Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері мен құрылымының теориялық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның
міндеттері мен құрылымының теориялық негіздері.
1.1. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің педагогикалық-
психологиялық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары – бастауыш сынып
оқушыларының танымдық әрекетін дамытудың негізгі
факторы ... ... ... ... ...16
1.3. Оқу – тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас және
дара ерекшеліктерін есепке алу
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...26
2. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның
міндеттері мен құрылымының әдістемесі
2.1. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның
міндеттері мен құрылымының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...37
2.2 оқыту үдерісінің әдіс-тәсілдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 54
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..56
Қосымша

Кіріспе
Дидактикалық жүйелер өткен кезеңге із-түссіз кетпейді. Олар қазіргі
кезеңнің талаптарына сай жаңа жүйеге трансформацияланып, бүгінгі күнмен
үндеседі. Гербарт дидактикасын, Коменскийдің дидактикасы элементтерін
пайдаланды, Ушинский түрлендіріп пайдаланды, Алтынсарин оны лайықтады, ал
қазір халықаралық талаптар деңгейіне, бәсекелестікке бағыттап, Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңы, Қазақстан Республикасының жалпыға
міндетті орта білім беру стандарты талаптарға қатысты нақты сапалы
жетілдіруде, үдеріс дамуда.
Оқыту үдерісін ұйымдастыруды формалары – ол оқыту үдерісінің
мазмұнына қатысты мұғалім мен баланың қызметтерінің сыртқы келісімдерінің
өрнектелуі. Олар дидактикалық жүйелердің пайда болуы және жетілдіруіне сай
дамуда. Оқыту үдерісінің формалары түрлі шама-шарықтарға қатысты жіктеледі.
Балаларды оқытуға қамту санына қатысты:
- жеке;
- топтық;
- жаппай болып бөлінеді.
Балаларды оқыту үдерісінің жайына қатысты:
- мектептік;
- мектептен тыс;
- экстернат формада болып аталады.
Оқытудың ұзақтығына байланысты:
- классикалық сабақ – 45-50 минөт;
- қысқартылған сабақ – 30-35 минөт;
- Қоңыраусыз сабақтар – еркін қызметтердегі сабақтар регламентінде
болады.
Мектепке дейінгі мекеменің даму тарихы түрлі оқыт үдерісін жүйелерге
бөледі:
- жекелей (ертедегі антика елдерінде);
- жеке-топтық (Орта ғасырдағы мектептер);
- өзара оқыту (Англиядағы белль – ланкастерлік жүйе);
- саралап оқыту – дифференциялы –балалардың қабілетіне қатысты
(мангеймдік жүйе);
- бригадалық оқыту (кеңес мектептерінде ХХ ғасырдың 20-шы жылдары);
- американдық Трамп жоспары - оқушылар үлкен топтарда (100-150
балалардың) жалпы уақыттың 40 % бірге болуы;
- ал 20 % - аз балалар өзіндік жұмыстарға арнаған.
Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешілері үшін Дальтон – жоспары Дальтон
қаласындағы бастауыш сынып мұғалімі ХХ ғасырдың басында Э. Паркхерст
(1887-1973) ұсынған қызықты. Оның ерекшелігі:
- оқыту үдерісінің мазмұнын еркін таңдау балаларға беріледі;
- мәндерді оқыту ретін өзгерту;
- өзінің жұмыс уақытын пайдалану;
- белгілі пәндерді оқыту келісімдерін жасау.
Дальтон – планы негізінен жеке кабинет-зертханаларда ұйымдастырылады.
Қазіргі кезеңде уақыт сынынан өткен, ХҮІІ ғасырға пайда болған, 300
жылдан астам уақыт жетіліп келе жатқан сыныптық – сабақтық жүйенің басты
элементі – сабақ, оқыту маңыздылығы үлкен.
Мектепке дейінгі мекемелерде оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын
пайдалану маңыздылықты анықтауда, жалғасуда. Оқытудың алғашқы жобасын
голландия педагогы Д. Сил, неміс профессоры И. Штурм, жүйені жобалаған И.
Лойологт, ал теориялық негіздемені Я. А. Коменский жасаған.
Сонымен білім берудің, оқыту үдерісінің басты формасы сыныптық
сабақтық жүйе. Қазіргі кезеңде
а) – қосымша;
ә) – сыныптан тыс;
б) – сабақтан тыс;
в) – жұмыстары;
г) - өзіндік;
д) - өзін-өзі тану; деп аталатын формалары қолданылады.
Сыныптың - сабақтық формасы келесі ерекшеліктер айғақтайды:
– жастары шамалас және дайындық деңгейі жуық бірдей жастағы тұрақты
құрамдағы балалар.
– әрбір сыныпта жылдық жоспарға – оқу жоспарына қатысты жұмыс оқу-
тәрбие жұмысында (оқытуды жоспарлау)
– оқу процесі өзара байланысқан, бірінен кейін бірі өтілетін бөліктерден,
сабақтардан тұратын өтетін үрдіс.
– әрбір сабақ тек бір пәнге арналады (монизм);
– сабақтардың тұрақты алмасуы (сабақ кестесі);
– тәрбиешінің басқарушылық ролі (педагогикалық басқару);
– балалардың танымдық қызметтерінің түрі мен формасының әртүрлілігі;
Сыныптық – сабақ форманың басқа формалармен салыстырғанда бірқатар
артықшылықтары бар:
– қатаң ұйымдастырушылық құрылымы бар.
– балалармен бір мезгілде жұмыс істеуі;
– балаларды өзара білім алуына ыңғайлы;
– ұжымдық қызмет, біріне -бірі көмектеседі;
– тәрбиелеу, білім алу, дамытылуда жарысушылық.
Тәрбиелі, білімді, өзін -өзі жетілдіруге, бірін -бірі тануға, өзін
-өзі тануға салыстыру, қарама-қайшылықтар қозғаушы күш туындатады.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың формаларын
пайдалану әдістемесіне талдама жасау;
Зерттеу міндеттері:
– Мектепке дейінгі оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдалануы
арқылы оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің мәнін анықтау;
– Педагогикалық жағдайларды анықтау;
– Технологиясына талдама жасау.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие үдерісі;
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі мекемеде оқытуды ұйымдастырудың түрлі
формаларын пайдаланулар нәтижесін анықтау.
Зерттеу әдістері:
- педагогикалық зерделеу;
- педагогикалық бақылау;
- педагогикалық талдау, салыстыру;
- мұғалімдермен әңгімелесу;
- балалармен пікірлесу;
- ата-аналармен кеңесу;
- озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және қорытындылау;
- педагогикалық эксперимент.
Диплом жұмысы: кіріспеден; екі тараудан; қорытындыдан; пайдаланған
әдебиеттерден; қосымшадан тұрады.
Жұмыста психология, педагогика, этнопедагогика, педагогика тарихы,
Қазақстан Республикасындағы білім берудің негізгі тұжырымдамалар жайлы
әдебиеттер пайдаланылды.
І - тарау. Бастауыш сынып оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын
пайдаланудың ғылыми теориялық негіздері.
1.1. Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері.
Әлемдік педагогикалық ойдың тарихы мен мектепте оқыту үдерісінің
практикасында оқытуды ұйымдастыру формалары жүйесіне берік көзқарас
қалыптасты. Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны
модернизациялау көзделеді. Түрлері деген ұғым латын тілінен
аударғанда Forma сыртқы көрініс дегенді білдіреді, Сыртқы сызық белгілі
орныққан тәртіп. Философиялық сөздікте: Түрлері ішкі мазмұнды ұйымдастыру
деген анықтама береді. Яғни Түрлері ішкі байланысты білдіреді және
ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен сабақтастықта.
Жоғарыда Түрлері ұғымының мәнін басшылыққа отырып, оқытудың формасына
былай анықтама беруге болады: Оқыту үдерісінің формасы – оқу материалын
меңгеруден балалардың өзара әрекеті. Оқыту үдерісінің формасы әдіспен,
амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс- әрекетіне тәуелді болады. Ресей
педагогы Чередов И.М. бойынша: Педагогикалық іс- әрекетті бұл бірімен –
бірі, өзара байланысты ықпалдасық, әсер етушілік белгілі бір тапсырманы
орындау кезіндегі балалар мен тәрбиешінің қарым -қатынасы деп
түсіндіріледі. Оқыту үдерісінің формасы – оқыту үрдісінің белгілі бір оқу
материалын игеру барысындағы баланың оқу іс- әрекетін басқару мен оқу
тәсілдерін меңгерумен сабақтас. болып саналады. Сабақтың сыртқы көрінісі
оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық
категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішімін белгілейді,
мұның өзі балалардың білім сапасының көрсеткішімен өтетін уақыты және
орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
Педагогикалық сөздікте: Оқуды ұйымдастыру формасы- оудың -әдіс
тәсілдерін тиімді қолдануды жүзеге асыру үшін балаларды топтастыру деп
анықтама берілген.
Г.Усмановтың Педагогика атты оқулығында: Оқыту үдерісін
ұйымдастырудың формасы - бұл тәрбиеші мен балалардың оқу әрекетіне
қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған? белгілі бір тәртіппен
өтілетін жұмыс деп қарастырылады.
Оқытуды ұйымдастырудың формалары - белгілі бір тәртіп пен режим
негізінде жүзеге асырылатын оқыту процесін ұйымдастыру тәсілі.
Мектепке дейінгі мекемелердің даму тарихыда ұлы педагогтардың
тұжырымдамалары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары белгілі. Оның
дамып жетілуі, қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап- мүддесіне
қатысты.
Оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселелерімен педагогиканың дидактика деп
аталатын арнаулы саласы шұғылданады. Дидактика бұл - білім мен оқытудың
теориясын жасап шығаратын, педагогика саласы. Дидактиканың негізгі
проблемалары оқыту процесінің заңдылығын ашу, білімнің мазмұнын
анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын
жасап шығару болып табылады.
Оқытуды ұйымдастыру формасы ұғымының мәнін ашу үшін оқыту ұғымының
педагогикалық анықтамасы на тоқтала кетейік:
Оқыту- жеке адамның қалыптасуының және бірінші кезекте, ақыл -ойы мен
жалпы білімін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың білім алудың қалған
барлық басқа түрлерінен және өздігінше білім алудан мынадай айырмашылығы
бар. Ол белгілі бір жүйеде және жоспар бойынша, мұғалімнің басшылығымен
өтіп жатқан бағдарлы мақсатқа бағытталған процесс болып табылады. Әрбір
пәнді оқыған кезде балалар білімнің кейбір жиынтығын меңгереді және сол
саламен байланысты белгілі іскерлік пен дағдыға ие болды. Іскерлік – деп
іс жүзіндегі қимыл шәкірт алған білімнің негізінде жүзеге асырылатын
және жаңа білім алуға алдағы уақытта ықпал жасай алатын әрекет деп
айтуға болады.
Сонымен оқытуды ұйымдастырудың формасы ұғымының мәні Оқыту және
Ұйымдастыру формалары деген категориялардың жиынтығы ғана емес, олардың
синтезі болып табылады.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқытуды
ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның
қажеттілігімен сұраныстың талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды
ұйымдастырудың формалары бойынша жәктеледі:
– баланың саны мен құрамы
– жұмыс орны
– оқу жұмысының ұзақтығы
Балалар санына байланысты оқытуды ұйымдастырудың формасының жіктелуі
мынадай:
Сызба №2

Оқытуды ұйымдастыру формасы (баланың саны мен құрамы)
бойынша

Көпшілік Топтық
Жеке -дара

1. Пәндік олимпиада 1. Сабақ
1. Үй жұмысы
2. Оқу конференциясы 2. Cаяхат 2.
Қосымша жұмыс
3. Өндірістік тәжірибе 3. Экскурция 3.
Консультация
4. Зертханалық жұмыс
4. Сұхбаттасу
5. Факультатив
5. Сынақ
6. Практикум
6. Емтихан.

Оқыту процесінің әрқашанда тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Сын
көзімен қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әртүрлі формалары шетел
педагогикасынан ауысып, мектепке дейінгі мекемелерде қолданылады.
Біріншіден, тәрбиешінің ролінің төмендеуі; екіншіден балалардың ғылым
негіздерінен терең білім алуына зиянды әсер етті.
Шетел мектепке дейінгі мекемелерінен ауысып келген оқытуды
ұйымдастырудың көптеген формалары қатты сынға алынды.
Ғалым - педагогтардың тәжірибелері бойынша оқытуды ұйымдастырудың
формаларын былайша топтастырылады:
- жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
- жеке жұптық (оқушы- оқушымен, мұғалімнің оқушымен қарым- қатынасы,
жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметімен) айқындалады.
- жеке топтық: топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепке дейінгі
мекемеде оқытылатын балалардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады.
- Өзара бірлескен оқыту (аталған оқыту жүйесі Англяда пайда болған,
атауы Балланкастер жүйесі).
- Саралап оқыту, оқыту үдерісінің бұл түрі – оқушылардың қабілетіне
қарай өтіледі. (Мангейм жүйесі).
- Бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 балалар
ұйымдасады, есеп беруші – бригадир (оқытудың бұл түрі ХХ- ғасырдың
20- жылдарына тән).
- Американдық Винетка- жоспар , Грамле жоспар және т.б.
- Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальдық, ұжымдық жұмыс және т.б)
Мектепке дейінгі мекеме практикасының тарихында оқытуды
ұйымдастырудың сыныптық оқу жүйесін зерделеу және қорытынды, сабақтың
орнықты ғылыми теориясын жасауды алғаш рет қолға алған А.Я. Коменский
болды.
Я.А. Коменский Ұлы дидактика (1632) атты әйгілі еңбегінде сабақтың
бір мезгілде басталуы; сабақтың белгілі бір уақыттағы; сабақ арасындағы
үзіліс; топтағы балалардың саны мен жас шамасының біркелкілігі;
материалды оқыту қарқынының бірдейлігі; сабақты белгілі бір
ұйымдастырылған түрде өткізу тәрбиешінің түсіндіруіне балалардың
назарын аудару; балаларға сұрақтар қою, тақырыпты игеруін бақылау сияқты
талаптарды қанағаттандыратын оқу сабақтарын өткізетін топтың түрінің
тиімділігін және қажетті теория жүзінде негіздеді. Сыныптық оқу аталған
топтық оқытудың осындай түрі кеңіннен таралып, нығая бастады және
қазірдің өзінде жетілдіру үстінде.
А.Әбілқасымованың Қазіргі заманғы сабақ атты еңбегінде Оқыту
үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық – сабақтық жүйесінің
өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді:
– жастары және дайындық деңгейлері біркелкі балалар бір сыныпты құрайды
және мектептегі оқыту кезеңінде негізінен тұрақты құрамын сақтап
қалады.
– Сынып тұрақты кестеге сәйкес, бірыңғай жылдық жоспармен және
бағдарламамен жұмыс істейді.
– Сабақ оқудың негізгі бірлігі болып саналады.
– Сабақ оқу пәніне, тақырыпқа арналады, Сондықтан сынып балалары сол
материалмен жұмыс істейді.
– Сабақта балалардың жұмысына мұғалім басшылық жасайды, ол аз пән бойынша
оқу нәтижесін, әрбір баланың мегеру деңгейін жекеше бағалайды және
оқу жылының соңында баланы келесі сыныпқа көшіру туралы шешім
қабылданды.
Жоғарыда қарастырылған ерекшеліктерге сүйене отырып, сыныптық-
сабақтық жүйенің негізгі белгілерін мына №2 сызба арқылы көрсетуге
болады.
№ 2 Сызба

Сабақтар кестесі

Оқу жылы Сыныптық – сабақтық Оқу
демалыстар,
жүйенің негізгі белгілері
үзілістер

Оқу күні

Оқудың сыныптық – сабақтық жүйесі осы кезге дейін әлем педагогтарын
ойландырып келеді. Оның жетістіктері мен кемшіліктері дидактика
жөніндегі көптеген оқу пәндерін оқыту әдістері жөніндегі көптеген іргелі
еңбектерде сондай -ақ педагогикалық психологиялық өнімдегі еңбектерде жан
-жақты талданған және сипатталған. Бұл еңбектердің авторлары оқытудың
сыныптық сабақтық жүйесінің даралап оқытумен салыстырғанда бірқатар
артықшылықтарын және кемшіліктерін атап көрсетеді.
Сыныптық сабақтық жүйесінің артықшылықтары:
– оқу- тәрбие процессін түгелдей тәртіпке келтіруді қамтамасыз ететін
ұйымдастыру құрылымының айқындығы;
– Басқарудың қарапайымдылығы;
– Балалардың проблемаларды ұжымдық талқылауда міндеттерге ұжымдық
шешіміздестіруде бір біріне өзара әсер ету мүмкіндігі;
– Оқыту үдерісінің процесіндегі балаларды тәрбиелеу ісінде тәрбиешінің
оларға ұдайы эмиционалдық әсерінің болуы;
– Оқыту үдерісінің үнемділігі және балалардың жеткілікті дәрежедегі
үлкен тобымен жұмыс істеуі
Сыныптық - сабақтық жүйенің кейбір кемшіліктері:
– Қабілеті орташа балаға бейімділік, және нашар балаға қиындықтар
туғызса, жақсы баланың қабілетінің дамуын тежейді.
– Тәрбиеші оқыту үдерісінің мазмұны, жылдамдығы, және әдістері бойынша
жеке ұйымдастыру жұмыстарында балалардың даралық ерекшеліктерін ескеруге
қиындық туғызуы;
– Ересек балалар мен жасы кіші балалардың ұйымдасқан түрде араласуын
қамтамасыз етпеуі және т.б;
Оқыту теориясын дамытуда К.Д. Ушинскийдің ролі ерекше. Ол сабақта
барлық негізгі жақтарын, сабақтың әрір құрамдас мағынаға толы қызметке
сай болуын, өйткені онсыз баланың көптеген жақсы қасиеттерін дамыту
мүмкін еместігін талап ете отырып, талдау жасады және шығармашылықпен
жұмыс істеді.
(К.Д. Ушинский. Собр. соч., 6т, с.25)
Сабақта және оны жетілдіруге қатысты проблемаларды Ушинскиймен қатар
және одан кейін де белгілі орыс педагогтары Д.А. Семенов, Н.А. Корор,
М.И. Демков, Н.Ф. Каптерев және т.б. зерттеді.
1960 жылдары дидакттар және әдіскерлер сабақты ұйымдастыруды
жетілдіре отырып, топтарын үлгіден бірте – бірте бас тарта бастады. Олар
тақырыбы, бағдарламалардың бөлімдері бойынша өзара байланысты сабақтар
жүйесін дайындауды қолға алды. Эксперименттер мен оқытудың жалпылама
тәжірибесі сабақтың бұрыннан қалыптасқан теориясы мен практикасының жаңа
міндеттерге сай еместігін көрсетті. Психологтар В.В. Давыдов, Л.В.
Заньков., Н.А. Менчинская., Д.Б. Элкониннің зерттеулерінің арқасында
балалардың психологиялық ерекшеліктері мен балалардың шығармашылық
қабілеттерін дамытуға құрылған, осы процесте теориялық білімі мен
жалпылау ролін көтеретін оқытуға көшуге мүмкіндік беретіні түсінікті
болды. Осы уақыттарда В.В. Давыдов, Л.В.Заньков, Н.А.Менчинский, И.А.
Маркушевич К.И. Нешков, А.М. Пышколо П.М.Эрдиев және т.б. төменгі сынып
оқушыларын математикадан тәжірибелі оқытуда нәтиже берген идеалары
кеңінен тарай бастады.
Сабақ теориясы мен практикасының жағдайын дәлірек анықтау үшін
қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде өзіндік келбеті бәрінен бұрын
балаларды оқыту толыққанды қызметін және оқуға сұранысы мен ынтасын
топтастыруға бағытталуы тиіс бұрынғыша тек қана пәнді білімді, оқу,
жазу және есептеу білімі мен дағдысын меңгерумен шектелмеуі тиіс. Осыған
орай, оқытудың барлық мазмұны, әдістері, құралдары сабақты оқыту
процесін ұйымдастыру осы мақсаттарға жетуге ғана бағытталуы тиіс.
Оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру процесінде оқытудың
мазмұнын, әдістерін және құралдарын дамытуға бағытты күшейтудің
әсерінен сабақ әдістерінің проблемасы өткір тұрды. Осы уақыттарда
педагогтардың, психологтардың жүргізген белгілі эксперименттік
зерттеулерінің арқасында бұрын қалыптасқан сабақ әдістемесі, оның
мазмұны және ұйымдастыруы оқушыларды оқытудың жаңа талаптары мен
міндеттеріне сай еместігі анықталады.
Сонымен жоғарыда аталған оқыту үдерісінің жұмысын ұйымдастырудың
формаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін келесі 3- сызбанұсқа
арқылы көрсетуге болады.
Жоғарыда көрсетілген оқыту үдерісін ұйымдастыру формаларын оқу
процесінде пайдалану бастауыш сыныптарда өте тиімді. Сондай -ақ мектепке
дейінгі мекемеде балалардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда және
танымдық іс -әрекетін дамытуда оқытудың басқа да формаларын пайдалану
ерекше мәнге ие болып саналады. Осыған байланысты келесі тақырыпта оқу
-тәрбие процесінде оқытудың түрлі формаларын пайдалану бастауыш сынып
балаларының танымдық әрекетін дамыту факторы ретінде қарастырылады.

1.2 Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары - бастауыш сынып
оқушыларының танымдық әрекетін дамытудың негізгі факторы.
Мектепке дейінгі білім берудің бір кездердегі мұндай жалпы мақсатты
әлеуметтік сұранысқа толығымен сәйкес келді және оқытудың өзіндік мазмұнын,
әдістерін және ұйымдастыру формаларын талап етті. Ол кездегі оқу
бағдарламалары мен жоспарларына географиялық, математикалық және мектепке
дейінгі мекемедегі бітірісімен бірден өндіріске баратын балаларға қажетті
басқа шарттарды пропедевтикалық таныстыру енгізілген. Бұл фактілерді
оқушылар саналы игеруі мүмкін. Сондықтан да сабақтар, қолданылатын оқыту
әдістері тапсырманы белгілі үлгі бойынша орындауға бағытталды және оқушының
атқарушылық, өндірушілік (репродуктивті) қызметінің басымдығын анықтады.
Бұл кезеңдерде бастауыш сыныптарда оқытудың түрлі формаларын пайдалану
білімді дайын түрде игеруге бағытталды.
Д.Б.Эльконин осы кезеңдердегі мектепке дейінгі мекемелерде оқытудың
принциптері мен тәсілдерін талдай келе, оқытуды ұйымдастырудың түрлі
формаларында білімді игеру мынадай үш буыннан тұрады деп атап көрсетті:
1) тәрбиеші өмір шындығының қандай да бір саласы туралы мәлімет береді
және түсіндіреді, ал оқушы оны қабылдай отырып, өзінің даму деңгейіне
сәйкес түсінуге және есте сақтауға тырысады;
2) тәрбиеші бірнеше біртектес міндеттер ұсынады, кейде шешімінің
үлгісін көрсетеді, ал бала осы үлгіні қабылдайды немесе қарапайым
міндеттерді шешуге білімін өз бетінше қолдануға тырысады, яғни көптеген
біртектес жаттығуларды атқару арқылы білімін, білігін және дағдысын
бекітеді.
19 – 20 жылдары мектептерді құлдырататын сенімсіз педагогикалық
тұжырымдамаларға орай “жобалар әдісі” деген атты икемденген оқыту формасы
пайда болды. Балалар ауылшаруашылығы өндірісіне, сондай-ақ тұрмыстық
еңбекке қатысты тапсырмаларды орындауы тиіс болды. Мысалы, белгілі бір
тауық санына сәйкес тауыққора жобалауға тапсырма беріледі. Оқытудың осы
формасын жасаушылардың ойынша, балалар сызбаларды, есептеулерді жасау
процесінде математикадан, ана тілінен, физикадан, химиядан, сызудан,
суреттен, еңбектен және басқа да пәндерден кешенді білім алды. Оқыту
үдерісін ұйымдастырудың бұл формасы үзіп-жұлма, кездейсоқ білім алуға алып
келді, әрине, кейбір жекелеген оқу сабақтарын пәнаралық байланыстарды, ынта
мен ықыласты арттыру мақсатында осылай жүргізу тиімді болса да, ол оқу
пәнінің мазмұнына, жүйелілігіне, ғылымилығына кері әсер етті.
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың танымдық іс-әрекеті ең өзекті
мәселелердің бірі болып табылады.
Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготский де
зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік
тәсілдерін ұсынды:
- оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;
- оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда
болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;
- оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;
- оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға
жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.
Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселесінің шешімін түрлі
зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:
- Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру
керек деп есептеді;
- Н.А.Менчинская, Д.И.Богоявленская, Е.А.Кабанова, Миллер білімді,
іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл – ой іс-әрекетінің
тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;
- Б.Г.Ананьев, А.А.Любинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын
зерттеуге мән береді;
- Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ен бірінші, оқыту
процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жекізуге болады деп тұжырымдайды;
- П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина баланың ой-өрісінің дамуына ақыл-ой
әрекетінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеді;
- Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық
әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың рөлін арттырғанда ғана артатынын
дәлелдейді.
Психологиялық және педагогикалық теорияларды қорытындылау негізінде,
осы ұғымдардың әрқайсысы жөніндегі түсінік нақтылана түсті. Жалпы
қолданысқа төмендегі түсініктер енгізілді:
- даму бұл организмнің жүйке жүйесінің психикасының, тұлғаның сандық
және сапалық өзгерістерінің көрінісі;
- оқыту - қоғамның – тарихи тәжірибені мақсатты жүргізу, білімді,
іскерлікті және дағдыны меңгерудің ұйымдастыру процесі.
Оқыту мен тәрбие беру мазмұны бойынша терең ұлттық, көпқырлы дәстүрлі,
ұлттық психологияны сипаттайды. Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты рөлді
білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я.А.Коменский,
И.Песталоцци, И.Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы және немістің
классикалық гимназиясының дидактикасы құрайды.
Бүгінгі тәрбиешілердің білім беру жолы тек сабақпен шектелмейді. Ол
әртүрлі қосымша сабақ, өз бетінше білімін жетілдіру, ақпарат құралдары
арқылы оқу т.б. Осылардың нәтижесінде сабақтың көп түрі жүйесі қалыптасуда.
Тәрбиешінің балаға білім беру жүйесіндегі, сабақтарды үшке бөлуге
болады: 1. Негізгі. 2. Қосалқы. 3. Көмекші.
1. Негізгі сабақтарға: Сыныптық сабақтар, лекция, семинар, үй жұмысын
орындау, емтихан жатады. Осы көрсетілген сабақтың түрлерінен басқа негізгі
сабақтарға: өндірістік бригадалы жұмыс, мектепаралық оқу-еңбек
комбинатындағы оқу, құрылыс отрядындағы жұмыс, шығармашылық – практикалық
қызметтегі – лабораториялық, практикалық, үйірмелік, секциялық топтардың
қызметтері жатады.
2. Қосалқы сабақтарға: оқу саяхаты, бригадалық – лабораториялық сабақ,
консультация, конференция, жеке бағдарлама бойынша жұмыс істеу жатады. Ал,
еңбек сабақтарында: тәжірибе алмасу, кеңесу, тәжірибені қорытындылау
жатады. Шығармашылық – практикалық қызметте: симпозиум, көрме жұмысты
қорғау кіреді.
3. Көмекші сабақтарға: үлгермейтін балалармен жұмыс істеу, жеке және
топтық қосымша сабақ, артта қалған балаларды репетитор арқылы қатарға қосу
жатады.
Сонымен, жоғарыда қарастырылған мәселелер оқыту жұмысын тек сабақ
арқылы ұйымдастыру мүмкін еместігін көрсетеді. Сыныптық - сабақ
жүйесінің негізгі кемшілігі – балалардың дара ерекшеліктерін дамытуға
жеткілікті мүмкіндіктерінің болмауы – оқыту үдерісін ұйымдастырудың басқа
жолдарын іздестіруге себеп болады. Сондықтан,балалардың сыныптық сабақтағы
танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық
белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын
ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар,
экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу,
үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік-зертханалық (практикум) және пәндік үйірме
жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға
болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі
өзекті мәселелерді талқылау, балалардың танымдық ойлау қабілеттерін
дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.
Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу,
мұғалімдерге балалардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай
сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап
және бағыт – бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.
Саяхат жұмысының мақсаты – балалардың сабақта алған теориялық оқу
материалдарын практикамен жалғастыру және бекіту болып табылады.
Сондықтан, оқыту процесінде оның мазмұны зор. Ол барлық оқу пәндерінде,
әсіресе, дүниетану, табиғаттану және еңбек сабақтарында кеңінен
қолданылады. Бұл балаларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және
оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді. Саяхат сабағын өткізу
орнына: мектепке дейінгі мекеменің алдында, табиғат аясына, ауыл
шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады.
Оқытуды саяхат жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:
Біріншісі – кіріспе саяхат деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау,
тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Саяхаттың бұл түрін мектепке
дейінгі мекемелерде алдын-ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты жағдайда
болады.
Екіншісі – ілеспелі саяхат деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа
арналып, сабақ барысында оның орта шенінде жүргізілуі мүмкін.
Үшіншісі – қорытынды саяхат деп аталады. Ол күрделі тарау немесе
тақырыпты өтіп болғаннан кейін балалардың сабақтар жүйесінде алған
теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді. Оқу саяхаты
оқытудың дидактикалық және политехникалық принциптерін іске асырады.
балалардың техникалық ой-өрісін кеңейтеді, өсімдіктер дүниесін, тірі
организмдерді зерттеуге мүмкіндік туғызады, танымдық ынтасын дамытады.

Саяхаттың мақсаты: сыныпта өтілген оқу материалдарын тереңдету және
бекіту.
Саяхатты өткізу үшін жоспар жасалады, онда мынадай мәселелер
бейнеленеді:

Саяхаттың Балалармен Саяхат Балаларды Кіріспе сабақта
мақсаты мен алдын-ала барысында бірнеше топқа тәрбиеші
объектісі. объектіге істелетін бөліп, оларға балаларды
байланысты түрліжұмыстар: нақты саяхат
жұмыстар бақылау, тапсырмалар жоспарымен
жүргізіледі. өлшеу, сурет беру. таныстырады,
(әңгіме, салу, есептеу, олармен
бақылау, жазып алу, ұйымдастыру
тәжірибе және объектіні мәселелерін
т.б.) толық қарау. талқылайды.

Саяхат біткеннен кейін балармен оқу конференциясы өткізіледі. Онда
балалар алған тапсырмалары бойынша баяндама жасап, сөз сөйлейді.
Конференцияны бірнеше қатар сыныптар балалармен өткізу өте тиімді болады.
Ең соңында конференция жұмысын жетекші мұғалім қорытындылайды.
Оқыту үдерісі жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі балалардың
сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты
ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжылдық: балаларды ғылымға қатыстыра
отырып, олардың дүниетанымын терңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге
қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады.
Балалардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары
сабақтарда белсенді қолданылып, олардың міндеттері, мазмұны мен әдістері
арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің
нәтижесі анағұрлым артады.
Конференция ретінде өткізілген сабақ түрлері кейбір тақырыптарды
тереңірек меңгеру, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін
де семинар сабақтарына қарағанда, конференция түрінде өткізілген оқу жұмысы
ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны
дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу
конференциясында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет.
Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптардың оқушыларын қатыстыруға болады.
Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру
тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктер бар. Олар
балалардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған
жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен
қатар, оқыту үдерсінің өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық
байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.
Сынақ жұмыстарын мектепке дейінгі мекеме балаларына енгізудегі мақсат-
бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде
балалардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін
орнықтыру.
Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс
балалардың өзіндік білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып
болғаннан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен
талқыланатын сұрақтарын балаларға алдын-ала хабарлайды.
Үйдегі оқу жұмысы. Балалардың үйде өз беттерінше орындайтын оқыту
үдерісі жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады.
Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде
қарастырылады.
Баланың үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып,
толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады.
Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда
ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор.
Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында балалардың дербестігі,
ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар
өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға
дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктерін өзіндік еңбекте қолдана
білуге жаттығады, өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу
тәсілдерін меңгереді, оқытудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз
бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік
өте берік меңгеріледі, баланың ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі
қалыптасады.
Баланың үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:
1. Үй тапсырмаларын бергенде тәрбиеші оларды орындаудың қандай тиімді
әдіс – тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.
2. Үйге берілетін тапсырмалар балаларды қызықтыратындай болуы және
өмірмен, олардың іс – тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.
3. Үй тапсырмасы бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған
жағдайда бірнеше нұсқада болғаны пайдалы.
4. Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
5. Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта тәрбиешінің үй
тапсырмасын орындау тәсілін балаларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне
байланысты.
6. Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде тәрбиеші балалардың жас
ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.
7. Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында тәрбиеші, оның
орындалу сипатына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне балалардың
назарын аударып отырғаны жөн.
8. Тәрбиешінің берген бағасы әділетті болса, онда ол баланың мынтасын
арттырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.
9. Тәрбиешінің бағалауы балалардың өзін - өзі бағалауымен ұштасып
отырса ғана ол жемісті болмақ.
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Балалардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының
маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда балалардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге
сай мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілерден олардың ойлау
қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін
дамыту, сонымен қатар, өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен
дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс балардың тек үй
жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өз бойында өз орнын
табуы тиіс. Балалардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың
нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.
Оқыту үдерісін ұйымдастырудың түрлі формаларын білім берушілік және
тәрбиелік мақсатта пайдалануға мүмкіндік береді. Оқытуды ұйымдастырудың
түрлі формаларын тиімді пайдалану үшін мектепке дейінгі балардың жас және
дара ерекшеліктерін есепке алу өте қажетті, маңызды қағида екендігін айтуға
болады.

1.3. Оқу-тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас және дара
ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері.
Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңында: білім беру
жүйесінің басым міндеттері – жеке адамның шығармашылық, рухани және дене
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы
интеллектін байыту - деп көрсетілген. Мұнда бүгінгі таңда мектепке дейінгі
мекемедегі балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу – тәрбиешінің
оқу-тәрбие процесінде ұстанатын ең басты қағидасы болу керек екендігін
көздейді. Осыған орай, біз мұғалім өзінің кәсіби педагогикалық міндетін
атқаруда балалардың жас ерекшеліктері мен олардың бойындағы дара қажет,
қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысында ескерілуі
тиісті кейбір ерекшеліктерге тоқталамыз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өмірге және ұжымдық еңбекке
тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын
анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері
мектепке жүктелген. Тәрбие шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы
қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің
жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігі
тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық
процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін,
әдістемелік және тәсілін пайдалану керек.
Мектепке дейінгі жастағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6
жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18
килограммнан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста үлкен адам миының 90
пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа
байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста
жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара
қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл
өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына
негіз болады.
Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-
әрекеттен (манипуляциялық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі
арқылы бірте-бірте дамиды.
Білім алу іс-әрекеті баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады.
Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де
үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы басқаларын үйрену арқылы бала өзін-
өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық
қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді. Рефлексиялы
түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол
өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз
бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады.
Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті – бұл оның өз-өзіне
деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай
алуы. Бұған дейін қолымнан келмеді – енді келеді, Бұған дейін жасай
алмадым-енді жасаймын, Бұрын қандай болдым – қазір қандаймын, міне,
бұлар қол жеткізілгендер мен өзгерістердің терең рефлекциясы қорытындысына
берілген негізгі бағалар. Баланың өзін-өзі үшін өзгеріс мәні және осы
өзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субьекті бола алуы өте маңызды. Егер
бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетінің, өзін-өзі дамытудың жетілген
түрінің рефлекциясына қанағат алса, демек, бала оқу іс-әрекетіне
психологиялық жағынан толықтай кірісті деген сөз.
Бала мектепке дейінгі мекеме табалдырығын аттағаннан кейін, оның
әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке
дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет
салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де
дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқыту үдерісіндегі іс-әрекетіндегі,
тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана
мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және
оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті
болады. Оқытц үдерісіндегі іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол
балаға жеңіл тиеді.
Мектепке дейінгі мекеме табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың
алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқыту
үдерісінің іс-әрекетіне тез араласып кетуіне себеп болады немесе өзінің
шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне
деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып,
бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та
типтік болып табылады: білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, бұл
жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.
Оқыту үдерісінің іс-әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес
екендігін түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес,
ынтасымен, шын көңілмен назар аударып, өзін-өзі шынайы өзгертуге үйренеді.
Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу
тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектегін
білуге үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып
қалмауы тиіс. Балаға оның енді үлкен екендігін, кішкентай балалар сияқты
ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сөздерді айтуға болмайды. Ойын
тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос
уақыттарында айналысып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың
әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін
бірте-бірте түсіне бастайды әрі ойнағанда да аса бір құштарлықпен ойнайтын
болады. Ойнай жүріп бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды қалыптастырады.
Балалар қоғамының ролі мен ережелері үлкендер қоғанымының қалыптасқан
ережелері туралы белуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде ынтымақтастық пен
бәсекелестік сезімі қалыптасады. ал әділеттілік пен әділетсіздікке көз
жеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштылық, адалдық, сатқындық әрекеттері
баланың бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.
Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі – танып білуге деген
белсенділігі. Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы
әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп
тәжірибеден өтеді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелсізділіктің себебін
ашуға тырысады. Ол мысалы, қандай заттардың суға батып кететінін, қандай
заттардың қалқып жүретінін біле алатын болады. Бала ой-қабілеті жағынан
неғұрлым белсенді болса, ол соғұрлым сұрақты көп қояды және әр түрлі
сұрақтар қоятын болады. Баланы бәрі қызықтыруы мүмкін: Мұхиттың тереңдігі
қандай? Су астындағы жәндіктер қалай тыныс алады? Жер шарының көлемі неше
мың километр болады? Бала білуге ұмтылады, ал сол білімді игеруі Неге?,
Қалай?, Неліктен?, деген сұрақтар арқылы игеріледі. Ол білімге
сүйенгенге, жағдайды бағамдауға және өз сұрағына жауап табудың жолын
іздеуге тырысуға мәжбүр болады. Кейбір мәселелер туа қалған жағдайда бала
оны өзі шешуге тырысады, әрине, ол оны тек ойша ғана шеше алады. Бала болып
жатқан жағдайды бағамдайды және оған өзі ойша араласып, іс-әрекет жасайды.
Сол жағдайды шешу үшін образды деп аталады. Образды ойлау – мектепке
дейінгі жастағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемеде оқыта бастағанда баланың ойлау жүйесі
өзінің эгоцентизмімен, белгілі бір мәселелерді дұрыс шешуге қажет болатын
білімінің жоқтығынан ойлау үрдісінің ерекше болуымен назар аудартады.
Мысалы, бала өзінің білімдік тәжірибесінде заттардың ұзындығы, көлемі,
салмағы сияқты ерекшеліктерін онша түсіне бермейді.
Білімінде жүйеліліктің жоқтығымен, түсініктерінің жеткілікті түрде
даму дәрежесіне жетпегендігінен ойлау жүйесінде көріністі тек қана қабылдау
логикасы басым болады. Мысалы, судың, құмның, пластилиннің және т.б. бәрдей
мөлшерін ыдысқа салғанда, ол заттардың сол ыдыстың қалыбын алғанын көріп
тұрып, бірақ оны бағамдау баланың қабілеті жетпейді. Балалар ол заттардың
әрқайсысының өзгерісін көрген сәтіндегі әр жағдайға тәуелділікте болады.
Алайда бала төменгі сыныптардың өзінде-ақ кейбір деректерді салыстыра
алатын, оларды біртұтас кескінде көре алатын, тіпті өз деңгейінде тікелей
өздерінен алыс жатқан абстрактылы білім қалыптастыруға қабілеті жететін
дәрежеде болады.
Бала қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсенділігімен
өзі зерттеу бастаған объектісінен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл
әрекеті ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді. Егер 6-7
жастағы бала өзі үшін аса маңызды ойын ойнап жатса, ол одан екі немесе үш
сағат бойы бас алмауы мүмкін. Сондай-ақ ол өнімді жұмыс жасауда, да,
мысалы, сурет салуға, ойыншықтарды құрастыруға, өзіне қажетті әлденелерді
жасауға да осындай ынтамен кірісе алады. Балалар назарының бір нәрсеге ұзақ
қадалуы, оның сол өзі жасап отырған іс-әрекетіне деген ерекше ынтасымен
көрсетеді. Егер бала өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысып, соған ұзақ уақыт
назарын салып отыруға мәжбүр болса, ол шаршамайды, көңілі басқа жаққа
алаңдай береді, тіпті ол өзін соншалықты бақытсыз сезінеді.
Үлкен адам сөзбен айту арқылы баланың назарын белгілі бір нәрсеге
бұрып, ұйымдастыра алады. Ол оған тапсырманы орындаудың қажет екендігін
түсіндіреді және оны қалай жасау керектігінің әдісін де айтады. Балалар,
альбомдарыңды ашыңдар. Қызыл қарындашты алыңдар да қағаздың сол жақтағы
бұрышына, міне, мына жерге дөңгелік сызыңдар және т.б.
Мектепке дейінгі жастағы бала белгілі деңгейде өзінің атқаратын
жұмысын өзі де жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керек екендігін
және неден кейін нені орындау керек екендігін өзіне-өзі күбірлеп айтатынын
да байқаймыз. Бұлайша жоспарлау, сөз жоқ, баланың назарын жүйелеп,
ұйымдастырады.
Алайда, бала төменгі сыныпта жүрген кезінде-ақ өзінің мінез-құлқын
өзі үйлестіре алады десек те, оның назарының өз еркінен тыс басқа жаққа тез
ауып кету жағдайлары көбірек болады. Балаларды біртектес, тез жалықтыратын
немесе қызғылықты болса да, бірақ ойлануды қажет ететін жұмыстар тез
жалықтырады. Ал бала назарының анда-санда қиынсыздықтар араласып, оның
мазмұнын бағамдай алатын болады, яғни, әңгіменің не туралы болып жатқанын
ұғынып, сөздің негізгі тақырыбының дамуын қадағалап, соған сәйкес сұрақтар
беруге және диалог құруға шамасы жететін болады. Бала өзіндік сөздік қорын
ынталы түрде кеңейтуге ұмтылып, өзі үйренген сөздер мен сөз тіркестерін жиі
пайдалануға, қарапайым грамматикалық түрлер мен құрылымдарды меңгеруге
тырысады. Мұның бәрі баланың сөйлеу қабілетінің және ақыл-ой қабілетінің
дамуындағы жетістіктер.
Бұл меңгеру базасында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады, олар
баланың ойлау жүйесін байытып, және өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге,
оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Бала мектепке дейінгі мекемеге
барған кезден бастап, оның сезімталдық дамуы оны қоршаған сырт адамдарға
және оның сырттан алған тәжірибесіне қатысты болады.
Баланың үрейленуі өзін қоршаған ортаны қабылдауының санада сәулеленуі
болып табылады, ал қоршаған орта бала үшін біртіндеп кеңейе береді. Үрейдің
негізгі бөлігі отбасындағы, мектепке дейінгі мекемедегі және өз құрбылары
арасындағы жағдайлардан құралады. Өткен уақыттағы адам түсіндіріп бере
алмайтын және ойдан құрылған қорқыныштары бірте-бірте күнделікті
тіршіліктің толып жатқан саналы мәселелерімен алмасады. Ал баланың
үрейленуіне негіз болатын алда тұрған сабақ немесе укол, тіпті түрлі табиғи
құбылыстар немесе жора-жолдастарының арақатынасы болуы да мүмкін.
Бұл жастағы балаларда бірте-бірте оларға тән; мектепке барғысы келмеу
әдеті пайда болады, оған жаңа өзіміз айтқан үрей қосылады. Осындай жағдайға
тап болған балада бас ауруы пайда болады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері мен құрылымының әдістемесі
Мектепке дейінгі мекемелерде оқыту үдерісінің мәні оның міндеттері мен құрылымын нақтылау
Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдалану
Мектеп жасына дейінгі балалардың топсаяхат кезіндегі еңбегін ұйымдастыру формасы
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің рөлі
Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Пәндер