Мектепке дейінгі мекемелерде спорттық ойындарды пайдаланудың әдіснамалық негізі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3-5 б.б

І-тарау. Мектепке дейінгі мекемелерде спорттық ойындарды
пайдаланудың әдіснамалық негізі.
1.1 Спорттық ойындар үшін қажетті құрал-жабдықтар және олардың

ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 6-13 б.б.
1.2 Дене жаттығуларын өткізу орны, жасалынатын

жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..14-16 б.б
1.3 Спорттық ойын
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-
23 б.б

ІІ-тарау. Спорт ойындарын өткізу әдістемесі.
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға спорт ойындарын

ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..23-25 б.б.
2.2 Мектепке дейінгі мекемелердегі сабақ өткізу

үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .25-31 б.б

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..32 б.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...33 б.

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-
өнуіне әсер ететін факторлардың бір бағыты спортық ойындары болып
табылады. Спорт –қазіргі заманғы өркениеттің өзекті мәселесі.
Өркениет дамуының осы заманға дейінгі спорт түрлерінің әлемге кеңінен
таралған, халықтық дүниетанымның өзегіне айналып отыр. Саралап айтқанда
спорттық ойындар біздің тархымызды аңғартып, дүние жүзіне танымал ететін
дене саулығының кепілі.
Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында : ...жас шамасына
қарай жүргізілетін денсаулық сақтау жүйесіне көңіл бөлініп, салауатты өмір
салтын дамытылып, бекітілсін деген жарлығында ел басымыз спорт,
салауатты өмір салтын қалыптастыруға көңіл бөліп отыр.
Қазақстанның қазіргі және болашақтағы жаңа тарихы дамыған ұрпақтар
арқылы жасалады. Спорттың сан алуан түрлері мен оның ұйымдастыру іс-
шараларының кешенді жүйесі мемелекетіміздің нығаюына берік негіз болатыны
сөзсіз
Халықтың тарихи айнасының жалғасы ұрпақтан-ұрпаққа мұрагерлік мирас
жолымен жететін мәдениеті, оның ішінде біз қарастырып отырған қимыл-
қозғалыс ойындарын қазіргі жас ұрпақ өміріне енгізу, сонымен қатар бұл
мәселені бүгінгі күн талабына сәйкес педагогикалық талаптар аясында баланың
денсаулығына пайдалы жақтарын көрсете отырып, іске асыруды орындау қазіргі
дербес қазақ ғылымының зерделеуді қажет ететін өзекті тақырыптардың бірі
болып саналады.
Бұл зерттеу жұмысында спорттық ойындарын қолданудың негізгі мақсаты
бала бойындағы дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып, жетілдірумен
қатар, оның мінез-құлқы мен адамгершілік қабілеттерін сәби кезеңнен
тәрбиелеуге спорт ойындарының пайдалы ықпалы бар екендігін көрсету
зерттеудің өзектілігін айқындай түседі.
Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру
проблемасына спорттық элементтері бар ойындарды енгізе отырып, бала
денесінің дұрыс қалыптасуына әсерін зерттеу бүгінгі күнгі өзекті тақырыптың
бірі болып табылады. .[1; 4-5б.б.]
Н.К.Крупская педагогикада алғаш рет ойын мен еңбек байланысы
мәселесін көтерді. Ол балалар іс-әрекетінде ойын мен еңбек арасында шекара
жоқ екенін дәлелдеді. Ойында да, жұмыста да, ең бастысы-мақсат қоя білу
және орындау. Н.К.Крупская пікірі бойынша ойын балаларды еңбекке
дайындайды. Бұл ойды А.С.Макаренко Жақсы ойын жақсы жұмысқа ұқсайды,
оларды ой басымдығы, жұмыс басымдылығы, шығармашылық қуаныш, жауапкершілік
сезімдер біріктіреді,-деп дамытты. Жұмыс –қоғамдық өндірісте материялдық,
мәдени, әлеуметтік құндылықтар жасауға адамның қатысуы. Ойында мұндай
мақсаттар жоқ. Ойынның қоғамдық мақсаттарға тікелей емес қосымша қатысы
бар, ойын адамды жұмысқа қажетті дене бітімдік және психикалық жағынан
шынықтырады.
К.Д.Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді:
Ойын-балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін
қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс-әрекеті көрінеді. Бала ойын
әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады.
Ойын баланың мінез-құлқының қалыптасуына, психикалық процес кезіндегі
үйлесімді жетілуіне әсер етеді. Бір ойын ойлау және қабылдай білуін
жетілдірсе, ал екіншісі бір ойын ойлау қабілетін, ал үшіншісі есте сақтау
қабілетін жетілдіреді.
Ойындар сюжетті-рольдік, қимыл-қозғалысты, ойын-жаттығулар және
дидактикалық ойындар болып бөлінеді.
Н.К.Крупская өзнің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі
маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге
үйретеді, ең бастысы-баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта
болуға үйретеді.
Ойын-балалар үшін оқу да еңбекте. Ойын айналадағы дүниені танудың
тәсілі. Спорттық ойын түрлері балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды
жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды ұйымдастырушылық қабілетін
қалыптастырады дегенді айтады.
Ал заманымыздың талантты педагогы В.А.Сухомлинский: Ойынсыз,
музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой
тәрбиесі деген болмайды-деп санайды.
Мектепке дейінгі бала әрекетінің негізгі түрі-ойын, осы процес арқылы
баланың рухани (психикалық процестер: зейін, ес, елес, т.б.) және дене
(физикалық) күштері дамиды. Сонымен қатар, ойын-мектепке дейінгі, бастауыш
мектептегі жасқа тән қоғамдық тәжірибені меңгертудің тәсілі.
Н.К.Крупская көптеген мақалаларында ойынның әлемді тануға, балалардың
адамгершілік тәрбиесіне ықпалын өз бетінше еліктейтін ұйым, алынған
білімді меңгеруге өте зор ықпалын тигізеді-деп, атап көрсетеді. Ал,
А.М.Горький ойынды ... балаға әлемді танытатын, өзгертетін жол ретінде
сипаттайды.
Спорттық ойын түрлерінде баланың тұлғасы жан-жақты қалыптасады, оның
психикасында елеулі өзгерістер болады. Осы арқылы үлкен тәрбиелік мәні
түсіндіріледі. Сол себепті психологтар мен педагогтар ойынды баланың
жетекші әрекеті деп санап, оларды қажетті құралдармен қамтамасыз ету,
салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жағдай жасау қазіргі күннің өзекті
мәселелерінің біріне айналып отыр.
Зерттеу обьектісі . Мектеп жасына дейінгі балабақшадағы дене
шынықтыру сабағы, спорттық ойындар.
Зерттеу нысаны. Мектепке дейінгі мекеме, балабақша орындары,
спорттық ойын орындары.
Зерттеу мақсаты. Мектепке дейінгі мекемелерде спорт ойындарына
қажетті құрал-жабдықтар, өткізілетін орын, жасалынатын жағдайлардың бүгінгі
жағдайын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Спорттық ойындар, оларға жасалынатын жағдайлар мен құрал жабдықтармен
қамтамасыз ету.
2. Сабақ мақсатына байланысты спорттық ойындарды таңдап алу, үйрету
жолдарын көрсету.
3. Спорттық ойын түрлерін басқа дене шынықтыру жаттығуларымен ұштастыра
қолдану жолдарын көрсету.
Зерттеу әдістері. Этнопедагогикалық және отандық ғалымдардың
еңбектерін, салт дәстүр, әдет-ғұрып жалпы алғанда қазақ халқының
өркениетіндегі спорттық ойындардың орнымен байланыстыра отырып зерттелді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан
және қорытындыдан тұрады. Зерттеу жұмысының соңында пайдаланылған
әдебиеттер тізімі берілген. Курстық жұмыс 32беттен, екі кестеден тұрады.
Кіріспеде мәселенің өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі,
жұмыстың мақсаттары мен міндеттері, қолданыстық маңызы анықталды. 1-
тарауда мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс ойынын дамытудың
педагогикалық-психологиялық негіздері беріледі. 2-бөлімінде дене
тәрбиесінде қимыл-қозғалыс ойыны арқылы адамгершілікке баулудың әдістемесі
берілген. Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысының мақсатының орындалуына
байланысты тұжырымдар жасалды. [2; 12-16 б.б. ]

І-тарау. Мектепке дейінгі мекемелерде спорттық ойындарды пайдаланудың
әдіснамалық негізі.
1.1 Спорттық ойындар үшін қажетті құрал-жабдықтар және олардың
ерекшеліктері.
Дене шынықтыру жаттығулары мектепке дейінгі жастағылардың барлық жас
топтарында қолданылады. Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасының
Дене мәдениетіне тәрбиелеу бөліменде барлық топтар үшін міндеттері және
шынықтыру жаттығуларының негізгі түрлері берілген. өмірдің гигиеналық,
әлеуметтік тұрмыстық жағдайы мектеп жасына дейінгі балалардың дене
тәрбиесінің маңызды құралы. Балаларға спорттық ойын түрлерін жүргізу дене
тәрбиеснің негізгі міндеті.
Спорттық ойындар және жалпы дене шынықтыру міндеттерін іске асыру үшін
балабақша әр түрлі гимнастикалық жаттығулар мен дене тәрбиесі жөніндегі
құралдарды кеңінен пайдаланады. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-
қозғалысын жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады.
Балалар жасай алатын жаттығулардың бәрі негізінен гимнастикалық жаттығулар,
олар гимнастикалық жабдықтар немесе дене шынықтыру құралдары арқылы
орындалады.
Тәжірибе көрсеткендей, балаларға құралдар арқылы әрекет ету нақтырақ
және түсініктірек, бұл олардың әр түрлі қимылдар жасай білуін жеңілдетеді.
2-3 жаста-ақ балаларға кубиктен немесе таяқтан аттап өту, керілген жіптің
астынан өту қызық көрінеді. Бала осы тапсырмаларды орындау үшін өзінің бар
күшін салады.
Құралдарды қолдану қимылды ойындар мен дене дене шынықтыру сабақтарын
түрлендіре түседі және тәрбиеші жаттығудың негізгі құрылымын сақтай отырып,
әр түрлі жаттығуларды кеңінен пайдалануға, тапсырманы түрлендіруге, өзгеріс
енгізуге мүмкіндік алады. Осылайша балалар онша биік емес етіп қойылған
кубиктің, таяқтың астынан бауырымен сырғап өтеді және т.б.
Балаларға дене тәрбиесін беру үшін пайдаланатын гимнастикалық
құрал жабдықтарды іріктеп алуда мына төмендегілерді ескереді:
1. Гимнастикалық құрал-жабдықтардың өлшемі мен құрылысы баланың
анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктеріне, антропометриялық шама –
шарқына сай болуы қажет. Гимнастикалық қабырғадағы шабақтардың арасы
баланың бойына шақталып қойылады. Шабақтың немесе гимнастикалық
таяқтың диаметрі бала алақанымен ұстауына ыңғайлы, ал секіруге
арналған кедергілердің биіктігі бала секіре алатындай болу жағы қатаң
ескеріледі, олай болмаған жағдайда бұл баланы жарақаттандырып қоюы
мүмкін.
2. Балабақшадағы барлық құрал-жабдықтардың өлшемі баланың жас ерекшелігі
мен денесінің өсу дәрежесіне сәйкес болуға тиіс. Мәселен, екі жастағы
бала өрмелеп шығуға жаттығу үшін орындық немесе биіктігі шамамен 15см
болатын жәшік пайдаланылады, ал үш жастағы бала үшін биіктік 25см-ге
дейін ұлғайтылады. Сонда ғана бала тапсырманы орындауға бар күшін
салады.
3. Осы құрал-жабдықтардың қай-қайсысы да Балабақшадағы тәрбие
бағдарламасының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді, әр түрлі дене
шынықтыру жаттығуларын орындау үшін пайдаланылады. Бір –бірімен
жалғастыруға онша қиындық келтірмейтін жабдықтар мен құрылғылар
кеңінен пайдаланылып келе жатқанын практика көрсетіп жүр. Мәселен,
гимнастикалық қабырға немесе үлкен мұнара баспалдақпен, доңғалақпен,
ұзындығы мен жалпақтылығы әр түрлі тақтайлармен ыңғайлы әрі берік
жасалады. Гимнастикалық қабырға шабақтарына көздеп лақтыру
жаттығуларына арналған әр түрлі нысаналар іліп қоюға және пайдалауға
болады.
4. Бөлмеде және балабақша учаскесінде пайдаланылатын құрал-жабдықтар
тазалық және балалардың өмірімен денсаулығын сақтау ережелерінің
талаптарына сай болуы тиіс.
5. Құралдар мен жабдықтар эстетикалық талаптарға сай болып, балаларды
сыртқы пішіннің, түстердің сәтті үйлесім табуына жетелейді.
Балалармен бірге дене шынықтыру сабағын жабдықтағанда зал мен учаскеде
аумақты құралдарды , сондай-ақ қажетіне қарай жинауға орын ауыстыруға
болатын шағын ықшамды аспаптарды пайдаланады.
Дене тәрбиесін беру жұмысында қолданылатын құрал-жабдықтар мен
оларды пайдаланудың үлгілік әдістері :
Гимнастикалық қабырға - әмбебеп гимнастикалық жабдық. Оның өзімен және
қасында тұрып әр түрлі дене шынықтырудың комплексін жасауға болады. Бұл
жабдықты баланы өрмелеуге үйреткенде, жалпы жаттығулар жасағанда сымбатты
етіп тәрбиелеу мақсатында пайдаланылады.
Гимнастикалық қабырға сонымен бірге басқа да комплекстермен: жиналмалы
баспалдақпен, тақтаймен доңғалақпен бірге пайдаланылады. Оған лақтырып
тигізетін нысананы, баскетбол кәрзеңкесін бекітуге болады. Қабырға спорт
залына немесе спорт учаскесіне орнатылады. Олардың өлшемдері : биіктігі
250-300см, ені 90см, шабақтың қимасы 2,5-3см, олардың аралығы 12-21см,
учаскедегі биіктігі 4-4,5см болып келеді.
Екінші сәби тобында гимнастикалық қабырға адымдай өрмелеп шығу үшін
пайдаланылады. Балалар 150см биіктікке өрмелеп шығып, түседі. Естияр
топтағы балалар ауыспалы адыммен өрмелеп шығады. Ересек және мектепке
даярлық тобындағы балалар гимнастикалық қабырғада жаттығулар жасайды,
түсіп, шығу дағдысын жетілдіреді. Гимнастикалық қабырға кейбір қимылдық
ойындарды ойнау үшін де қолданылады.
Гимнастикалық скамейка –ның үш түрі қолданылады:
1. ұзындығы 2м, биіктігі 20см, ені 20см;
2. ұзындығы 2,5м, биіктігі 25см, ені 20см.
3. ұзындығы 3м, биіктігі 30см, ені 15см.
Астыңғы брустың ені 10см, ұзындығы үстіңгі тақтайдың ұзындығымен бірдей
болады, себебі скамейканы құрастырғанда арасында саңылау қалмауы керек. Бұл
құрал негізінен жалпы жетілдіру жаттығулары мен тепе-теңдікті сақтаудың
жаттығуларын жасау үшін қолданылады.
Скамейка мынандай жаттығуларды жасау үшін қолданылады:
- скамейка бойымен еңбектеу;
- скамейкада етпетімен жатып, қолымен тартылып жылжу;
- скамейкадкан секіріп түсу;
- тәрбиеші атаған бір сызықтан секіріп өту;
- екі немесе бір аяқты кейін серпу арқылы скамейкаға секіріп шығып;
Балалар скаймейкада отырып немесе оның жанында отырып, алға және екі жағына
қарай еңкею, скамейкаға сүйеніштің көмегімен отырып, тұру скамейкада жатып
жасайтын жаттығулар. Гимнастикалық скамейка барлық топтарда пайдаланылады.
Сәбилер тобындағы балалар қолдарын төмен немесе жанына еркін ұстап, орындық
бойымен тура жүреді. Оларды орындықтың үстімен төрт тағандап немесе
бауырымен жылжуға үйретеді. Тәрбиеші 4-5 жастағы балалар үшін жаттығуды сәл
қиындата түседі: сәкі үстінде қосаяқтап секіріп, өкшесімен, қойылған
затттарды аттап жүреді, скамейкадан секіріп түседі. Ересек балалар үшін
жаттығуларды одан қиындата түседі –скамейканың үстімен жүріп келе жатып,
құрсаудан керілген жіптің астымен өтіп, бір аяғымен отырып-тұрады.
Жиналмалы мұнара – үш бөліктен тұратын құрал болып табылады. Мұнараның
биіктігі 1,4 м, негізгі алып тұрған орны 90 х 60см қарама –қарсы екі
қапталдағы шабақтардың ара қашықтығы 20см, қалған екеуінікі -40см.
Мұнараның екі жағы жоғарылаған сайын бірте-бірте тарыла береді, соның
арқасында оның беріктігі едәуір артады. Сатының ұзындығы 2м, ені 38см,
көледенең шабақтардың арасы 20см болады, сырғанап түсуге арналған
сырғанағыш ұзындығы 2,8м, ені 50см, екі жақтауының биіктігі 6см. Саты мен
сырғанағыш мұнараның үстіңгі ернеуіндегі екі ілгекке ілініп, әр қайсысы
сондағы аранулы тесікке сұғылып орнатылады.
Мұнараға шығу және түсу, ішіне кіру және шығу, шабақты аттап жүріп
айналып шығу сияқты жаттығулар жасау кезінде тәрбиешінің басшылығымен жеке
де, сатымен және сырғанағышпен бірге де пайдаланылды. Мұнанадағы
жаттығулардың күрделенуі шамамен гимнастикалық қабырғадағы жаттығулар
сияқты болады. Сәбилер тобында жабдық алғашындай жай сонан соң аяғын
ауыстыра өрмелеп шығу мен түсу үшін қолданылады. Естиялар тобында баланың
дұрыс қалпын сақтап немесе бір жақ қапталымен қойылған мұнараның көмегімен
шабақтар арқылы түсіп, шығуға үйретеді. Ересек және даялық топтағы балалар
үшін мұнараның пайдалануы жағынан ерекшеленеді : бір жақ қапталымен шығу,
үстіңгі ернеуін жағалай жылжу және екінші жағымен қайта түсу, екінші үшінші
шабақтарына шығу және қосаяқтап секіріп жүріп, пирамиданы айналып шығу.
Алып-салмалы кішкене басқыш, жоғарыда көрсетілгендей мұнарамен бірге
немесе бөлек күйінде барлық топтарда өрмелеу мен тепе-теңдікті сақтау,
аттап өту, жалпақ табан болып шығудан сақтандыру мақсатындағы жаттығуларда
пайдаланылады. Сәби топтағы балалар еденге жатқызылып қойылған сатының
шабақтарын атап жүреді. Естиялар тобының балалары еденде ұзыннан жатқан
сатының шабақтарын төрт тағандап басып жүреді, ала ересек пен даялық
топтағы балалар жүріп бара жатып жаттығулар жасайды, немесе сатыны бойлай
шабақтарды аттап өтеді, сатыны бойлай екі қолымен көлденең шабақтарды
ұстап, аяғымен бүйір жақтауларын басып, төрттағандап жүреді. Кіші мұнаралар
барлық топтарда өрмелеу, еңбектеп астынан өту, асып түсу жаттығуларын жасау
үшін сондай-ақ гимнастикалық тақтайды еңкейтіп немесе көледенең қойғанда
астына тіреу үшін қолданылады. Тақтайдың көлбеу бұрышы мен биіктігі баланың
жас ерекшеліктерін ескере отырып қойылады.
Тербелмелі - көпір –ұзындығы 2м және ені 40см, ең биігі 63см, көлденең
тақтай шабақтың қимасы 1,6см олардың ара қашықтығы 5-6 см болатын жабдық.
Тербелмелі- көпір барлық топтардың дене шынықтыру жаттығуларын өткізу
үшін қажет. Көпірдің үстімен төрт тағандап жүру (жалпақ табандықты
болдырмау мақсатымен) –бала аяғының башпайларымен көлденең шабақты қысып
ұстап, екі қолымен оның жақтауларынан ұстап алады. Көпірдің қалпын өзгерте
отырып, шамамен мына төмендегідей жаттығуларды жасауға болады :
Көпірдің астынан еңбектеп өту;
Көпірдің астынан бауырымен сырғып өту (аяғын созып жіберіп, қолыменен
көлденең шабақтан ұстап тартылады);
Көлденең шабақтарды дәл табанының ортасымен басып, көпірдің үстімен
қысқа-қысқа аттап, тік тұрып жүру;
Балалар екі жағынан біріне-біріне қарама-қарсы келіп, ортасына жеткенде
бірін-бірін сүйеп екі жаққа бұрылып кету.
Көпірдің үстімен тепе-теңдікті сақтай отырып, қысқа –қысқа аттап өту.
Гимнастикалық тақтай гимнастикалық қабырғамен және үлкен, кіші
мұнаралармен бірлікте қолданылады. Гимнастикалық тақтайдың ұзындығы 250см,
ені 15-20см болады. Тақтайдың бір шетінде оны көлбеу немесе горизанталь
қалыпта бекітуге арналған құрылғысы болады.
Бірінші және екінші сәбилер тобында жаттығуды 15-20см биіктікке
көтерілген тақтайда жасайды. Оны сәл еңкіш етіп орнатуға болады. Естиялар
тобында биіктігі 25см-ге дейін ұлғайтады. Ересектер мен даялық топтарында
тақтай еденді бойлай немесе биіктігі 30см мұнараның рейкасына бекітіледі.
Осылайша біріктірілген жабдық гимнастикалық қабырғаға шығу,көлбеу тақтаймен
төмен жүгіріп түсу жаттығуларын жасау үшін пайдаланылады.
Сырғанағыш барлық топтарда тек мұнарамен бірлікте ғана емес жеке де
қолданылады. Мәселен, көлбей, еденді бойлай қойылған сырғанағышпен жүруге,
жүгіруге, доп домалатады және оны қуалай жүгіреді және т.б. Балалар допты
еденге жатқызып қойылған немесе гимнастикалық қабырғаға, мұнанаға
бекітілген сырғанағыштың үстімен допты домалатып ойнайды. Олар жеке
қойылған сырғананағыштың үстімен жүреді. Олар жеке қойылған сырғанағыштың
төрт табандап(қолмен жақтауынан ұстап) жүріп шығып, басқышпен түседі;
ересек топта сырғанағышты әр қандай жолмен пайдаланады. Мысалы, басқышпен
жоғары шығып, сырғанағышпен жүгіірп түседі, сырғанағышпен төт тағандап
немесе тік жүріп шығып, шабақты бойлай пирамиданы рір айналып, түседі,
сонан соң пирамиданы айналып өтіп қайтадан сырғанағышпен жүгіріп түседі.
Тұғырлы тақтай. Бұл гимнастикалық скаймейканың бір түрі. Әр түрлі жас
топтар үшін тәрбиеші орындықтың биіктігі мен енін программада
көрсетілгендей етіп, өзгертіп отырады. Балалар бұл құралда гимнастикалық
скамейкада жасаған жаттығулардың барлығын дерлік жасай алады.
Сырт жағы сүйірленген жерде жататын ұзындығы 2-2,5 м немесе тіреуішке
қойылған бөрене –тепе-теңдікті сақтау жаттығуларын жасайтын құрал. Ол жалпы
дене шынықтыру алаңына және әр топтың учаскесіне қойылады. Ол гимнастикалық
скамейка сияқты барлық топтарда негізгі қозғалыстарды және кейбір жалпы
жетілдіретін жаттығулар жасау үшін де қолданылады. Мысалы, бөрененің
үстімен тура бір жанымен қосаяқтап, жай адымдап, өкшесімен төрт тағандап
үстінде айналу. Балаларды арнайы арнайы төгілген құмы немесе ағаш ұнтағы
бар шұқырға , бөрененнің бір ұшынан секіріп түсуге үйретеді.
Ағаш төбешік –ті тәрбиешілер көбінесе сәби топтағы балалардың сабағында
төбешікке шығып түсу, оған жақтауынан ұстап, төрт табандап шығу, сырғанау
допты домалату жаттығулары үщшін пайдаланады. Ағаш төбешік жылдың жылы
мезгілдерінде учаскеге орнатылады. Ол кезде оны барлық топтағы балалар
пайдалатын болады.
Ал, шеңбері бар металл төбешіктің үстінде балалар металды сырғанақ төбе
үстінде шеңберлерін жоғары көтеріп, шеңберден ұстап оған шығу, қолымен
ұстамай, шеңберден тізесін бүгіңкіреп өту, сырғанағыш тақтайдан сырғанап
түсу және т.б. жаттығуларды орындайды.
Доға биіктігі 60,50 40см екі ұщының ара қашықтығы 50см. Бұл құрал
барлық топтағы балалрдың дене шынықтыру жаттығуларын жасу үшін қажет. Бұл
құрал барлық топтағы балалрдың дене шынықтыру жаттығуларын жасау үшін
қажет. Оны алақанмен және табанмен, алақнмен және тіземен еңбектеп өту
жаттығулары үшін, допты домалату үшін пайдаланады.
3-4 жасар балалар аю сияқтанып алақанымен және табанымен доғаның
астымен еңбектеп өтеді, допты домалатады. Естиялар мен ересектер тобында
көрсетілген әдістердің кез келгенімен еңбектеп өту жаттығулары үшін
бірнеше доғадан тунелль жасалады. Даярлық топтарында доға Кім жылдам?
деген эстафеталық ойын өткізу кезінде жалауға немесе допқа жету жолындағы
қиындықты жеңетін кедергі қызметін де атқаруы да мүмкін.
Секіруге арналған гимнастикалық құрал тесігі және ұшына жүк байланаған
жібі бар екі тіреуден тұрады. Әр бір тіреудің биіктігі 150-170см. Оны
өлшемі 60-65см болатын өзара айқастырылған тіреу ағашқа мықтап бекітеді,
тіреудегі тесіктердің арақашықтығы 5-см ден болады. Қандай биіктіктегі
тесік болмасын бәріне ілгіш орнатылады да оған арқанды жай іліп қояды,
баланың аяғы тиіп кеткен жағдайда, арақан ілгіштен оңай шығып кете алады.
Секіру жаттығуларында жүгіріп келу үшін резеңке төсеніш болады (ұзындығы 6-
8м, ені 40-50см); секіріп түсетін жерге гимнастикалық тоқылған төсеніш
(ұзындығы 150см, ені 90см) төселеді. Олар жүгіріп келіп ұзындыққа және
биіктікке секіру, биіктіктен секіріп түсу жаттығуларын орындау кездерінде
пайдаланылады.
Бұл құрал бір орында тұрып және жүгіріп келіп биіктікке секіру 50-40см
етіп ілінген арқанның астынан өту, арқаннан аттау(биіктігі 10-15см) және
сол сияқты жаттытғуларды орындау барысында қолданылады. Бұл әсіресе барлық
топтардағы қимылды ойындарды орындау барысында қолданылады.
Кішкентай басқыш әрқайсысының ені 45см, биіктігі 1-1,5м , шабақтарының
аралығы 12-15см, олардың диаметрі 2,5-3см болатын екі жақтаудан тұрады. Бұл
жабдық әсіресе 2-3 жастағы балалардың өз бетінше ойнауы үшін қажет. Күннің
көп бөлігін далада өткізетін жылдың жылы кездерінде кішкентай басқышты
учаскеге шығарып қояды. Тәрбиеші мұны сәбилерді тік тұрған сатымен шығып
түсуге балалардың өрмелеп шығу дағдыларын жетілдіре отырып, сенімділікке,
батылдыққа тәрбиелейді, бұлшықеттерін шынықтырады.
Әр түрлі үлгідегі нысаналар. Бұл құрал рамадан және оған түрлі
формадағы ілінген нысаналардан тұрады. Нысана барлық топтардағы лақтыру
жаттығуы үшін қолданылады. Баланың жасына сәйкес арақашықтығы өзгертіліп
отырылады; кіші топтарда қашықтық 1-1,5 м, ересек топтарда 2,5-3 м-ге дейін
арақашықтықта болады.
Іші қуыс кубтар қабырғалары 20 немесе 40см болып, көптеген дене
шынықтыру жаттығуларын жасау құралы ретінде барлық топтарда шығу, секіру,
тепе-теңдікті сақтау жаттығуларын жасау үшін қолданылады. Егер бірнеше қуыс
кубтарды бірінен кейін бірін қойса балалар астынан еңбектеп өтетін туннель
пайда болады. [3; 101-115]
Ұсақ дене шынықтыру құралдары:
Доп түрлері өте көп: балабақшадағы барлық топтардағы құралының негізгізі.
Үлкен резеңке доп.(диаметрі 20-25см) барлық топта қолданылады. Оны
тәрбиешімен немесе басқа бір баламен қарама –қарсы тұып, екі қолымен
лақтыралы және қағып алады, қабырғадан еденге қарай лақтырады. Онымен жалпы
жетілдіру жаттығуларын жасайды. Жоғары, жан-жағына алға қарай көтеріледі,
өзін айналдыра домалатады, отырып тұрады.
Сәби топтағы балалар допты рахаттана домалатып оның соңынан жүгіреді,
бір-біріне қарай домалатады (еденге отырып немесе тік тұрып), қақпаға,
доғаның астымен домалатады. Ересек топтағы балалар үлкен допты басынан
асыра алға, артқа төменнен алға, тордан асыра лақтырады, тор арқылы бір
қолымен иығынан серпе лақтырады, бір орында тұрып және жылжи жүріп еденге
ұрады, допты баскетбол торына түсіреді т.с.с. орындайды.
Орташа доп (диаметрі 10-12см) көбінесе ересек және даярлық топтарында
қолданылады. Оны бір қолымен лақтырып және қағып алуға болады. Жалпы
жетілдіретін жаттығулар осындай доптарды бір қолдан екінші қолға алдан,
бастан асыра, арттан аяқтың арасынан ауыстыру, қимылдарымен тығыз
байланысты болып келеді.
Кішкентай доп (диаметрі 6-8см) бір қолмен алысқа және нысанаға
байланысты (тік және көледенең) лақтыру жаттығулары үшін қолданылады.
Волейбол добы үлкен резеңке доп сияқты тордың үстінен асыра лақтыруға,
баскетбол кәрзеңкесінен түсіруге пайдаланылады.
Үрмелелі үлкен доп тордан асырып ойнауға, сондай-ақ қатар кейбір
қимылды Допқа дәл тигіз деген сияқты ойындарда пайдаланылады.
Толтырылған доп (салмағы 800-1000г) ересек және даярлық топтарында
үлкен резеңке доп секілді жалпы жетілдіру жаттығулары үшін пайдаланылады.
Сонымен қатар онымен үстіне тізерлеп тұру, бір аяқпен тұру сияқты
жаттығуларды орындайды.
Құрсау (аумағы 55-60см, дөгелек және жалпақ) жалпы жетілдіретін жаттығулар
үшін қолданылады. Балалар құрсауды алға, жоғары көтереді, тізесін бүгіп
отырады, жан-жағына бұрылады. Ол әр түрлі тәсілмен : үстінен, астынан,
еденде тік тұрған құрсаудан (бірінші басымен, аяғымен, бір жанымен) өту
жаттығулары үшін таптырмайтын құрал. Балалар құрсаудан өтіп, оны айнала
секіріп, бір құрсаудан екіншісіне жанымен аяқтап немесе жалғыз аяқпен өтіп
жаттығады (бұл жаттығулар әсресе жалпақ құрсауда жасалынады).
Диаметрі үлкен (100см) құрсаумен бір мезгілде 3-4 бала жаттыға алады.
Бұл оларды бірлесіп әрекет ете білуге тәрбиелейді.
Таяқшалар көптеген жалпы жетілдіру жаттығулары пайдаланылады. Таяқтың
ұзындығы 75-80см. Балалар оны жоғары және алға соза көтереді, көлденең
ұстайды, оны аттап өтеді. Таяқпен жасалған жаттығулар йық бұлшық еттерін
қатайтады, сымбатты болып өсуге жәрдемдеседі.
Гимнастикалық таяқша сонымен қатар негізгі қозғалыстарды тепе-теңдікті
сақтау, өрмелеу, секіру және тағы басқа қимылдарды жетілдіруге мүмкіндік
беретін жаттығулар үшін де пайдаланылады. Мысалы, балаларға еденге
жатқызылған таяқшаларды басып жүруді ұсынады. Мұндайда таяқтардан құралған
төсеніш-жолды біртіндеп тарылта береді. Олар еденде жатқан немесе сәл
көтеріп қойылған, астынан еңбектеп өтуіне де болады.
Таяқша жалпақ табандылықтан сақтандыру үшін де табыспен пайдаланылып
келеді. Балалар еденде жатқан таяқты бойлай бір жажқ жанымен қосаяқтап
секіріп жүреді. Ересек балаларды бір жақ жанымен бірінен соң бірін
жалғастырып қойылған бірнеше таяқшаны бойлай (бір орында тұрып және алға
жылжи) қосаяқтап секіріп жүріп өтіп шығуға үйретеді.
Тәрбиешінің қимылды дұрыс көрсетуі үшін қолданылатын таяқтың ұзындығы
1 метр болады. Ұзын сырық-таяқ (ұзындығы 3м) барлық топтағы балалармен
жұмыс істеу үшін пайдаланылады. Сәби топтарда тәрбиеші мынандай
жаттығуларды бірлесіп және дәл орындауға үйретеді ; таяқты бір мезетте
ұстау, бірлесе жоғары көтеру, екінші қолға ауыстыру, түсіру. Ересек топтағы
балалар бұл жаттығуларды өз беттерінше орындайды.
Мектепке даярлық тобындағылар ұзындығы 35см таяқшаны қолданады, олар
оны қолдың білезігі арқылы айналдырады, басынан асырып, артынан екі аяғының
арасынан өткізіп, береді, табынымен дөңгелетеді.
Жіптер (ұзындығы 70-80см) әдетте топтағы баланың санына қарай болады.
Бұл өрілген әр түсті үш жіп (өріндінің бір ұшына түйме қадалады да, екінші
жағына ілгек жасалып, оларды бір-бірімен жалғаған кезде құрал есебінде
өріллген ұзын жіп пайда болады).
Бұл құрал дене шынықтыру жаттығуларына ұзын және қысқа таяқшаны
қолданған сияқты пайдаланылады. Онымен кейбір жалпы жетілдіру жаттығулары
жасалады, балалар жіпті жоғары алға соза көтереді, аттап өтеді, еденге
қойып, қайта алады. Тепе-теңдікті сақтау мен ұзындыққа секіру жаттығулары
үшін жіптен төсеніш –жол жасайды. Сонымен қатар көптеген ойындар да осы жіп
көмегімен жүзеге асырылады.
Қысқа секіргіштер (ұзындығы 120-150см) әсіресе мектепке дейінгі
ересектер үшін секірудің әрқандай түрлерін үйренуге жаттығатын жіп. Секіру
түрлері мынандай : бір орында тұрып, екі аяқпен секіру, секіргішті басынан
асыра алға және артқа айналдыру (сол және оң) аяқтарын кезектестіріп,
айқастырып, отырып секіру.
Балаларды секіргішпен алға және артқа жылжып, ирелеңдеп, жарыса немесе
жұптасып секіруге үйретеді. Секіргіш жалпы жетілдіру жаттығулары үшін
пайдаланылады, мысалы, екі қабатталған секіргішті жоғары және алға соза
көтеру, арқаға түсіру, аяқты бүгіп, тізені кеудеге қарай көтере отырып
аяқтың башпайларымен секіргішті тарту. Секіргіш жіптен тепе-теңдікті сақтау
немесе ұзындыққа секіру жаттығуларын жасау үшін жүретін жол жасауға
болады.
Ұзын секіргіштер (3м) балалларды кезектесіп секіруге үйрету үшін
пайдаланылады. Балалар алдымен қозғалмай тұрған, содан кейін тербеліп
тұрған секіргіштен (еденнен 5-6см жоғары тұрған) секіріп өтеді. Содан кейін
тәрбиеші бір баламен немесе екі бала айналдырып тұрған секіргіш жіптен
секіруді үйренеді.
Лақтыруға арналған қалталар (салмағы 150-200г, көлемі 6(7) Х 9(10)см).
Балаларды көлденең тұрған нысанаға (еденге сызылған кәрзеңкенің, құрсаудың
, дөңгелектің суреттерінде ), тік тұрған нысанаға, қозғалып тұрған нысанаға
дәл лақтыруға үйретеді. Қыста немесе күзде алаңда лақтырған кезде қалтаның
сыртынан қосымша кленка тігіледі. Балалар мынандай жалпы жетілдіру
жаттығуларды орындайды : жоғары көтереді, артынан немесе аяғының арасынан,
бір қолынан екіншісіне ауыстырады. Еңкейіп еденге қояды, оны айнала бір
аяқпен немесе қосаяқпен секіреді, оны табанымен басып тұрып, дорбаны жоғары
көтереді.
Салмағы 400г, өлшемі 12Х16см қалталар баланың сымбатты болып өсуін
қамтамасыз етеді. Бала қалтаны төбесіне қойып еденде, тақтайдың,
гимнастикалық скамейканың үстінде тепе-теңдікті сақтап тік жүреді. Балалар
баланы арқасына қойып, еденде, скамейканың үстінде төрт тағандап жылжуға
жаттығады.
Түрлі түсті қысқа және ұзын ленталар жалпы жетілдіру жаттығуларын
орындау кездерінде қолданылады : жоғары және екі жағына көтеру, жзық
бетімен және бір қырынан бір мезетте екі қолмен және екі қолмен шыр
айналдыру. Лентаны алдыға көлденең жоғары ұстап, жан-жағына бұлғай жүгіру,
оны Лентаға қолыңды жеткіз, Лентамен ұстау ойындарына пйдалану. [3 ;
115-126]
1.2 Дене жаттығуларын өткізу орны, жасалынатын жағдайлар.
Техникалық дайындық бұл –оқыту процесі қозғалыстың және әрекет әдісін
жетілдіру және оған қажетті жағдайлар жасауды білдіреді. Яғни, спорттың
ойындардың жоғары деңгейде өтуі үшін жағдай жасау.
Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған мақсаты - өз халқының
денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі әр бір мекеме
орындарында, спорттық ұйымдардан бөлек, соның ішінде –балабақша, мектеп,
жоғары және орта оқу орындарында, барлық орындар дерлік техника
жабдықтарымен қамтасыз етіліп, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін
жасалуы тиіс жағдайлармен қамтылу тиіс. Ұрпақты өмір заңдылықтарына,
салауаттылық неігіздеріне бейімдеу –ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне
жүктелген өте маңызды жауапкершілігі мол міндет болып отыр. [4 ; 132-133
б.б]
Дәрігер, меңгеруші және медициналық мейірбеке дене жаттығулары сабағы
жүргізілетін бөлмелердің санитарлық жағдайын, бөлмелердегі, сондай-ақ дене
тәрбиесі алаңындағы физкультура құралдары мен жабдықтарының гигеналық жайын
бақылауды жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі мекемелердің пәрменділігі физкультура сабақатарының
тиімділігімен, балабақшада жаппай дене шынықтыру, сауықтыру шараларының
ұтымды белгеленген көлемімен және жүргізілуімен дене шынықтыру және спорт
жаттығуларын сабақтан тыс ойындарда ұтымды пайдалану және үйлесімді
ендірумен, балалардың денсаулығына үнемі дәрігерлік бақылау жасап отырумен
қамтамасыз етіледі. Осы жағдайларды дене шынықтыру процесіне жүйелі енгізу
нәтижесінде балалардың бойында дене жаттығуларымен үнемі шұғылданып отыруға
деген дағды қалыптасып, тұрақты ынта тәрбиеленеді. [5; 246-247]
Спорт жаттығулары үшін қажет:
- дене тәрбиесі сабақтар өтткізуге қажетті құрал саймандар спорт және
сауықтыру жұмысын ұйымдастуға қажетті жағдайлар жасау.
- арнаулы медицина дәрігерінің балалармен дене жаттығулары сабақтарын
және физкультура мен спорттың тееориясы мен практикасы бойынша
ойындар ұйымдастыруға керекті жағдайларды қамтамасыз ету;
- Балаларды үнемі медициналық тексерістен өткізіп тұруды ұйымдастыру.
- Оқу және тәрбие бағдарламасына сәйкесті болуы.
- Дене шынықтыру және спорт ойындарын өткізуге жүйелі бақылау жүргізу.
[6; 135-136 б.б.]
Спорт ойындары жаттығулары өткізілетін бөлмелердің температурасы 18-17
Сº-тан төмен болмауы керек., сабақты өткізер алдында бөлменің ауасы
тазартылып, шаң-тозаңдары сулы шүберекпен сүртіледі. Балалар екі жастан
бастап спорт формасымен, спорт тәпішкесімен – красовкимен ойнауы қажет.
қыстың күні шаңғымен жүргенде, коньки тепкенде спорт костюмдері мен аяқ
киімін пайдаланған жөн. Жылдың әр мезгілінедегі спорт жаттығуларына лайықты
киім және балалар киетін киім гигиеналық талаптарға қатаң түрде сай болуы
керек.
Балалармен сабақ өткізу кезінде тәрбиешілердің де спорт формасында
болуы шарт. Дәрігер тәрбиешілер мен ата-аналардың гигиена, дене тәрбиесі
мәселелері бойынша оның балаларды дамытудағы ролі жөніндегі білімдерді
жүзеге асырады. [3; 261б.]
Мектепке дейінгі мекемелерде жүргізілетін сорттық ойындарға қойылатын
талаптар кең ауқымды. Балабақша алаңдарында міндетті түрде ойын алаңының
болады, онда мұнда теппешіктер, шағын дуалдар, өрмелеуге арналған сатылар,
тербелмелер, әткеншектер, шығырлар, аяқпен, шанамен сырғанауға арналған
шағын таулар орнатылады. Спорттық ойындардың түр-түрлеріне арналған алаңдар
немесе орындар бөлінеді. Сырғанақтар құйылады.
Балабақша мекемелерінде қыс уақытында – мұз жолдары, сырғанақ құйылып,
әр түрлі дуалдар мен құрылыстар салынады. Балалардың ұзақ уақыт таза ауада
жүруіне, әрбір балаға қызықты спорттық ойындар ұйымдастырылып, арнайы
даярланған учаскелерде жүргізіледі. Жаз кезінде өрмелеуге арналған
дуалдар, жүгіріп шығуға және түсуге арналған шағын таулар болуы тиіс.
Самокаттар, спортроллер, роликті коньки т.б. тебу үшін жолдар жасалады.
Балабақша ішіндегі және алаңдағы барлық құрал-жабдықтарды күту және
сақтаудың өзіндік мәдениеті мен тәртіптерін дұрыс орындаудың балалар үшін
үлкен тәрбиелік мәні бар. Балалардың тәртіптің пайдалалығы мен қажеттілігін
түсіне бастайды және сақтауға үйренеді. Сондықтан да тәрбиешілер барлық
құрал-жабдықтарды сақтау мен күтудің әр түрлі әдістерін табуға тырысады.
Мәселен, допты өзінің үлкен –кішілігіне қарай арнаулы тор немесе
кәрзеңкеде, гимнастикалық таяқта арнаулы тұғырда көлденең немесе тіктұрған
қалыпта сақтайды. Құрсауды ыңғайлы тұғырға, жіптерді ілгішке, шаңғыны,
конькиді, велосипед пен самокаттарды сөрелерге немесе тіреулерге сүйеп
қояды. Әр бір құрал- жабдықтың өзінің күту жолы мен сақтау шаралары дұрыс
қадағалан жөн. [3; 96-101]
Ойын алаңы, физкультура залы, топ бөлмелері –спорт ойындары
өткізілетін негізгі орындары болып есептеледі. Дене шынықтырудың құрал-
саймандары, атрибуттар, бөлмелердің ішіндегі, алаңдағы тазалық жағдайы ,
методикалық кабинет үшін әдебиеттерді материалдарды таңдау мектепке дейінгі
мекемелерінде міндетті түрде ескерілуі тиіс. Бұл міндеттер әрине меңгеруші,
тәрбиеші мен медицина қызметкерлеріне тиісті шаралар.
Спорттық ойындарды түріне сәйкес жасалынатын жағдайлар балалардың
салауатты өмір салтын қалыптастыру мен денсаулығын нығайтып, жан-жақты
дамуына мүмкіндік беретін негізгі жағдай болып табылады.
Мектепке дейінгі балаларды спорттық көңіл көтеру кезінде спорт құрал-
жабдықтарымен қамтамасыз етілген алаңда ұйымдасқан түрде өткізу қажет.
міндетті сабақтарға қарағанда мұнда ұйымдастырылу еркін өткізіледі.
Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламсына сай спорттық ойындарға қажетті
сай жағдайлар және өткізілетін орындары стандартқа сәйкесті болуы тиіс.
Спорттың өткізілетін орындары мен жасалынатын жағдайлармен қамтамасыз ету
–баланын жан-жақты шынығуы үшін негізгі шарт. [3; 97]

1.3 Спорттық ойын түрлері
Спорт ойындары сауықтыру тазалық білімділік, тәрбиелік және үгт
насихаттық маңызға ие. Спорттық жаттығуларымен айналысу басқа ойын
түрлерімен бірлікте жүргізілген жағдайда жоғары нәтижелерге жетуге
мүмкіндік жасайды. Спорттық –сайыстық бәсекелестікте өтетін, спорттық
жоғары нәтижеге жетуге ұмтылу жағдайында тарихи жинақталған әлеуметтік
қызмет, оған арнайы дайындық, ерекше қатынас, талап және нәтижеге жету
кіреді. [7; 12-13 б.б.]
Мектеп жасына дейінгі балалардың спорт ойындарына белсене араластыру
баланың жан-жақты жетілудің тиімді құралы ретінде оны рухани және дене
дайындығына тәрбиелеудің қозғауышы күші болып саналады. Нәтижиеге жеткен
сайын бала тек денесін ғана жетілдіріп қана қоймайды, сонымен бірге
адамгершілік, өнегелілік, тапқырлық, ақыл-ой, белсенділік тәрбиелерін ала
отырып балалар ұжымында бірлесе ойнай білуге үйретеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін спорттық ойындар көптеген
талаптарды қояды, сондықтан оған жас шамалық дамудың белгілі кезеңіне
жеткенде ғана тиісті әзірлігі болған жағдайда қол жетеді. Мектеп жасына
дейінгі балалар үшін жүргізілетін спорттық ойын түрлерінің көлемі біршама
ауқымды.

Волейбол
Бұл ойын түрінің пйда болғанына 100жылдай уақыт өтті. Волейбол бүкіл
дүние жүзіне тез әрі кең тарады. Ол спорттың қызықты және қолайлы
түрлерінің бірі болып саналады. Бұл ойынның кең таралуына ережесенің
қарапайымдылығы. Оындалатын қимыл-қозғалыстардың күрделі еместігі, сонымен
бірге волейболды мектеп жасына дейінгі балалар кеңінен пайдаланады. Ойын
бұлшықеттің барлық топтарының, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың шыңығуы мен денесінің жетілуін дамытуда спорттық жаттығуларды пайдаланудың рөлі
Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы
Мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру сабағы
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары
Ойын баланың әлеуметтік қарым - қатынас ортасы
Мектеп жасына дейінгі балабақшадағы дене шынықтырусабағындағы спорттық жаттығулар
Мектепке дейінгі білім беруде балалардың дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру
Күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
Пәндер