Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде логопед жұмысын ұйымдастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде логопед жұмысын ұйымдастыру.

Логопедия (гр. logos — cөз, ілім, paіdeіa — тәрбиелеу, оқыту)
- психология мен педагогиканың тіл кемшілігін, оны жою мен оның алдыналудың
әдістері мен қағидаларын зерттейтін саласы. Бала тілінде болатын
кемістіктерді зерттеп, оны жоюдың жолдарын іздестіретін
арнайы педагогика тарауының бірі. Алғаш 17 ғасырда қолға алынғанымен
тілінің мүкісі бар балаларды медицина және психология  жолдармен зерттеп,
тиісті емдеу шараларын қолданудың жолын табу әрекеттері 20 ғасырдың 30-
жылдарына дейін созылды. Кемшіліктердің қайсыбірі сөйлеу жағынан (мәселен,
тіл мүкістігінен) байқалса, екіншісі оқуы мен жазуының
(дислекция, дисграфия) бұзылуынан да көрінеді. Фонетика, сондай-ақ, лексика-
грамматика жүйені (алалия, афазия) қамтитын бұзылулар бар. Көбінде тілдің
кемістіктері оның қарқыны мен созылмалығына (тұтықпа) қатысты болады.
Тілдің кемістігін зерттеу мен жою білімнің басқа салаларының
психология, тіл білімі, физиология, медицина деректерін ескере отырып
жүргізіледі. [1]

Жалпы тіл кемістігі – есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған
балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының
компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері.
Жалпы тіл кемістігін дефектология ғылыми зерттеу институтының Р.Е.Левина
бастаған ғылым қызметкерлер Н.А.Никашкина, Г.А.Каше, Л.Ф. Спирова, Г.И.
Жаренкова және т.б. 50-60 жылдары мекктеп жасына дейінгі және мектеп
жасындағы балалардың тіл кемістіктерін жан-жақты зерттеулердің
қорытындысының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.
Дыбыстарды бұзып айтуын, фонетикалық есіту қабілетінің дамымауы, сөздік
қоры мен грамматикалық сөйлем құрылысының артта қалуы жалпы сөйлеу қоры мен
грамматикалық сөйлем құрылысының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамыған
балалардың барлығына тән кемшілік.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты
күрделі өйлеу патологияларының түрлерінде байқалуы мүмкін.
Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы жатады.
Ондайларды мақау балалар дейді. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен
тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынандай болып келеді:
былдырлап сөйлеседі, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік
сөздермен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді
пайдаланылады, сөйлемді былдырлап мүлде түсініксіз өтіп үзіп-үзіп айтады,
сөйлемде дыбыстар анықталмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар
айтайын деген ойын қолдарын өрбеңдету арқылы бет-аузын қисаңдатып, ымдап
түсіндіруге тырысады. Сөйлеу тілінің бұндай кемістіктері ақыл-ойы кем
балаларда да болуы мүмкін. Бірақ та сөйлеу тілі дамыған есі дұрыс балаларды
ақылына қарап-ақ сөйлеу тілі дамыған олигофрен ақыл-ойы кем балалардан
оңай ажыратуға болады.
Коррекциялық құрылым аспектісі әр түрлі сөйлеу бұзылыстары бар
балабақша тәрбиеленушілерді арнайы топтарға топтастырудағы біліми-тәрбиелеу
жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Логопедтік коррекциялық-
педагогикалық әсер етулер баладағы сөйлеу дефектілерін жою және де мектепте
оқу процесінде қиындық тудырмауға болысады.
Мақсатқа жету арнайы, жеке және фронтальды сабақтарда логопед пен
тәрбиешілер мен жүзеге асырылатын, сонымен қатар балабақшада бір қалыпты
сөйлеу тәртібін құру негізінде шешілетін білім беру, тәрбиелік, түзету мен
дамыту әдістерін кеңінен қолданумен қамтамассыз етіледі. 
Арнайы логопедиялық топтарды құруда, логопедиялық жұмыстарды өткізу
және ұйымдастырубірнеше кезеңдерден тұрады: 
- топтарды іріктеу және жіктеу;
- балаларды толығымен зерттеу;
- жеке және фронтальды жұмыстардың перспективті жоспарларын құру;
- сабақ жоспарларын жүзеге асырумен байланысты негізгі кезеңдерді
қарастыру;
- бақылау – уақытаралық және қорытынды бақылауды қамту;
- коррекциялық оқытулардың нәтижелерін талдау, балаларға мінездемелер
құру.
- Аномальды балалрмен жұмыс жасағанда логопедтің іс-әрекетіне
кіретіндер:
- Медико-психолого-педагогикалық комиссиялар өткізу;
- Ата-аналамен ақыл-кеңестік, педагогикалық жұмыс жүргізу.
- Құжаттамаларды енгізу;
- Тәрбиешілерге ақыл-кеңестік әдістемелік көмектер көрсету.
- Студенттермен олқыту әдістемелік жұмыстар жүргізу. Іс-тәжірбиелерге
бролысу;
- Эксперименталды ғылыми -әдістемелік жұмыстар жүргізу,
эксперименталды жұмыстардың нәтижелерін өңдеу және анықтау.
- Балабақша жұмысының логопедтік бағыттағы даму шыңы балалардың сөйлеу
патологияларының дамуы мен олардың оқыту әдісімен байланысты.
Логопедтің кеңестері
Тіл кемістігі бар балалар –  қалыпты естуі және ой өрісінің дамуы бар
балалардың тілінің дамуында кемістік бар балалар. Тіл кемістігі әртүрлі, ол
дыбыстауда,тілдің грамматикалық құрылымында,сөздік қорының төмендігі-
нде және сөйлеу қарқыны мен қалыптылығында байқалады.
Тіл кемістігі күрделегі жағынан  қарағанда жалпы оқытуда кедергі
тудырмайтын және ауыр, арнаулы оқытуды талап ететін түрі болады.
4-6 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп логопедінің жұмысын ұйымдастыру
Инклюзивті сабақта қолайлы білім ортасын жасау
Инклюзивті білім беру жүйесі Италия
Мектеп жасына дейінгі балалармен психолог жұмысының функциялары
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Мектепке дейінгі білім беру мекемеде түзету логопедиялық жұмысының жетілдіру жолдары
Мектепке дейінгі тұтығатын балаларда коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру
ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ
Пәндер