Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері мен құрылымының әдістемесі
2. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері
мен құрылымының әдістемесі
2.1. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері
мен құрылымының мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі
және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық
білім саласын әлемдік білім кеңістігіне біріктіруге бетбұрыс жасауда. Бұл
білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады.
Осыған орай, ғылыми – зерттеу барысында әлемдік озық тәжірбиелер мен
отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде.
Онда мектепке дейінгі мекемедегі баланың қоғамдағы өз орнын табу үшін
қаншалықты білім мен білікті меңгергенін білу мақсатында құрылған бағалау
жобасы үш бағытта жүргізіледі.
– оқытудағы сауаттылық;
– математикалық сауаттылық;
– жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық.
Сауаттылық термині білім, білік, дағды мазмұнын бағалаудың
кеңдігін көрсетеді. Біріккен ұлттар мен сауаттылықтың он жылдығы
құжаттарында сауаттылық дағдыларының жаңа түсінігі – адамның өзгермелі
жағдайға бейімделуге арналған ақпараттарды іздеп табуы және пайдалануы,
оның қоршаған ортаның шақыруларына тиімді қарсы тұра білу біліктілігі деп
берілген.
Халықаралық практикада білім стандарты күтілетін нәтижелер (білім
нәтижелері) түрінде берілген білім мақсаттарының жүйесі деп қарастырылып,
Нәтижеге бағдарланған білім моділіне көшуге басым бет беріледі. Онда
білім компонентілігі баланың жеке пәндер бойынша бірін- бірінен пәндер
алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлға бағдарланған (білім, білік,
дағыны) іс-әрекет білім комонентілігін қабылдауы қамтамасыз өтеді. Бұл
жағдайда білім компоненттілігі көпжажақты қызымет атқарып, білім
объектті болудан тірі білімге айналатын байқадық. Оқытудағы баланың
сапалық сиипаттамасының құрамдас бөлігі ретінде базалық компетенцияларының
ауқымды сипат түрінде нақтыланған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін
береді.
Оқу сапасын жетілдіруде білім мақсаттарының күтілетін нәтижеге
бағдарлануы жан – жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге түсе
алатын жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектепке
дейінгі мекеменің баланың сапалық және сандық білім деңгейін анықтау
арқылы оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Мектептегі әрбір оқушы
даму динамикасын және оқу барысында алған білім нәтижесін сапасын жан –
жақты және әділ бағалануға қол жеткізу.
Осыған орай мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және
жаңа технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары
жүргізілуде. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеудеге, адамның адамгершілік
болмысынын қалыптасуына басты назар аударылуы. Білім мазмұнында жаңа
процессуальдық біліктілік ақпаратты алдын ала болжау қабілеттерін жәнке
қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөледі. Саралап және
даралап оқытуға басым бағыт беріледі. Ақпаратты білім дәстүрлі тәсілдері-
ауызша және жазбаша сөйлеу, компьютерлік құралдармен байытылады. Оқытудың
механикалық естілуінен - ақыл-ой процесінің дамуына статистикалық білім
модулінен динамикалыққа, орта білетін оқушыға бағдарлап оқытудан саралап
және даралап оқытатын бағдарламаға оқытудың сыртқы мотивациясының
– ішкі адамгершілік еркін басқаруға мектеп және қоршщаған ортасының шығу
процесіне басым бағыт беріледі.
Мектепке дейінгі біліммен сабақтастықта қарастырылған
бағдарлама мен оқу - әдістемелік кешендер жетілдіріледі. Онда жеке тұлғаны
тәрбиелеу мен дамытудың табиғи жалғасы ретінде мектепке дейінгі білім
мектептің бастауыш сатысында сабақтаса әрі қарай жалғастырылады. Мектепке
дейінгі саты үздіксіз білімнің барлық кезеңдерімен тығыз байланыстағы
оқыту қызметін қалыптастыруға көмектеседі, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына
және жеке мүмкіндігін ашуға, білім алуға, білім алуға жағымды жағдай
жасайды. [17]
Жалпыға міндетті орта білім стандарттарын (жалпы бастауыш
білім) білім объектісі ретінде білім мазмұны алынған болса, өркениетті
елдердің тәжірбиесінде білім объектісі ретінде – оқыту нәтижесі алынған.
Осыған орай, білім мазмұнын жаңарту мен оқытуды түрлі формаларын пайдалану
және жаңа білім моделіне көшуді іске асыру жұмыстары кезек күттірмейтін
мәселе болып отыр.
Оқулықтағы жаттығулар оқу-танымдық іс-әрекетті тиімді
ұйымдастыруға бағдарланған. Жаттығулар ұсынылғанымен, тапсырманы өздері
құрастырып, тұжырымдап, орындауға немесе өзгертулер енгізуге, түрлендірулер
жасау ұсынылады. Бұл ұстаным баланың өздігінен ойланып, іс-әрекет жасауына
өз білімін дамытуға мүмкіндік беретін алғашқы қадамдар болып табылады.
Жаңа білім моделіне көшудің бұрынғы жүйеден айырмашылығы
оқушының жетістігінің өлшемдері жасалады. Оқыту нәтижесі барлық пәндік
түйінді компетенциялар түрінде беріліп, балалар білімін өлшеу, яғни бақылап-
бағалау, тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық бақылау, тест
жұмыстары түрінде көрсетіледі.
Балаларды жеке тұлға етіп қалыптасыру үшін оны жан-жақты
дамытуда олардың дербес ерекшеліктерін ескеру қажет. Саралап, даралап,
оқыту әдістерін жүзеге асыру барысында көрініс табады. Мұнда әртүрлі
деңгейде (көбіне 3 деңгейде) үлестірмелі дидактикалық материалдар,
дайындалады. Бұл бала білімін сараптап, оны одан әрі жетілдіруге
көмектеседі. Білім деңгейінің жетістіктері дәстүрлі білім, білік, дағдымен
қатар балалардың іс-әрекет қызметі салыстырмалы, бағалау, интерпретация,
зерделеу, модельдеу, пікірталас т.б. түрінде көрініс табады.
Баланы неге дайындаймыз?
Б * қоғамның белсенді азаматы болуға;
А * қалаған іске жауапкершілікпен қарауға;
Л * өз көзқарасын құра білуге;
А * сұрақтар қойып, оны жан-жақты талқылай
білуге
Ендеше, мектепке дейінгі мекемедегі Тәй-тәй бағдарламасы бір-біріне
деген сыйластықты, бала мен ересек арасындағы жауапкершілікті, шыншылдықты,
жаңашылдықты аса жоғары бағалайды. Тәй-тәй бағдарламасының негізі –
мінездің өзін дұрыс қалыптастыру болып отыр.
Ал осы Тәй-тәй бағдарламасының басқа технологиялардан қандай
ерекшелігі бар десек:
Тәй-тәй бағдарламасының ерекшелігі.
Жақсы идеялар мен жаңалықтар өте күшті шыдамдылықпен іске асырылуы тиіс,
- деген екен Химан Риковер. Мектепке дейінгі мекемелердегі Тәй-тәй
бағдарламасының мұғалімі қандай үміт күтетінімізді ашық көрсете отырып,
оларды сол үмітке қол жеткізуге өзіміз жетелейміз. Ал балалар сол
үмітімізді әртүрлі жолдармен ақтай алады. Мұндағы біздің мақсатымыз –
балаға деген талап емес, оларды жағымды мінез-құлыққа шақыру.
Жан-жақты ойлау арқылы жаңа жауаптар мен шешімдер қабылдау арқылы
балалар сапалы көркем тәжірбие алады. Олар қай мәселеде болмасын
бірқалыпты, жалғыз жауап жоқ екенін түсінеді.
Жаңалық-инновация- өнер жасаудың негізі болып табылады, ол дегеніміз
үйреншілікті қалыптар мен ережелерден асып кету мүмкіндігі деген сөз. Оған
қол жеткізудің бірден бір жолы – сыныптарда құрылған орталықтар.
Әр жаңалықтың да өзіне тән қындығы бар болатыны сияқты, мұнда да
оңайлық жоқ. Тәй-тәй бағдарламасының өзіндік ерекшелігі-орталықтармен
оқыту болғандықтан оған үйретудің де жолдарын қажет етеді.
Ал, осы Тәй-тәй бағдарламасы арқылы оқыта отырып, орталылықтар құру
арқылы баладан біз не күтеміз? Мектепке дейінгі мекемені бітіргендігі
баланың моделі қандай деген сұрақ бәрімізде де туады.
Тәй-тәй бағдарламасы және орталықтармен оқытудағы тәрбиешінің күтер
нәтижесі.
Ойшыл ретінде өздерінің іс-әрекетіне жауап іздейді; Мәселе шешуші
ретінде шешім қабылдап, жаңалық ашу мүмкіндіктер қарастырылады;
Тіркеуші ретінде бала өз көрген-білгенін жаза жүреді;
Тыңдаушы ретінде басқаның ойын тыңдап, дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді;
Ұйымдастырушы ретінде бала өз жоспарын құрып, өз ісіне жауапкершілікпен
қарайды;
Әріптес ретінде бірлесіп іс жасауға үйретеді;
Достар ретінде басқаға да сенім, көмекке де қол созып, қоршаған ортамен
қарым-қатынас жасайды.
Сонымен қатар, бүгінде жалпы білім беретін мектепке дейінгі
мекемедегі балалардың танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту мақсатында
оқытудың түрлі формаларын пайдалануда. Оқытудың түрлі формаларының бірі –
балалардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру екендігі белгілі. Балалардың
өзіндік жұмыстарының ерекшелігі, дидактикалық шарттары туралы педагог-
псхологтар еңбектерінде кеңінен тоқталады. [18]
Кейде біз: “Тіпті ең қабілетті адамның да басының құны болмас, егер
ол келелі біліммен қанықпаса”, - дегенді естіп қаламыз. Бұл пікірде үлкен
шындық ұялаған. Ал енді адамға білім беру үшін, оны жақсылап оқыту керек,
бұл аса күрделі үдерісті дұрыс ұйымдастыра білу шарт.
Мектепке дейінгі мекеменің бірден-бір маңызды міндеті – балалардың
ғылыми біліктерді терең және берік игеруін, қабылданған білімді тәрбиеде
қолданудың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, әрбір оқушыда
дүниетаным көзқарас, инабаттылық-эстетикалық мәдениет негіздерін қалау.
Оқыту үдерісі әрбір бала өтіліп жатқан материалды, яғни білімдену
мазмұнын толық игеретіндей дәрежеде ұйымдастырылуы тиіс. Мұның бәрі
тәрбиешіден оқытудың теориялық негіздерін терең түсініп, қажетті әдістеме
ептіліктерін шыңдай түсуін талап етеді.
Енді осы оқыту дегеніміздің өзі не? Оның мән-мағынасы неде? Қойылған
сұрақтарға жауап беру үшін бұл үдерістің екі тараптылығын есте ұстауымыз
керек.
Бірініші тарапында, жоспарланған материалды ұсынып, үдерісті басқарушы
– тәрбиеші, ал екінші тарапында – осы үдерістің барысында ұсынылған
материалды қабылдап, игеруші, міндеті оқу болған – бала.
Сондықтан білімденуге бағышталған бұл күрделі үдеріс тәрбиеші мен бала
арасындағы бір-біріне деген ықпалды белсенділікке негізделмесе, одан
келелі нәтижені күтудің ешбір қажеті жоқ деген пікір бар. Бұл дұрыс та,
бірақ мәселенің бір шеті қана. Себебі, оқыту үдерісінде педагог пен шәкірт
ортасындағы тығыз, бір-біріне ықпалды арақатынас болғанымен, ол өздігінен
ешнәрсені шешпейді. Бұл арақатынастың мәні – балалардың оқу танымдық іс-
әрекетінің ұйымдастырылуында, оның тиімділігін арттырып нәтижелі болуына
ықпал жасауда.
Мысалы, тәрбиеші жаңа сабақты түсіндіріп жатып, кей балаларға
тәртіптік ескерту жасайды, бұдан басқа сабаққа қызығушылығы жоқ бала ештеңе
ұқпайды. Байқасаңыз, арақатынас бар бірақ баланың сабаққа деген ынтасын
оятуға әрекет болмады. Осыдан, оқытудың мәні – тек қана тәрбиеші мен бала
арасындағы байланыспен шектелмей, ең алдымен, сол үдеріс барысында
балалардың оқу танымдық жаттығу істерінің ұйымдастырылуымен оларды білімге
ынталандырудың формалары мен жолдарын көрсетумен түсіндірілгені дұрыс.
Егер педагог өз шәкіртінің білімдену жолында оның әр күнгі сабақтағы
белсенділігін арттыра алмаса, баланы қызықтыру жолдарын іздестірмесе – ол
жерде қандай да оқудың болмағаны.
Оқыту үдерісінде төмендегі міндеттер өз шешімін табуы қажет:
а) оқу-танымдық белсенділікке ынталандыру;
ә) ғылымдық біліктерді, ептіліктер мен дағдыларды игеруі бойынша танымдық
іс-әрекеттерді ұйымдастыру;
б) ақыл-ой мен шығармашылық қабілетін дамытып, дарындылыққа баулу;
в) ғылыми дүниетаным көзқарас, инабат және эстетикалық мәдениетін дарыту;
г) оқу ептіліктері мен дағдыларын жетілдіріп отыру.
Оқытудағы негізгі бағдар – бұл шәкірттерге білім беру, ептіліктер мен
дағдыларды игерту, ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту. Ал осы
түсініктердің өзі нені байқатады?
“Білім” екі мағынаға ие. Біріншіден, ғылыми ізденістің нәтижесі,
екіншіден игерілуге тиіс ғылыми материал, яғни білім – бұл теориялық
игерілуі тиіс адамзат идеяларының жиынтығы. Оқытуға байланысты білімнің
ерекшелігі оқу барысында шәкірт ғылым жаңалығын немесе жаңа теориялық
идеяларды ашу емес, оған қойылатын талап - ғылымда бар деректемелерді
танып, түсіне алу, оларды есте сақтап, қайта жаңғыртып, тәжірибеде қолдана
білу, яғни әрбір шәкіртке мектептік ғылыми пәнге байланысты игерілген
білімді өзінің жеке құндылығына айналдыру мақсаты қойылады.
Оқыту барысында біліммен тығыз байланысты ептілік және дағды жүреді.
“Ептілік” түсінігі игерілген білімді тәжірибеде қолдана білу дегенді
аңғартады. Мысалы, математика есебін шешу ептілігі қойылған мәселенің
шартын талдау, оны бұрын игерілген білім қорымен салыстыра білу, білім қоры
элементтерін қолдану негізінде шешімін табу жолдарын іздестіру және
табылған нәтиженің дұрыстығын тексере білу тәсілдерінен құралады. Осыған
орай “дағды” түсінігі ашылады.
Дағды – ептіліктің мейлінше жетілдіріліп, автоматтандырылған күйге
келтірілген құрылым элементі. Мысалы, оқушының жүргізіп оқу дағдысы, мән-
мағынасын түсіну ептілігінің аса бір маңызды элементі.
“Қабілет” деп оқу үдерісінде дамып отыратын жеке адамның психикалық
қасиеттері айтамыз. Бұл қасиеттер, бір жағынан, шәкірттің белсенді оқу-
танымдық іс-әрекетінің нәтижесі, екінші тарапынан сол іс-әрекеттің жоғары
дәрежеде епті әрі табысты болуына ықпал жасаушы құрал. Қабілеттілік – бұл
әрбір адамның дүниетанымдық қызметі мен еңбек саласындағы табысының қайнар
көзі.
Қабілеттер екіге бөлінеді:
арнайы
Қабілеттер
жалпы
Баланың білімдену жолындағы табысы еңбекқорлық, жігерлілік және
ептілік сияқты жеке психикалық жалпы қабілеттерге байланысты. Мысалы,
еріншек бала, құлқы өзгермесе, ешқашан тиянақты білім алуы мүмкін емес.
Жалпы қабілеттер қатарына зейінділік, дамыған, ұшқыр ой қиыншылықты жеңу,
төзімділік кіреді.
Арнайы қабілеттер белгілі іс-әрекеттер немесе кейбір игеруге қиын деп
есептелінетін шет тілдер мен математика, химия, физика немесе аса үлкен
дарындылықты талап ететін ән-күй, сурет, өнер сабақтарында байқалады. Жалпы
және арнайы қабілеттер бір-біріне байланысты бірлікте дамиды. Кейде қабілет
нышандармен шатастырылады. Бұл дұрыс емес. Нышандар – бұл нәсілдіктен
берілген жүйке жүйесімен ағзаның ерекшелігі: ми мен сезім мүшелерінің, дене
бітімінің т.б. құрылысы. Музыка, сурет өнеріне деген қабілеттің болуы
әуенді, түр түсті жете айыра білу нышандарына байланысты. Қабілет жеке
адамның тума қасиетіне мінез сапасына жатпай, оқу-тәрбие барысында дамиды.
Оқыту үдерісінің құрылымы және онда баланың танымдық іс-әрекетінің көрініс
табуы.
Оқыту үдерісін ұтымды ұйымдастыру үшін оның құрылым бірліктерін жете
білу және олардың мән-мағынасын тереңнен түсіну қажет. Бұл тұрғыдан оқыту
жұмысында, адамның жалпы іс-әрекетіндегідей келесі құрылым бірліктерін
атауға болады: мақсаттық, қажетсіну - себеп, мазмұндық, жаттығу -
әрекеттік, көңіл-күй, еріктік, бақылау – реттеу және бағалау – нәтижелік.
Аталған құрылым бірліктерге негізделе отырып оқыту үдерісінде жүріп жатқан
педагог пен шәкірттің іс-әрекеттерін жеке дара нақтылап шығуға болады.
Оқытудың мақсаттық құрылым бірлігін анықтау.
Оқыту үдерісін ұйымдастыру ең алдымен оның мақсатын дәл әрі нақты
белгілеумен және ол оқушыға түсінікті болып, қабылдауына байланысты.
Оқытудың мақсаты – бұл тәрбиеші мен баланың ұмтылыс іс-әрекетінің ізгі
нәтижесін алдын ала болжай білу. Бұл тараптан, оқыту үдерісінің мақсаттық
көрсетпелері балаға оқу-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың мәні мен
әдістерін жеңіл түсінуге, сол арқылы оның сабаққа деген ынтасын арттыруға
ықпал жасайды.
Күнделікті тәжірибеде оқытудың мақсатын белгілеу – айтарлықтай
күрделі іс. Тәрбиеші мұны байыпты ойластырғаны дұрыс. Ең алдымен
тәрбиешінің ескертетіні: жалпы оқыту жүйесінде сондай-ақ әрбір сабақ
барысында үш түрлі өзара байланысты мақсаттар тобы іске қосылады.
Оқытудың мақсаттылық құрылым бірлігін анықтау
Білім
Ептілік
Дағдыларды игеру
Оқыту жүйесінде Ой
өзара байланысты Ес
мақсаттар тобы Шығармашылық қабілет
Ептілік Дағды
Ғылыми Эстетикалық
көзқарас Инабат мәдениет
Бұдан, тәрбиеші қай және қандай сабақты жоспарламасын оның ең алдымен
шешетіні: сабақтың білім беру мақсатын қалған екі - дамыту, тәрбие
мақсаттарына ұштастыра белгілеп және олардың қаншалықты деңгейде
орындалатынын анықтау.
Мысалы, кейбір сабақтар жаңа тақырып бойынша жалпы түсініктер беруге
арналса, басқа сабақтар ұсынылған материалдың теориялық астарларын игеруге
бағытталады, тағы біреулерінде – басты назар ептіліктер мен дағдылар
жаттығуларына бөлінеді, немесе игерілген білімді тексеру мақсатына
қойылады.
Сабаққа қойылатын мақсат сан алуан. Осыған қарай оның өткізілетін
формасы да көп.
Ең бастысы мұның бәрін оқушы санасына түсінікті жеткізе білу қажет,
себебі осыдан өзінің оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаттық бағдарын ұғып,
тапсырылған жұмыстардың орындалу әдістерін ойластырып іздестіре бастайды.
Бұл оқу оқытудың тиімділігінің алғы шарты.
Білім игеру қажеттілігі мен себеп-түрткілерін қалыптастыру.
Ұсынылған материалды игеру және осыған байланысты баланың ақыл-есінің
дамуы олардың өзіндік оқу-танымдық белсенділігінің негізінде ғана іске асып
отырады. Кезінде А.Дистерверг жазған “Даму мен білімді игеру ешбір адамға
өзінен-өзі берілген емеc”.
Оларға жету әркімнің өз іс-әрекетінің, өзіндік күш салуының, өзіндік
ұмтылысының нәтижесі. Сырттан адам тек қоздырғыш күш алуы мүмкін. Сондықтан
өзіндік іс-әрекет бір уақытта білім алудың әрі құралы, әрі жемісі”. Яғни
жеке адамның жан-жақты дамуы мен рухани байлыққа жетуін зорлықпен
қамтамасыз ету мүмкін емес. Шынайы білім қоры мен мәдениет тек қана
ізденушінің білім, ғылым және өнерге құштарлы болған жағдайда
қалыптасады.[19]
Ал енді ұмтылыс әрбір адамның ішкі жан дүниесінің білімге деген
қажетсінуінен, ұнамды себеп-түрткілер аясында пайда болған қызығушылықтан
туындайды. Бұл орайда француз физигі Л.Паскальдің айтқан пікірі терең
мағынаға ие: “Бала – толтырылуы тиіс құмыра емес, ол тұтануын күтіп тұрған
алау”.
Ал енді балада білім алуға деген осы қажеттілікті себеп-түрткілер мен
қызығушылықты қалай оятуға болады?
Әрбір бала бойында оқуға деген қажеттілік пен қызығушылықты
қалыптастыруға біртұтас педагогикалық факторлар мен әдістемелік тәсілдер
ықпал жасайды. Бұл әсерлердің психологиялық негізі мынада: қолданылатын
шаралар мен тәсілдер шәкірттің ішкі жан дүниесінде оның оқу үлгерім деңгейі
мен қалай керектігі арасындағы қайшылықтарға орай толғаныс пайда етіп,
білімді игеруге белсенді ұмтылыс оятады. Яғни оқу барысында игерілген білім
мен әлі үйренілмеген білімдер арасындағы айырма оқуды ілгерілетуші күш
сипатына айналады.[20]
Балада білімдік қажеттілік пен оның танымдық белсенділігінің
қалыптасуын күшті әсерлердің бірі - ұстаз, мұғалім келбеті, оның
біліктілігі мен оқу, үйрету шеберлігі.
Өз пәнін ғылыми негізде терең игерген тәрбиеші оқыту барысында
алдында отырған шәкірттеріне қызғылықты оқиғалар мен деректерді ұсынады
оларды өзінің кең ой-өрісімен, жоғары сауаттылығымен таңдандырады. Бұл
балаларда еліктеудің психологиялық нүктелеріне жан беріп, олардың оқуға
деген ұмтылысына түрткі болады.
Оқуға деген қажеттіліктің қалыптасуына әрбір тәрбиешінің өз
тәрбиеленушісіне болған сый-құрметімен орынды талабына негізделген мейірім
шапағаты өте керек. Ұстаз құрметі шәкірттердің өз қадір құрметін нығайтумен
тәрбиешіге болған сыйын арттыра отырып оның оқытатын пәніне деген ұмтылысын
да пайда етеді.
Сыйлы ұстаздың қандай да талаптары орынды қабылданып, кемшіліктерді
жою – шәкірт үшін заңды сипат алады. Ал егер мұғалім мен оқушы арасында
келеңсіз қатынас ұяласа, онда оқу-танымдық іс-әрекеттің кері кеткені, яғни
адам психикасы байланып оның танымдық белсенділігі баяулайды. Білім игеру
барысында қажеттілік пен қызығушылықтың қалыптасуына баланың оқыту үшін
қолданылған арнайы әдістемелік тәсілдері де үлкен маңызға ие.
Олардың ішінде атап көрсететіндер: көрнекілік және оқытудың техникалық
құралдарын пайдалану, жаңа материалды ұсынуда деректерді қолдану,
проблемалық ситуацияларды туындату т.б. Білім негіздерін игеруден
қажеттілік баланың әр күнгі оқуының жетістігін көре отырып қуанышқа
бөленуде. Себебі шәкірт білім жолындағы іс-әрекетінің жеміст і болуынан
үмітін ешбір үзбейді. Егер осы үміті әрдайым ақталып отырса, онда шәкірттің
оқуға деген қызығушылығы одан сайын артып, жаңа білім межесінде ұмтылысы
күшейе түседі. Ал егер баланың сабақ үлгерімі төмендей бастаса, оқудағы
қиыншылықтарды кемітуге бір-біріне сенімін жоғалтып, оқу-танымдық іс-
әрекетін баяулатады немесе кейде өз оқу жұмысын тіптен доғарады. Бұдан
шығатын тұжырым Я.А.Коменский айтқандай: “Оқу әрдайым жеңіл және тартымды
болуы қажет. Қиналып оқу нәтиже бермес, көбіне ол оқуға деген ниетті жойып
жібереді”.
Жоғарыда баяндалған жәйттерге байланысты кей кездері баланың төмен
оқуын, сабақта тәртіпсіздігін, тәрбиешінің түсіндіруіне құлықсыздығын, ал
кейде сыныптастарына әдейі кедергі етуін дұрыс педагогикалық тұрғыдан
бағалаған жөн.
Мұндай жағдайларда кейбір тәрбиешілер: “шәкірттің өзі оқығысы
келмейді”- дей салады. Бұл үстүрт шешім. Мұның орнына: “балада оқуға деген
қажеттілік жоқ” – деген жөн. Ендеше, бұндай балада үлгермеу себептерін
ашып, оған көмек көрсету, ондағы оқуға деген қажеттілікті қалыптастырудың
тиімді жолдарын іздестіріп, білім игеруге болған қызығушылығын арттыру
қажет.[21]
Оқыту мазмұны оқу бағдарламасы мен оқулыққа байланысты екені баршаға
мәлім. Солай болса да тәрбиеші сабақ алды дайындығында сол мазмұн нақты оқу
жұмыстарына байланысты қандай болуы қажет екендігін ойластырғаны жөн. Ең
алдымен бала тарапының игерілуі тиіс басты теориялық тұжырымдарын айқындап,
ұсынылатын материалдан өрістейтін дүниетаным-көзқарас, инабаттылық-
эстетикалық идеяларды белгілеу шарт.
Алдағы сабақтың мазмұнын ойластырудың және бір маңызды тарапы – бұл
жаңа материалды өткен сабақпен байланыстырып, келесі білім жүйесін
түсінікті қабылдауға дайындық сұрақтар тізімін анықтап алу. Ұсынылатын
сабақ мазмұны негізінде шәкірттерде қалыптасу шарт болған ептіліктер мен
дағдыларды күні бұрын барластырып қою да үлкен маңызға ие.
Енді бір еске ұстайтын жәйт: кейбір сабақтарға байланысты оқылатын
материалдар іріленген топ (блок) күйінде ұсынылғаны тиімді, яғни бір
сабақта бір-бірімен байланысты екі-үш тақырып бірден өткізіліп, ал оларды
бекіту жұмыстары қалған сабақтарға жоспарланады. Бұл дидактикалық тәсіл
мазмұнымен тығыз байланысты болып, арнайы ой толғауды талап етеді.
Сабақтардың мазмұнын алдын ала анықтап, мұғалім енді негізгі оқу
әрекетіне кіріседі: а) жаңа материалдың тақырыбымен ол бойынша игеруге
қажет болған басты сұрақтарды оқушы санасына жеткізеді, ә) шәкірт назарын
жаңа материал негізінде қалыптасуы тиіс болған ептіліктер мен дағдыларға
бағдарлайды.
Бұл балаларға тиісті жұмыс көзін дәл көрсетіп, олардың танымдық іс-
әрекетін шашыратпай, өтіліп жатқан сабақтың маңызды тараптарына өз назарын
шоғырландыруына мүмкіндік береді.
2.2. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің әдіс тәсілдері
Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру жүйесіне көшу ісін жүзеге
асыруда бүкіл арнаулы білім беретін мектепке дейінгі мекемелерде оқу
сапасын одан әрі жақсарту, балалардың сауаттылығын арттыру мақсаты және
тәрбиеші қауымына оқыту барысында ізденушілікті күшейту міндеттері
жүктелді. Бұл салада әсіресе ауыл мектептерінің оқу – тәрбие жұмысын
жақсарту, балалардың білім деңгейін көтеру назарда тұрған негізгі
мәселелердің бірі болатын.
Жалпы білім беретін мектеп жағдайында балалардың өздігінен атқаратын
жұмыстарының түрін, мазмұнын, көлемін, оны ұйымдастыру әдістерін байқаудан
өткізу негізгі мақсат ретінде қойылды. Өйткені балалардың өзіндік
жұмыстарының нәтижелі болуы мұғалімнің шебер ұйымдастырған басшылығына
байланысты.
Мектепке дейінгі мекемеде оқыту әдістерін қолданғанда негізгі көңіл
балалардың өздігінен жұмыс істеуін қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді.
Балалардың табиғаттан бақылағандарын тақырыптың мазмұнымен байланыстыру
кезінде де өздігінен жұмысқа сүйенуге тура келеді.
Мысалы, Күз түсті тақырыбын түсіндіру кезінде сабақтың кіріспе
бөлімінде -ақ балаларға күз табиғатын бейнелейтін суреттер мен карточкалар
таратылып беріледі. Мұндағы мақсат – балалардың өздігінен табиғатқа
жүргізген бақылауларына сүйене отырып, оларға табиғат ерекшелігін ұғындыру
және табиғатты онан әрі де бақылауға жұмылдыру. Карточка мазмұндарынан
мысал келтірейік:
Алтын сары, қызыл көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Бақша іші күлімдеп,
Көз тартады атырап.
(Қ.Шаңғытбаев)
- Бұл қай кезде болады? Өз жеріңнен күздің қандай белгісін байқадың?
Бұл бір карточкадағы тапсырма болса, екінші карточкада,
Самал қозғап қалғанда,
Үзіледі сары алма.
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап – сары.
(Қ.Баянбаев)
Бұл қай кезде болады? Өз жеріңде қандай жемістер пісті?
Ағаш жапырақтары қашан түсе бастады, неге? Шөптерден қандай өзгерісті
байқадың? Таратып берілген карточкалардағы өлеңдердің бірі күзгі ауа райын
суреттесе, екіншісі өсімдіктер көрінісін, жеміс-жидектердің күзгі қалпын
суреттейді. Ал, сұрақтар мен тапсырмалар оқушылардың күз туралы ұғымдарын
жергілікті табиғатпен байланыстыруға бағытталады. Мұндай тапсырмалар арқылы
әңгімелесуге дайындық барысында балалардың қиялы, бейнелеу, елестеу
қабілеттері дамиды, қоршаған ортадан байқағаңдары мен жаңа тақырып мазмұнын
байланыстыру шеберліктері артады.
Мектепке дейінгі мекемеде топ саяхатты ұйымдастырудың өзіндік
ерекшелігі бар. Топсаяхатқа бірнеше балалар қосылып, бірге шығуға болады.
Бірақ әр сыныптың топсаяхатта атқаратын жұмысы мен бақылайтын
объектілерінің мазмұны әртүрлі. Балаларға жеке-жеке тапсырма беріліп,
әртүрлі мақсат қойылады. Соған сәйкес балалардың зейінін тек өздеріне
керекті объектілерді бақылауға ғана жұмылдыру міндеті қойылады. Сондықтан
да тәрибеші топ бойынша бақылауға тиісті құбылыстарды, не заттарды, жинауға
тиісті материалдарды алдын-ала ойластырады. Мектепке дейінгі мекемеде
нәтижелі білім беруді жүзеге асыруда практикалық әдісті кеңінен қолдануға
тура келеді. Бұл әдісті қолданғанда балалар тікелей өздігінен сабақта және
үй тапсырмасын орындау кезінде де, топсаяхат барысында да пайдаланылды.
Сөйтіп, практикалық әдіс балалардың сабақта алған теориялық білімін іс
жүзіне қолдануды жүзеге асырады. Мысалы, тәрбиешінің басшылығымен сабақта
сұлба туралы ұғым алып, шағын, үлкен заттардың сұлбасын салып жаттыққан
балалап кейін топсаяхат кезінде өз жерінің сұлбасын салып үйренеді.
Сұлбаның шартты белгілерін орынды жеріне қолдана білу шеберліктері артып
қана қоймай, кез келген жердің сұлбасын оқи білуге де жаттығады. Сондықтан
да жоғарыда келтіргендей, топсаяхат кезінде жүрген жолдарының сұлбасын салу
үнемі назарда ұсталады. сабақ арқылы жүзеге асады. Көктемдегі жер өңдеу
жұмысымең танысқан балалар онда отырғызылған көкөністерді танып, оны күту
әдістерін, өніп-өсу ерекшеліктерін біліп, өсімдікке керекті жағдайды өздері
қатыса отырып түсінеді. Осы арқылы олар өсімдіктің өсуі жайында ой
қорытады, ғылыми ұғым алады. Ұғымға жетудің екі жолы бары белгілі: ол
баланың күнделікті өмірден алатын өз тәжірибесі және оқыту арқылы берілетін
ғылыми ұғым. Айналамен таныстыру о барысында балалардың дүниетанымы
кеңейіп, осы екеуінің де байланысы күшейеді.
Мектепке дейінгі мекемеде білім беру барысында балалардың өз бетінше
жұмысын ұйымдастыратын қосымша оқу құралдарының мәні зор. Соның бірі
балалардың сабақ үстінде таратылып берілетін карточкалар. Оларды мазмұнды
жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.
1. Балалардың табиғаттан күнделікті өмірден байқағандарын оқылатын
жаңа тақырыптық мазмұнымен байланыстыруға арналған карточкалар.
2. Балалардың пәнге байланысты алған білімін қорытуға, пысықтауға,
тексеруге арналған карточкалар.
3. Түрлі жұмбақ, жаңылтпаштар беру арқылы балалардың ойлау қабілетін,
тапқырлығын, сезімталдығын дамытуға арналған карточкалар.
4. Балалардың тілін дамытуға, сөз байлығын молайтуға арналған
карточкалар.
5. Көркем әдебиет үлгілерін пайдаланып, балалардың эстетикалық
талғамын дамытып, сабақты әсерлі өткізуге, балалардың дүниетанымдық
қызығушылығын арттыруға арналған карточкалар.
Мектепке дейінгі мекемеде математика сабағын оқытудың әдістемелік
ерекшеліктеріне тоқталайық.
Мектепке дейінгі мекемелерде көрнекіліктерді ойын түрінде қолданып
отырса, бала ойнай отырып, ойлауға, ой - өрісін дамытуға үйренеді екен.
Сондай-ақ өзім сабақ беретін сыныпта дифференциалды оқытуды ұйымдастырдық.
Сыныптағы балаларды 2 топқа бөліп оқыттық Мұнда авторлық қосымша
бағдарламам бойынша жұмыс істедік. Бейнесөз, Сөзжұмбақ, Сандысөз
математикалық жұмбақ есептерді шештіріп, балалардың ой - өрісін арттырумен
қатар, есеп шығару дағдысын қалыптастырып, сауатын аша білуге де үйреттік.
Соның нәтижесін мына төмендегі графиктік сызбалардан байқауға болады.[22]
Осындай жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мектепке дейінгі мекемеде
оқытудың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты мына төмендегідей ой тұжырымын
жасауға мүмкіндік берді:
- мектепке дейінгі мекемеде айналамен таныстыру пәнін оқыту арқылы
балалардың дүниетанымын кеңейтетін ұғымдар беріліп келді. Балалар жеке
объектілерді ғана емес, табиғи құбылыстарды, заңдылықтарды, қоршаған
дүниеде болатын өзгерістерді ұғыну нәтижесінде табиғаттың біртұтастығын,
оның бір түрінің өзгерісі екіншісінің өзгеруіне әсер ететінін меңгерді.
- Айналамен таныстыру пәнін оқыту арқылы балалар тек табиғатты оқып
үйренумен шектелмей, адам еңбегі, оның жыл мезгіліне қарай өзгеретіні және
табиғат өзгерістерінің шаруашылық түрлеріне әсері туралы да өздерінің
күнделікті бақылағандарын оқулықтағы мәтін мазмұнымен байланыстыра отырып,
білім алды.
- мектепке дейінгі жастағы балалардың өздігінен атқаратын жұмыстар
нәтижесінде берілген ұғым олардың білімнің тиянақты болуына және балаларды
дамыта оқытуға негіз салды.
- Өздігінен атқаратын жұмыстардың түрі мен мазмұны тәрбиешінің
қолданған әдісіне байланысты өзгеріп отырды. Соның нәтижесінде балалардың
білімі ғана қалыптасып қоймай, оқуға ынтасы артып, іскерліктері шыңдала
түсті.
Балалар алған білімдерін іс жүзінде, әртүрлі тапсырмаларды орындау
кезінде қолдануға төселді.
Тіл дамыту пәндерін оқыту арқылы балаларды сауаттылыққа, өз пікірін
айта білуге, есеп шығаруға, төрт амалды өмірде қолдана білуге үйрету
көзделеді,
- Тіл дамыту пәндерін оқытуда балалардың дара ерекшеліктерін есепке
ала отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқыту оңтайлы. Сонда ғана,
қабілеті басым балалар жалықпайды, қабілеті төмен оқушылар бағдарлама
бойынша артта қалып кетпейді.
- Тіл дамыту пәндерінен тереңірек, жан – жақты оқыту үшін оқушылардың
өзбетінше жұмысын және үйдегі оқу жұмысын ұйымдастырумен қадағалау, бақылау
тікелей мұғалімнің басты назарында болуы тиіс екендігін байқатты.
міндетті.
Оқыту үдерісін ұйымдастыруға негіз болатын талаптар педагогика
ғылымында принциптер деп аталады. Осы принциптерге орай оқудың мақсаттары
мен міндеттерінің орындалу жолдары анықталып, қызметті атқарушы мұғалім –
субъектке жетекші бағыт-бағдар береді.
Ал енді принциптер проблемасы осы уақытқа дейін белгілі бір жүйе,
тоқтамға келген емес. Мұның себебі оқу принциптерінің түрін айқындаудың
баршаға бірдей келісімді негізі орныққан емес, ғылымдық біртұтас шарттары
жоқ. Бір топ педагогтар принциптерді оқу тәжірибесі бойынша анықтаса,
екіншілері философиялық тұрғыдан белгілейді. Ал үшінші дидактиктер тобы
балалардың психикалық заңдылықтарына сүйенеді.
Осыдан оқыту принциптері тікелей педагогикалық іс-әрекет болмысынан
алшақтап, оқудың жеке дара элементтерін іске асыруға қаратылған ғылыми
негізсіз әдістемелік көрсетпелер дәрежесіне түсіп кетеді.
Осыдан оқыту принциптері барша пәндер мен оқудың әртүрлі жағдайларында
әмбебап қолдану қажеттілігінен айрылады.
Педагогика ғылымында принциптер мәселесі жөнінде қалыптасқан жағдайдан
шығу үшін келесі сұрақтарға жауап іздеу қажет: 1) Оқыту принциптері жүйесі
қандай? 2) Ол жүйедегі әрбір принцип қалай сақталады? 3) Принциптер
мұғалімнің оқушылармен жұмысын қалай анықтайды? 4) Принциптер негізі не
және ол қайдан шығарылады?
Педагогика ғылымы, оның ішінде дидактика өзінің алғашқы даму жолында
негізделген педагогикалық тәжірибені қорытумен ғана шектеледі. Осыдан оқыту
принциптері мұғалім жұмысын бақылаумен анықталады. Нәтижеден кейін
көрнекілікпен оқыту, білімділік - қайталаудан деген сыңайлы көп оқу
ережелері қалыптасып, олар әлі ғылыми ақпаратты қолданбаған қызмет түрі
қарапайым қоғамның талғамына сай болды.
Ал кейінгі ғасырлардағы ірі техникамен күрделі отырыстың дамуы
мектептің жағдайын тіптен өзгертіп жіберді.
Ғылымдық ақпараттың көлемі, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп жатқан әлеуметтік
тәжірибе мазмұны, мектептің өз түлектерін үйретуге қажет қоғамдық қызмет
түрлерінің адам айтқысыз күрделенуінен оқу үдерісінде қолданылып жүрген
қарапайым оқу әдістері қоғам талап-тапсырмасына сай болмай шықты.
Мектеп тәжірибесін жетілдіру, ал кей жағдайларда оны түбегейлі өзгерту
оқу принциптерін ғылыми тұрғыдан негіздеуді, принциптік тұжырымдардың көзі
болған оқу барысының мазмұны, әдісі және ұйымдастыру заңдылықтарын мұғалім
үшін оқу үдерісін әрқандай жағдайларда қалай жұмыс істеу қажеттілігін нақты
көрсетпегенімен, оқу принциптерін пайымдауда бірден-бір теориялық бағыт
ретінде маңызды рөл атқарады.
Осыған байланысты дидактикадағы заң, принцип түсініктерін нақтылап,
олар арасындағы байланыстырудың мән-мағынасын ашып алу қажеттігі туындайды.
Оқыту принципі В.Н.Загвязинскийдің анықтауы бойынша, педагогикалық
тұжырымдардың іс-әрекеттік орындалу көрінісі, яғни принцип – бұл оқыту
қызметіне қойылған ғылыми негізгі талапқа, практикаға басшылық нұсқауға
айналған оқудың мәні, мазмұны және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
жөніндегі білімдер.
Теориялық тұрғыдан – бұл ғылыми ізденістен шыққан қорытынды,
зерттеудің бастауы емес оның ізгі нәтижесі. Сондықтан да принциптер оқу
үдерісін құрудың бағыт көрсетуші жұлдызы. Осы анықтамаға орай заңдылықтар
түсінігі заңдардың нақты жағдайларында әрекетке енуін байқатады.
Оқыту принциптерінің негізінде алдын ала танылған заңдар мен
заңдылықтар жатады. Бірақ логикалық жақтан олардан шығарылмайды. Заң мен
заңдылықтар оқу принциптерін айқындап, түсіндіру үшін пайдаланылады.
Көптеген заңдар мен заңдылықтар көптарапты: олардың әрбірінен саналуан
бірнеше принциптер бастау алады. Мұның себебі принциптерді нақтылауға
ықпалын тигізетін факторлар әртүрлі.
Олар жалғыз педагогикалық заңдылықтар болып қоймастан әлеуметтік,
философиялық, логикалық, психологиялық және тағы басқа топтармен ұштасуы
мүмкін.
Принциптер мазмұнын белгілеуде аталған факторлармен бірге оқу және
тәрбие мақсатын, қоршаған орта жағдайын, ғылымның даму деңгейін, оқудың
қоғамда қалыптасқан әдістері мен құрал-жабдықтарын және күнделікті мектеп
тәжірибесін ескеріп отыруы қажет.[23]
Педагогика ғылымында қазіргі кезде қалыптасқан ұғым: принциптердің
мәні – оқу-тәрбие міндеттерін табысты шешуге бағытталған оқу үдерісіндегі
қайшылықтарды шешіп, олардың арасындағы қатынастарды реттеп, теңестіру
тәсілдері жөніндегі ұсыныс пайымдау деп түсінген дұрыс.
Шынында да, кей принциптердің екі тарапты, қарама-қарсы мазмұнды
екендігі олардың атауларынан-ақ көрініп тұр.
Мысалы, оқудың өмірмен, теорияның практикамен байланысы, педагогикалық
басшылықтың оқушының оқу мен өзіндік оқудың, бақылау мен өзіндік бақылау
бірлігі. Мазмұнын тереңдеп түсініп, тиісті заңдылық байланыстарын сараптай
бастасаңыз, қайшылықсыз принцип болмайтынына көзіңіз жетеді. Осындай
зерттеулер нәтижесінде келесі принциптер қайшылықтары ашылып отыр: оқудың
ғылымдық приципіндегі нақты суреттеуден қорытындылауға, түсіндіруден
болжастыруға, жүйелестіру принципіндегі бөлік пен тұтас элементпен жүйе
қатынасы, көрнекілік принципіндегі сезімдік қабылдаудан абстракт ойлауға
жүріс, оқу беріктігі принципіндегі дамуды қамтамасыз ететін қиындық шетін
игеру.
Егер принцип қарама-қарсылық бастауларының бірлестігі мен үйлесімін
табудағы мұғалім мен оқушының әрекетіне бағыт көрсетіп отырса,
педагогикалық заңдар дидактикалық құбылыстар мен процестердің қайшылығын
көрсетіп, принциптік бағдардың пайда болу көзін білдіреді.
Заң әрдайым түсіндіру және болжастыру қызметін атқарады. Яғни бұл
педагогикалық құбылыстардың тұрақты объектив, ішкі, мәнді және салыстырмалы
байланыстарын білдіре отырып, тәрбиелік іс-әрекеттерді ғылыми тұрғыдан
басқаруға, оқу үдерісінің мазмұнын, формасын, құрал-жабдықтары мен
әдістерінің тиімділігін арттыруға бағышталған басқару ұйғарымдарының
нәтижесін алдын ала болжастыруға септігін тигізетін педагогикалық құрылым
компоненті.
Дидактика ғылым саласы ретінде оқу үдерісін зерттеп, тану қызметін
атқарады. Зерттеу нәтижесінде дидактикалық оқу – тәрбие үдерісін объектив,
болмыста бар заңдары мен заңдылықтары ашылады.
Осындай ғалымдардың көпшілігі қабылдаған педагогикалық заңдар қатарына
төмендегілерді жатқызуға болады.
1. Оқу мақсаты, мазмұны және әдістерінің әлеуметтік негізді болу заңы. Бұл
заң тәрбие және оқу үдерісіндегі барша шарттар мен жағдайлардың қоғамдық
қатынастар мен әлеуметтік құрылымға тәуелді екенін байқатады. Осы заңға
орай әлеуметтік тапсырыстың педагогикалық құрал-жабдық және әдістермен
үйлесім табу қажеттігі туындайды.
2. Балалардың оқу-тәрбие және өз әрекетінің бір-біріне ықпалды байланыстық
заң. Бұл заң педагогикалық жетекшілік пен оқушының белсенділігінің дамуы,
оқуды ұйымдастыру тәсілдері мен оның нәтижелері арасындағы байланысты
ашады.
3. Педагогикалық үдерістің тұтастығы мен бірлігі заңы. Бұл заң
педагогикалық үдерістегі бөлік пен бүтін арасындағы байланысты ашып,
оқудың саналық, сезімдік, мазмұндық, әрекеттік, себептік, хабарлау және
іздену компоненттерінің үйлесімді бірлігінің қажеттігін негіздейді.
4. Оқытудағы теория мен практиканың бірлік, өзара байланыстық заңы.
5. Оқу іс-әрекетін жеке дара және ұжымдап ұйымдастырудың бірлігі мен өзара
қажеттілік заңы.
Оқыту заңдары нақты оқу үдерісінің жағдайларына байланысты заңдылықтар
түрінде жүз беріп, тәрбие мен оқу құрылымы элементтерінің объектив мәнді,
тұрақты және қайталанушы байланыстарын байқатады. Дидактикадағы заңдылықтар
түсінігінің ерекшелігі көп жағдайда оқу үдерісі компоненттерінің байланысы
мен бір-біріне тәуелділігі ықтимал болуында. Олардың кейбірі оқу барысының
қатынасушыларымен жағдайына тәуелсіз, ұдайы қолданылуы мүмкін, мысалы оқу
мақсаты мен мазмұнының жеке адам білімдену деңгейіне қойылған қоғам
талабына тәуелді болу заңдылығы.
Ал заңдылықтардың көпшілігі оқу үдерісінде әртүрлі факторларға,
олардың араласып келуіне байланысты көрініс беруі мүмкін. Мысалы, тәрбиеші
мен баланың саналы іс-әрекеті, рухани, материалдық және басқа жағдайлар.
Біршама заңдылықтар жәй көзбен-ақ танылып, оқу үдерісі ақылға сай
дегендей пайымдаумен де құрылуы мүмкін. Бүгінде көптеген мұғалімдеріміздің
дидактикалық жаңалықтарды ендіру мен оны күрделендіру заңдар жөніндегі
теориялық білімдерінсіз мүмкін емес.
Оқыту үдерісіне байланысты сыртқы және ішкі заңдылықтар ескерілуі
тиіс. Алғашқысы оқу үдерісінің қоғамдық өзгерістер мен жағдайларға
тәуелділігін білдіреді. Мысалы, әлеуметтік экономикалық, саяси кезең,
мәдениет деңгейі, қоғамның белгілі бір тұлға мен оның білім дәрежесін
қажетсінуі.
Ішкі заңдылықтар оқыту үдерісі бірліктерінің өзара байланысынан
туындайды: оқу мақсаты, мазмұны, әдісі, құралы, формасының өзара
қатынастары. Былайша айтқанда, оқыту, оқу және игерілген материал
арасындағы тәуелділік.
Педагогика ғылымында мұндай заңдылықтар көп-ақ әрі олар оқудың белгілі
бір шарттарына орай әрекетке келеді. Осындай заңдылықтардың кейбірін атап
көрсетейік:
1. Тәрбиеші оқу-үйрету қызметі әрдайым тәрбиелік сипатқа ие. Оқытушы
қызметінің тәрбиелік әсері оқу жүріп жатқан жағдайларға байланысты.
Осы жағдайларды танып, нақтылау талған заңдылықтың жеке дара
көрінісін береді.
2. Тәрбиеші, бала және оқу нәтижесі өзара тәуелді байланысы. Бұл
тұжырымға орай оқу үдерісіне қатысушылардың өзара ықпалды
әрекетінің бірлігі болмаған жерде оқу нәтижесі болуы мүмкін емес.
Бұл заңдылық әсіресе бала белсенділігі мен оқу нәтижесі арасындағы
байланыстан нақты көрінеді, яғни шәкірттің оқу-танымдық іс-әрекеті
неғұрлым жедел, саналы болса, оқу сапасы да соғұрлым жоғары болады,
оқытушы мен оқушы мақсаттары сәйкес болмай бір-бірінен алшақтаған
сайын оқу тиімділігі төмендейді.
3. Игерілген оқу материалының беріктігі жүйелі қайталауларға және оны
өтілген мен өтілетін сабақтарға байланыстыруға тәуелді.
4. Балалардың ақыл-ой ептіліктері мен дағдыларының дамуы ізденіс
зерттеу әдістері мен проблемалық оқуды қолдануға тәуелді.
5. Бала санасында ғылыми түсініктерді қалыптастыру құбылыстар,
объекттер, салыстыру және айыру, мазмұн мен көлем т.б. тануға
байланысты арнайы танымдық іс-әрекет ұйымдастыруға тәуелді.
Аталған заңдылықтар педагогикалық шындықтың маңызды бір тарапын
айқындайды, оның мәні: жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесі, оқушы
орындайтын іс-әрекеттің сипатына тәуелді болатындығы.
Сондықтан да бұл заңдылықтар оқытудың қазіргі заман педагогикалық
тұжырымдарының негізі - стратегиялық идеялар жүйесін айқындаудың тұғыры
ретінде қызмет етеді, мағынасы жағынан бұл тұжырымдар келесі идеяларға
кіреді:
- оқу мен тәрбиенің рухани бай, жалпы адамзаттық құндылықтар мен
моральды игерген, жан-жақты және үйлесімді дамыған, жемісті және
өнімді қызмет қабілеті бар жеке адам, дара тұлға қалыптастыруға
бағышталуы;
- жеке адам қалыптастырудың шарты оқушының оқу-танымдық ізденіс,
шығармашылық іс-әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету;
- салыстырмалы қысқа уақыт және аз еңбек шығыны мен мүмкіндігінше
жоғары нәтижеге жеткізетін әдістерді таңдау жолын көрсету, мазмұн,
әдіс және құрал-жабдық тиімділігін іздестіру.
Дидактиканың міндеті – оқыту заңдылықтарын аша отырып, мұғалім
қызметін жоғары дәрежелі, саналы, тиімді, басқарыуды үдеріске келтіру.
Сонымен бірге оқу үдерісіне басқа да заңдылықтардың: психологиялық,
физиологиялық, логикалық т.б. іске қосылатынын ұмытпау керек. Оларды
оқытушы, оқушы және материалды байланысынан туындайтын заңдылықтармен
шатастырмаған жөн.
Дидактикалық заңдылықтар әрине, психологияның және басқа ғылымдар
деректерін ескерумен анықталып, оқу теориясымен оның терминологиясы
тұрғысынан пайымдалады. Сонымен, дидактикалық заңдылықтарды білу – оқыту
үдерісінің барысын тануды, оның әрқандай нақты жағдайларда тиімді болуын
қамтамасыз етеді.
Оқыту принциптері, жоғарыда айтқанымыздай, дидактикалық үдерісті
ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптар мен жетекші идеялар. Олар
оқыту үдерісін реттеуші жалпы көрсетпе, ереже, қалып ретінде сипатталады.
Принциптер ғылыми талдау негізінде туындап, дидактика белгілеген үдерісі
заңдылықтарымен байланыс қатынаста болады.
Сонымен бірге принциптер қабылданған дидактикалық тұжырымдарға тәуелді
келеді. Қазіргі заман дидактикасында бұрыннан қалыптасып, қолдануын ежелден
тауып жүрген, сондай-ақ ғылым мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz