Мектепте оқуға балалардың психологиялық дайарлығын қалыптастыру



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
I.Бөлім. Мектепте оқуға балалардың психологиялық дайарлығын
қалыптастыру
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалармен психо – диогностикалық
жұмыстардың негізгі принциптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2. Мектепте оқуға балалардың психологиялық дайарлығын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
1.3. Балалардың мектепте оқуға дайарлық денгейін зерттеу
... ... ... ... . 13
1.4. Даму денгейін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 23
II. Бөлім. Балалардың мектепте оқуға деген іс - әрекетін
эксперимент барысында анықтау

2.1. Оқуға деген қаблетіне байланысты
әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2. Бала қаблеттеріне байланысты
методикалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қортынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... . 34
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
. 35
Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Кіріспе:

Қазігі таңда баланың мектепке баруын педагог және психолог
қауымдары бала өмірінің жаңа бастауы ретінде,оның әлеуметтік ортада
дамып қалыптасуы деп қарастырады. Баланың оқу әрекетіне дайындығын

Л.И. Божович, оның әлеуметті маңызы және әлеуметті бағаланатын
қажеттіліктің өсуімен байланыстырады.
Мектепке қабылдауда балаларда танымдық процестердің дамуының
өте маңызды ерекшеліктеріне мыналарды атауға болады:
Тіл, сенсорлық даму, зейін, ес, ойлау, қиал. Кейінгі жылдардағы
зерттеулер нәтижесі бойынша жас бала өте икемді және жеңіл
оқытылады.
Белгілі психолог Л.С. Выготский айтқан: Қандай да бір оқыту
үшін
тиімді, яғни тым ерте және тым кеш оқыту мерзімдері даму жағынан
алғанда әрқашан зиянды болып саналады, баланың ақыл-ой даму барысына
қолайсыз әсерін тигізеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың улкен мүмкіндіктерін жүзеге асыруда

қолданылатын тәрбиелеу әдістерімен түрлері мектепке дейінгі жастың
психо-физиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып құрылған жағдайда
ғана ең жоғарғы нәтижеге жетуге болады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастырылатын және
жүргізілетін ойын- осы жастағы іс-әрекеттің жетекші негізгі түрі
болып
табылады. (1)

Жұмыстың өзектілігі:
Қоғамда тәрбиелі, білімді азаматтар тәрбиелеуде балабақшалар мен
бастауыш мектеп ұжымдарында жауапкершілік артып отыр.
Біздің қоғамның болашағы жан- жақты саутты және өнерлі санамен

қатар оқуға деген қызығушылығы жоғары деңгейдегі балалар. Осының
негізінде белсенді, өз күшіне сенімді, өз ісіне жауапкершілікпен
қарайтын
тұлғаны қалыптастыру.
Баланың мектеп оқуына дайындығы бірнеше компанентерден тұрады:
Интелектуалды жеке дайындығы, жеке байланыстылық, дене дайындығы.
Интелектуалды дайындық - баланың аналитикалық қаблеттілігінің,
әрекеттің жалпы принциптерін көре білуін, әр түрлі ой операциясын
шеше білуін және қоршаған ақиқатқа танымдық көз қараспен қарай
білуін болжайды.
Зерттеу барысында дауыстап айтылған сөз баланың интелектісіне, іс-
әрекетін, маңызды іс әрекет әкеледі, тапсырмаларды шешу барысында
сөздің қатысы дұрыс жауапты табуға бағыттап және ізденісті
жеңілдететіндігі анықталады. Л.И.Божович пен А.В.Зопорожецтің
жариялаған еңбектерінде баланың сөйлеуімен ойлауының арасындағы
күрделі қатнастың бары анықталған.
Дж. Брунер интерпретациялап, суреттеген Ф.Франк экспериментінің
кездейсоқ нәтижесі болмағанда біздің алдымыздан сөйлеудің
интелектілік
қызыметінің проблемасы қайта шықпас еді.
Пиженің белгілі ойларына қарама- қайшы болып отыр, себебі оның
ойынша көлемді сақтау принципін игеру тек бала өмірінің 7-8
жылдарында ғана болуы мүмкін. Бұл бала ойлау түрінің өзгергендігін:
онда заттар туралы сапалы жаңа схемалар қалыптасқанын білдіреді.

Зерттеу жұмысының мақсаты:
Мектепке дейінгі балаларды, мектеп оқуын еркін меңгеріп кетуі
үшін сол оқу процесіне психологиялық бейімделуін зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Мектепке дейінгі балалардың білімге деген қызығушылығын анықтау.
2. мектепке дейінгі балалардың оқу процесіне дайындығы.
3. Балалардың мектеп оқуына субъекті ретінде қалыптасуы.
4. Балалардың мектеп өміріне бейімделу жағдайлары.
Зерттеу жұмысының объектісі:
№3 Әлия Молдағұлова атындағы балалар бақшасының Қанағат дайындық
тобы.

Зерттеу жұмысының пәні:
Ғылыми жұмыстарының зерттеуі.
Зерттеу жұмысының болжамы:
1. Мектепке дейінгі балалардың оқуға деген қаблетін ашуға
көмектесуі.
2. Балалардың білімге қызығушылығын арттыру.
3. Балалардың білім денгейін ойын арқылы ашады.

I. Бөлім. Мектепте оқуға балалардың психологиялық
дайарлығын қалыптастыру.
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалармен психо-диогностикалық
жұмыстардың негізгі принциптері.

Мектепте жүйелі түрде оқуға психологиялық
дайарлық - мектепке дейінгі балалық шақтағы бала дамуының қортынды
нәтижесі. Ол бірте- бірте қалыптасады және ағызаның даму
жағдайларына байланысты.
Мектепте оқуға дайарлық ақыл-ой дамуының белгілі бір деңгейін,
сонымен қатар қажетті тұлғаны сапалардың қатысуымен ескеріледі.
Сонымен, мектепте оқуға психологиялық дайарлық баланың негізгі
психикалық сфераларының қалыптасқандығынан көрінеді: ықыластанушылық
(мотивациялық), адамгершілік, еріктік, ақыл-ой. Және
бұлар оқу материалдарын табысты меңгеруді қамтамасыз етеді. Сонымен
бірге мынаны есте ұстау қажет: баланың мектепте оқуға психологиялық
дайарлығы оның мектепке түсу мезетінде мектеп оқушысына сай
психологиялық белгілер құрылатындығында емес. Олар тек мектепте оқу
барысында қалыптасады.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала дамуының қортындысы тек
осы белгілердің алғы шарттары болып табылады. Олар баланың мектеп
жағдайына бейімделуіне, жүйелі оқуға кірісуіне жеткілікті болуы
қажет.
Мұндай алғы шарттарға ең алдымен оқушы болғысы келу, маңызды
іс-әрекетті орындау, оқығысы келу талаптылығы жатады. Мұндай тілек
Мектепке дейінгі шақтың соңында көрініс береді.
Мектеп бағдарламасын меңгеруге дайындықта тек білім және дағдыны
игеріп алу емес, баланың танымдық қызығушылығымен танымдық іс-
әрекетінің даму денгейінің де шешуші маңызы зор.
Егер баланы мектепте алатын білімінің мазмұны тартымды
болмаса,
Сабақта танысқан жаңалық қызықтырмаса, жалпы мектепке , оқыуға, оқушы
жағдайына, оның құқықтары мен міндетеріне деген оң көз-қарас,
тұрақты, табысты оқуды қамтамасыз етуге жеткіліксіз.
Сонымен бірге танымдық белгілер ұзақ уақыт ішінде бірте-бірте
құрылады, жиналады. Және ол , егер мектепке дейінгі жаста оны
тәрбиелеуге жеткілікті көңіл бөлінбесе, мектепке түсісімен бірден
пайда болмайды.
Бастауыш мектепте көптеген қыйындықты көретін мектепке дейінгі
шақтың соңында білім және дағды жеткіліксіз болар емес, баланы
қызықтыратын ойын немесе күнделікті жағдайға байланысты емес есепті
шығаруға ойлауға ықыласы және дағдысы жоқ балалар екендігін
зерттеулер көрсеткен.
Мектепке дейінгі шақтың соңында балалардың қолы жеткен және
бастауыш мектепте табысты оқуға жеткілікті танымдық іс- әрекеттің
даму денгейі, осы әрекетті еркін басқарудан басқа, бұрын
айтылғандай
баланың қабылдауы мен ойлауының белгілі бір сапаларын қамтиды.
Мектепке түскен бала заттарды зерттей білуі, олардың әр
түрлі қасиеттерін бөліп көрсете алуы керек. Оған жеткілікті түрде
толық , анық және таңдамалы (бөлшектенбеген) қабылдауды меңгеруі
қажет. Өйткені,
Бастауыш сыныпта оқу мұғалімінің жетекшілігімен балалар әр түрлі
материалдармен жұмыстар орындалуына негізделген. Мұндай процестерде
әлем туралы ғылыми түсініктер алуы үшін маңызы бар заттардың
қасиеттерін ашып, бөліп алуы жүріп отырады.
Мектепке келген бірінші күннен бастап, бала заттың кеңістік
белгілерін, бағыттары туралы білімді ескермей орындауға болмайтынын
Нұсқаулар алады. Уақыт туралы түсінік және уақытты сезу, оның
қаншасы өткенін анықтай білу -оқушының сыныптағы ұйымдасқан
жұмысының, тапсырманы мұғалімнің көрсеткен мерзімінде орындауының
маңызды шарты. (2)
Мектепте оқу, білімді жүйелі меңгеру баланың ойлауына ерекше
жоғары талаптар қояды. Бала айналадағы құбылыстардың ең маңыздысын
бөліп ала білуі керек, оларды салыстыра білуі , ұқсастығы
мен айырмашылығын көре біуі, дұрыс ойлай білуді үйренуі
құбылыстардың себебінтаба білуді, қортынды жасай білуі қажет. Сабақта
ол мұғалімнің пікірін байқап, қадағалап отыруы және ізінше
сәйкес қортынды жасай білуі қажет. Егер балада құбылыстардың
байланыстары мен қатнастары жалпыланған түрде анықтай алатын
ойлау іс-әрекеті қалыптасса, олардың бәрі қамтамассыз етіледі.
Ал мұндай әрекеттер мектепке дейінгі шақта көбінесе бейнелі
ойлаудың көрнекті –схематикалық тұрде қалыптасады . Ойлаудың бұл
түрлерінің жеткілікті дамуы, бала мектептегі оқуға көшкенде
тек қана 1 сынып бағдарламасын табысты меңгеруіне ғана емес,
оқушыға логикалық ойлаудың тәсілдерін игеруіне де септігін
тигізеді. Жекеленген ұғымдарды меңгеруге және қолдануға
негізделген ойлаудың логикалық түрлері мектепке дейінгі шақта
менгерілседе , мектептегі оқудың алғы шарты емес салдары болып
табылады.
Баланың мектепке дайарлығын анықтайтын психикалық дамуының
тағы бір жағы оның тілінің дамуы айналасындағы затты,
суретті, оқиғаны байланыстыра, жүйелі түсінікті түрде сипаттап
бере алуы , өз ойының желісін жеткізе білу, белгілі бір
құбылысты, ережені түсіндіре алуы.
Қорыта айтқанда, мектепке психологиялық дайарлық балаға
сынып ұжымына енуге, ондағы өз орнын табуға, ортақ іс-
әрекетке
қосылуға көмектесуге оның тұлғалық сапаларын қамтиды.
Бұлар: баланың басқа адамдармен қарым- қатынас жасаудағы
менгерген әдептілік ережелері, ойндарда және өз ара іс-
әрекеттің басқа түрлерінде қалыптасатын өзінің құрбы-
құрдастарымен өз ара қарым- қатынас орнату және оны сақтап
отыру.
Л. Венгер, В. Мухина.
Баланы диогностикалық тексеруге арналған мүмкіндігінше
қысқа әдістемелік тәсілде экспресс әдістеме түрінде, бала
тұлғасының белгілі бір сферасын тез зерттеуге ыңғайлы болганы
дұрыс.
Баланы диогностикалық тексеру алдында онымен алғашқы
байланысты орнату үшін кез- келген тақырыпқа диогностикалық
интервью жүргізу ұсынылады. Психолог оны жүргізу әдісін жақсы
білуі қажет.
Психологиялық зерттеулер әдісін практикада қолданғанда
негізгі принциптерді, идеяларды басшылыққа алу қажет.
Алдымен бұл -бала жанын, психикасын зерттеудің генетикалық
тұрғыдан қарастыру принципі. Бала психологиясы үшін бұл
принциптің маңыздылығы сондай, өйткені осы ғылым басқаша
генетикалық психология деп аталады. Бұл пинцип бойынша бала
психикасының құбылыстарын зерттеуде, баланың үлкендермен өзара
қарым- қатнасы, өз іс- әрекеті және құрбы –құрдастарымен
қатнас барысында қалай дамитынындығын , өзгеретіндігін анықтауға
тырысамыз. Бұл принцип баланың психикасының дамуына, оның
тұлғасының қалыптасуына нақты мәдени- тарихи жағдайлардың әсерін
талдауға бағытталған.
Бала психикасының дамуын диалектикалық тұрғыдан зерттеу
детерминизм принципін, ішкі және сыртқы факторлармен анықталған
қандайда бір өзгерістердің байланыстылық себептерін жүзеге
асыруды қарастырады.
Зерттеу барысында алынған әрбір жеке фактіні сапалық
жағынан
қарастыру, яғни баланың барлық ішкі әлемін, оның мінез-
құлқының қатыстылығын ескерту қажет. Осыдан баланың тұлғасын
айналасындағы адамдармен барлық алуан түрлі байланыстарда
зерттеу қажеттілігі туындайды.
Айналадағы адамдармен қарым- қатнасын талдамай, баланың
тұлғасы және оның мінез- құлқы туралы мүлде ештеңе түсінуге
болмайды.(тұлғаны және қарым- қатнасты зерттеу бірлігі принципі).
Кейде, тесттер және басқа да психологиялық әдістер
дамудың белгілі бір жағдайын және денгейін тек қана
белгілейді деп есептеген. Бірақ та, тіпті медициналық
диогностикада әр түрлі анализдер қандай да бір физиологиялық,
дене жағдайларын өлшеп қана қоймайды, аурудың психологиялық
көңіл- күйіне белгілі бір түрде ықпал да етеді. Бұл жағдайды
психологиялық зерттеуде жоғары дәрежеде ескеру қажет. Кез-
келген тест немесе сұрақнама тек қана белгілі бір
психологиялық құбылысты өлшемейді, баланың тұлғасына әсер
етуді де қамтиды. Сондықтан да бұл жерде Гипократтың өзі
айтқан: Зиян келтірме! деген ежелгі қағиданы ескеру қажет.
Сыналушыға зиян келтірмеу принципі баланы (топты) зерттеуде, не
оны жүргізу процессі болсын, не оның нәтижелері болсын,
сыналушыға ешқандайда зиян келтірмеуін талап етеді.(
денсаулығына, жағдайына, әлеуметтік статусына және т.б.).
Сонымен қатар баланың дамуына көмектесетін әдістерді
де қолдану жағын қарастыру қажет. Сондықтан психика
дамуының диогностикасы және корекциясының бірлігі принципін
жүзеге асыру өте маңызды. Негізгі мақсаты да осында.
Сондай-ақ баланы, бала қоғамын зерттеуде алалық
жасамау (бөлшектемеу) принципі өте маңызды. Ол жеке балаға
болмасын, не балалар тобына болмасын алдын- ала келісілген
пікірдің болдырылмауын қамтамассыз етеді.
Бала бақшасындағы диогностикалық психо- коррекциялық
жұмыс психологтың, тәрбиешінің тек баламен және топпен ғана
емес, ата- аналармен, балалармен, жұмыс істейтін мамандармен
де тығыз ынтымақтастықта болуын қарастырады. Ынтымақтастық
принципін және тағы басқа да аталған пинциптерді жүзеге
асыруға педагог- зерттеушінің қарым- қатнасқа бейімділігі,
симпатия, психиканың көріністерін байқағыштығы,
айналасындағылардың сенімін және әуестігін қолдау қабылеті
сияқты қасиеттері мүмкіндік туғызады.

1.2. Мектепте оқуға балалардың психологиялық даярлығын
қалыптастыру.
Оқуға психологиялық дайындық - көп аспектілі ұғым.
Ол жеке білім мен біліктілікті емес, барлық негізгі
элементтер кіретін белгілі бір жиынтықты қарастырады. Бұл
мектептік дайарлық жиынтығына қандай құрамдас элементтер
енеді?
Көптеген ата- аналар, егер бала оқи және санай
білсе, мектепке дайын деп есептейді. Сыдырата оқи алу,
түсініп санай білу оқуда оң нәтиже берері даусыз, бірақ
болашақ бірінші сынып оқушысында оқу іс- әрекетінің алғы
шарттары және табысты оқуға қажет, баланың мектепте оқыуының
табыстылығы оның психологиялық жетілуіне байланысты барлық
құрамдастар қалыптасуы қажет.
Психологиялық жетілу баланың негізгі психикалық
сферасының дайындығын қарастырады: ықыластанушылық, еріктік,
ақыл-ой және әлеуметтік. Оқуда тілдік емес функциялардың
жетілмеуі ( көру арқылы қабылдау, қозғалысты сфера, кеңістік-
уақыт қатнастары) маңызды роль атқарады. Тілдік емес
функциялардың толық жетілмеуі бала сөйлеуінің дамуына, одан
соң ойлауына кері әсер етеді. Өйткені сөйлеу және ойлау
өзара байланысты.
Баланың ақыл-ой дайындығының компанентерінің бірі-
жеткілікті дамыған тіл. Мектепте табысты оқу үшін баланың
тілдік емес функциялары толық дамыған болуы керек . Нәзік
моториканың толық жетілмеуі баланың ақыл- ой дамуына кері
әсер ететіндігін ғалымдар дәлелдеген.
Балаларды жүйелі оқытуға дайындауда әлеуметтік
жетілгендіктің, яғни баланың ұжымда жұмыс істей алуы
құрбыларымен қарым- қатнасты, басқа балалардың пікірімен
санасыуы т.б маңызы да аз емес.
Сонымен, бүгінгі таңда мектепте оқыуға дайарлық -
кешенді психологиялық зерттеулерді талап ететін компанентті
білім беру екендігі практика жүзінде қашаннан мәлім нәрсе.
Психологиялық дайарлық құрамында төмендегідей
компаненттерді бөліп қарау қабылданған.
(Л.А.Венгер, А.Л. Венгер, В.В . Холмавский, Е. А. Пашко және т.б
пікірлері бойынша):
1. Тұлғалық дайарлығы. Баланың жаңа әлеуметтік позиция- мектеп
оқушысы статусын қабылдауға, оның құқығын біліп,
міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру. Бұл тұлғалық
дайындық баланың мектепке, оқу іс- әрекетіне, мұғалімдерге
өзіне қатнастардан байқалады. Тұлғалық дайындыққа мотивациялық
сфераның белгілі бір даму денгейі де кіреді. Болашақ
оқушы өзінің тәртібін, мінез- құлқын, танымдық іс- әрекетін
еркін басқаруы қажет. Және бұл қалыптасқан иерархиялық
түрткілер жүйесінде мүмкін болады. Тұлғалық дайарлық, сонымен
бірге баланың эмоционалды сферасының даму денгейін де
қарастырады. Бала мектептік оқытудың басында , оқу іс-
әрекетінің дамуы және өтуіне жағдай туғызатын салыстырмалы
түрде жақсы эмоциалдық тұрақтылыққа жетуі қажет.
2. Интеллектуальды дайарлығы. Дайарлықтың бұл компаненті
балада ой-өрістің, нақты білімдер қорының болуын қарастырады.
Бала бір қалыпты және таңдамалы қабылдауы (дифференцированное
восприяте, қаз. Ауд. Қ. Жарықпаев), қарастыратын материалға
теориялық тұрғыдан қарау элементтерін қолдана білуді, ойлаудың
жинақтаушы түрлерін және негізгі логикалық амалдарды, түсініп
есте сақтауды меңгеруі қажет. Сонымен бірге, интеллектуалдық
дайарлық балада оқу іс- әрекет саласында бастапқы
біліктіліктерін , жекелей алғанда, оқу міндетін бөліп алу және
оны өзіндік іс- әрекеттің мақсатына айналдыру біліктіліктерін
қалыптастыруды қарастырады. Қорыта келе, мектепте оқуға
интеллектуальдық дайарлықты дамыту мынандай жағдайларды
қарастырады деуге болады:
таңдамалы қабылдау;
аналитикалық ойлау (құбылыстар арасындағы негізгі белгілер мен
байланыстарды танып білу қабылеті, үлгіні қайталай алу
қабылеті);
логикалық есте сақтау; білімге, қосымша күш сақтау есебінен
оны алу процесіне қызығушылық;
естіп қабылдау арқылы сөйлеу тілін меңгеруі және символдарды
түсінуге және қолдануға қаблетті;
қолдың нәзік қозғалысының және көру - қозғалыс үйлесімдерінің
дамуы.
3. Мектепте оқуға әлеуметтік – психологиялық дайарлығы.
Дайарлықтың бұл компаненті балаларда құрбы- құрдастарымен,
басқа балалармен, мұғалімдермен қарым- қатнас жасауға көмектесетін
қасиеттерді қалыптастырады. Бала мектепке, балалар ортақ
іспен айналысып жатқан сыныпқа келеді. Бұл жерде оған
басқа балалармен өз ара қарым - қатнас орнату, балалар
қоғамына ену, басқалармен бірлесе іс- әркет жасау тәсілдерін
жетік меңгеруі жол беруі және қорғана білуі керек. Сонымен
бұл компанент балаларда басқалармен қарым- қатынас жасау
қажеттілігін, мектептік оқыту жағдайында мектеп оқушысы ролін
орындау қабылетін дамытатын балалар тобының дәстүрлері мен
қызығушылықтарына бағына білуді қарастырады.(3)
Бала дайындаған анықтау бойынша психолого- педагогикалық
зерттеу, әдетте екі нұсқауда жүргізіледі:

1. Мектептік жетілуді шамамен анықтау.
2. Тереңдетілген психолого- педагогикалық зерттеу.
Шамалап болжамды зерттеу бала туралы алғашқы түсінік береді,
ол тереңдетілген зерттеу дамыту және коррекциялық бағдарламалар
құруды қамтамасыз етеді, баланың мүмкіндік қорын анықтауға
көмектеседі. Егер бірінші зерттеу нәтижесінде баланың
мектепке дайын еместігі анықталған болса тереңдетілген зерттеу
жүргізу ұсынылады.

Психологиялық процестерді зерттеу үшін ұсынылған тесттер
жиынтығының үлгісі:

1. Нүктелерді көшіру (зейіннің көмегімен анықтау).
2. Кодпен хабарлау (зейіннің тұрақтылығын анықтау).
3. Ес (көру есінің жағдайын анықтау).
4. мағанасы бойынша байланысқан он жұп сөз (мағаналық ес
жағдайын анықтау).
5. Төртінші артық зат (логикалық негіздеулер дұрыс жалпылау
жасай алуының қалыптасқандық жағдайын анықтау).
6. Сюжеттік суреттер сериясы (баланың себеп- салдарлық байланысты
көрсетуде қаблетін анықтау).
7. Сөздік суреттер (заттарды, нәрселерді сұрыптау ұғымдары мен
біліктіліктерінің қалыптасқандық дәрежесін анықтау).
8. Заттарды, нәрселерді салыстыру. ( амалдарының қалыптасқандық
дәрежесін анықтау).
9. Сөйлеу, тілі (Сәйкес келетін сөзді таңдап ол сөздік қорының,
ұғымдардың, еркіндігінің және даралығының дәрежесін анықтау).
Баланы зерттеуде соңғы нәтижесі емес, болашақ мектеп
оқуының іс- әрекетінің сипатына, оған кездесетін қиындықтарға
ерекше көңіл аударылады. Сонымен бірге, баланың көмекті қалай
қабылдайтынына, оның актуальды даму деңгейі және жақын даму
аймағына көңіл бөлуі қажет. Келесі (қажет болған жағдайда
) кездесетін қиындықтарды түзету бойынша мақсатты жұмыс
баланың дамуында әжептәуір көтерілуіне мектептік бағдарламаны
табысты меңгеруге көмектеседі.

1.3 Балалардың мектепте оқуға дайарлық денгейін зерттеу.

Қазіргі кезде балалар психологиясы ғылымда мектеп
оқуына дайындықтың мазмұны тек бала білімімен,
интеллектуалдық дайындығымен тұжырымдамай, оның психологиялың
сапасы ерекшелігімен негізделінеді. Бұл көз қарастың негізін
Л.С. Выготский мектепке дейінгі балалардың психологиялық жаңа
құрылымы ретінде интеллектуализация эффекта деген түсініктеме
енгізуімен қалған. Бұл жаңа құрылымның бір көрінісі ретінде
баланың тәлім- тәрбиенің қоғамда қолданған талапқа бағыну
бағытымен өзгеруі деп санайды.
Туған күнінен бастап белгілі бір әлеуметтік ортада
бала өсуді, және тәні де жаны да дамыйды, әр түрлі
ерекшелікке ие болады. Бір жастан екінші жасқа өту шекарасы
және олардың арасында бөгет болмасада әр жастағы
ерекшеліктер өзгеріссіз қалмасада, дегенмен де педагогикалық
теорияда бұрыннан балалық шақтың төмендегідей кезеңдері
белгіленеді:
Сәбилік жас 3 жасқа дейін, мектепке дейінгі жас 3 –тен 7-
ге дейін, төменгі мектептің жасы 7-ден 12-ге дейін.
Әр кездегі жас ерекшеліктерін ескермей балаларды
дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес. Алғашқы екі жылда балалардың
бас миы өте зор жинақтаушы күш көрсететіні анықталған.
Бұл әсіресе баланың тіл дамуында ерекше байқалады.
Өйткені балалардың сөз құрауында тітіркендіргіш күштің
(сыртқы әсердің) маңызы үлкен, яғни буындардың дыбыстық
күші (феномендер). Осыдан педагогикалық практика үшін
қортынды: 2-3 жасқа дейін және одан әрі балалардың сөзді
айтуда қателерді және сөйлеуде мағынасыз бөліктерге бөлуді
үнемі түзетіп отыру керек екендігін ата- аналардан және
тәрбиешілерден талап етіледі.
Бірінші жастың соңында және екінші жастың басында
балалар әлі сөзді толық айта алмайды, естіген сөздерінің
екпінді буындарын екі мүшелік тізбектерге жинақтай бастайды.
Мысалы: Әже маған су бер орнына әже су деп айтады.
Екінші жас бала тілінің өте қарқынды даму кезеңі:
бала тілінің сөздік құрамы 200-400 сөзге дейін жетеді.
Тілдің граматикалық құрылымы белгілене бастайды. Граматикалық
құрылымның жетілуі одан ары жалғаса береді, 4 жастан 6
жасқа дейін сезім эмоцияларды айыра алады сыртқы және ішкі
әсерлерден болатын эмоциялар мен сезімдерді, қанағаттану
(удовольствие) және қанағаттанбау (неудовольствие) сезімдерін өте
дәл айыра алады.
Бес жасқа дейін қалыпты дұрыс даму жағдайында бала
ана тілінде еркін сөйлей алады. 5 -6 жаста баланың
шығармашылық іс- әрекеті күшейеді және оның басты бағыттары
көріне бастайды. Жоғары жүйке іс- әрекетінің типі – ойлау,
көркем өнер, т.б түрлері анықталады.
Сонымен бала тұлғасының ақыл-ой және адамгершілігінің
баюына бала тілінің дұрыс дамуына ерекше маңызы бар
екендігі еш күмән келтірмейді. Сондықтан ата-аналар және
тәрбиешілер балалардың сөзді, буындарды, дауыссыз дыбыстарды
(мысалы р, ш, және т.б) дұрыс айтылуы, мұқият қадағалап
отыруы қажет. Айтылған сөздердің нақты заттарға, құбылыстарға
сонымен бірге адамдардың іс- қылықтары мен әсерлеріне
сәйкестігіне, сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлігіне, балалардың
сөздік қорының молайуына және оған жинақтаушы сөздердің
енуіне аса көңіл бөліп отыру қажет.
Мектепке қабылдауда балаларда танымдық процестердің
дамуының өте маңызды ерекшеліктеріне мыналарды атауға болады:
Тіл. Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен
кісілермен кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кез-келген мәселесі
бойынша түсінісе алатындай дәрежеге жетеді.
Бұл жаста бала қандай сөзді қолдануға болады, ал қандай
сөздер соншалықты жағымсыз тіпті оларды айту ұят екендігін
түсінеді. Бала сөзге дыбыстық талдау жасай алады. Сөзді
дыбыстарға бөліп, сөздегі дыбыстардың ретін анықтай алады
(егер бала балабақшаға барып жүрсе) 6 жасар бала түсінікті
тілмен - контексті тілмен, қатнас жасай алады, яғни ол туралы
айтылу керектігін жеткілікті түрде толық сипаттап бере
алатын тіл денгейінде сондықтан да талқыланатын жағдай
тікелей қабылдаусыз да толық түсінікті болады.
Сенсорлық даму. Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және
олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай,
ұсынылған заттардың да түрін, пішінін дұрыс атай алады,
заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп)
анықтай алады, және ол қарапайым пішіндерді бейнелеп,
оларды берілген түске бояй алады. Бұл жастағы балалар
заттардың белгілі бір эталондарға сәйкестігін көрсете алады.
Әсерленушілік пен білуге құмарлық қаншалықты басым
болғанымен, бұл жаста қабылдау әлі ұйымдаспаған. Әлі де
мақсатты түрде қарау және көру, тыңдау және есту т.б
қажетті біліктіліктері қалыптаспаған.
Зейін. Тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін),
өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Ерік күшін
талап ететін ырықты зейін әлі де болса нашар дамыған.
Айналаны зерттеуге бағытталған баланың танымдық
белсенділігі, оның зейінін зерттеу объектілеріне қызығушылығы
жоғалғанша аударады. Егер 6 жасар бала өзіне маңызды
ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2 тіпті 3 сағат
ойнай береді. Осылайша ол ұзақ бар ықыласын аударып
өнімді іс - әрекетпен айналыса алады.
Алайда бұлай зейінді шоғырландыру -баланың айналысқан
нәрсесіне қызығушылықтың салдары. Егер оған ұнамайтын іс-
әрекеттеықыласты болу керек болса, ол қажып, алаңдап, тіпті
өзін өте бақытсыз сезінеді. Балаға зейінін тірбиелеуде
көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың
зейінін ұйымдастыра алады. Дегенмен де, бұл жастағы балалар
өз тәртіптерін еркін реттей алса да ырықсыз зейін басым
болады.
Балаларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы
аз іс- әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі
сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет
түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып
табылады.
Ес. Мектепке дейінгі жас- естің қарқынды даму жасы. Ес
жетекші танымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың мектепке бейімделу факторлары
Тіл бұзылыстары бар балалардың мектепте оқуға психологиялық даярлық деңгейін анықтау
1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі
6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдау
Бастауыш сынып оқушыларының мектепте ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әлеуметтік - психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі
Баланың мектепке оқуға дайындығының теориялық негіздері
Бес-алты жастағы балалардың мекетепке психологиялық дайындық мәселелері
Оқушылардың оқу топтарына бейімделуінің психологиялық - педагогикалық шарттары
Пәндер