ПЕДИАТРИЯ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ГИГИЕНАСЫ


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ӘД-001/026

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

«ПЕДИАТРИЯ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ГИГИЕНАСЫ»

пәнінен

050101 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына арналған

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

ОӘК құрастырған: п. ғ. к., доцент Жумадуллаева А. А.

Мекен жайы, тел. және Е-mail: Түркістан қ. 3-21-67 (119)

Кафедрадағы жұмыс уақыты: дүйсенбі 9. 00-12. 00, сейсенбі 9. 00-12. 00.

СӨЖ қабылдау мен кеңес беру күндері, уақыты және қабылдау

орны: сәрсенбі 9. 00 - 17. 00, №7 ғимарат, кафедра.

ТҮРКІСТАН 2012

1. КІРІСПЕ

Пєн туралы қысқаша сипаттама. «Педиатрия нагіздері және балалар гигиенасы» пәнінен студенттер териялық мәліметтер және практикалық дағдыларды игеріп, мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың денсаулығын сақтауға, денесінің дұрыс дамып жетілуіне пайдалана алады. Болашақ мамандар мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың денсаулығының қалыптасуы, оның болашақтағы бүкіл өміріндегі жұмысқа деген қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне кепіл бола аладығын меңгереді.

Пєннің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалар денсаулығы және оны қорғау туралы студенттердің білім ауқымын кеңейту, белгілі бір ғылыми жүеге келтірілген нақты міліметтерді ұсына отырып, аталмыш пән бойынша териялық деректерді өз бетімен оқып - үйренулерін қамтамасыз ету.

Пєннің міндеттері: педиатрия педагогикалық ғылыми білімнің саласы ретіндегі ұғымы туралы, қазіргі кезеңдегі жағдайы мен дамуының бағыттары жайлы білімдерді беру;

  • Болашақ тәрбиешілердің балалар гигиенасы және педиатрия негіздері курсының негізгі мәселелері мен әлеуметтік маңызын меңгертіп, оны жүзеге асыруларын қамтамасыз ететіндей жағдай туғызу;
  • Студенттерді мектепке дейінгі ұйым балаларының денсаулығын сақтауға, олардың үйлесімді дамуы мен тәрбиенің дұрыс жолға қойылуын қамтамасыз ететіндей нормативтік құжаттар және ережелермен таныстыру;
  • Балалардың денсаулығына ықпал ететін қоршаған орта факторларының әсері туралы студентердің білімдерін тереңдету.

Пререквизиттер: жас ерекшелік және педагогикалық психология, жалпы педагогика, патопсихология, жас ерекшелік физиологиясы, невропотология, жалпы және медициналық генетика, арнайы психология т. б.

Постреквизиттер: Арнайы педагогика, балалар психологиясын танып біле отырып, келешек ұрпақтың кейбір кемтарлық жағдайларын түзету, дұрыстау мәселелеріне әсіресе мектепке дейінгі мекемелердің аталған мәселелер бойынша шешілмей жатқан күрделі түзету іс-әрекеттеріне көмек көрсете алады.

  1. Лекция тақырыбы:

Мектепке дейінгі гигиена және педиатрия пәні және міндеттері. Балалардың өсуі және дамуының жалпы заңдылықтары

2. Лекция жоспары:

1. Мектепке дейінгі гигиена және педиатрияның даму тарихы.

2. Мектепке дейінгі балалар гигиенасы және педиятрияның зерттеу әдістері.

3. Даму және өсу процесінің негізгі заңдылықтары.

4. Жас ерекшеліктері кезеңдері

3. Лекция мақсаты: Мектепке дейінгі балалар денсаулығы және оны қорғау туралы студенттердің білім ауқымын кеңейту. Студенттерді мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілердің денсаулығының сақтауға олардың гармониялық мен дамуы мен тәрбиенің дұрыс жолға қойылуын қамтамасыз ететіндей нормативтік құжаттар және ережелерін үйрету.

4. Лекцияның мазмұны:

Педиатрия негіздері және мектепке дейінгі гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: баланың денсаулығын, адам организмінің жеке мүшелері және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктер заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары.

Бұл пән анатомия, физиология, жалпы және медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика, гистология, цитология, генетика, биология т. б. ғылымдардың табыстарына сүйенеді. Педиатрия негіздері және мектепке дейінгі гигиена пәнінің міндеттері:

1. Педагогтарға қажетті балалар анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерін үйрету.

2. Өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы дұрыс түсінікті қалыптастыру

3. Оқыту және тәрбиелеу жұмыстарында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстыру.

4. Сезім, қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу, көңіл күй(эмоция) іспетті функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру.

5. Болашақ мамандарды балалар мен жастардың, жалпы адам организмінің жас ерекшеліктерін

іс жүзінде пайдалана білуге үйрету

Педиатрия негіздері және мектепке дейінгі гигиена пәні педагогика ғылымымен байланысты, себебі педогогика жүйке жүйесінің әрекетінің заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.

Көне Греция мен Рим империясындағы дәрігерлердің адам құрылымын, қызметін зерттеуден басталған бұл ғылымға 19-20 ғасырларда орыс ғалымдары И. П. Сеченов пен И. П. Павлов өз үлестерін қосты. Қазақстанда организм анатомиясын зерттеуде Ф. М. Мұхаметқалиев, А. Р. Рақышев физиологияның қалыптасуында 1938 жылдан бастап проф. А. П. Полосухиннен бастап академик Н. О. Базенова мен шәкірттері және проф. Қ. Е. Рымжановтар үлестерін қосты.

Гигиена ғылымының бір саласы - мектепке дейінгі гигиенасы. Гигиена адам денсаулығына қажетті сыртқы ортаның жағдайларын және аурудың алдын алуға бағытталған шараларды зерттейді. Қазақстанда гигиена ғылымының негізін қалаған проф. Б. А. Атшабаров пен академик Т. Ш. Шарманов.

Мектепке дейінгі балалар гигиенасы және педиятрияның зерттеу әдістері

1 Бақылау - сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме, барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланылады, бірақ басқа әдістерден бөлек талдауға болмайды.

2 Табиғи тәжірибе - байқау мен лабораториялық эксперименттің аралық түрі. Тәжірибе қалыпты (табиғи) жағдайда қолданылады.

3 Лабораториялық тәжірибе - зерттеу тәжірибесі арнайы жағдайда жүргізіледі. Жағдай өзгерту арқылы қызметінің өзгеруін анықтайды.

4 Функциалық жүктеме немесе сынау әдісі - организм мүшелерінің қызметін жүктеме беру арқылы өзгертіп, анықтайды.

5 Телеметрия - радиотехника аспаптары арқылы организмді қашықтан анықтау.

6 Антропометрия - дененің физикалық көрсеткіштерін өлшеу әдісі. Баланың бойын, кеуде шеңберін дене салмағын өлшейді. Бойы мен кеуде шеңбері дем алғанда, дем шығарғанда, тыныштық кезде өлшенеді. Дене салмағы таңертең ұйқыдан тұрғанда, тамаққа дейін өлшенеді.

Өсу мен даму.

Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Негізгі үш көрсеткіш бойынша :бойы, салмағы, кеуде шеңбері. Организмнің дамуы сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі қызмет атқаруға бейімденуін, организм мен жеке мүшелер қызметінің артуын, ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмнің дамуының 2 түрі болады.

1. Физикалық даму көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, орны.

2. Функциялық даму - мүшенің атқаратын қызметіне байланысты.

Адам өмірінің 3 кезеңі бар: өсіп даму жетілу; кемелдену; қартаю.

Олардың айырмашылығы дене көрсеткіштерінде және даму дәрежесінде.

Кәмелетке келу (дамып жетілу) - жыныстық жетілу және ұрпақ жалғастыру қабілеттілігінің пайда болуы сонымен бірге әлеуметтік қызмет атқару, еңбек ету. Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста, қыз 16-18, ұл 18-20 жаста жетіледі.

Өсу мен даму заңдылықтары

1 Өсу мен даму гетерохронды болады, үнемі біркелкі емес.

2 Мүшелер мен жүйелер өсу мен даму қарқыны әртүрлі.

3 Өсу мен даму баланың жынысына байланысты.

4 Функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы.

5 Өсу мен даму тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы орта жағдайларына тәуелділігі.

6 Өсу мен даму акселерациясы.

Өсу мен даму гетерехрондылығы (гетерос - әртүрлі, хронос - уақыт) жыл мезгілінде, әр кезеңде әртүрлі. Өсу қарқыны өмірде

3 рет күшейеді:

1) туғаннан 3 жасқа дейін

2) 3-7 жас арасында

3) жыныстық жетілу кезеңінде

Өсу мен даму сыртқы белгісі - дене пропорциясының өзгеруі - адамның бойының тұла бойы мен аяқтарының ұзындығына қатынасы.

Дене пропорциясы 1 жасқа дейін:

баланың басының ұзындығы . тұла бой ұзындығы. аяқ ұзындығы

1 жаста: 1:4 2:4 1:4

2 жаста 1:5 2:5 2:5

6 жаста 1:6 2:6 3:6

7 жаста 1:7 3:7 3:7

12 жаста 1:8 3:8, 4:8.

Өсу мен дамуға сыртқы орта жағдайы негізгі тұқым қуалайтын заңдылықтардан асып кете алмайды.

Өсу мен даму акселерациясы деп балалардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата - аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен даму акселерациясын анықтау үшін баланың нақтылы бір жас мерзімін алып оның көрсеткіштерін ата-анасының сол жастағы көрсеткіштерімен немесе сол жерде бұрын өмір сүрген балалардың орта көрсеткіштерімен салыстырады. Өсу мен даму акселерациясы белгілері:

  • жаңа туған нәрестенің ірі болуы
  • белгілі бір жас мерзімінде денесінің ірі болуы
  • ерте жыныстық жетілу
  • бала сүйегінің ерте қатаюы
  • бой өсуінің ерте тоқтауы.

Адам жасының кезеңдері.

Адам жасының кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады.

1965 ж Мәскеуде болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің жиналысында оны 12-ге бөлді:

1. жаңа туған сәби (алғашқы 10 күн)

2. емшектегі сәби (10 күн 1 жас)

3. алғашқы балалық шақ (1-3 жас)

4. бірінші балалық шақ (4-7 жас)

5. 2-ші балалық шақ (қыз 8-11, ұл 8-12)

6. жеткіншек немесе жас өспірім (қыз 12-15, ұл 13-16)

7. кәмілеттік немесе жігіттік бойжеткендік (қыз 16-20, ұл 17-21)

8. кемелге келу немесе ересектік мерзімнің бірінші жартысы (21-35 әйел, 22-35 ер)

9. ересектік мерзімнің екінші жартысы (36-55 әйел, 36-60 ер)

10. егде жас (әйел 55-74, ер 60-74)

11. қариялар (74-90)

12. ұзақ өмір сүрушілер (90-нан асқандар) .

5. Бақылау сұрақтары:

1. Мектепке дейінгі гигиена және педиатрияның даму тарихы.

2. Мектепке дейінгі балалар гигиенасы және педиятрияның зерттеу әдістері.

3. Даму және өсу процесінің негізгі заңдылықтары.

4. Жас ерекшеліктері кезеңдері

2. Лекция тақырыбы:

Балалардың дене дамуы және денсаулығы. Акселерация. Балалардың мектепке дейінгі мекемелерде адаптациялануы (бойы ұйренуі, көндігуі)

2. Лекция жоспары:

1. Балалардың дене дамуы және денсаулығы.

2. Акселерация

3. Балалардың мектепке дейінгі мекемелерде адаптациялануы (бойы ұйренуі, көндігуі)

3. Лекция мақсаты:

Мектепке дейінгі балалар денсаулығы және оны қорғау туралы студенттердің білім ауқымын кеңейту. Студенттерді мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілердің денсаулығының сақтауға олардың гармониялық мен дамуы мен тәрбиенің дұрыс жолға қойылуын қамтамасыз ететіндей нормативтік құжаттар және ережелерін үйрету.

4. Лекцияның мазмұны:

Физикалыќ Ұсу денеміздегі антрополыќтар, спорттыќ медицина мамандары организмніњ ішкі ќорын аныќтайтын, морфофункционалдыќ ќасиеттер комплексі дейді.

Балалардың физикалық дамуының негізгі көрсеткіштері: дене салмағы, дене ұзындығы (бойы), кеуде клеткасының орамы. Физикалық дамуды терең бағалауда ескерілетін басқа да көрсеткіштері.

  1. Соматометриялық(дене, аяқ, қол ұзындығы, отырған кездегі бойы, иық пен жамбас ені, бас өлшемдері - орамы, биіктігі, иық, білек, сан, тізе өлшемдері) .
  2. Соматоскопиялық (кеуде клеткасын, арқа табан формаларын, қалпы мускулатура жағдайы, тері асты май қабаты, терінің эластикалығы, жыныстық жетілуі) .
  3. Функциональды(өкпенің өмірлік сиымдылығы, жұдырық күші т. б. ) .

Физикалық даму бала денсаулық жағдайының комплексті көрсеткіші болып табылады.

Баланың физикалық дамуы тұқым қуалаушы факторлармен қоршаған сыртқы орта факторлары әсерінен қалыптасады.

Антропометриялық өлшеу техникасы

Барлық физикалық даму көрсеткіштерін өлшеу таңертең стандартты өлшегіш құралдарымен жасалынады.

Бойы: 2 жасқа дейінгі балаларды горизонтальды жағдайда жалпақ тақтай түріндегі ростомермен өлшейді. 2 жастан жоғары балаларда тұрғызып тұрып өлшенеді.

Дене салмағы: 2 жасқа дейінгі балаларды реттелген балалар таразысында, 2 жастан жоғарғы балаларда медициналық таразыға салып өлшейді. Кеуде сарайын бала қалыпты дем алған кезде өлшейді.

Сантиметрлік лентаны жауырын асты бұрышы мен сүт безі үрпісі мен жүргізеді. Бас айнала өлшемін шүйде төмпегі мен қас үсті доғасымен жүргізеді.

Аяқ-қолдардың, дененің өлшемін Мартин антропометрмен немесе сантиметрлік лентамен жүргізеді. Дене ұзындығы - VІІ мойын омыртқасы өсіндісімен құйымшақ арасы, аяқ ұзындығы - санның үлкен ұршығы мен табан, қол ұзындығы - акромион мен ІІІ саусақ ұшы.

Негізгі антропометриялық мәліметтер.

Эмбрион мен ұрықтың құрсақ ішілік дамуы.

Құрсақ ішілік дамудың қалыпты циклы 270 күніне 280 күнге созылады. 9 аптаға дейін эмбрион, 9 аптадан кейін ұрық деп аталынады.

Ұрық ана организімінен байланысты болады және жүктілік кезінде ана - планцента - ұрық жүйесі арқылы оптимальді жағдай қалыптасады. Құрсақ ішілік дамуда ұрыққа бір қатар эндо және экзогендік факторлар әсер етіп, баланың физикалық дамуын анықтайды.

1. Жаңа туылған нәрестенің дене салмағы орташа алғанда 3350 /қыздар/ 3500 - / ұлдар/ болады. Өмірінің алғашқы күндері бала салмағының 6-8% жоғалтады. Ол бір қатар себептерге байланысты: бүйрек, ішек арқылы бөлінетін су ең көп өкпемен тері арқылы 70-75% құрайды. 10-20% бөлінділер (зәр, меконий) арқылы, 3% босану кезіндегі ұрық маңы сулармен және кіндік жарасының кебуі есебінен. Бұл кезде тамақтану факторы шешуші роль атқарады.

Жетіліп туылған баланың дене салмағы алғашқы жылы мына реттілікпен жүреді. Туылған кездегі салмағына 1-ші айда - 600г. 2-3 айда - 800гр. қосылады. Содан кейінгі айларда 500 г. кем салмақ қосылады. Яғни, мыс: 4 айда 750, 5-700г, 6-айда - 650 гр. 6 айға дейінгі бала салмағын мына формула арқылы есептеп шығарады.

Туылған кездегі салмақ + 800 х п

800 - орташа айлық қосылатын салмақ.

п - ай саны.

7-12 айлық балалардың дене салмағын есептеу үшін формула.

Туылған кездегі салмақ - (800х6) + 400г. (п-6) .

800-1-ші жарты жылдық қосылатын салмақ

6 - ай саны.

400-орташа айлық қосылатын салмақ.

2-11 жасар балалардың дене салмағын есептеу үшін формула.

10, 5 кг +2п.

п- бала жасы.

10, 5 - 1 жасар бала орташа салмағы.

12-15 жасар балалардың дене салмағын есептеу үшін формула.

п х 5 - 20кг.

п - бала жасы.

2. Жаңа туылған нәрестенің бойы 46-56см. аралығында, 50, 2 - қыздар, 50, 7 - ұлдарда болады. Бастапқы 3 айда 3 см, 4, 5-6 айда 2, 5 см, 7, 8 - 9 айда 1, 5-2 см, соңғы 3 айда 1 см қосып отырады. Бір жасар бала бойы 25 см. өсіп 75 см. құрайды.

Содан кейін бойы өсуі аздап баяулайды. 2 жаста 12-13см, 3 жаста 7-8 см, 4 жастан бастап 6 см-ге өседі. Бір жастан асқан баланың бойын мына формулалар арқылы есептеуге болады. ү

100 см - 8 (4-п) п - бала жасы.

Егер бала жасы 4-тен жоғары болса.

100 см + 6 (п-4) п-бала жасы.

3. Жаңа туылған нәрестелердің кеуде сарайының өлшемі 32-34 см. Алғашқы 3 айда - 2, 5 - 3 см, 2-ші кварталда 1-1, 5 см, 3-4-ші кварталда 0, 5-1 см. қосылып бір жасар баланың кеуде сарайы 13-15 см. өседі. 5 жаста - 55 см, 10 жаста - 63 см, 14-15 жасар баланың кеуде сарайын өлшеу үшін мына формула пайдалынады.

63 см - 1, 5 см (10 - п) п-бала жасы.

Егер бала жасы 10 жастан жоғары болса.

63 см + 3 см (п - 10) п-бала жасы.

4. Бас өлшемі жаңа туылған нәрестелерде 35 см. болады. Алғашқы 3 айда 2 см, 3-4-5 айда 1 см-ден, ал 2-ші жарты жылдықта 2, 5 см. қосылады.

5. Жаңа туылған және емізулі балаларда ересектерге қарағанда дене бөліктерінің қатынасы әртүрлі болады. Аяқ-қолдары қысқа, басы үлкен, мойыны мен кеудесі қысқа, ал іші ұзын, жамбасы әлсіз дамыған.

Сүт тістерінің ауысу периодында баланың дене құрылысында келесі өзгерістер болады; аяқ-қолдары ұзарады, шайнау аппараты мен бет рельефі күшейеді, майлы жастықша азаяды. Бұлшық еті жақсы дамиды.

6. Дененің беткі көрінісі: бүйрек, қан айналым, сыртқы тыныстың функциональды жағдайының көрсеткіштері дененің бетімен тығыз байланысты. Көптеген препараттар мен инфузиялық терапия компоненттерін дене беті бірлігіне есептеу керек.

Жаңа туылған нәрестенің дене беті 1 кг. дене салмағына шаққанда ересектерге қарағанда 3 есе үлкен.

Жобалап мына формулалар арқылы есептеуге болады.

Дене салмағы 1, 5-100 кг. балалар үшін

S = 4 + 7

м + 90

S - дене бетінің ауданы,

М - масса. Бөліндідегі М - 0, 25 кг; бөлгіштегі М - 1 кг дейін бүтінделеді. 10 - 17 жасар

бала үшін;

S (м 2 ) = n - 1

10

S - дене беті

n - бала саны

7. Май қабаттарын бағалау. Тері асты май қабатының қалыңдығын калипер арқылы 3 аймақтан анықтайды: кіндік деңгейінде, жауырынның төменгі бұрышы және иықтың артқы беті. Кез келген жастағы баланың физиологиялық жамуын бағалау дене салмағы, бойы және т. б. көрсеткіштерді салыстыра отырып жасалынады.

Акселерация процесі құрсақ ішілік даму периодын қамтиды. Ол барлық жастық кезеңдерде байқалады және дүние жүзін қамтиды. Акселерация процесіне әсер етеді: күн радиациясы әсері, магнитті алаң, космостық радиация, өндірістің өркендеуіне байланысты көмір қышқыл газының концентрациясының жоғарылауы өмір сүру жағдайының жекелеген факторлары (алиментарлы, урбонизация т. б. ) және генетикалық факторлар.

Патологияда дене салмағы көп не аз болады. Салмақтың өсуі семіздік, конституция анатомиялары мен энергия алмасудың төмендеуі әсерінен болады. Семіздік гипофизарлы генитальды және церебральды болады. Егер бала салмағы 10% көлемінде аз не көп болса - нормотрофия деп аталады. Егер 10%-тен көп болса - паратрофия І-дәрежелі гипертрофиядан - 10 - 15% - ІІ-дәрежеліде - 15 - 30%, ІІІ-дәрежелі не атрепсияда 30% < салмақ дефициті болады.

Бала бойының бұзылыстары жіктеледі:

І. Нанизм және субнанизм.

ІІ. Гигантизм және субгигантизм.

Әр қайсысы пропорциональды және пропорциональды емес болып бөлінеді. Ересек адамның бойы 120-см кем болса - ергежейлі, ал 190-см жоғары болса - алып болып саналады.

Бала бейімделу кезін жеңілдету үшін бұл сұрақты кешенді жағынан қарастыру керек. Мәселен баланы балалар емханасында тексеруден өткізу және мектепке дейінгі мекемеге жаңадан түскен баланың ой қабілетін ұйымдастыру.

Балалар емханасында бөлімшенің бала дәрігері және бөлімшенің мейірбикесі баланы сауықтыруда және отбасында баланы дұрыс тәрбиелеуді үйретуде бірнеше іс шараларды жүзеге асырады.

Сонымен қатар балабақшада бала өмірін ұйымдастыру жүйесі қамтамасыз етіледі, яғни бұл баланың психикалық күйзеліске түсіруін болдырмау.

Жаңа балалардың келу қарсаңында топта барлық нәрсе дайын тұруы керек. (мысалы баланы қалай және немен тамақтандыру, қай жерде ұйықтату және т. б. мәселелер) .

Тәрбиеші топқа жаңа баланың келуін алдын ала білуі шарт. Егер де бала үлкен топқа түссе, онда бұл жағдайда айту керек. Тәрбиеші үлкен топтағы балаларға жаңадан келген баланы сыйлау керек, қалай қарсы алу керектігін үйретеді. Тәрбиешілер әр балаға қамқорлықпен, мейірімділікпен қарау керек.

Балабақшаға жаңадан түскен балалар бірден қабылдана бермейді, яғни жарты айдың көмегінде 20 адам қабылданады, яғни топқа 2-3 адамнан қабылданады. Балалар балабақшадан мектепке ауысқанда балаларды қабылдау күні 15 шілдеден басталады. Үлкен топты жинаған кезде бір мезгілде 2-3 баланы қабылдауды рұқсат етеді. Сонда топтағы 25 адам жарты айдың көлемінде қабылданады.

Дәрігер баланы қабылдау кезінде баланың анализіне және денсаулық жағдайына аса назар аударады. Денсаулық жағдайына қарап баланың бейімделу кезінде белгілі бір медициналық белгілеу белгілейді (күн тәртібін, тамақтануын, күндізгі ұйқыны ұйымдастыру) .

Бейімделу кезінде әдеттегідей баланың тамақтану, ұйықтау тәртіптері міндетті түрде сақталынады. Ұйықтау кезінде баланы тербетуге немесе жақсы көретін ойыншығын беруге болады.

Баланың тәрбиелік әдісінің уақытша әдетке айналып сақталуы балаға жаңа жағдайға бейімдеуге көмектеседі. Кейде қиын жағдайда балаға бөлмелердің үлкен кеңістігі туғызады, мұндай жағдайда баланы шағын бөлмеге орналастыру керек.

Жаңа жағдайға баланың тез бейімдеуге мынандай жағдайлар көмектеседі: балаға айтылатын еркелік сөздерді айту, қасына ойнатуға рұқсат ету.

Баланы балалардың емес үлкендердің жанына ойнатса, онда бала өзінің құрдастарына тез үйреніп кетеді.

Егер бала өз шешесіне немесе әжесіне үйреніп қалған жағдайда, онда алғашқы кезде 3-4 күн олардың балабақшаға келіп тұруына мүмкіндік беріледі.

Алғашқы кезде жаңадан келген балаға ауыр тиетін процедураларды жасауға болмайды: егу салуға, шашын қысқартуға т. б. Егер балаға денсаулық жағдайына байланысты укол салуға тиым салынса, онда укол бейімделу кезінен кейін салыну керек, бірақ балабақшаға түскен соң біра айдан кейін салынады. Бейімделу кезінде тәрбиеші баланың істеген іс - әрекетін мұқият қадағалап отырады. Кейде баланың эмоционалдық күйі бұзылса, онда баланы 2-3 күн үйіне жіберу керек. Балада бейімделу кезінің аяқталуын мынандай жағдайларға қарап түсінуге, білуге болады: жақсы ұйқыдан, көтеріңкі эмоционалдық көңіл - күйден, салмағының өсуінен, жаңа тәбетінен білуге болады.

Бағылаудың нәтижесіне сүйенсек жаңа жағдайға бейімделуге балаға алғашқы кезде тәбет жақсарса ұйқының жақсаруы бұзылады.

Әрине бейімделу кезінде баланың өмірін ұйымдастыруда меңгеруші тәрбиешілер және ата аналар қатысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педиатрия туралы жалпы түсінік
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мазмүны, міндеттері, даму тарихы
Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
Педиатрия дамуы. Қазақстандағы педиатрия
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Патронаж қызметкері - осы қызметтің ортасында
Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнiнен дәрістер
Балалардағы сүйек және бұлшықет жүйелерінің ерекшеліктері
Педиатрия негіздері
Халыққа білікті медициналық көмек көрсету ережесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz