Мектепке дейінгі мекемеде балалардың бейнелеу іс-әрекетінде сәндік қолданбалы өнер материалдарын пайдаланудың теориялық мәселелері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3- 4

І Тарау. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың бейнелеу іс-әрекетінде сәндік
қолданбалы өнер материалдарын пайдаланудың теориялық мәселелері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту және балабақшадағы бейнелеу іс-
әрекетінің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 -6
1.2. Жапсыруға сәндік қолданбалы өнер материалдары арқылы балаларды үйрету
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-9

ІІ Тарау. Балабақшадағы жапсыру сабақтарында сәндік қолданбалы өнер
материалдарын пайдалану жолдары
2.1. Әр жастағы балаларды сәндік қолданбалы өнер материалдары негізінде
жапсыруға үйретудің бағдарламалық мазмұны және
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-15
2.2. Тәрбиешінің сәндік қолданбалы өнер материалдары арқылы ересек топ
балаларын жапсыру сабақтарын ұйымдастыру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
.16-26
Сабақ
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...27-30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 1

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Жапсыру (латынша аррlісаtio — үстіне қою,
салу) — негізгі фонға декоративтік пемесе тақырыптық формалардағы
қиындыларды жапсыру арқылы әр түрлі заттарды (киім, мебель, ыдыс-аяқ т. с.
с.) көркем безендіру үшін қолданылатын қолөнерініқ бір түрі.
Жапсырудың өзгешелігі оның бейнелеу сипатына, сондай-ақ орындалу
техникасына, байланысты.
Сурет, живопись сияқты бейнелеу өнерінің түрлеріне қарағанда
апплкациялық бейнелер бірыңғай шартты суреттерге құралады. Жапсыруға
ешқандай детальдарсыз жалпылама формалар тән. Көбіне дақсыз бір түсті
бояулар қолданылады, сонымен бірге бір түс екінші түстен өзгеше
ерекшеленеді.
Жапсыруды орындау процесі екі кезеңнен тұрады: жеке формаларды кесу
және оларды негізгі фонға жапсыру.
Жапсыру көркем безендіру құралы сияқты ерекше декоративтік тиімділігін
тудырады. Кесілген формалар кейде әр түрлі үй-жай орындарын безендіруге
қолданылады (мысалы, қағаз салфеткалар мен шілтерлер сөрелерді безендіруге,
ал, әр түрлі түсті қиындыларды терезе әйнектеріне жапсырып, мерекелік
безендіруге қолданылады).
Мата, жүн және теріден кесілген жапсырулық қиындылар киімдерді
сәндеуге, паннолар жасауға қолданылады.
Кейде кесілген бөлшектер фонға толық жапсырылмайды, сондықтан, жапсыру
жарым-жартылай аумақты болып шығады. Мысалы, тек гүл жапырақшаларын ғана
ортаға жапсырып, олардың соңғы ұштары негізгі түстен қалып қояды. Бұл
бейнеге үлкен мәнерлілік береді.
Жапсырудың орындалуы қарапайым әрі оңай болғандықтан оны балалар
творчествосы үшін қолдану өте қолайлы. Балалардың белгілі бір түстерге
боялған дайын формаларды қолдануларына, сондай-ақ ою-өрнек элементтерін,
сюжеттік бейнелер т. с. с. кесу арқылы композициялар құруларына болады.
Сонымен, жапсырумен айналысу бір жағынан, бейнелеудің шеберлігі мен
дағдының қалыптасуына, екінші жағынан творчестволық қабілетін дамытуға
септігін тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі балаларды жапсыру өнеріне
үйрету, жапсыруға арналған материалдар мен құралдарды іріктеуге үйретудің
жолдары. Ересек топ балаларын жапсыруға үйретуде сәндік қолданбалы өнер
материалдарын пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту және балабақшадағы бейнелеу
іс-әрекетінің түрлері
- Әр топтағы балаларды сәндік қолданбалы өнер материалдары негізінде
жапсыруға үйретудің бағдарламалық мазмұнын ашу және талдау.
- Тәрбиешінің сәндік қолданбалы өнер материалдары арқылы ересек топ
балаларын жапсыру сабақтарын ұйымдастыру әдістерінің мәнін ашу.
Зерттеу пәні: Бейнелеу өнерінің көмегімен шығармашылық бастаманы
дамыту.
Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі мекемеде оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу әдістері: Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді сараптау, талдау,
бақылау, озат тәжірибені қолдану.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Тарау. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың бейнелеу іс-әрекетінде сәндік
қолданбалы өнер материалдарын пайдаланудың теориялық мәселелері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту және балабақшадағы бейнелеу іс-
әрекетінің түрлері
Мектеп жасына дейінгі балалар жапсыру пішіндерін кесу және жапсыру
сияқты барлық процестерін меңгереді. Бұл жұмыстың түрін йгерудің дайындық
жаттығулары — мозаикамен ойнау болыи табылады. Оның көмегімен балалар дайын
геометриялық формаларды қатарластырып қоюды, олардың ерекшеліктерімен,
түстерімен танысады, орналасу әдістерін, ою-өрнектер жасау принциптерін
үйренеді.
Жапсыру процесін игеруге жапсырусыз кесінділер кесу жұмыстары
көмектеседі (балалар қағаз кесіп ойнау үшін билеттер, жалаушалар т. с. с.
жасайды, қайшыны қолдануды үйренеді). Балабақшада жапсыру жұмыстарының
дайын формаларын жапсыру (декоративті-геометриялық және өсімдік
формаларынан, заттық — жеке бөлшектер мен силуэттерден) мен кесу және
формаларды жапсыру (жеке заттарды, сюжеттік, сәндік) сияқты түрлерін
қолданады.
Мектеп жасына дейінгі балалар формалардың жеке бөлшектерін немесе
силуэт түрлерін кесулеріне болады. Затты жеке бөлшектерден құрастыру олар
үшін сурет салғандагы немесе мүсін жасаудағы коиструкциялық бейнелер сияқты
оңайға түседі. Силуэттік кесу балалар үшін қиындау, себебі оларға әр
уақытта заттың жалпы контуры мен оның жеке бөлшектері арасындағы
пропорцияны салыстырып отырулары керек. Сондықтан, күрделі формаларды кесу
программада тек мектепке даярлық топтары үшін қарастырылған.
Балалардың фантазиясын, қиялын, творчестволық қабілеттерін дамытуға
жапсырудың үлкен мүмкіндіктері бар. Айталық, ою-өрнекті балалардың өздері
кескен дайын геометриялық формалар болмасын, өсімдік формаларынан болмасын
құрастыруларына болады. Сәндеу жұмыстарда дайын пішіндерді қолдану мектеп
жасына дейінгі балалардың бар зейінін ою-өрнектегі элементтерді белгілі
ырғақпен қайталап отыруға, үйлесімді, әдемі түстерді таба білуге бағыштауға
мүмкіндік береді.
Жапсыру сабақтарында үйренген дағдыларын балалар басқа да әрекет
түрлерінде, негізінен мысалы конструкция жұмысымен айналысқанда, көлеңке
театрын дайындағанда, жарықпен сәндегенде, ёлка ойыншықтарында қолданады.
Жапсыру жұмыстары үшін әр түрлі сортты ақ және түсті қағаздар
қолданылады. Фон үшін өте қалың қағаз — ақ қағазды сурет салу альбомынан,
түрлі түстілерін, стол бетіне төселетін қағаздардан, сондай-ақ жұқа
картонды алуға болады. Оған жапсырылатын формаларды жұқа, ең дұрысы жылтыр
қағаздардан кесу керек. Ол ашық түсті және қолмен ұстағанда жұмсақ болады,
бұл әсіресе кішкентай жастағы балалармен жұмыс істегенде өте маңызды.
Мектеп жасына дейінгі ересек балалар күңгірт түсті әр түрлі қағаздарды
да қолданады. Егер түстің керекті түрі табылмаса, қағазды бояуға болады.
Мұндай жұмысты барлық топ бойынша емес бірнеше баламен сабақтан тыс жүргізу
керек.
Пішіндер сабаққа ықтиятпен дайындалып қойылуы керек. Геометриялық
формалар бір-бірімен көлем жағынан дәл, сәйкес келулері керек, сонда
олардан бірыңғай ою-өрнек жасауға мүмкіндік туады (мысалы, үшбұрыштың
қабырғалары квадраттың немесе ромбының қабырғаларымен тең болулары керек).
[1.23б]
1.2. Жапсыруға сәндік қолданбалы өнер материалдары арқылы балаларды үйрету
ерекшеліктері
Кішкентайлар тобында заттарды жапсыру үшін силуэттік бейнелерді немесе
заттың бөлшектерін дайындап алады. Естиярлар, ал кейде ересектер тобында
сабақ жүргізу үшін қағазды алдын ала алға қойған тапсырмаға байланысты,
белгілі бір көлемде кесіп қояды. Мысалы, үйшікті жапсыру үшін, оның
қабырғаларын бейнелейтін дайын қағаздың кесіндісін береді, ал басқа түстегі
қағаздан балалар үйдің төбесін өздері кеседі т. с. с. Мұндай дайындық
жұмыстарды балаларды формаларды сақтауға, үйшіктің көлемі мен бөлшектерінің
пропорциясын дұрыс сақтай білуге көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі ересек балалар үшін әр түрлі түстердегі формалар
қолданылады, өйткені бұл топтарда негізінен олардың өздері ойлап тапқан
ойлары бойынша геометриялық пішіндерден декоративтік өрнектер құрастырып
жапсырады, сондықтан оларда таңдап алуға керекті материалдар мол болуы
шарт.
Түрлі түсті пішіндерді қолдану шығармашылық және өздігінше жұмыс істеу
қабілетін қалыптастырады. Балалар тапсырмаға байланысты өз қалауларымен
керекті түстерді таңдап ала алатын болады. Сабақ үстінде балалардың өз
беттерімен әдемі түстерді үйлестіріп құрастыру үшін түрлі түсті формалар
мен қағаздарды таңдап, ала білудің маңызы ерекше.
Заттарды қырқып алар алдында әр балаға керекті қағаздар дайындалғаны
жөн. Мектепке даярлық тобының балалары үшін барлық материал бір жерде жатуы
керек.[2.15-16б]
Барлық жағдайларда дайын формаларды жапсыру сияқты қырқу кезінде де
тапсырманы орындауға керекті материалдар молырақ болуы тиіс.
Желімді картофель крахмалынан дайындайды, себебі, ол кепкен соң
қағазда дақ қалдырмайды, ал жұмыстың түрінің таза сақталуы өте маңызды.
Сәбилердің қолына желімге арналған қылқалам беріледі, ал ересек топтың
балаларына ұсақ детальдарды жапсыру үшін кейде қыл кистілер де беріледі.
Қайшылардың ықшамды, ұштары доғал болғаны және рычагтарын еркін
қозғалтуға бала саусақтарының күші жететіндей болуы тиіс. Қырқып жасалатын
пішіндердің дұрыс болып шығуы осыған байланысты.
Дайын пішіндер, қағаздар, қиындылар салынатын легеншелер мен жайпақ
қорапшалар балалардың пайдалануына ыңғайлы болу үшін керегінше қойылады.
Формаға желім жағуға керекті клеенка, шүберек пен қылқаламның астына
қойғыш әр балаға жеке-жеке беріледі.
Осы сияқты көптеген құралдар жұмыс кезінде столдың үсті ыбырсып
кетпейтіндей етіп ретімен қойылуы керек. Сабақ басталғанда ең бірінші
керекті материалдарды ғана қойып, сабақ барысында керексіздерін алып
тастап, олардың орнына керекті жаңа заттар қойылады.
Стол үсті сабақ аяқталғанда жинақы, тап-тұйнақтай болу керек.
Сонымен, жапсыру жасау процесі көптеген материалдар мен құралдарды
керек етеді, сондықтан оларды алдын ала дайындап алған жөн.
Жапсыру жасауды үйрету материалмен танысуды, әр түрлі формаларды кесу
шеберлігін меңгеруді, оларды қағаз бетіне белгілі бір ретпен орналастыра
білуді және образ бен сюжетке байланысты жапсыра алуды талап етеді.
Жапсыруды үйретудің негізгі міндеттері мыналар:
- геометриялық пішіндерді айыра алу, қалай аталатындығын білу (шеңбер,
тік бұрыш, ұшбұрыш, ромб т. б.);
- негізгі және қосымша түстермен, олардың әр түрлі реңдерімен
таныстыру, гармониялық үйлесімділікті құру шеберлігін игеру;
- көлем шамасы мен сандарды білу; үлкен, кіші пішіндер; бір пішін
екінші пішіннен үлкен (кіші); бір, бірнеше көптеген пішіндер;
- композициялық іскерлікті дамыту; бірдей пішіндерді бір қатарға
біркелкі етіп орналастыру немесе екі, бірнеше пішіндерді кезектестіре
орналастыру; бейнені қағаздың пішініне байланысты — жолақ бойына, квадрат,
тік бұрыш, шеңбер аумағында құрастыру;
- заттың бейнесіи жеке-жеке бөлшектерден құрастыру, заттарды
жапсырулық сюжетпен орналастыру.
Кесудің негізгі әдістерін игеру: а) қағазды тіке, қиғаш және көзбен
жобалап кесу; б) екі және бірнеше қабатталған қағаздан жасалған
симметриялық пішіндердің бұрыштарын доғалдап кесу арқылы дөңгелек пішіндер
дайындау; в) симметрия емес - силуэттік және жеке бөліктерден - пішіндер
кесу; г) сызық бойынша кесу; д) қағаздың бір бөлшегін шымшып жырту жолымен
пішін жасау.
Желімдеп жапсырудың негізгі әдістерін игеру (қылқаламды, клейді,
сүрткіш шүберекті қолдану; пішіндерді ретімен жапсыру шеберлігі).[3.34б]

ІІ Тарау. Балабақшадағы жапсыру сабақтарында сәндік қолданбалы өнер
материалдарын пайдалану жолдары
2.1. Әр жастағы балаларды сәндік қолданбалы өнер материалдары негізінде
жапсыруға үйретудің бағдарламалық мазмұны және міндеттері
Әр түрлі жастардағы балалар топтарына арналған бағдарламалық
материалдардың мазмұны.
Жапсыру сабағы екінші кішкентайлар тобынан басталып жүргізіледі, ал,
бірінші кішкентайлар тобында балалар бұл сабаққа түрлі түсті мозаикалармен
ойнау арқылы дайындалады. Мозаикамен ойнау кезінде бала ез бетінше немесе
тәрбиешінің көрсетуімен формалардың әр түрлі түстерін кезектестіріп,
қатарластырып қояды, олардан үйшік, гүл т. с. с. қарапайым заттар түзеді.
Бала төрт жасқа қарағанда өзінің қарапайым ой-қиялын бейнелеуді іске
асыруда қабілетті келеді, кейбір техникалық дағдыларды игеруі мүмкін. Бұл
жағынан қарағанда сурет салу немесе мүсін жасаудан жапсырудың іс-әрекет
түрлерінің орындалу техникасы әлдеқайда қиын, себебі оның орындалу әдістері
мен шартты алынатын нәтижелері күрделі.
Бұл жастағы топтарға жапсыру жасатуды үйретудің міндеттері мыналар
болып табылады:
- шеңбер, квадрат, үшбұрыш сияқты көптеген заттардың құрамына кіретін
геометриялық пішіндермен таиысу;
- түрлі түстерді білу — қызыл, сары, көк, жасыл, ақ, қара, санау
ұғымын білу (бір, екі, үш, көп), көлем ұғымын білу (үлкен, кішкентай,
көп, аз);
- ою-өрнектер (қатарластыра, шеттеріне, бұрыштарына) және заттың
бөліктерінде пішіндердің орналасуының композициялық шеберлігін дамыту;
- пішіндерді жапсыру дағдысын игеру.
Жапсыруды орындау дағдысын игеру бірнеше фигураларды қағаз бетіне
қатарластыра жапсырудан басталады. Тіпті осы сияқты жеңіл тапсырмалар да
жаңа бейнелеу формасының ерекшеліктерін, оиың аты мен түсін, пішіндерді
көлденең қатарда орналастыра білуді, желімді дұрыс жағуды және пішіндерді
керекті жеріне жапсыра білуді талап етеді. Балалар мұндай тапсырмаларды
орындай алуы үшін жапсыруға барлық контуры бойынша бірдей симметриялы,
жоғары да, төменгі де жағы жоқ және орналасқан жеріне байланысты ешқандай
өзгермейтін шеңбер формасын береді; элементтерді орналастыру үшін мұндай
енді шеңбер қатарына орналастыруға болмайтындай етіп енсіз қағаз жолағын
ұсынады; барлық пішіндердің түсі біркелкі болады.
Сонымен, тапсырманы орындау жеңілдейді: балалар пішіндердің атын,
түсін естеріндехақтап, оларды жапсыру техникасын игерулері керек.[4.22-25б]
Әдетте алғашқы сабақтарда жапсыру процесі бала үшін әжептәуір
қиындыққа түседі: желімге қылқаламды аздап батырып дұрыс ұстай білуді
үйрену керек, арнаулы клеенканы қолдана отырып форманың сыртқы жағына
мұқият жағу, формаларды желім жағылған жерлерге жаю, оларды шүберекпен
қозғалтпай басып жапсыру, қылқаламды тек қана өз орнына қою. Бірінші
кезеңде жапсыру техникасы балалар зейінін түгелдей өзіне аударып алады.
Бағдарламалық материалдың одан әрі күрделене түсуі басқа түстердегі
шеңберлерді колдануға және олардың түрлі түстерін кезектестіре
орналастыруға байланысты. Одан кейін жаңа форма — квадрат жұмысқа
енгізіледі. Квадраттан жасалатын композицияны орындағанда олардың бір
жағымен біркелкі орналасуын қадағалап отыру керек.
Біртіндеп жапсырудың композициясы да күрделене түседі — балалар
пішіндерді квадрат бұрыштары мен шеңбер шеттеріне орналастырып жабыстырады.
Пішіннің бұл элементтері оның өзіндік өзгешелігімен-ақ балалардың түсінуіне
жеңіл түседі. Кішкентайлар тобына орталық бөліктерге жапсыру әлі қиынға
түседі.
Бір немесе екі элементтерді алма-кезек орналастыруды игерумен бірге
бағдарламада, алдымен бір бәліктен, одан кейін 2—3 бөліктен (мысалы,
саңырауқұлақ, жалауша, аққала, үйшік т. б.) тұратын заттардың бейнесін
жапсыру қарастырылған. Мұндай тапсырмалардың қиындығы зат пен оның
бөліктерінің құрылысына байланысты орналасу керектігінде: саңырауқұлақтың
аяғы қалпағының ортасынан төмен қарай созылады, үйдің қабырғаларының үстіне
оның шатыры ориаласады және с. с.
Бірақ, сәбилер мұндай жұмыстарды жақсы игереді, себебі зат жүзіндегі
тапсырмалар оларға мазмұны жағынан түсінікті. Оның үстіне бейнелеу үшін
бөліктері симметриялы орналасқан, балалар алғашқы сабақтарда танысқаи
геометриялық пішіндерге ұқсас заттар таңдап алынады.
И. Л. Гусарова кішкентайлар тобында жапсыру жұмыстарын белгілі бір
бейиелеу мақсаты бар тапсырмаларды — таныс заттарды жасаудан бастауды
ұсыпады. Тақырыпқа қызығушылық мектеп жасына дейінгі баланың конструкциялық
және техникалық қиындықтарды жеңіп шығуына септігін тигізеді. Кішкентай
балаға геометриялық пішіндерді алма-кезек принциппен орналастыру мен
симметриялық ою-өрнектер жасаудан гөрі, 2—3 бөліктен зат құрастыру
тапсырмасы әлдеқайда түсінікті. Ол алғашқы кезде өзінің жіберген қателерін
байқайды, себебі ондай жағдайда мазмұиының логикасы бұзылады. Ою-өрнек
элементтерін алма-кезек орналастыру мен қайталау принципін түзу сызықтың
бойына жапсыру арқылы ойдағыдай игеруге болады.
Сонымен, бұл жастағы балаларға жапсыру бойынша берілетін әрбір
тапсырма, сурет салу, мүсін жасау сабақтары сияқты белгілі бір образға
байланысты болуы керек.[5.16-19б]
Жапсырулық жұмыстар толық көлемде 4-5 жаста жүргізіледі, бұл кезде
балалар пішіндерді кейде олар сәндеу жұмыстарына дайын күйінде берілгенімен
өз беттерімен қырқып, жапсырады.
Ересектер тобында жапсыруға үйрету міндеттері:
- әр түрлі әдістерді қолдана отырып, қырқу ептілігін дамыту: әр түрлі
бағытта түзу қырқу, дөңгелектеп екі бүктелген қағаз қырқу;
- затты бірнеше бөліктерден құру және шеңбер, квадрат, тік бұрыштарда
геометриялық және өсімдік пішіндерінен ою-өрнектер үйлестіру шеберлігін
дамыту.
- жаңа түстерді (қызғылт сары, сия көк) және түстердің әр түрлі ашық
және күңгірт түрлерін қолдану, оларды ою-өрнекте әдемі үйлестіре білу.
Сонымен, ересектер тобының негізгі мақсаты — әр қилы кескіні бар
заттарды бейнелеудегі керекті қырқу әдістерін игеру.
Алдымен тік бұрышты және дөңгелек пішіндерді қырқу естиярлар тобына
арналған тақырыптар бойынша жалғаса береді, бірақ детальдардың саны көбейе
түседі (құлақшынды, қолында күрегі бар, көзі, мұрны көрінер-көрінбес қар —
адам; қанаттарында жұлдыздары бар самолет және с.с). Содан кейіи ғана
бөлшектері майда заттар бағдарламаға енгізіледі (шөжелер, қояндар т. б.).
Бұл топтағы балалар екі бүктелген қағаздан пішіндердің кейбір түрлерін
қырқуды үйренеді, себебі, бұл әдіс, мысалы, ағаш жапырақтарын, қоянның
құлақтарын қырқып жасауға өте қолайлы. Бұл әдісті қолданғанда уақытты
үнемдеуге және қызықты, әрі мәнерлі композициялар түзеуге мүмкіндік туады.
Заттарды екі бүктелген қағаздан қырыққанда ол пішіндердің симметриялы
болып шығуын жеңілдетеді. Бұл тәсілді тек ересек топтың балалары ғана игере
алады, себебі түйсіктің дамуы мен аналитикалық ойлау, айталық, затты екіге
тең бөле алу ебінің болуын талап етеді. Осы тәсілді қолдана отырып балалар
қарапайым пішіндерді — вазаларды, жапырақтарды, жемістерді қырқады.
Ересектер тобында балалар қағаз шеттерін шымшып-жұлып, пішіндер жасау
тәсілдерімен танысады, бұл фактураның ерекшеліктерін — ұлпа қарды, мехты
көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Кесу дағдысының дамуы заттардың ерекше, сапасын анықтаудағы қабілеті
үнемі жетілуде болатын мектепке дейінгі балалардың мақсатты түрде
бақылауына мүмкіндік туғызады.
Балалар жұмыстарының тақырыптары ылғи кеңіп отырады.
Декоративтік композицияларға тек дайын геометриялық пішіндерден
жасалған ою-өрнектер ғана қолданылмай, әр түрлі жапырақтар, гүлдер сияқты
өсімдік формалары да енгізіледі.
Бұл топтағы бағдарламаның барлық тарауларында күрделенгеи оқу
міндеттері қаралған: кесудің жаңа әдістерін игеру бірнеше рет қабатталған
тері мен мазмұны қағаздан формалар, силуэттік формалар кесу; әр түрлі
формалардағы декоративтік ою-өрнектер жасау, заттарды бірнеше бөліктен құру
мен жапсырулық сюжетпен орналастыруда баланың композициялық шеберлігін
дамыту; спектрдің барлық түстері мен реңкілерін пайдалану. 5—6 жастардағы
балаларды бейнелеу іс-әрекетінің барлық түрлеріне үйретудің негізгі
міндеттері — шындыққа жақын реалистік бейне жасай білу іскерлігін дамыту.
Сондықтаи да жапсыру жасау сабағында балаларды силуэтті симметриялық және
ассимметриялықпішіндерді кесудің барлық иегізгі тәсілдерімен таныстыру аса
маңызды.
Силуэттік кесу — балалар үйренетін ең күрделі әдістердің бірі. Силуэт
заттың контурын бөлектеп көрсететін көлемді пішіннің қиындымен шекарасын
сызық арқылы айырықшалаудан пайда болады. Сонымен контур сызықтары форманың
қаншалықты дұрыс берілгендігін, объектінің пропорциялылығын анықтайды.
Бірақ, затты көшіріп салуда бала оның жекеленген бөлшектерін мүшелеп,
олардың контурының үстірт нобайын емес, біртіндеп кезекпен салу жолын
пайдаланады. Силуэттік кесу үстінде бала әр уақытта заттың бүкіл образын
есінде сақтап, пропорция мен копструкцияның дұрыстығын қадағалап,
қолдарының қимылын, жасап жатқан форманың нәтижесіне байланысты бағыштап
отыру керек. Мұндай күрделі жұмысты орындауда мектепке даярлық тобының
ересек балаларына айналадағы заттардың негізгі формаларын сараптай білуге
олардың жалпы контурларын ұғыиа білу қабілеті көмектеседі. Сондықтан силуэт
кесуді игеру жай формалардан басталады. Мектепке даярлық тобының
бағдарламасында сюжеттік жапсырудың орындалуы қаралған. Бұл жұмыстың
процесінде балалардың композициялық дағдысы ұшталады, себебі, заттардың
сюжеттік бейиелерін жасауда оларды жабыстыру жүйелілігі алдын-ала
ойластырылуы керек болады.[6.7-11б]
Дайын пішіндерді жапсыру мектепке даярлық топтарында да жалғаса
береді. Мектеп жасына дейінгі балалар қырқудың негізгі дағдыларын
меңгергенімен, геометриялық пішіндерден ою-өрнектер құру үшін оларға түрлі
түсті, көлемі дайын пішіндер беріледі. Балалар кейбір бейнелерді жасау үшін
қағаз шетін шымшып-жұлу тәсілін қолдана береді (мысалы, аспандағы бұлт, ақ
көбікті толқыидар т. с. с).
2.2. Тәрбиешінің сәндік қолданбалы өнер материалдары арқылы ересек топ
балаларын жапсыру сабақтарын ұйымдастыру әдістері
Кішкентай жастағы балалар үшін жұмыс материалдары мен үйрету процесін
ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Жапсыру жасайтын материалдың түсі өте ашық
болса балалардың зейінін өздеріне аударып, тәрбиешінің айтқандарына құлақ
аспай қоюлары мүмкін. Сондықтан, кішкентайлар тобында әсіресе алғашқы
кездері, жапсыруға арналған дайын пішіндерді әрбір балаға сабақты
түсіндіріп болғаннан кейін арнаулы пакеттерде таратып береді. Жалпы
материалдарды бұл топтағы балалар қолдана алмайды, өйткені әлі жапсыратын
пішіндерді, түс элементтерін айыра алмайды.
Педагогтың түсіндіргенінен кейін жапсыратын пішіндер таратылған соң
балалар тапсырмаға байланысты, оларды қағаз бетіне реттеп қояды. Тәрбиеші
элементтердің орналасуының дұрыстығын тексереді. Сондықтан кішкентайлар
тобындағы өткізілетін алғашқы сабақтарда желімді стол үстіне, тек педагог
барлық жұмыстарды тексеріп болған соң, жапсыру процесінің алдында ғана
қояды. Бұл тәрбиешіге бейнелерді дұрыс құруды қадағалауда және балаларға
жапсыру техникасын игеруге көмектесуге мүмкіндік туады. Келесі кезекте
түрлі түсті пішіндерден басқа барлық керек-жарақтарды алдын ала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балауыз бояуымен бояу өнері
Ересектер тобында топсаяхаттарды ұйымдастыру
Бейнелеу өнерін оқытудағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың интеграциялық мазмұны
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері сабағы арқылы қиялын дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДА ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет арқылы балалардың эмоционалдық қабылдауын арттыру әдістемесі
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін арттырудағы ұлттық қолданбалы өнер
Қазақ халық қолөнерін бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныпта халық қолөнерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану әдістемесі
Пәндер