МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ҮРДІСТЕГІ ЗАТТЫҚ ДАМЫТУШЫЛЫҚ ОЙЫН ОРТАЛЫҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Өскемен қаласы мұғалімдерінің
ғылыми - практикалық конференциясы.
Даму субъектісінің оқыту үрдісіндегі жаңашыл мектептің білім беру
сапасын жетілдіру.
Қабылова Р.Б.
КМҚК №100 Балабақша-бөбекжайы ДО

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ҮРДІСТЕГІ ЗАТТЫҚ ДАМЫТУШЫЛЫҚ
ОЙЫН ОРТАЛЫҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтің Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан атты, Қазақстан халқына жолдауында еліміздің
дамуының жаңа кезеңінің келесі 10 жылға арналған бағыт-бағдарын айқындап
берген болатын. Білім беру-аса күрделі әлеуметтік экономикалық механизм.
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан құру біздің алдымызда үлкен мақсаттар қойып
отыр.
XXI- ғасырда қандай болатынын бүкіл адамзаттың қолында болса, тәуелсіз
Қазақстанның қандай болатыны бүгінгі жас ұрпақтың қолында болмақ.Біз –
педагогтар, балалардың санасына қандай негіздерді қаласақ, мемлекетімізбен
қоғамның рухани және материалдық игіліктері сол негізге байланысты болатыны
белгілі.
Жаһандану үрдісіне сай келетін, әлемнің өзге елдермен кез-келген салада иық
тірестіре алатын Қазақстанның болашағы бүгінгі ұрпақтың қолында.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу
бағдарламаларының үздіксіздігін және сабақтастығы принциптері негізінде
ұйымдастыруды көздеп отыр.
Жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалды. Мектеп жасына
дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, балаларды міндетті түрде мектеплады даярлықтан
өтуі көзделген.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларының балаларды оқыту, дамыту және сауықтыру принциптерін
ескере отырып мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен
үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Ең басты ол ешқандай қиындықсыз баланы оқушы статусының қабылдануына 12
жылдық білім беруде басты міндет етіп қойған өзінде жеке қоғамның
мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада
өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті шағармашыл білімді
тұлғаны дамыту және қалыптастыруға жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланың жас шамасына және өзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына
№100 балабақша педагогтар ұжымы жағдай жасап, заттың шағын дамытушылық
ойын орталықтары ұйымдастырылды.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал тигізетін
жетекші, басты құралдардың бірі.
Бала ойын арқылы өзінің күш-жәгерін жаттықтырады, қоршаған орта мен
құбылыстардың ақиқат орын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды.
Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадамы.
Қазақ халқының ұлттық ойшылы Абай Құнанбаев Ойын ойнап, ән салмай, өсер
бала бола ма?, - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшелігі осы
ойын үстінде қалаптасады. Ойын – баланы рухани адамгершілікке тәрбиелеудің
негізі болғандықтан біздің әрбір тәрбиеші мен ұстаздарымыз оқыту мен
тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырылып отырылуына
назар аударады.
Сабақта ойын элементтерін қолдану немесе сабақты толықтай ойын түрінде
өткізу тәрбиешіден аса біліктілік пен шеберлікті, шығармашылық ізденісті
қажет етеді.
Мысалы: №100 Балабақшаның Айналайын ересекетер тобының тәрбиешілері Б.С.
Окапова және Г.А. Садықова тіл дамыту, математика сабақтарында ойын
түрініде өте қызықты ұйымдастырып, жоғарғы деңгейде өткізді.
Окапова Б.С. – тіл дамыту сабағында образды сомдау арқылы үлкен
жауапкершілік патриоттық сезімдерді қалыптастырды, баланың сөздік қорын
молайтады, жақсы мен жаманды ажырата отырып имандылық, адамгершілік,
ізеттілік, адалдық, еңбексүйгіштік, отаншылдық қасиеттерімен қаруландырады.
Осыдан біздер патриоттық ойын дамытушы орталықтарын ұйымдастыруды жөн
көрдік.
Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып
жақтан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазіргі қоғам жан-жақты үйлесімді
жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Қоғам талабы – заман талабы, өйткені Әр адам - өз заманының баласы,
сәбиді есті, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДА ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі мекемені басқару пәнінің ОҚУ БАҒДАРЛАСЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ 5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ негіздері
Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әлеуметтік
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің рөлі
Бастауыш сыныпта Тәй - тәй технологиясын қолдану арқылы жұмсақ дағдыларын қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері мен құрылымының теориялық негіздері
Мектепке дейінгі балалрдың іс-әрекет түрлері
Пәндер