Қосымша білім беру ұйымдары - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді ортасы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ӘДІСТЕМЕЛІК БАЯНДАМА
Тақырыбы: Қосымша білім беру ұйымдары - оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытудың тиімді ортасы

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I бөлім Функционалдық сауаттылық
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

II бөлім Қосымша білім беру ұйымдары - оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамутыдың тиімді
ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

КІРІСПЕ
Болашақтың иесі - жастар, жас ұрпақ. Сол ұрпақ тәрбиесі, білімі,
біліктілігі, сан қырлы азамат болып өсуі - мына біздерге, ұстаздарға
байланысты. 
Білім беру ісі кез келген қоғамның жан-жақты кемелденіп өсуіне ерекше
ықпал етеді. Өйткені осы жүйенің сапасы арқылы мемлекет пен жеке тұлғаның
интеллектуалдық әлеуеті қалыптасады. Сондықтан да Елбасының бәрі де
мектептен басталады деп атап көрсетіп, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп
отырғаны баршамызға белгілі. [1]
Адам баласына білім мен тәрбие егіз берілгенде ғана мақсатына жетеді.
Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына
Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша
бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. [2]
Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Мұндай стратегиялық
міндетті шешу жағдайында белсенділігі жоғары, шығармашыл тұрғыда ойлауға
жөн шешім қабылдауға, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы
білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең басты функциялық сапаларын
қалыптастыру орта білім беру жүйесі мен қатар қосымша білім беруге де
жүктеліп отыр. 
Зерттеудің мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау
Зерттеудің міндеттері:
• Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және
халықаралық практикасын зерделеу.
• Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар
жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
• Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары
мен бағдарламаларын зерделеу.
• Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу
жүйесін зерделеу.
• Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-
техникалық базасын зерделеу.
Зерттеу обьектісі: Қосымша білім беру ұйымдары - оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді ортасы
Зерттеу болжамы: Егер мектепте оқушы қабілетіне қарай мектептен тыс
қосымша білім беру бағдарламасы басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізілсе,
онда оқушының дамыған функционалды сауаттылығы дамып, білім сапасы
артады.
Зерттеу әдістері: бақылау, тәжірибе, зерделеу, саралау.
Күтілетін нәтижелер: Мектепте функционалдық сауаттылықты дамытуда
мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдастырылады, оқушыларға қосымша
білім беруді ұйымдастыруда мұғалімнің шығармашылық қызметі жетілдіреді,
оқушылардың белсенді қатысуы қамтамасыз етіледі.

I бөлім Функционалды сауаттылық

Функционалдық сауаттылық ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60 жылдары
ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына
енді.
Қазіргі өзгермелі заманда функционалдық сауаттылық адамдардың
әлеуметтік, мәдени саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына,
сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне
айналуда.
 Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы
білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және
рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы
әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы
қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. [3]
Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби
мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да,
қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен.
Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы
ақпараттың мәнін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып
жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан.
Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат
алулар көбейіп кеткен. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның
бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға
сіңірмегендіктен орын алып отыр.
Қазақ маманы С.Раевтің айтуынша, сауатсыздық дерті адамға [4]
кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға
баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады, яғни үшінші
сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап
оқымаса, тағы бір ертеңгі сауатсыздық дүниеге келгені. Ғалымдардың
айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға
деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқу мүлдем
құлқы болмайтын көрінеді. Сондықтан да аталмыш тапсырманы орындау үшін
елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған 2012-
2016 жылдарға арналған Ұлттық әрекет жоспары қосылды. Елбасының айтуынша:
білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керісінше, әлеуметтік
адаптация процесіне бейімдеу қажет. [5]
Сонымен функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени,
саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі
жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай үнемі білімін
жетілдіріп отыруы.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
- белсенділік;
- шығармашылық тұрғыда ойлау;
- шешім қабылдай алу;
- өз кәсібін дұрыс таңдай алу;
- өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым
танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық
және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың
оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы PISA (Programmer for
International Student Assessment) болып табылады.
РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия,
Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.)
нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға
мынадай факторлар әсер етеді:
1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
2) оқыту нысандары мен әдістері;
3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау
жүйесі;
4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу
жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы
білім беру ортасының болуы;
7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру
Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін жалпы
әлемдік үдерістер мен ХХІ ғасырдың білім беру мазмұнына және функциялық
сауаттылықтың дамуына қойылатын талаптар контекстінде арттыруға мүмкіндік
береді.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту процесі оқу
қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін оқу материалын меңгерудің
процесуалды жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуын есепке
алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды.
      Сырттай бағалау әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу
жетістіктерінің мәлімделген нәтижелерге (ҰБТ, ОЖСБ және т.б.) сәйкестігіне,
сондай-ақ халықаралық зерттеулерге (TIMSS, PISA және PIRLS) қатысуы арқылы
жүзеге асырылатын болады.
      Іштей бағалау нақты тұлғалық жетістіктерді белгілеу үшін оқу пәні
бойынша оқыту сапасын диагностикалау арқылы және МЖБС (Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарттары) өлшемдеріне сәйкестігі (аралық және
қорытынды бағалау) арқылы жүзеге асырылады.
      Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-
өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін (білім алушының өзін-өзі бағалауы
және жетістіктерін есепке алуы үшін портфолио) бағалау арқылы жүзеге
асырылады.
      Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады: білім алушының оқу
жетістіктерінің МЖБС-да белгіленген мәлімделген нәтижелерге (өлшемдерге)
сәйкестігін бағалау. Бағалауға МЖБС-да және оқу бағдарламаларында
мәлімделген барлық білім беру нәтижелері, сондай-ақ негізгі және пәндік
құзыреттіліктер жатады.
      Білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін факторларға PISA
көшбасшы елдері оқушыларды қосымша біліммен және мектептен тыс
сабақтармен  қамтуды жатқызады. [6]
Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізі механизмін
көрсетті. Бұл механизмдерді іске асыру барысында мұғалімге оқушы бойында
мынадай құзыреттіліктерді сіңіру керек:
Олар:
- Басқарушылық проблеманы шешу қабілеті;
- ақпараттық өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп
отыруы, сол арқылы танымдылық қабілетін ұштау;
- коммуникативтік қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде ауызша, жазбаша қарым-
қатынас жасау;
- әлеуметтік қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу
қабілеті
- тұлғалық өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік
кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделігіне төзе білу;
- азаматтық қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихи,мәдениеті,діні мен тілін
терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық
парызын түсінуі;
- технологиялық ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларын
сауатты пайдалану.
II бөлім Қосымша білім беру ұйымдары - оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамутыдың тиімді ортасы

Қосымша білім беру - әр түрлі бағыттағы білім беру бағдарламалары:
қосымша білім берудің жалпы білім беру мекемелерінде біліктілікті
жетілдіру мекемелерінде, кәсіптік бағдар беру курстарында орталықтарында,
музыка және көркемсурет мектептерінде, балалар шығармашылығы үйлерінде,
өнер мектептерінде, жас техниктер станцияларында, жас натуралистер
станцияларында, аула клубтарында және тиісті лицензиялары бар басқа да
мекемелерде); жеке педагогикалық қызмет арқылы жүзеге асырылады.

РISA халықаралық зерттеулері анықтағандай, оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытуға әсер ететін негізгі факторлардың бірі мектептен тыс,
қосымша білім беру болып табылады.
Қазақстандағы қосымша білім беру жүйесі білім беру кеңістігінің ең
динамикалық және дамушы құрамды бөлігі, ол стандартты жүйеге қарағанда
ерекше ашық және еркін дамуды қалыптастырады үнемі балалармен жұмыс істеу
мазмұны, әдісі мен формаларды өзгерісте болады, педагогтің авторлық
шығармашылығын дамыта алады.
Қосымша білім беру әлеуметтік сұранысқа ие және ол баланың тұлғалық дамуы
мен білім алуын тәрбиемен тығыз байланыста үйлестіретін білім беру үрдісі
ретінде қоғам мен мемлекет тарапынан қолдауды және ұдайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған мәтіндер
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ
Шығармашылық ойлау дағдысы
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Пәндер