КҮЙ АТАСЫ - ҚАЗАНҒАП ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ


КҮЙ АТАСЫ - ҚАЗАНҒАП ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ
Халық күйшісі - Қазанғап Тілепбергенұлының шығармашылығының қазақ музыка мәдениетінің тарихында ерекше орын алады. Ол - қазақтың аспапты музыкасын дамытуға өзіндік үлес қосқан композитор. Қазанғаптың күй мұрасы халық творчествосының биік шыңының біріне саналады. Қазанғап - халық өнерінің ең озық үлгілерінен, өз тұсындағы атақты күйшілерден тәлім алып, өз домбыра ойнау мектебін қалыптастырған күйші. Ол дәстүрі ғасырлар бойы бекем орныққан халық музыкасың тілі мен форма заңдылығына сүйене отырып, мазмұны, түрі және ойнау тәсілі жағынан ерекше айшықты күйлер шығарған.
Ұлы күйшілер жақын адамдарына арнап күй шығарған. Мұндай күйлерді «арнау күйлер» деп атайды. Соның бірі - Құрманғазының анасына арнаған «Аман бол, шешем, аман, бол» күйі. Торы атты ертіп, жолға Құрманғазы үйден шығар алдында домбырасын қолына алады да, қоштасып бір күй тартады. Шығарып салуға жиналған достары күйдің атын сұрамай - ақ білді. Өйткені, бірінші бастамасының өзі «Аман, бол шешем, аман, бол» деп айтып тұр еді.
Қазанғап екі дәуір аралығында өмір сүрген (1854 - 1921 ) . Күйші Арал теңізінің жағалауындағы Құланды түбегінің Ақбауыр деген жерінде қойшының жанұясында туған. Кедейлік, жоқшылық тауқіметі Қазанғапты жастайынан әкесіне қолғабыс беріп, байлардың қозысын бағуға мәжбүр етеді. Жалғыз өзі таңертеңнен кешке дейін қой соңынды күн өткізген жас баланың жұбанышы домбырасы болады. Табиғатынан сезімтал, ән - күйге ынтық бала кең далада көкейіне оралған саздарды перге түсіріп, балалық қиялы мен сезім сырларын домбырамен бөліседі. Сырласы да мұндасы да домбырасы болады. Жалпы Қазанғап ауыл домбырашыларың көрсеткенін домбыраға салып ойнайтын болған.
Есейе келе домбырашы болып, өнер қууға бекем бел буады. Күй құпиясына бойлай түссем деген арман көкейін мазалаған Қазанғап әкесінің жалғыз атын мініп, елге аты мәлім домбырашыларды іздеп сапарға шығады. Алдымен Доңызтау - Аққалқа деген жерде тұратын Төреш күйшіні іздеп барады. Жас домбырашының дарынына таң қалып, таңдай қаққан Төреш оған күйлер үйретіп, домбыра шертудін құпияларын құлағына құяды. Күйші талапты жасқа батасын беріп, өнер жолындағы тұсауын кеседі. Қазанғап Бесқалада тұратын Орынбай, Ембідегі Құрманияз, Қарақамыстағы Үсен күйшілермен кездесіп, шеберлік сырларын көкейіне тоқи береді. Аты шулы домбырашылардан дәріс алып, олардың орындаушылық мәнеріне көзі қаныққан Қазанғап өзі де күй шығарып, ойнау стилін қалыптастыра бастайды.
Апталап жүріп Қазанғап айтулы домбырашы Орынбайдың да үйіне жетеді. Көргені де көп, түйгені де көп кісі екен. Әр жайдан әңгеме қозғалып, талай күй шертілді. Бұл кісі де Төреш сияқты, жас домбырашының өнерін қоштап, талабына нұр жаусын айтады.
Орынбай жас күйшіге «өзінде күй шығарып көрмедің бе?» деп ой тастайды. Қазанғап домбырасын алып, өзінің бірнеше «Ақжеленің» тартып береді. Көбеген күйшінің ақыл кеңесіне, алғысын айтып, жылы сөзіне арқаланып, ауылына нұры тасып оралады.
Бірде Қазанғап Оңтүстік өңірінен астық алып қайтпақшы болып, сауда керуеніне ілесіп жолға шығады. Қарақамыс ауылының тұсынан өтіп бара жатып, белгілі күйші Үсен төремен танысып, сәлем бермек оймен ат басын бұрады. Үсен төре жол жүріп кеткен екен, Қазанғап сусын ішіп тыныққан соң, Үсен төренің домбырасын келінінен алдырып, тарта бастайды. Әлден уақытта сырттан үйге кірген Үсен төре домбырасын тартып отырған бейтаныс адамды көріп:
- Домбырамды менің рұқсатымсыз алып тартуға батылы жеткен неткен жансын? Ал енді көрсет өнерінді, егер дұрыс тарта алмасан, осы жерде айыбынды төлейсін, -деді.
Қазанғап өзін таныстыру үшін «Көкейге түскен Көкілжан» атты жаңа бір күйін шертеді. Оған риза болған Үсен төре үйдің төрінен орын береді.
Қазаптың белгілі күйші Үсен төремен осылайша танысады.
Күйшінің Қазанғап екенің білгеннен кейін қатты қуанған Үсен төре сол жерде кішігірім күй сайысын құрады. Сол кезде Үсен төре Қазанғапқа барлық 62 ақжелен күйлерін тартып бер дейді. Қазанғап бұл күйлерді мүдірмей ойнап, өзі төреге «мына бір күйімді шертіп қайтарыңыз» деп, күйді ойнап береді. Үсен төре домбыраны алып, Қазанғаптың жаңа күйін ойнай бастайды. Кенет күйдің сол қолмен перненің асты-үстінен алынып ойналатын жерінде домбырасы тайып, қолынан ысырылып түсіп кетеді. Ел арасында бұл күй «Ысырма» деген атпен тарайды. Осылайша Қазанғап «Ысырма» күйін орындау арқылы, айласымен атақты Үсен төрені ұтып кетеді. Үсен төре Қазанғаптан жеңілгенің мойындап, батасын береді.
Қазанғап өз өнерін ұштау, жетілдіру жолында көп еңбек еткен Қазанғап осы тұста « Қаратөс» деген жалпы атпен екі күй шығарады. Күйші бірін «Үлкен Қаратөс», екіншісін «Кіші Қаратөс» деп атайды. Музыкалық құрылысында айтарлықтай жаңалық болмағанмен, ішкі динамикасы мен әуенінде сонылық әм құлаққа жағымдылық бар екені айқын көрінеді. Формасы жағынан Дәулеткерейдің «Қос ішек», «Атқа алған» күйлеріне аздап ұқсайды.
“Шәкіртсіз ұстаз - тұл” деген, Қазанғаптың шәкірті аз болмаған. Олар - Матай Қуантайұлы, Құрманғали Өмірзақов, Кәдіралы Ержанов, Нұрқат Қосуақұлы, Медеубай Бақтыбергенұлы және басқа көптеген домбырашылар. Сондай шәкірттерінің бірі - Жәлекеш Айпақов. А. Жұбанов Қазанғаптың күйлерін зерттеп жүріп, 1965 жылдары Шалқарда Жәлекешті кездестіреді. Оның шеберлігіне тәнті болған Жұбанов Алматыға алдырып, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестріне домбырашы етіп қабылдайды. Барлық жағдайын жасайды. Оның себебі бар. 1904 жылы туған Жәлекеш Қазанғаптың көзін көрген, әкесі қоңсылас қонған. Ж. Айпақовтың орындауындағы Қазанғаптың 13 күйі Қазақ радиосында 1975 жылға дейін беріліп келді. Қазанғап күйлерін алғашқы насихаттаушылар ретінде Жәлекеш Айпақовқа Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі атағы берілген.
1916 жылы 25 маусымда «бұратана» халықтан тылдағы қара жұмысқа адам алу туралы патша өкіметінің жарлығы шықты. Орданың құрамына кіретін болыстар бұл жарлыққа бас көтеріп наразылық білдірмек болып еді, жазалау жасағының сұсына төтеп бере алмай, бір жағы байлардын сатқындығынан опық жеп, ұйымдасып қарулы қарсылық көрсете алмай, зәресі ұша Қарақұм жағына қарай дүркірей көшкен - ді. Қазанғаптың көшуге көлігі жоқ болып, жұртта қалып қояды. Өзі тізімге ілігіп қашып жүрген жігіттерге барып қосылады. Ауыл орнында жұмысқа жарамсыз кәрі - құтаң, қатын - қалаш, бала - шаға қалған еді. Халықтың көтерілісі аяусыз басылған соң, қан қақсап, тоз- тоз боп, бозып кеткен көз жасы көл елді көріп, жер болған ерді көріп Қазанғап сол бір ауыр күндер хикаясын шертетін жаңа күйлер шығарады.
«Жұртта қалған» күйі кер замандағы кедей қауымы шеккен қасірет - азабын, қайғы - мұңын шерлене толғайды. Тіпті халықтың сол күндері қара жамылып аза тұтқан үні құлаққа келгендей.
Жалпы Қазанғаптың күй ойнауда өзіндік өзінің ерекше стилі бар. Мысалы « Көкіл» күйінде өзінің ауыр өмірі туралы сыр шертеді. Мұңлы шерлі күй сазы тағдыр тауқіметін тартқан күйші өмірін көз алдыңызға әкеледі. Қазақ халқының ежелгі өміріндегі әлеуметтік қайшылықтардың бірі - әйел теңсіздігі мәселесі - Қазанғап творчествосынан өз көрінісін тапқан. Күйші қазақ ауылындағы ескі әдет - ғұрыптық шырмауынан теңіне қосыла алмаған қыздардың тағдырын, өксікпен өткен өмірін « Балжан қатын » күйінде бейнелейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz