Ахуал түсінігі. АХУАЛ -- өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Ахуал түсінігі
2. Өндірістік ұжымның психологиялық ахуалы
3. Әлеуметтік-психологиялық ахуалды зерттеу
4. Тұлғаның өмірлік іс-әрекетіне ұжымдағы психологиялық ахуал мен әлеуметтік статустың әсер ету ерекшеліктері

1.Ахуал түсінігі
‎ АХУАЛ -- өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Кәбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Сондықтан ол, көбінесе "әлеуметтік-психологиялық ахуал" немесе "психологиялық атмосфера" түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі, тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. кіреді. Оң (жақсы) Ахуалға бір қоғамдағы не ұжымдағы адамдардың ынтымағын, бір-біріне деген шексіз сенімін, шынайылық пен сыйластықты жатқызуға болады. Қоғамның орнықты дамуы немесе белгілі бір ұжымдағы еңбек өнімділігінің нәтижесі ұжымдағылардың кәсіби шеберлігі мен дағдысына, білімі мен икемділіктеріне ғана тәуелді емес, көпшіліктің мұнда қалыптасқан тұрақты көңіл-күйіне де байланысты. Сары-уайым, жабырқау, теңілу, жалғызсырау, ұрыс-керіс қоғамда да, ұжымда да қолайсыз Ахуал туғызып, ортақ мүддеге кесірін тигізеді
2.Өндірістік ұжымның психологиялық ахуалы
Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы
Қазіргі кезде қоғамдық еңбек пен өндіріс орындарында еңбек адамдарымен тіл табысып, олардың күнделікті мұқтаждықтары мен талап-тілектеріне жете мән беріп, оларға жете назар аударып отыру. Мұндай талаптарды жүзеге асыру кәсіпорындар мен ұжымдардағы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді байыпты шешу екендігін өмір тәжірибесі айқын көрсетіп отыр. Адамдардың қоғамдық жұмыс түрлерінде еңбек өнімділігін арттыруы, олардың шығарған өнімдеріне саналы түрде жауапкершілікпен қарауы, ең алдымен, сол ұжымда қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуал орнатуға тәуелді болып отырғандығы мәлім. Еңбек ұжымындағы адамдардың өнімді еңбегі мен қоғамдық санасын көтеру тек сол ұжымдағы адамдардың өзара қатынасына басшылық ететін жетекші кадрлардың іскерлігі мен әрбір адамның жан дүниесінің сырына бойлай қарап, оларға қамқорлық жасауларына тәуелді. Екіншіден, іскер адамдардың әлеуметтік белсенділігі мен қоғамдық санасын өрістету үшін әрбір жұмысшы мен техниктің, ұжым жетекшісі мен олардың мүшелерінің арасындағы жағымды қарым-қатынас орнатып, олармен жоспарланған істерді жүзеге асыру үшін әрбір адамның даралық мінез-құлқын да жете білуді талап етеді. Мұндай талап әлеуметтік психологияда ерекше орын алатын мәселелердің бірі - адам факторын үнемі ескеріп, ондай ерекшеліктермен санасып отыруды қажет етеді.
Ұжым мүшелері арасында рухани, адамгершілік, психологиялық басқа да қасиеттерінің алмасуының арқасында әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасады.
Еңбек ұжымы мен мекеме қызметкерлері арасындағы талас-тартыстар мен дау-дамай. Кез келген ұжым мен мекемеде, өндіріс орындарында түрлі себептерге байланысты дау-дамай болып отыратындығы мәлім. Бұл мәселені психология ғылымы адамдар мен көпшілік арасындағы қарым-қатынаста психологиялық ахуалдың жағымсыз көріністері деп санап, оны өз алдына бөліп қарастырады.
Өндіріс орындарында ұжымдар ішінде туындап отыратын талас-тартысты, дау-дамайлы мәселелер негізінен жеке адамдардың мақсат-мүдделерінің, көзқарастары мен қалыпты жағдайлардың өзгеруіне, олардың жеке бастарының мінез-құлық ерекшеліктерінің қанағаттанбау сезімінің салдарынан туындап жатады. Ал дау-дамайлы ұжымдарда олардың іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра алмай іскерлік қасиеттерінің тоқырап қалуына әкеп соқтырады. Сөйтіп талас-тартыстың шығуы негізінен тоқырап қалуға қарсы күрес жүргізуге байланысты екенін аңғартады. Дау-дамай әсіресе жеке адамдардың өзара жалпы тіл тауып, түсінсе алмау салдарынан шығады. Өйткені әрбір адамның даралық ерекшеліктері мен көзқарастары мен өмір тәжірибесі түрліше. Сондай-ақ дау-дамай әрбір адамның өзгелерден тәуелсіз өзіндік мінез-құлқына орай бостандықты қалауы деп те түсінуіміз керек. Дегенмен, дау-дамайлардың жағымсыз, ұнамсыз жақтарымен бірге, пайдалы да ұнамды сипаттары болатынын атап айтуға тиіспіз.
Халқымызда Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше дейтін мәтел адамдардың тілдесіп өзара түсіністігін тұжырымдап жеткізген халық даналығының ұлағатты үлгісі болса керек. Мақал мен мәтел болмыстың шындығын бейнелеп, істің ақиқаттылығына көз жеткізетін, дәлел - дәйекті қажет етпейтін шындықтың өлшемі (эталоны).
Осы бағытта ақыл тегі адамның бірімен-бірі тілдесіп пікір алысуы, өз ойын өзгелерге жеткізіп бірлесе тірлік етуі табиғаттың адамға сыйлаған дарыны арқылы жүзеге асады.
Еңбекте адам арасындағы қарым-қатынас жасап түсіне білудің өзекті мәселелері болып саналатын жетекші қызметкер мен болушылардың қарамағындағы адамдармен тіл табысып, жетісті еңбек ету. Мұндай табысқа қол жеткізу адамның мінез құлқын, жалпы психологиялық сыр сипатына тәуелді болатындығын көрсетеді.
3. Әлеуметтік-психологиялық ахуалды зерттеу
‎ Психологиялық зерттеу әдістерінің ішінде сұрақнама әдісі маңызды рөлге ие. Сұрақнама әдісіне жататындар:
1. Анкета.
2. Интервью.
3. Әңгімелесу.
4. Сұрау.
Осы төрт түрі әлеуметтік психологиялық зерттеуде қолданылады. Әнгімелесу зерттеудің әр сатысында алғашқы бағдар негізінде де қорытындыларды дәлелдей түсу үшін де, басқа әдістердің қөмегімен алынған мәліметтерді пысықтау және кеңейту үшін де қолданылатын сұрақнамалық әдістердің бір түрі. Әнгімелесудің жинақталған неғұрлым белгілі бір формаға, құрылымға негізделеген түрі интервью (сұхбат) деп аталады.
Әнгімелесудің жүйеленген және жартылай жүйеленген түрлері бар. Анкета әр түрлі құрылымдар туралы мәлімет беретін сұрақтар жиынтығы. Сұрақтарды қою жөніндегі жұмыстың кезеңдері:
1. Жалпы мәселені аңықтау.
2. Негізгі сұраққа жақындатыған сұрақтардың тізімін қалыптастыру.
3. Сұрақтардың жоспарын жасау.
4. Алдын-ала жүргізіп көру.
5. Сұрақтарды түзету және редакциялау.
Анкеталық сұрақтардың классификациясы, ерекшеліктері және құрамыАнкеталық сұрақтарды түрі бойынша а) ашық және жабық б) тікелей және жанама болып бөлінеді. Ашық сұрақтар деп - респондет экспериментаторға өз қалауы бойынша кез келген көлемдегі ақпаратты беруге мүмкін болатын сұрақтарды айтамыз. Ашық сұрақтардың артықшылығы жауап табиғи тұрғыда және мәлімет кең түрде болады. Ал кемшілігі ашық сұрақтарды интерпретациялау біршама қиын және кейбір жағдайда респондет объективті ақпаратты бермеуі мүмкін.
Жабық сұрақтар дегеніміз - респондет ұсынылған бірнеше варианттардағы жауаптардың ішінен өз вариантын таңдап алуға мүмкіндік беретін сұрақтар. Жабық сұрақтардың артықшылығы олар өндеуге, талдау жасауға жеңіл. Ал кемшілігі респонденттің жауаптарының шектелунуі. Ашық және жабық сұрақтардың синтезі ретінде қазіргі күнде жартылай жабық сұрақтар қолданылады.
Тікелей сұрақтар - жауап берушіден тура хабарлама алуға бағытталған (өзі туралы). Жанама сұрақтар - тікелей бір адамға бағытталмауы мүмкін және зерттелушіден өзі туралы ақпарат тікелей алынбайды. Атқаратын қызметі бойынша - сүзуші және бақылаушы сұрақтар болып бөлінеді.
Анкеталық сұрақтарды жасау ерекшеліктері.
1. Әрбір сұрақ жоғарғы дәрежеде жеке ұғымдармен жасалынуы керек.
2. Тұрмыста аз қолданылатын сөздер сұрақтардың құрамына енбеуі керек.
3. Сұрақтар өте ұзақ, шұбыланқы болмауы керек.
4. Сұрақтар нақтылы болуы керек. Көмескі сұрақтар қойылмауы қажет.
5. Шаблонды, стереотипті жауап тудыратын сұрақтар қойылмауы керек.
6. Жауаптардың әртүрлі варианттары ұсынылуы қажет.
Анкетаның құрамы.
Жалпылама бөлім. Бұл бөлімде анкетаны қандай мекеме не себеппен жүргізіп отырғандығы туралы, бұл зерттеулер нәтижесі қайда пайдаланатындығы, жауаптардың жарияланбайтындығы және анкетаны қалай толтыру керек екендігі туралы мәлімет беріледі.
Негізгі бөлім. Бұл бөлімде зерттелінетін тақырыптын мазмұнын аңықтауға бағытталған сұрақтар жиынтығынан тұрады. Оның өз құрамы бар. Негізгі бөлімде алдымен ынталандыратын сұрақтар қойылады. Оданкейін тұлғалық қасиеттерді, негізгі зерттелінуі керек мәселені анықтайтын сұрақтар қойылады. Негізгі бөлімнің қорытындысы жасалынған хабарламаны пысықтау айқындау үшін қосымша пысықтау сұрақтарын қоюмен аяқталады.
Демографиялық бөлім. Бұл бөлімде жауап беруішінің жасы, мамандығы, отбасы, әлеуметтік жағдайы туралы мәлімет алынады.
Контент анализі.
Белгілі бір зерттеу объектінің мазмұның және құрылымын, коммуникация мазмұнына талдау, түсіндіруде контент анализ басшылыққа алынады.
Бұл термин көбінесе, баспа және визуальді мағлуматтарды анализдеуде қолданылады. Сонымен қатар, сауаленама барысында қойылатын ашық сұрақтарды жауаптарын өндеуде де қоладануға болатынына біз төменде көз жеткіземіз.
Контент анализдің негізгі операцияларын американдық әлеуметтанушылар Х. Лассуэл мен Б. Берельсон құрған. Сапалық мәлімтеттерге аудару үшін, біріліктің екі типі бөлініп көрсетілген:
1. мәндік немесе сапалық анализ бірлігі;
2. есеп бірлігі немесе сандық.
Есеп бірлігі анализ бірлігімен сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін. Олардың сәйкес келу квантикациясы бөлінген бірлікті ескеру, және сол сәйкес келген немесе келмеген бірліктің есебіндегі мағыналық бірлікке толықтырған мәтіннің көлемін қарастырылады.
Солайша, ұжымдағы адамның іс-әрекетінің жағымдылығына психологиялық атмосфера үлкен рөл атқарады. Оның қалыптасуы кезінде оның қаншалықты жағымды, не жоқтығына назар аудару керек. Себебі бір ұжымда, бір топта жұмыс жасап жүрген адамдар атмосфераны өздері жасап, оның әрі қарай дамуына үлкен үлестерін қосады. Психологиялық атмосфера егерде оның бірнеше түсініктері арқылы қарастырсақ көптеген авторлармен қарастырылып, әр түрлі жақтарынан зерттелген.
Солайша, Е.С. Кузьминнің пікірінше, психологиялық климат түсінігі адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мінезін көрсетеді, қоғамдық көңіл-күйдің артықтылықтарын, басқару деңгейін және осы ұжымдағы дем алыс пен жұмыс уақытының жағдайлары мен қасиеттері [10,98].
Б.Ф. Ломов психологиялық климат түсінігіне тұлға аралық қарым - қатынастардың жүйесіне табиғаты бойынша психологиялықтарын қарастырған:
- сүйкімділік (симпатия);
- сүйкімсіздік (антипатия);
- достық (дружба).
адамдар арасындағы психологиялық өзара әрекеттестік механизмдерін:
- еліктеу (подражание);
- күйзелістену (сопереживание);
- әрекеттесу (содействие).
өзара талаптар жүйесін, ортақ көңіл-күй, ортақ еңбек іс-әрекетінің стилі, ұжымның интеллектуалды, эмоционалды және еріктік бірлестігін енгізген [11,45].
В.М.Шепель алғашқылардың ең біріншісі болып әлеуметтік - психологиялық климат түсінігінің мазмұнын ұжым мүшелерінің эмоционалды бейнесінің психологиялық байланыстарының негізінде пайда болатын жақындық, сүйкімділік, мінездерінің, назарларының (интерес), икемділіктерінің (склонность) сәйкес келуі деп айтқан. Осы түсінікте ол үш климаттық зонаны бөліп шығарған:
1. Әлеуметтік климат - ол осы кәсіпте жұмыс жасайтын жұмысшылардың ортақ мақсат пен міндеттердің қаншалықты саналы түрде сезілуін, жұмысшылардың азаматтық, конституциялық құқықтарының қаншалықты бұзылмайтындығы кіреді.
2. Моральдық климат - осы ұжымда бекітілген моральдық құндылықтардың қаншалықты анықтатындығы кіреді.
3. Психологиялық климат, яғни бейресми атмосфера. Ол - жұмысшылар араысында бір-бірімен қатынас жасау барысында қалыптасады. Яғни, психологиялық климат - ол микроклимат, маңыздылығы жағынан моральдық және әлеуметтіктен әлдеқайда маңызды болып келеді [12, 56-58].
Р.Х. Шакуров психологиялық климат түсінігін оның екі жағынан қарастырған:
1. Психологиялық - бұнда эмоционалды, еріктік, интеллектуалды күйлер және топтың қасиеттері жатады;
2. Әлеуметтік - психологиялық - бұнда топ психологиясының интегративті қасиеттерінде байқөалып, оның тұтастығының және адамдар бірлестігінің өзіндік қызмет етулері қарастырылады[13, 61-62].
К.К.Платонов пен В.Г.Казакованың ойлары бойынша, әлеуметтік-психологиялық климат - ол топтың сондай қасиеті, тұлға аралық қатынастармен белгіленіп, тұрақты топтық көңіл-күйлерді және ойлармен байланыста болатын, топтың алдында тұрған белсенділіктің деңгейі мен мақсатқа жету деңгейін көрсетеді. Ал Б.Д.Парыгин әлеуметтік-психологиялық климатта тек оның индивидтерінің психикалық құрылымдығының сомасы деп қана қоймай, ал ұжым мүшелерінің психологиялық күйлерінің көтерілуінің күшті факторы деп таныған. Ұжымдағы атмосфера тұрақсызғ, ұжымдық бейсананың әрқашанда өзгеріп отыратын жағы.
Әлеуметтік-психологиялық климат түсінігінің анализін әр түрлі мағынада қарастырғаннан кейін, ол - полифункционалды ұжымның (топтың) әрбір іс-әрекеттінің әлеуметтік-психологиялық білімі деп түсінуге болады. Оның спецификасы болып, ұжымның барлық мүшелерінің психикалық күйлерінің интегралды және динамикалық мінездемесінен құралады. Ұжымда пайда болған қарым-қатынастар еңбек өзара әрекеттестігінің объективті жағдайы деп қарастырсақ, олар адамнантек қана бір емес, ал белгілі бір бекітілген мінез-құлық стилін талап етеді. Топтың бір ғана мүшесінің эмоциялары басқа мүшелерді белгілі бір жағдаймен мінез-құлықтарын дәлелдестіріп (мотивировать), оларды мақсатқа жетудің әрекеттеріне бағыттап, бірақ фрустрациялық әсерлерден құтылудан талаптандырады.
Әлеуметтік-психологиялық климаттың құрылымы қоғамдық және тұлға аралық қатынастардың синтезі ретінде көрсетілуі мүмкін, олар ұжым мүшелерінің қарым-қатынасушы жүйесінің элементтерімен анықталады. Қоғамдық байланыстар арқылы ұжымдағы адамдардың жеке қарым-қатынастарының әлеуметтік мағынасы ашылады. Ол - өндірістік, саясаттық, құқықтық, этикалық және эстетикалық қарым - қатынастар. Тұлға аралық қатынастар - ол ұйымдық-технологиялық өзара әрекеттесулер, мәртебелік-рольдік өзара қатынастар, әкімшілік-психологиялық өзара әсер етулер, эмоционалды-логикалық өзара танулар. Олар ұжымның пәндік-практикалық іс-әрекеттерінде пайда болып, материалды-техникалық, ұйымдық-басқарушылық және олардың т.б. өмірлік іс-әрекеттерімен (жизнедеятельность) беріледі. Қоғамдық және тұлғааралық қатынастардың мазмұндарының бірігуінде адамдардың өзара қарым-қатынастарының түрінде (бірлестік, жарыстық, ұйымшылдық, қиыстыру, достық пен ынтымақтастық) келтіріледі және ұжымдағы адамдардың қарым-қатынастарының психологиялық айрықшалығы тұлғаның қасиеттеріненкөріністерін табады.
Ұжымдағы қарым-қатынастардың айрықшалығының көрсеткіші болып вербалды қатынастардың формасының үндеуі болып табылады. Үндеудің формаларының бірінің басым болуы - бұйрықтардың немесе өтініштердің, ұсыныстардың немесе сұрақтардың, пайымдасу, кеңестердің ұжымдағы қарым-қатынастардың айрықшалығын бейнелеп, сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық климаттың көрсеткіші болып танылады.Ұжымдағы коммуникативті байланыстарды зерттеу кезінде оның саны мен бағыттылығының, оның мазмұнынан қарым-қатынастың күйін білуге болады. Қарым-қатынастардың жағымсыз дамуы ұжымның кейбір мүшелерінің келе-келе оңашалануына әкеліп, ондағы байланыстардың санын азайтып, байланысу амалдарының бөлшектенуіне, коммуникативті байланыстарды формалды-керектікке дейін апарып, іс-әрекеттесуші жақтардың кері байланыстарын жоққа шығарады. Солайша, әлеуметтік- психологиялық климаттың эмпирикалық көрсеткіштерінің бірі болып - коммуникативті байланыстар болады.
Әрбір адамның негізі тек қана оның басқа адамдармен ұжымдаық формадағы өзара әрекеттесулерде, қарым-қатынас жасау барысында ашылады. Қарым-қатынастар арқылы ғана адам өзінің қоғамдық құндылығын тани бастайды. Солайша, әлдеуметтік-психолоргиялық климаттың көріністерінің формаларының бірі ретінде өзін-өзі бағалау сияқты топтық эффектінің негізінде болады. Қоғамдық қатынастарды және байланыстарының өзінің жағдайын бағалау арқылы өзімен және басқалармен қанағаттанушылық сезімі көбірек немесе азырақ деңгейде көрінісін табады. Қарым-қатынастар көңіл-күйде жақсы бейнеленеді, адамның психологиялық өзін-өзі сезінуінің жақсаруы немесе төмендеуіне әкеледі. Еліктеу, жұғу, сендіру, көндіру арқылы ұжымда әр түрлі көңіл-күйлер қалыптасып, олар барлық адамдарға таралып және екінші жағынан олардың саналарында бейнеленуі ұжымдық өмірдің психологиялық фонын қалыптастырады.Психологиялық өзін-өзі сезіну мен көңіл-күйлер адамның психикалық күйін мінездеу арқылы ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климаттың сапасының көрінісі болып табылады. өзін-өзі бағалау, өзін-өзі сезіну мен көңіл-күйлер - бұл әлеуметтік-психологиялық бейнелер болып табылады. Ұжымдағы адамның іс-әрекеттерінің жағдайларының барлық комплексін және микроортаның әсерінен тұтастық реакциясы ретінде байқалады. Олар әлеуметтік-психологиялық климаттың субъективті формаларының көріністері болады.
Әрбір адам өзінің әлеуметтік топта болуы ғана негізінде және бірге жұмыс жасау барысында көптеген сфераларға, сонымен бірге психологиялық атмосфераға да әсерін тигізеді. Адамдар қасындағыларына олардың әлеуметтік-психологиялық және индивидуалды-психикалық қасиеттеріне байланысты жағымды не жығымсыз әсерлерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық ахуал түсінігі. Балалар ұжымындаы психологиялық ахуал
Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы
Психология мамандығына арналған ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық ерекшеліктері
Кәсіпорында корпоративтік мәдениетті қалыптастырудың теориялық-әдістемелік аспектілері
Педагогикалық ұжымдағы қарым – қатынастардың әлеуметтік психологиясы
Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері
Тұлға және қарым - қатынас
Әлеуметтік психологиялық әдістер
Жеке тұлға және қарым – қатынас
Пәндер