Музыкалық шығармалардағы динамикалық бояулар



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ӘДІСТЕМЕЛІК БАЯНДАМА
Тақырыбы: Музыкалық шығармалардағы динамикалық бояулар

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Негізгі бөлім

Тақырыптың көкейкестілігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Жұмыстың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 Музыкалық терминдерге түсініктеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

II.Оқушының күй шығармалар ойнау барысында, динамикамен жұмыс жасау
Күйдің тарихымен танысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Шығармашылық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

КІРІСПЕ

Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе
Қ. Аманжолов

Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас - жеткіншек бойына дарытып, оның жан жүйесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың қасиеттіде киелі домбырасының атқаратын ролі ерекше.
Домбыра үні өзіне тән дыбыстық бояумен, алуан түрлі желіс қағыстарымен қатар, өте бай көркем образдық әлемімен де айқындалып, қазақ халқының тарихы дүние танымы және психологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысып жатады. Қолына домбыра ұстаған балаға - имандылық пен дарындылықты жылуы дарып, қатыгездіктен аулақ болады - деген нақыл сөзде үлкен шындық жатыр. Өйткені домбыра - үлкен рухани адамгершілік мектебі, баға жетпес эстетикалық өмір оқулығы.
Әдетте әр кезең өз жаңалық - өзгерістерін ала келуімен бірге өзіне лайық соны талап - тілегін тудыратыны да анық. Осы орайда дәл қазіргі кезеңдегі домбыра өнерінің, домбырашылардың орындаушылық шеберлік деңгейлерінің қаншалықты өзгеріп, қаншалықты биікке көтерілгенін байқау қиын емес. Сондай - ақ бүгінде бүкіл ұлттық өнерімізде туындап отырған оң өзгерістер мен бетбұрыстар домбыра еншісіне де өз тиесілі жүгін артып отыр.
Домбыра - ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жаткан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі.
Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қысиетті музыкалық аспабы - домбыраның бірде күмбірлеген бірде шертіп ойнаған ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын, оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады. Сымдай тартылған кос шекте сан ғасырдың сан алуан сипаты, ақыл-ойы, көңіл-күйі жатыр.

Мақсат:
Оқушының домбыра аспабында ойнау барысында оң және сол қол үйлесімділігіне мән бере отырып, динамикалық белгілер арқылы күйдің көніл күйін жеткізу.
Ырғақ, аппликатура, қығыстарды дұрыс меңгеру.

Міндеттері:
Куйдің әуеніне құлақ қойып ойнау.
Күйлердің көркемдік бейнесін ашу
Күйшілік өнерде ойналған шығармалардың мәнеріне көңіл аудару.
Күйдің епкінін сақтай білу.
Нота сауаттылығын арттыру.
Музыкалық есте сақтау, есту қабілеттерін дамыту.

Сабақ беру әдістемесі:

Дұрыс отыру. Аспаптың құлақ күйін келтіру.
Оқушыға әр түрлі қағыстар арқылы екі қолдың үйлесімділігіне жаттығу ойнату.
Дыбыс тазалығын қадағалау.
Күйдің епкінін қумай, әр дыбыстардың, қағыстарың дұрыс ойнауына қөңіл бөлу.
Күйдің мәнерлік жағынан тәрбиелеу барысында, оқытушы оқушымен бірге қосылып ойнау.
Техникалық ойнау әдісін өсіру.
Ойналған күйде кездесетін ырғақты дұрыс меңгеру.

Күтілетін нәтиже:
Домбыра аспабында,күй шығармаларды орындау кезінде оқушының бойына екпінмен қатар динамиканың өзіндік ойнау әдіс- амалдарын жетілдіру

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ЖҰМЫСТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Домбыра үні өзіне тән дыбыстық бояумен, алуан түрлі желіс қағыстарымен қатар, өте бай көркем образдық әлемімен де айқындалып, қазақ халқының тарихы дүние танымы және психологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысып жатады. Өйткені домбыра - үлкен рухани адамгершілік мектебі, баға жетпес эстетикалық өмір оқулығы.
Шығарманың екпіні мен мінезін көрсететін музыкалық терминдер көп. Музыкада кездесетін осы бір динамикалық белгілермен біз оқушының ойнау өрісін арттырамыз. Оқушының жалпы орындаушылық мүмкіндігін өсіруді оның есіту, есте сақтау және музыкалық ырғақ (ритм) қабілетін барынша жетілдіру жағына аса назар аударып ерекше мән беру оқытушының міндеті.
Орындалар күй - шығармалардың динамикалық белгілерінің сақталуы мен штрихтарына көп көңіл бөлеміз. Дыбыстың динамикалық өзгеріс кезінде дыбыстың біркелкі таза шығуын сақтай отырып, олардың үндестігі мен ырғақтық үйлесімділіктерін қадағалау керек.
Домбырашы - педагог оқушының шығармашылық инициативасын көтеріп, дербес үйреніп өсуі үшін, қандай музыкалық шығармалар немесе күй
орындағысы келетінін оқушының өзіне тапсырып ақылдасуы керек.

МУЗЫКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРУ

Динамика - гректің dunamis - күш деген сөзінен шыққан. Музыкалық шығарманың мазмұны, сипаты, табиғаты дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі арқылы жүзеге асады. Ал, оларды нотада арнайы динамикалық белгілермен көрсетеді. Итальян тіліндегі динамикалық шартты белгілер (таңбалар) мыналар:

Айтылуы
(итальянша)

Жазылуы
(таңбасы)

Мағынасы
Форте

f
Қатты, күшті
Пиано

p
Ақырын, жай
Меццо-форте

mf
Орташа күшпен
Меццо-пиано

mp
Ақырындау
Фортиссимо

ff
Қатты,өте күшті
Пианиссимо

pp
Өте ақырын, жай
Крещендо

Бірте-бірте күшейту
Диминуэндо

Бірте-бірте бәсеңдету
Сфорцандо

Sf
Кенеттен қатты ойнау

Шығарманы көркемдеуге жоғарыда аталған әуендік өрнектермен бірге динамикалық бояулар да жатады. Динамикалық бояуларсыз музыкалық шығармалар біржақты әрі қызықсыз болар еді. Динамикалық бояулар музыкалық шығармаларда дыбыстың күшін бірден-бірге үдетіп немесе дыбыстарды жай, орташа, қатты, өте қатты шыгару үшін қолданады.
Күй шығармалар ойнау барысында кездесетін динамикалық белгілерді айтып оқушының бойына сіңіріп отыру қажет. Оқушы домбыра ұстаған күннен бастап төмен қағысты форте (қатты) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық аспаптарда жұмыс істеу негіздері
Көркемөнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру
Аэрографиямен матаны бояу
Бейнелеу өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы балалардың музыкалық тәрбиесі
Музыка мұғалімінің басты практикалық жұмыстары
1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұраның ЖОО-да оқу–тәрбие үдерісінде пайдаланылуы
Орта топ балаларын музыка тыңдауға үйретудің ерекшеліктері (4-5 жас)
Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстыру
Сыныптан тыс жұмыстар да үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру
Пәндер