Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама және әдістемелік ұсынымдар



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БҒМ Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитеті
төрағасы міндетін атқарушының
2009 жылғы 6 тамыздағы

№ 1125 бұйрығымен бекітілген

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын

іске асыратын ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды
ұйымдастыру және өткізу жөніндегі
бағдарлама және әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы ережелер
1. Осы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру
бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттауды және
өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және
әдiстемелiк ұсынымдар (бұдан әрi - Бағдарлама), Бiлiм туралы Қазақстан
Республикасының Заңына (бұдан әрi – Заң), Бiлiм беру ұйымдарын
мемлекеттiк аттестаттау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (бұдан әрi -
Ереже), Бiлiм және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008
жылғы 5 наурыздағы
№ 109 бұйрығымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк
аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi нұсқаулыққа (бұдан әрi -
Нұсқаулық) және басқа да білім беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін
білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілеріне сәйкес әзiрленген.
2. Бағдарлама меншiк түрiне және ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске
асыратын ұйымдарды (бұдан әрi - ұйымдар) мемлекеттiк аттестаттаудан (бұдан
әрi - аттестаттау) және өзіндік бағалаудан өткiзу кезінде бірыңғай тәсіл
мен мөлдірлікті қамтамасыз етуге арналған.
3. Аттестаттау толықтай білім беру ұйымы бойынша жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және жұмыс істейтін
халықаралық және шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен олардың филиалдарын
аттестаттау, егер Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық
шарттарда басқаша белгiленбесе, Қазақстан Республикасының бiлiм беру
ұйымдарына қойылатын тәртiп және шарттар көлемiнде өткізіледі.

1 5. Аттестаттау барысында білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру
қызметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттарының талаптарына сәйкестігі анықталады.

2. Дайындық жұмыстары

6. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттаудың алдында уәкілетті орган
жүргiзетiн дайындық жұмыстары атқарылады.
7. Дайындық жұмыстары мынадай кезеңдерден тұрады:
1) алдағы күнтізбелік жылға білім беру мекемелерін аттестаттау
кестесін жасау;
2) нұсқаулықтың 15-тармағына сәйкес кестеге енгізілген аттестатталатын
бiлiм беру ұйымдарының ұсынған өзіндік бағалау материалдарын зерделеу;
3) аттестаттау комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) құрамын құру бiлiм
беру ұйымдары мен қарамағына аттестатталатын бiлiм беру ұйымдары кіретін
уәкілеттi органдардың ресми ұсыныстары бойынша құрылған Сарапшылар
жөнiндегi деректер базасындағы кандидатураларды енгізу жолымен
жүргізіледі.
Комиссияның құрамына еңбегі сіңген ардагер педагогтер, қоғамдық
бірлестіктердің өкілдері енгізілуі мүмкін.
Комиссияның төрағасы болып уәкілеттi органның өкiлi тағайындалады.

3. Аттестаттауды өткiзу

8. Комиссия өз қызметiнде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,
басқа да бiлiм беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін құжаттарды
басшылыққа алады.
9. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау мынадай тәртiпте жүзеге асырылады:
Комиссия төрағасы:
1) комиссия мүшелерімен және аттестаттау жүргізу рәсімімен
таныстырады;
2) комиссия мүшелерінің арасында бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң
бағыттарын бағалау жөнiндегi нақты тапсырмаларды бөледi;
3) комиссия мүшелерін осы Бағдарламамен, мектепке дейінгі білім беру
саласындағы қажеттi нормативтiк құқықтық актiлермен, басқа да құжаттармен
қамтамасыз етедi;
4) комиссияның жұмысын жалпы жоспарлауды және оған басшылық жасауды
жүзеге асырады;
5) аттестаттау өткізу мәселелері жөніндегі бiлiм беру ұйымдарының
педагогикалық кеңесiнiң кеңейтiлген отырыстарында Комиссия жұмысының жоспар-
кестесiн және аттестаттаудың нәтижелерін ұжымға жеткiзедi.
10. Комиссия мүшелерi:
1) аттестаттау өткiзу мәселелерi жөнiндегi бiлiм беру ұйымдары
педагогикалық кеңесiнiң кеңейтілген отырыстарының жұмыстарына қатысады;
2) білім беру ұйымының оқу, материалдық-техникалық, әлеуметтiк
базасының (топтардың, музыкалық және спорт залдарының, спорт ғимараттардың
және т.б.), әлеуметтiк қамтамасыз ету объектiлерiнің (медициналық пункт,
асхана), әдістемелік кабинеттерініңкiтапханаларының, компьютерлiк
сыныптарының ҚР МЖБС талаптарына, санитарлық және өртке қарсы күрес
талаптарына сәйкестiгiн қарауды және тексерудi жүзеге асырады;
3) бөлiнген тапсырмаға сәйкес бiлiм беру ұйымдары қызметінің
бағдарларына бағалау және талдау жүргiзедi;
4) сабақтарға қатысуды жүзеге асырады; тәрбиеленушілермен және
педагогикалық құраммен пікір алысуды жүргізеді;
5) бiлiм беру ұйымында тәрбиеленушілердің ата-аналарының, оқытушылар
мен қызметкерлердің арасында ішінара сауалнама жүргiзедi;
6) тәрбиеленушілердің білімдері мен дағдыларын тексеру нәтижелерін
талдауды жүзеге асырады.

4. Білім беру қызметінің нәтижелілігі

Білім беру қызметінің нәтижелілігін мынадай көрсеткіштер сипаттайды:
1) тәрбиеленушілердің білім беру стандарттарын (білім беру мазмұнының
ең кем көлемін) меңгеруі балалардың мектепке дайындығының нәтижесі
негізінде анықталады (мектепке дейінгі білім беру мекемелерін өзіндік
талдау нәтижелері; педагог-психологтың, логопед-мұғалімнің, дефектолог-
мұғалімнің тұжырымдары);
2) стандарттан жоғары бағдарламаны орындауды көрсету;
3) білім беру ұйымының басқа ұйымдармен (ғылыми, оқу-әдістемелік,
медициналық, жергілікті басқару органдарымен және т.б.) өзара қарым-
қатынасы;
4) конкурстарда, жарыстарда, көрмелерде қатысудың нәтижелілігі және
т.б. Конкурстарда, жарыстарда, көрмелерде қатысудың нәтижелілігі және
т.б.деп кейінгі 3 оқу жылындағы әртүрлі деңгейдегі (аймақтық, қалалық,
республикалық, халықаралық) көрмелерде, конкурстарда, жарыстарда
қатысушылар мен жүлдегерлердің санын айтады;
5) қосымша қызметтердің түрі;
6) қосымша білім беру бойынша тәрбиеленушілерді педагогтармен қамту.
Қосымша білім беру бойынша тәрбиеленушілерді педагогтармен қамту деп соңғы
үш оқу жылындағы балалардың бюджеттік және бюджеттен тыс негізде үйірмелер
мен секцияларға қатысу пайызын айтады.
7) оқу-тәрбие үдерісінде денсаулық сақтау технологияларын іске
асырудың нәтижелілігі. Оқу-тәрбие үдерісінде денсаулық сақтау
технологияларын іске асырудың нәтижелілігі деп оқу-тәрбие үдерісінде
тәрбиеленушілердің денсаулықтарының динамикасын, оның тиімділігін,
медициналық-педагогикалық бақылау және оның диагностикалық көрсеткіштері,
көрсеткіш Жұмыс істеу күндерінің саны (балакүнге шаққандағы науқастану,
денсаулық тобы - пайызға шаққанда); соңғы үш оқу жылындағы жиі ауыратын
балалар (пайызбен көрсеткенде).

1

5. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындылары
туралы тұжырымдаманың құрылымы мен мазмұны

1. Бiлiм беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы

Бөлiмде білім беру ұйымының тарихы және құрылу уақыты туралы ақпарат
беріледі.
Білім беруді жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
бойынша білім беру ұйымында қабылданып жатқан шараларға талдау жасалады.
Комиссияға мынадай материалдарды ұсынады:
құрылтайшылық құжаттары және білім беру ұйымының iшкi тәртiптерін
регламенттейтін құжаттар, басқару құжаттары, оның iшiнде:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуқайта тiркеу туралы куәлiк (бiлiм
беру ұйымдарының толық атауы, құрылған жылы, заңды мекен-жайы, электрондық
адресi, телефоны, факсi);
2) статистикалық картасы;
3) құрылтайшылар келісімі, бiлiм беру ұйымының жарғысы;
4) бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берілген лицензиясы
(лицензияның нөмiрi, берiлген күні) және оның қосымшалары;
5) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін жекеменшiк немесе
шаруашылықты жүргізетін құқығын немесе жылжымайтын мүлiктi жеделсенiмдi
басқару құқығын растайтын материалдық және материалдық емес активтер;
6) бiлiм беру үрдісі үшiн жайды пайдалануға берiлген мемлекеттiк өртке
қарсы және санитарлық эпидемиологиялық қызметтердiң қорытындылары мен
анықтамалары;
7) медициналық қызмет көрсету және тамақтандыру пунктерімен қамтамасыз
етілуін растайтын құжаттар;
8) бiлiм беру ұйымын дамытудың жоспарлары;
9) соңғы үш жылдағы сабақ кестелерi;
10) iстер номенклатурасы;
11) педагогтар мен қызметкерлердiң штаттық кестесi мен лауазымдық
нұсқаулықтары;
12) оқу үдерісiн ұйымдастыру жөнiндегi iшкi басқару құжаттары,
ережелер, регламенттер;
13) педагогикалық кеңестiң, оқу-әдiстемелiк кеңестің, педагогикалық
сағаттың жұмыс жоспарлары мен мәжілістерінің хаттамалары, басқа да
құрылымдық жоспар лаушы құжаттамалар;
14) білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің контингентi туралы (соңғы үш
жылдағы тәрбиеленушілердің жалпы саны (әр жыл бойынша көрсетілсін) соңғы үш
жылдағы мәлiметтер;
15) лицензиялық норматив бойынша топтардың жасақталуы (жоспардан аса
жасақталу пайызы);
16) тәрбиеленуші отбасының әлеуметтік статусы;
17) балаларды тіркеу кітапшасы;
18) басқа да құжаттар.

5.2. Кадрлар құрамын талдау

Бөлімде соңғы 3 жылғы мәлiметтер және мыналар бойынша талдау
келтіріледі:
1) штаттық кестеге сәйкес білім беру ұйымының педагогтармен қамтамасыз
етілуі, вакансияның бар екендігін көрсету;
2) берілетін пәндерге сәйкес базалық білімі бар тәрбиешілер мен
педагогтардың саны;
3) базалық білімі жоқ тәрбиешілер мен педагогтардың саны;
4) мемлекеттік тілде сабақ беретін (мемлекеттік тілде тәрбиелеу мен
оқыту топтарында жұмыс істейтін) тәрбиешілердің саны;
5) жас құрамы бойынша;
6) кадрлардың жаңалануы, өсу перспективасы;
7) штаттық негізде жұмыс істейтін педагогтардың үлесі;
8) біліктілік категориясы бойынша педагогтар құрамы;
9) соңғы үш жылда біліктілігін арттырған педагогтардың үлесі;
10) марапатталған, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы бар педагогтардың
үлесі;
11) педагогикалық кадрларды қайта даярлау жоспарының барлығы және
орындалуы.
Педагогикалық кадрларды iрiктеу және орналастыру, оларды даярлау және
қайта даярлау, әкiмшiлiк басқару қызметкерлерiн және құрылымдық
бөлiмшелердiң басшыларын, қосалқы қызметкерлердi iрiктеу және орналастыру
жүйесiнiң ұтымдылығына және тиiмдiлiгiне талдау жасалады.
Соңғы үш жылда жұмыстан кеткендердiң саны және себебi, алған қызметтiк
марапаттаулары мен ескертпелерi, моральдық және материалдық ынталандыру iс-
шаралары, кадрлардың тұрақтамауы мен ауыстырылуы жөнiндегі мәлiметтердi
талдау. Ұйымдастыру, бақылау және орындауды тексеруді жетілдіру, еңбек және
орындаушылық тәртіпті, салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қолдау
жөнінде білім беру ұйымының қызметiне сипаттама берiледi. Соңғы үш жылдағы
штаттағы педагогтардың сапалық және сандық көрсеткіштерінің динамикасы
сарапталады.
Комиссия мынадай материалдар ұсынылады:
1) штаттық кесте;
2) білімі, стажы, біліктілік категориясы, қайта даярлау курсынан
өткендігі көрсетілген педагогикалық кадрлардың тізімі;
3) педагогикалық кадрлардың және қосалқы қызметкерлердiң жеке iстерi
(кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парағы, жеке параққа қосымша, арызы,
жеке еңбек шарты (келiсiм-шарты), бiлiмi туралы, ғылыми дәрежесi
жәненемесе ғылыми (құрметтi) атағын беру туралы дипломның расталған
көшiрмелерi, жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың көшiрмесi, өмiрбаяны,
аттестаттау парағы, бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан (тағылымдамадан,
семинардан) өткендiгi туралы сертификаттың (куәлiктiң) көшiрмесi, еңбек
кiтапшасы немесе нотариалды расталған еңбек кiтапшасының көшiрмесi, қажет
болған жағдайда басқа да құжаттардың көшiрмелерi; құжаттардың тiзбесi);
4) ағымдағы қызметi жөнінде, жеке құрам бойынша бұйрықтар;
5) педагогикалық кеңес пен педагогикалық сағаттары мәжiлiстерiнiң
жұмыс жоспарлары мен хаттамалары;

5.3. Тәрбиеленушілер контингенті
Бұл бөлімде мынадай көрсеткіштер келтіріледі: тәрбиеленушілердің
соңғы үш жылдағы жалпы саны (әр жыл бойынша көрсету), контингенттің
қозғалысы.
Мынадай материалдар сарапталады:
1) тәрбиеленушілердің ата-аналарымен келісімдердің бар болуы және
олардың мазмұны;
2) тәрбиеленушілер контингентінің сандық құрамы, тәрбиеленушілер
контингентінің бір тәрбиеленушіге шаққандағы оқу ауданының санитарлық
нормаға сәйкестігі.

5.4. Оқу-әдістемелік жұмыстар
Бөлімде соңғы 3 оқу жылы бойынша сараптама және мыналар бойынша
ұсыныстар жасалады:
1) оқу-әдістемелік құжаттардың: мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттарының, оқу бағдарламаларының, мектепке дейінгі білім
беруді дамытудың концепциясы, жұмыс оқу бағдарламалары, жылдық жоспарлар
және даму бағдарламасы;
2) тәрбиеленушілермен жұмыста қолданылатын жаңа педагогикалық
технологиялар және оқытудың түрлерінің бар болуы; олардың жеке бастарының
ерекшіліктерін, мүмкіндіктерін ескеру; олардың оқуға деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау
Республикадағы балаларға қосымша білім беруші ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың жинағы
Білім алушыларды үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Білім беруді ақпараттандыруда педагогикалық технология
Қазақ тілі оқу пәні
Қазақстан Республикасының заңы
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды медициналық оңалту
1917-1960 жылдардағы мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы
Білім беру саласы, құрылымы және принциптері
Пәндер