Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты әдістемелік ұйымдастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты әдістемелік
ұйымдастыру

Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кезкелген мекеме үшін отбасымен
жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы
баланың түпкі тамыры, болмысын қалайтын мекен. Отбасымен жұмыс мүмкін
педагогтардың жүргізетін жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар. Бір
жағынан, бұл жұмыс аса бір шеберлікті, құпиялықты, мәдениетті, білімді,
тәжірибені қажет ететін жұмыстардың бірі. Өйткені, отбасымен жұмыс
жүргізген кезде түрлі адамдармен, түрлі түсініктермен, түрлі мінез-
құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама-қарсы кездесесің. Осының
барлығынан педагогтық абыройыңа кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет
етеді. Сол себептен білім беру мекемесінде отбасымен жүргізілетін
жұмыстарды әдістемелік жағынан орынды ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Отбасымен жүргізілетін жұмысты әдістемелік дұрыс ұйымдастыру дегеніміз не ?
Бұл - мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды педагогикалық
қағидаларға сәйкес, баланы жан-жақты дамытуға негізделген, бала құқығын
сақтауға және қорғауға бағдарланған түрде ұйымдастыру. Отбасымен
жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан белгілі бір ретпен, жүйелі
түрде ұйымдастыру жүргізілген жұмыстың нәтижесіне әсер етеді. Бірнеше
жылдар көлемінде біздің №15 Әсел мектеп-бақшасында отбасымен жұмысқа аса
терең мән беріліп келеді. Әсіресе бұл жұмыс Тәй-тәй технологиясымен
эксперименттік жұмыстарды бастаған уақыттан алға баса бастады. Себебі, Тәй-
тәй технологиясының басты шарттарының бірі – оқу-тәрбие үдерісіне отбасын
белсенді араластыру болып табылады. Осының негізінде мекемеде жұмыстың жаңа
түрлері жарық көрді. Бұл жұмыстар алдыңғы уақытта жүргізілетін жұмыстарға
ұқсамайтын және жаңашыл бағытта болды. Яғни оның негізінде отбасымен ашық
қарым-қатынас жатты. Бүгінгі таңда сол жұмыстар заманның талабына сай, бала
мен отбасының қажеттігіне сай өзгертіліп, әртараптандырылып отырылуда.
Бірнеше жылғы іс-тәжірибе мекемемізде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың
белгілі бір тұрақтылығы мен заңдылығының қалыптасуына әкелді. Біздің
Көкшетау қаласындағы №15 Әсел мектеп-бақшасында бұл жұмыс төмендегідей
бағыттарда жүзеге асырылады:

1.     Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру

2.     Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындау

3.     Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын үздіксіз игеру.

         Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты –
отбасымен қарым-қатынастың тиімді, оңтайлы түрлері арқылы отбасын мекеме
жұмысына белсендіре араластыру, бала тәрбиесіне деген қызығушылықтарын
арттыру болып табылады. Осыған байланысты жылдық жоспарда мынадай жұмыс
түрлері жоспарланады:

·        Ата-аналарды балабақшамен таныстыру (презентация);

·        Ата-аналарға арналған ашық сабақтар;

·        Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер (оқу жылында 1
кеңесті арнауға болады);

·        Педагогикалық әңгімелер

·        Тақырыптық кеңестер (әр топта оқу жылында 3-4 рет және осынша
жалпы түрде);

·        Жиналыстар (оқу жылында  3-4 рет);

·        Дөңгелек үстелдер (дәстүрден тыс түрде ата-аналармен өзекті
тақырыптар төңірегінде әңгімелесу);

·        Ата-аналарға арналған конференция (ата-аналар, шектеулі мамандар,
тәрбиешілер өмірлік жағдаяттарды моделдейді, тақырыптар аналарға арналған
Анам жайлы әңмелесейікші, әкелерге арналған Мен үшін ең қымбат жан
т.с.с.);

·        Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын
қамтамасыз ету;

·        Көрнекі насихаттық жұмыстар.

Балабақшамен таныстыру жұмысы – жылына 1 рет оқу жылының басында
жүргізіледі. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты ата-аналарды балалардың білім алу
және тәрбиелену ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар
өмір сүріп отырған ортаның материалдық-техникалық базасымен және осы
ортаның оқу-әдістемелік қамтамасыздану дәрежесімен, педагогикалық ұжыммен,
мамандармен таныстыру және осы арқылы олардың оң көзқарастарын
қалыптастыру, достық қарым-қатынас құру.

Ата-аналарға арналған ашық сабақтар – отбасына баланың белсенділігін, даму
деңгейін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар топ ішінде сабақтардың
ұйымдастырылу ерекшеліктерімен де таныстырады. Сондай-ақ балабақшада
балалар тек ойын әрекетімен айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды.

Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер – оқу жылында 1 рет болуы
мүмкін. Бұл кеңесті әсіресе оқу жылының басында өткізген ыңғайлы. Көбіне
бұл бала тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелерге арналады.

Педагогикалық әңгімелер – отбасына баланы таңертең әкелгенде және кешке
әкеткенде тәрбиешінің ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады, тәрбиеші
оларға бала тәрбиесіне қатысты бағдар көрсетеді, өз ойын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері
Мектепке дейінгі мекемедегі отбасымен бірлескен жұмыстар
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен байланысы
Педагогтың өздік жұмысы
Балабақша мен отбасы
Психологиялық қызметтің дамуы
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда балабақша мен отбасының сабақтастығы мәселесін әзірлеу
Пәндер