Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелердің өткені мен бүгінінің өзекті мәселелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Жұмыстың мазмұны

Кіріспе . . .

3 бет

: 1
Кіріспе . . .: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелердің өткені мен бүгінінің өзекті мәселелері
3 бет:
: 1. 1
Кіріспе . . .: Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үдерісін дамытудағы білім беру мекемелерінің рөлі . . .
3 бет:

5 бет

: 1. 2
Кіріспе . . .: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерін дамыту барысы . . .
3 бет:

19 бет

: 1. 3
Кіріспе . . .: Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру жолдары . . .
3 бет:

24 бет

: 2
Кіріспе . . .: Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие мен оқыту жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
3 бет:
: 2. 1
Кіріспе . . .: Мектепке дейінгі мекемелердің бүгінгі кезеңдегі даму барысы . . .
3 бет:

32 бет

: 2. 2
Кіріспе . . .: Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбие жұмысының әдістемесі . . .
3 бет:

42 бет

: 2. 3
Кіріспе . . .: Баланы мектепке даярлаудағы бағдарлы жұмыстар . . .
3 бет:

54 бет

:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3 бет:

67 бет

:
Кіріспе . . .:

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Қосымшалар . . .

3 бет:

69 бет

71 бет

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Білім беру қоғам дамуында өзіндік орын алатын құбылыс және оның құралы оқыту үдерісі екендігі белгілі. Оқыту білімдік, танымдық және дамытушылық қызметтер атқарады. Білімдік қызметте оқытылатын пәнге байланысты білім, іскерлік және дағды қалыптасса, танымдық қызметте ғылыми таным жолдарын, көздерін, әдістерін игеру жүзеге асырылады. Ал оқытудың дамытушылық қызыметі білімді игеру үдерісіндегі оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыруға байланысты болады.

Ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың биылғы 2012 жылғы Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деген тақырыбында аталғаны баршаға айқын. Жолдаудың педагогтар үшін өзіндік ерекшелігі бар екені де белгілі. Елбасы мұнда басымдық берген бағыттардың ішінде, адам капиталына ерекше назар аударды, оның ішінде «Қазақстанда адами капитал сапалы өсуі, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтауға байланысты екендігін айта келіп, «Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу; . . . бесіншіден, оқу жастарға тек білім ғана беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйренуі тиіс; алтыншыдан, оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет» - деп маңызды іс-шараларды атап көрсетті [1] . Бұл мәселелер білім меңгерту негізін құрайтын оқыту үдерісін ұйымдастыруды, болашақ педагогтарды даярлау сапасын арттыруда алға тартады.

Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. Білім сапасын арттыру мақсатында білім мен тәрбие беру жаңалықтарын ендіру мен тиімді жұмыс тәсілдерін кеңінен қолдану мәселелері бой көтеруде. Тәрбие - білім беру жүйесінде жаңалықтарды қолдану арқылы балалардың білім деңгейін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай оларды жан-жақты, терең білімді, интеллектуалды деңгейі жоғары жеке тұлғаны тәрбиелеу.

ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартты «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыруды, жаңа технологияны міндеттейді.

Осы үлкен өмірдің есігін ашып, ең алғаш жер басып, жүре бастағаннан, бала оқып, үйренеді. Үш-төрт жасқа дейін ол қоршаған ортаны тани бастайды, қайрымдылық, сүйіспеншілікті - анасына, күштілікті - әкесінен, ақылдылық қасиетті - ата-әжесінен үйренеді. Ал 5-6 жасқа жеткен кезде қосымша білім беру қажет. Осы алған білімдері көп жыл өтсе де өмірден өз орнын тауып, жақсы адам, кәсіби маман болуына себеп болады. Ұлы Абай айтқандай, өмірге кірпіш болып қаланады.

Баланың саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, жан-жақты дамуына және сөз байлығын молайту үшін айналадағы өмір құбылыстарын ұғыну үшін ерекшеліктеріне сәйкес өтілетін оқу іс-әрекеттерінің маңызы зор. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту негізінде ойынға құрылып, ойнақы да жеңіл өтуі тиіс. Оқу іс-әрекетін ойын түрінде өткізетін болсақ, бұл баланың дүниетанымын, ғылыми-зерттеу әдісіне қызығушылықтары оянып, оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады, оқу іс-әрекетінің сапасы артады.

Қай заманда болсын адамзаттың басты міндеттерінің бірі - ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім.

Ұлы ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі», - деген екен [2] . Олай болса, балабақша - бүлдіршіндерді ата дәстүрін сақтайтын, инабатты да ибалы, үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы.

Жас бүлдіршіндерді балабақша есігін ашқан күннен бастап, сауатын ашып, машықтандырумен бірге олардың мәдениетін дамыту арқылы халық қазынасына ұрпақ бойына халық педагогикасының тәрбие өрнектерімен сіңіруге тырысудамыз.

Мектепке дейінгі мекемелердің өткені мен бүгінінің өзекті мәселелері және мектеп жасына дейінгі балалардың таным үдерісін дамытудағы білім беру мекемелерінің мәселесі қарастырылмағандықтан, осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің бүгінгі жайы мен болашағы” деп таңдап алуға түрткі болды.

Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің өткені мен бүгінінің өзекті мәселелері мен тәрбие мен оқыту жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін айқындау.

Зерттеу нысанасы: Мектепте дейінгі мекемелердің бүгінгі кезеңдегі даму барысы.

Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісін арттыру.

Зерттеу міндеттері:

- мектеп жасына дейінгі балалардың таным үдерісін дамытудағы білім беру мекемелерінің рөлін айқындау;

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерін дамыту барысын сипаттау;

- мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру жолдарын анықтау;

Зерттеу әдістері: зерттеу жұмысы тақырыбына байланысты психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді, оқу бағдарламаларын зерделеу; әңгімелесу, сұхбаттасу, балалардың дайындығын талдау, т. б.

1 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелердің өткені мен бүгінінің өзекті мәселелері

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үдерісін дамытудағы білім беру мекемелерінің рөлі

Адам өмірінде қарым-қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды.

Сөйлеу - адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану қажет. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салу, жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне қарап анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып тұрғанын және тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де ешқандай сөйлеуге қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды. Ол жіңішке және әртүрлі қозғалысты сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбыстық және артикуляция мүшелері. Бала дауысқа өте тез үйренеді және бірінші айдың аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Оған еркелік интонация ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және ұйықтауына көмектеседі. Тағы да біраз уақыт өткеннен кейін бала дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып немесе көзімен оны қадағалайды. Егерде баланың бір жері ауырса, мазасызданса бала жылай бастайды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан басталады. Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары нығая түседі.

Бірінші дыбыс артикуляциясының әрекет жасауы екі - үш айында гуілі белгіленеді, одан кейін бес айдай шамасында бала үлкендердің ерін артикуляциялық қозғалыстарын қайталауға тырысады. Бұл бірнеше қайталау қозғалыстары қозғалыс дағдысының қатаюына әкеледі. Алты айдан бастап бала бөлек буындарды анық айтады (мысалы: ше-ше, ә-ке және тағы басқа), және ақырындап үлкендерден тек барлық сөз элементтерін ғана емес, сонымен қатар интонацияны, ритмді, екпінді ұға бастайды. 9-10 айында бала бөлек сөздерді бірдей жұпты буындармен айтады (мысалы: ма-ма, па-па және тағы басқа) . Бір жылда сөздік қоры 10-15 сөзден тұрады. Ал белгілі ғалым А. Н. Леонтьев бұны даярлық кезеңі дейді, себебі бұл уақытта сөзді меңгеру дайындығы өтуде [3] .

Балалар төрт жасында фразалармен еркін сөйлейді, олардың сөйлемдері біршама қиын, ал бес жасында дыбыс шығаруы дұрыс дамиды. Егерде адам дыбыстарды қалай болса солай шығара беретін болса, ешкім оны тіл деп санамас еді. Сондықтан сөйлеу мүшелерінің қозғалыстары дәл, белгілі заңдылыққа бағынып отырады.

Адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшық еттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу аппараты - бас миында орналасқан орталық және тыныс алу, сөйлеу, артикуляциялық бөлімдерінен тұратын перифериялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алу бөлімі кеуде қуысындағы өкпе, бронхы, трахеядан тұрады. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады.

Артикуляция мүшелеріне қысқаша тоқталып кетейік. Оның негізгі органдары болып ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады. Дауыс жоғарлығымен, күшімен, екпінімен сипатталады. Дауыстың жоғарлығы дауыс буындарының толқуының жиілігіне байланысты. Ол ұзындығы мен жуандығына байланысты болады. Дауыс күші демнің ішке тартылуына байланысты шығады, ал дауыс буындарының қозғалыс қарқынына байланысты болады. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді.

Алайда тіпті кейбір балалардың естуі мен интеллектісі қалыпты болған жағдайда да, сөйлеуінің дамуында кідіріс болуы мүмкін. Бұндай балаларға дыбыс шығаруының бұзылуы, фонематикалық естуінің дамымауы, сөз қорының аздығы және грамматикалық қатарының дұрыс болмауы тән.

Бірақ сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда ойдағыдай біркелкі жетіле бермейді. Кейбіреулерінде оның жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе бұрмаланады, үшіншілерінде сөздердің және сөйлемдердің түзілістері немесе олардың мағыналары бұзылады.

Сөйлеудің жалпы дамымауы түрлі дәрежеде көрінеді, сондықтан сөйлеудің дамуының 3 деңгейін бөліп көрсетуге болады:

Бірінші деңгейі - сөйлеудің жоқтығымен сипатталады. Баланың сөйлеуі былдырға ұқсас. Алайда, егер сөйлеу орташа дамып келе жатса, бұл үрдіс 5 айға созылады, ал науқас балаларда көпке дейін созылады. Балалар қандай да бір ойын жеткізу үшін былдырлы сөздерін жестермен және мәнерлі мимикасымен толықтырады.

Екінші деңгейі - былдырлаған сөзден басқа күнделікті қолданылатын сөздермен фразалардың едәуір мәнді болуымен сипатталады. Бірақ та сөздері бұзылған, сөзді жеткізулері нашар болады, бала негізінен айқындалған заттар мен әрекеттерді атап кетумен ғана тежеледі. Егер балаға сурет бойынша әңгіме құрауын ұсынса, онда ол үзіндіден құралады, сонда да ол дұрыс, қысқа фразаға қатысты болып келеді. Мазмұнын айтқанда қарапайым қателері - септік жалғауын ауыстыруы және санның түрін дұрыс қолданбау болып табылады. Жалғаулар, бөлшектер өте сирек қолданылады.

Үшінші деңгейі - балаларға түрленген фразалармен айтуын сипаттайды. Алайда дамымаған лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық элементтері болады. Бала суреттерді бейнелейді, өзі туралы, жанұясы, жолдастары туралы әңгіме құрайды, бірақ бұның алдында оның жақсы сөйлесетін құрдастарына қарағанда үлкен қиыншылықтарды басынан кешіреді.

Сонымен қатар дыбыс шығаруының өте нашар болуынан қарым-қатынас өте күрделенген. Егер бала тіпті жеке дыбыстардың дұрыс айтылуын үйреніп алса да, сөйлеудің өзбеттілігінде олар түсініксіз естіледі.

Сөйлеудің бұзылуына биологиялық және психологиялық факторлар ықпал етеді. Осыған байланысты тіл мүкістіктерінің бұзылуының бірнеше түрлерін ажыратып кетуге болады:

1. Дислалия - сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Мұнда тек дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады.

2. Дизартрия - сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді.

3. Ринолалия - ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомиялық-физиологиялық құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылады.

4. Алалия - тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің болмауы, сөйлей алмау деген мағынаны білдіреді.

5. Афазия - бұған бас миының белгілі бір жеріне жинақталған зақымнан сөйлеу тілінің мүлде немесе жартылай жойылып кетуі жатады. Бұл көбінесе үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады. Афазия көбіне мидың белгілі бір жеріне қан құйылу, ми тамырларының тромбоз сырқатына шалдығуы, мидың ісуі, қабынуы, жарақаттануы салдарынан болады.

Сөйлеу екпіні оның мәнерлі тәсілдерінің бірі болып табылады. Аз ғана сөйлеп үйренген барлық балалар дерлік бір нәрсені бөлісуге асығады және олардың сөйлеу екпіні тым жылдам болады. Көптеген жағдайда жас үлкейген сайын бұл басылады, бірақ та кейде екпінінің патологиялық бұзылуы - тахилалия пайда болады.

Тахилалия (грек сөзінен tachus - тез, lalia - сөйлеу деген мағына береді) - сөйлеудің патологиялық жылдамдауы. Бұл ауруға жүйке жүйесі тозған, қоздырылған, шыдамсыз балалар бейімі, алайда ауру кейде тұқым қуалайды. Бала тез сөйлегендіктен, тіпті оның дыбыс шығаруы дұрыс болғанымен оны түсіну ақылға сыймайтындай қиын. Бала демі жеткенше сөйлей береді және сөздерін қолдың жестикуляцияларымен, кейде аяғының және барлық денесінің ретсіз қозғалыстарымен жеткізеді.

Бала оқыстан қатты қорқып, шошынып қалса тұтығу пайда болуы мүмкін.

Тұтығу - бұл сөйлеу ырғағы мен сөйлеу екпінінің бұзылуы. Әдетте тұтығу сөйлеудің интенсивті даму кезеңінде пайда болады, көбінде бала 2-5 жасында фразалармен айта бастаған кезде көрінеді. Тұтығу балаларда үнемі жүйке жүйесінің әлсіреуінен болады. Сонымен қатар тәрбиелеу кемістігі, жанұядағы конфликтілік жағдайлар және тағы басқалары үлкен роль алады.

Тұтығуды органикалық және функционалды деп 2-ге бөледі.

1. Органикалық тұтығу - тек орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануынан туады, кез-келген жаста көрінеді және сирек кездеседі.

2. Функциональді тұтығу - көбінде орталық және жүйке жүйесінің перифериялық сөйлеу механизмдерінің органикалық зақымдануынсыз кездеседі. Бұл жеңіл қоздырғыш балаларда аяқ-астынан психикалық жарақаттың әсерінен туады.

Ата-аналар, егер бала тіпті кішкене тұтықса және бұл өте сирек болады, сонда да дереу маманға бару керек екендігін түсінуі өте маңызды. Кішкене стрестің болуы, қорқу және шаршау тұтығуды күшейтуі мүмкін. Комплекстік қарауға өткізу керек: медициналық, логопедтік және психологиялық.

Жалпы алғанда бала тілінің бірден қалыптаспауы, оның бірден жақсы сөйлей алмауы ата-ананы қинайды. Мидың даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана балалар дұрыс сөйлей бастайды. Бұл - асығуды қажет етпейтін көп уақыттық процесс. Мәселен, сәби үш айлық кезінде еліктеу дыбыстарын шығара бастайды. Бес-алты айлығында уілдеп, жеті айлығынан бастап жеке дыбыстардан буындар құрап үйренеді, бір жасқа келгенде бес-он сөз айта алатын болады. Екі жасқа жеткенде баланың сөздік қоры 200-400 ге жетеді, 4 жасқа келгенде қарапайым сөздерден сөйлем құрауға әрекет жасайды. Келе-келе баланың сөздік қоры ұлғайып активтік және пассивтік сөз қоры пайда болады. Активтік дегеніміз - бала өзі айтқан сөзінің мағынасын түсінетін сөздер де, пассивтік дегеніміз өзі айта алмайтын, бірақ өзге адам айтқанда түсінетін сөздік қоры. Сондықтан бір жасқа жеткен бала әлі дұрыс сөйлей алмаса, оған қайғырудың қажеті жоқ. Бала сөйлей алмаса да, ересектердің айтқан сөзін ұқса, айтқанды дұрыс орындай білсе, онда уайымдауға ешқандай негіз жоқ. Баланың тілі шыға бастаған кезде онымен байқап, дұрыс сөйлескен мақұл. Сақауланып сөйлеуге, баланың тілін бұрап сөйлегенін қызық көріп, оның айтқандарындай етіп қайталау жақсылыққа апармайды. Өйткені бала солай сөйлеуге үйреніп кетеді.

Сонымен, жоғарыда айтылып кеткендей баланың сөйлеуінің бұзылуына биологиялық, психологиялық факторлар, сондай-ақ қоршаған ортаның келеңсіз жағдайлары себепші болады:

1. Ана құрсағындағы ұрықтың 4 апталығынан 4 айлығына дейінгі кезеңдегі дамуының бұзылуынан сөйлеу тілі бұзылады. Яғни, ананың екі қабат кезінде вирусті жұқпалы аурулар, әртүрлі зақымдар, гигиеналық талаптарды сақтамауынан, резус фактор бойынша қанның сәйкес келмеуі және т. б. себептер әсер етеді.

2. Болашақ ананың екі қабат кезінде қорқып-шошынуы, жүйке жүйесінің мазасыздануы, уайымдауы, ашулануы баланың сөйлеу тілінің бұзылуына әкеледі.

3. Сөйлеу тілінің мүкістенуіне бас сүйегінің жарақаттануы мен мидың шайқалуы ықпал етеді.

4. Босану кезінде және толғақ қысымынан болатын зақымның мидың оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілмеуінің салдарынан бас сүйегінің ішкі жағына қан құйылады.

5. Сөйлеу тілінің мүкістігіне тұқым қуалайтын аурулар және нәресте кезінде жиі-жиі шалдыққан әртүрлі ауру-сырқаулардың зардаптарынан да зиян шегеді.

Баланың сөз қорының баюына, дұрыс сөйлеуіне қоршаған орта, үлкендердің сөздік қоры жақсы стимул. Үлкендердің сөзі анық, асықпайтындай және дұрыс болуы керек. Кейбір ата-аналар баланың сөзімен сөйлеймін деп сөзін бұрып айтады, олар балаға ұғынықты деп ойлайды, ол дұрыс емес. Екі жасында баланың сөздік қоры 300-ге жуық болады. Фразалар ұзын және қиын бола бастайды, ал сөздің айтылуы жақсарады. Үш жасқа дейін бала сөйлей алмаса қобалжудың қажеті жоқ, онда мамандардан кеңес алу қажет. Кейбір ата-аналар баласы өзі жай сөйлегісі келмей тұр деп өздерін басып, көп уақыт өткізіп алып көмек сұрайды.

Негізінде төрт - бес жаста барлық сөйлеу қателіктері жоғалады, бірақ ол үлкендердің сөзді дұрыс айтуына байланысты. Сондықтан баланы кішкентай кезінен бастап әдемі, дұрыс, таза сөйлеуге үйрету керек. Балаға көп ертегілер оқытып, жаңылтпаштармен тілін жаттықтырып және баланың сөздері үнемі дамытуда болуы қажет.

Баланы бала-бақшаға апара жатқанда, жолда бір нәрсе айтып жүріңіз. Мысалы: автобуспен, тролейбустың қандай айырмашылығы бар? - деп, содан кейін кешке жақын баладан: «Білесің бе, біз не көрдік?» - деп сұраңыз. Сонда бала бәріне жолда не көргенін айта бастайды. Осылайша баланың сөйлеуі мен зейінін дамыта аламыз.

Тіпті кішкентай сөзді бұзып айту баланың тәртібі мен қызметіне әсер етеді. Бұндай баланы мектепте қорқытуы мүмкін, сондықтан оның психикасына өте ауыр әсер етеді. Нашар сөйлейтін балалар өзінің кемшілігін өте тез ұға бастайды. Олар тұйықталып кетеді, ұялшақ, шешім қабылдай алмайтын, нәтижесінде толымсыздық комплекстері жетіле бастайды, үлгерімі төмендейді, өзіне деген сенімсіздігі пайда болады, коммуникациялық белсенділігі нашарлайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы дала оқу пәнінің мақсат, міндеттері және қызметі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
12 жылдық білім берудің мазмұны, пайдасы, ерекшелігі
Балабақшада балаларды мектепке даярлау бағдарламасы
Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі басқару үрдісі
Мүмкіндіктері шектелген балаларды оқытудың тұжырымдамалық негіздері
Мектепке дейінгі педагогика
Қазақстандағы сауатсыздықты жою мәселесі
Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы
Мемлекеттік тіл және рухани жаңғыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz