Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандартына сай балаларды шағын орталық топтарында тәрбиелеу мен оқыту



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру

мектеп- кешені

Тексерген:

Оқу ісінің меңгерушісі:

Тусупова.М.А.

Баяндама

Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандартына
сай балаларды шағын орталық топтарында тәрбиелеу мен оқыту

Орындағандар:Абдрахманова.А.Н.

Байдильдинова.Қ.С.

Семей 2010 жыл

Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандартына
сай балаларды шағын орталық топтарында тәрбиелеу мен оқыту

Мақсаты:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды
қадағалауды ұйымдастырып, негізгі құзыреттілікке , жалпы адамзаттық
және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала
тұлғасын дамыту

Жоспары:

1.Кіріспе

2.Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттері

3.Жас кезеңдеріне бөлу

4 Оқу жүктемесінің максималды көлемі

5. Балалардың дамуына қойылатын жалпы талаптар

6. Білім беру саласы мазмұнының базалық минимумы

1.Кіріспе

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің
алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты
бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар
жасайды.Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-
педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жастың
зияткерлік,тұлғалық,әлеуметтік және эмоционалдық дамуын анықтайтын шарт
екендігін дәлелдеді.Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала
үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар.Мектеп жасына
дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз
байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып
табылатындығын ескере отырып,Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі
білім беру жүйесін жаңарту векторы ретінде стандарттар әзірлеу қажеттілігі
туындады.

Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың стандартына балаларды
балабақшада және мектепалды даярлық топтарында тәрбиелеу мен оқытудың
психологиялық-педагогикалық негізіне қойылатын талаптар жүйесі
кіреді.Стандарт педагогикалық процесті ұйымдастыру ережесін берді,оның
қатысушыларының рөлі мен орнын анықтайды,мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқыту жүйесінің отбасы және бірлестіктермен қарым-қатынасын реттейді.
Стандарт тәрбиелеу мен оқыту мазмұнына қойылатын нормалар мн талаптар
жүйесін белгілейді,мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы
педагогтар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің максималды көлемін,1
жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың даму деңгейіне және олардың
балабақша,мектепалды даярлық топтары және отбасы жағдайында негізгі
құзыреттіліктерді игеруіне қойылатын талаптарды анықтайды.

2.Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие мен оқытудың негізгі
міндеттері;

- баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту,толыққанды дене бітімін
дамыту. Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық дәстүрі негізінде
салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру;

- толық кеңістікті құру және мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуын
кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

-мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік құндылық бағдарын адамның оң
мінез-құлқы,нормасы,тәртіп ережесі,қазақстандық қоғамда қалыптасқан
халықтық салт-дәстүр үлгісінде қалыптастыру;

- өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспешілігін,мемлекеттік рәмәздерге
құрметпен,қоршаған орта ,отбасы,түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілікпен
қарауға тәрбиелеу;

- балада қоршаған дүние,өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы
түсініктің тұтас бейнесін қалыптастыру;

- баланың танымдық даму,интелектуалдық іс-әрекеті тәсілдерін
қалыптастыру,танып-білуге қызығушылығын арттыру;

- баланың бойында эстетикалық сезімді дамыту,бейнелеу,көркемдік-тілдік,
музыкалық іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту;

3. Жас кезеңдеріне бөлу

Қазақстан Республикасында баланың физикалық және психикалық даму
ерекшеліктерін көрсететін мынандай жас кезеңдері белгіленді:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында жас ерекшеліктеріне сүйене
отырып1 қыркүйекте мынандай жастық топтар жинақталды:

Ерте жастағы топ (1 жастан бастап2 жасқа дейін)

1Сәбилер тобы (2 жастан бастап 3 жасқа дейін)

2Сәбилер тобы (3жастан бастап 4 жасқа дейін)

Ортаңғы топ (4 жастан бастап 5 жасқа дейін)

Ересектер тобы (5 жастан бастап 6 жасқа дейін)

4.1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың оқу жүктемесінің максималды
көлемі:

Тәрбиешілердің апталық оқу жүктемесінің рұқсат етілетін максималды
көлемі мен ұйымдастырылған оқудың ұзақтығы бала денсаулығының және
психикасының мүддесін қорғау мақсатында енгізілген.

Мектепке дейінгі оқытудың барлық жастық сатысындағы оқу жүктемесі
мемелекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі білім беру стандартын
әзірлеуде техникалық талаптарда белгіленген санитарлық-гигиеналық нормалар
мен ережелерге сәйкес келеді.

Базалық оқу жоспарында әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің
шеңбері белгіленген.

Оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді: Денсаулық,
Таным, Қатынас, Шығармашылық, Әлеуметтік орта

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының базалық оқу жоспары

Білім беру саласы Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті



1 2 3 4 5
жастан жастан жастан жастан
бастап бастап бастап бастап жастан
2 3 4 жасқа 5 бастап
жасқа жасқа дейінгі жасқа 6
дейінгі дейінгі 2 кіші топдейінгі жасқа
ерте жас ортаңғы дейінгі
тобы 1 топ ересектер
кіші топ тобы




Денсаулық 2 2 2 2 3
Қатынас 1 1 2 2 3
Таным 1 2 2 3 3
Шығармашылық 3 4 4 4 5
Әлеуметтік орта - - - 1 1
Ұйымдастырылған оқу 7-10 мин 10-15 мин 15-20 мин 20-25 мин 25-30 мин
іс-әрекетінің ұзақтығы
Мектеп жасына дейінгі
балалардың 7 9 11 12 15
ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің жалпы
көлемі

Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық топтарының оқу
жоспарында білім саласының мазмұнын меңгеруге бөлінген ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің саны оқытудың жас ерекшеліктеріне сәйкес базалық оқу
жоспарында белгіленген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің санынан артық
болмауға тиіс.

5.Балалардың дамуына қойылатын жалпы талаптар

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің
нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Денсаулық сақтау құзыреттілігі

Кіші сала 1 жастан бастап 3 3 жастан бастап 5 5 жастан бастап 6
жасқа дейін жасқа дейін жасқа дейін
Мәдени-гигеналық Жеке бас гигенасының Гигеналық шараларды Гигеналық шараларды
дағдылар алғашқы жағдыларын орындау ретін біледі өздігінен
меңгереді орындауға ынта
білдіреді
Дене шынықтыру Жүгіру,өрлеу және Өмірлік маңызды Негізгі қимылдарды
секіруде алғашқы қимылдарды өздігінен орындауда
дағдыларды меңгереді орындайды шығармашылық тәсіл
білдіреді
Өздігінен қозғалу Кейбір қимылдарды Саптық және спорттық Топтағы балалармен
белсенділігі ересектердің жаттығуларды меңгередібірге
көрсетуімен орындайды қимыл-қозғалыс ойын
іс-әрекеттерін
ұйымдастырады
Салауатты өмір Қауіпті жағдайда Салаутты өмір салты Қауіпсіздік
салты сақтық,шынықтыру ережелерін ережелерін саналы
шараларын өткізуде оңбіледі,ересектердің түрде
эмоция білдіреді көрсетуімен шынықтыру орындайды,шынықтыру
элементтерін шараларының
орындайды маңызыдылыіғы мен
қажеттілігін
түсінеді

Коммуникативті-тілдік құзыреттілік

Кіші сала 1 жастан бастап 3 3 жастан бастап 5 5 жастан бастап 6
жасқа дейін жасқа дейін жасқа дейін
Қатынас мәдениеті Құрдастарымен Ересектерді сіз деп Қоғамдық орындарда
байланысқа түсе атайды,сұрақтары мен өзін-өзі ұстау
алады өтініштеріне жауап ережесін сақтайды
береді,ересектермен
қатынасқа түседі
Тілдің Түсінікті болу үшін Сөздерді Грамматикалық дұрыс
грамматикалық ойын дұрыс айтуға өзгертеді,басқа сөйлеуге
құрылымы тырысады сөздермен тырысады,тілге сыни
сәйкестендіреді,салалақатынасын білдіреді
с және құрмалас
сөйлемдерді қолданады
Тілдің дыбыстық Дауысты және Ана тілінің барлық Сөздерді орынды
мәдениеті дауыссыз дыбыстарды дыбыстарын дұрыс қолданады,дыбыстарды
дұрыс атайды. атайды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемені басқару пәнінің ОҚУ БАҒДАРЛАСЫ
Семинар практикумның ерекшеліктері
Интерактивті оқыту
Мектепке дейінгі дайындық пен бастауыш сынып арасындағы математикалық білім мазмұнындағы сабақтастық
Балаларды мектепалды даярлау мәселелері
Жас кезеңдері және жас топтары мынадай
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының үрдісін ұйымдастыру
Дамуында ауытқуы бар балалардың түрлері
Күрделі дамуында ауытқуы бар балалар
Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерінің түрлері
Пәндер