Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектердің келуі (көбеюі)


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

1. Ұзақ мерзімді активтерге нелер жатады?

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектердің келуі (көбеюі)

а) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден. Сатып алушы-

лармен есеп айырысу № 2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушіл ердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» активті шоттарында бейнеленеді. Дебиторлық қарыздардың келіп шығу көздері: өтелуге тиіс ҚҚС, негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар болатындықтан, шаруашылық операцияның жазылуы № 2110 шоттың дебетіне № 3130, 6010 шоттардың кредитінен жасалады.

Бұл жағдайда шаруашылық операцияның жазуы төмендегіше болады:

Дт Кт Құжаттар

2110 3130, 6010 Шот-фактура

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.

Бір жағынан дебиторлық қарыздардың көлемі, ал екінші жағынан бір мезгілде ҚҚС пен салық салынудың объектісі болатын, кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табысының мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын білдіреді.

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын сатып алушыға 2005 жылы мамыр айының 28 жұлдызында № 142 шот-фактураға сәйкес, 1 теңге сомада ұзақ мерзімді тапсырыс өткізді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту

2110 - 6010 = 1 3 типті операция А (+) П (+)

2) тауарлардың көрсетілген партиясына 2005 жылы мамыр айының 28 жұлдызындағы № 142 шот-фактураға сәйкес, 15 теңге сомада ҚҚС есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту

2110 - 3130 = 14 3 типті операция

А (+) П (+)

ә) Еншілес (қау ымдастырылған) ұйымдардан. Олармен есеп айырысу № 2120-2140 «Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» активті шоттарында бейнеленеді. Дебиторлық қарыздардың келіп шығу көзі: ақша қаражаттары, өтелуге тиіс ҚҚС, негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар болатындықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 2120-2140 шоттардың дебетіне № 1040, 3130, 6010 шоттардың кредитінен жасалады. Жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Құжаттар 2120-2140 1040, 3130, 6010 Төлем тапсырмалары,

шот-фактуралар

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1040) жайғасқан жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан дебиторлық қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі) .

Пассивті шот (№ 3130, 6010) жайғасқан жағдайда баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады (бір жағынан дебиторлық қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде ҚҚС мен негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар көбейеді) . Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысалдар келтіреміз: 1) есеп айырысу шотынан еншілес ұйымдардың есебінен 2005 жылы наурыз айының 23 жұлдызындағы №89 төлем тапсырмасына сәйкес, 5 теңге сомаға төлем жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту

2120 - 1040 = 5 1 типті операция А (+) А (-)

2) еншілес кәсіпорынға 2005 жылы мамыр айының 6 жұлдызындағы № 49 шот-фактураға сәйкес, 9 теңгеге ұзақ мерзімді тапсырыс өткізілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту

2120 - 6010 = 9 3 типті операция

А (+) П (+)

б) Басқа қысқа мерзімді дебиторлық берешектер бойынша. Олар бойынша есеп айы рысу № 1250, 1270, 1280, 1420 «Басқа дебиторлық қарыздар» активті шоттарында бейнеленеді. Олардың келіп шығу көздері: өтелуге тиіс ҚҚС, есептелген сыйақылар, қызметкер мен басқа тұлғалардың қарыздары, дауласулар бойынша есептерді қоса, басқа дебиторлық қарыздар болатындықтан, жазу № 1250-1420 шоттардың дебетіне № 1010, 1040, 3310, 3350, 3390, 6120, 6210, 6280 шоттардың кредитінен жасалады.

Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Құжаттар

2150-2180 1010, 1040, 3350, 4110, Төлем тапсырмалары,

4430, 6120, 6210, 6280 шығыс кассалық ордерлер, еңбекақы бойынша бет есептер,

келісім шарттар, сыйақылардың есептері

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040) жайғасқан жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан дебиторлық қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі) .

Пассивті шот (№ 3350, 4110, 4430, 6120, 6210, 6280) жайғасқан жағдайда баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті - пассивті» операция орын алады (бір жағынан дебиторлық қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде жеткізушілер мен еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар, сондай-ақ негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар көбейеді) . Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

2. Бөлінбеген табыстар қандай шоттарда есепке алынады?

Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарына сәйкес есепті кезең ішіндегі табыстың (зиянның) жиынтық сомасы 5610 «Жиынтық табыс (зиян) » шотында анықталады. Бұл шоттың кредиті бойынша VII «Табыстар» бөлімі шоттарымен корреспонденциялана отырып, алынған табыстың жиынтық сомасы, ал дебеті бойьшша VIII «Шығыстар» бөлімінің шоттарымен корреспонденциялана отырып, шығыстардың жиынтық сомасы көрсетіледі.

5610 «Жиынтық табыс (зиян) » шотының дебеттік және кредиттік айналым сомаларын салыстыру нәтижесінде 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) » шотының көшірілетін таза табыстың (зиянның) сомасын анықтайды. Егер есепті кезеңде табыс алынған болса, онда 5610 «Жиынтық табыс (зиян) » шоты дебеттеліп, 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) » шоты кредиттеледі, ал егер де зиян болса, онда керісінше бухгалтерлік жазу орындалады, яғни, 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) » шоты дебеттеліп, 5610 «Жиынтық табыс (зиян) » шоты кредиттеледі.

Жоғарыда заң және құрылтай құжаттарына сәйкес есепті жылдың бөлінбеген табысының есебінен резервтік капиталға аударым жаса-лынатындығы айтылған болатын. Есепті жылдың зиянын жабуға бағытталған резервтік капиталдың қаражаттары сомасына 5300 «Резервтік капитал» бөлімшесінің тиісті шоттары дебеттеліп, 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) » шоты кредиттеледі. Есепті жылдың бөлінбеген табысының елеулі бөлігі дивиденд және серіктестік қатысушыларына табыс есептеу үшін жұмсалынады, қалған сома 5410 «Eceптi жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) » шотынан 5430 «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) » шотына көшіріледі.

Қорыта айтқанда аудиторға бөлінбеген табыстың шамасын (мөлшерін) бағалау қажет. Бұл бөлінбеген табыстың динамикасын көру және өзгеру тенденциясын анықтау үшін оны өткен есепті кезеңдермен салыстыру жолымен жүргізіледі. Талдау жасау үшін тең есепті жылдың қорытынды мәліметтері ғана емес, сондай-ақ өткен кезендердің де мәліметтері алынады.

Меншіктік капиталдың негізін құраушылардың бірі бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ
«БИОС» жшс-ң қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау
Дебиторлық борыштар есебінің жүргізілуі және аудиті
Ұзақ мерзімді несиелерді өтеу
Компанияның қаржы шаруашылық қызметі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік: құру тәсілдері және мазмұны
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің есебі және аудиті
Ұйым активтерінің баланс валютасындағы үлесі
Қысқа мерзімді инвестициялардың құндарының төмендеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz