Мектепке дейінгі білім беру мекемеде түзету логопедиялық жұмысының жетілдіру жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

Тараз мемлекеттік педагогикалық институт

Диплом жұмысы

Инкарбекова Н.

Деф 27-1

Мектепке дейінгі білім беру мекемеде түзету логопедиялық жұмысының жетілдіру жолдары

Ғылыми жетекшісі: Дефектология және психология кафедрасының

аға оқытушысы Медетбекова А. С.

Тараз-2012

Мектепке дейінгі білім беру мекемеде түзету логопедиялық жұмысының жетілдіру жолдары

Инкарбекова Н.

Кіріспе

1 Сөйлеу бұзылысы бар балалармен жүргізілетін түзету - педагогикалық жұмыс мәселелерін теориялық талдау

1. 1 Мектепке дейінгі бағдарламалық құжаттар мен мектепке дейінгі мекемелер тәжірибесі бойынша сөйлеу дамуының мәселелері

1. 2 Дамуында ауытқуы бар мектепке дейінгі балалардың коррекциялық даму ортасын ұйымдастырудың вариативтілігі

2 Жалпы метепке дейінгі мекемелерде сөйлеу бұзылысы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін зерттеу

2. 1. Жалпы мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың сөйлеу бұзылыстарының көп таралуы ( скринингті зерттеу)

2. 2 Мектепке дейінгі ересек балалардың сөйлеу тілінің дамуы (эксперименталды топ)

2. 3 Жалпы мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиешілердің сөйлеуі бұзылған балалармен жүргізілетін жұмысқа дайындығы

3 тәрбиешілер МЕН ата - аналарды Кешенді түзету жұмыстарға ҚАТЫСтырУдың дайындығын қалыптастыру

3. 1 Сөйлеу ауытқулары бар мектепке дейінгі балалармен түзету-логопедиялық жұмысқа қатысу үшін тәрбиеші-педагогтарды даярлау

3. 2 Тәрбиеші-педагог жұмысының түзету-логопедиялық аспектілері

3. 3 Түзету-логопедиялық жұмыс кезіндегі ата-аналар рөлі

Қорытынды

Әдебиттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Балалардың денсаулығының қазіргі жағдайы және қолайсыз әлеуметтік процестер дәрігер және мектеп мұғалімдерінің күшімен баланың ерте диагностикасын, пропедевтикасын және оның даму бұзылыстарын түзетуге қажеттілік түдырады. Қазақстан Республикасында 2011-2020 жж аралығында Білім беруді дамыту Мемлекеттік Бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлінген. Бала дамуының жалпы қолайсыздығы (сонымен қатар сөйлеу бұзылысы) арнайы мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілердің баланың тәжірибелік қабілетін ескере отырып, арнайы дайындықтармен қатар, түзету - педагогикалық жұмыстың элементтерін қоса жүргізуді міндеттейді. Әр жылдардағы әдебиеттердегі мәліметтер жалпы тіл кемістігі балабақшадағы дайындық топтарында көптеп кездесетінін дәлелдейді.

Тәрбиеші педагогикалық жүйенің орталық түйіні болып табылады, оның өзінің түзету - логопедиялық жұмыстарында жүргізген білікті бақылауы, бала тілінің дамуы туралы құнды мәлімет алуға көмектеседі. Баланың жанұясымен логопедтің тығыз қарым - қатынаста болуы тәрбиеші жұмысының маңызды аспектісі және ол түзету жұмысының нәтижелі болуында өз септігін тигізеді.

Қазіргі сөйлеу бұзылысын жою баланың жалпы дамуына маңызды әсер етеді, сонымен қатар, сөйлеу бұзылысы қандай дәрежеде болмасын, ешқашан өздігінен пайда болмайды (Л. С. Выготский) . Баланың ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық, физикалық және еңбекке тәрбиелеу барысында, балабақшада және отбасында балаға жеке тұлғаның қасиеттерін және қоршаған ортада өзін - өзі ұстау дағдысын меңгерту қажет.

Сөйлеу бұзылысы бар балалармен жұмыс жүргізетін мұғалімдер даярлау жайлы Е. Б. Агеева, Л. А. Головчиц, Л. Р. Давидович, Г. Ф. Кумарина, Р. А. Лалаева, С. Н. Сазанова, В. И. Селиверстов, О. А. Степанова, Т. А. Тканченка, Т. Б. Филичева, М. Ф. Фомичева, М. Е. Хватцев, Н. А. Чевелева, Г. В. Чиркина, С. Н. Шаховская және т. б. айналысқан. Зерттеулерде көрсеткендей тәрбиешінің ең үлкен жауапкершілігі баланың сөйлеу тілін дұрыс қалыптастыру, сонымен қатар, жүйелі және міндетті логопедиялық жұмыс жүргізу ескертіледі. «Бір сөйлеу бұзылысын уақытысында жоймаса, ол екінші бір кемістіктің пайда болуына әкеп соғады (М. Е. Хватцев) . Баланың сөйлеу дамуындағы отбасының рөлі және өз уақытындағы сөйлеу тілін түзету жұмыстары негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Қазіргі таңда белгілі қарама - қайшылық орын алған, бұл қарама - қайшылық жалпы мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілердің сөйлеу тілінің бұзылысының көптеп кездесуі, сөйлеу бұзылысын алдын алу жұмыстарына тәрбиешілер мен ата - аналар араласпауы және қатыспауы.

Осыған байланысты зерттеу тақырыбын «Мектепке дейінгі білім беру мекемеде түзету логопедиялық жұмысының жетілдіру жолдары » деп алуға мүмкіндік туындады.

Зерттеу мақсаты: жалпы мектепке дейінгі мекемелерде логопедиялық жұмыстарды ұйымдастыру барысында тәрбиешілер мен ата-аналардың түзету-логопедиялық біліктілігін арттыруға жол іздену.

Зерттеу нысаны: жалпы мектепке дейінгі мекемелерде түзету- логопедиялық жұмыстарға тәрбиешілер мен ата - аналардың қатысу барысы.

Зерттеу пәні: тәрбиешілердің сөйлеу бұзылысы бар балалармен жұмыс жүргізуге жоғары дайындығы, ата - ананың педагогикалық біліктілігі және түзету-логопедиялық жұмыс жоғары нәтиже беру үшін ата-анамен тәрбиешінің тығыз қарым - қатынасы.

Зерттеу болжамы: жалпы мектепке дейінгі мекемелерде сөйлеу бұзылысы бар балалардың көп тәрбиеленеді және кешенді түзету - логопедиялық әсер етуді қажет етеді. Сондықтан, логопедпен қарым - қатынас жасау үшін педагог-тәрбиеші және ата-аналар теориялық білімді және тәжірибелік біліктілік пен дағдыны жеткілікті игеру қажет.

Зерттеу міндеттері:

1. мәселенің теориялық анализін жүргізу;

2. жалпы білім беретін мекемедегі дайындық сыныбындағы баланың көп таралған және түрлі сөйлеу бұзылысына скринингті зерттеу жүргізу;

3. 6 жастағы балалардың жалпы сөйлеу дамуының деңгейіне анализ жасау (эксперименталды топ), сөйлеу бұзылысы бар баламен жүргізілетін жұмысқа тәрбиешінің дайындық жұмыс деңгейін анықтау;

4. сөйлеуі бұзылған балалармен эксперименталды білім алу кезінде ата - ана мен балалардың педагогикалық қарым - қатынасын, мектепке дейінгі мекеме маманының сабаққа дайындалу технологиясын өңдеу.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі: Л. С. Выготскийдің тұжырымдамасы: даму бұзылысының ауыр структурасы, бірінші және екінші кемістіктің нәтижесінде пайда болады; дамудың сензитивтік кезеңінің максималды орындалуы; оқу - тәрбиелік жүйенің түзетуге бағытталуы (В. И. Селиверстов, Т. А. Тканченка, Т. Б. Филичева, Г. В. Чиркина және т. б, ) ; Е. А. Стребелева, Е. В. Кожевникова, Р. А. Сүлейменова, Н. Д. Шматконың ерте жастан әсер ету концепциясы; Н. Н. Малофеев, Н. М. Назарарова, Л. М. Шипицинаның интеграциялық процестің идеялары; Қ. Р. заңды мемлекеттік құжаттары; «Білім туралы» заңы, 2011-2020 жж Білімді дамытудың мемелекеттік бағдарламасы; «Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік қорғау» заңы, Мемлекеттік білім беру бағдарламасы, мүгедектер мен балалар құқығы жөніндегі БҰҰ-ң халықаралық конвенциясы, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тәуелсіз өмір сүру концепциясы, білімді ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларды әлеуметтік оңалту, бүкіл өмірлік білім беру концепциясы.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша әлеуметтік, әлеуметтік - психологиялық және педагогикалық әдебиеттердің теориялық талдауы; бағдарламалық құжаттарының талдауы; педагог-тәрбиеші мен ата- аналардан анкета, сұхбат алу; педагогикалық бақылау, эксперимент.

Зерттеудің теориялық негізі:

Зерттеудің тәжірибелік маңызы: зерттеудің едәуір тұшымды нәтижеге жетуі жалпы мектепке дейінгі мекемедегі түзету - логопедиялық жұмыстарына ата - ананың қатысып, тәрбиешінің түзету сабақтарына арнайы дайындалып келуімен негізделеді; мектепке дейінгі мекемедегі практикалық іс - әрекет теориялық тұрғыда негізделген және жүзеге асырылған, тәрбиешінің логопедпен бірге жүргізетін түзету - логопедиялық жұмысқа дайындығының критерилерімен деңгейлері анықталған, мұның барлығы жұмыстың нәтижелі болуына көмектеседі.

Зерттеудің эксперименттік базасы: Тараз қаласының № 6 және № 8 бала бақшасы.

Зерттеу кезеңдері:

бірінші кезең (2008-2009 жж) - мәселенің жалпы жағдайын зерттеу;

екінші кезең (2009-2010 жж) - эксперименталды зерттеудің әдістемесінің теориялық негізделуі;

үшінші кезең (2010-2011 жж) - бала-бақша - мектеп деңгейінде СТФФЖ бар балалармен құрастырылған бағдарлама бойынша логопедиялық көмек ұйымдастырылу; бақылау тәжірибелерін жүргізу, ұсынылған тәсілдердің нәтижелілігін бағалау;

төртінші кезең (2011-2012 жж) - қарастырылған мәселе бойынша мәліметтерді жүйелеу және талдау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: ғылыми еңбекке кіріспе, үш бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша кіреді.

1 Сөйлеу бұзылысы бар балалармен жүргізілетін түзету - педагогикалық жұмыс мәселелерінің теориялық талдауы

1. 1 Мектепке дейінгі бағдарламалық құжаттармен мектепке дейінгі мекемелер тәжірибесі бойынша сөйлеу дамуының мәселелері

Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту міндеттері ең алғаш мектепке дейінгі мекеменің бағдарламалық құжаттарында көрініс тапқан. Дегенмен, бұл міндеттерді қою жалпы мінездеме көтереді. 1932 жылдан бастап балабақшалар бағдарламасы ең бірінші баланың әр түрлі іс - әрекеті мен жасына қарай құралады. Бірақ мектепке дейінгі мекемелерде оқуға арналған кітаптар және түсінік айтатын мәтіндер тәрбиеленушілерге түсініксіз болды және тілге оқытуға аз көңіл бөлінді. Бұл мекемелерде оқуға, түсінік айтуға, әңгіме - дүкен құратын материалдарға және қазіргі заманауи іс - әрекеттерге деген қызығушылығын арттыруға, өмірге деген құштарлығын оятуға негізгі көңіл бөлінеді. Балалармен жүргізілетін жұмыстың негізгісі әңгіме (нақты тақырыпқа байланысты сұрақ - жауап), әңгіменің тақырыбы балалар кітапшаларынан алынған, бірақ ескі қиял - ғажайып ертегілері балалар идеологиясы үшін тиімсіз болғандықтан, жұмысқа қысқа газеттегі мақалалар қолданылады.

Заманауи бағдарламалық құжаттардың арасында, сөйлеу тілін дамыту сұрақтарын қарастыратын «Мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жаңартудың бағыты мен талаптары» деген әдістемелік ұсынымды бөліп көрсетуге болады.

Авторлар мектепке дейінгі мекеменің өзіндік идеясын қолдап, жүйені сынауда. Авторлар сабақтың 3 түрін ұсынады: танымдық, продуктивті қызметтің дамуы және ритмикалық. Мұнда барлық сабақтар шеңберінде қарастырылатын, сөйлеуді дамыту тапсырмаларына көп көңіл бөлінген; сөйлеуді дамыту үшін үлкен және дайындық сыныптарына арнайы сабақтар бөлінген (сауаттылықты игеру үшін дайындық сабақтары) .

Бұл жағдайлар Ушакованың Т. Н. «Балабақшадағы дайындық сыныбындағы балалардың сөйлеу тілін дамыту бағдарламасында» қарастырылған, сонымен қатар бұл бағдарламада психологтардың, педагогтардың, лингвистердің лингвистикалық және комуникативтік сферадағы тілге оқытудың мәселелерін қарастырған зерттеу нәтижелері ұсынылған. Сөйлеу тілін дамыту ауызша сөйлеуді дамыту, сөздік қорын байыту, грамматикалық сөздік қатарды құрастыру, дыбыстық сөйлеу мәдениетін дамыту тапсырмаларымен қатар қарастырылады. Бұл тапсырмалыр 2 - кіші топтан бастап жүргізіледі. Тілге оқыту үшін арнайы бағдарламалардың құрылу міндеттілігі, дайындық сыныбының мұғалімдерінің айтуынша балалардың сөйлеуіне байланысты сабаққа дайындықтары өте төмен деңгейде: сөздік қоры аз, дыбыстарды дұрыс айтпайды, әңгіме құрастыра алмайды, сөйлеу мәдениеті өте төмен және т. б.

Қазіргі таңда әрбір мектепке дейінгі мекемелер өздігінше оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларын таңдауға құқылы. «Балалар құқығын қорғау Конвенциясына» сәйкес бала тәрбиесі ақыл - ойды, рухани және физикалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталуы қажет. Мемлекет барлық балалардың дамуын бірдей қамтамасыз етеді. В. И. Селиверстов және Л. А. Головчиц айтқандай «егер құрайтындардың біреуі - сауықтыру болса, онда түзету және дамыту - түсіп қалады, сондықтан да бұл бағдарлама заманауи мектепке дейінгі мекемелердің талаптарына сәйкес келмейді».

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларын тәрбиешілер жүргізеді, бұл жұмыстарға күнделікті сабақты жүргізу, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу; психологтың ұсынысымен мектепке дейінгі балалардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып түзете-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруды жүргізу және жоспарлау, психофизиологиялық мүмкіндіктерін дамыту. Осыған орай мұғалім-тәрбиешілердің жұмыстарының барлық түрлері түзету-педагогикалық бағыт бойынша жүргізіледі және жалпы мектепке дейінгі мекемелердің жұмыстарының жартысы осы негізде қарастырылады. Мұғалім-тәрбиешілердің балалардың сөйлеу тілін дамыту тапсырмаларына көңіл аудара отырып, бірнеше бағдарламаларды талдайық. «Балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» негізгі критериі баланың мектепке дайындығы, психикалық дамуының жоғарғы деңгейге жетуі болып есептелінеді. Бұл бағдарламада негізгі басымдылық тәрбиешіге қойылған, яғни ол баланың сөздік қорын дамытады және белсендіреді, дұрыс дыбыс айтуды қалыптастырады, байланыстырушы сөзді дамытады және т. б. Әр топтарға жасына байланысты сөйлеу тапсырмалары енгізілген. Дегенмен, Бағдарламада сөйлеу бұзылыстарын түзеу көрсетілмеген, ауызша сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалармен жүргізілетін жұмыс әдісінің негізгі бағыты анықталмаған, Мектепке дейінгі орталықтардың дамыту бағдарламасы А. В. Запорожецтың «Мектепке дейінгі балалық», «Истоки» еңбектерінде бейнеленгендей мектепке дейінгі балалық шақ ең керемет кезең, адамның даму болашағының негізі. Мұғалімнің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу үшін бағдарламада баланы дамытудың негізгі стандарттары бар және оның жүзеге асуы үшін нұсқалар көрсетілген. Оның мақсаты - жан-жақтылық, өзінің жас мүмкіндіктеріне және талаптарына сай баланың заманауи толыққанды дамуы. Ол бала дамуының амплификациясын және оның барлық жақтарының қарым - қатынастарын қарастырады. Мектепке дейінгі мекемелердегі мұғалімдердің жұмысының негізгі принциптері жалпы педагогикалық жүйеде баланың отбасымен тең дәрежеде серіктестік байланыста болу. «Сөйлеу және сөйлеуді дамыту» бөлімінде сөйлеу тілін дамыту тапсырмалары бөлінген: сөздің қызметі және формасы, сөздік, грамматикалық қатар, дыбыстық сөйлеу мәдениеті. Бағдарламада негізгі көңіл баланың үлкендермен және өзінің құрбы - құрдастарымен дұрыс әрі түсінікті қарым - қатынасқа түсуіне бөлінеді. Диалог - қарым-қатынасқа түсудің негізгі түрі болып табылады. Тілді дамытуда жаңа сөздерді жасаудың, ойын кезінде дыбыстарды және ұйқастарды пайдаланудың рөлі зор. Сөйлеу тілін дамыту кезінде ойын әрекетінде баланың қарым - қатынасы және сөздік қорына ерекше мән беріледі. Баланың сөйлеу тілін дамыту әдіс - тәсілдері әртүрлі, мұнда баланың танымдық процестеріне және сөйлеу тілінің фонетикалық және грамматикалық жағына көп көңіл бөлінеді. З. А. Михайлованың «Детство» деп аталатын балабақшадағы оқыту - тәрбиелеу жұмыстарының жоспар-бағдарламасы ең алғаш 1997 жылы жарық көрген болатын. «Қарым - қатынас» бөлімінде сөйлеу тілін дамытуға «Әлеуметтік - болмыстық тәрбие» де кіреді. Бұл бөлімде сөздік - логикалық ойлауға бағытталған байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға арналған «Сөйлеу тапсырмалары» деген тақырып бар. Бұл бағдарламада қызықты әрі пайдалы жаңа кірістірілген жаттығу - психогимнастика. Бұл саусақтық гимнастика жаттығулары жас шамасына байланысты күніне 15 - 20 мәрте жасалады.

Заманауи теорияда және тәжірибеде әртүрлі сөйлеу бұзылысы бар мектепке дейінгі балаларды дамытудың нұсқалары мен бағдарламалары ұсынылған.

Мектепке дейінгі мекемелерінде балаларды оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларын еркін таңдаудың нәтижесінде балалардың сөйлеу тілін дамыту жоғары нәтижеге жетіп отыр. Жұмыстың теориялық аспекті жеткілікті түрде оқылған және өңделген. Дегенмен, кез келген заманауи бағдарламада сөйлеу бұзылысының уақытылы профилактикасы көрсетілмеген.

Ата - анамен жұмыс жүргізуді былайша болжайжы: олардың педагогикалық бақылауының деңгейін анықтау ата - ананың балаларымен қарым - қатынасы және балалардың тіл кемістіктері, баланың оқуға мотивтік қатынас жасау стимуляцияның мақсатымен ата - ананың балаларының сабаққа деген қызығушылығын арттыруды қалыптастыру.

Әдеби құндылықтардың зерттеулері көрсеткедей, түзету - логопедиялық жұмыстың тәрбиешілермен, логопедтермен және ата - аналарымен бірігіп жүргізілуі мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесінде маңызды тапсырма болып табылады. Мұғалім - логопедтің алдына қойылған міндеттерге баланың сөйлеу тілі бұзылысын алдын - алу сұрақтары бойынша тәрбиешімен және ата - аналармен кеңес жүргізу жатқызылады. Дегенмен, түрлі себептерден, тәжірибе барысында бұл жұмыстың нәтиже беруінде көптеген қиындықтар кездеседі. Сонымен қатар көп жағдайда осы жұмыстарға тәрбиешінің теориялық және тәжірибелік дайындық деңгейі ескеріле бермейді. Баланың сөйлеу тілі кемістігін нәтижелі алдын - алу үшін логопедиялық түзету жұмыстарында ата - ананың рөлі жетекші орын алады. Ата - ананың педагогикалық мәдениеттілігін арттыру және балалардың сөйлеу тілін дамыту эпизодтық сипаттамаға ие.

1. 2 Дамуында ауытқуы бар мектеп жасына дейінгі балалардың коррекциялық даму ортасын ұйымдастырудың вариативтілігі

Қоғамның қазіргі даму этапында арнайы білім беру саласындағы мемлекеттің саясаты, арнайы білім алу қажеттілігі бар әрбір балаға, адекватты вариативтік оқу ортасында өздерінің қабілеті мен мүмкіншілігіне сәйкес білім алу жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Балдардың тәрбиелену және оқу ортасының вариативтігі, арнайы білім беру жүйесінде бір - бірімен байланысты екі бағыттың қатар жүруімен қамтамасыз етіледі: біріншісі - физикалық және ақыл - ой дамуы бұзылған балаларға арналған мекепке дейінгі сауықтыру мекемелер мен арнайландырылған мектептер жүйесін құру мен оларды жақсарту, екіншісі - дамуында ауытқулары бар балдармен жалпы білім беру мекемелерінде (интегративті оқыту ) немесе медициналық мекемелерде коррекциялық жұмыс өткізу.

Арнайы психологиялық - педагогикалық көмектің тиімділігі көзқарасынан бірінші және екінші бағыттағы мекемелер, өздерінің тіршілік етуінің дұрыс екендігін және дамуы бұзылған балаларға коррекциялық әсер етуді жүзеге асырудағы рөлінің маңыздылығын растайды. Әр - түрлі тарихтың кезеңдерде олардың пайда болуы және дамуы Н. Н Малофеевтің пікірі бойынша мемлекеттің әлеуметтік - эканомикалық құрылымы мен, қоғамның құндылық бағытымен дамуында ауытқулары бар балаларға қатысты мемлекеттің саясатымен білім беру саласындағы заңдармен, дефектологиялық ғылымның даму деңгейімен байланысты болады.

Мемлекетімізде дамуы бұзылған балаларға арналған арнайы МСМ - дың дифференциацияланған жүйесі құрылған. Бұл жүйе дамуында жетіспеушілігі бар тұлғаларға арналған үздіксіз арнайы білім алу жүйесінде қажетті бастапқы бөлшегі болып табылады.

ҚР білім министрлігінің статистикасы 2011 жылы компенсациялау және қосаландырылған түрлі МСМ - де 382 500 бала болғаны туралы куәландырылады. 2002 жылдың мәліметтерімен салыстырғанда - мұндай балалар 152 000 болған. Бұл сандар сөйлеу ауытқуларын есепке алғандағы дамуындағы диагностикаланған ауытқулары бар мектепке дейінгі балалардың саны өскенін көрсетеді. Бірақта, сөйлеу ауытқуларын есепке алғандағы дамуындағы портциалды ауытқулары бар мектепке дейінгі балалардың үлкен бөлігі көпшілік мектепке дейінгі мекемелерге қатысады. Бірақ ол жерде оларға тіл дамыту профилактикада, диагностикада және сөйлеу бұзылуларын реттеудегі мәселелерді шешуде білікті көмек көрсетіле алмайды. Осыған байланысты 2005 жылы « балалардың білім алу мекемелері туралы типтік ережелерге » сәйкес мұндай шарт негізгілердің бірі болып анықталады. Коррекциялық әсер етудің табысты іске асуының шарттары болып дамудың барлық жағына бүтіндей әсер ету және баланың тұлғасы, тәрбиешінің іс - әрекетіндегі коррекциялық - дамыту бағыттығы, ата - аналардың коррекциялық - педагогикалық процеске қатысуы аталған. Құжатта, логопедтің тәрбиешісінің және ата - аналардың көпшілік МСМ - дегі тәрбиелеу - білім алу процесіндегі рөлін анықтау қажеттілігі көрсетілген.

Арнайы типтік мекемелердегі мектепке дейінгі балаларға коррекциялық - педагогикалық әсер ету проблемалары О. П. Гаврилушкина, Л. А. Головчиц, Л. Р. Давидович, Г. А. Колис, С. А. Миронова, Л. П. Носкова, Л. И. Плаксина, В. И. Селиверстов, Т. Б. Филичева, Н. А. Чевелева және басқалардың жұмыстарында шешілімдерін тапты. Оларда мектепке дейінгі балалардың сөйлеу, тыңдау, көру, интелект, тірек - қозғалыс аппаратының ауытқуларының корркециясы мен компенсациясының балалармен жан - жақты коррекциялық - педагогикалық жұмыс істеу процесіндегі тиімді жолдары ұсынылған .

Г. А. Волкова, Ю. Ф. Гаркуша, Ю. Г. Демьянов, Л. Н. Ефименкова, Н. Л. Крылова, Э. В. Миронова, Н. В. Новаторцева, В. И. Селиверстов, Т. Б. Филичева, Г. В. Чиркина және т. б. балаларға коррекциялық - педагогикалық әсер етуді ата-аналардың қатысуымен бірге көптеген мамандардың күшімен өткізу қажет. Жұмыстарда арнайы мектепке дейінгі мекемелердің медициналық қызметкерлерінің, дефектологтардың және тәрбиешілердің жұмысында қабылдаушылықты ұйымдастыру бойынша, балалар ата - аналарын коррекциялық-дамытушылық оқыту процесіне енгізу бойынша ұсыныс келтірілген.

Өмірдің өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайы 80-ші жылдардың аяғында 90-шы жылдардың басында күрделі түрде ауытқуы бар балаларды оқытудың және тәрбиелеудің жаңа әдістерін іздеу мәселесін нақтылады. Н. Н. Малофеев, 90-шы жылдары Ресейде интеграцияны арнайы білім беру жүйесінің дамуын жетекші тенденция деп тану керектігін айтады. Интеграцияланған, былайша айтқанда физикалық және (немесе) психикалық жетіспеушіліктері бар тұлғалар мен бұндай жетіспеушіліктері жоқ тұлғаларды арнайы құралдармен әдістерді пайдаланып және педагог - мамандардың қатысуымен өтетін бірге оқытуды қоғамда ерекше қажеттілігі бар балалардың ассимиляциясы ретінде емес, керісінше бұндай балаларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қабылдау қажет. Осы ретте Л. С. Выготскийдің арнайы және жалпы тәрбиелеудің қосалқыланған жүйесін құру туралы және арнайы білім алу қажеттіліктері бар балаларды өмірге мүмкіндігінше ертерек және тығыздырақ енгізу қажет деген сөздері актуальді болып естіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемеде логопед қызметінің бағыттары
Жалпы мектеп жасындағымекемедегі мұғалімдердің сөйлеуі бұзылған балалармен жүргізілетін жұмысқа дайындығы
Сөйлеу дамуының ЖТСД III деңгейі
«Жалпы тіл кемістіктері бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері»
Жалпы тіл кемістіктері бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері туралы ақпарат
ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Мектеп логопедінің жұмысын ұйымдастыру
Мектепке дейінгі тұтығатын балаларда коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру
ЖСТД балалардың сөздік қоры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz