Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың 9 тіршілік әрекетін ұйымдастыр
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ
(5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі)
БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН
БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ
БАҒДАРЛАМАCЫ
АСТАНА 2010
УДК 372.3.4
ББК 74.102
М 41
Құрастырушы-авторлар: Н.Л. Татаурова, И.А. Тирская, Т.А.
Дрыгина, Г.Г. Корчевская, С.И. Шелипова, С.Г Шақабаева., И.И.
Митрофанова
Рецензенттер:
Б.А Ердембеков, ф.ғ.д., СМПИ психологиялық-педагогикалық факультетінің
деканы
С.Г Нұрсейітова, Семей қаласы, № 9 Айгөлек балабақшасының меңгерушісі
М 41 Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі)
балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған Біз мектепке барамыз
бағдарламаcы.- Астана, 2010. - 121б.
ISBN 9965-810-45-1
5-6 жастағы балалардың оқу тәрбие бағдарламасы баланың тұлғалық дамуын
және оның мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ететін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру ҚР МЖМБС 1,001-
2009., Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының логикасында
мектепке дейінгі білім берудің базистік мазмұнын анықтайды.
Бағдарламаның мазмұны баланың жеке жас ерекшелік әлеуетін ашу үшін
жағдайлар жасауды, тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған білім жүйесін
қалыптастыруды, әлеуметтік ортада дұрыс қарым-қатынасқа қабілетті
шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуді қарастыратын мектепке дейінгі ересек жастағы
балаларды оқыту мен тәрбиелеу мақсатын іске асыруға бағытталған.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қызметкерлеріне, педагогикалық ЖОО
мен колледждердің студенттеріне ұсынылады.
УДК 372.3.4
ББК 74.102
ISBN 9965-810-45-1
© Мектепке дейінгі балалық шақ
республикалық орталығы, 2010
МАЗМҰНЫ
1. Түсіндірме жазба 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
... ... ... ... ..
2. Мектепке дейінгі ересек жастағы
балалардың 9
тіршілік әрекетін ұйымдастыру
... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Балалардың жас ерекшелігіне
сипаттама 12
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
... ... ... ... ... ... ... ...
4. Күн тәртібінің үлгісі 17
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
... ... ... .
5. Денсаулық білім беру саласы 18
... ... ... ... ... ... ... ...
6. Қатынас білім беру саласы 36
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
7. Таным білім беру саласы 44
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
.
8. Шығармашылық білім беру саласы 63
... ... ... ... ... .
9. Әлеуметтік орта білім беру саласы 84
... ... ... ... ... ...
10. Ойын іс-әрекетінде баланың дамуы 94
... ... ... ... ... ... ..
11. Еңбек іс-әрекетінде баланың дамуы 99
... ... ... ... ... ... .
12. Мерекелер мен ойын-сауықтар 103
... ... ... ... ... ... ... ... .
13. Ата-аналармен жұмыс 105
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
... ... ..
14. Әдебиеттер 107
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
... ... ... ... ... ... ...
15. Қосымша 109
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
... ... ... ... ... ... ... ...
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту жағдайында мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың жаңа Жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу және
мектепке дейінгі ұйымдағы, соның ішінде 5-6 жастағы балалар үшін,
педагогикалық процесті бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету
әзірлемелерін дайындау қажеттілігі туындап отыр.
Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі)
балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған Біз мектепке барамыз ұсынылып
отырған бағдарламасы мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен
дамытудың мазмұндық аспектілерін ашады.
Бағдарлама түрлі өмір жағдайларында жинақталған тәжірибені қолданудың
басты көрсеткіші ретінде балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру
міндеттерін шешуге бағытталған.
Бағдарлама классикалық және отандық мектепке дейінгі педагогика
әзірлеген мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу
тәсілдеріне, ішінара Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың типтік
бағдарламасының базалық қағидаларына сүйенеді.
Бағдарлама құрастырушылары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа
Жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі қағидаларын бейнелейтін,
бүгінгі күн талаптарына жауап беретін жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеуді
мақсат етіп қойды.
Бағдарлама, ең алдымен, оқыту әдістемесін ғана емес, сонымен бірге,
бақылау мен бағалау, өз іс-әрекетін жобалау мен баланың дамуын болжау
әдістерін меңгерген шығармашыл педагогке арналған.
Ұсынылып отырған бағдарлама мазмұны позитивті әлеуметтенуді қамтамасыз
етуге және балаларға негізгі құзыреттіліктерді меңгертуге, сонымен қатар
әлеуметтік ортадағы оң қарым-қатынасқа қабілетті шығармашыл жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламалық материалды іске асыруда басты бағдар педагог пен
тәрбиеленуші қарым-қатынасының құзыретті жүйесіне өту болып табылады.
Құзыреттілікті танымдық мәселелерді дербес шешуге, өз айқындамасын
анықтауға және адамға қоғамдағы өмір сүру нормалары мен ережелерін
орындауға қажетті даму деңгейі ретінде қарастыра отырып, бағдарлама
құрастырушылары, бұрынғы мектепке дейінгі балаларға арналған бағдарламаға
қарағанда, осы бағдарлама әрбір мектеп жасына дейінгі баланың жеке
мүмкіндіктеріне бағытталған деп есептейді. Бала бағдарламалық материалды
меңгергенде өзінің іс-әрекетін өзі жоспарлауды, мақсат қоюды, оған қол
жеткізу жолдарын табуды үйренуі тиіс.
Бағдарламада мектепке дейінгі білім беру мазмұнының жүйелілігі және
алдыңғы және кейінгі жас сатылармен сабақтастығы айқын көрінеді.
Балалардың қажеттілігіне бағытталған педагогикалық процесті
ұйымдастыруға жаңаша қарау бағдарламаны құрастыруда тәрбие міндеттерін
біртіндеп күрделендіруді және оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен
әдістерінің алуан түрін қолдануды қажет етеді. Мұндай жол барлығы
түсіндірілетін және көбінесе баланың орындаушылық қасиеттері қалыптасатын
оқытумен салыстырғанда, шығармашылық қабілеттілікті, дербестікті, дамытуға
бағытталған.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі міндеттері:
- мектепке дейінгі ересек жастағы бала бойында маңызды шешуші
құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік
дамытушы орта құру;
- тәжірибелік, танымдық, шығармашылық тәжірибе мен бала іс-әрекетінің
басқа да түрлерін қалыптастыру;
- Қазақстанның патриоттық және мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде
жалпыадамзаттық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту;
- полиэтникалық және көпмәдениетті мегаполисте ұлтаралық қатынастарды
үйлестіру процесінде маңызды звено болып табылатын ұжымдағы
тәрбиенушілердің ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру;
- баланы жалпыәлемдік және жалпыұлттық құндылықтар рухында дамыту мен
тәрбиелеу мақсатында отбасы мен мектепке дейінгі ұйым ортасының
мүмкіншіліктерін пайдалану;
- әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жағдайында әрі
қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны
іске асыру дағдыларын жетілдіру;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бала денесінің
толыққанды дамуы үшін қолайлы кеңістік құру;
- әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін
дамыту;
- мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.
Мектепке дейінгі ересек жастағы баланы тәрбиелеу мен дамытудың нәтижесі
- ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алатын, негізгі
құзыреттілікті және дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негіздерін
меңгерген, мектепте оқуға даяр тұлға болып табылады.
Бағдарлама бес білім беру саласын (Денсаулық, Таным, Қатынас,
Шығармашылық, Әлеуметтік орта) қамтиды және баланың мектепте білім
алуға бағытталған әлеуеттік мүмкіндігін ашуды көздейді.
Бағдарлама мазмұнын іске асыру белгілі бір мақсатқа бағытталған, бір-
бірімен тығыз байланысты дербес бөлімдерден тұратын білім беру салаларының
жұмысын жүргізу болып табылады.
Денсаулық білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға,
салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға,
бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін
жетілдіруге бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны,
міндеттері белгіленген.
Қатынас білім беру саласында байланыстырып сөйлеуін, мектепке дейінгі
ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды
диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге
дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың
мазмұны мен міндеттері қарастырылады.
Таным білім беру саласында баланың қоршаған ортада бағдарын кеңейтіп,
толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу, қарапайым іздеу
әрекеттерін, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруін, түрлі ақпарат
көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық
жұмыстардың міндеттерін, мазмұны мен шарттарын айқындап көрсетеді.
Шығармашылық білім беру саласында баланың қоршаған ортаға деген
эстетикалық қатынасы мен ұлттық, классикалық және қазіргі көркем
құралдардың дамуымен бірге қалыптасуы қарастырылады. Балалар шығармашылығы
мен әрекеттерін біріктіру арқылы балалардың көркемдік қабілеттері
қалыптасады. Балалар шығармашылығы - өзін, өзінің мүмкіндіктері мен
қоршаған ортаны танитын және оларға өзінің көзқарасын білдіретін ерекше
әлем.
Әлеуметтік орта білім беру саласында әлеуметтендіруді қоғамдық
қатынастар жүйесіне енуге қажетті балалардың әлеуметтік-мәдени
тәжірибелерінің дамуы ретінде қарай отырып, еңбек және білім, білік,
дағдыларын, қағидалар, құндылықтар, салт-дәстүрлер, ережелер, тұлғаның
әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар, бұл сала кіріктірілген сипатта төрт білім беру саласының
мазмұнын іске асырады. Балалар әрекеттерін түрлендіруді ұйымдастыру
негізінде олардың ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасауда
қарапайым өзін-өзі бақылау мен реттеу дағдыларын қалыптастырады.
Бағдарламада балалардың мәдени дағдылары, білімділігі, тұлғаның
әлеуметтік қасиеттерінің дамуы және бірлесіп жұмыс жасауын, қоршаған ортаға
қамқорлық, бәсекелестік және ынталылық, дербестік пен тәуелсіздік,
әлеуметтік ортаға икемділік, мәдени және экологиялық сауаттылықты
қалыптастыруға басты орын берілген.
Бағдарлама тәрбиешілерге, әдіскерлерге, мектепке дейінгі ұйымдардың
меңгерушілеріне, мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған.
Бағдарламада базистік оқу жоспарына сәйкес ұзақтығы 25-30 минут болатын
15 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті қарастырылған.
Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені педагогтерге білім беру салаларын
кіріктіру және қазіргі білім беру технологияларын таңдауда шығармашылықпен
жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетін
жоспарлауға жаңаша қарауды ұсынады.
Әрбір білім беру саласының мазмұнында мектеп жасына дейінгі ересек
жастағы балалардың базалық білім, білік, дағдыларды меңгеру деңгейі бойынша
күтілетін нәтижелер анықталған.
Бағдарлама балаларды мектепте оқуға ойдағыдай бейімделуінің мазмұнын
таңдау және жағдайларын анықтау негізінде балабақша мен бастауыш мектеп
арасындағы сабақтастық міндеттерін шешуді қарастырады.
Бағдарлама құрылымы
Бағдарлама түсіндірме жазба, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың
тіршілік әрекетін ұйымдастыру сипаттамасы, балалардың жасына сай
мүмкіндіктерінің сипаттамасы, күн тәртібінің үлгісі, базалық мазмұны
ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетінде жүзеге асатын бес білім беру салаларының
бағдарламалық мазмұнынан тұрады.
Бағдарламаның қосымшасында:
1) қимылды ойындардың үлгі тізімі;
2) ұсынылатын көркем әдебиет шығармалары;
3) сурет салу, жапсыру, мүсіндеуден сабақтардың үлгі тақырыптары;
4) өнермен таныстыруға арналған үлгі шығармалар;
5) музыкалық репертуар мен музыкалық-дидактикалық ойындар ұсынылады.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
барысында жүргізілетін ойындар мен оқу-танымдық іс-әрекеттер балаларды
дербестікке тәрбиелеуге негізделеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
түрлеріндегі режимдік кезеңі процесінде ересектермен және құрдастарымен
мәдениетті қарым-қатынас жасау әдетін қалыптастыруды әрі қарай жалғастыру
қажет.
Баланың денсаулығын нығайтуға, дене және ақыл-ой қызметінің жұмысын
жақсартуға, жүйке жүйесін сақтауға бағытталған іс-шараларды балалар шаршап-
шалдықпайтындай, жарақаттанып қалмайтындай, жалықпайтындай етіп ұйымдастыру
керек. Сонымен қатар, осы кезеңде күн тәртібін сақтауды қамтамасыз ететін
шаралар кешенін жүргізу, жеке бас гигиенасын сақтау, қоғамдық орындағы
мінез-құлық мәдениеті мен өз-өзіне қызмет жасау дағдыларын меңгерту өте
маңызды.
Әртүрлі қозғалыс түрлеріне жаттықтыра отырып, балалардың оны түсініп,
дұрыс, дәл орындауы қадағаланады. Бұл мақсатты жүзеге асыруда арнайы
ережелері бар қимыл ойындары ойнатылады.
Балалардың күнделікті тұрмысын ұйымдастыру барысында бала дербестігінің,
өзінің және құрдастарының өзін-өзі ұстау мінез-құлқының артқандығын сезіне
білуі, яғни ересектер тарапынан қамқорлыққа мұқтаждығының азайғандығын
ескеру қажет. Киініп-шешіну, тамақтану, жуыну уақытының қысқаруы есебінен
бала еңбегі мен ойынына, қимыл-қозғалысын дамытуға, өз бетінше көркемдік
шығармашылықпен айналысуға бөлінетін уақыт мөлшері артады.
Ересек топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлерін жүргізу
уақытының көлемі артып, берілетін бағдарламалық материалдар күрделене
түседі. Күрделі мазмұнды материалдарды меңгерту барысындағы ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті (сауат ашу, математика, тіл дамыту) күннің бірінші
жартысында жүргізіледі. Себебі, бала бұл уақытта мейлінше сергек, әрі
белсенді болады. Оқу материалын балаға ойын арқылы жеткізіп, оны жалықтырып
алмас үшін дер кезінде сергіту жаттығуларын жасату керек. Баланың эмоциясын
және қимылдарын дамытуға әсер ететін жас ерекшелігіне сай тиімді әдістер
мен тәсілдерді қолдану керек.
Бейнелеу шығармашылығынан, драмалау ойынынан, сахналаудан тұратын
балалардың түрлі дербес көркем әрекетін ұйымдастыру қажет. Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеттерінде өнімді жұмыс түрлері арқылы балаларды құралдар,
атрибуттар әзірлеуге қатыстыру қажет.
Ойын іс-әрекеті алуан түрлі бола түседі, балалар жаңа заттардың
қолданылуын, олармен әрекет жасау түрлерін, адамдармен қарым-қатынасқа түсу
жолдарын меңгереді. Тәрбиешінің алдында түрлі ойындарды қолдану,
шығармашылықты, дербестікті, ерік сапаларын дамыту міндеттері тұр.
Жыл соңында ересектер тобындағы балаларда болашақтағы мектеп оқушысы
ретінде экспериментті-зерттеу іс-әрекеттеріне, үстел ойындарын ойнауға,
түрлі суреттерді қарап, суретті ойындардағы тапсырмаларды орындауға,
кітапшаларды қолдан жасауға, құрастыру мен мүсіндеуге деген қызығушылықты
тәрбиелеу қажет.
Бала әрекетінің жүйелі даму үлгісін көрсететін, бағдарлау мен әрекет
кеңістігін ашатын, вариативтілігімен және баланың тікелей қатысуымен
ерекшеленетін дамытушы орта құру оқыту мен тәрбиелеу процесінде өте маңызды
рөл атқарады. Ересек топтағы заттық дамытушы орта балалардың бір-бірімен,
ересектермен қарым-қатынасын дамытуын қамтамасыз етуге бейімделіп жасалады.
Ол балалардың дене дамуына, әлеуметтік, эстетикалық және танымдық дамуына
ықпал етуі керек, әрі ыңғайлы болуы керек.
Топта еңбек әрекетінің әр түрін жүргізуге қолайлы жағдай жасалуы керек.
Еңбек әрекеті арқылы баланың өз-өзіне қызмет ету дағдылары қалыптасады.
Өзіне-өзі қызмет ету еңбек әрекеті біртіндеп балалардың қажеттілігіне
айналуы тиіс. Тұрмыстық-шаруашылық еңбек пен табиғат аясындағы еңбек
түрлерін жеке және ұжымдық тапсырмалар мен кезекшілік түрінде ұйымдастырған
жөн. Еңбек ету барысында балалардың жұмысын мадақтап отыру арқылы оны
жігерлендіріп, еңбек етуге қызығушылығын арттырып отыру көзделеді.
Балаларды дамыту мен тәрбиелеуде нәтижеге жету үшін педагог пен ата-
аналардың бірлесіп жұмыс жасауы маңызды рөл атқарады. Тәрбиеші балаға
қатысты мәселелерді бірігіп шешу мақсатында ата-аналармен ынтымақтастық
қатынас орнатып, оларды топтың өмірі мен қызметін ұйымдастыруға белсенді
қатыстырып отыруы керек.
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ СИПАТТАМА
Алты жаста балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады. Бала денесінің
салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 5-6 жасында
баланың бойы - 116 см, денесінің самағы - 21,5 кг жетіп, кеуде қуысының
көлемі 67 см жетеді.
Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде бас ми қыртысының рөлі артады.
Жоғары жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі
артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 6 жастағы балалардың
қозғалысы, көбінесе, жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие
болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді,
нысананы көздеп заттарды дәл лақтыруды сенімді орындайды. Олар допты бір
қолымен қағып ала алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре
алады.
Алты жаста саусақ қимылдарының жетілгендігі соншалық, бала өздігінен
қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш т.б.) қия алады,
адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін сурет сала
алады.
Мектепке дейінгі ересек жас баланың психикалық дамуында елеулі
өзгерістермен сипатталады.
5-6 жастағы баланың әлеуметтік даму ситуациясы ересектермен қарым-
қатынас жасаудың ситуациядан тыс-жеке тұлғалық түрінің пайда болуымен
ерекшеленеді. Дамудың алдыңғы кезеңінде қатынас мазмұны ситуациядан тыс
болады, яғни сол ситуация шеңберінен шығады, теориялық болады. Ересек адам
алты жастағы бала үшін білім көзі болып қана қоймай, сонымен қатар
әлеуметтік қарым-қатынастардың, адамның іс-әрекетінің мәні мен нормалары
жөніндегі білім көзі де болып табылады. Бала қарым-қатынас, моральдық
нормалар жайлы сұрақтар қоя бастайды. Бұл жастағы бала өз күйзелісін,
пікірі мен бағалауды ересектердің пікірімен ара салмағын анықтай алады.
Мұндай қатынастың басты себебі – өзара түсіністік пен әсерлену.
Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық,
ол ересектерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя
алады. Ересек адам бала үшін жаңа білім көзі, күмәндәнудің шешімін табатын
эрудит болады.
Егер 4-5 жастағы балалар ересектермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат
құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар
мінез-құлық мәдениеті ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі
келеді. Тұлғалық мотив жетекші мотивке айналады. Қатынас жасаудың негізгі
қозғаушы күші, нақты атқаратын қызметіне қарамастан, адам болып саналады
Бес жастағы кезең мектеп жасына дейінгі баланың құрбы-құрдастарымен
(бұл, әсіресе, балабақшаға баратын балаларға тән) түрлі қарым-қатынасының
бір мезгілде байқалуымен сипатталады. Ересектерге қарағанда құрдастары бала
өмірінде ерекше орынға ие болады. Қарым-қатынастың негізгі мазмұны іскерлік
ынтымақтастық пен біріккен ойын әрекеті арқылы ашылады. Балалардың қарым-
қатынасы, әсіресе, ұйымдастырылған оқу немесе ойын іс-әрекеті үстінде айқын
көрінеді. Бала құрдастарының әрекетіне сынай қарап, іштей қызғанады, оларды
өзінше бағалайды және ересектердің бағалауын өзіндік әсермен қабылдайды.
Кейбір жағдайда құрдасының сәтсіздіктеріне бірге қамығады. Бірақ мұндай
қатынас тұрақты бола бермейді. Ол өз мүмкіншіліктері мен жетістігіне
мақтанып, өзін басқадан биік ұстайды, өзгені қызғанады, оны өзіне бәсекелес
санайды. Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат алады. Ызақорлық пен
қымсыну сезімінің пайда болуы әсерінен қарым-қатынас шиеленісе түседі.
Әрдайым өзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында басқа балаларды өзімен
салыстырып отырады. Қарым-қатынаста ересектердің де, құрдастарының да оның
пікірімен санасқанын, өзіне сыйластықпен қарағанын қалайды. Сонымен қатар,
өзара қарым-қатынасында түсініспеушілік пен жанжалдарды болдырмаудың жолын
табуды меңгеру арқылы баланың қарым-қатынас құзіреттілігі
қалыптасады.
5-6 жаста сюжеттік-рөлдік ойындар өзінің кемеліне жетіп, толысады.
Балалардың сомдауы арқылы жасалған адамдар арасындағы қарым-қатынас ойынның
негізгі мазмұнын құрайды. Балалар 3-4 адамнан құралған тұрақты ойын
бірлестігін құрады. Рөлдік ойындарда бала сомдап тұрған кейіпкерінің атынан
басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша баланың мазмұнды сөйлеу тілі
қалыптасады, рөлдік қарым-қатынастардың мәні ашылады. Қойылымдағы қимыл-
әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, орынды
қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы керек. Осы жастағы балаларға не
жайлы ойнағандықтарын білуге ұмтылу тән. Ертегі, кино, мультфильмдерден
көріністер, ең бастысы, қоғамдық сюжеттер ойында басты орын алады.
Осы кезеңнің маңызды жаңалығы – мінез-құлық еркіндігі. Барлық
психикалық процестер (қарапайымнан күрделіге дейін), қатынас жасай білу
мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті – ойында
дамиды. Мысалы, ойында рөл атқара отырып, бала ойын міндетіне барлық өзінің
тезаралық, импульсивті әрекеттерін бағындырады. Ойын барысында бала,
ересектердің тікелей тапсырмасын орындағаннан гөрі, зейіндерін жылдамырақ
шоғырландырады, көбірек есте сақтайды. Балалармен ойнай отырып, олардың
талап-тілектерін ескереді, келіспеушіліктерді шешеді, жаңа жоспар құрады
және оны іске асырады. Басқа сөзбен айтқанда, қатынас жасай білуге
үйренеді. Ауыстырғыш заттармен ойнай отырып, шартты кеңістікті көз алдына
ойша елестетеді. Көз алдына елестетін кеңістіктегі әрекет практикасы
шығармашыл қиялды дамытуға мүмкіндік жасайды.
Бұл кезеңнің жаңа құрылымы - мінез-құлықтың жаңа маңызды еркін түрі:
мінез-құлықта импульсивтік және ашықтық пайда болып, тәртіп нормалары мен
қағидаларында көрінеді, дегенмен де бұл кезеңде өзін-өзі еркін ұстай білу
дағдысы әлі де қалыптасу сатысында болады. Алғаш рет өзін қалай ұстау
керек? деген сұрақ туады. Бала санасында өз әрекетін реттеп отыратын өзін-
өзі ұстау тәртібінің үлгісі құрылады. Сол үлгі арқылы бала өз әрекетін
реттеп отырады. Өз мүмкіншіліктерін, нені істей алатындығы мен істей
алмайтындығын сезеді, өзгелермен қарым-қатынаста өз орнын біледі, өз
әрекетін ғана емес, ішкі жан күйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу,
толқу т.б.) де сезінеді, ересектердің талаптарын түсініп, өз пікіріне сай
келсе саналы түрде орындай алады. Психологтердің пайымдауынша, бес жастан
кейін олармен келісуге, тапсырмалар беруге, оларды жаңа іспен қызықтыруға
болады.
Рөлге бөлінетін ұжымдық ойын арқылы балалар іс-әрекетті жоспарлауға және
жүйелілігін сақтауға, жағдайлардың демеуші ықпалын және қалыптасқан
әсерлерін жеңуге қабілетті болады. Саналы әрекеттер жасау қабілеті пайда
болады. Ересектердің іс-әрекеті, өзін-өзі ұстауы балаларға
түсінікті бола бастайды.
Дәл осы кезеңде өзін-өзі ұстаудағы еркіндік бала психикасының дамуы мен
жан дүниесінің қалыптасуының көзі болып табылады. Жалпы алып қарағанда бұл
құбылысты сыртқы мінез-құлқын анықтай бастайтын баланың ішкі психикалық жан-
дүниесі, ойындағы әрекеттер жоспары деп тануға болады.
Нақты мақсат қалыптаса бастайды. Бала нені қаласа, соған жетуге
тырысады. Оның өзін-өзі ұстауы айналасындағы жағдайға байланысты емес, өз
шешіміне қарай болады, өз ойымен іс-әрекет жасауға қабілетті. Осы
құбылыстар баланың психикалық дамуында – қатынас, таным, еркіндік,
мотивациялық салаларында көрініс табады және бекітіледі.
Дүниетанымдық түсініктері. 5-6 жастағы балалар қоршаған әлем мен өзі
туралы тұрмыстық түсініктерді біледі. Күнделікті тіршілік түсініктері - бұл
күнделікті сөйлеу тілімен байланысты ұғымдар. Осыған орай мектепке дейінгі
ересек жастағы балалардың түрлі дүниетанымдық мәселелер туралы өзіндік
түсініктері бар. Жағдайдан тыс-тұлғалық қарым-қатынас пен сюжеттік-рөлдік
ойындардың нәтижесінде ересектердің өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік
жағдайы туралы баланың түсініктері қарқынды дамиды. Сөздік-қисынды ойлау
қабілеттерінің дамуы кейбір түсініктердің нақты-бейнелі мазмұнының
абстрактілі, ерікті салыстырмалы түрін жасайды. Бес жастағы кезеңде өзін
ерекше бағалап, өзінің мен-ін жақындарынан да, достарынан да оқшау қояды.
Бұл кезеңде бала жаны тез жараланғыш келеді. Сонымен қатар көптеген
балаларда ашуланшақтық, ұялшақтық, ызақорлық, өзін-өзі көрсетуге құмарлық
сияқты қасиеттер пайда болады. Ересектер бұл өзгерістерді дер кезінде
байқап, тиісті шаралар қолданбаса, ол бала бойында өмір бойы сақталып қалуы
мүмкін.
Баланың ойлау қабілеті. Ішкі психологиялық өмірі мен өзін-өзі реттеуінің
қалыптасуы – танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен
байланысты. Ең алдымен, бала ортақ түсініктер бойынша әрекет ету қабілетін
меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қарым-қатынасын құра
алады.
Бұл кезеңде баланың қоршаған әлемді түсінуге талпынысы артады және әлем
туралы алғашқы түсінігінің жобасы пайда болады. Алайда, бұл қисынды түсінік
емес, небәрі көрнекі-бейнелі ойлау ғана. Көрнекі-
бейнелі ойлау — ойлау қабілетінің кең тараған түрі. Ол тікелей затқа емес,
сол заттың бейнесі мен баланың зат туралы түсінігіне бағытталған.
Ойлау қабілетінің бұл түрінің маңызды шарттарының
бірі — ойын. Ойын арқылы балада бір затты екінші зат арқылы елестете білу
дағдысы қалыптасады. Жаңа бейне жасау мүмкіншілігі туады. Бұл мақсатты осы
кезеңнің маңызды құрылымдарының бірі — елестету арқылы іске асырады.
5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол
арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты
түсіну қабілеті қалыптасады. Осылайша, өзі қолымен ұстап, көруге болмайтын
заттар мен құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік
береді. Нақты бейнелі ойлауға бағытталған түсініктен, қисынды шешім
шығарып, оны сөз арқылы бейнелеуді меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың
себеп-салдарлық қатынасын белгілей алады.
Ең бастысы, 5-6 жас кезеңінде бала психикасы қалыптасу мен даму үстінде
екендігін естен шығармауымыз керек.
КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ
Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты 12 сағатқа
шамаланған
Күн тәртібінің элементтері Уақыты
(сағ., мин)
Сәлеметсіңдер ме, балалар! 7.30 – 9.10
Балаларды қабылдау, ойындар,
ертеңгілік гимнастика. Гигиеналық
шаралар. Таңғы ас. Топтық жиын,
өзіндік іс-әрекет.
Ойнайық та, ойлайық 9.10 – 10.40
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Табиғат аясында 10.10 – 12.50
Серуенге дайындық. Серуен.
Табиғатпен таныстыру, ойындар,
еңбек. Серуеннен оралу. Гигиеналық
және шынықтыру шаралары.
Ас дәмді болсын! 12.50 – 13.20
Түскі ас
Тәтті ұйқы 13.20 – 15.10
Гигиеналық және шынықтыру шаралары.
Күндізгі ұйқыға жатқызу.
Ұйқымызды ашайық 15.10 – 16.00
Ұйқыдан ояну, шынықтыру шаралары.
Бесін ас.
Алақай, ойын! 16.00 – 17.40
Сюжетті-рөлдік, шығармашылық және
дидактикалық ойындар. Серуенге
дайындық, серуен, қимылды ойындар.
Гигиеналық және шынықтыру шаралары.
Ас дәмді болсын! 17.40 — 18.00
Кешкі ас
Ертеңге дейін... 18.00 – 19.00
Балалармен, ата-аналармен
қарым-қатынас. Балалардың үйге
қайтуы.
ДЕНСАУЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: денсаулық сақтау құзіреттілігін қалыптастыру. Өз денсаулығына
саналы көзқарасын тәрбиелеу, қозғалыс белсенділігін дамыту және дене
сапаларын қалыптастыру.
Мектепке дейінгі ересек жастағы Денсаулық білім беру саласының базалық
мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің
түрлері:
- дене шынықтыру;
- валеология;
- дербес қимыл белсенділігі, шынықтыру және сауықтыру шаралары, мәдени-
гигиеналық дағдылар арқылы балалардың тіршілік әрекеті мен тәрбиесін
ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
Дене шынықтыру
Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын
жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдау біліктерін жақсартуға тырысу,
оларды дұрыс және дәл орындау, оларды үлгімен салыстыра талдау жасауға
үйрету.
Міндеттері:
1. Денсаулығын нығайту, балалардың денесінің жалпы дайындығын жақсарту,
қимыл-қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды
эмоционалды көңіл күй ортасын жасау.
2. Күнделікті өмірге қажетті қимыл түрлерін, оларды дұрыс орындау
дағдыларын қалыптастыру.
3. Дене күшінің сапасын: ептілік, үйлесімділік қабілеттерін дамыту,
шыдамдылығын шыңдау.
4. Балаларды спорттық ойындар және жаттығулармен, еліміздің спорттық
өміріндегі жаңалықтармен таныстыру, дұрыс спорттық техниканың негізін
қалау.
5. Балаларды жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттыру,
құрдастарымен достық қарым-қатынасын қолдау.
6. Жас ерекшелігіне қарай толыққанды дамуына, ағзаның қоршаған ортаға
бейімделу қабілетін, дене және ақыл-ойдың қабілеттілігін арттыруға жағдай
жасау.
7. Белсенді қимыл іс-әрекеттеріне және оған қажеттілікке
қызығушылықтарын арттырып, дене шынықтыру сабақтары мен ойындардың, негізгі
гигиеналық талаптар мен ережелердің пайдасы туралы түсініктерін
қалыптастыру.
Мазмұны:
Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары
Ортаңғы топта үйренген жаттығуларды қайталап, балалардың біліктері мен
дағдыларын жетілдіру және бекіту.
Негізгі қимыл жаттығулары
Жүру:
- түрлі қарқында бір қатармен, екі қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру
жаттығуларын белгі бойынша орындау;
- бүгілген тізені жоғары көтеріп, жартылай отырып;
- заттарды аттап, заттар арасымен;
- қолды түрлі қалыпта ұстап (жоғары, алға, жанына, желкеде);
- тәрбиешінің белгісімен тоқтап;
- қозғалыс бағытын өзгертіп, заттар арасымен;
- шашырап, заттар арасымен;
- жүгіруді алмастыра;
- адымдап алға қарай жүру;
- жыланша ирелеңдеп;
- сызық және шеңбер бойымен қол ұстасып, жіптен ұстап, жіпті басқа қолға
ауыстырып қысқа және кең адымдап;
- 3-4 м жерге дейін көзін жұмып.
Жүгіру:
- бір қатармен, шашырап, жұптасып, түрлі қарқында;
- шеңбер бойымен, қол ұстасып, келесі жақта бұрылыс жасап;
- заттарды аттап, тізені жоғары көтеріп жиі және кең адымдап заттар
арасымен;
- заттар арасымен шашырап;
- жыланша ирелеңдеп, кедергілер арасымен;
- жұптасып, тізбектеліп, бастаушыны ауыстыра отырып, сапқа қайта тұрып;
- кедергілерден өтіп;
- 1,5-2 мин түрлі жылдамдықпен — баяу, жылдам, орташа қарқынмен
тоқтамай, орташа жылдамдықпен 60-100 м;
- қағып алу және жалтара отырып;
- баяу қарқынмен кедергілер арасымен 2 минут тоқтамай;
- 320 м дейін қиылысқан жермен баяу;
- белгіленген жерге дейін жылдамдыққа (қашықтығы 20 м) жүгіру;
- бірнеше рет сап түзеу арқылы жылдамдыққа жүгіруді баяу жүгірумен
алмастыру;
- барынша тез 20-30 м арақашықтыққа (жылдың аяғында 5,5-5 секундта 20
метрге, 7,5-8,5 секундта 30 метрге);
- 120-200 метрге 2-3 рет жүрумен алмастырып;
- екі, үш қатарға сапқа қайта тұрып;
- ирелеңдеп жүгіру (10 метрден 3 рет).
Секіру:
- бір орында тұрып, алға қарай;
- тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап;
- қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), 5-6 заттың
үстімен (биіктігі 15-20 м), оң және сол қырымен;
- жіптің үстінен;
- түзу бағытта (ара қашықтығы 6 м);
- оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 м);
- оң және сол аяғын кезектестіріп;
- 30 см биіктіктен белгіленген жерге секіріп түсу;
- 20 см биіктіктегі зат үстіне;
- алға қарай бір аяқтан екінші аяққа (арақашықтығы 3-4 м);
- бір орыннан ұзындыққа (80 см кем емес);
- жүгіріп келіп ұзындыққа (100 см кем емес);
- жүгіріп келіп биіктікке (биіктігі 30-40 см кем емес);
- шахмат тәрізді қойылған ағаш кірпіштерден (арақашықтығы 50 см),
толтырылған доптардан (5-6 дана) қос аяқтап секіру;
- алаңның ортасына қойылған жіптің оң және сол жағынан 4 м қашықтыққа
алға жылжып;
- ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап, ыршып-ыршып, бір аяқтан екінші
аяққа алға айналдыра отырып және қос аяқтап ыршып секіруді алмастырып алға,
артқа секіру;
- бір орында жатқан, айналып және теңселіп тұрған секіртпеден;
- қысқа секіртпемен алға жүріп (арақашықтығы 8 м) қос аяқтап;
- арақашықтығы 40 см құрсаудан келесі құрсауға бір аяқтап және қос
аяқтап;
- қос аяқтап, аяқтың оң бүйірімен (3 рет), одан соң 180
градусқа бұрылып сол бүйірімен секіруді жалғастыру.
Лақтыру, қағып алу, домалату:
- қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру, допты еденнен ыршытып
жоғары лақтырып қос қолмен қағып алу (10 реттен кем емес) допты қабырғаға
ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу;
- допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату;
- 3-4 м арақашықтықтағы нысанаға допты, қапшықты, тасты, асықты дәлдеп
лақтыру;
- 3-4 м арақашықтықтан қапшықты тік нысанаға иықтан асырып, оң және сол
қолмен лақтыру;
- қапшықтарды себетке, алысқа көздеп тастау, бір қолымен қапшықты
төменнен құрсауға, екі қолмен допты алысқа лақтыру;
- допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5-2 м) басынан асыра
лақтыру;
- тізбектеліп және тізерлеп тұрып допты бір-біріне қос қолымен басынан
асыра лақтыру;
- 3 м арақашықтықта тізбектеліп допты төменнен қос қолдап, кеудеден және
төменнен лақтырып, қағып аларда қолды шапалақтау;
- допты қос қолдап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м) алып
жүру, алға қарай (арақашықтығы 5-6 м) жүру;
- алға қарай жылжып қос қолмен допты лақтырып, қайта қағып алу
(арақашықтығы 4-5 м);
- сақинаны лақтырып таяққа кигізу;
- допты қос қолмен себетке лақтыру;
- кішкентай допты бір қолымен лақтырып, екі қолмен қағып алу;
- допты бір қолмен еденнен ыршытып, қос қолмен қағып алу, бір қолымен
жоғары лақтырып, бір қолымен қағып алу.
Еңбектеу және өрмелеу:
- биіктігі 40 см болатын жіптің астынан қолды еденге тигізбей, жанымен
еңбектеу;
- гимнастикалық орындық үстінде ішпен, арқаға қапшық қойып еңбектеу;
- көлбеу басқышпен өрмелеп гимнастикалық қабырғаға өтіп, сатыдан ұстай
отырып қайта түсу;
- қатарынан қойылған биіктігі 50 см 3-4 доғаның астымен қолына допты
ұстап еңбектеу;
- қолды еденге, шеңбердің шетіне тигізбей оң және сол жақ бүйірімен
топталып шеңбердің ішінен өту (биіктігі 50 см);
- кеглилер арасымен төрттағандап допты басымен итеріп еңбектеу;
- арқаға қапшық қойып төрттағандап еңбектеу;
- гимнастикалық қабырғаның басына дейін сатыдан аттамай бір және бірнеше
тәсілмен өрмелеп, басқа аралыққа ауысып төменге түсу;
- доғаның астымен төрттағандап допты басымен итеріп еңбектеу;
- кедергілер арасынан және қолды еденге тигізбей доға астынан еңбектеу;
- құрсауларды айналдырып, олардың ішінен өту;
- орындықтан еңбектеп өтуді жүрумен алмастыру;
- қырынан қойылған сатының тақтайшалары арасынан еңбектеп өту.
Тепе-теңдікті сақтау:
- заттардан аттап жүру;
- кедергісі бар тақтай үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру;
- орындық үстімен текшелерден, толтырылған доптардан аттап, әр қадам
сайын допты алдынан немесе артынан қолдан қолға ауыстыра отырып, басына
қапшық қойып жүру;
- арқан бойымен бір жақ жанымен қырындап (өкшені арқанға, аяқ ұшын
еденге) жүру;
- кедір-бұдыр тақтай үстімен жүру;
- көлбеу тақтай үстінен арқаны түзу ұстап жүру және жүгіру;
- көлбеу тақтай үстіне жүгіріп шығып, төмен қарай адымдап түсу;
- көлбеу тақтай үстімен бір жақ жанымен қырындап жүру;
- арқан, жіп бойымен басына қапшықты қойып, бір жақ жанымен қырындап
адымдап жүру;
- гимнастикалық орындық үстімен арақашықтығы баладан екі қадам алыс
қойылған толтырылған доптардан аттап жүру;
- көтеріңкі заттың үстімен жүру;
- көлденең және көлбеу бөрене бойымен жүру және жүгіру;
- бір-бірінің қолдарынан ұстап жұптасып айналу;
- Қарлығаш жаттығуын орындау.
Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру:
- сапқа бір қатармен тұру;
- сап түзеп жүруден бір және екі қатармен қайта тұру;
- бір орында және қимыл үстінде оңға, солға бұрылу;
- қатарда – қолды алға, сап түзеп жүргенде және шеңбер жасағанда – қолды
жан-жаққа созып тік тұру;
- секіріп және аттап оңға, солға, айналып бұрылу;
- қатардан сапқа тізбектеліп шеңбер бойымен және үш қатарға тұру;
- шаңғымен сапқа тізбектеліп тұру, қырындап жүру, бұрылу;
- жүру барысында жұптасып және қайтадан бір қатарға тұру;
- педагогтің тапсырмаларын орындай отырып, жүру және жүгіру кезінде
сапта тұрып бір қатардан үш қатар құру;
- қимыл процесінде жұптасу және қайтадан бір қатарға тұру;
- саптағы бір қатардан үш, төрт қатарға қайта сап түзеп тұру.
Музыкалық-ырғақты жаттығулар
Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс
дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Аяқты
өкшеге кезектестіріп қойып, топылдату. Бір қырымен тізе бүге отырып жүру.
Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау. Түзу бағытта шоқырақтап
жүру. Жұптасып шеңбер бойымен қозғалу. Музыка ырғағына қарай ойдан қимылдар
ойластырып, шығармашылық таныту.
Жалпы дамыту жаттығулары
Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Қолды кеудеге қою, жан-
жаққа созу, қолды желкеге қою, жоғары көтеру, жан-жаққа созу. Қол
саусақтарын айқастыру - құлып, жоғары алға көтеру (алақанды сыртқа қарай
айналдыру). Қолды жоғары артқа бір мезгілде және кезектесіп көтеру. Бір
қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, басына қайта қою. Қолды алда
шапалақтау және арқаға қою. Қолды буыннан айналдыру. Қолдың саусақтарын
ашып, жұму.
Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың ұшымен тұру. Аяқтың ұшын жерден алмай,
өкшені жоғары көтеріп, түсіру. 2-3 рет қатарынан жартылай отырып-
тұру. Қолды алға созып, қолмен тізеге сүйеніп, қолмен тізені құшақтап және
басты иіп жүрелеп жүру. Аяқты кезекпен алға және жан-жаққа жіберіп отыру.
Ұсақ заттарды аяқтың саусақтарымен қысып алып, орнын ауыстыру. Аяқтың басын
таяққа, арқанға тірей отырып, өкшемен бір жағымен қырындап жүру. Таяқ,
білікше бойымен (диаметрі 6-8 см) табанның ортасын тірей отырып, бір
қырындап жылжу. Табанды бүгу, түзулеу, айналдыру.
Кеудеге арналған жаттығулар. Допты басынан асыра (алға және артқа) бір-
біріне беру. Қолды алға созып оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық қабырғаға
қарап тұрып белінің тұсынан рейканы ұстап алға еңкейіп, иілу. Гимнастикалық
қабырғаға арқасымен тіреліп тұрып, қолын белінің тұсына сай рейкадан ұстап
аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру. Алға еңкейіп, алақанын еденге
тигізу, айқасқан қолдарын артына көтеру, екі жанына созылған қолдарын
жоғары көтеру. Тізерлеп тұрып, алға еңкею, отыру. Отыру, бұрылып затты
артына қою, қайтадан артқа бұрылып затты алу. Шалқасынан жерде жатып, аяқты
жоғары көтеру, велосипед тепкендей аяқты қимылдату. Тізерлеп отырған
қалыптан оң және сол аяққа кезекпен салмақ түсіре отыру. Етпетінен жатып
аяқты бүгу, қайта жазу (алдымен бір аяғын, содан соң екі аяғын бірге).
Шалқасынан жату, етпетіне ауысу. Етпетімен жатып қолды жан-жаққа созу,
иығын бүгу және аздап жоғары көтеру.
Дене күшін арттыратын жаттығулар. Қолдарын орындыққа тіреп, аяқтарын
артқа созып, қолды шынтақтан бүгіп жазу (5-10 рет); 5-6 метрге дейін қолмен
жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).
Іштің бұлшық еттеріне (пресс) арналған жаттығулар. Екі бала жұптасып
жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін
көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (5-10 рет); гимнастикалық қабырғада
қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (5-10 рет).
Арқаға арналған жаттығулар: топтасып отырған күйі алға, артқа әткеншек
жасап домалау (5-10 рет), 5 метрге дейін қолдың көмегімен етпетінен жатып
еңбектеу.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау. Төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен
сырғанау. Шанамен төбешікке көтерілу. Төмен сырғанауда шананы тежеу. Бір-
бірін сырғанату.
Сырғанау. Мұз жолымен жүгіріп келіп сырғанау. Сырғанау кезінде тізені
бүгіп және орнынан тұру. Сырғанау кезінде тапсырмалар орындау.
Шаңғымен жүру. Бірінің артынан бірі кезектескен адыммен алға жылжу.
Қиылысқан бос жерлермен жүру. Байыпты қарқынмен 1-2 км жерге шаңғымен жүріп
өту. Бір орнында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа шеңбер жасау.
Шырша, жартылай шырша адымдармен төбешікке шығу. Еңкейіп төмен түсу.
Шаңғыны өз беттерімен алу, орнына қою, кию, шешу, қолтығының астында алып
жүру.
Велосипед және самокатпен жүру. Шеңбер бойымен және тура жолмен қос
дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау. Оң және сол
аяқпен итеріп самокатпен жүру.
Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимыл жасау (жоғары,
төмен). Судың ішінде қолымен алға, артқа жүру (аяғы көлденеңінен созылған).
Иек, көз деңгейіне дейін суға отыру, суға бетін батыру, суға үрлеу. Суға
басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасынан екі аяқтап күшпен алға ұмтылу
жаттығуын жасау. Шалқасынан және кеудесімен сырғанау, суға дем шығару.
Баланың өзіне ыңғайлы кез-келген тәсілмен жүзу.
Судағы аэробика. Бұрылыстар, секірулер жасай отырып судағы қимылдар,
ернеуде тұрып, басқа да жалпы дамыту жаттығуларын жасау.
Спорттық ойын элементтері
Городки. Бастапқы қалыпты дұрыс ұстап тұрып, таяқты бір қырындап
лақтыру. 3-4 пішінді білу. Городкиді 2-3 м және 5-6 м аралықтан
таяқ лақтырып құлату.
Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты бір-біріне лақтыру. Допты оң
және сол қолмен алып жүру. Допты кеуде тұсынан екі қолмен лақтыру. Ойынды
топ болып үйрену.
Бадминтон. Ракетканың воланын белгілі бағытқа қағып лақтыру. Тәрбиешімен
жұптасып ойнау.
Футбол. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен домалату. Доппен затты
айналдыра жүру. Допты шұңқырға, қақпаға домалату. Допты қатарынан бірнеше
рет қабырғаға соғу. Жұптасып тұрып, допты аяқпен бір-біріне домалату,
аяқпен қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу.
Хоккей. Берілген бағытқа, қақпаға доптаяқпен шайбаны сырғанату. Жұптасып
тұрып шайбаны бір-біріне сырғанату.
Жыл соңында дене шынықтыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру
нәтижесінде балалар:
- денсаулықты күшейтуді және физикалық дайындықтың жоғарылатуын дене
жаттығуларымен шұғылдану арасындағы байланысы туралы; дене шынықтыру
сабақтарында техникалық қауiпсiздiк ережесін сақтау туралы түсінігі болуын;
- дұрыс дене сымбатын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар кешенін
орындауды;
- ертеңгілік және тыныс алу жаттығулар кешенін орындауды;
- қимылды ойындар ойнауды;
- түрлі тәсілдермен жүруді;
- 3-4 м жерге дейін көзін жұмып өтуді;
- 1,5-2 мин аралығында баяу қарқынмен тоқтамай жүгіруді;
- 80-120 м арақашықтыққа жүгіруді орташа жылдамдықтағы жүрумен
кезектестіруді;
- шамамен 5,5-6 секунд ішінде 20 м жылдамдыққа жүгіруді;
- 5-6 заттардың үстінен тура және жанымен секіруді;
- түрлі тәсілдермен: бір аяқта, қос аяқтап, бір орында, 3-6 м
арақашықтыққа алға жылжи отырып секіруді;
- бір орыннан 80 см кем емес ұзындыққа, 100 см кем емес ұзындыққа
жүгіріп келіп, `(30-40 см кем емес) биіктікке жүгіріп келіп секіруді;
- 20 см дейін биіктіктегі зат үстіне секіруді, 30 см биіктіктен
белгіленген жерге секіріп түсуді;
- допты жоғары лақтырып және қағып алуды, допты жерге 10 рет соғуды;
- заттарды (5-9 м кем емес) қашықтыққа; 3-4 м арақашықтықтан тік және
көлденеңінен нысанаға лақтыруды;
- қарқынды өзгерте отырып (биіктігі 2,5 м) гимнастикалық қабырға бойымен
өрмелеуді;
- төрттағандап заттар арасымен еңбектеуді;
- тепе-теңдік қалпын сақтай отырып түрлі тәсілдермен шектелген жазықтық
бойымен жүруді;
- бір қатар саптізбектен, үш және төрт қатар саптізбекке қайта тұруды;
- музыка әуенімен таныс дене шынықтыру жаттығуларын орындауды;
- жалпы дамыту жаттығуларын орындау барысында бастапқы қалыпты, орындалу
бірізділігін сақтауды;
- төбешіктен шанамен өздігінен сырғанауды, бұрылуды орындауды, шанамен
бірін бірі сүйретуді;
- 2 км арақашықтыққа шаңғымен ауыспалы сырғанай отырып жүруді,
төбешекке шығып және одан түсуді;
- қос дөңгелекті велосипедпен және самокатпен жүруді;
- еркін жүзуді;
- городки, бадминтон, футбол, хоккей, баскетбол сияқты спорт
элементтерімен ойналатын ойындарға белсенді қатысуды;
- таныс қимылды ойындарды өздігінен ұйымдастыруды, тәрбиешінің
көмегімен сюжетпен берілген ойындарды ойлап табуды;
- дене дайындығының деңгейін көрсете білуі тиіс.
Валеология
Мақсаты: денсаулықты нығайту, бала ағзасы мен табиғи-әлеуметтік орта
арасындағы тепе-теңдігін сақтауға тиімді жағдай жасау, балаларды салауатты
өмір салтының құндылықтарына бейімдей отырып, валеология ғылымын дене және
эмоционалдық денсаулық ғылымы ретінде түсінігін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Балаларды денсаулық туралы ғылым - валеология негіздерімен таныстыру.
2. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz