Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері

Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың
болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздардың
алдында тұрған басты мақсаттардың бірі — Отанға, туған елге, туған жерге,
өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Бұл адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірдегі қоршаған ортамен таныстыру
арқылы қалыптасады. Қоршаған орта жеткіншектерді адамдармен, туған жерімен
байланыстырып, олардың тұлға ретінде қалыптасуына шешуші ықпалын тигізеді.
Бұл ықпалдың түпкі тамыры — өз халқының тілінде.

Қазақстан Республикасында тұратын әрбір ұлттар мен ұлыстардың тілдік қызмет
саласына ешбір кедергі қойылмайды. Сондықтан да кез келген халықтың ана
тілі рухани мәдениетінің өзіне тән ұлттың ерекшелігінің көрсеткіші болып
табылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды қазақ тіліне үйрету маңызды
міндеттерді шешуге көмектеседі:
адамдардың рухани өмірінің үйлесімді болуы барлық халықтың қазақ халқының
мәдени құндылығына қол жеткізуі үшін мүмкіншіліктерді кеңейтеді;
білім мен мәдениеттің одан әрі көтерілуін қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың жақындасуының жан-жақты
дамуына, Қазақстан халқының тарихи қауымдастық ретінде ынтымақтастығының
нығаюына мүмкіндік туғызады.

Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу
кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі —
тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ тілі
сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда
сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды.

Қазақ тілі — әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар
көзі. Балалардың сөйлеу мүмкіншіліктерінің даму барысында қазақ тілінің
оқыту мен тәлім-тәрбие берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде. Қазақ тілін
(кез келген басқа да тілді) сөздерді, сөйлемдерді, диалог, монолог
үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен емес, жалпы белсенді түрде
сөйлеу арқылы үйрету керек.

Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру
әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын
және ойын түрлері қойылады.

Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған
кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.Ал бүгінгідей, динамика ғасырында,
оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың
оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ..

Ойын дегеніміз не? Ойын — қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-
әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам
тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат
беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру.

Заман талабы екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі
келетін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту, сол сияқты
балабақшаларда қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттері
қойылады: Қазақ тілі сабақтарында көздейтін-мақсат балаларға жалаң сөз
жаттау емес әрбір сабақта үйренген сөздерді ауызекі сөйлеуде, сөйлем
құрамын дұрыс қолдана білуге үйрету.

Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлесу
үлгілерін қолданған дұрыс. Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық
материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Ойын арқылы баланың бойына
адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.
Қазақ тілін оқытудағы рөлдік ойындардың орны

Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор.Ойын — балалардың тілді
үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл
тиеді де,бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп,сөйлеседі.
Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият
тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал тәрбиеші тек бағыттаушы
болады.
Рөлдік ойындардың негізгі талаптары
Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең
бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн.Сонда ғана
олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады.
Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.
Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға
ойнайтын болады.
Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым
жоғары тиімділік береді.
Рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны қандай?
Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.
Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.
Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.
Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына
болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын.

Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап,жұмысына жәрдем беруіне болады.

Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей
өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс
істейді.
Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы
мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің
ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты
түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ,
себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету
керек, ол үшін уақыт беру керек.

Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн,
себебі қазақ тілін өзі қаншалықты біледі, соғаң орай өздеріде рөлді тез
тандайдьі. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде ттәрбиеші дұрыс тәсіл
қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Өйткені, баланың
ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, содан кейін ғана
кемшіліктерге тоқталу қажет.

Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға немесе магнитофон лентасына
жазып алған жөн. Артынан балалармен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық
ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда тәрбиеші
ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да, келесі
жолғы ойындарда осындай кемшілікгерге жол бермейді,есте сақтайды.
Драматизацияланған ойындар

Қазақ тілі сабағында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер
мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және
көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді.Актерлер ретінде көбінесе
басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ
балалары ойнайды.

Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек
себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды
меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы:
драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
а) шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою;
б) мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап,сахнаға қою.

Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.Тілдік қарым-қатынасқа
түсу дағдыларын дамыту.
Балаларды сөйлеуге үйрету.
Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде
көрсете білуге үйрету.

Ойынды қолдануда оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАБИҒАТТАНУДЫ ОҚЫТУДА ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Бастауыш мектептерде компьютерлік техниканы тиімді қолдану негізінде оларға компьютерлік сауаттылық элементтерін меңгеру, ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Патриоттық тәрбиенің мәні
Ойын - психологиялық феномен жайлы
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытудың теориялық негіздері
5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДА ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер