Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу еңбегіне үйретудің ғылыми педагогикалық негізі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерін балаларды оқытуын ұйымдастыруға
даярлаудың дидактикалық негізі

1. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу еңбегіне үйретудің ғылыми
педагогикалық негізі

2. Мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қойылатын дидактикалық
талаптар

3. Әлемдік және отандық педагогика тарихындағы мектепке дейінгі
педагогиканың даму тарихы

Әдебиеттер

1.Педагогика . Авторлар ұжымы .Н.Д.Хмельдің жетекшілігімен.Алматы.2006ж.
2.Государственный стандарт высшего образования РК по специальности 03.14.40
- Педагогика и психология. Астана 2005ж.
3.Методические рекомендации к изучению курса."Педагогика" в педагогическом
училище. Отв. ред. Н.В.Савин. М. 1979.
4.Методика преподавания педагогики. Савин Н.В. М., Просвещение, 1987.
5.Педагогика. Коянбаев Б.Ж.Астана, 2000ж.
4.Общая педагогика: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений.
Сластенин В. А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Москва, Просвещение. 2002 г.

Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға
болып жетілуі үшін – тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған
қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын
жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кəсіптенген адамдар
басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды
үйренуді енді бастаймыз.
Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек
сөздері пайдес- балалар жəне аго -жетектеу дегеннен алған, тікелей
аудармасында педагогика сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді
аңдатады, ал педагог сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.
Барша дəуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген
мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын
тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер
тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажет
болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы
педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты
міндеті ғылыми білімдерді топтастыру жəне жүйеге келтіру болған тəрбие
жөніндегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген
бүгінгі заман педагогикасы адам тəрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға
айналды.
Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тəрбиелеу
ерекшеліктері жөніндегі кəсіби білімдермен қаруландырып, əрқилы
жағдайлардағы оқу-тəрбие процесін болжастыруға, жобалауға жəне іске
асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тəрбие процесін ұдайы
жетілдіріп отырып қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі,
ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын
күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан
əулетті оқыту, тəрбиелеу жəне оған білім берудің жаңа технологияларын
құрастырумен жауап береді.
Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның
алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мəңгі
проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне
енгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін
тəрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі жəне жауапкерлі болып көрген емес.
Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-
қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі
балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса,
болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тəуелді болып тұр.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға
байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр.
Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді,
ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да,
педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы
қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер – адамдардың өмір салтында,
дəстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тəрбие
тəжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық жəне
психологиялық еңбектер; əлемде жəне елімізде жүріп жатқан тəрбие
практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа
идеялар, жаңарған бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі
дүниедегі тəрбиенің тиімді соны технологиялары.
Сонымен, педагогика - тəрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам
тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика
адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның
негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық
жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.
Тəрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен
байланыстырады. Тəрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары
бала ешқандай педагогикасыз-ақ тəрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті
хабары да болмаған. Тəрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада
ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт -
өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл
атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулиетке берген
тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі.
Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие
мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде
сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория
түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша
білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық
тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл
атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық,
еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе
түзді.
Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі – ежелгі Греция философиясында
қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 жж. Б.э.д.)- балалар
тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол:
Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды
жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді... Жақсы адам болу табиғат
ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді.
Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар
ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон (427-347жж.
Б.э.д.), Аристотель (384-322жж.б.э.д.), Тертуллиана (160-222жж. Б.э.д)
еңбектерінде жарияланған.
Орта ғасырлар дəуірінде шіркеу ықпалы қатайып, тəрбиені толығымен діни
арнаға бұрды. Бұл Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік еткен догматикалық оқу
принциптерінің шыңдалуына жол берді. Солай да болса, өз философиялық
тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері Августин (354-
430жж.), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған.
Бүгінгі күйінде жалпы білім беретін мектепті ойлап отырып, іске қосқан
Лойола (1491-1556) жəне оның ізбасарлары.
Қайта тіктелу заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшыл педагог-
гуманистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм
Роттердамский (1466-1536), италияндық Витторино де Фельтре (1378-1446),
француздық Франсуа Рабле (1483-1553) жəне Мишель Монтень (1553-1592)
өздерінің педагогикалық еңбектерімен əйгілі болды.
Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана XVII
ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі
күнде де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі бұл екі ғылымның да
шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу.
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех
педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654
жылы Амстердамда жарық көрген Ұлы дидактика атты еңбегі алғашқы ғылыми-
педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың
көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін жəне ғылыми маңызын
жоғалтқан емес. Я.А.Коменский ұсынған табиғи сəйкестік принципі, сынып-
сабақтық оқу жүйесі жəне басқа да оқу принциптері, əдістері, формалары
педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды. Оқу негізіне басқалардың
зат жөніндегі бақылаулары мен айғақтарын жаттау алынбай, сол заттар мен
құбылыстарды танып, білу қалануы тиіс; Естігенді –көргенмен, сөзді- қол
əрекетімен байланыстыру қажет; əрқандай үйрету сыртқы сезім жəне ақыл-
парасат байланысы негізіндегі дəлелдерге сүйенуі қажет... Ұлы педагогтың осы
тұжырымдары біздің заманымыздың талаптарына да сəйкес келіп тұр.
Ағылшын философы жəне педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін тəрбие
теориясына бағыштады. Өзінің Тəрбие жөніндегі ойлар атты басты еңбегінде
ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін іскерлікпен, берік наным-сенімдерін
сұлу мəнерлілікпен ұштастыра білген адам - джентельмен тəрбиелеуге арналған
көзқарастарын жариялады.
XVIII ғасырда мектеп педагогикасы бойынша өз шығармаларымен танылған
француз материалист-ағартушылары Д.Дидро (1713-1784), К.Гельвеций (1715-
1771), П.Гольбах (1723-1789), əсіресе Ж.Ж.Руссо (1712-1778) болды. Затқа
назар! Затқа! Мен ешқашанда біздің мылжың тəрбиемізбен сөзге аса көп маңыз
беріп, құрғақ сөзді адамдарды жасайтынымызды қайталап айтудан жалықпаймын
-деп ұрандады ол. Педагогиканың қалыптасуында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827)
есімі аса құрметпен аталады. О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен
жасап жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге жəрдем беремін-
деп, ол жан айқайын салды. И.Г.Пестолоций өз дегеніне жетті: мұғалімдерге
оқыту мен адамгершілік тəрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды.
Өзгерістерден басқа тұрақты ешнəрсе жоқ, -деп үйреткен неміс педагогы
Фридрих А.В.Дистервег (1790-1886) барша педагогикалық құбылыстарға тəн
тəрбиенің қозғаушы күштері мен қарама-қарсылықтарын зерттеген.
Орыс ойшылдары, философтары жəне жазушыларының арасында педагогикалық
шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский (1811-1848),
А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-
1561). Бүкіл əлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың
педагогикалық идеялары əйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып,
халықтық тəрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.
Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі. Бұл салада
халқымыздың тəлім-тəрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз А.
Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы жəне т.б. Олардың тəлім-тəрбиелік
өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының
өткен ғасыр басында –Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі
həм сондай болмақшы...əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден
бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен
түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен
түзеледі – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім
стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский
(1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп,
педагогикалық практикада төңкеріс жасады. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық
жүйесінде жетекші орын тəрбие мақсаттарына, принциптеріне жəне оның мəніне
берілген. Тəрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін
тəрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде болған тəрбие
адамның тəн-дене, ақыл-парасат жəне ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын
барынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады- деп жазған еді ұлы ғұлама.
Тəрбие жолындағы жетекші рөл мектеп жəне мұғалімнің билігінде: Тəрбиедегі
барлық істер тəрбиеші тұлғасына негізделуі тиіс, себебі тəрбие күші
тұлғаның адамилық қадір-сапаларынан бастау алады. Ешбір жарғы немесе
бағдарлама , ешқандай жасанды мекеме организмі, қаншалықты айламен құрылса
да, тəрбие жұмысындағы тұлға беделінің орнын баса алмайды -деген
К.Д.Ушинский бүкіл педагогиканы қайта қарастырып, жаңа ғылыми деректер
негізінде білім беру жүйесін толығымен түбегейлі қайта құруды талап етті:
...теориядан алшақтаған педагогикалық практиканың бір өзі –медицинадағы
тəуіпшілдікпен тең.
XIX ғ. ақыры - XXғ. басында педагогикалық проблемалар АҚШ-та қарқынды
зерттеле бастады. Ол жерде адам тəрбиелеудің жалпы принциптері мен
заңдылықтары өрнектелді, əрбір адамға белгілеген мақсаттарына тез, əрі
табысты жетуге мүмкіндік беретін тиімді білім технологиялары қалыптасып,
практикаға енді. Американ педагогикасының белгілі өкілдерінің бірі Джон
Дьюи (1859-1952). Оның зерттеу жұмыстары бүкіл батыс Еуропа, Америка жəне
Австралия аймақтарында педагогикалық ойдың дамуына үлкен ықпал жасады.
Американ педагогтарының тағы бір көрнекті тұлғасы Эдвард Торндайк (1874-
1949) оқу процесін зерттеумен атын əйгілеп, əрекетшіл тəрбие технологиясын
бүкіл əлемге жария етті.
Елімізде аты танымал американ педагогы жəне дəрігері Бенджамен Спок. Ол
қауым өкілдеріне, бір қарағанға қарапайым ғана тəрбиеде басты не болу
керек: қаталдық па қайырымдылық па? –деген сұрақ қойып, көпшіліктің
санасына жаңа тəрбие лебін жеткізді. Бұл сұрақтардың астарынан күтілген
жауап- педагогика қай бағытта: əміршіл-əкімшіл немесе гуманистік – жолымен
дамуы қажет пе? Бұған нақты жауапты Б.Спок өзінің “Бала жəне оған
қамқорлық”, “Анамен сұқбат” жəне т.б. еңбектерінде беруге тырысқан.
XX ғасырдың басында əлемдік педагогикада еркін тəрбие жəне бала тұлғасының
дамуы идеялары белсенді жария етіле бастады. Бұл идеяға жетекші Мария
Монтессори (1870-1952) болды. Өзінің Ғылыми педагогика əдістемесі
кітабында ол балалық жас мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін
түсіндіріп бақты. Себебі, сəбилік шақтағы бала дамуы үлкен тəрбиелік
табыстарға есік ашады. Оның пікірінше, мектеп оқуының басты формасы өзіндік
оқу жұмыстары болуы қажет. Монтессори оқушылардың жекелеп оқуына ыңғайлы
грамматикалық, математикалық, биология-жаратылыстану жəне басқа пəндерге
арнап дидактикалық материалдар ұсынды. Бұл оқу құралдарының ерекшелігі,
оларды пайдалана отырып, бала өз кемшілік-қателерін табады жəне оларды
түзетеді. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында да Монтессори жүйесінің
тараптарлары мен қолдаушылары баршылық. Осы бағытта түзілген бала бақша
-мектеп жүйесі іске қосылып, балаларды еркін тəрбиелеу идеясы өз жемісін
беруде.
Ресейдегі еркін тəрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі Константин Николаевич
Вентцель (1857-1947)еді. Ол 1917 жылы дүниеде алғашқылардың бірі болып,
бала құқықтары декларациясын түзіп, жариялады. 1906-1909жж. аралығында
Мəскеуде ол ұйымдастырған Еркін бала Отауы жұмыс істеп тұрды. Бұл ерекше
оқу мекемесінде басты кейіпкер- бала аса құрметпен танылды. Тəрбиешілер мен
мұғалімдер бала қызығуларына икемдесіп, оның табиғаттан берілген
қабілеттері мен дарынының дамуына жəрдемдесу қызметтерін атқарды.
Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика жаңа қоғамдағы адам тəрбиесі
идеяларын өзіндік түсінім жолымен дамыта бастады. Жаңа педагогикаға
байланысты шығармашылық ізденістер аймағында белсенділікпен қатысқан
белгілі педагог ғалымдар: С.Т.Шацкий (1878-1934), П.П.Блонский (1884-1941),
А.П. Пинкевич (1884-1939) болды. Социалистік дəуір педагогикасын танымал
еткен Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектері. Надежда
Константиновна Крупскаяның (1869-1939) теориялық ізденістері жаңа кеңес
мектебін қалыптастыру, сыныптан тыс тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді
пайда бола бастаған пионер қозғалысы проблемаларының төңірегінде
шоғырланды. Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымына
педагогикалық басшылық, еңбек тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру жəне
балаларды отбасында тəрбиелеу əдістемелеріне байланысты идеяларды
қорытындылап, оларды практикада іске асыру принциптерін ұсынды, əрі өзі
оларды тəжірибе тексеруінен өткізді. Василий Александрович Сухомлинский
(1918-1970) өз зерттеулерін жастарды тəрбиелеудің моральдық проблемаларымен
байланыстырды. Оның дидактикалық кеңестері мен нақты да дəл бақылаулары
қазіргі педагогикалық ой дамуы жəне қоғамды қайта түзу дəуіріндегі мектеп
тағдыры жөніндегі ұсыныстары өз маңызын əлі де сақтауда, сонымен бірге
білім сапасын жаңаша түсінуде үлкен жəрдемін тигізіп отыр.
Халыққа білім беру аймағында өткен ғасырдың 40-60 жылдары белсенді еңбек
еткен педагог-ғалымдардың бірі Михаил Алексеевич Данилов (1899-1973). Ол
бастауыш мектеп тұжырымдамасын жасап шықты (“Бастауыш білім беру міндеттері
мен ерекшеліктері”,1943), (1947 жылы “Адамның ақыл-парасат жəне моральдық
дамуында бастауыш мектептің рөлі”) кітабын жазып, мұғалімдерге арналған
көптеген жетекші əдістемелік еңбектер жариялады. Олар осы күнге дейін
мұғалім қауымының таптырмас құралдарына айналып отыр.
70-80 жылдары жалпыбілімдік мектеп проблемаларымен академик Л.В.Занковтың
ғылыми лабораториясы белсенді айналысты. Бұл мекеменің зерттеулері
нəтижесінде кіші, орта жастағы балаларды оқытудың жаңа, оқушылардың
танымдық мүмкіндіктерін арқау еткен оқу жүйесі пайда болды. 80-жылдардың
ақырында бұрынғы Кеңес республикаларында мектепті жаңалау мен қайта құру
қозғалысы өріс алды. Бұл қызметтестік педагогикасының туындауынан көрінді.
Осы дəуірдегі жаңаланған педагогиканы дамытуға ат салысқан педагог ғалымдар
мен бірегей шығармашыл мұғалімдер көптеп таныла бастады. Олардың арасында
Ш.А.Амонашвили, Л.С.Соловейчик, В.Ф.Шаталов, Н.П.Гузик, Н.Н.Палтышев, В.А.
Караковский жəне басқалар болды. Бүкіл елге белгілі болған мəскеулік
бастауыш мектеп мұғалімі С.Н.Лысынкова “Қалайша жеңіл оқуға болады?” атты
кітабын жариялап, онда бастауыш мектеп оқушыларының оқу істерін схема,
тірек карточкалар, таблицалар пайдалану арқылы басқару тəсілдерін көрсетіп
берді. Сонымен бірге С.Н. Лысынкова “Ілгерілестірілген (опережающее) оқу”
əдістемесін жасады. Бүгінгі кезеңдегі педагогика өзінің диалектикалық,
өзгермелі ғылым сипаттарына сай болуымен қарқынды дамуда. Кейінгі он
жылдықтарда педагогиканың бірнеше салаларында келелі табыстарға қола
жеткізілді, əсіресе мұндай жетістіктер мектептегі оқудың жаңа
технологияларын жасауда көрініс берді.
Сапалы оқу бағдарламаларымен жабдықталған қазіргі заман компьютерлері оқу
процесін басқаруда үлкен жəрдемін тигізуде. Соның нəтижесінде оқу барысында
аз қуат пен уақыт жұмсап, жоғары нəтижелерге жету мүмкіндіктері пайда
болды.
Тəрбиенің жетілген əдістемелерін жасау бағытында да пайдалы өзгерістер
көптеп болуда. Ғылыми -өндірістік комплекстер, авторлық мектептер,
эксперименталды оқу-тəрбие алаңдары - ұнамды өзгеріс-тер жолындағы елеулі
көзге түскен педагогикалық жаңалықтар. Еліміздегі жаңа жəне жаңаланған
мектеп оқуы мен тəрбиесі басты назарда тұлға дамуын көзге алып, гуманистік
бағытта өрлеп, өрістеуде.
Сонымен, тəрбие тəжірибесі адамзат өркениетінің тереңдегі тарихи
сатыларынан бастау алады.Тəрбие жөніндегі ғылым негіздері ежелгі, көне
дəуір философиясының арнасында дамыған. Тəрбие, оқу, білім берудің тиімді
теориялары мен əдістемелері пайда болғанша, педагогика дамудың ұзақ та
қайшылықты жолын басып өтті.

Лекция 2. Салыстырмалы педагогиканың методологиясы және әдістеріндегі
сұрақтар.
Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал
деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу
əдістеріне тəуелді келеді. əдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама
атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста
болады.
Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу
принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым
əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің –нысаны, талдау
пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді.
Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер
бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным
жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде
қарастырған жөн.
Əрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін
атқарады. Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін:
дескриптивтік не прескриптивтік.
Дескриптивтік əдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным
заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді,
ал прескриптивтік əдіснама –зерттеу іс-əрекеттерін реттеп барудың жол
жобасын белгілеп, көрсетеді. Дəстүрлі əдіснамалық талдауда ғылыми іс-
əрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары жəне ережелеріне
байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда
ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу əрекеттерін қайталап
баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.
Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық,
жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық. Əдіснаманың ең жоғары
философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның
категориялар құрылымын
негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет
атқарады. Екінші – жалпы ғылымдық –əдіснама деңгейінде ғылымдардың
баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды
белгілейді. Үшінші деңгей – нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми
пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын
құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған
проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге
байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық
зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші
деңгей – технологиялық əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп,
деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін
оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл
деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың
барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты
келеді. Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі
философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты
қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен
айқындалады.
Педагогиканың жалпы ғылымдық əдіснамасы
Жалпығылымдық əдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің
жалпыланған байланысы жəне өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен
танылуы мүмкін. Ол əрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай-
ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне
бағдарлайды.
Жүйелілік мəніне орай əрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше
шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осыдан ол
жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қасиеттері
мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан жəне
тарихи қырлары келесідей зерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет
етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар мен дамуды ескеру.
Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика
тұтастығы орындалады.
Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми
білімдер мен тұжырымдардың шынайылылығы практика міндеті мен талаптарына
орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары
туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау
болады, ал білім тəжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен
міндеттер іргелі дəстүрлерді қажет ететін жаңа сұрақтардың туындауына жол
ашады.
Педагогикалық технологиялар жөнінде алдағы дəрісбаяндарда сөз болады.
Педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық принциптері
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді
басшылыққа алу қажет:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру,
себебі дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары
жəне себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды;
- құбылыстарды даму барысында зерттеу;
- бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
- зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі
толықтырып отырушы көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;

- зерттеу əдістері зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына сай келуі;
- даму процесін сол дамудың қозғаушы күші жəне даму көзі саналатын оның
қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жəне өзіндік даму
ретінде қарастыру;
- сынақталушыға, білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік-
инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1.Педагогика . Авторлар ұжымы .Н.Д.Хмельдің жетекшілігімен.Алматы.2006ж.
2.Государственный стандарт высшего образования РК по специальности 03.14.40
- Педагогика и психология. Астана 2005ж.
3.Методические рекомендации к изучению курса."Педагогика" в педагогическом
училище. Отв. ред. Н.В.Савин. М. 1979.
4.Методика преподавания педагогики. Савин Н.В. М., Просвещение, 1987.
5.Педагогика. Коянбаев Б.Ж.Астана, 2000ж.
4.Общая педагогика: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений.
Сластенин В. А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Москва, Просвещение. 2002 г.
5.Салыстырмалы педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Бегалиев Т.Б. Тараз
2008ж.
7.Общая педагогика. Смирнов В. И. Учеб. пособие. - М.: Логос, 2002ж.
8.Қырғыз хрестоматиясы. Ы.Алтынсарин. Алматы 2000ж.
9.Педагогика.М.Жұмабаев.Алматы 2002ж.
10.Методология педагогики.Краевский В. В.Чебоксары, 2001.

Қосымша әдебиет
1.Тарихи Рашиди. М.Х.Дулати. Алматы 1999ж.
2. Қырғыз хрестоматиясы. Ы.Алтынсарин, Алматы 2000ж.
3. Қара сөздері. Абай Құнанбаев.Алматы 2000ж.
4. Педагогика . М.Жұмабаев. Алматы 2002ж.
5.Салыстырмалы педагогика.Г.Нұрғалиева, А.Құсайынов, Қ.Мусин.Алматы 1999ж.
6.Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Т.Б.Бегалиев.Тараз 2002ж.

Лекция 3. Білім беру саясаты-салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің
нысанасындағы сұрақтар.
Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай
жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты
нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге
мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан
құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған
проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей
зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі-
бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды
жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде
ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен
тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре
келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тəжірибені
зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3) математикалық əдістер.
Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері – білім беру процесін
ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерт-теудің жолдары.
Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер
қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар
педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін
проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тəжірибені зерттеу
барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью,
анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден
өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай
да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті
түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала
белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге
бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект,
оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау жəне оның
барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу; 4)
байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды
өңдеу жəне дəйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың
мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына
тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы
бақылау.
Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ
емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің
тұлғалық-əлеуметтік жеке –дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан
толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші
болуы мүмкін.
Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу
болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын
зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері
түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас
кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға
əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала
түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып,
хатталады.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары
жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет
əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған
əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына
тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың
сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі
болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы
тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға
ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу əдісімен де
алынады. Олар: шəкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық жəне
бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы
бөлшектер, кейбір пəн дəптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық
қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік жəне
дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу əдісін
қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дəрігерлік карта,
күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары жəне сол секілді мектеп хат-
қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие , білім игеру процесін
ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі
ақпараттармен қаруланады.
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің педагогикалық
тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент
ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:1) жобаланған
педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы
байланыстар мəнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді
ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін
өлшестіру. Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: – теориялық (проблема
қою, зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау, міндеттер мен гипотеза
белгілеу);
- əдістемелік (зерттеу əдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау,
бағдарлама түзіп, алынған нəтижелерді өңдеу əдістерін нақ-тылау);
- эксперимент жұмысы – бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін орындау
(ситуация түзу, бақылау, тəжірибені басқару жəне зерттеушілердің жауап
əрекеттерін бағалау); - талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған
деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.

Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тəрбие процесі жағдайында) жəне
зертханалық – қандай да əдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар
түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді). Көп
жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған
педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты жəне т.б. орай ұзаққа созылған не
қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға
бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып
ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай
эксперимент- қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау
экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі.
Эксперименттік əдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет,
бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен əдептілігі,
көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу
қабілеттілігі де маңызды келеді.
Жоғарыда аталған əдістер тобы педагогикалық құбылыстар танудың эмпирикалық
мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке-дара ғылыми-педагогикалық
деректерді жинақтауға арналады. Ал осы топталған алғашқы деректік
материалдың мəн-мағынасын ашып, заңдары мен заңдылықтарын анықтау
зерттеудің теориялық талдау əдісімен орындалады.
Теориялық талдау – педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін,
ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді
талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, əрбіріндегі жалпылық пен
даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстамдарға келеміз. Талдауды
біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі
педагогикалық құбылыстың мəн-жайына енеміз.
Индуктив жəне дедуктив əдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты
қорытындылаудың логикалық əдістері. Индуктив əдіс – ойдың жеке пікірлерден
жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға
қолданылады.
Теориялық əдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп,
жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық əдіс
көптеген əдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
- жалпы жəне арнайы педагогикалық əдебиеттер;
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;
- педагогикалық мерзімді басылымдар ;
- мектеп, тəрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама құралдары;
- педагогика жəне онымен сыбайлас пəндер бойынша оқулықтар мен –
əдістемелік қолданбалар.
Əдебиеттермен танысудың арқасында қай проблеманың қандай тараптары жақсы
зерттелгенін, қандай проблемалардың дау-дамайлы жəне қай мəселелердің əлі
тың жатқанын білуге болады.
Əдебиеттермен жұмыс істеу əдістерінің түрі сан-алуан. Олар арасында көбірек
қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін мəселеге
байланысты іріктеліп алынған деректік əдебиеттер тізімі; реферат жазу –
жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген
мазмұны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына
байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар; аннотациялау –
кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу; сілтеме (цитата)
беру – əдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мəтінге
ендіре жазу.
Педагогикадағы математикалық жəне статистикалық əдістер сауалнама,
эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін, сондай-ақ зерттеліп
жатқан құбылыстар арасындағы сандық тəуелділіктерді анықтау мақсатында
қолданылып, эксперимент нəтижесін бағалауға, қортындылар сенімділігін
арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге жəрдемдеседі. Математикалық
əдістер арасында педагогикада ең көп қолданымға келетіндері: тіркеу
(регистрация), ранжирование (тəртіпке келтіру), өлшемге түсіру
(декодирование). Статистикалық əдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа
сандық шамасы айқындалады: орта арифметикалық (салыстырып бақылау жəне
эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа
санын шығару үшін); медиана – тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта
он екі оқушы болса, бағаның өсу дəрежесімен өрнектелген тізімде
алтыншысының бағасы - медиана ); таралу дəрежесі – дисперсия немесе орташа
квадраттың ауытқу, баламалар коэфиценті жəне т.б.
Мұндай есептерді жүргізу үшін белгілі формулалар, анықтама таблицалар
қабылданған. Осы əдістермен жинақталған көрсеткіштердің сандық
тəуелділіктері графиктер, диаграммалар, таблицалар түрінде өрнектеледі.
Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, əлі
анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тəуелділіктері
ұланғайыр, тың халінде. Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты –
ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-əрекеті. Егер осы теориялық
жəне тəжірибелік ізденістер аталған педагогикалық əдістер жүйесін жете
білумен жүргізілетін болса ғана, педагогтың өз тəжірибесі де, басқалардың
да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп, талданады, соның
нəтижесінде оқу-тəрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен жаңалықтары
ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Педагогика əдіснамасының мəні неде?
2. Əдіснама деңгейлеріне сипаттама беріңіз.
3. Зерттеу əдістерінің қайсысы – теориялық, қайсысы –эмпирикалық екенін
деректеп беріңіз.
4. Педагогикалық əдістер мəні неде? Жеке-жеке анықтама беріңіз.
5. Педагогикалық зерттеулер тобына сипаттама беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1.Педагогика . Авторлар ұжымы .Н.Д.Хмельдің жетекшілігімен.Алматы.2006ж.
2.Государственный стандарт высшего образования РК по специальности 03.14.40
- Педагогика и психология. Астана 2005ж.
3.Методические рекомендации к изучению курса."Педагогика" в педагогическом
училище. Отв. ред. Н.В.Савин. М. 1979.
4.Методика преподавания педагогики. Савин Н.В. М., Просвещение, 1987.
5.Педагогика. Коянбаев Б.Ж.Астана, 2000ж.
4.Общая педагогика: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений.
Сластенин В. А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Москва, Просвещение. 2002 г.
5.Салыстырмалы педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Бегалиев Т.Б. Тараз
2008ж.
7.Общая педагогика. Смирнов В. И. Учеб. пособие. - М.: Логос, 2002ж.
8.Қырғыз хрестоматиясы. Ы.Алтынсарин. Алматы 2000ж.
9.Педагогика.М.Жұмабаев.Алматы 2002ж.
10.Методология педагогики.Краевский В. В.Чебоксары, 2001.

Қосымша әдебиет
1.Тарихи Рашиди. М.Х.Дулати. Алматы 1999ж.
2. Қырғыз хрестоматиясы. Ы.Алтынсарин, Алматы 2000ж.
3. Қара сөздері. Абай Құнанбаев.Алматы 2000ж.
4. Педагогика . М.Жұмабаев. Алматы 2002ж.
5.Салыстырмалы педагогика.Г.Нұрғалиева, А.Құсайынов, Қ.Мусин.Алматы 1999ж.
6.Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Т.Б.Бегалиев.Тараз 2002ж.

Лекция 4. Салыстырмалы педагогика тарихының дамуына үлес қосқан ғалымдар.

Тəрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен
байланыстырады. Тəрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары
бала ешқандай педагогикасыз-ақ тəрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті
хабары да болмаған. Тəрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада
ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт -
өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл
атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулиетке берген
тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі.
Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие
мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде
сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория
түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша
білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық
тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл
атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық,
еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе
түзді.
Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі – ежелгі Греция философиясында
қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 жж. Б.э.д.)- балалар
тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол:
Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды
жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді... Жақсы адам болу табиғат
ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді.
Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар
ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон (427-347жж.
Б.э.д.), Аристотель (384-322жж.б.э.д.), Тертуллиана (160-222жж. Б.э.д)
еңбектерінде жарияланған.
Орта ғасырлар дəуірінде шіркеу ықпалы қатайып, тəрбиені толығымен діни
арнаға бұрды. Бұл Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік еткен догматикалық оқу
принциптерінің шыңдалуына жол берді. Солай да болса, өз философиялық
тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері Августин (354-
430жж.), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған.
Бүгінгі күйінде жалпы білім беретін мектепті ойлап отырып, іске қосқан
Лойола (1491-1556) жəне оның ізбасарлары.
Қайта тіктелу заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшыл педагог-
гуманистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм
Роттердамский (1466-1536), италияндық Витторино де Фельтре (1378-1446),
француздық Франсуа Рабле (1483-1553) жəне Мишель Монтень (1553-1592)
өздерінің педагогикалық еңбектерімен əйгілі болды.
Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана XVII
ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі
күнде де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі бұл екі ғылымның да
шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу.
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех
педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654
жылы Амстердамда жарық көрген Ұлы дидактика атты еңбегі алғашқы ғылыми-
педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың
көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін жəне ғылыми маңызын
жоғалтқан емес. Я.А.Коменский ұсынған табиғи сəйкестік принципі, сынып-
сабақтық оқу жүйесі жəне басқа да оқу принциптері, əдістері, формалары
педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды. Оқу негізіне басқалардың
зат жөніндегі бақылаулары мен айғақтарын жаттау алынбай, сол заттар мен
құбылыстарды танып, білу қалануы тиіс; Естігенді –көргенмен, сөзді- қол
əрекетімен байланыстыру қажет; əрқандай үйрету сыртқы сезім жəне ақыл-
парасат байланысы негізіндегі дəлелдерге сүйенуі қажет... Ұлы педагогтың осы
тұжырымдары біздің заманымыздың талаптарына да сəйкес келіп тұр.
Ағылшын философы жəне педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін тəрбие
теориясына бағыштады. Өзінің Тəрбие жөніндегі ойлар атты басты еңбегінде
ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін іскерлікпен, берік наным-сенімдерін
сұлу мəнерлілікпен ұштастыра білген адам - джентельмен тəрбиелеуге арналған
көзқарастарын жариялады.
XVIII ғасырда мектеп педагогикасы бойынша өз шығармаларымен танылған
француз материалист-ағартушылары Д.Дидро (1713-1784), К.Гельвеций (1715-
1771), П.Гольбах (1723-1789), əсіресе Ж.Ж.Руссо (1712-1778) болды. Затқа
назар! Затқа! Мен ешқашанда біздің мылжың тəрбиемізбен сөзге аса көп маңыз
беріп, құрғақ сөзді адамдарды жасайтынымызды қайталап айтудан жалықпаймын
-деп ұрандады ол. Педагогиканың қалыптасуында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827)
есімі аса құрметпен аталады. О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен
жасап жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге жəрдем беремін-
деп, ол жан айқайын салды. И.Г.Пестолоций өз дегеніне жетті: мұғалімдерге
оқыту мен адамгершілік тəрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды.
Өзгерістерден басқа тұрақты ешнəрсе жоқ, -деп үйреткен неміс педагогы
Фридрих А.В.Дистервег (1790-1886) барша педагогикалық құбылыстарға тəн
тəрбиенің қозғаушы күштері мен қарама-қарсылықтарын зерттеген.
Орыс ойшылдары, философтары жəне жазушыларының арасында педагогикалық
шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский (1811-1848),
А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-
1561). Бүкіл əлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың
педагогикалық идеялары əйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып,
халықтық тəрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.
Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі. Бұл салада
халқымыздың тəлім-тəрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз А.
Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы жəне т.б. Олардың тəлім-тəрбиелік
өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының
өткен ғасыр басында –Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі
həм сондай болмақшы...əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден
бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен
түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен
түзеледі – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім
стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский
(1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп,
педагогикалық практикада төңкеріс жасады. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық
жүйесінде жетекші орын тəрбие мақсаттарына, принциптеріне жəне оның мəніне
берілген. Тəрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін
тəрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде болған тəрбие
адамның тəн-дене, ақыл-парасат жəне ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын
барынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады- деп жазған еді ұлы ғұлама.
Тəрбие жолындағы жетекші рөл мектеп жəне мұғалімнің билігінде: Тəрбиедегі
барлық істер тəрбиеші тұлғасына негізделуі тиіс, себебі тəрбие күші
тұлғаның адамилық қадір-сапаларынан бастау алады. Ешбір жарғы немесе
бағдарлама , ешқандай жасанды мекеме организмі, қаншалықты айламен құрылса
да, тəрбие жұмысындағы тұлға беделінің орнын баса алмайды -деген
К.Д.Ушинский бүкіл педагогиканы қайта қарастырып, жаңа ғылыми деректер
негізінде білім беру жүйесін толығымен түбегейлі қайта құруды талап етті:
...теориядан алшақтаған педагогикалық практиканың бір өзі –медицинадағы
тəуіпшілдікпен тең.
XIX ғ. ақыры - XXғ. басында педагогикалық проблемалар АҚШ-та қарқынды
зерттеле бастады. Ол жерде адам тəрбиелеудің жалпы принциптері мен
заңдылықтары өрнектелді, əрбір адамға белгілеген мақсаттарына тез, əрі
табысты жетуге мүмкіндік беретін тиімді білім технологиялары қалыптасып,
практикаға енді. Американ педагогикасының белгілі өкілдерінің бірі Джон
Дьюи (1859-1952). Оның зерттеу жұмыстары бүкіл батыс Еуропа, Америка жəне
Австралия аймақтарында педагогикалық ойдың дамуына үлкен ықпал жасады.
Американ педагогтарының тағы бір көрнекті тұлғасы Эдвард Торндайк (1874-
1949) оқу процесін зерттеумен атын əйгілеп, əрекетшіл тəрбие технологиясын
бүкіл əлемге жария етті.
Елімізде аты танымал американ педагогы жəне дəрігері Бенджамен Спок. Ол
қауым өкілдеріне, бір қарағанға қарапайым ғана тəрбиеде басты не болу
керек: қаталдық па қайырымдылық па? –деген сұрақ қойып, көпшіліктің
санасына жаңа тəрбие лебін жеткізді. Бұл сұрақтардың астарынан күтілген
жауап- педагогика қай бағытта: əміршіл-əкімшіл немесе гуманистік – жолымен
дамуы қажет пе? Бұған нақты жауапты Б.Спок өзінің “Бала жəне оған
қамқорлық”, “Анамен сұқбат” жəне т.б. еңбектерінде беруге тырысқан.
XX ғасырдың басында əлемдік педагогикада еркін тəрбие жəне бала тұлғасының
дамуы идеялары белсенді жария етіле бастады. Бұл идеяға жетекші Мария
Монтессори (1870-1952) болды. Өзінің Ғылыми педагогика əдістемесі
кітабында ол балалық жас мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін
түсіндіріп бақты. Себебі, сəбилік шақтағы бала дамуы үлкен тəрбиелік
табыстарға есік ашады. Оның пікірінше, мектеп оқуының басты формасы өзіндік
оқу жұмыстары болуы қажет. Монтессори оқушылардың жекелеп оқуына ыңғайлы
грамматикалық, математикалық, биология-жаратылыстану жəне басқа пəндерге
арнап дидактикалық материалдар ұсынды. Бұл оқу құралдарының ерекшелігі,
оларды пайдалана отырып, бала өз кемшілік-қателерін табады жəне оларды
түзетеді. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында да Монтессори жүйесінің
тараптарлары мен қолдаушылары баршылық. Осы бағытта түзілген бала бақша
-мектеп жүйесі іске қосылып, балаларды еркін тəрбиелеу идеясы өз жемісін
беруде.
Ресейдегі еркін тəрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі Константин Николаевич
Вентцель (1857-1947)еді. Ол 1917 жылы дүниеде алғашқылардың бірі болып,
бала құқықтары декларациясын түзіп, жариялады. 1906-1909жж. аралығында
Мəскеуде ол ұйымдастырған Еркін бала Отауы жұмыс істеп тұрды. Бұл ерекше
оқу мекемесінде басты кейіпкер- бала аса құрметпен танылды. Тəрбиешілер мен
мұғалімдер бала қызығуларына икемдесіп, оның табиғаттан берілген
қабілеттері мен дарынының дамуына жəрдемдесу қызметтерін атқарды.
Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика жаңа қоғамдағы адам тəрбиесі
идеяларын өзіндік түсінім жолымен дамыта бастады. Жаңа педагогикаға
байланысты шығармашылық ізденістер аймағында белсенділікпен қатысқан
белгілі педагог ғалымдар: С.Т.Шацкий (1878-1934), П.П.Блонский (1884-1941),
А.П. Пинкевич (1884-1939) болды. Социалистік дəуір педагогикасын танымал
еткен Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектері. Надежда
Константиновна Крупскаяның (1869-1939) теориялық ізденістері жаңа кеңес
мектебін қалыптастыру, сыныптан тыс тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді
пайда бола бастаған пионер қозғалысы проблемаларының төңірегінде
шоғырланды. Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымына
педагогикалық басшылық, еңбек тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру жəне
балаларды отбасында тəрбиелеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар бақшасындағы балаларды тәрбиелеудегі еңбектің маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дидактикалық ойындар
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы
Балалардың еңбек тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы
Тәрбиешілердің балаларды өсімдіктермен таныстыру үрдісіндегі жұмыстары
Мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесін үйретудің мәні
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу
Пәндер