Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық сезімдерін дамыту



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ- 001033

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық сырттай оқу факультеті
Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық
сезімдерін дамыту.

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі п.ғ.д.,проф: Ғылыми
жетекшісі
Л.Керимов аға
оқытушы Худайбергенова Г
----------------------2009 ж
Орындаған Арысбаева Г
Хаттама №----------------
СПП-416 топ студенті
----------------------2009 ж

Түркістан – 2009
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Гуманитарлық-
педагогикалық сырттай оқыту факультетінің 050103 – Педагогика және
психология мамандығы бойынша бітіруші курс студенті Арысбаева Гулзияның
Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық сезімдерін
дамыту деген тақырыпта жазылған диплом жұмысына

ПІКІР

V-курс студенті Арысбаева Гулзияның диплом жұмысы тақырыпқа сай ғылыми
аппараты құрылған.
Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық сезімдерін
дамыту тақырыбындағы бірінші тарауда мектепке дейінгі балаларды
елжандылыққа тәрбиелеудің тарихи жүйесі сипатталып, елжандылық ұғымының
мәні ашылған. Сонымен қатар, қазақ ертегілерінің мектепке дейінгі
балалардың ерекшеліктеріне сай жіктемелері көрсетіліп, мектепке дейінгі
балалардың бойында елжандылық қасиетін қалыптастырудың теориялық моделі
ұсынылған.
Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық сезімдерін
дамыту тақырыбындағы екінші тарауда мектепке дейінгі балалардың қазақ
халық ертегілері негізінде елжандылыққа тәрбиелеудің бүгінгі жағдайы
мазмұндалған. Сондай-ақ тарауда мектепке дейінгі балалардың қазақ халық
ертегілері негізінде елжандылыққа тәрбиелеудің формалары мен әдістері
көрсетіліп, мектепке дейінгі балалардың қазақ халық ертегілері негізінде
елжандылық қасиеттерінің қалыптасуы тәжірибеде тексеріліп және нәтижесі
берілген.
Диплом жұмысы барысында зерттелген жұмыстардың нәтижелеріне тоқталып,
сабақта қазіргі заман ағымына орай жаңа үлгідегі қолданылатын жаңа
технология элементтеріне сай эстетикалық талғаммен дайындалған,
көрнекіліктерді пайдалана білді. Диплом жұмысының мазмұны тақырыпты аша
білген, көптеген әдебиеттерді қолданған.
Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі тұжырымдары мен ұсыныстары
сипатталған.
Диплом жұмысын Мемлекеттік аттестация комиссиясы алдында қорғауға
болады деп есептеймін.

Пікір беруші:
Ғылыми жетекші аға оқытушы: Худайбергенова Г

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...

І бөлім. Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде
елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері

1.1 Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық
сезімдеріне тәрбиелеудің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .

1.2. Халық ертегілері негізінде балаларды елжандылыққа тәрбиелеудің
педагогикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...

II бөлім. Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде
елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің әдістемесі

2.1 Мектепке дейінгі балалардың қазақ халық ертегілері негізінде
елжандылыққа тәрбиелеудің
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.2 Мектепке дейінгі балалардың қазақ халық ертегілері негізінде
елжандылыққа тәрбиелеудің
әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Зерттеу жұмысы Республиканың білім беру
жүйесінің мектепке дейінгі мекемелерде балалардың тәрбие мәселесіне, атап
айтқанда елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға мақсатталған.
Мектепке дейінгі мекеменің маңызы мен қызметі оның үзіліссіз білім
беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең
алдымен баланың қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды
қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Ұлттық мәдениетке, ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуде халқымыздың өзіне тән
әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері жазба мұралары, ауыз әдебиеті негізінде
жетілетіні белгілі. Олай болса, ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып келе жатқан жазба мұраларды, ауыз әдебиетін жинақтап зерделеудің,
оның тәлім-тәрбиелік мол тәжірибесі негізінде ұрпағымызды имандылық
идеялармен таныстыру қажеттігі арта түсуде. Ауыз әдебиетінің бір саласы
ертегілер. Ертегілер негізінен кіші балаларға арналған, әсіресе мектепке
дейінгі мекеме балаларын елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде
мүмкіндігі мол.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев “...қазақтардың қайталанбас этикалық,
психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан ғылыми дүние”
[1] деп, атап көрсетуі өте орынды. Өткенді зерттеу тарихи шындықты қалпына
келтіріп қайта жаңғырту - қазіргі уақыт талабы.
Себебі, елжандылық идеялары арқылы болашақ ел иелерінің рухани ішкі
дүниесіне белсенді ықпал етіп, олардың тұлғалық және сапалық, яғни
елжандылық қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі әсер етуге болады.
Адамзат дамуының философиялық, психологиялық заңдылықтарына сүйенсек, жеке
тұлғаның рухани дамуына жазба мұралар, ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлер және
мәдениеттің ықпалы туралы мағлұматтар сонау ерте заманнан бастау алады.
Бүгінгі таңда жастарды бір сөзбен айтқанда болашақ Қазақстан
Республикасының иелерін биік адамгершілік, әдептілік, елжандылыққа ерте
бастан баулып даярлау ісі бірыңғай педагогикалық мәселенің шеңберінен
шығып, халықтық, әлеуметтік сипатқа ие бола бастағаны күмәнсіз. Оның үстіне
ұлттар мен ұлыстар қазіргі кезде өз тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін
қалпына келтіріп, оны жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында пайдалануда игі
істер атқарып жатқанын айта кету керек.
Педагогикалық технология мектепке дейінгі сатыда баланың эмпирикалық
(көрнекі бейнелі және көрнекі әрекетін), ойлау түрлерінің деңгейі жоғары
болса, осыны тірек ете отырып қисынды ойлауын дамыту көзделеді.
Ұғымдар жүйесінде ойлаудың барлық түрлері қамтылатындықтан, білім
мазмұндағы эмпирикалық және ғылыми ұғымдардың арақатынасын дұрыс анықтап
жүйелеу оқушы ойлауының осы заңдылықтарын ескеру арқылы ғана жүзеге
асатынын атап көрсеткен жөн.
Білім мазмұнын, оның құрылымын анықтауда дамыта отырып оқытудың осы
айтылған үш ұстанымынан басқа мазмұнның интегративті сипатын қамтамасыз
ету, бала адамгершілігін, иманжүзділігін, эстетикалық талғамын,
экологиялық сауатты өмір сүру мәдениетін қоғам талабына сай ақпаратты
қабылдау және оны қолдану негізіндегі ұстанымдарды басшылыққа алады.
Мектепке дейінгі мекемеде дамыта оқыту технологиясын ертегілер
негізінде құрастыру ыңғайлы. Ол үшін біз, мектепке дейінгі сатыдағы
оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының мынадай құрамы анықтағанды дұрыс деп
таптық:
- дүние туралы (көркем, мифтік, т.б. түсініктер мен
байытылған дүниенің ғылыми бейнесі) ой-пікірлері;
- балалардың бойында қалыптасуы тиіс әрекет түрлері (ойын,
оқу, еңбек, қарым-қатынас);
- дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми)
туралы білім, біліктер, дағдылар.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру тәрбие
мен оқытудың үздіксіз үрдісі, ал оның негізгі мақсаты жоғарғы деңгейдегі
адамгершілік, мәдени даму және қоғам мүшелерінің кәсіби құзырлығы деп атап
көрсетілген .
Қазіргі таңда, мектепке дейінгі мекемеде халықтың мәдени, рухани
жазба мұрасының, ауыз әдебиетінің бір бөлігі ертегілер арқылы елжандылыққа
тәрбиелеу қажеттігі сұранысқа ие. Бұл мәселе Тіл дамыту, Музыка
сабақтары негізінде жүзеге асырылады. Дегенмен шектеулі жоспармен өтілетін
бұл сабақтарда халық ауызекі шығармашылығын және оның бір ғана бағыты -
ертегіні толығымен меңгертіп шығу мүмкін емес. Яғни, халықтың тұрмыс салты,
өмірге көзқарасы мен дүниетанымы, талап-тілектері, наным-сенімі, салт-
дәстүрлері, мінез-құлқы, үлгілі өнегесі сияқты білім негіздерін меңгерту
қиынға соғады.
Қазіргі кезде мемлекеттің сұранысына сай, баланы оқыту, тәрбиелеу
маңызды болып отыр. Ұлттық идеологияны сіңіру, бүгінгі әлеуметтік, саяси,
экономика саласында да өзекті. Өйткені қоғамның рухани өзегін ұстап тұру
үшін, болашақ ел иелерін рухани –жазба мұралар, ауыз әдебиеті арқылы
тәрбиелеу қажетсінуде. Бүгінгі мектепке дейінгі мекеме баласы, тәуелсіз
мемлекетіміздің туындысы, бірақ оларға әсер етушілер кешегі идеологияны
сіңірген адамдар жиынтығы екенін ұмытпағынымыз жөн.
Соның бір жолы ретінде мектепке дейінгі балаларды
елжандылыққа тәрбиелеу деп көрсетуге болады. Бұл міндеттер Қазақстан
Республикасының 11 маусым 1999 Білім туралы заңында да белгіленген,
біріншіден тұлғаның физикалық, шығармашылық, рухани-имандылық
мүмкіндіктерін дамыту ...екіншіден азаматтық және патриоттық тәрбие беру,
яғни өз елін, Отанын сүюге, мемлекеттік рәміздерін, салт-дәстүрін
құрметтеуге үйрету, үшіншіден өз міндеттері мен құқықтарын сезіне отырып,
қоғамның мәдени, қоғамдық, экономикалық, саяси өміріне қатысу .
Педагогикалық үдерістегі оқу-тәрбие барысында адамгершілікке тәрбиелеудің
тұжырымды ұсыныстары және оның мақсат, міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері,
құрамдары, формалары айқындалған. Әрине,бұл қоғам сұраныстары мен
өзгерістері байланысты түзетіліп, кіріктіріліп отырды. Ал мемлекеттің біз
қарастырып отырған тәрбие бағыты кенжелеп келгендіктен, оның толықтай
технологиялары айқындалмаған. Сол себептен де, алдыңғы тәжірбиелерге
сүйене отырып, елжандылыққа тәрбиелеудің тұжырымдамалары, ұсыныстары,
мазмұны, әдіс-тәсілдері, құрамы, формалары баланың жас ерекшелігіне сай
құрастырылып, зерттелуі керек.
Ертегі ауыз әдебиетіндегі шығармашылық жанр болып табылады.

Ертегіні оқытып - білу балалардың эстетикалық талғамын, құндылықтарын
қалыптастырумен қатар, эмоциялык, сезімін және адами ізгі қасиеттерін
жетілдіре отырып, елжандылыққа тәрбиелейді.
Бұл тұрғыдан алғанда халықтың ауызекі шығармашылығының
мүмкіндіктерін бала тәрбиесінде пайдалануды тек бүгінгі күннің мәселесі деп
қарауға болмайды. Ол қай кезеңдерде болмасын педагогика ғылымының зерттеу
объектісінің өзекті мәселесі болған. Оның өнегелі үлгілерін өскелең ұрпақ
тәрбиесінде пайдалану қажеттігін кезінде көптеген алыс, жақын шетел
педагогтары Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Н.А.Добролюбов,
КГ.Белинский, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко т.б. өзіндік ой-пікірлерін
айтып, мәселенің теориясын дамытуға үлес қосқан.
Сонымен қатар "Күлтегін", "Білге қаған", "Тоныкөк" дастандардың
имандылық идеяларына қосатын үлесі мол. Халықтың кемеңгер ойшылдары Қорқыт
ата, әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Махмут Қашқари, Ахмет Иүгнеки,
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, т.б. шығармалары және ағартушылар Ш .Уалиханов,
Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов т.б. еңбектері
елжандылық идеясының қалыптасуының алғышарты болады десек қателеспейміз.
Жазба әдебиеті негізінде жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудің
мазмұнын Қазақстан ғалымдарының ішінде С.Қалиев, С.Ұзақбаева, М. Балтабаев,
К.Қожахметова, Ж.Наурызбай, Р.Төлеубекова, К.Бөлеев, А.Мухамбаева,
Е.Сағындықов, А.Мағауова, Г.Бахтиярова, Б.Мұқанова, т.б. зерттеулерінде әр
аспектіде қарастырған.
Сондай-ақ, халықтың ауыз екі шығармашылығын философтар, тарихшылар,
этнографтар, өнертанушылардың еңбектерінде де М .0. Әуезов, Ә.Марғұлан,
М.Мағауин, А.Жұбанов, Б.Қазыханова т.б. көрнекті орын алған.
Жоғарыдағы ғалымдардың зерттеу еңбектеріне жасаған талдау олардың өз
зерттеу аймақтарына қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын
көрсетеді. Сондай-ақ, қарастырылып отырған мектепке дейінгі мекемеде қазақ
халық ертегілері арқылы елжандылыққа тәрбиелеу мәселесінің арнайы зерттеу
көзі болмағанына көз жеткіздік. Мектепке дейінгі мекеменің бағдарламалары
мен оқулықтарын зерттеп білу де, оқу-тәрбие үдерісіне жасаған талдау да бұл
мәселеге аса назар аударылмағандығын көрсетеді. Яғни, балалардың ұлттық
жазба мұралар, ауызекі шығармалар арқылы имандылық қасиеттерін
қалыптастыруға қоғамның сұранысы мен мәселенің мектептегі қазіргі жағдайы
арасында; қазақ халық ертегілерінің тағылымдық мүмкіндіктері мен оларды
педагогикалық процесс барысында мектепке дейінгі мекемеде балаларды
елжандылыққа тәрбиелеу мақсатты жүйелі түрде пайдаланбау арасында; мектепке
дейінгі балалардың халық ертегілерін оқып білуі мен оларды елжандылыққа
тәрбиелеудің қажеттігі мен бұл салада арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік
нұсқаулардың болмауы арасында қарама-қайшылық бар екендігін анық
байқатады. Осы қарама-қайшылықтың тиімді шешімін іздестіру біздің зерттеу
мәселемізді айқындауға және Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы
елжандылық сезімдерін дамыту деп тақырып таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу нысаны:мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық
сезімдерін дамыту .
Зерттеу мақсаты: қазақ халық ертегілері арқылы елжандылыққа
тәрбиелеуді теориялық тұрғыда негіздеу және тәрбиелік- білім беру
үдерісінде қолданудың әдістемесін жасау, елжандылық қасиеттерінің
қалыптасуын тәжірибеде тексеріп, нәтижесін көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1. “Елжандылық ұғымына ғылыми-педагогикалық анықтама беру;
2. Қазақ халық ертегілерінің негізінде мектепке дейінгі балаларды
ертегілер арқылы елжандылыққа тәрбиелеуді педагогикалық тұрғыдан
негіздеу;
3. Мектепке дейінгі балаларды ертегілер арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің
жолдары.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялык,,
психологиялык, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау
жасау;тәрбиешілердің озық тәжірибесін оқып-үйрену, жинақтап қорыту,
бакылау, ертеңгіліктер ұйымдастыру.
Зерттеудің базасы: Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Оңтүстік Қазақстан
облысы, Түркістан қаласының № 31 Абай атындағы мектеп бала бақшасында
өткізілді.
Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
1. “елжандылық”, елжандылық қасиеттері ұғымдарының өзара байланысы
теориялық тұрғыда негізделді;
2. Мектепке дейінгі балалардың бойында ертегілер негізінде елжандылыққа
тәрбиелеудің мазмұны мен өзіндік ерекшелігі анықталып, механизмі жасалды;
3. Қазақ халық ертегілерінің мектепке дейінгі балалардың бойында ертегілер
негізінде елжандылыққа тәрбиелеудегі мүмкіндіктері айқындалды;
4. Қазақ халық ертегілері негізінде мектепке дейінгі балалардың бойында
елжандылық қасиеттерді қалыптастырудың моделі жасалды және оны жүзеге
асырудың педагогикалық мүмкіндіктері айқындалды;
5. Мектепке дейінгі балалардың бойында ертегілер негізінде елжандылық
қасиеттерін қалыптастыруға байланысты қажетті ғылыми әдістемелік нұсқаулар
жасалып, сынақтан өткізілді.
Зерттеудің практикалық мәні:
1. Мектепке дейінгі балалардың қазақ халық ертегілеріне қызығушылықтарының
артуы барысында, елжандылыққа тәрбиелеудің диагностикалық, деңгейінің
әдістемесі;
2. Мектепке дейінгі балалардың бойында елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған
Шамшырақ тәрбие орталығын құру, бағдарламасын ұсыну;
3. Бала бақша тәрбиешілеріне арналған “Қиял-ғажайып мекеніне саяхат” іс-
шаралар жоспары;
4. Тәрбие іс-шараларын өткізуге байланысты әдістемелік нұсқаулар жасалды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Ертегілер негізінде елжандылыққа тәрбиелеудің мазмұны мен елжандылық
қасиеттерін қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген
теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады: жағымды
эмоциялық, көзқарас (ертегіге әуестік) - мазмұнды эмоциялы көзқарас
(ертегімен әуестенуі) тұрақты танымдық-қызығушылық (ертегіге).
2. Қазақ халық ертегілері негізінде мектепке дейінгі балалардың бойында
елжандылық қасиеттерді қалыптастырудың моделі және оны жүзеге асырудың
педагогикалық шарттары.
3. мектепке дейінгі балалардың бойында қазақ халық ертегілеріне
қызығушылықтарының артуы барысында, елжандылыққа тәрбиелеудің
диагностикалық, деңгейінің әдістемесі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындылар мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, объектісі, пәні,
міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен ғылыми аппараты
сипатталды.
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде
елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері
тақырыбындағы бірінші бөлімде мектепке дейінгі балаларды елжандылыққа
тәрбиелеудің тарихи жүйесі сипатталып, елжандылық ұғымының мәні ашылды.
Сонымен қатар, қазақ ертегілерінің мектепке дейінгі балалардың
ерекшеліктеріне сай жіктемелері көрсетіліп, мектепке дейінгі балалардың
бойында елжандылық қасиетін қалыптастырудың теориялық негіздері ұсынылды.
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық
сезімдеріне тәрбиелеудің әдістемесі тақырыбындағы екінші бөлімде мектепке
дейінгі балалардың бойында қазақ халық ертегілері негізінде елжандылыққа
тәрбиелеудің бүгінгі жағдайы мазмұндалды. Сондай-ақ бөлімде мектепке
дейінгі балалардың бойында қазақ халық ертегілері негізінде елжандылыққа
халық ертегілері негізінде елжандылық қасиеттерінің қалыптасуы тәжірибеде
ертеңгіліктер арқылы жүргізілді.
Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі тұжырымдары мен ұсыныстары сипатталды.

І бөлім. Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері
негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық
негіздері

1.1 Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде
елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің теориялық негіздері.

Балаларды, әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларды елжандылыққа
тәрбиелеудің тиімді жолы, құралдарының бірі де ертегілер. Ертегілерде
белгілі бір халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері,
адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлық ережелері, бақыт үшін
күрестері, өздеріне тән жақсы қасиеттері: еңбек сүйгіштігі, адалдық, өз
халқына, Отанға, туып-өскен жеріне, табиғатқа, ата-анасына, туған-
туыстарына және т.б. деген сүйіспеншілігі бейнеленіп, әділ шешімі
көрсетіледі. Мектеп жасына дейінгі балаларды елжандылыққа тәрбиелеу
мәселесін, алдымен берілетін білім мазмұнына тоқтала отырып талдау керек
деп ойлаймыз.
Әрине, бір тұжырымдамада дамыта оқыту идеясының барлық аспектілерін
ашып, дәлелдеу, нақтылап, талдау мүмкін емес. Бұны білім беру жүйесін
жетілдіру шараларына әлеуметтік түрғыдан қарап, халықтың рухани байлығын
арттыруға себеп болатын негізгі проблема деп қарастырған дұрыс.
Білім беру ісі қай кезде болсын ұлы ғалымдардың, ойшылдардың, философ,
педагог, психологтардың ерекше назарында болған. Мысалға, педагогиканың
тарихына үңілсек ХҮІ ғасыр мен ХҮІІ ғасырдың аралығында чех халқының ұлы
педагогы Ян Амос Коменский Ұлы дидактика, Әлемді суреттеп бейнелеу,
Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары, Жастарға арналған мінез-құлық
ережелері деген еңбектерінде балаларға жаппай білім берудің мазмұнын,
оқытуды ұйымдастырудың ережелері мен қағидаларын, әдістері мен формалары
туралы ой- пікірін білдіріп, тұжырымдаған.
Ал, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейдегі педагогика ғылымының және
орыс халық мектебінің негізін қалаушы К.Д.Ушинский Балалар әлемі, Ана
тілі, Педагогикалық антропология еңбектері негізінде балалар мен
тәрбиешілерге арналған оқулықтар шығарып, білім көлемін өзіндік тұрғыдан
таңдаған.
Л.Н.Толстой болса, К.Д.Ушинскийдің теориясы мен жүйесін қолдай отырып,
бастауыш білім берудің әдістемесін ұсынған. Л.Н.Толстой өзінің Азбука,
Жаңа азбука оқулықтары арқылы бастауыш мектеп оқулықтарының қандай болуы
керектігіне кеңестер берген.
Қазақстанның педагогика тарихында Ыбырай Алтынсариннің орны ерекше, ол
қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып,
алғашқы білімнің мазмұнын анықтаған және қазақ жастарына білімнің есігін
ашқан ағартушы-педагог.
Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып калыптасып, өркендеп гүлденуі
ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары - ана
тілі, ұлттық рух, діни наным-сенімдермен тығыз байланысты. Ұлттық "мен"
дегізерлік қасиеттерді сақтап қалудың кепілі - әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен
"Атамекен" деген киелі атқа ие туған жер. Бұлар - қазақтардың ұлттық менің
қайнар көзі, таусылмас бұлағы. Қай заманда, қай дәуірді алып қарасақ та,
біртұтас халықтың, ұлттық ерлігі не жеке қаһармандардың батырлык істеріне
осылар қозғаушы күш болып отырған
Патриотизмнің мәнін ашу барысында ең алдымен осы патриотизм идеяларының
ерте замандарда туып қалыптасқаны мен ол туралы сөздіктер,
энциклопедияларда берілген анықтамаларды және зерттеушілер мен ақын
жазушылардың еңбектерін қарастыра кеткен жөн.
Бүгінгі күнге дейін сақталып, Егемен мемлекетке ие болу дәрежесіне
дейін көтеріліп отырған қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау
Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастан жерін, елін, тілін, дінін
қорғаудағы өшпес ерліктерге толы Күлтегін жазбасында:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым...
Түркі иелігінен айырылған халықты
Ата-баба мекеніне орнатты...
Жазбадан патриотизмнің халықты көбейтіп, байыту үшін еңбек ету, ата-
баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, дін бірлігін қорғау
екекдігін аңғарамыз. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей
патшалығының зеңбірегіне қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы
патриотизмнің қуатты күші.
Қазақ халқы — рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың
күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы - сырнайының үні, асқақтата салған әсем
әні, ғашықтық жырлары, шешендік саз, айтыс өлендері мен бостандық үшін жері
мен елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандары ғасырлар бойы
өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат
етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.. Олай болса,
тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің болашак отансүйгіш ұрпағын
тәрбиелеуде олардың бойына ізеттілік, қайырымдылык, кішіпейілділік,
әдептілік, елін, жерін, отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны
мен жанына сіңіруде осы ата-бабамыздың салт-дәстүрін негізге ұстансақ, өте
ұтымды болар еді.
Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадір касиет
тұтуды ұлы дала ойшылдары Қорқыт ата. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмүд
Қашқари, т.б. айтқан болатын.
Ықылым заманнан бізге жеткен "Қорқыт ата кітабында" тәлімдік мәні
күшті, қанатты сөздер мен ұстаздык ұлағаттар көптеп кездеседі. Мысалы:
"Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай "білмеген қорқаққа қылыш сермеп,
күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп
түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана
құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып. өзінің тегін қуған
балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды. өтірікші болғаннан жарық
көріп, өмір сүрмеген көп артық"- деген екен. Бұл өсиет сөздерден ақыл-
парасат, өтірік айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар мен шығарманың өн
бойынан ұлы даланың байтақтығын, әдемілігін көреміз, бұл әр түріктің
бойында осы далада туғаны үшін мақтаныш сезімін тудырса керек.
Әл-Фараби өзінің "Азаматтық саясат", "Поэзия өнері туралы", "Бақытқа
жол сілтеу", "Риторика", "Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері" атты
трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелермен бірге көркемдік, сұлулық,
мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, олардың негізін дәлелдеп
берген . Сонымен бірге Әл-Фарабидің отанына деген сүйіспеншілігін сағынышын
мына бір өлеңінен байқаймыз:
Кеткенім жоқ, елім сенен,
Атақ, бақыт, тақ іздеп,
Шықтым жалғыз, жұртым шалғай,
Ғылым атты шам іздеп.
Ақтадым мен ақ сүтіңді,
Келгенінше шамамның.
Ассамдағы сексен жастан,
Сәбиіңмін, балаңмын ...
Айналайын, атам қыпшақ,
Туған жерді сағындым.
Өз атыңа, құрметіңе,
Қайда жүрсем табындым!

Ж.Баласағұни ата-ананың ең басты парызы — баланы өткенге парасатпен,
терең сезім құрметпен қарауға тәрбиелеп, ата-баба әруағын
ардақтауға, салт-дәстүр сияқты киелі нәрселерді құрметтеуге, отбасылық,
қоғамдық дәстүрлерді түсіну сезіміне баулу екенімен бірге: Ақылды - ұлы,
біл, білімді - білікті,
Қонса екеуі, ұлы етер жігітті...
"Ақыл пайда болса, ұлылық толады",
Білім кімде, сол білікті болады.
Ақылды ұғар, білімділер біледі,
Түгел болар білімді, есті тілегі ... деп оқу-білімді өсиет еткен .
Оның білімді болсаң ғана өз еліңе, жеріңе, қала берді өз ошағыңа пайдаң
тиеді, оларды сыртқы жаудан қорғай аласың деген өсиеттері бүгінгі ұрпақ
тәрбиесімен де ұштасып жатқанын байқаймыз.
М.Қашқаридің - "Отан дәстүр мен ұлттық мәдениеттен тұрады, Отаннан
күдер үзу болғанмен, дәстүр-салтты аттап кетуге жол жоқ" – деген мақала
ұлттық дәстүр мен ұлттық мәдениетті аңғартады . Сонымен қатар: - Жау қамалы
алынды,
Қызыл байрақ қағылды,
Дұшпан шөптей шабылды,
Құтылмайды қашса да,
Талқандадым ерлерін,
Қансыратты шеңгелім,
Алтындардан теңдедім,
Бізден отер жау бар ма? - деп, ерлік жасауға үлгі болған ата-
бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы күресін, батырлардың қуат-күшін,
майдан даласындағы шайқастарын, олардың соғыс өнеріне жетік екенін
көрсетеді.
Қазақ даласында өсіп-өнген ақын-жыраулар халыққа өнегелі сездерімен
ықпал етіп, оларды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды.
Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі
болып, жорықтарға бірге аттанды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды
майдан көрністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды
жоқтап, ел қайғысын бөлісті .
Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халыктың береке бірлігін, ат жалын тартып
мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы өз Отанын жаудан қорғау
екендігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан
көре аламыз.
Бұқар жырау: Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы — деген екен .
Қазақ даласының айбынды ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы қазақ
шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып,қара халықты бақытқа жеткізуді
өмір бойы армандап өтксн. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың
ерлігін, олардың адамгершілік қасиеттерін жыр етеді.
Өз халқына, ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларынан да көруге болады.
Қазақ тарихын түңғыш зерттеуші ғалым Ш.Уәлиханов өзінің патриоттық
сезімін: "Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір
сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз
отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ. ел-жұртым,
руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын
қадірлеймін - деген екен . Қазақта ең алғаш қазақ батырлары үшін халық
мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып,
оқулык жазған Ы.Алтынсарин болды . Ол көшпенді елдің баласына дүнияуи ғылым-
білім, өнер үйретуді армандады.
Абай Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ балаларды ерлік
рухта, елжандылыққа баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін
тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның "Адамзаттың бәрін сүй бауырым -
деп" деген сөзі, барша жұршылықты жауласу, күш көрсету дегенді білместен,
тек тату-тәтті өмір сүруге шақырады.
Қарап отырсақ, қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен
ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек
бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпау, оқу білімге уағыздау
адамгершілік, адал шыншыл, өз Отанының патриоты болуға үндегенін байқаймыз.
Бүл бүгігі Қазақстанның, Ел басымыз Н.Назарбаевтың "әр этностың ұлттық
сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау" деген бағытымен
үндесіп жатыр .
Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда
қайраткерлері А.Байтүрсынов , М.Дулатов , М.Жұмабаев , С.Торайғыров,
Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов , М.Шоқай т.б. еңбектерінен де кездестіреміз.
А-Байтұрсынов:
- Қазағым елім!
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзінді оянып ... - десе, М.Дулатов: - "Көзіңді аш, оян, қазақ,
көтер басты" — дейді. Ал С.Торайғыров:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам? — деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа
талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.
Алаштың осы біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға
тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз
иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр.
Кеңес заманында әскери-патриоттық тәрбиенің маңызы қатаң идеологиялық,
саяси бағыттарды ұстанды. Еліміз бен партия бейбіт революциялық идеяны
ұстана отырып, барлық елдердегі коммунистік қозғалыстарды қолдап, қуаттап
отырды. Жалпы 20-шы жылдардағы ғылыми педагогикалық еңбектердің
творчсстволық ізденіс үстінде болғаны байқалады.
Бұл кезеңде белгілі педагогтар А.ВЛуначарский, Н.К.Крупская ,
А.С.Макаренко , М.И.Калинин , С.Т.Шацский т.б. әскери-патриоттық тәрбиенің
мәселесіне, жас ұрпақты өз Отанын қорғау ісіне дайындауға аса көңіл бөлді.
Н.К.Крупскаяның еңбектерінде елжандылыққа тәрбиелеу мәселесі ақыл-ой,
еңбек, адамгершілік және дене тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырылып,
совет балалары, совет халқы тек бейбітшілікті жақтайды деген пікірде
болған.
А.В.Луначарскидің ой пікірі де осы бағытта болып, ол педагогика
ғылымының дамуына, оқушы жастарды советтік патриотизм рухында тәрбиелеуге
көп үлес қосты.
М.И.Калинин жас ұрпақты өткен ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрлері
арқылы тәрбиелеу патриотизмге тәрбиелеудің ең негізгі факторларының бірі
деп санаған. Ол: "Советтік патриотизм халықтың өткені мен тарихымен
байланысты үзбеуі керек. Ол сол халықтың мақтаныштары, ерлік істерімен
толықтырылып отыруы қажет" - деген ойлары бүгінгі күні де өз мағынасын жоя
қойған жоқ деген ойдамыз. Өйткені тарихты, өткенімізді біліп, соны қадір-
қасиет тұтпай тұрып біз ешқандайда Отаншылдык сезім тәрбиелей алмаймыз.
А.С.Макаренконың пайымдауынша жасөспірімдердің бойында патриоттық тәрбие
рух пен дінді жойған кезде және тек ұжым арқылы ғана қалыптасады деген.
Бірақ бұл ойлардың жаңсақ екені ұлттық рух болмаса, діни наным-сенім
болмаса, адамзат бойында отанға деген сүйіспеншілік сезімнің болуы да
күмәнді нәрсе екені қазіргі кезде байқалуда.
Ал, енді осы елжандылық қасиеттерін ертегілер негізінде мектепке
дейінгі мекемелерде балалардың бойына сіңіру мәселесіне мән берсек,
алдыңғы қатарлы орыс педагогтары барлық уақытта халық ертегілері тәрбие
және білім беруде маңызды атқарғанына тоқталып, педагогикалық үдерісте
кеңінен қолдану қажетті деп санаған. Мысалы, К.Д.Ушинскийдің орыс халық
ертегілерін халықтық педагогикасының алғашқы құнды бөлігі деп сипаттаған.
Ол ертегілерге халық педагогикасының ескерткіштерідей келе, өмірде көп
нәрселер халық педагогикасымен теңесе алмайды деген. Ертегі көркем әдебиет
шығармасы болғанымен, білім салаларының теориялары айқын көрініс береді.
Яғни, ертегілер — халық педагогикасының қайнар көзі болып табылады.
Ертек – ол сиқырлы фантастикалық күштердің қалыптасуымен ойдан
шығарылған адамдар және құбылыстар жайлы және көбінесе халықтың поэтикалық
шығармасы.
Демек, барлық елдің ертегілеріне тән – ол ертегінің ойдан
шығарылғандығы. Дәл осы ғажайып ерекшелігі ертегіні ирреалды ауыз
беллетристикасы деп анықтатқызды. Бірақ ертегінің ирреалды фантастикалық
шынайлықпен шарттылығы жоққа шығарып қана қоймай шынайлыққа бет бұрып, оған
әсер етуге тырысады. Сондықтан ертек өмірімен тығыз байланысты. Осыдан
ертегінің тәрбиелік функциясы шығады, жақсылық, әділеттілік, ақиқаттын
пропагандасы шығады. Баланың тұлға ретінде қалыптасуында ертегінің ролі
маңызды, ертек өзінің танымдық функциясын баланың интеллектісіне шабуылшы
процесс ретінде емес, ол эмоционалды - сезімдік құрлымы арқылы жүреді.
Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзінде
шығуы 19 ғасырдың екінші жартысынан басталады деуге болады. Бұл ретте
Ш.Уәлиханов , Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваев т.б. ғалымдардың айрықша
еңбек сіңіргендігін айта кетуіміз керек. Сол сияқты А.Алекторов,
А.Васильев, Н.Пантусов, Б.Дауылбаев, Т.Сейфуллин, О.Әлжанов, Ж.Айманов,
М.Ибрагимов және т.б. зерттеушілер қазақ халқының ертегілерін жинап, сол
кездегі баспасөз беттерінде үзбей жариялап тұрды деп көрсеткен зерттеуші
Қазыбекова Г.Қ [79].
А.Васильев қазақ ертегілерін жинауды 1890 жылдары бастады. Ол көбінесе
ертегілерді Торғай облысында тұратын қазақтардан жазып алады. Кейін қызмет
бабында ел аралаған кезінде көптеген ертегілерді қағазға түсіріп отырған.
Соларды жинақтай келіп 1898 жылы жарық көрген Образцы киргизской народной
словесности деп аталатын кітабына тек қана қазақ ертегілерін кіргізген.
А.Васильев 1906 жылы Ы.Алтынсаринның Қазақ хрестоматиясынан қайта
шығарған кезде ағартушының өзі қалдырып кеткен жазбалардан деп Қара
батыр, Алтын Айдар, Тазша бала ертегілерін қосқан. Бұл нұсқалардың
соңғы екеуі Васильевтің 1898 жылғы өз кітабынан алынған үлгілер болады.
Сөйтіп жинаушы барлығы 23 ертегі жазып алып, жариялағаны белгілі болып
отыр. Қазірде осы үлгілердің 13-і қазақ ертегілері жинағына кіріп, рухани
айналымға қосылған.
А.Васильев жариялаған ертегілерді жинау әдісіндегі кемшілік – олардың
кімнен, қай жерде жазып алынғанын көрсетілмеген. Сол себепті айтылмыш
ертегілерді айтушыларды анықтау, нұсқалардың таралу аймағын белгілеу қиынға
түсіп отыр. Дегенімен, мұның өзі Васильев жариялаған ертегі нұсқаларының
бағасын кеміт алмаса керек. Бұл үлгілер көптомдық Ертегілер жинағына
енген 372 қазақ ертегісінің сапында ұлттық рухани дүниеміздің алтын қорын
құрап отыр .
Ертегілер арқылы балалардың адамгершілік және елжандылық тәлім
тәрбиесінің дамуына ықпал жасады. Баланы мұратқа жеңіске, жетістікке жету
жолында белсенділікке, әділеттілікке, әрекеттілікке үйретеді. Өмірде
кездесетін жайттардың, яғни жақсылық пен жамандықтың, мейірімділік пен
қатыгездіктің, шындық пен өтіріктін, әділіттілік пен әділетсіздіктің,
әдемілік пен ұсқынсыздықтың, еңбекқорлық пен жалқаулықтың және т.б. ара
жігін ажыратып, түйсіне білуге, бағалай алуға жол ашады.
Ертегі – тәрбие құралы. Қазақ халқының өз ұрпағын жақсыдан үйреніп,
жаманнан жирендіретін, балалар қызыға оқып, сүйіп тыңдайтын ертегілері
мол.
Қазақ ертегілері не үшін қажет екенін әдебиет зерттеуші ғалым
А.Байтұрсынов: Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, кезектігіне қарай
жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:
1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі
тіл жағынан керек нәрсе.
2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор
керегі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.
3. Бұрынғылардың сана-саңлау, қалпы-салты жағынан дерек берумен
керегі бар нәрсе - деп айтқан болатын.
Қазақ халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке
үйретеді. Жамандықтан, құлықтан, өтіріктен, зұлымдылықтан аулақ болуға
тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді .
Қай елдің ауызша шығармаларын алсақ та, барлығында ертегі халықтық
шығармалардың мол саласы екенін көреміз. Сол барлық елдер фольклорында
ертегі деген атау әрі саны мол, әрі алуаны көп шығармалардың тобына
арналған жыйнақты атауға болады. Жалпы барлық ертегілерге ортақ ерекшелік:
бұлар қара сөзбен айтылытын оқиғалы, көркем мәнін. Ертегілер негізінде
шаруа кәсіппен, қоғамдық құрылыс тартыстармен, тарихпен байланысты боп
келеді. Осы аталған қызығықты әңгіменің бәрі-бәрі де ертегінің түрлеріне
қосылады.
Белинский былай деген халық шығармасы Халық жанының айнасы.
Добролюбов та ертегілер жайлы сөз қылғанда ең алдымен, сол ертегілердің
халық ортасында сақталу, айтылу жағдайларын сипаттау керек дейді. Сонымен
қатар ертегіге халықтың өзінің қандай екенін ашуды шарт етеді. Добролюбов:
Ертегі бізге ең алдымен халықтың мінездейтін материал есебінде қажет
деген.
Қазақ ертегілерінің жеке түрлерін тексеруден бұрын бұл уақытқа шейін
сол қазақ ертегісін зерттеуде істелген еңбектер жайын қысқаша шолып өту
қажет. Жалпы алғанда қазақ ертегілері, негізінде орыс оқымыстыларының
еңбегімен жиналып зерттелініп басталынған. Бұл жай, әсіресе 19 ғасырдағы
және 20 ғасыр басындағы, революциядан бұрынғы жайларды еске алсақ айқын
көрінеді.
Қазақ ертегісін зерттеу жұмысының басы сол ертегілерді жинап
жариялаудан басталады. Бұл жөнінде бір топ зерттеушілер қазақ ертегілерін
қазақ айтушылардың ауызынан қазақша жазып алып, жинап бастырған. Ал тағы
бір топ зерттеушілер қазақ ертегілерін орысшаға аударып, орыс тілінде
жариялайды. Бұл салада еңбек еткендер В.В.Радлов, А.Диваев сияқты кісілер.
Екінші түрде орыс тілінде қазақ ертегілерін, аңыздарын мол жариялаған
адамдар -А.Алекторов, Г.Н.Потанин, А.Диваев және басқа бір неше жинаушылар
бар. Орыс тіліне аударып, қазақ ертегілерін, аңыздарын көп таратқан
бірталай баспа орындары да бар: Шоқан қазақ ертегілерінің көпшілігінде
Афанасьев жариялаған орыс ертгісіне ұқсас әңгімелер көп екенін айтады. Бұл
пікірді Алекторов да қостайды. Ол қазақ ертегілерінің көбінде Солтүстік
елдер ертегісімен ұқсастық бар екенін айтады.
Қазақ ертегісінің, өзге халықтық ауыз әдебиет үлгілеріндей, ең мол
жайылып, ретті түрде жазылып, топталып зерттелуі және жариялану кезі Ұлы
Қазан төңкерістен кейін ерекше дами түсті.
М.О.Әуезов қазақ халық ертегілерін үш үлкен дәуірге бөледі .
Бірінші дәуірі - есте жоқ ескі замандардан басталып, өткен ғасырдың
60 – шы жылдарына дейін созылған Қазақстандағы, феодализм дәуірімен
байланысты ертегілер болады. Екінші топ ертегілер 60 - шы жылдарғы
Россиядан және Қазақстанда болған реформалардан соңғы тарихи дәуірдің
шаруашылық – қоғамдық, тарихтық ерекшеліктерімен байланысты болған
ертегілер тобы. Үшінші топ социализм дәуірінің ертегілері.
Ертегінің мағынасында екі элемент сақталынған: фантазия және ақиқат.
Осы негізінде ертегінің классификациясы туындайды. Шартты түрде –
жануарларға арналған ертегілер, ерекше және ғажайып ертегілер, оқиғалық
және әлеуметтік–тұрмыстық ертегілер, сатирикалық ертегілер, анекдот
ертегілері және т.б. . Типологияның бастамасы И.И.Срезневский орыс
фольклористикадан шыққан. Ол ертегіні мифтік, болмаған және фантастикалық–
юморлы деп бөлінген. Бірақ бұл топтаманы осы саладағы зерттеушілер толықтап
өзгертті.
Тұрмыстық жағдайда ертегінің п.б. және іске асуы халықтын еңбектік
іс–әрекетімен, жергілікті тұрмысы мен және сол жердің табиғаты мен
байланысты. Сондықтан ұлттық немесе аймақтық тиістілік халық ертегінің
мазмұны мен дидактикасына әсер етеді.
Көп деген ертегілер жинағы ұлттық–географиялық принципі бойынша
құрылу фактін анықтайды. Осы мағынада ертегінің дәстүрлі құрылымдық
жинақтары көркемдік өлке танумен ұлттық мәдениетімен немесе этноспен
таныстырудың ғажайып құралы.
Нартов К.М. жанрлық–мазмұндық принципі бойынша ертегілерді топтастыруға
тырысты:
1. Жануарлар туралы ертегілер. Ұлттық поэзия бүкіл әлемді құшағына
алды, оның объектісі тек адамға ғана тән емес планетаның бүкіл тірі
мен тірі емес заттарда кіреді.
2. Сиқырлы ертегілер. Сиқырлы ертегінің басқа ертегілерден бөлу өте
күрделі: өйткені ойдан шығарылған және ғажайып ертегілердің
көбісінде кездеседі.
3. Тұрмыстық ертегілер. Тұрмыстық ертегінің сипаты ол күнделікті
өмірдің сүреттелінуі. Тұрмыстық ертегінің конфликті келесіде:
парасаттылық, шыншылдық, мейрімділік, адамгершілік адамның жағымсыз
қасиеттеріне қарсы турады. Олар қызғаныш, сарандық, кекшілдік,
жалғандылық.
Тұрмыстық ертегілердің бірнеше түрлері бар: әлеуметтік – тұрмыстық,
сатирикалық, новелистикалық және т.б.
Ертегілерді біріктіретін негізгісі – ол оның өнегелі анықталуы және
әлемнің барлық еретгілері жақсылық жақта және жамандылықпен күреседі.
Ертегі – ұжымдық, фольклорлы сананың нәтижесі. Ертегінің сәтті аяқталуы
– ол ертектегі басты кейіпкердің барлық іс–әрекет негізін құрайтын
гуманистикалық оптимизм.
Қазақ фольклористері батырлық ертегі жанры бөліп алып, оны қиял–ғажайып
ертегі мен новеллалық ертегінің, сондай–ақ қиял–ғажайып ертегі мен
қаһармандық эпостың аралығындағы жанр деген пікірге келді .
Қазақтың батырлық ертегілері екі сипатта болады. Бірі – көне заманда
миф пен хикаялар, нанымдар мен ғажайып ертегілер негізінде пайда болған
дамыған көркем ертегілер. Мысалы Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай
сияқты классикалық фольклор үлгілері. Бұлар қиял–ғажайып ертегілерінен
кейінгі жанрдың үлгілері. Сол себепті мұнда архаикалық элементтері көп.
Екіншісі – қаһармандық эпостың ертегі түрінде айтылған нұсқалары. Олардың
ішінен бір жағынан көне түрлері, яғни жырға жақындайды. Бірақ толық
ертегіге айналып үлгермеген шығармалар бар. Ал екінші жағынан классикалық
батырлар жырының қара сөзге ауысқан үлгілері де кездеседі.
Сонымен қатар көне заманның фольклорының нұсқасы болып саналатын
адамның айдаһармен, жезтырнақпен, албастымен тағыда басқа сондай
мақұлықтармен кездесуі жайлы хикаялар бар. Сондықтан қазақ фольклотистикасы
оларды топтап, хикая жанры деп атайды. Олардың саны көп емес.
Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін
ертегілердің ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні
зор. Қазақ ертегілері сан алуан. Табылдиев Ә. олардың саны төрт мынға жуық
деп айтып кеткен және ертегілердің классификациясын ұсынған еді. Олар:
хайуанаттар туралы ертегілер, қиялғажайып ертегілер, тұрмыс салтқа
байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер.
Хайуанаттар туралы ертегілер көне заманда елдің және аңдардың, малдың
киесі бар деген сенім қалыптасқан кезде пайда болған . Ол дами келе,
тыңдаушыны қуанты, қөңілдендіретін ертегілермен толысты. Қазіргі
хайуанаттар туралы ертегілерде космосқа ұшып жүрген хайуанаттар мен төрт
түлікті көреміз. Хайуанаттар туралы ертегілер қазақ философиясында өте
жақсы қарастырылған.
Ертегілердің ішіндегі баланың қиялын шарықтатып, балалық шақтың
болашағын елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі
ертегілер – қиял ғажайып ертегілері.
Тұрмыс салтқа байланысты ертегілер халықтын тарихи талаптарына
байланысты туған. Онда бай баласымен жарлы баласының таптық айырмашылықтаы
сөз болады, ақылды кедей мен сараң бай болады, қанатсыз саудагер, ақымақ
хан мен данышпан шаруаның іс–әрекеттері мінез–құлықтары сүреттелінеді.
Ертегілер–ұлттық даналыққа, арманға, сенімге, үмітке толы. Ертегілерде
жалпы және ұлттықта бар. Адам барлық жерде адам болып қала береді, ол еңбек
етеді, балаларын өсіреді, үміт артады, қарым–қатынаста болады,
әділетсіздікті десзінеді және мейірімді адамдарды да кездестіреді. Осының
бәрі болды да әр түрлі ұлттарда қала береді және осының бәрі поэтикалық
творчествода көрінуін байқаймыз .
К.Д.Ушинский ертегілер ең керемет туынды деп, жоғары пікірде болды,
сондықтан оларды өзінің педагогикалық, жүйесіне кеңінен қолданды. Ертегінің
балаларға ұнайды, өйткені ол қарапайым халық шығармашылығы және балалар
психологиясына сай жазылады деген.
К.Д.Ушинскийдің пікірінше, адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық дамудың
үйлесімді болуы және тәрбиеде халық ертегілерін кең пайдаланудың тиімділігі
жоғары деп бағалаған. Ертегілер негізінде балалардың жүрегінде тамаша
поэтикалық бейне орын алады, ақылдың дамуы фантазия мен сезімнің дамуы
үйлесімді іске асады. Ол ертегілердің психологиялық маңыздылығы және
олардың балаға психологиялық әсері туралы мәселені егжей-тегжейлі қарастыра
келе, халық ертегілерін әңгімелерден жоғары қойды өйткені, педагогтың
тұжырымы бойынша, әңгіме - қолдан жасалған жасанды шығарма.
Бұл тұрғыда, В.Г.Белинский ертегілердің халықтығын, олардың ұлттық сипатын
жоғары бағалады. Оның пікірінше, ертегілердегі фантазия мен жалған
көріністер ақиқат өмір мен нағыз әлеуметтік көзқарасты танытады десе,
Н.А.Добролюбов ертегілер мен аңыздар арқылы халықтың көзқарасын және
олардың психологиясын түсінуге талпынған және халық аңыздар арқылы біздің
көз алдымызда жақсы аңыздарда сақталған халықтың бет-әлпетінің бейнесі
қалады деген тұжырымын айтқан.
Ертегілердің танымдық мәнін А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский өте жоғары
бағалады. Мысалға В.А.Сухомлинский ертегісіз, шығармасыз, қиялсыз тәрбие
толыққанды жүзеге аспайды дей келе, ертегіні өзінің педагогикалық
тәжірибесінде, яғни мектеп оқушыларын тәрбиелеуде және олардың
дүниетанымын, көзқарасын дамытуда кеңінен қолданған. Ертегі тыңдату арқылы
балаларға ерте бастан шығармалар жазуға үйретті және оның тиімділігін
көрсетті.
Сонымен, ертегі дегеніміз, бейнелеп айтқанда, балалық ой мен сөздің
шамшырағы. Балалар ертегіні тыңдайды және оған әуестенеді, өздеріде ойдан
шығаруға тырысады. Ертегіні ойдан шығару — мұғалім үшін балалармен рухани
көзқараста болуды сипаттаса, балалар үшін теңдесі жоқ ұшқыр ойдың қуанышына
айналады. Осындай көріністі бақылаған В.А.Сухомлинский өз тәжірибесінде
балалардың көрген білгендері туралы, немесе олардың түсінігіне қиын
болмайтын жағдаяттар негізінде қарапайым ертегілер ойлап шығарған. Ертегіде
терең ойдың болуын қалаған .
Ертегі-өмір оқулығы, өйткені, қуаныш та, шаттық та, уайым-қайғы да,
бәрі ертегілер мазмұнынан орын алған.
Сондықтан балалардың ертегісіз өмір сүріп, өсіп-жетілуінің қиындықтары
болады.
Қай халықтың болмасын ертегілері балалардың жас ерекшеліктеріне,
тұрмыс-тіршіліктеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне, мақсаты мен талап-
тілектеріне сай жазылып, тартымдылығымен, бейнелілігімен және сезімге ықпал
етуімен ерекшеленеді.
Қазақ халық педагогикасында да ертегі жас ұрпақтың танымдық
қызығушылығын қалыптастыра отырып, имандылық қасиеттерді сіңіруге ықпал
етеді. Ертегіні жас, кәрі де қызығушылықпен қабылдайды. Қазақ халық
ертегілері өзінің мән-мазмұнының тереңдігі, шыншылдығы, тапқырлығы, әзіл-
мысқылдығы және әлеуметтік мәні жағынан көрнекті көркем құбылыс болып
табылады. Бағзы замандардан-ақ қазақтар терең де алғыр ойымен,
тапқырлығымен, эпикалық дастан мен ертегілерді дәлме-дәл айтып шығуға
мүмкіндік беретін таңқаларлық есте ұстау қабілетімен ерекшеленетіндігін
Ш.Уалиханов, Г.Н.Потанин, КВ.Радлов, О.Диваев, И.Березин, А.Е.Алекторов
сынды көптеген зерттеуші-ғалымдар, этнографтар, тарихшылар атап көрсеткен.
Бұлардың жинаған материалдары жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарынан
бастап Дала уалаяты, Торғай облыстық ведомосы, Ақмола облыстық
ведомосы, Орынбор газеті, Орынбор губерниялык ведомосы, Астрахань
газеті басылымдарында жарық көріп тұрған.
Бұл мәселе Г.Н.Потанин қазақ ауыз әдебиетін жинаудың екі
бағдарламасын жасап, оның бірін қазақ тілінде Дала уалаяты газетінде
жариялады Ертектерді жинап алуға асығу керек, өйткені халық тұрмысындағы
жаңа жаңалықтарға байланысты олар жылдам ұмытытлып барады. Ауыз әдебиеті
ескерткіштерін із-түзсіз жоғалып кетуден сақтаудың жолы — шалғай қалаларда
көне сөзді сүйетін және аңыздар мен ертектерді өздері жазып алуға дайын, я
болмаса жинайтын басқа адамдарды тауып беретін кісілерден фольклористік
ұйымдар құру керек, — деп, ертектерді мүмкіндігінше тезірек жинау
кажеттігін ескерткен .
Қазақ ертегілері мазмұнының бай екеніндігін Ш.Уәлиханов та аса мән
берген. Ертегідегі батыр, жезтырнақ, алыптар секілді көптеген кейіпкерлерді
көрсету арқылы адам баласының жағымды-жағымсыз моральдық қасиеттерін
(кішіпейілділік, әділеттілік, шыншылдық, ізет-инабаттылық қайырымдылық-
қайырымсыздық, зұлымдық, т.б.) ажырата білуге, әдемілікті сезіне, қабылдап,
тани-білуге үндеген.
Қазақ ертегілерінің бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктері туралы ұлы
ағартушы Ы.Алтынсарин, балаларды ауызекі шығармашылық (ертегілер,
жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, т.б.) қадірлеуге, ондағы халықтың
басынан өткен қилы-қилы тарихи кезеңдерге әділ баға бере білуге үйретті,
оны ерекше әсермен, жоғары эстетикалық сезіммен қабылдауға баулыйды, деп
өзіндік пікірін білдірген.
Ы.Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясына енгізген ауыз әдебиетінен
жинаған материалдарының мазмұны танымдық, адамгершілік, өнегелік, имандылық
сипатта болды, бұл материалдар балалардың жоғары эстетикалық талғамының жан-
жақты қалыптасып, дамуындағы, әдемілікті түсіне білуге, нағыз сұлулықты,
жан сұлулығын, тазалығын ажырата білуге тәрбиелеуде мәні зор. Бұл
хрестоматияда халықтың ауызекі шығармашылығының негізгі салалары (ертегі,
эпос, шешендік сөздер, аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, өлеңдер,
т.б.) қамтылған.
Қазақ ертегілерін зерттеуге әдебиеттанушылар, фольклористер де,
айталық М .Әуезов, М. Ғабдуллин, С. Садырбаев, С. Қасқабасов, т. б. қомақты
үлес қосқан.
М.Әуезов ертегілер мен аңыздарға терең зерттеу жүргізе отырып,
...ертегіден баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, яғни сол
көзқарастың белгілі ізін керсететін, онан соң, белгілі елдің салтын
білдіретін, арнаулы үлгіні, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері жайлы
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Естияр топ балаларын елжандылыққа тәрбиелеуде ертегілерді пайдаланудың педагогикалық шарттары
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
Педагогикалық процесте оқушылардың елжандылық сезімдерін қалыптастыру (патриоттық тәрбие)
4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану
Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері туралы ақпарат
Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие беру
Мемлекеттік символдар арқылы патриоттық сезімін қалыптастыру
Пәндер