Оқыту үрдісінде танып –білу арналған материалға және оны игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
КIРIСПЕ
Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап
көрсетiлген мәселелердiң бiрi – окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру
делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың
танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Кіші
мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi –
оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк
және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер
ету арқылы анықтау кажет [1,5]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi
жатады.
Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың
ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде
қанағаттандырылмайтыны белгілі. Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы
өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты
әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Ойында ең алғаш баланың
дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізі,
жалпы мәні де осында[5,21].
Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әртүрлі
бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже-ойын
әрекеті адам іс-әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады.
Бала белгілі бір рольді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана
қоймайды, өзін де байытады, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді. Окыту
процесiнде ойын элементтерiн пайдалану сабақтың дидактикалық мiндеттерiн
кушейтедi, яғни окыту әдiстерiнiң тиiмдiлiгiн арттырады. Сондықтан
дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие процесiнде қолдану педагогикалык
процестiң кұрамдас болiгi болып табылады.
Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі:
дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп,
іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет[6,24].
Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған болып саналады.
Ойын процесінде балалардың білімі мен пайымдауы айқындалып, тереңдей
түседі. Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін
баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге танымды белсенді іс-әрекетінің
белсенді бір формасы болып табылады. Соның барысында олар мұғалімнің
басшылығымен жаңа білімді меңгереді. Ойынды ұйымдастырып, оны басқара
жүріп, ұстаз балалар ұжымына және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды.
Ойынға қатысушы бала өзінің ниеті мен әрекетін басқалармен үйлестіруге,
ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады.
Педагогикалық басшылық болмаған жағдайда балалардың ойындары кейде
жарамсыз ықпал жасауы да мүмкін. Сонымен бірге дидактикалық ойын балалардың
танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейтуге қажеттілігін туғызады.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін
оятып, бүкіл өміріне ұштасады.
В.А.Сухомлинскийдің сөзімен: Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ
және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе іспетті,
ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған
дүние түралы түсінік алады. Ойын – дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен
еліктеудің маздап жанар оты - деп ойынның зор маңызын түйіндесек, ұлттық
ойындарды ойнату, сабақта пайдаланудың маңызы сөзсіз зор.
Оқушының білімінің сапасы болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі
мүмкіндігінде, оларды ұлттық дәстүрмен ұштастырып, оқушылардың
шығармашылықпен жұмыс істеуін білімдерін, дағдыларын, іскерлікпен дамытуға
байланысты.
Оқушы тұлғасының дамуына айтарлықтай ықпал жасауды дәстүрлі мектеп
іргесінде іске асыру – қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуындағы
елеулі бағыт. Яғни, мемлекеттік білім беру стандарты бойынша, базистік оқу
жоспарына негізделген, сыныпты-сабақты ұстанымын сақтайтын, бірақ үнемі
өзгерістегі, заманға қарай икемделудегі білім жүйесі және психологиялық-
педагогикалық жетістіктерге ашық мектеп болуы керек.
Оқушы тұлғасының дамуына масималды себептер болу үшін дамыта оқыту
идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан. Соның ішінен сабақ беруде
басшылыққа алып, қолдануға ыңғайлысын келтіре кетейік.
1. Оқыту үрдісінде танып –білу арналған материалға және оны игеру уәжіне
оқушының қызығуын тудыру.
2. Мұғалім білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үрдісін оқушы
есептің шешуін табу, не басқа оқу мәсілесін шешу барысында өзінің өзекті
даму аймағына сүйенетіндей етіп, ал нәтижесін оның жақын даму аймағына
әкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда , оқыту үрдісі оқушының
өзіне берілген есепті шешу барысында оны шешуге қабілеті, білімі
жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны
тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі қажет.
3. Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының жеңістік
жағдаятын алдын-ала ескеру қажеттігі туады, яғни оларға өз күштерімен
шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек.
Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шыңды басып өтуші, меншікті жеңісті
иеленуші ретінде сезінеді.
4. Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің
мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.
5. Сырттағы білімді іштегі білімге алмастыруға арналған іс-әрекеттер
тізбектерін алдын-ала болжау қажет. Бұл нәтижеге топтық талдау,
пікірталастар және т.б. жеткізеді.
6. Дамыта оқыту үрдісінде білім дайын берілмеуі тисі, оқушы білім тереңіне
қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында өзі жетуі
керек.
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде
ешқандай дайын берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтай
арқылы жүзеге асады. Мұғалім – сабақ үдрісін ұйымдастырушы, бағыттаушы
адам ретінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей
білуге үйретіледі. Әр оқушы өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік
беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола
бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге
талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Осындай негізгі құылған іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты.
Қәжеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету
жолдарын ашу, мақсатқа жету үрдісі, нәтижесін шығару.
Бүгінгі кезде жоғарыда жазылған барлық сипаттаушы қасиеттерін игерген
мектеп саны жоққа жуық. Бірақ, бұл мақсатқа ынталанған мектептер бар.
Сонымен, жалпылап айтқанда, оқушы тұлғасынның дауына ықпал жасайтын
сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
- оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты
бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
- Оқыту үдрісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру
әрекеттерін танымдық қабілеттерін белсендіру;
- Оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту;
- Оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға
талпындыру;
- Белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру;
- Көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
- Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
- Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану
- Оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу
материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;
- Дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;
- Жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру.
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы
дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:
- мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобында мұғалімдер мен оқушылардың күш
жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектіестік жұмыс
жағдацын қалыптастыру;
Қазіргі кезеңде республиканың білім жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ
мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.
Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік стандартына енгізу, соған
сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті
ғылыми-әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа
буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, т.с.с. білім беру
саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек
күттірмейтін ауқымды істер.
Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сабанамыз
демекші, бүгінгі бала - ертеңгі жаңа әлем. Демек бұрыннан қалыптасқан
бағдарлама мен тәртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық
тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс.
Сондықтан оған жүйелі жәрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын,
қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет.
Ойынның атқаратын қызметі сан алуан болады. Атқарылатын қызметіне
қарай ойын жұмбақ, жаңылтпаш, ермек, айтыс, құрақ, оралым, ою-өрнек,
мозайка, шытырман, жарыс, интермедия, дұзақ, қара есеп, сұрақ, алмастыру,
қозғалыс, жаттығу болып бөліне береді. Ойын тек баланың дене күш-қуатын
молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке және т.б. тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-
ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Баланың әртүрлі
ойынмен ойнауы және өзі туып өскен, өмір сүрген ортасына байланысты алған
әсерлері мен түйсіктері олардың қиялын қозғап, творчестволық шабытын оятып,
алғашқы іс-әрекетке жетелеуге, осы арқылы баланың өзін қоршаған дүниені
танып білуіне алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді.
Ойынды педагогикалық процеске енгiзе отырып, мұғалiм балаларды
А.С.Макаренконың сөзiмен айтқанда „Жақсы ойын, жасауға үйретедi. Сонда ғана
ойын оку-тәрбие құралына айналады
Проблеманың көкейкестiлiгi және оның қазiргi мектеп практикасындағы
маңызы диплом жұмысынын такырыбын Мектептің оқу-тәрбие процесінде
дидактикалық ойындарды пайдалану деп тандауға болды.
Зерттеу максаты: Мектептiң оку-тәрбие процесiнде дидактикалық
ойындарды пайдалаудың тиiмдiлiгiн көрсету.
Зерттеу нысанасы: Мектептiң оку-тәрбие процесi
Зерттеу пэнi: Окушылардың танымдық қызметiн кушейтудiң әрекеттiк
жүйесi.
Зерттеу болжамы (гипотезасы): Мектеп практикасында дидактикалық
ойындарды оқытудың кұралы ретiнде пайдалану окушылардың танымдық әрекетiн
арттырады, окытуды ұйымдастырудың тиiмдi формаларын анықтауға мумкiндiк
жасайды, мұғалiм кызметiнiң жүйелiлiгiн камтамасыз етедi.
Зерттеу болжамынан келесi мiндеттер туындайды:
1. Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми, әдiстемелiк әдебиеттерге
талдау жасау, тиiстi тұжырымдар жасау;
2. Мектепте оқытуды ұйымдастыру және окыту кұралдарының тиiмдi
түрлерiн анықтау;
3. Дидактикалық ойындардың танымдық кызметтi кушейтудегi ролi
мен колданылу орнын анықтау;
Зерттеу жұмысы Тараз қаласында № 30 қазақ орта мектебi базасында
орындалып, төмендегi алынған нәтижелiк көрсеткiштерi қорғауға ұсынылды:
1. Дидактикалық ойындарды оқыту процесiнде пайдаланудың теориялық
негiздерi;
2. Мектептiң оқу-тәрбие процесiнде дидактикалық ойындарды пайдалану
ерекшелiктерi;
3. Мектепте дидактикалық ойындарды пайдалануда ұлттық педагогика
элементтерiн пайдалану әдiстемесi

Мектепте дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздері

1.1 Оку-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды
психологиялық-педагогикалық тұрғыдан негiздеу
Оқыту мен тәрбие құралы болып табылатын ойынның көп ғасырлық тарихына
үңілсек, ол туралы алғашқы пікірлер ежелгі грек философтары Платон мен
Аристотель еңбектерінен бастау алатынын көруге болады. Бұл еңбектерден
дидактикалық ойындар бұрын оқыту процесінде белгілі бір жүйесіз
пайдаланылғанын байқаймыз.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде дидактикалық ойындардың маңызды роль
атқаратынын Я.А.Коменский, Д.Ж.Локк, Ж.Ж.Руссо өз еңбектерінде ерекше атап
өтті.
Я.А.Коменский (1592-1670) ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік
ретінде қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін,
олардың іс-әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетті: Бала неғұрлым
көп әрекет етсе, жүгірсе, жұмыс істесе, соғұрлым ол жақсы ұйықтайды, жақсы
тамақтанады, тез өседі, денсаулығы мықты болып, дене ой дамуы жақсы жүреді;
бірақ ол үшін баланы үнемі қорғап отыру қажет.
Я.А.Коменский ойынның еңбекпен байланысы жөніндегі күрделі
педагогикалық проблеманы шешуге тырысты, сондықтанда оның көзқарастары
бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Ол ойынды біз баланың рухани және
дене дамуы қозғалысынан көреміз, сондықтан оларды саналы түрде пайда
келтіретіндей етіп, жүргізуіміз қажет, - деп атап көрсетті.
Дж.Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа ынталы келетіндігімен
санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Ж.Ж.Руссо дамытқан еркіндік
тәрбие ұғымының негізін сала бастады.
Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде мәселелерді қарастырған да
Дж.Локк та, Ж.Ж.Руссо да ең бірінші орынға баланың ойлануын тәрбиелеуді
ойын арқылы жүзеге асыруды қойды.
Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фребель дидактикалық
ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс
ойындарының, құрылыс дағдыларымен еңбек ету қабілеттерін дамытуға
бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ Ф.Фребель
ойындарының мазмұны баланың ой-өрісі мен қиялын дамытуды шектеді.
Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты
орын алып, оның баланы дамытудағы мәні дәлелденді. Зерттеушілер ойын арқылы
оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. К.Д.Ушинский сабаққа
ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу процесін жеңілдететінін атап
көрсеткен болатын.
Көрнекті педагог Н.К.Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның
бала өміріндегі алатын орнына және тәрбиелік мәніне, маңызына үлкен мән
берген: Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы
ұйымшылдыққа, мұқиятшылыққа, еңбекке үйретеді. Оның бала үшін оқуда,
еңбекте болады. Ал В.А.Сухомлинский ойынның баланың ақыл-ойын дамытудағы
мәнін ерекше бағалайды: Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз,
фантазиясыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі деген болмайды... ойын арқылы
бала дүниені таниды. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы.
Дидактикалық ойындардың психологиялық мәнін зерттеу мәселесімен
көрнекті психологтар Л.В.Занков, Л.С.Выготский, Д.Н.Узнадзе,
С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Д.В.Эльконин, А.А.Люблинская айналысты.
Оқушы ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып
табылады. Ойын дегеніміз не және оған балалар неліктен ынтығады? Кейбір
психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың артық әл-қуатын шығындап,
жоғалтқысы келген талабымен түсіндіреді. Алайда мұндай көзқарас: бала
бойындағы осы бір артық әл-қуат қайдан келеді деген сұраққа сәулесін түсіре
алмайды. Ол оны бір ойында шығындай алмай, ойындардың жаңа түрлеріне
қызыға, беріле кірісетіні несі? Оған осындай ойын түрлері неменеге керек?
Сірә, ойынның психологиялық жаратылысын түсіндіруді осы сұраққа қайтарылған
жауаптан бастау керек, өйтпейінше баланың бір ойыннан екінші ойынға
неліктен қасарыса ұдайы көше беретіні, бір ойыншықты тастай салып, екінші
ойыншыққа неліктен ұмтылатыны, үлкендер ойынды тоқтатып немесе күштеп тыйым
салған кезде неге қарсыласатыны шынында да түсініксіз болып қалады. Бұл
арада бізге белгілі көрнекті психолог Д.Н.Узнадзе негізін салған
функциональдық тенденция концепциясы көмектеседі. Бұл концепцияның мәні
неде?
Белгілі бір генетикалық жағынан қанға сіңген қызметтер, күш,
мүмкіндіктер балаға іштен туа бітеді. Солардың кейбіреулері бала туысымен-
ақ бірден немесе алғашқы күндері қозғала бастайды, ал өзге қылықтар баланың
тіршілік қызметіне әртүрлі кезеңде жалғасады.
Баланың жекелеген қызметінің оның күнделікті қызметіне енуінің осы
бір дәйектілігі, біріншіден, жаратылыстың алдын ала анықталуына, екіншіден,
қызмет комплексінің кез-келген топтарының дер кезінде көрінуін
ынталандыруға, олардың дамуы қалыптасуына ықпал етуге тиіс қоршаған ортаға
байланысты. Мәселен, қозғалысқа келетін күштің генетикалық айқындалған
уақыты жетпейінше бала туа сала жүріп кете алмайды, алайда оның жетіліп,
екі аяын тік басып, тәй-тәй жүруі үшін баланы қимылға тартатын, оның
құламай, тік тұруына, аяқтарын тең басып жүруіне көмектесетін және
үйрететін адамның қамқорлығы, қолайлы орта қажет.
Ішкі күштер әрекеттер қозғалыс импульстерін, даму тенденциясын
жасырып тұрады. Бір кезде басқадай әрекет, әрекеттер тобы белсенділік
көрсете бастайды, нақ сол сәтте бала бәрінен бұрын ойынға құмартып, ынтыға
түседі. Ойнағысы келетіндігі шын мәнінде әрекетшіл күштердің баланы
еркін іс-қимылға итермелегенін білдіреді және оның қандай ойынды таңдап
алатыны нақ сол мезетте оны ойын қандай функционалдық күштің итермелеп
отырғанын анықтауға болады. Енді ойнағым келмейді дегені шын мәнінде
әрекеттердің бұл тобы нақ сол сәтте өзінің қуатын тауып, уақытша демалыс
талап ететін, бірақ осы кезде әрекеттердің басқадай тобы қозғалысқа келуі
мүмкін екенін және сол кезде бала бәрінен бұрын өзінің дамуына ықпалды
ойынға кірісетінін білдіреді.
Сөйтіп, қызмет бағытының мәні баланың ішкі, туа біткен күшінде
қозғалыс пен даму олардың табиғи шарттары болатындығында еді. Ойнағым
келеді және Ойнағым келмейді дегендер ішкі (интерфункционалдық) күштер
жағдайын күйіне сезінуден басқа ештеңе емес. Ойын, демек, артық әл-қуатты
сыртқа шығындаудың тәсілі емес, дамудың негізгі бас формасы, қызмет
бағытының емін-еркін бұрқаған көрінісінің формасы болып табылады және
әрекеттер ретінде олардың комплекстері де өздерінің бағыты бойынша бір-
бірінен айырмашылықтары бар, міне осылар баланы мазмұнды жағынан әртүрлі
ойындар ойнауына мәжбүр етеді. Жетілгісі келіп тұрған күштердің қарбалас
қимылына сәйкес келмейтін, әрі оған ықпал етпейтін ойын мен ойыншық баланы
тез жалықтырады. Сонымен бірге ойындар мен ойыншықтар арқылы баланың адамға
тән іс-әрекеттің көптеген элементтері мен түрлерін ойдағыдай меңгере
алатындығы айқын болды.
Егер серпінді қимыл мен интерфункционалды күштердің дамуы мен
қалыптасуына қарай ойынға деген құштарлық бәсеңсіп, қызметтің басқадай
түрлеріне (көңіл көтеру, оқу, еңбек ету) орын беріледі. Шынында да мұның
өзі осылай. Көптеген функциялар 7-9 жасқа жеткенінше мейлінше жеделдете
дамиды да, ойынға деген құштарлық осы кезеңде күшейе түседі, ал ойын дамуды
басқаратын іс-әрекеттің түріне айналады. Осындай сәтте баланың өзіндік
саналары, оның шындыққа, адамдарға қарым-қатынасы қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушысының қызмет бағыты күшейген кезде оның құлшынып
ойнағысы келіп тұрады. Баланың ойын қызметін тоқтатып, оны
интерфункционалдық күштердің қимылына қайшы келетін басқадай нәрсемен
шұғылдануға мәжбүр еткізу – бала талантының жеделдете дамып, жан-жақты
ашылуына тосқауыл жасау деген сөз.
Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың
ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде
қанағаттандырылмайтыны белгілі. Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы
өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты
әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Д.Б.Элькониннің атап
өткеніндей, мұнда балалар өзара сәйкес рольдерді тасымалдаушылар
(ересектердің өзара әлеуметтік қатынасын қайта жаңғыртады), әрі ойынға
тікелей қатысушылар болады. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның
үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның
пайда болуының негізіне айналады. Біраз уақыттан кейін рольдік ойыннан
ереже бойынша жүргізілетін ойынға ауысады. Біртіндеп ереже ойын әрекетінде
бірінші орынға қойылып, алғашқы сюжеттік сипатқа ие болады, сосын ойында
жеңіске жету бала үшін үлкен мәнге айналып, ойын еңбекке және оқу әрекетіне
ұқсас бола бастайды. Шындығында бұл осылай, егер 6-7 жасар балада ойынға
деген қажеттілік күшті болса, 12 жаста ол мүлдем әлсіз деп айтуға болады.
Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады
және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында.
Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әртүрлі
бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже-ойын
әрекеті адам іс-әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады.
Бала белгілі бір рольді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана
қоймайды, өзін де байытады, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді.
Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі:
дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп,
іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет. Ендеше, бұл
ойындар оқытуға арналған.
Бала ерте жастан-ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен,
жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым-қатынасқа түсіп, олардың
ерекшеліктері мен қасиет-сапалары түралы мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек
өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз.
Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады.
Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі оның негізгі
мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту,
игі қасиеттерді тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындардың мазмұны – қандай да болмасын ақыл-ой
міндеттерін жүзеге асыру. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал
етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады, ол
күнделікті оқытуға ұқсамайды, мұнда қиял-ғажайып та, жауапты өз бетінше
іздеу де, белгілі болмыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді
толықтыру мен кеңейту де, жекеленген құбылыстар арасында өзара байланысты,
ұқсастықты және айырмашылықты тағайындау да бар. Ал ең бастысы, оқушыларды
еш зорламай, өздерінің қалауы бойынша дидактикалық ойын арқылы оқу
материалын әртүрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен
бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру мүмкіндігін туғызып, оқушыларға
білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді.
Дидактикалық ойын өзінің қызметі мен атына сай орындалуы үшін, оның
арнайы құрылымы болуы шарт.
Оның құрылымы төмендегідей:
1. Міндеті.
2. Әрекет.
3. Ереже.
4. Нәтиже, ойынның аяқталуы.
Әрбір дидактикалық ойынның белгілі міндеті болады, ол дидактикалық
мақсаттан келіп туындайды. Ойынның (мақсаттан келіп) міндеті оның оқу
мазмұнын құрайды. Ойын мазмұны балалардың қызығушылығын оятады, олардың
танымдық іс-әрекетін белсендіреді және жаңа білім, іскерлік, дағдымен
байытады.
Әрекет – ойынның негізгі бөлігі. әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге
асыру мүмкін емес. әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір оқушының мінез-
құлқын анықтап, ұйымдастырып, бір тұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы
іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген
әмоционалдық қатынасын анықтайды. Дидактикалық ойында әрекет нақты
анықталған және айқын түрде белгіленген. Ол әртүрлі болуы мүмкін, бұл
жағдайда төмендегідей негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс:
а) ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсаты жүзеге
асырылуы шарт:
ә) ойынның аяғына дейін тартымды, әрі қызықты болуы шарт.
Ереже дидактикалық ойынның қажетті бөлігі болып табылады және ерекше
орын алады, сондықтан кейде дидактикалық ойындарды ережеге құрылған
ойындар деп те атайды. Ереже ойын міндетіне бағынады. Олар іс-әрекетті
ойынның міндетін жүзеге асыруға бағыттай ұйымдастыруда көздейді. Сондықтан
дидактикалық ойында іс-әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережелер бала ойын
үстінде не істеу керек және қалай істеу керек екендігін анықтайды. Ережесіз
іс-әрекет жайбарақат дамып, дидактикалық міндеттің жүзеге асуына ықпал ете
алмайды, сөйтіп өзінің негізгі сипатынан айырылады. Дидактикалық ойынның
ережесі іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның
тартымдылығын арттырады.
Ойын нәтижесі – бұл міндетті шешу мен ережені орындау. Нәтиже мен
ойынның аяқталуын екі тұрғыдан бағалау қажет: баланың көзқарасы тұрғысынан
және мұғалімнің немесе тәрбиешінің көзқарасы тұрғысынан.
Егер ойын нәтижесін баланың көзқарасы тұрғысынан бағаласа, онда
мұғалім ойынның балаға моральдық және рухани ләззат беру жағын есепке
алады. Дидактикалық ойынның міндеттерін шешу баладан белгілі бір күш-
жігерді талап етіп, олардың ойлау іс-әрекетіне талаптар қояды. Балалар ойын
барысында ұшқырлық, алғырлық, тапқырлық танытады. Мұның барлығы балаларды
моральдық тұрғыдан қанағаттандырып, олардың өз күштеріне сенімін арттырады,
оларды қуаныш сезімге бөлейді.
Мұғалім мен тәрбиешіге дидактикалық ойындарды талдау кезінде міндеттің
орындалғанын әрекеттің жүзеге асырылғандығын, ойынның белгілі бір нәтижеге
әкелгендігін қадағалаудың маңызы зор.
Адам өскен сайын ойын өзінің мәнін, жетекші ролін жоғалта бастайды.
Бірақ ол кейбір адамдарда өмірлік іске айналады (шығармашылық, техникалық
және басқа да мамандықтар). Ойын тарихы оның еңбектен пайда болғанын
көрсетеді, ендеше ол адамдар үшін еңбектің түрі болып қала береді.
Сондықтын дидактикалық ойын – бастауыш сынып оқушыларын оқытудың ақыл-ой
белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.

2. Оқушылардың оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойынның алатын
орны және оларды пайдалану ерекшеліктері
Оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану,
оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған
білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін дидактикалық
ойындарды пайдаланудың орны ерекше.
Тиімді пайдаланған дидактикалық ойындар мұғалімнің түсіндіріп отырған
материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, оны берік меңгеруіне
көмектеседі. өйткені ойын мектепке келген оқушылардың әрекетін белсендіріп,
оларды тәрбиелеп, дамытудың аса маңызды құралы болады. Ойынды педагогикалық
процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, яғни А.С.Макаренконың
сөзімен айтқанда, Жақсы ойын жасауға үйретеді. Мұндай ойынның өзіне тән
сапасы бар, ол-мазмұнының тәрбиелік-танымдық құрылымы, бейнелейтін
түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі мен ұйымшылдығы,
ойынның ережелерге бағынуы.
Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей
түседі. Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін
баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге танымды белсенді іс-әрекетінің
белсенді бір формасы болып табылады. Соның барысында олар мұғалімнің
басшылығымен жаңа білімді меңгереді. Ойынды ұйымдастырып, оны басқара
жүріп, ұстаз балалар ұжымына және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды.
Ойынға қатысушы бала өзінің ниеті мен әрекетін басқалармен үйлестіруге,
ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады.
Педагогикалық басшылық болмаған жағдайда балалардың ойындары кейде
жарамсыз ықпал жасауы да мүмкін. Сонымен бірге дидактикалық ойын балалардың
танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейтуге қажеттілігін туғызады.
Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бір жағынан –
ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі
бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік
қалыптасады. Екінші жағынан – ойын сабақта белгілі бір дидактикалық
міндетті, жаңа материалды оқып-үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен
дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді
көздейді.
Оқушылардың оқу іс-әрекеті процесінде аса дайындықты қажетсінбейтін
дидактикалық ойындарды пайдалану керек және олар оқытатын, үйрететін
сипатқа ие болуы тиіс. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырғанда оның сабақтың
мақсатына жетуге көмектесетін жағын ескеру маңызды. Оларды сабақтың әрбір
кезеңіне сәйкес дұрыс пайдалану да өте тиімді. Сабақтың басында ойын
баланың қызығушылығын оятады, оны ұйымдастырады, сабақтың ортасында ойын
тақырыпты меңгертуге бағытталады, сабақтың аяғында ойын ізденіс сипатына ие
болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезеңінде ұйымдастырылса да, қызықты,
түсінікті болуы оқушыларды іс-әрекеттің әр түріне баули алуы тиіс.
Әдіскер – ғалым Ж.В.Арутюнян сынып оқушыларына математиканы оқытуда
ойында қолдану әдістемесін жасады. Ол оқытуда ойынды қолдану әдістемесін
компоненттердің белгілі бір жүйесінің жиынтығы, - деп түсінеді. Оның
негізгі компоненті ретінде ойынның мақсатын алады. Оған байланысты жүйенің
басқа компоненттері қарастырылады: мазмұны, ұйымдастыру формасы, ойын
түрлері, ойын құралдары, сонымен бірге олардың өзара байланысы.

ОЙЫНДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Блок-схема І
Ойынның нақты мақсаты
Мазмұны Құралдары
Ұйымдастыру формасы Түрлері

Бұл жүйені мектептің оқыту процесінде басшылыққа алуда мұғалімге
әдістемелік талаптар қойылады.
Мұғалімге қойылатын бірінші талап-ойынның нақты мақсаттарын түсіну
және білу болып табылады, ойынның негізгі мақсаттары төмендегідей:
- Оқушылардың әрбір пән бойынша меңгеруге тиісті білім мөлшерін
саналы түрде игеріп, оқушылардың іске икемділігін қалыптастыру;
- бала қабілетінің қырларын жан-жанқты дамыту;
- ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту;
- еңбек, дене тәрбиесін жетілдіру, оның өмірге көзқарасын,
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, әстетикалық талғамын
арттыру.
Екінші талап – ойынның мазмұнын анықтау. Мұнда қажетті шарт-ойынның
көмегімен жүзеге асырылатын деректі оқушының жас ерекшеліктеріне,
бағдарламалық талаптарға, нақты мақсатқа сәйкес дәл білу болып табылады.
Ойынның мазмұны тек пәндік мақсаттар ғана емес, оқу әрекетінің
іскерліктерін қалыптастыру, бейнелік және логикалық ойлауды дамыту
мақсаттарын да жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет. Ойынның мазмұнына
қойылатын негізгі талаптардың бірі ойынды және оның түрлерін ұйымдастырудың
мүмкін формаларын есепке алу болып табылады.
Ойынды ұйымдастыру формаларына қойылатын талаптар: (ұжымдық, топтық
және даралық таңдау) ең алдымен оқушылардың ойлауының даму деңгейін,
коммуникативтік іскерліктерді (оқу, жазу), қарым-қатынас іскерлігін
қалыптастыру деңгейін нақты есепке алу негізінде анықталады 6-7 жасар
балаларға тән көрнекті-әрекеттік және көрнекі-бейнелік ойлаудың даму
ерекшеліктерін сүйене отырып, біз топтық немесе дара ойындарды пайдалану
тиімді деп есептейміз. Мұндай жағдайда мұғалім әрбір оқушы арқылы ойынның
мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Ол үшін ойынға
қатынасушыларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды. Бұл
тапсырмалар жазылған карточкалар, сюжетті суреттер, жинақтар, т.б.с. болуы
мүмкін. Ойынды ұйымдастыру формасына оның түріне байланысты болу керек.
Ойынның құралдарына қойылатын талаптар ойынның мақсаты, мазмұны және
формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір зат
(ойыншықтар, материалдар, т.с.с.) оқушыларға жақсы таныс болуы керек.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан
бірқатар шарттарға байланысты:
1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
3. Ойынға қатынасушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
4. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.
5. Ойынның әмоциональды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар
қойылады:
1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні
бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден
түсінідірілуі қажет.
3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету
керек.
4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне желеу
керек.
Бағдарламалық материалға сәйкес мұғалім мазмұны жағынан әртүрлі
дидактикалық ойындарды-саяхат-ойындарын, тапсырма-ойындарды, жарыс-
ойындарды, әңгіме-ойындарын, танымдық іс-әрекеттің сипатына қарай әртүрлі
ойындарды-орындаушылық іс-әрекеті талап ететін, қайта жаңғырту әрекеті
орындалатын, бақылау әрекетін, ізденушілік әрекетті көздейтін ойындарды
пайдаланады. Содан кейін мұғалім ойынның сабақ құрылымындағы орнын және оны
жүргізу әдістемесін анықтайды.
Дидактикалық ойындарды таңдап алу, оларды дұрыс өткізу мен ұйымдастыру
– оның табысты болуының шешуші шарттары. Ойынды оқу әрекетіне енгізу,
(бірден сабақта қолайлы) біріншіден сабақта қолайлы жағдайдың болуы,
екіншіден мұғалімнің шеберлігін, үшіншіден оқушылардың психологиялық көңіл-
күйінің болуын талап етеді.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың кезеңіндегі орны
мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен
практикасының мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті
материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне
оқушыларды белсенді ұйымдастыруға байланысты.
Дидактикалық ойындардың қайсысын болмасын өткізу барысында оқушылар
түрлі іс-әрекеттерді орынайды. Дегенмен олардың қандай да бір іс-әрекеттің
басым орындалуына орай топтастыруға болады. Демек, ойын барысында
орындалатын негізгі іс-әрекеттерді анықтап, оның түрлерін іс-әрекетке орай
алмастырып отыруға түра келеді. Кейбір дидактикалық ойындарда оқушылардың
орындаушылықпен (берілген үлгіге еліктей отырып), біршамасында еске
түсіруімен, (қайта жаңғырықтандырумен) байланысты, қайсы бірінде тексеру
мен бақылау, өзгерту, түрлендіру, әртүрлі мүмкін варианттарды іздестіру
сияқты іс-әрекеттер орындайды. Ойын әлементтерін пайдалану нәтижелі болу
үшін осы сияқты іс-әрекеттерді алмастыра отырып дидактикалық ойындардың
өзгермелі болуын да жүзеге асыруымыз керек.

2. Мектептiң оку-тәрбие процесiнде дидактикалық ойындарды пайдалану
әдiстемесi
1. Мектептің пән сабақтарында дидактикалық ойындарды колдану әдiстемесi
Балаларды окытуда және тәрбиелеуде ойын әрекетiнiң мәнi педагогикалык
жүйеде бұрын да, казiр де карастырылып отыр. Алдынғы қатарлы педагогтардын
бәрi де ойынды нагыз керектi және манызды iс-әрекет деп тусiнедi. Шетел
және бiздiн ұлттық педагогикамыздың өзiнде ойын тарихында бала тәрбиелеуде
мынадай бағыттар да колданылады:
1. Баланы жан-жақты үндестiкте үйлесiмдi дамыту;
2. Ойын баланың ең кажеттi iс-әрекетiнiң табиғатына және бейiмдiлiгiне
аса жауапты түрi саналуы тиiс.
А.С.Макаренконың айтуынша, ойын аркылы баланың физикалык, психологиялық
касиеттерiнiң сапалары да озгерiп отырады[8,42].Ойын баланың сабаққа
ынтасын аударуға, көңiл койғызуға, сондай-ақ кабылдауын женiлдетуге,
бiлiмдi толық игеруiне комектеседi.
Дидактикалык максаттағы ойындар - окушылардың жан-жақты дамуына,
логикалық ойлауының калыптасуына кызмет етедi. Олар сөздiк ойындар, столда
ойналатын ойындар, тiл сабактарында балалардың зейiнiн, ойлауын,
байланыстыра сойлеуiн дамытады, окушылардың ана тiлiне деген ынтасын
арттырып, оны дамыту көптеген әдiстемелiк жұмыстардын нәтижесiнде ғана
жузеге асады. Сонын iшiнде сабактың кызықты өтуiн қамтамасыз ететiн бiр
әдiс – дидактикалық ойындар болып табылады. Оны балаларды окыту әдiстерiнiң
бiрi, оларды жан-жақты тәрбиелейтiн кұралдардың бiрi деп айтуга болады.
Окыту процесiнде дидактикалық ойын екi түрлi мақсатта колданылады:
дидактикалық немесе автодидактикалық ойындар және танымдық кызметтi кушейту
әдiсi ретiнде.
Ана тiлi және қазақ тілі сабактарында дидактикалық ойындарды жаңа
такырыпты тусiндiру барысында, кайталау, пысықтау, жаттығу сабактарында да
пайдалануга болады. Дидактикалық ойындар оқушылардың ой-өрiсiн дамытып,
ойлау қабылетiн арттырумен катар, үйретiлген, өтiлген такырыптарды саналы
да берiк менгеруге әсер етедi. Ойындар окушылардың шығармашылық ойлау
кабiлеттерiн жетiлдiрумен катар, сөздiк қорын молайтып, сауатты жазуға да
баулиды.Окушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерiн айтып ғана
коймайды, онын кандай мағынада колданылатынын да бiледi. Ойын оқу
пәндерiнiң мазмұнымен тығыз байланыста болғанда ғана дұрыс нәтижелер
бередi.
Дидактикалық ойын түрлерi көп. Соның көп тараған түрi баланың акыл-
ойын дамытатын түрлерi. Мысалы, озiн көршаған орта, табигат, Отаны түралы,
әртүрлу мамандықта жұмыс iстейтiн енбек қайраткерлерi түралы ойын
әлементтерi окушыны идеялык багытта тәрбиелеуге дағды бередi. Атап
айтканда, Бұл ғимаратты кiмдер тұрғызды?, Дәннен нанға дейiн, Киiмдi
кiм тiгедi? деген ойын түрлерi аркылы енбек адамдарын танып бiледi.
Окушыны дұрыс сойлеп үйренуге бағыт беретiн ойынның бiр түрi – сөздiк
ойындар. Сөздiк ойындар аркылы балалар заттын түрiн, атын, түсiн, қасиетiн,
сапасын танып бiлуге дағдыланады. Ана тiлi сабағында сөз үйрету, сөздiкпен
жұмыс, сұрақ-жауап әдiстерiн қолданған дұрыс. Сол сияқты қимылды ойындар да
бала организмiн жетiлдiрiп, ақыл-ойының дамуына ерекше әсер етедi. Нақты
мысал келтiрсек, Ана тiлi сабақтарында мынадай ойындар ұйымдастыруға
болады: Мұны қайдан сатып алу керек?.
Бұл ойынның мақсаты: оқушыны әртүрлi тауарларды, тамақтар мен азық-
түлiктер сататын дүкендермен таныстыру. Ата-аналарына дүкеннен тамақ,
заттар сатып алуға көмектесуге тәрбиелеу. Ойын тәртiбi: Ойын Лото
түрiнде жүргiзiледi. Карточкаға дүкендер аттары жазылады. Кiм қатесiз
картадағы барлық торды жапса, сол жеңiмпаз болады.
Ойынның барысы: Мұғалiм балалардың ата-аналарынын дүкендерден нелердi
сатып алатындықтарын сұрап, әнгiмелеседi. Олардың кандай дүкендердi
бiлетiндiктерiн, не сатып алуга болатындықтарын сұрайды. Бұдан кейiн
мұғалiм әртүрлi дүкендер бар картаны көрсетедi. Балалар картаға карап
отырып, түрлi дүкендердiң көрiнiсiнен, суретiнен нелердi сатып алуга
болатындығын көредi. Мысалы, нан дүкенi, ет дүкенi, жемiс-жидек, көкөнiстер
сататын дүкендер, аяқ киiм, киiм дүкендерiн, спорттық бұйымдар дүкендерiнiң
суреттерiн мұкият қарап танысады.
Бұдан соң балаларға карточкалар үлестiрiледi. Ойын басталды деген
белгi берiледi. Балалар столға жақын келiп, өз карточкаларын үлкен картаның
торларына кояды. Сүт дүкені деген жерге бөтелке, сүттiң пакетi, май, сыр,
қаймақ, айран , т.б. суретi бар карточкалар кояды.
Мұғалiм әр оқушының дүкендердi дұрыс тауып, онда сатылатын
тағамдарды, жемiс-жидектердi, заттарды, бұйымдарды карточка аркылы
қойғандықтарын тексередi. Мұндай ойын аркылы окушы адамға керектi
тағамдарды, заттарды сатып алуды, әртүрлi дүкендердiң аттарын және
қызметтерiн бiлумен катар өзiнiң тұрған үйiнiң жанындағы дүкендерден
керектi заттарды сатып алып, ата-аналарына көмектесетiн болады. әр зат пен
тағамның аттары мен бағаларын бiлiп үйренедi.
Ойын сабақ
Кез келген сабақтың нәтижесі, оқушының білім сапасымен өлшенеді.
Оқушының алған білімін есте сақтап қалуы үшін көбінесе ойын сабақтарының
маңызы зор. Ойын – бастауыш сынып баласы үшін ең негізгі іс-әрекет. Олар
біртіндеп ойын іс-әрекетінен таным іс-әрекетін орындауға бейімделеді.
Дидактикалық ойындарды пайдалану жиілігін анықтау және
шығармашылықпен түрлендіру әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Алған білімдерін дамыту мақсатында Түбір мен қосымша тақырыбын
өткізудегі ойынға құралған бір сабағыма тоқталып өтейін.
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша.
Сабақтың мақсаты:
1. Түбір мен қосымшаны бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру.
2. Оқушылардың сөздік қорын дамыту.
3. Байланыстырып сөйлем дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Бүр жинау, Шаңғышылар жарысы, Түйені жетектеу, Араларға
көмек ойындары.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын сабағына құрылған. Сабақ бойы
бірнеше ойындар ойнап, серігіп, демаламыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау.
- Балалар, мына суретке көңіл аударалық. Нелердің суретін көріп отырмыз.
- Шыршалар.
- Шыршада нелер өсіп тұр?
- Бүрлер.
- Бұлар жәй бүрлер емес, сиқырлы бүрлер. Артында сұрақтары бар. Кәне, кім
келіп жауап береді?
Сұрақтар:
1. Түбір сөз дегеніміз не?
2. Қосымша дегеніміз не?
3. Қосымша қандай қызмет атқарады?

3. Жаңа сабақ

Дидактикалық ойын Шаңғышылар жарысы

Ойынның мақсаты: Түбірге қосымша жалғанғанда, сөздің мағыналарының
арасында болатын айырмашылықты түсіндіру.
Ойынның шарты: Тақтаға шаңғы мен шаңғының таяқтарының суреті ілінеді.
Шаңғының таяқтарының сыртында сөздер жазылған. Шаңғышылық таяқтың
артындағы түбірге қосымша дұрыс жалғанғанда мәреге жетеді.
- Түбір сөзге қосымша жалғанғанда қандай өзгеріс болады?
- Сөздің мағынасында өзгерістер болды.
- Қосымша дұрыс жалғанып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа технологиямен оқыту идеясын жүзеге асыру
Кәсіби технологияны таңдауы
1991-2005 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының білімдік мазмұнының қалыптасуы және дамуы
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы
Тарихты оқудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары
Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту
Дүниетану сабақтарында дамыта оқытудың практикалық аспектілері
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялар
Пәндер