
мәдениетін қалыптастыруға байланысты: Ш.Т.Таубаева, З.Исаева, кәсіптік
білім беру және оны жетілдіру жолдары жайында: С.Ә.Аманжолов,

С.Б.Ә.Әбдікәрімов, Ә.Б.Әлмұхамбетов, А.П.Сейтешов, Б.К.Момынбаев,
К.Ө.Өстеміров т.б, салыстырмалы педагогика мәселелерін: А.Қ.Құсайынов,
Қ.Мусин, Г.Қ.Нұрғалиева т.б, қазақ этнопедагогикасы негізінде жеке тұлғаны
дамыту мәселелерін: Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Ә.О.Қамақов, С.Ғ.Ғаббасов,
С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Р.К.Төлеубекова, Ж.Ж.Наурызбай,
Ә.Табылдиев, Х.Қ.Шалғынбаева т.б еңбектерінде кеңінен талдау жасалған.
Мектепке дейінгі білім мазмұнын балалардың қабылдауы, есте сақтауы және
қарым-қатынастың танымдық рөлі, баланың қызығушылығы мен талап тілектерін
орындауға байланысты зерттеу жүргізген психолог ғалымдар: Б.Г.Ананьев,
Л.С.Выготский, М.И.Божович, А.В.Запорожец, Е.Е.Кравцова, Л.А.Венгер,
А.Н.Леонтьев, Г.А.Урунтаева, Е.О.Смирнова, В.Д.Шадриков т.б.
Республика көлемінде мектепке дейінгі тәрбиенің ғылыми-теориялық және
әдістемелік мәселелерін зерттеген еңбектерде атап айтарлық. Олар:
В.Андросова, Р.К.Аралбаева, Б.О.Арзанбаева, Ә.С.Әмірова, Б.Б.Баймұратова,
Н.Б.Баримбеков, С.Г.Бәтібаева, Л.А.Давиденко, М.С.Сәтімбекова,
Р.Ж.Жұмағожина, А.К.Меңжанова, Қ.М.Меңдаяқова, Г.Ж.Меңлібекова, А.Е.Манкеш,
М.Т.Тұрыскелдина, Т.Ж.Қалдыбаева, Н.Д.Храпченкова, Т.И.Иманбеков,
Ж.А.Исмайлова, Ш.С.Сапарбаева, Т.А.Левченко, Ғ.З.Таубаева, С.Н.Жиенбаева,
Г.М.Метербаева, А.Ж.Салиева, Н.С.Сайлауова т.б.
Бұл ғылыми педагогикалық еңбектердің құндылығы олардың өте бай архивтік
материалдар негізінде жазылғандығында және республикамыздағы мектепке
дейінгі ұйымдардың іс-тәжірибесінің жетістіктері мен кемшіліктерін талдап,
оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын, әдіс-тәсілдерін жаңартуда басшылыққа
алатын оқу-әдістемелік құралдары міндетін атқаруында.
Мектеп жасына дейінгі балаға көркемөнер арқылы, яғни бейнелеу іс-әрекеті
мен музыка сабақтары негізінде эстетикалық тәрбие беру мазмұнын ғалымдар:
Т.Н.Доронова, В.С.Ветлугина, В.А.Езикеева, В.М.Изгаршева, В.Б.Косминская,
Т.С.Комарова, Т.Г.Казакова, Н.П.Сакулина, Н.Б.Халезова, С.Г.Якобсон т.б.
зерттеді. Көркемөнер мен эстетикалық тәрбиенің психологиялық аспектілерін:
Б.Г.Ананьев, Л.Выготский, Е.И.Игнатьев, А.Н.Леонтьев, Б.М.Теплов,
П.М.Якобсон, А.В.Запорожец, В.С.Мухина, А.Люблинская, В.Кравцова
зерттеулерінде қарастырылған. Қазақстанда психологиялық мәселелерді
зерттеуде С.Балаубаев, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Х.Шерязданова,
М.Жакупов, Ж.Намазбаева, А.А.Нурахунова т.б еңбектері жарық көрген.
Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған: Баймұратова
Б.Б, Сәтімбекова М.С, Бәтібаева С.Г, Ә.С.Әмірова, Жұмабекова Ф.Н.т.б
Балбөбек, Татаурова Н.Л т.б Мектепалды дайындық, Берғалиева А.Б, Жеке
тұлға, М.И.Нүсіпбекова, Қарлығаш, Доронова Т.Н, Левченко Т.А, Қайнар,
Т.М.Калашникова, Г.Н.Новогренко т.б Алғашқы қадам, Зерек бала, Біз
мектепке барамыз т.б авторлық бағдарламалар тәжірибелік байқаудан
өткізілсе, Ресейде мектепке дейінгі ұйымдарға арналған төмендегідей
бағдарламалар тәжірибеге енгізілген: Л.А.Венгер, О.М.Дияченко Развитие,
Т.Н.Доронова Радуга, В.И.Логинова, Т.И.Бабаева Детство, К.В.Тарасова
Одаренный ребенок, Т.И.Ерофеева Из детства в отрочества, Л.Г.Петорсон
Игралочка, Раз ступенка, два ступенка, Старт, Наследие, Гармония

т.б. Аталған бағдарламалар мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартуда
басшылыққа алатын нормативтік құқықтық құжат болып отыр.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектептің білім мазмұнының
сабақтастығын жаңаша тұрғыда, қазіргі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға
байланысты шешудің бірқатар жолдарын қарастырған ғалымдар: Н.И.Алексеева,
Е.А.Аникудимова, Ж.Арутюнян Р.Афанасьева, Р.Буре, Т.Васильева, З.Грачева,
Д.Гуламирян, С.И.Волкова, Т.К.Воробьева, Т.Н.Зотова, М.Х.Мизова, В.Нечаева,
В.Неменский, А.Леушина, Т.Тарунтаева, В.Кравченко, Р.Стеркина, Р.Саввина,
С.Степанова, Л.Смагина, А.Смоленцова, А.М.Счастный, А.Усова, С.Улитко,
Л.Румянцева, Т.Репина, Р.Руга, Г.К.Широкова, А.Шабалинова, Л.А.Парамонова,
И.Попова, В.Н.Просвиркин, Е.А.Конобеева, З.А.Климентьева, Т.Чепель,
Р.Чумичева, Н.А.Федосова, Т.Яковенко, Н.Янковский т.б. еңбектерінің маңызы
зор. Бүгінгі күнге дейін білім мазмұнын жетілдіруде аударма әдебиеттерді
пайдалануға мәжбүр болудамыз. Бұл мәселелер мектепке дейінгі кезеңдегі
білім мазмұнын жаңартуда айтарлықтай кедергі туғызып отыр. Білім мазмұнын
анықтауда мектепке дейінгі кезеңдегі барлық қарапайым білім негіздерімен
қамтамасыз ететін пәндердің өзара мазмұн үндестігін қарастыру арнайы
зерттеуді қажет етеді. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде
көптеген түйіні шешілмеген мәселелер қордаланып қалғаны белгілі. Солардың
ішінде баса назар аударатыны мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын
жаңарту ең негізгі, маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Алайда жоғарыдағы аталған ғылыми зерттеулер мен мәселені шешу барысындағы
жүргізілген педагогикалық зерделеулер түрлі бағытта қарастырылғанымен
мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту, мақсаттары мен міндеттерін
айқындау, тұжырымдамалық негіздерінің дәйекті дәлелденбегендігі арнайы
зерттеу нысанасы болмағандығын көрсетеді. Қоғамды жаңғырту және
демократияландыру үдерісінде әр ұлттың өзіне тән рухани өмірінің қайта
саралануы, өткеннің мәдени-тарихи мұрасын қайта өркендету мәселесінің білім
мазмұнында толық ашылып берілмеуі, білім мазмұнын жаңартуға арналған төл
туынды, авторлық және балама бағдарламалар мен оның оқу-әдістемелік
кешендерін заман талабына сай қайта дайындау қажеттілігі, білім мазмұнының
жеке пәндік мазмұндарға бөлшектенуі баланың тұтас тәжірибе жинақтауына
кедергі келтіретіндігі анықталды. Мемлекеттік стандартпен оқу жоспарларының
талаптарының біржақтылығы мен балаға берілетін білім мазмұнына қойылатын
талаптардың үйлесімділігінің сақталмауы, балаларға білім беру мазмұны
негізінде білім, білік, дағдылардың өмірлік дағды ретінде қалыптастыруда
тәрбиеші педагогтардың шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігін
шыңдай түсу қажеттілігі мектепке дейінгі кезеңдегі жеке тұлғаға бағытталған
тұтастық парадигмасын жаңа сапалық деңгейде жүзеге асыруды қажет етеді.
Сондай-ақ, зерттеу мәселесінің көкейкестілігінің бір қыры білім мазмұны
жаңа тұрпатты біліммен ғана емес, жаңа икемділіктермен де байи түсуі
қажеттілігі туындауында. Монографияда мектепке дейінгі кезеңдегі білім
мазмұнын жаңартудың әдіснамалық негіздері заман талабына сай зерделенді.

1 Үздіксіз білім беру жүйесінде мектепке дейінгі білім мазмұнын
жаңартудың теориялық-әдіснамалық негіздері 1.1 Мектепке
дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми -
педагогикалық негіздері

Бүгінгі таңда болашақ ұрпаққа білім беруде жас өркеннің болмыс бітімі,
талғам таразысы, талап деңгейін айқындай отырып, оларға нені оқыту керек,
қандай білім беру керек деген мәселені нақтылап алу қажет. Ол үшін білім
мазмұнын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау қажеттілігі туындап
отыр. Білім мазмұны тарихи сипатқа ие. Олай дейтін себебіміз, ол қоғам
дамуының қай кезеңінде болмасын білім берудің мақсаты мен міндеттерін
айқындайды. Білім мазмұны әртүрлі әлеуметтік жүйеде бірдей болған емес. Ол
өмір талаптарының ықпалымен, өндірістің және ғылыми білім деңгейінің
дамуына байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдардағы
халыққа жолдауы-әр адамның жан-жақты дамуына мол мүмкіндік жасайтын
мемелекеттік құжаттың бірі. Бұл жолдаудың негізіне түрлі реформалармен
қатар білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру, әлемдік білім
кеңестігіне толығымен кірігу және қоғамымыздың басты байлығы-жас ұрпақты
дамыту үшін қажетті жағдай жасау жолымен оның ой-өрісін кеңейтіп, жан-
дүниесін байыту, жалпы және кәсіптік білім алуы үшін мүмкіндіктер жасау
туралы мәселелер қойылып отыр.
2007 ж 15 тамызда жарияланған Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңының Білім беру мазмұны - деп аталатын 4 тарауының 13 бабында: Білім
беру мазмұны-жеке адамның біліктілігі мен жан -жақты дамуын қалыптастыру
үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер
жүйесі (кешені)-деп атап көрсетілген.
Республика көлемінде білім беру саласындағы түбірлі өзгерістерге сәйкес
Білім туралы заңды жүзеге асыруда бірқатар шаралар ұйымдастырылуда. Олар:
мектепалды даярлық тұжырымдамасы, мектепалды сыныптарының және мектепке
дейінгі ұйымдардың базистік оқу жопары, міндетті мектепалды даярлығын
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулар, мектеп жанында 6-7 жастағы балаларды
мектепалды даярлаудың бағдарламасының әзірленуі. Аталған құжаттарды
міндетті түрде пайдалануды жүктейтін білім және ғылым министрлігінің № 96,
97 бұйрықтары жарияланды.
Қазақстан Республикасы "Білім туралы заңының" 23 -бабына және 1999 жылы
22 қарашадағы 1762 бұйрығына сәйкес "Балаларды міндетті мектепалды даярлау
мәселелері" туралы қаулысы, оның ережесі және тұжырымдамасының ұсынылуы,
балаларды мектепке даярлау бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе екендігін
көрсетеді. Отбасында және балабақшада, мектеп жанында баланы мектепке
даярлау бағдарламаларының (1998, 1999, 2000), оқу-әдістемелік құралдарының
жарық көруі тәрбиеші-педагог мамандарды даярлау мәселесінің сан қырына
жаңаша қарауды талап етіп отыр, бұл мектепке дейінгі кезеңдегі білім
мазмұнын жаңартуға елулі ықпал етеді.

Білім мазмұнының қалыптасуының материалдық теориясының негізін
Я.А.Коменский салған. Оның Ұлы дидактика атты еңбегінде бәрін бәріне
оқыту өнері ретінде және оның құрамында жан-жақты моральдікке бағытталған
ойлардың қалыптасуы туралы оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін қарастырған.
Я.А.Коменскийдің мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру туралы Ана
мектебі деген арнаулы еңбегі мектепке дейінгі тәрбие жөнінен дүние жүзінде
бірінші бағдарламалық құрал болды. Ол балалардың денсаулығына және дене
дамуына мұқият қамқорлық жасауға, жаңа туған сәбиді күтіп, баптауға,
баланың тамағы, киімі, күн режімі туралы халық тәжірибесі мен өз
заманындағы медицинаға сүйенетін ұсыныстар жасады. Ол адамгершілік
нормаларды игерту, іс-әрекет етуге талаптанушылық, еңбек сүйгіштік,
шыншылдық, мұнтаздай таза жүрушілік, сыпайылық т.б қасиеттерді тәрбиелеу
жөніндегі ұсыныстары құндылығын жойған жоқ. Сондай-ақ, мектепке дейінгі
балалық шақты мектепте онан әрі жүйелі оқытудың даярлық кезеңі ретінде
қарады және мектеп жасына дейінгі бала игеруге тиісті қарапайым білімдердің
неғұрлым кең шеңберін егжей-текжейлі белгілеп берді. Бұл бүгінгі таңда
біздің зерттеуімізге сәйкес білім мазмұнын жаңарту бағытын айқындауға негіз
болмақ.
Педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуында Ежелгі Грецияның аса
көрнекті философтары Платон мен Аристотель көзқарастарының ерекше маңызы
болды. Платон тәрбие мен оқытудың мәні, қоғамдық құрылым мен тәрбиенің
қатынасы сияқты аса маңызды педагогикалық ұғымдардың анықтамасын берген. Ол
балаларды ерте бастан тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі туралы идеяны ұсынды.
Платон ойынды тәрбие берудің маңызды құралы деп қарады, балаларды
тәрбиелеумен шұғылданатын адамдарға қойылатын негізгі талаптарды айқындап
берді.
Аристотель жеке адамның дене, ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесін
қамтитын үйлесімді даму идеясын тұжырымдады. Ол тәрбиенің табиғи
дарындылығына үлкен мән берді. Ол мектепке дейінгі кезеңді жеке адамның
қалыптасуындағы ерекше және маңызды деп бөліп қарады. Бұл кезеңде оның
пікірі бойынша, алуан түрлі ойындармен қатар ақыл ойды дамытатын әңгімелер
пайдалануға тиіс, ал балаларды бес жасынан бастап мақсатты түрде мектепке
даярлау керек-деп тұжырым жасаған болатын.
Мектепке дейінгі тәрбие теориясының қалыптасуына рим педагогы Марк Фабий
Квиантилиан жазған Шешенді тәрбиелеу туралы арнаулы педагогтық трактат-
педагогика тарихында тұңғыш маңызды роль атқарды. Ол балалардың бойында ең
әуелгі-бастапқы түсініктердің қалыптасуына қоршаған ортаның әсер ету
маңызын атап көрсетті, ата-аналарға және педагогтарға биік адамгершілік,
жақсы да дұрыс тіл білуді талап етті. Мектепке дейінгі жаста балалармен
жүйелі сабақ жүргізу мүмкіндігі бар деп есептеді. Алайда соның өзінде
берілетін білім ауқымы кең болмауға тиіс, оны беру әдістемесі бала сүйіп
үлгермеген оқуды жек көріп кетпеуі үшін балалардың қуанышты көңіл күйін,
ынтызарын туғызу керек-дейді.
Х!Х ғасырдың екінші жартысыында-ХХ ғасырдың басында Европада неміс
педагогы Ф. Фребельдің мектепке дейінгі тәрбие теориясы кең таралды. Ол

балалар бақшасы деген терминді енгізді, бұл дүние жүзінде жаппай
қабылданды. Сондай-ақ, тәрбиеші әйелді Фребель баулушы деп атағандығынан
оның балаларға деген сүйіспеншілігі, педагогтарды баланың есеюіне және
дамуына көмектесуге шақырғаны, мақсатты педагогикалық ықпалдың маңызына
жоғары баға бергені айқын көрінеді. Ол балалардың жасына сәйкес бірқатар
қарапайым білім мазмұнымен таныстыру қажеттілігін атап көрсеткен. Оның
идеялары: мектепке дейінгі тәрбиені насихаттау және балалар бақшаларын кең
тарату, мектепке дейінгі мекемелердің жұмысының теориясын бірінші болып
жасап, мектепке дейінгі педагогикалық ғылымдардың дербес саласы болып
бөлінуіне себепкер болды.
Дидактикалық формализм теориясы бойынша: ХУ111 ғ.аяғында Э.Шмидтің
Эмпирикалық психология және А.А.Немейердің Тәрбиелеу және оқытудың
ұстанымдары атты еңбектерінде қарастырылған формалді теория білімнің
мазмұнын қалыптастырудың формальді теориясы ретінде тұтас қалыптасты. Бұл
теорияны ерте уақытта Гераклит пен Цицерон басшылыққа алса, уақыт өте келе
бұл бағытты И.Кант пен И.Г.Песталоции дамытты. Педагогика ғылымында
В.В.Краевскийдің еңбектерінде білім мазмұны түрлі тұжырымдамалары бар деп
көрсетілген, олардың тамырлары өткен формальді және материалды білім
теориясына негізделген. Бұлардың әрқайсысы адамның әлемдік білім
кеңістігінде және қоғамдағы қызыметімен тығыз байланысты қарастырады.
Білім мазмұнының демократиялық қоғамда өз бетімен ойлайтын адам
қалыптастыруды өз міндеті санайтын негізгі үш тұжырымдамасын ұсынады.
Бірінші тұжырымдама: білім мазмұнының педагогикалық бейімделген ғылым
негізері мектепте оқытылады, бірақ басқа жеке қасиеттерді: шығармашылық
қабілет, таңдай білу еркіндігі, өз бетінше дербес әрекет ете білу,
адамдарға адалдық қарым-қатынас ескерілмей, сыртта қалады. Бұл көзқарас
оқушыларды ғылымға немесе өндіріске үйретуге саяды да, ал демократиялық
қоғамда өз бетімен тіршілік етуге, үйретілмейді. Адам өндіріс факторы
ретінде бейнеленеді.
Екінші тұжырымдама: оқушылар білім мазмұнында білімнің, іскерлік пен
дағдының жиынтығын меңгеруі қажет. Білім мазмұны деп оқыту барысындағы
ғылыми білімдер, тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларды, сондай-ақ,
дүниетанымдық көзқарастың, адамгершілік идеялардың жиынтығы деп түсіну
керек - деп тұжырымдайды.
Үшінші тұжырымдама: В.В.Краевский, И.Я Лернер, М.Н.Скаткиннің еңбектерінде
ғылыми негізде көрсетілген. Білім мазмұны осы авторлардың педагогикалық
бейімделген әлеуметтік тәжірибе, гуманистік ойлау пайымдауларына
сай жасалған. Осы тұжырымдама бойынша:
* әлеуметтік тәжірибе негізгі төмендегідей элементтерден тұрады: танымдық
тәжірибеге негізделген білімнің жан -жақты көбеюі;
* белгілі тәсілдерді іске асыру тәжірибесі;
* шығармашылық әрекет тәжірибесі - стандартты емес жағдаяттарды, мәселелік
жағдаяттарды шеше білу;
*
- жеке бағдар кезінде эмоционалды қарым-қатынасты іске асыру тәжірибесі;
Осы элементтер білім мазмұнының құрылымын құрайды және білім түрлерінің
ерекшелігін көрсетеді.
Жалпы білім мазмұны, бір жағынан қоғамдық қажеттілікті бейнелейтін
оқушының оқу - танымдық әрекетінің маңызды шарты болып табылады, екінші
жағынан, жеке оқушының оқуға деген мұқтаждығын қанағаттандыру, оның басты
мәдениетін қалыптастыру құралы болып табылады. Дидактика тұрғысынан бұл
оқытудың білімдік және үрдістік жақтарының бірлігін көрсетеді.
Көрсетілген ұстанымдар білім беру мазмұнының құрамына нені кіргізу керек,
нені кіргізбеу керек екендігін анықтауда маңызды болып табылады. Білім беру
мазмұнын қалыптастырудың тізбектелген факторлары және ұстанымдарына сәйкес
білім мазмұнын таңдаудың жалпы дидактикалық жүйесінің жасалғандығын
сипаттай келіп оның өлшемдерінің жүйесін ұсынады. Білім мазмұнын таңдаудың
өлшемдерінің жүйесі:
Білім мазмұнында өз бетімен ойлай алатын демократиялық қоғам адамын
қалыптастыру міндеттерінің тұтас көрініс табу өлшемі. Білім мазмұнына жалпы
білім беру тұрғысынан маңызды ғылым әдістері, білімдердің типтік
мәселелерді қамтитын салаларынан алынған білімдер енеді.
1. Мектептегі оқу пәніне және оқу пәндері жүйесіне кіретін білімдік
материалдың жоғары ғылымилығы, тәжірибелік маңызы өлшемі. Оқу пәндеріне
білімдер туралы - жалпы білімдер, анықтама, ғылыми факт, тұжырымдама,
үдеріс т.б. енгізіледі.
2. Білімдік материал мазмұны күрделілігінің сол жастағы оқушылардың оқу
мүмкіндіктеріне сәйкестігі өлшемі.
3. Мазмұн көлемінің осы пәнді оқуға болінген уақытқа сәйкестігі өлшемі.
4. Жалпы орта білім мазмұнын құрастырудың халықаралық тәжірибесін
есепке алу өлшемі.
5. Мазмұнның қазіргі мектептің оқу-әдістемелік және материалдық
базасына сәйкестігі ұстанымы.
Білімінің мазмұнының қалыптасуының жалпы дидактикалық ұстанымдары,
факторлары, өлшемдері осындай. Аталған ұстанымдар мен білім мазмұнын таңдау
өлшемдерінің жүйесі мектепке дейінгі кезеңдерде білім мазмұнын жаңартуда
басшылыққа алынады.
Бүгінгі таңда өркениетті елдердің қатарына қосылу бағытында білім беру
сипаты мен шарттарына сәйкес білім мазмұнын өзгерту мен жаңартуда бірқатар
басты тенденциялар анықталды. Олардың біршамасы қазірдің өзінде
Қазақстандағы білім беру аясындағы реформаларға байланысты білім мазмұнын
жаңартуда өз орнын алуда. Білім мазмұнын жаңартуға байланысты негізгі
басшылыққа алатын өте қажетті төмендегідей факторларды атап айтуға болады:
білім берудің жалпы адамзаттық құндылықтары мен гуманитарлық бағыттарының
тереңдетілуі, оның әмбебаптылығы, қоғамдағы білім берудің интеграциялануы,
нарықтық экономиканың дамуы, әлеуметтік қажеттіліктің көбеюі, білім берудің
азаматтық қызметінің рөлі көтерілуі, жеке тұлғаның кәсіби шеберлігіне
қойылатын талаптың жоғарылығы. Білім берудің адамды

сақтау қызметі, яғни бірінші кезекте балалар мен жасөспірімдердің
денсаулығын сақтау мен нығайту институты болып қалыптасуы; білім берудің
іргелендірілуі, ақпараттандырылуы, экологияландырылуы және білім беру
ортасының рөлі арттырылуы қажет - деп тұжырым жасаймыз.
Білім мазмұнының қалыптасу көздері мәдениет немесе әлеуметтік тәжірибе
болып табылады. Әлеуметтік тәжірибе, яғни мәдениет біртұтас алынғанымен де,
ол балабақшадағы немесе мектептегі білімнің құрамын анықтамайды. Әлеуметтік
тәжірибеде немесе мәдениетте білім мазұнын анықтайтын көздерді табу керек.
Бұлар материалды таңдау, ішкі құрылымға сәйкес мазмұн құрастыру ұстанымын
анықтайды. Мұндай көздерге ғылым, материалдық және рухани өндіріс, қоғамдық
қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сана формалары, адам әрекеті түрлері
(практикалық, танымдық, құндылық - бағдарлық, көркемдік) жатады. Білім
мазмұны нақты-тарихи, психологиялық талаптар негізінде жасалған. Осы
талаптарға сай әлеуметтік тәжірибе педагогикалық өңдеуді талап етеді. Бұл
білім ұйымдарын бітірушілердің өмірде белсенді әрекет етуіне және
психикалық қасиеттердің, балалық тұлғаның қалыптасуында, дұрыс шешім
қабылдауына көмектеседі. Сонымен білім мазмұнын қалыптастыруда баланың жеке
тұлғалық дамуы, оның қабілеттілігі, қызығушылықтары мен талаптары
ескеріледі. Сол мақсатта міндетті пәндерді оқытумен қатар балаларға өз
еріктерімен басқа пәндерді де таңдай алады. Мұндай келісім білімнің
тереңдеуіне, қызығушылықтың дамуына, ортаға тез бейімделуіне ықпал етеді.
Ресейлік дидакт ғалымдар: Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько, В.В.Краевский,
М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.С.Леднев т.б білім беру мазмұнының теориялық
мәселелерін және оны іріктеу жолдары мен білім мазмұнын таңдаудың
пинциптерін айқындаған. М.Н. Скаткиннің зерттеулері Ресейдегі және шет
елдердегі дидактиканың іргелі мәселелеріне негізделді.
Қазіргі кезеңдегі қоғамдық өзгерістер мен жаңа білім беру кеңістігінде
жаңартуларға қатысу маңызды жауапкершілік міндеттер жүктейді. Барлық ТМД
елдеріндегідей мектепке дейінгі білім беру жүйесі өте күрделі кезеңдерден
өтіп, тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту және оны жүзеге асыру
бүгінгі күннің үлесінде. Білім мазмұнын дәстүрлі педгогикалық модель
тұрғысынан алып қарағанда ол білім, білік, дағды - деп қарастырылған. Ал
қазіргі кезеңдегі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда бұл, барлық
мәдениеттің құрамындағы педагогикалық интерпретация-деп тұжырымдалған.
Ғалымдар: В.С.Леднев, А.Г.Ковалев, К.К.Платонов, Н.И.Непомнящей, М.С.Каган
т.б білім мазмұнының теориялық аспектісіне әдіснамалық - теориялық тұрғыдан
жан -жақты талдау жасаған. Бұл түсінік білім мазмұнының құрылымында:
мектепке дейінгі кезеңдегі қарапайым білім мазмұнын беруге арналған пәндер
жиынтығын жалпы білім беру мазмұнындағы орны мен рөлін, оқу материалдарының
логикалық үйлесімділігін анықтауда маңызды рөл атқарады.
Педагогикада білім беру мазмұны жеке тұлғаны қалыптастырумен дамыту
барысындағы ғылыми негіз ретінде қарастырылады. Өйткені, жеке тұлға дамуы
тәрбие мен оқытуға тығыз байланысты, сондықтан да алдымен, білім беру
мазмұнын анықтап алу қажет екендігі дау тудырмайды. Сонымен білім беру

мазмұны дегеніміз - жеке тұлға қалыптастыру барысында адам баласының іс-
әрекет тәсілдерін меңгере отырып, жүйелі түрде білім алуы, іскерлік
дағдысын, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру және ақыл ойы мен сезімін
дамыту. Яғни, білімді адам-деп ақыл ойы жетілген, әдіс- тәсілдерді
меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, болашақты болжай отырып,
шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны айтуға болады. Білім мазмұны - оқу
орындарының негізгі мәселелерінің бірі. Ал оның мәні - әрбір ғылыми
пәндерден ғылыми білімді игеру, тәжірибеде қолдана білу. Педагогика
ғылымының мазмұны - оның тарихында қалыптасқан рухани мұралар мен
құндылықтар әлемі. Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда және білім беруді
ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында жеке тұлғаны дамыту мәселесі
соңғы он онбес жыл шамасында күн тәртібінің алдыңғы қатарына шықты. Аталған
мәселе И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, В.С.Леднев, Б.М.Бим-Бад т.б ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылып, талданған. И.Я.Лернер мен М.Н. Скаткин білім
беру мазмұнын теориялық тұрғыда білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру
жүйесі деп түсіндірген, сонымен қатар шығармашылық іс әрекет, ерік сезімін
меңгеруді ұсынады.
Бірқатар шетел педагогтары (АҚШ, Англия, Франция) жеке тұлғаға жалпы
адамзаттық тәрбие беруді, оқу мазмұнына табиғи құбылыстар мен қоғамдық
өмірдегі шынайы құбылыстарды түсіндіруден оқу пәндерін өзара кіріктіруді
негізге алуды ұсынған. Осыған орай төменде ғалымдардың білім мазмұнына
берген анықтамаларын ұсынамыз. Атап айтқанда: ...біріншіден алдыңғы
ұрпақтың тәжірибесін меңгеру, екіншіден жеке тұлғаның типологиялық сапасын
қалыптастыру, үшіншіден адамның ақыл-ойының, денесінің дамуы (В.С.Леднев)
- деп ой түйіндесе, И.П.Подласый: ...белгілі бір оқу орнында оқып, үйрену
үшін іріктелген білім, іскерлік жүйесі, Б.П.Есипов: Фактілер мен
қорытындылар енетін білім, пайдалы іскерлік және дағдылар жүйесі деп
есептейді. Р.Қоянбаев: ...ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының
жүйесі десе, ал С.А.Умрейко: ...оқыту процесінде оқушылар меңгеретін
ғылыми білім, іскерлік және дағдылар жүйесі, В.Беларуссова:
...оқушылардың жан-жақты дамуына, материалистік дүниетанымның
қалыптасуына, танымдық қызығушылықтың дамуына негіз болатын жүйелі білім
іскерлік және дағдылар деген тұжырым жасайды. Н.В.Савин: ...оқушылардың
жан-жақты дамуына негіз болатын, білім, іскерлік, дағды жүйесі десе,
И.Т.Огородников: ...ғылыми білімдер, іскерлік, дағдылар, оқытудан тыс
кезде оқушылар алған танымдық тәжірибені ой елегінен өткізу және
оқушылардың танымдық қабілетін, шығармашылық күшін дамыту жолдары деп
анықтама береді.
Жоғарыдағы анықтамаларды және негізгі идеяларды басшылыққа ала отырып
біз зерттеу мәселесіне сәйкес мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту
ұғымының анықтамасын ұсынамыз.
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту - балабақшада жас
ерекшелігіне сәйкес тәрбиелеу мен оқыту үдерісінде балалар меңгеретін,
іріктелген қарапайым ғылыми білім, білік, іскерлік, дағдылар жүйесі және
сол арқылы баланы мектепке дайындап, танымдық қызығушылығын, ақыл-ойын,
жан-жақты дамуын қамтамасыз ету деп тұжырым жасадық.

Аталған анықтамаларды басшылыққа ала отырып мектепке дейінгі ұйымдарда
тәрбиеші педагогтар жас ұрпаққа білім беруде оның мазмұнын таңдай білуге
және ол арқылы баланың танымдық қабілетін дамытуға, алған білімді бойына
өмірлік дағды ретінде сіңіруге баса назар аудару қажеттілігі ұсынылды.
Мектепке дейінгі жаста баланың дамуы мен тәрбиесінің негізгі құралы білім
мазмұны болып табылады. Білім мазмұны бүгінгі қоғамдағы өзгерістерге сәйкес
жаңартылып отыруы шарт. Осыған орай, мектепке дейінгі білім мазмұнын
жаңартудағы тәжірибеге сүйене отырып, оның төмендегідей қарама-
қайшылықтарын айқындадық.

Кесте - 1 - Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудағы қарама —
қайшылықтар

қайшылықтадың Қарама — қайшылықтар
кезеңдері
Қоғамдық, әлеуметтік - қоғамды жаңғырту және демократияландыру
жағдайларға сәйкестік үдерісінде әр ұлттың өзіне тән рухани өмірінің қайта
саралануы мен өткеннің мәдени-тарихи мұрасын
қайта өркендету мәселесінің білім мазмұнында толық
ашылып берілмеуі арасындағы;
— мектепке дейінгі кезеңдегі және бастауыш
сыныптардағы білім мазмұнының сабақтастығының
сақталмауы;
Білім беру жүйесіндегі-білім беру бағдарламалары мазмұны мен оның
мектепке дейінгі тәжірибедегі талаптарының сәйкес келмеуі; -біртұтас
ұйымдарға байланысты білім беру бағдарламалары мен білім беру үдерісін
ұйымдастыру талаптарының өзара байланысының
болмауы;
-білім мазмұнын жаңартуға арналған төл туынды,
авторлық және балама бағдарламалар мен оның
оқу-әдістемелік кешендерін заман талабына сай қайта
дайындау қажеттілігі;
—білім мазмұнының жеке пәндік мазмұндарға
бөлшектенуі баланың тұтас тәжірибе жинақтауына
кедергі келтіретіндігі;
Арнайы мамандарға -білім мазмұнын жаңартуда тәрбиеші педагогтардың
қатысты шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігі және
белсенділіктерінің төмендігі; - арнайы мамандардың
жеткшіксіздіп;
Жеке тұлғаның дамуы -мемлекеттік стандартпен оқу жоспарларының
мен қалыптасуына талаптарының біржақтылығы мен балаға берілетін білім
ықпалы мазмұнына қойылатын талаптардың
үйлесімділігінің сақталмауы;
-балалардың танымдық әрекетінің мүмкіндіктерінің
толық ескерілмеуі, педагогтың ғана белсенді
әрекетіне

сүйену дағдысының қалыптасуы; -балалардың белсенді шығармашылық
әрекетін дамытуға мүмкіндік жасамағандықтан, олардың ақыл-ойын дамытудың
қамтамасыз етілмеуі; -мектепке дейінгі жастағы баланың денсаулығының
дұрыс болмауы, танымдық қызығушылығы,
шығармашылық әлеуеті бастауыш сыныптарда
жалғаспай қалу тенденциясы байқалады;
-білім беру бағытындағы білім, білік, дағдылар өмірлік
дағды ретінде қалыптастырылмауы;

Аталған қарама-қайшылықтарды жою мектепке дейінгі ұйымдардағы тәбиелеу
мен білім беру мазмұнын жаңарту ғылыми - теориялық және әдістемелік
тұрғыдан негізделгенде мүмкін болмақ. Білім мазмұны дүние дамуымен бірге
өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетанымдық және тәрбиелік идеялар бір
ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған нақты мақсаты бар оқыту арқылы
беріледі. Білім мазмұны-әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның
екінші элементі-әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін балаларга
үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтқанда адамзат жасаған
іскерлік пен дағдыны меңгерту оны өмірлік дағды ретінде қалыптастыру
көзделеді. Сыртқы (тәжірибелік) және ішкі (ақыл-ой) дағдылары мен
іскерліктерді қалыптастыру мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік
құжаттарында белгіленген қарапайым білім беруге арналған пәндер арқылы
жүзеге асырылады. Ол арқылы балалар өздігінен дербес әрекет етуге,
салыстыруға, талдауға, қортынды жасауға үйренеді. Сондай ақ, білім
мазмұнының тәжірибелік бөлігінде нақты іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін,
көркемдік, эстетикалық тәрбиеге баулитын музыка, бейнелеу өнері, еңбек,
қарым-қатынас жасау іс-әрекет түрлерінің маңызы зор.
Танымдық іс-әрекет - баланың ой-өрісін кеңейтіп, дүниені танудың маңызды
құралдарының бірі білім алуға, өздігінен дербес әрекет теуге ынталандырып,
ақыл-ойдың дамуына, қарапайым білім негіздерін жүйелі меңгеруге
көмектеседі.
Еңбек іс—әрекеті еңбек ете білуге, еңбексүйгіштікке, материалдық заттар
жасауға, оларды сақтауға, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға
бағтталған. Өзіне-өзі қызмет ету, тұрмыстық еңбек, ауылшаруашылық еңбегі
және қол еңбегімен шұғылдану мағызды болмақ.
Көркемөнер іс-әрекеті — эстетикалық дүниетанымды дамытып, әдемілікке
сұранысты туғызып, әдемі ойлауға үйретіп, нәзік сезімге бөлейді. Болмысты,
қоршаған ортаны танып білуде әсемдікті, сұлулықты сезінуге үйренеді.
Қогамдъщ іс—әрекет - баланың әлеуметтік ортаға бейімделуі, үлкендермен,
құрбыластарымен қарым-қатынас жасау мәдениеті қалыптасады. Тәрбиешінің
нұсқауымен, түсіндіруімен жұмыс жасап үйренеді және жаттығулар орындайды.
Білім беру мазмұнының үшінші элементі-шығармашылық жұмыс тәжірибесі.
Мектепке дейінгі жастан бастап баланы тек дайын білімдерді хабарлау
арқылы қабылдауға, жаттығулар орындауға, үлгіге қарап жұмыс істеумен

шектемей шығармашылықпен еңбек етуге баулу қажет. Шығармашылыққа баулуда
баланы өздігінен ізденуге, орындаған жұмыстарға өз үлесін қосуға бағыт
беріп отырған тиімді болмақ.
Білім беру мазмұнының төртінші элементі-тәжірибе, адам, іс-әрекет, құрал,
өзара қатынас. Бұл орайда, адамның дүниеге, іс-әрекетке, айналасындағы
адамдарға, құрбыластарына берген бағалары болады. Сезім мәдениеті -баланың
әлеуметтік тәжірибесі арқылы қалыптасатын ерекше құбылыс. Баланы білімге,
іскерлік дағдыларға іштей сұраныс туғызып, түрлі сезімдерге бөлеп, білім
мазмұнын меңгертуге болады. Білім, іскерлік, дағды, шығармашылық іс-әрекет
эмоцияны тәрбиелейді. Бала сезіміне әсерлі мәтіндер, иллюстрациялар,
сұрақтар мен тапсырмалар да білім мазмұнын қабылдауға ықпал етеді. Егер,
бала өзі айналысатын іс-әрекетіне қызығушылықпен қарайтын болса, онда
олардың оқу, еңбек, ойын іс- әрекеті де табысты болады. Психологтардың
дәлелдеуінше жағымды эмоциялар үлкенді де, кішіні де шабыттандырады. Еңбек
нәтижесіне жеткен бала қуанышқа бөленеді. Ендеше білім мазмұны жеке
тұлғаның негізгі мәдениетінің барлық бөліктері бір-бірімен тығыз
байланысты. Білім мазмұны арқылы іскерлік, дағды қалыптасатын болса,
шығармашылық іс-әрекет белгілі бір білім және іскерліктерге сүйеніп
атқарылады, мотивсіз, сезім, ерік-жігерсіз оқыту дұрыс жүрмейді. Сондықтан,
біз зерттеу мәселесіне сәйкес білім мазмұны-ол мектепке дейінгі жас
ерекшелігіне арналған мемлекеттік стандартта белгіленіп, баланың жек тұлға
ретінде қалыптасуына және әрі қарай дамуына ықпал ететін қажетті білімдер
жиынтығы екендігін айқындап алдық. Енді, мектепке дейінгі кезеңдегі білім
мазмұны қандай қағидаларға сүйеніп таңдалатынын қарастырайық. Оның ең басты
негізгілеріне тоқталатын болсақ: Біріншіден, білім мазмұны дамытушылық
сипатта болып, баланың әлеуеттік мүмкіндіктерін ашуға бағытталуы тиіс.
Екіншіден, білім мазмұнының жүйелілік сақталуымен қоса, оның кіріктірілген
болуы да маңызды. Үшіншіден, білім мазмұнының көп мәдениеттілік тәрбиені
қамтамасыз етуі көзделеді. Төртіншіден, мектепке дейінгі білім мазмұнының
базистік оқу жоспарында іс-әрекеттің алуан түрлерінің қамтылуы және оның
негізгі компоненттері: мақсаты, міндеттері, құралдарын таңдауы, әдіс
-тәсілдерді таба білуі, бақылау жасай алуы т.б қарастырылуы қажет.
Бесіншіден, білім мазмұнын жаңартуда баланың денсаулығын сақтау мен нығайту
және психологиялық тұрғыдан жағымды жағдай жасау қажеттілігі ескерілуі
тиіс. Енді осы білім мазмұнын жаңартудың қажеттілігі не? деген заңды сұрақ
туындайды.
Білім мазмұны балаларға Нені оқыту керек? - деген сұраққа жауап береді.
Бала тағдыры көбіне оның білімінің көлеміне ғана емес сапасына байланысты.
Білім мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын
В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.С.Скаткин т.б зерттеді.
И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша: білім мазмұны дегеніміз-берілетін білім,
іскерлік және дағдылар жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-
қатынас тәжірибесі деп тұжырым жасайды. Ең бастысы, білім мазмұны жеке
тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамытуға ықпал етеді. В.В.Краевский: білім,
білік, дағдылармен қоса білім мазмұнының құрамына

жаңа компоненттері оқытудың дамыту, тәрбиелік қызметі мен шығармашылық іс
әрекеттің тәжірибесін және әлемге және бір-біріне деген эмоционалдық
құндылықтарды қамтиды деп есептеп, білім мазмұнын таңдауда төмендегідей
принциптерді ұсынады.
Кесте - 2. Білім мазмұнын таңдаудың принциптері Принциптер атаулары
Принциптер мазмұны
1. Әлеуметтік тапсырысқа сай болу Бұл принципте білім мазмұнын білім,
принципі. білік, дағды, ғана емес таңдалған
білім мазмұнының мүмкіндіктерін
есепке алып баланың жан-жақты дамуына
ықпал ететіндігі ескеріледі.
2. Оқылатын материалдың гылыми жәнеМұнда бір жағынан білім мазмұны соңғы
тәжірибелік мәнділігін ғылыми жетістіктерге сәйкес болса,
қамтамасыз ету принципі. екінші жағынан білім мазмұны баланы
қоршаған ортада тәжірибелік
мүмкіндіктерін қамтуды, яғни теория
мен тәжірибенің байланысын қамтамасыз
етуді көздейді.
3. Оқу процесінің Ол білім мазмұнын іріктеуде оны
нақты мүкіндіктерін есепке алу жүзеге асыратын әдіс-тәсілдерді,
принципі. құралдарды, оқыту формалары мен
технологияларын және білімді игеру
деңгейін білім беру ұйымдары
анықтайды.
4. Барлық пәндердегі Бұл принципте білім мазмұнының
білім мазмұнының бірлігін қамтамасыз компоненттерінің үйлесімділігін
ету принципі. сақтау және оқу материалдары әртүрлі
пәндерде қайталанбауын қадағалайды.
5. Ізгілендіру принципі Аталған принципке сәйкес білім
мазмұны жеке тұлғаны қалыптастыруда
білім беру мәдениеті, шығармашылық іс
- әрекет мәдениеті, гуманитарлық
мәдениет, адам денсаулығы мен жалпы
адамзаттық құндылықты сақтау, еркін
даму және кәсіби шығармашылықпен
қабілеттілікті дамытуға баса назар
аудару көзделеді.

Жоғарыдағы принциптерге негізделген білім мазмұнын арнайы іріктеудің
Бабанскийдің ұсынған (критерилері) өлшемдері:
1. Жеке түлганыщ жан-жақты дамуын қалыптастыру міндетін тұтас қарастыру.
Бұл критерий бойынша оқу бағдарламалары пәндердің мазмұнына

сәйкес ғылым мен тәжірибенің теориялық негіздерін, заңдылықтарын,
түсініктері мен зерттеу әдістерін, негізгі іс-әрекет түрлерін, жеке
тұлғаның дамуын, танымдық қызығушылығын арттыруды қамтамасыз етеді.
Білім мазмұнының гылым мен тәжірибедегі мәнділігі. Мұнда оқу бағдарламалары
бойынша білім мазмұнының әмбебаптық және ақпараттық элементтері
қарастырылып, теорияның мәнін ашу үшін ғылымның заңдылықтары, әдістері оның
тәжірибеде қолданылуы қарастырылады.
Білім мазмұнының күрделігі балалардың жас ерекшелігіне қарай оқу
мүмкіндіктеріне сәйкестігі. Бұл критеридің сәйкестігі арнайы жүргізілетін
бақылау (срездері), емтихан нәтижелерін талдау, оқу материалдарын меңгеруге
байланысты болуы.
Білім мазмұнының көлемінің пәнді оқып үйренуге кететін уақытқа сәйкестігі.
Аталған критери бойынша лабораториялық эксперимент барысында оқу материалын
меңгерудің оған кеткен уақытқа сәйкестігі.
5. Қазіргі мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-әдістемелік және материалдық
базасының білім мазмұнына сәйкестігі. Қажетті құрал - жабдықтар мен
әдістемелік еңбектердің жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілуі.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру жолдарын
қарастырған ғалым О.А.Сафонова: Мұнда пән аралық байланысты: кибернетика,
синергетика, ситуациялық және кешенділік тұрғыда пайдаланған. Мектепке
дейінгі білім беру сапасын арттыруды басқару обьектісі ретіндегі
кіріктірілген моделін жасаған. Мектепке дейінгі ұйымдарды басқару сапасын
арттырудың тиімді жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеген. Сондай-ақ, білім
мазмұнын қамтамасыз ететін ұйым ретінде жаңа білім мазмұнымен және оның
негізгі принциптерін айқындаған. Осы принциптерді басшылыққа ала отырып,
білім мазмұны заман ағымына, қоғам дамуына сәйкес үнемі өзгеріс үстінде
болып, жаңартылып отыруы заңды құбылыс. Бұл өзгерістерге сәйкес мектепке
дейінгі білім мазмұнын жаңартуға ықпал ететіп, педагогикалық ұжым тарапынан
өзгеріс жасауға болатын төмендегідей ішкі, маңызды факторларды атап айтуға
болады:
* балаларға арналған арнайы дамытушы ортаның жабдықталуы және оңтайлы
мүмкіндіктердің жасалуы, білім беруде жеке тұлғаның қажеттіліктерінің
ескерілуі;
* білім берудің жалпы адамзаттық құндылықтары мен гуманитарлық
бағыттарының тереңдетілуі;
* оның әмбебаптылығы, қоғамдағы білім берудің интеграциялануы;
* нарықтық экономиканың дамуы;
* әлеуметтік қажеттіліктің көбеюі;
* білім берудің азаматтық қызметінің рөлінің көтерілуі;
* жеке тұлғаның кәсіби шеберлігіне қойылатын талаптың жоғарылығы;

* білім беру мазмұны мен оны меңгеру тәсілдері;
* педагогтің балалармен өзара әрекеттерінің типтері;
* мектеп жасына дейінгі балалардың өмірі мен әрекеттерін ұйымдастыруы;
* мамандармен қамтамасыз ету және материалдық базаны жабдықтау, оқу-
әдістемелік, қаржылық қорларды нығайтуы;
*
* білім беру үдерісінің санитарлық-гигиеналық шарттары мен дәрігерлік-
сауықтыру бағыттары;
* білім беру үдерісіне психологиялық қолдау көрсетілуі;
* педагогтар мен жетекшілердің кәсіби құзыреттілігі;
* педагогикалық ұжымның әлеуметтік институттармен өзара әрекеттері;
- балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамыту мәселесінде мектепке дейінгі
ұйымдар мен отбасының бірлескен әрекеттері;
- мектепке дейінгі ұйымдарды инновациялық басқарудың ұйымдастыруы;
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту - негізінен білім мазмұнының
мәнін ашу және оны дұрыс таңдай білу, білім мазмұнын жүйелеу, білім сапасын
арттырумен және оны қалыптастыруда дәстүрлі әдіс- тәсілдердің орнына жаңа
педагогикалық технологияларды пайдалана білумен де тығыз байланысты. Мұнда
Ресейлік ғалымдар: В.В.Рубцов, А.Г.Асмолов, балалар көп нәрсені тек қана
үлкендерден ғана емес, бір-бірімен қарым-қатынас арқылы да үйренеді десе,
А.П.Усова, Н.Н.Поддьякова, А.Н.Поддьяков, балалар әр түрлі обьектіні
өздігінен зерттеп, қарап көру барысында, тәжірибелік іс-әрекетте жан-жақты
дамиды-деп дәлелдейді.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдерісті
зерттеуші ғалым Н.Ю.Вознюк: білім мазмұнын жаңарту мәселесіне жүйелі талдау
жасаған. Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістің мәнін ашып,
ұйымды басқарудың тиімді жолдарын ашып көрсеткен.
Г.П.Щедровский. білім берудің мазмұнын жаңарту оқу пәндерінің аясындағы
өзгертумен шектелмеуі қажет, ол бүкіл адам білімдері жүйесінің мазмұны мен
ұйымдастыру формаларын қамту қажет деген ойды айтады.
Г.И.Ильин: оқу көздерінің жаңа көздері пайда болуда: пресса, радио, көп
арналы теледидар, аудио-бейнетаспалар, интернет. Сол себепті педагогикалық
үдерісті әлеуметтік, әдістемелік тұрғыдан кең көлемді қарастыруымыз керек
деп есептейді.
Р.Р.Витчинкина: Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың жеке тұлға ретінде
дамуын теориялық тұрғыдан негіздеп, мектепке дейінгі жастағы бала дамуының
моделін жасаған, осы жастағы даму өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтап, оны
жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін нақтылап, белгілеп берген. Мектепке дейінгі
ұйымдардағы педагог тәрбиешілер баланың жеке басының сапаларын дамытуға
арналған бағдарлама ұсынған.
С.В.Жундрикова, М.Х.Мизова, И.Б.Бичева, Е.А.Аникудимова т.б. мектепке
дейінгі тәрбие мамандарын дайындаудың мазмұны мен тиімді әдіс-тәсілдерін,
формалары мен құралдарын айқындап, оның мектепке дейінгі тәрбие жүйесіне
тигізетін ықпалын өз зерттеулерінде дәйекті дәлелдеген. Болашақ мектепке
дейінгі ұйымдар педагогтарының кәсіби тұлғалық дамуының сабақтастығы және
Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сыныптардағы білім мазмұны
сабақтастығы мәселелері жан-жақты қарастырылған.
Қырғыз қыздарынан алғашқы шыққан педагогика ғылымдарының докторы, ғалым
ұстаз М.Р.Рахимованың еңбектерінің көбі жас балаларға, яғни мектепке
дейінгі жасқа арналып, тәрбие жұмыстарында басшылыққа алынуымен құнды. Атап
айьқанда: Балаларды ерте еңбекке тәрбиелеу, Балабақшада балаларға

оқитын кітап, Қырғыз жазушыларының балабақшаларға жазған еңбектері т.б
зерттеулерімен қоса мұғалім дайындаудағы проблемалар мен педагогиканың
тарихына байланысты мәселелерді қарастырғандығы атап көрсетілген. Бұл
еңбектерден біздің зерттеуімізге байланысты қырғыз еліндегі мектепке
дейінгі тәрбиеде білім мазмұнын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Ыбырай бастаған баспа
Жаңа заман тәрбиешісіне қойылатын талаптар
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесі
Мектепке дейінгі білім беретін жалпы бағдарлама - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат
Стандарт үлгі, білім мазмұнының негізі
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы
Пәндер