Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық білім беруді басқару


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық білім беруді басқару

Бүгінгі таңда қоғам сұраныстарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңаша бағытта уақыт талаптарына сай құру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, мектепке дейінгі білім беруді ииновациялық тұрғыдан қарау, озық іс-тәжірибелер мен идеяларды насихаттау қажеттілігі туындап отыр. Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық білім беруді енгізуде бірқатар маңызды мәселелерді ескеру шарт. Олар:

  • инновациялық бағытты дұрыс таңдай білу;
  • инновациялық іс-әрекеттің тұжырымдамасы мен бағдарламасын жасау;
  • инновациялық жобаны жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтап, жағдай жасау;

- инновациялық іс-әрекетті дұрыс жүргізу үшін қажетті құжаттарды кәсіби сауаттылық тұрғысынан дайындап алу;

Инновациялык іс-әрекеттің бағытын таңдау. Инновациялық іс-әрекеттің мазмұны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының приоритетті бағыттағы бағдарламаларының (республикалық, аймақтық, өлкелік немесе муниципиалдық) және мектепке дейінгі педагогика мен психология, әлеуметтану, медицина саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде анықталады. Бұл бағыттар зерттеу жұмыстарын жобалау және оқып үйренетін пәндердің біртұтастығы мен бірлігіне байланысты жіктеледі.

Инновациялық іс-әректтің бағыты: балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын нығайту, физикалық және психикалық дамуына жағдай жасау, өмірін қорғау.

Балалардың дамуы - балардың денсаулығын қорғауға, нығайтуға арналған технология. Балалардың экологиялық-валеологялық дамуы. Баланы алуан түрлі іс-әрекет барысында дамыту. Әр түлі іс-әрекет барысында балалардың шығармашылық қабілеттерін, әлеуетін дамыту. Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сыныптардың сабақтастығын қамтамасыз ету. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына байланысты жалпыадамзаттық құндылықтар мен ізгілендіру бағыттарын басшылыққа алу. Денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру, әлеуметтік ортаның өзара тығыз байланыстылығын қалыптастыру.

Педагогтар мен мамандардың кәсіби дамуы - мектепке дейінгі жастағы балалардың біртұтас дамуын кіріктірілген педагогикалық процесс ретінде қарастыру. Балалармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны және түзету жұмыстарының технологиясы. Отбасымен және серіктестермен жұмыс. Балабақша мен бастауыш сыныптардың сабақтастығының сақталуы. Отбасы мен балабақшаның әлеуметтік дамуы.

Инновациялық іс-әрекет бағдарламаларын жасау. Мұндай іс-әрекеттер негізінен эксперименттік тәжірибе арқылы жүргізіледі. Эксперименттік тәжірибе - бұл ғылыми-педагогикалық қызметке бағытталған. Оның мазмұны педагогикалық құбылысты зерттеу, табиғи немесе жасанды жағдайларда педагогикалық проблеманы шешудің жаңаша жолдарын іздестіру, оған бақылау мен басшылық жасау. Тәжірибелік-эксперимент (ТЭ) жұмысы - ол білім беру ұйымдарындағы ғылыми-тәжірибелік ерекше қызметтің түрі болып табылады, оның негізінде педагогикалық жүйенің дамуына үлес қосылады.

Ғылыми әдебиеттерде шығармашылық іс-әрекеттердің инновациялық қызметке қатынасын төмендегідей үш түрде ұсынады:

  • модификациялық - бұл белгілі бір бағдарламаларды (әдіс-тесілдерді) жетілдіру, тиімділігін айқындау, өзгерту, өңдеу, толықтыру бағытында жүргізіледі. Мұнда педагогикалық тәжірибеде қолданылған іс-әрекеттің жетістіктері тиімділік тұрғысынан қарастырылады.

Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады: диагностикалық, прогностикалық, ұйымдастыру және тәжірибелік: талдау, айқындау, тәжірибеге ендіру.

Диагностикалық кезеңде - білім беру ұйымдарындағы бүгінгі күнгі жай-күйіне мониторинг арқылы талдау жүргізіліп, қарама-қайшылықтары анықталады.

Прогностикалық кезеңде - инновациялық іс-әре-кеттің тұжырымдамасы және бағдарлама жоспары жасалады. Тұжырымдаманы ғылыми жұмыстың жетекшісі (кеңесшісі) білім беру ұйымының ұжымымен бірлесе отырып дайындайды. Тұжырымдама - зерттеу жүмысының теориялың ережелерінің жүйесі. Бұл кезеңде эксперименттің мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, болжамы анықталады. Тұжырымдаманы дайындаудағы ең маңызды мәселе, инновациялық іс-әректтің тиімділігін және нәтижеге жетудегі бақылау мен басшылықты ба-ғалау көрсеткіштерін анықтау қажет.

Ұйымдастыру кезеңінде - мектепке дейінгі білім ұйымының инновациялық эксперимент алаңы мәртебесін алу бағытындағы жұмыстар қарастырылады.

Тәжірибелік кезеңде - инновациялық іс-әрекеттің тәжірибе ұйымдарында, әдістемелік бірлестіктерде, педагогикалық кеңестерде, ғылыми кеңестерде талданып, түзетулер мен өңдеулер жасалуы, бақылау топтарымен зерттеу нәтижелерін салыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Талдау, айқындау кезеңінде - алынған материалдар жүйеленіп, талданып, сандық, сапалық нәтижелерінің көрсеткіштері анықталады. Зерттеудің мақсат-міндеттерінің, болжамының дұрыстығы тексеріледі.

Тәжірибеге ендіру - бұл кезеңде инновациялық технология сол ұжымның (қаланың, ауданның, республиканың, т. б. ) тәжірибесіне ендіріледі. Ол ғылыми тәжірибелік конференцияға баяндама түрінде, педагогикалық басылымдардағы мақалалар түрінде немесе оқу-әдістемелік нұсқаулар, көмекші құралдар арқылы таратылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық білім беру жағдайында педагог-тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін шыңдап, кәсіби құзыреттілігін қамтамасыз ету төмендегідей компонентерге байланысты:

  • жеке тұлға ретіндегі дамуы мен өзін-өзі жетілдіру бағытында дер кезінде көмек көрсете білу;
  • диалог негізінде көмек көрсетуге өзін-өзі жетілдіру;
  • жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты ұйымдастыруға және өзіндік белсенділікке жетелеуге көмек көрсету;
  • өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі басқаруда еркіндік, баламалық таңдауға жауапкершілік, кәсіби қызмет және өмірлік маңызды мәселелерді қарастыру.

Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық білім беру ұжымның шығармашылықпен жұмыс жүргізуіне тікелей байланысты және оған төмендегідей жағдай жасау қажет:

1. Ұжымдағы жағымды, достық жағдайдағы ахуалды қалыптастыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың педагогикалық - әдіснамалық негіздері
Балаларды ақпараттық технология білімін жетілдіру
Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары
Сатылай оқыту технологиясы
Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылық
Білім беру мақсаттары жайлы ақпарат
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру мазмұнының жаңартудың өзекті мәселелері
Мектепке дейінгі мекемені басқару пәнінің ОҚУ БАҒДАРЛАСЫ
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Қазақстан Республикасының заңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz