18-19 ғғ. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер


18-19 ғғ. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс (1783-1797)
2. 2 Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс - Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836-1838)
2. 3 Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) - қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.
2. 4 Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1795 - 1859) - қазақ батыры. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресейотаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.
2. 5 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
XVIII- XIX ғасырларда қазақ халқы сырттан төнген экспансияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Қазақ қоғамы XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығымен, оның артын ала Цинь империясымен, Орталық Азия хандықтарымен өз еркіндігі үшін тынымсыз күрес жүргізіп, ең соңында Ресей империясымен бетпе-бет келді. Мешеу көшпелі мал шаруашылығына сүйенген және өз ішіндегі феодалдық алауыздықты жеңе алмаған Жоңғар хандығы жеңіліске ұшырап, жері Цинь патшалығына қарады. Шамамен осындай дөрежедегі қазақ елін Ресей империясы өзіне қосып алды. Сөйтіп, екі-үш ғасыр бойы Орталық Азиядағы елеулі күш ретінде танылған қазақ және жоңғар мемлекеттері көрші қуатты империялардың тегеурінді ілгері жылжуын тоқтата аларлықтай қарсылық көрсете алмады.
Ұлт-азаттық қозғалыс - отар елдерге тән тарихи құбылыс. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты - ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс - отар халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі.
Оның басты мақсаты - ұлтты өзге мемлекеттің экономикалық, саяси және басқа езгісінен азат ету, елдің табиғи ұлттық мүддесін қорғауға қабілетті мемлекеттілігін қалпына келтіру. Отаршыл жүйені жою және отарсыздандыру шараларын іске асыру арқылы шынайы дербестікке қол жеткізу. Яғни, ұлт-азаттық қозғалыс дегеніміз - отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат-жұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі.
XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық жолындағы күресі - Отан қорғау мақсатын көздеді. Елдің бір бөлігі жау қолында қалған жағдайда оны азат ету ісі жалпыұлттық міндетке айналды. Отан соғысы мен ұлт-азаттық қозғалыстың мақсаты ортақ - елдің мемлекеттік тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сыртқы қауіптен қорғау. Сондықтан бұл ұғымдар бір-біріне жақын, мазмұны жағынан өзара астасып жатыр. Дегенмен ұлт-азаттық қозғалыстың мазмұны тереңірек. Ұлт-азаттық күрес қоғам өмірінің барлық салаларымен байланыста дамиды. Мұндай байланыстылық тек саясат пен экономикадан ғана байқалып қана қоймай, қоғамның мәдени-рухани жағын да қамтиды. Ұлт-азаттық қозғалыс - бұл ұлттық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни, рухани қайшылықтардың түйіні. Демек, ұлт-азаттық қозғалыстар туралы жан-жақты шынайы тарихи контексте оқып-үйренуіміз қажет.
Қазақ халқының төл тарихы революцияға дейін де, кеңестік дәуірде де отаршыл саясат, таптық идеология, еуроцентристік қағидалар тұрғысынан зерттелді. Отаршылдық дәуірде ұлт-азаттық күрестерге «бүлік» деген айдар тағылды. Ал оған қатысушылар «бүлікшілдер», «тонаушылар» аталды. Ресейдің империялық пиғылдарына қарсы, жалпы адамзаттың өркениет көшінде өз этносын сақтап қалу жолындағы халықтың азапты күресі жоққа шығарылды. Осылайша ұлт-азаттық қозғалыстардың толыққанды шынайы тарихына қатысты талай шындықтар бұрмаланды.
Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс (1783-1797)
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс - Кіші жүздегі 1783-97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші - қарапайым көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар болды. Кіші жүз руларының барлығы да атсалысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. б.
Сырым Датұлы (1753-1802) - Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.
Шыққан тегі - Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.
XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.
Ұлт-азаттық қозғалысының шығу себебі және оның алғашқы кезеңі
1782 жылдың аяқ кезінде патша үкіметінің жарлығы шығып, онда қазақтардың Жайықтың оң жағалауындағы аймақтарға қыс мезгілінде жайылымдық жерлерді жалға алу арқылы ғана уақытша өтуіне рүқсат етілді. Орал казактары бұл жарлықты өз мүддесіне пайдалана қойды - қазақтардың жерін қазақтардың жалға алуына тыйым салынды. Орал шекара шебіндегі бекіністердің күзеті күшейтілді. Қазақтар аманат беруге тиісті болды.
1782-1783 жылдың қысында шекара шебінің ішкі жағында казактар қазақтардың 4 мыңнан астам жылқысын күшпен тартып алды. Қыстың өте суық болуы жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Жұт басталды. Дала тұрғындарының 10 000-нан астам жылқысы мен сиыры қырылып қалды. Міне осындай қиын-қыстау жағдайда Кіші жүздің шекара шебіне таяу ауылдарында бұқаралық қозғалыс басталып, ол көп ұзамай азаттық күресіне ұласты.
1783 жылдың көктемінде қазақтар Орал шекара шебіне шабуыл жасай бастады. Қазақ жасағы Гирьял бекінісіндегі солдаттарды тұтқынға алып, малдарын айдап кетті. Орынбордың солтүстік-шығысында тама руының жасақтары шабуылдаумен болды. Орынбор коменданты қазақ даласына Орынбор қазақтарының жазалаушы әскерлері мен башқұрттардың 1500 сарбазын жіберді. Қазақ көтерілісшілері оларға табандылықпен қарсылық көрсетті. Қазақтардың тастан тұрғызған бекінісі дұшпанның баса-көктеп бірден лап қойған шабуылы кезінде алынды. Тұтқынға алынған 56 адам қазыналық жұмыстарды атқаруға жіберілді.
1783 жылдың жазында казақтардың әскери бекіністер мен сауда керуендеріне шабуылы жиілей түсті. Мұның өзі орыс мемлекетінің Орта Азия хандықтарымен жасалатын сауда-саттық деңгейін құлдырата төмендетіп жіберді. Қарағай бекінісіне бірден лап қойған шабуыл жасалды. Көтерілісшілер Орынбор мен Елек қорғанысының екі арасын байланыстыратын даңғыл жолды өз бақылауларына алды. Көтерілісшілердің Ор (Жаманқала) қамалы мен Төменгі Орал аймағындағы қимылы ерекше белсенді болды.
1785 жылы қазақ жасақтары Төменгі Орал шекара шебінің аймағында патша үкіметінің әскерлерімен кескілескен шайқасқа түсті. Сырым Датұлы 2700 сарбазы бар жасаққа, старшын Барақ Жанұзақұлы 2000, Тіленші батыр 1500 сарбазы бар жасақтарға басшылық етті. Бұларға қарсы казактардың үш отряды жасақталды.
1785 жылы ру старшындарының Нұралы ханмен және оның төңірегіндегілермен арадағы күресі күшейе түсті. Ханның халық көтерілісін басып-жаншып тоқтатуға мұршасы келмеді. Ол - ол ма, көтерілісшілер халыққа жексұрын болған оны орнынан түсіруді талап етті. Қазақтардың да, отаршыл билеушілердін де көз алдында өзінің беделінен жұрдай болған Нұралы хан 1786 жылы Кіші жүзден біржолата қуылды. Ол ендігі жерде патша билігінің қамқорлығына алынды. Біраз уақыт Калмыков бекінісінде жасырын тұрды. Содан кейін 1790 жылы Уфаға жер аударылған Нұралы хан ақырында сонда қайтыс болды.
Барон Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері
Қалыптасқан жағдайда патша үкіметінің алдында тұрған ендігі міндет Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа түрлерін ойлап табу еді.
1784 жылы Орынбор губерниясының бастығы болып О. Г. Игельстром келді. Ол аймақты басқару жөніндегі икемді саясат жүргізуге қабілетті адам ретінде белгілі болатын. Кіші жүз қазақтары арасындағы жағдайды тез түсініп үлгерді. Билікті билер кеңесіне беруді жақтаған Сырым батырдың ықпалын әлсіретуге тырысты.
1786 жылы О. Игельстром хан билігін реформалаудың жобасын ұсынды. Ол реформаның мәні хан билігін толығынан жою, Орынборда Шекаралық сотбилігін орнату еді. Кіші жүзді рулық-тайпалық жүйе бойынша - Әлімұлы, Байұлы және Жетіру етіп үшке бөлу ұсынылды. Оның әрқайсысында сот билігін жүзеге асыратын әкімшілік органдар - ру ақсақалдары кіруге тиісті «расправалар» құрылатын болды. Оның құрамына төраға, оның ақсүйектерден тағайндалатын екі орынбасары және бір молда енгізілетін болды. Олардың атқаратын жұмысы үшін қазына есебінен жалақы төлеу көзделді.
II Екатерина Игельстромның бұл ұсынысын қолдады. Кіші жүз аумағында екі не үш қала, бірнеше мешіт, ақсүйектердің балалары оқитын мектептер салынатын болды. Бұл шаралардың бәрі де Кіші жүз қазақтарының Ресей империясынан іргесін аулақ салып, саяси оқшаулануын жоюға тиіс еді. Бірақ Игельстромның реформасы Кіші жүздегі сұлтандар мен старшындардың наразылығын туғызды. Өйткені олар қазақ даласындағы өз ықпалынан айырылғысы келмеді. Орта жүз бен Ұлы жүздегі Шыңғыс әулеттері де осылай деп ойлап, олармен ынтымақтастық танытты.
Сондықтан да Игельстром ұсынған жаңа басқару органдары өмірге бейім болмай шықты. Әкімшілік орган - расправалар іс жүзіде бас қосып жиналған жоқ, ешқандай жұмыс та атқармады. Хандықты қолдаушы сұлтандар Батыр сұлтанның ұлы Қайыпты хан сайлады.
1786 жылы старшындардың съезі өтті. Онда тек қана Шекаралық сот құруға келісім берілді. Соттың құрамына алты ру старшыны сайланды. Жаңа әкімшілік орган құрамына сайланғандардың арасында Тіленші, Жәнібек және Тілеп сияқты беделі күшті қазақтар да болды. Мұның өзі лауазымды әкімшілік қызметінде қазақ ру старшындарының сұлтандарды ығыстырып, ауыстыра бастағанын көрсетті.
Алайда мұндай сайлау Кіші жүздің үш-ақ руында болып өтті. Сөйтіп Шекаралық сот Кіші жүздің бүкіл руларымен жоғары дәрежелі билер тобы арқылы байланыс жасай алмады. Соның салдарынан Кіші жүздегі саяси жағдайға ықпал ету мүмкін болмай қалды. Сұлтандар қазақ даласында расправалар құруға үзілді-кесілді қарсы болды.
Шекаралық соттың құрылуын пайдалана қойған старшындар жер туралы, Еділ мен Жайық арасында қысқы кездегі мал жайылымының көлемін ұлғайту туралы мәселе қоя бастады. Олар сонымен қатар бос жатқан жайылымдарды жалға беру тәртібін жоюды да ұсынды. Генерал-губернатор бос жатқан жайылымдарды жалға алып, оған ақы төлеу тәртібін ғана жойды. Ал жеке меншіктегі жерлерді жалға беру тәртібі сақталып қалды. Сонымен қатар Шекаралық шептің ішкі жағына өту үшін аманат тапсыру тәртібі орнатылды.
1786-1787 жылдардың қысында қазақтардың Еділ мен Жайық аралығына жаппай көшуі басталды. Старшындар өздерінің талаптарын күшейте түсті. Олар Кіші жүзден Ресейге кашып кеткен құлдарды қайтару мәселесін де қозғады.
Игельстром старшындардың талабын ішінара ғана қанағаттандырды. Бірақ қазақтардың шекара шебіндегі бекіністерге шабуыл жасауын токтатуды шарт етіп қойды. Қазақ старшындары бұған жауап ретінде шекара шебіндегі әкімшілік пен Орал қазақтарының тарапынан қазақтарға күш көрсетіп, озбырлық жасауын тоқтатуды талап етті. Жаңа әкімшілік орган - «расправалардың» құрылуы сұлтандарды Кіші жүз қазақтарын билеу жүйесінен шеттетуде елеулі рөл атқарды.
Бұл жағдай сұлтандардың патша үкіметіне қарсы наразылығын күшейтті. Өйткені олар өздерінің артықшылықтарынан айырыла бастаған болатын. Сөйтіп Кіші жүзде өкімет билігін жүзеге асыру мәселесі жөнінде сұлтандар мен старшындар арасындағы күрес одан әрі жалғаса түсті. Старшындар мен сұлтандардың қарама-қарсылығы басталды. Сырым батыр патша үкіметінің ықпалынан біржолата шығып кетуге бағытталған шаралар қабылдай бастады. Мұның өзі патша үкіметіне тіпті де ұнаған жоқ. Игельстромның реформасы іске аспай қалды.
Сырым Датұлы Хиуа хандығымен қазақтарға қару-жарақ, атты әскер, азық-түлікпен көмектесу, көтеріліс жеңіліп қалған жағдайда көшіп-қонып жүру үшін Хиуа хандығының бір шетінен мал жайылымын беру жөнінде келіссөздер жүргізді.
1789 жылы Игельстром Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа жобасын ұсынды. Онда патша үкіметінің қалауы ескерілді: хан билігін қайтадан қалпына келтіру және Кіші жүзді одан сайын бөлшектеп алты расправа құру көзделді. Хан басқаратын бас басқарма құрылды. Сырым батырға прокурор қызметі ұсынылды.
Жаңа жоба бойынша патша үкіметі Кіші жүзде хан мен сұлтандардың құқығына шек қоюдан бас тартты. Бірақ бұл жоба да іске асқан жоқ. Енді патша үкіметі қазақтардың Еділ мен Жайық аралығындағы мал жайылымдарын пайдалану құқықтарына шек қоюға тырысты. Мұның өзі бұл аймақтағы қарама-қарсылықты күшейте түсті. Қазақтар Орал шекара шебіндегі бекіністерге шабуыл жасауды жиілетіп жіберді.
1791 жылы Ералы сұлтан Кіші жүздің ханы болып сайланды. Ал ол қайтыс болғаннан кейін Нұралы ханның ұлы Есім сұлтан хан болды. 1792 жылы Сырым Датұлы құрамында 1000 сарбазымен Елек қорғанысына шабуыл жасады. Содан соң Красногорск бекінісін бірден лап қойған шабуыл арқылы алмақ болды. Бірақ мықтап нығайтылған бекіністер мен жақсы қаруланған қорғанысшылар көтерілісшілердің жоспарын жүзеге асыртпады. Қазақ жасақтары әсіресе 1796 жылы ерекше белсенділік танытты. Өйткені бұл жылғы қыста болған жұтта мал жаппай қырылып, халықтың жағдайы нашарлап кеткен еді.
Ұлт-азаттық қозғалысының ақырғы кезеңі
1797 жылдың көктемінде Сырым Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап, Есім ханды өлтіреді. Бұған жауап ретінде патша үкіметі қазақ даласына жазалаушы отрядтар жіберді. Бірақ олар көтерілісшілерді кездестіре алмады. Кіші жүзде хан тағына талас басталды. Игельстром Кіші жүзді басқаруды Хан кеңесіне тапсыруды ұсынды.
Сөйтіп 1797 жылдың тамыз айынан бастап Хан кеңесі жұмыс істей бастады. Отаршыл өкімет билігі қартайып қаусап отыріан Айшуақ сұлтанның кандидатурасын қолдады. Бірақ сұлтандардан ғана тұратын қазақ ақсүйектері дәстүрлі халық жиынын өткізбей-ақ Қаратай сұлтанды хан сайлауға асықты. Мұның өзі сұлтандардың Хан кеңесіне деген қарсылығын білдіруі еді. Өйткені Хан кеңесінде старшындардың ықпалы күшті болып шығатын еді.
Сырым Датүлы Хан кеңесінің құрамына сайланбай қалды да, Сырдария өзені бойына көшіп кетті. Онда ол Әлімұлы старшындарының қолдауына ие болды да, Хан кеңесінің алдына Кіші жүздегі жағдайды жақсарту жөнінде мәселе қойды. Сырым батыр руаралық барымтаны және Орал қазақтарымен қақтығысты тоқтатуға күш салды.
1797 жылы Айшуақ сұлтан хан болып сайланды. Бұл кандидатураны сұлтандар да, ру старшындары да қолдады. Хан жасы жетіп қартайған адам еді. Ол қазақтардың арасында бәлендей рөл атқара алған жоқ. Кіші жүздегі сұлтандар мен ру старшындарының өзара татуласуы Сырым Датұлын өзінің төңірегіне ру старшындарын бұрынғысынша топтастыру, сұлтандарға және патша әкімшілігіне қарсы күресін жалғастыра беру мүмкіндігінен айырды. Сырым батыр Хиуа хандығына көшіп кетті. Халық аузындағы аңызға қарағанда, Сырым Датұлы кейбір мәліметтерге қарағанда 1802 жылы өзінің саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқан көрінеді.
Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс - Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі
(1836-1838)
Көтерілістің шығу себептері
1836-1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді.
Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.
Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады.
1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандармұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.
Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.
Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.
Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынбор қаласында тұрған. Махамбет Өтемісұлы белгілі орыс жазушысы әрі этнографы В. И. Дальмен жақсы таныс болды. В. И. Даль Орынбор генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік қызметін атқаратын. Махамбет саяхатшы ғалым Г. С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Г. С. Карелин әр кездері Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген болатын. Махамбеттің патша әкімшілігінің қолшоқпары хан, сұлтандар мен оның төңірегіндегілердің озбырлығын айыптайтын жалынды жырлары барлық қазаққа таныс.
1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашық- таншық шабуылға шықты. Мұның басты себебі Исатай Тайманұлының Хан ордасына қыр көрсетуі болды. Ол ханның шақыруына барудан үзілді-кесілді бас тартты. Оның үстіне, өзіне қарасты ауылдарды қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен жасағын топтастырды.
1836 жылғы көктемде көтерілісшілер қосынына Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы жақын келді. Оған қарсы Исатай Тайманұлы жақсы қаруланған 200 жігітті өзі бастап шықты. Ол қолына ту ұстап шығып еді. Қарсыласын жекпе-жек шайқасқа шақырды. Бірақ Қарауылқожа Бабажанұлы да, оның төңірегіндегілер де жекпе-жек шайқастан бас тартты, батырдың ұсынысын қабыл алмады. Хан жасағы үлкен шайқасқа шығуға бата алмай шегініп кетті. Көтерілісшілер өздерінің қосынына қайтып оралды. Исатай Таймановтың көтерілістің басшысы ретіндегі атағы бүкіл Кіші жүзге мәлім болды.
Жәңгір хан мен оның төңірегіндегілер Исатайға жала жабуға көшті. Бір барымта кезінде сойылға жығылып қаза тапқан бір жылқышы қарттың өліміне Исатайдың және оның адамдарының қатысы бар дегенді дәлелдеуге тырысты. Исатай Тайманұлы бұл жаланы Жәңгір ханның келісімімен Қарауылқожаның ұйымдастырғанын жақсы түсінді. Қарауылқожаның үстінен Жәңгір ханға шағым түсіру ұйғарылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz