Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларды оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларды оқытудағы
сабақтастықты жетілдіру жолдары

Мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық
туралы соңғы уақыттарда көп пікірлер айтылып отыр. Сабақтастық, бір
жағынан, жалпы дамуы мен тәрбие деңгейі мектепте оқыту талаптарына сай
жауап беретін балаларды мектепке тапсыру, екінші жағынан, оқушыларды әрі
қарай жан-жақты дамыту үшін тәрбиеленушілердің игерген білім, білік,
дағдыларын мектепте белсенді қолдануын қарастырады.
Білім берудің тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі бір факторы
сабақтастық пен үздіксіз оқыту. Бұл факторлар балабақшадан бастап
мектептегі оқыту басқыштарында білім берудің біртұтас мазмұны мен мақсаты
жүйесін және үлгілерін қабылдауды қажет етеді. Мектепке дейінгі және
бастауыш сынып жасындағы балаларға үздіксіз білім берудің жалпы мақсаты:
өзгермелі әлеуметтік жағдайға бейімделуге, жеке тұлғасын сақтауға, қоршаған
ортамен белсенді қарым-қатынас жасауға дайын болуды қамтамасыз ететін
баланың физиологиялық және психологиялық үйлесімді дамуы.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі
келесі мақсаттарға қол жеткізуді ұсынады:
Мектепке дейінгі басқышта:
• Баланың денсаулығы мен физиологиялық дамуын нығайту, оның жалпы
психологиялық және ойлау қабілеттерін дамыту;
• Келесі кезеңде оның сәтті біліміне және эмоционалды жайлылығын
қамтамасыз ететін танымдық белсенділігін,коммуникативтілігі мен өзіне
сенімділігін дамыту;
• Мұғалімнің балаға жеке тұлғалық бағыттағы қарым-қатынасы;
• Баланы дамытудың басты факторы ойын әрекетін қалыптастыру;
• Баланың жеке тұлғалық және танымдық дамуына жол ашатын білімдік орта
құру
Бастауыш мектеп басқышында:
• Баланың мүмкіндігі мен жасына сәйкес танымдық дамуы мен
әлеуметтендіру;
• Қоршаған дүниемен өзара қатынастың түрлі формаларын игеру;
• Оқу іскерлігін қалыптастыру мен мектептің орта буынында білім алуға
дайындығы;
• Осы жастағы дамудың басты жетістігі ретінде оқу үдерісінің оқыту
іскерлігіне бағыттылығы;
• Оқытудың әрбір жас кезеңіне тұлғаның дамуының басты жақтарын
көрсететін үздіксіз мазмұндық шек бойынша нақты мақсаттар
қалыптастырылады:
• Физиологиялық дамуы
• Танымының дамуы
• Әлеуметтік жеке дамуы
• Көркемдік-эстетикалық дамуы
Мектепке дейінгі білім беру басқышында баланың басты тұлғалық
қасиеттерінің негіздері қалыптасып, мектептегі сәтті оқытудың негізі бола
алады. Бұл уақытта мектеп, қабылдаушы ретінде, өз жұмысын нөлден
бастамай, баланың мектепке дейінгі жетістіктерін қолға үйіріп, оның
жинаған потенциалын дамытады. Сабақтастықтың кілтті сәті баланың мектепте
баауалатын білім алуымен дайындығын анықтау болып табылады.
Мектепке дайындау проблемаларын отандық педагогтар мен психологтар
зерттеген. Баланың мектепке жалпы дайындығын қалыптастыратын жалпы және
арнайы дайындық түрлері бар. Жалпы дайындыққа физиологиялық, жеке және
интеллектуалдық, ал арнайы дайындыққа баланың жалпы даму мен бастапқы санау
және оқу дағдыларын қамтамасыз ететін бастауыш мектептегі пәндік курстардың
игеруіне қабілеттілігі жатады.
Физиологиялық дайындыққа болашақ оқушының денсаулығы, дене бітімінің
дұрыс қалыптасуы, қозғалыс дағдылары мен қабілеттерінің дамуы
(еркіндік,шыдамдылық, тепе-теңдік, моторикалық координация), физиологиялық
жұмысқа саналы қабілеттілік енеді. 6-7 жасар балалардың мектепке даярлығын
анықтауда мектепке жетілгендікті анықтаудың негізі баланың биологиялық
жасы мен құжаттар арасындағы алшақтық болып табылады. Түрлі жастағы
балалардың арасында жетілген және жетілмеген балалардың пайыздық қатынасы
анықталды. Мектепке жетілгендердің сандық пайызы 6 жасар балалардың 49%,
6,5 жасар балалардың 68%, 7 жасар балалардың 87% және 7,5-8 жастар
балалардың 98%-ын құрайды. Оның ішінде қыздар ұлдарға қарағанда, мектепке
айқындылығы ілгері. Мектепке жетілу қыздар арсында 5 пен 6 жаста, ал
ұлдарда жарты жылға кейін, яғни, 6 жас пен 6,5 жас аралығында байқалады.
Баланың мектепке жеке даярлығы баланың өмірілк қатысының үш негізгі
аймағын қамтиды:
- Айналасындағы үлкендермен қатынасы, яғни саналы түрде қойған
мақсатқа сәйкес жүмыс жасау қабілеттілігі: оқу жағдайының шартын
түсіну; үлкен адамды мұғалім ретінде қабылдай білу жатады.
- Құрдастарымен қарым-қатынасы; ойын кезінде қалыптасқан кооперативті
жарыс түріндегі қатынастың болуымен сипатталады. Яғни ойын,
конструкциялау әрекетінде қызметтерді бірігіп бөлісу кезеңінде
балалардың мазмұнды қатынасы оларға серіктестер көзқарасы мен
қимылын түсініп, ескеруге көмектеседі.
- Балаға өзіне-өзінің қатынасы. Мектепке дейінгі ересек жастағы
балаларда жыл соңында өзін жоғары бағалау өбьективті бағалаумен
алмаса бастайды. Бұл- баланың мектепке оқуға жаңа өмір үлгісін
қабылдауға дайындығының негізгі көрсеткіштерінің бірі.
Баланың мектепке жеке даярлығында оқушының ішкі ұстанымы немесе
мотивациялық жоспары ерекше рөл атқарады. Ол екі типті оқу мотивтерінен
тұрады: әлеуметтік (жаңа әлеуметтік мәртебе алу, баланың басқа адамдармен
қатынас қажеттілігімен байланысты), және танымдық (мектепке дейінгі баланы
оқу іс әрекетінде тікелей жаңаны танумен интеллектуалды белсенділікке
тартуы), мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда моральды мотивтердің
(парызды түсіну) қалыптасуы бастапқы жаңа білім болып саналады. Балаларда
әлеуметтік эмоциялар пайда болады: біреуге көмектескенде, қиындықты
жеңгенде бала қуанады.
Балалардың ақыл-ойының дамуының басты көрсеткіші бейнелі және сөздік
логикалық ойлау негізінің қалыптасуы болып табылады. Бейнелі ойлауды
дамытудағы жетістік баланың логикалық ойын дамытады. Ол қарапайым себеп-
салдар байланысын және жалпы қабылданған ұғымдарға сәйкес обьектілерге
жіктеудің қабілеттілігін көрсетеді. Балалар ғылыми білімге негізделген
жалпы қағидаттарды, байланыстар мен заңдылықтарды түсіне бастайды. Бірақ
олардың ойлауы бейнелі болып қалады және заттар мен орнын ауыстырушы
құралдарға негізделеді, бұл пәндік, графикалық құралдарды қолдануға
мүмкіндік береді. Ол теориялық білімді берудің аса маңызды құралы болып
табылады.
Мектептегі оқытудың сәттілігі балардың оқу әрекетіне қажетті ана тілін
үйрену деңгейіне, тілдің дамуына байланысты. Тілдік құрылымды игерутілдік
қызметтің қарапайым түсініктерінің өзара байланысстарынан басталады:
сөйлемдегі сөздер құрамы, сөздің дыбыстық және мазмұндық жағы, тіл
грамматикасының сауаттылығы, мәтіндегі құрылымдық байланыс. Осылардың
көмегімен бала өздігінен үлкендердің көмегінсіз өз ойларын жеткізіп,
мәтінді мазмұндап береді. Ал айналасындағылармен өзара түсінісіп,
мұғалімдер, сыныптастарымен қатынас құруда тілдің диалогтық формасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканың білім мазмұнындағы мектептің бастауыш және орта сатысындағы сабақтастығы
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
Балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығы
Бірінші сынып математикасында дамыта оқытудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану
Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану
Даярлық топта математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері
Баланың мектепке даярлығының педагогикалық проблемалары
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың қазіргі жағдайы
Пәндер