Мектепте Ж.Аймауытов шығармашылығын оқыту жолдары


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

ТАРИХ-ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

Диплом жұмысы

Тақырыбы: Мектепте Ж. Аймауытов

шығармашылығын оқыту жолдары

Ғылыми жетекші: п. ғ. к., д. м. а.

Жұмақаева Б. Д.

Сарапшы: п. ғ. к., доцент

Сманов Б.

Орындаған: “0307” Қазақ тілі мен әдебиеті

мамандығының 4 курс студенті

Бекенқызы Мақпал

Қорғауға жіберілді

Хаттама № 2007 ж

Кафедра меңгерушісі: ф. ғ. д.,

профессор Г. Ж. Пірәлиева

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. 1. Ж. Аймауытов шығармашылығы, оқыту

мәселелері . . . 5

І. 2. Ж. Аймауытов шығармашылығын оқытудың

ерекшеліктері . . . 13

2. Орта буын сыныптарда Ж. Аймауытов

шығармашылығын оқып үйрену . . . 13

3. Ж. Аймауытов шығармашылығын әдебиеттің тарихи

курcында оқыту . . . 25

3. 1. Ж. Аймауытов шығармашылығын монографиялы түрде оқыту . . . 33

3. 2. Тереңдетілген сыныптарда «Ақбілек» романын оқыту

Қорытынды . . . 39

Пайдаланған әдебиеттер . . . 42

Кіріспе

ХХ ғасырдың соңы еліміздің тарихында қоғамдық-саяси өзгерістер мен бетбұрыстар кезеңі ретінде алтын әріптермен жазылып қалды. Қоғамның елеулі өзгерістерінің бірі ретінде халқымыздың санасынан мақсатты түрде өшіріліп, есімдері қоғам өмірінен аластатылған тарихи ірі тұлғаларымыздың өз халқына оралуын атап айтсақ болады. Еліміздегі жариялылықтың нәтижесінде бұрын есімін атауға болмайтын, еңбектерін оқуға рұқсат етілмеген «ақтаңдақтардың» сыры ашылды. Әдебиетте жаңа есімдердің аты аталып, шығармалары халық қазынасына айнала бастады. Атап айтсақ: А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, Ғ. Қарашев, Ш. Бөкеев т. б. Халқының тілінің, мәдениетінің, әдебиетінің қалыптасып, дамуында өлшеусіз үлес қосқан, халқының мүддесін өз өмірлерінен де биік қойған бір туар азаматтарының бай әдеби мұрасын туған халқының өз игілігіне жарататан күн туды. Ендігі кезекте өз ұрпағынан ажырап қалған асыл мұраларды жас ұрпаққа оқыту, таныту міндеттері қойылды. Кезек күттірмейтін мұндай шараларға әдебиет пен білім беру саласындағы танымал тұлғаларымыз ат салысты. «Бес арыстың» әдеби мұрасы мектеп бағдарламаларына енгізіліп, мектеп оқулықтарынан елеулі орын алды. Дегенмен бұрын оқытылып, әдістемелік жүйеге түспеген жаңа тұлғалар мен олардың шығармашылығын оқытуда әлі де шешуі күрделі мәселелер көп еді. Солардың бірі, әдеби тұлғаның бай мұрасынан шығармашылық ерекшелігін айқындайтын, танымдық, тағлымдық сапалы шығармаларын оқушының жас ерекшелігіне лайықтап таңдап ұсыну болатын. Бұл ретте мектеп мұғалімдерін ойландыратын мәселелер көп. Екіншіден, бағдарламаға жаңа енгізілген шығармаларды оқытудың әдістемелік жолын жіті қарастыру керек болатын. Мұғалімдерге әдістемелік нұсқау беру, әдістемелік ізденіс қажет болатын. Ж. Аймауытовтың шығармашылығын мектепте оқыту мәселесін диплом жұмысына тақырып етіп таңдауымыз аталмыш мәселенің осындай өзектілігінен туындайды. Диплом жұмысында Ж. Аймауытовтың шығармашылығын сыналап (бірлі жарым шығармаларын ғана өтетін) оқитын орта буын сыныптардағы әдістемелік мәселелерге көңіл бөлінді. Сондай-ақ шығармашылығы монографиялы түрде оқылатын әдебиеттің тарихи оқытылу ерекшелігіне тоқталдық.

Бүгінгі білім берудің талап-тілектері бойынша оқушылардың шығармашылығы мен өзіндік білім алуына ерекше назар аударылып отыр. Оқушылардың мектептегі әдеби білімінің тереңдігі мен өзіндік ізденістерінің бастамасына ерекше көңіл аударылу керектігі айқындалуда. Оқушылардың шығармашылық тұлғаның барлық болмысын танытарлық ізденістеріне жол ашу қажеттілігін ескере отырып, Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романын тереңдетілген сыныптарда оқыту мәселесін қарастырдық.

1. 1. Ж. Аймауытов шығармашылығы, оқыту мәселелері

Ж. Аймауытов өмір сүрген кезең дүрбелеңі мен қайшылығы мол ХХ ғасырдың бас кезі болды. Ресейдегі революциялық өзгерістер Қазақстанға да әсерін тигізеді. Қазақтың алғашқы оқыған зиялылары елді отаршылдық өзегі мен қанаудан босатуды, халыққа өнер-білімді таратуды талап етті. Халықтық күрес ел ішіндегі жаңа күштерді оятты. Солардың бел ортасында Жүсіпбек Аймауытов та жүрді. Елді оятуға, ескілікті жойып, оқу-өнерге, білімге, жаңа өмірді өз қолымен жасауға шақырады. Оның осы бағытта жүргізген қоғамдық-саяси жұмыстары мен шығармалары заман талабына қызмет етті.

Жүсіпбек Аймауытовтың туындылары революциядан от-жалынында туып, халқын бостандыққа, тереңдікке шақырды. Сондай-ақ ол көркемсөздің әлеуметтік жүгін көтеріп, оны қоғамдық күш ретінде танытты. Заман жайлы, сол шытырман кезеңдегі адам тағдыры жайлы толғаныстарын әдебиеттік бейнеге айналдырды.

Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығын өлең, шағын пъеса, мақалалар жазумен бастады. Олар: «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінде, «Айқап» журналында жарық көріп тұрды. Кейін ол проза, драматургия жанрына ауысты. Жүсіпбектің суреткерлік өнері әсіресе, проза салаларында жарқырай көрінді. «Қартқожа», «Ақбілек» қазақ әдебиетіндегі прозалық шығармалардың көшбасшысы екендігін танытты. Балаларға арналған кітапшалар, сын еңбектерін жазды, аудармалар жасады.

Мамандығы мұғалім болғандықтан Жүсіпбек жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісіне де белсене қатысқан. Оның «Тәрбиеге көмекші», «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты кітаптары кезінде педагогикалық оқу орындарының оқулық қызметін атқарған. Оның оқу-тәрбие мәселелеріне арнап жазған мақалалары да көп. Жүсіпбек сонымен бірге сын, театр, әуез өнеріне байланысты бірнеше мақалалар жазған.

Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығына әдеби сынның назар аударуы 20-жылдардың соңғы кезеңі. Ең алдымен, жазушының 1928 жылы С. Садуақасовтың сұрақтарына берген жауабы. Смағұлдың жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы жинаған анкетасы М. Әуезов архивінде сақталып, кейін Жүсіпбек Аймауытов аяқталғаннан кейін жарық көрді.

Еліміздегі қайта құрудың нәтижесінде болған өзгерістерден кейін ғана, 1988 жылдан бастап Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы байыпты, сындарлы ғылыми-зерттеу еңбектер мен мақалалар жарық көре бастады. Жүсіпбектануға айрықша үлес қосушы ғалымдар мен әдебиетшілер - М. Қаратаев, М. Қозыбаев, С. Қирабаев, Б. Құндақбаев, Т. Қожакеев, Қ. Жарықбаев, К. Мухамеджанов, К. Кедейқұлов, Т. Тұрысбеков, Б. Байғалиев, Қ. Әбдікова сияқты ғалымдарымыз бар. Әсіресе Жүсіпбек әдебиетке қайтып оралғаннан кейін оның шығармаларын жинап бастыру ісіне, оның артындағы бай мұрасын зерттеп, қоғамдық пікір қалыптастыруға белгілі ғалым-әдебиетші С. Қирабаевтың қосқан көп үлесі бар екенін айта кеткеніміз жөн. Автор Жүсіпбек Аймауытов шығармаларының бір томдығына (1989ж. ) алғысөз жазды, «Білім» қоғамының «Жүсіпбек Аймауытов» атты кітапша, ал 1993 жылы «Ана тілің баспасынан «Жүсіпбек Аймауытов» атты монографиялық еңбегін шығарды. Бұл -Жүсіпбектануға қосылған сүбелі еңбек.

1989 жалдан бастап Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығын оқытып үйрену мектеп бағдарламасына енгізілді. Сөйтіп, жазушы мұрасы әдебиеттік оқу жүйесі бойынша және жоғары сыныптар әдебиет тарихы курсында монографиялы түрде оқытыла бастады.

Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығын әр түрлі қырынан алып, жан жақты зерттеген ғылыми зерттеу еңбектері жарық көргенмен, орта мектепте оқыту әдістемелік арнайы сөз еткен еңбектер әлі жоқтың қасында. Ондай әдістемелік құралдар жазушы қаламынан шыңдалып шыққан туындыларды жете түсіндіруде, оқушыларға танытуда мұғалімдер үшін пайдасы зор.

1. 2. Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын оқытудың ерекшеліктері

Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын оқытуда, ең алдымен, басты ерекшеліктері анықталып, оқушылар назары соған аударылды. Бұл үшін Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық қадамы өлең жазудың бастағаны, сөйтіп, прозаға, драматургияға көшкендігі ескеріледі. Бұл туралы Жүсіпбектану ғылымына елеулі үлес қосқан ғалым С. Қирабаевтың мынадай пікіріне назар аударарлық: «Жүсіпбектің жаңа әдебиетті жасау жолындағы еңбегін айтқанда, біз оның шығармаларына ортақ жаңа ерекше сипаттарды табамыз. Ол алғашқы еңбектерімен-ақ кеңес әдебиетінің негізгі принциптерін орнықтыруға қатысты. Оның романдары мен повестерін, пьесалары мен поэзиялық туындыларын бүгінгідей «өндіріс, ауыл шаруашылық тақырыбына жазылған», немесе «тарихи-революциялық деп, тақырыптық жіктеу лайықсыз. Ол өнерін негізгі объектісі - Адам тағдырын жазды. Сол - адамның қоғамдағы орнын, қызметін, өз дәуірімен қарым-қатынасын көркемдікпен ашуға ұмтылды»[1] .

Әдебиет зерттеушісі жазушыға тән басты ерекшелікті осылай саралап көрсетеді. Жазушы шығармаларында адам тағдыры, оның қоғамдағы орны, өз дәуірімен қарым-қатынасы суреттелетінін ашып айтады.

Жүсіпбек Аймауытов көпшілік шығармаларын реалистік бағытта жазды. Сөйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің келбетін жасады. Оның кейіпкерлерінің дені қалың көпшілік ортасынан ойып алыныпты, өмір талқысына салып (Қартқожа, Ақбілек, Күнікей), сол замандағы қоғамның белсенді қаһармандары тұлғасына көтеріледі.

Жүсіпбек Аймауытов - қазақ әдебиетіндегі проза жанрының дамуына ерекше үлес қосқан қаламгер. Жүсіпбекке дейін осы күнгі ұғымдағы көлемді проза болмады. Жүсіпбек іздену нәтижесінде проза жанрының өсу, кемелдену жолынан өтті. Оның тұңғыш романы «Қартқожада» халықтық әдебиеттің әсері мол екендігі көрінді. Бұл жаңа қалыптасып келе жатқан сол тұстағы әдебиетке тән қасиет еді. Одан кейін жазылған «Ақбілек», «Күнікейдің жазығы» роман-повестерінде европалық проза деңгейін меңгеруге дейін көтеріледі.

Сөйтіп, жазушы өзінен кейінгі қаламгерлерге проза жазудың үлгісін көрсетіп, әдебиеттің күрделі саласында өзінің қолбасышылығын танытты.

Жүсіпбек Аймауытов шығармаларының басты сипаты - халықтық қарапайым өкілдерінің бейнелерін жасай білуінде. Мысалы, Қартқожа қорлық көріп өскен, теңсіздіктегі ортадан шыққан қазақ кедейі етіп суреттеледі. Алайда ол әлеуметтік арпалыстар кезінде, тулаған толқын үстінде өзіне жол тауып, жаңа өмірді жасауға қатысады.

Екінші сиапты - қазақ әйелдерінің бейнесін жасауы. Әйелдерді тағдырдың қиын-қыстау талқысынан өткізіп, өз бақыты үшін күреске жетелеп, оны оқу-білім арқылы тапқандығы тартымды бейнеленеді (Ақбілек, Күнікей) .

Жүсіпбек Аймауытов алғашқы шығарашылық қадамын драма жазудан (1915) бастаған. Сөйтіп драматургияның туу, қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты. «Ескі тәртіппен бала оқытудың, «Рабиға» (1917ж. ) Семей қаласындағы ойын-сауық кештерінде қойылған. Драмашыл пьесаларда халықтың азаттық идеясына сахна тілімен өрнектеуге арналған. Сол дәуірдегі басты тақырыптар мен проблемаларды қамтыған. Қазақ елінің қараңғы қапастағы, жағымсыз көріністерін әшкерелеп, халықты оқу-білімге, өнерге үгіттейді, теңдік жолындағы күреске үндейді. Әйелдер бас бостандығын шығармаларына арқау етеді. («Рабиға», «Қанапия мен Шәрбану») .

Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығын оқытуда оқушылардың назарын ерекше аударатын мәселенің бірі - оның шығармашылығының халық әдебиетімен ұштасып жататындығы. Жазушының әуелгі шығармаларында қазақтың әңгімешілдік дәстүрі, фольклорлық сипаты сақталады. «Қартқожа», қазақтың халық әдебиеті үлгісі, мысалы: «Әлқиса, бұл әңгіме осымен тұра тұрсын, енді мынаған келейік» деген сияқты, ел аузындағы әңгімелер, халық жырлары, мақал-мәтелдер ұтымды пайдаланылады. Мәселен, «Ақбілектегі» Әлдекейдің Мамырбайдың көңілін жұбату үшін айтқан әңгімелері, Едігенің баласын сүюі туралы жырлары т. б. «Күнікейдің жазығында», «Жаялықша жалпиған, жарқанатша қалықтаған, жермен жексен шым қора, бейнеуі жоқ сұм қора. Шым қорада - жер үйде желпіндірмес көр. Үйде, арса-арса боп сүйегі, қалақтай боп иегі, жаңқадай жоқ етен, саусақтары шібіиіп, көлеңкедей кілбиіп, бұ жатқан қай аруақ» - деген үзінді әлгі айтқандарымызға дәлел болады.

Халықтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрып, салт-сана мол қамтылады. Мысалы, қыз ұзату, құда түсу, ойын-сауық кештері, ұлттық ойындар («Күнікейдің жазығың, жастардың ара қатынасы «Қартқожада» Жүніс пен Шәмкенің кездесулері, Қартқожаның жесір жеңгесіне үйленуі, Дәрменнің күресі, жеңге мен қайын сіңілісі арасындағы қатынас «Ақбілекте») Ұрқия мен Ақбілек арасындағы қатынастан көрінеді.

Мысалы: «Нақан ауылы», «Түннен көшеді, үдіре көшеді. Қатын-баланың жақ жүнін үрпите, көзін іріндете, иегін дірілдете, көлікті зорықтырып, арықты өлтіре кешеді ( Көп керуен) » деген көрініс-суреттер оқырманға жанды суреттей әсер етеді. Жалпы, жазушы өткендегі әдеби дәстүрдің жақсыларын жаңа дәуір талабына сай қолданып, шығармашылық шеберлігін дамыта түседі.

Жүсіпбек Аймауытов шығармаларының тақырыбы, дәуір шындығын суреттеуі, кейіпкерлердің ой-санасының оқу дәрежесін көрсетуі, композициялық құрылымы жағынан алып қарағанда, бір-бірімен сырттай ұқсас болғанымен, басты кейіпкерлерді суреттеу әдісі жағынан ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері бар. «Қартқожада» қазақ ауылының революция алдындағы және әлеуметтік арпалыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күресі суреттеледі. Жазушы осы тартыстар арқылы қазақ кедейінің оқу жолдарын көрсетеді. Ол біртіндеп көзін ашып, әлеуметтік теңсіздік сырларына түсініп, саналы күреске бет бұрады. Шығарма соңында Қартқожа «елі үшін күйген, еңбекті сүйген, ер жүректі, жұртшылық көсемі- жалынды жастардың қатарынан көрінеді.

«Ақбілек» тақырыбы жағынан «Қартқожа» романымен үндес болғанымен, көркемдік шешілуі жағынан оқиға дамуы басқаша өрбиді. Романда феодалдық қоғамда рулық тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының жаңа заманда өз бақытын табуы сипатталады. Ақбілек білім алып, адам қатарына қосылады. Ақбілектің бұл күйге жетуі оңайға соққан жоқ. Жазушы оның қайшылықты тағдырын шиленістіріп, үлкен психологиялық образ дәрежесіне көтереді.

«Күнікейдің жазығы» повесінің тақырыбы да әйел тағдыры. Шығарма оқиғасы шегініс арқылы дамып, Күнікейдің жастық шағы, өскен ортасы, жүдеу тұрмыс-тіршілігі суреттеледі. Күнікей осындай теңсіздік ортада өмір сүрсе де, өзін қолдауға, мазақтауға жол бермейді. өз жеке басын қорғап, азаттыққа жетіп, сүйгеніне қосылады. Алайда ол өмірінің соңында тағдыр тәлкегінен құтыла алмайды, сүйгені тастап кетеді.

Жазушы шығарманы ақ өлең үлгісімен жазып, прозадағы жаңа ізденісін танытқан. Кейіпкерлердің психологиялық иірімдеріне терең бойлаған.

Жүсіпбек Аймауытовтың стильдік ерекшелігін тіл-суреттеу құралдарын шығармаларында шебер қолданатындығын да байқауға болады. Әсіресе, ол портрет жасауда ұзақ баяндауға бармай, қысқа портреттік суреттер жасап, кейіпкер характерін ашуға көңіл бөледі.

Мысалы, «Бетінен майы шыққан, ақ жарқын мес мұғалім облыстық комитетке ресми түрде қағаз жазып, сүзеген бұқа тәрізді, мұрты түксиген, жұқа қабақ мұғалім газет оқып отырған, қутыңдаған қунақы зиялы жігіт жайпандап кіріп келді». [23, 110] .

Жазушы кейіпкерлердің сыртқы пішінінің ішкі іс-әрекеттерімен нақтылай түседі. Іс-әрекет, ой, көбінесе психологиялық күйініш-сүйініш, ішкі толғам арқылы ашылады. Жеңіл, әзіл, қалжың арқылы кейіпкерге өз көзқарсын білдіреді.

Белгілі әдіскер-ғалым Т. Ақшолақов: «Әр жазушының стиль ерекшелігін оның шығармасындағы көркем компоненттерін тану арқылы айқындаймыз. Әр жазушының өзіне тән суреттеу стиль, сөз саптау мәнері бар. Ол сол жазушының барлық шығармаларында көрініс беріп отырады. Осы суреттеу, көркемдеу тәсілдеріне қарай, біз өнер шеберлерінің суреткерлік даралығын танимыз. Олай болса, шығарманың көркем компоненттерін таныту-жазушы стилін танытуға апарар бірден- бір жол деп білеміз», - дейді [3] . Жүсіпбек Аймауытов осындай өзіндік өрнегі, стилі қалыптасқан жазушы. Балаларға оны таныту әдебиет мұғалімдерінің міндеті.

Қаламгерлердің өзіне тән ерекше көңіл бөлерлік мәселесі - тілі. Жазушының тіл байлығы мол. Тіл ұстартуы ешкімге ұқсамайды. Тілге аса жауапкершілікпен қарап, орынсыз сөз қолданбайды.

Жүсіпбек Аймауытовтың роман-повестерінде теңеу, эпитет, метафора, метанимия, литота, аллитерация, ассонанс, психологиялық паралеллизм, монолог, диалог т. б. қысқа, нақты айшықты қолданылады. Теңеулерді шебер, образды пайдаланылады.

Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығы өзінен кейін өмір сүрген ақын-жазушылар шығармашылығына игі әсер еткен. М. Әуезов одан үйренген. «Абай жолы» романында, пьесаларында ақ өлең үлгісіндегі суреттеулері осыған дәлел бола алады. Стилист жазушы Ғ. Мүсірепов «Менің ұстазым-Аймауытов» [24] деген.

Міне, ұстаз Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығына байланысты ерекшеліктер мен басты мәселелерді осылай айқындап алғаннан кейін сол білімді шәкірттердің жас ерекшеліктері мен жеке басы қабілеттеріне сәйкес санасына жеткізудің тиімді жолдарын іздестіреді.

Әдебиет пен жастарды ізгілікке адамгершілікке баулиды, рухани биіктетеді, жан сұлулығын тәрбиелейді. Адамды асыл арманға бастайды. Көркем әдебиетте адамдар тағдыры бар тіршілік болмысымен көрінеді. Оқырман көз алдынан талай тағдырлар өтіп жатады. Өнер туындысында адамды баурап әкетер, ләззатқа бөлер, қуат берер, әсемдікке ынталандырар күш бар. Әдебиет пәні алдында тұрған осындай басты міндет сабақ арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да әр сабақты сапалы да тиімді оқыту пән мұғалімдерінен үлкен ізденісті, шеберлікті, шығармашылық жұмысты талап етеді.

Соңғы жылдары мұғалімдер басшылыққа алатын озат тәжірибелер, әдістемелік еңбектер көптеп жарыққа шығуда. Сабақ өтудің әдістемесі, әдіс-тәсілдері жетіліп келеді. Ал енді мұғалім осы әдіс-тәсілдердің қайсысын пайдаланса тиімді, нәтижесі болады? Міне, осы сұрақ қай мұғалімді болмасын, сөз жоқ, қатты толғандырады. Дегенмен, басы ашық нәрсе сол - ұстаз өз тәжірибесіне сүйене отырып, әдіс-тәсілдердің ішіндегі өзіне ең қолайлысын, тиімдісін өзінің ой елегінен өткізіп қолданғанда ғана пайдалы, жемісті болмақ. Сондықтан да соңғы жылдарда мектептерде тиімділік әдісі кеңінен қолдау тауып отыруы осы себептен. «Мұғалім көркем шығарманы талдауға қандай әдіс-тәсілді қолдануға, ерікті. Бірақ қайткен күнде де шығарманың бойындағы тұтастықты бұзбай, образдар жүйесіне сүйене отырып, оның идеялық -эстетикалық мазмұн айта алса, сол әдістің бәрін ұтымды деп білеміз. Шығармадағы мазмұн мен форманы бірлікті алып талдау - кітаптың негізгі өзегі». [3, 5 б. ] деген ғылыми байлау айтады.

Бұл әдіс мұғалімдерді нәтижесіз, тиімсіз еңбек етуден сақтандырады. Сөйтіп, әр сабақтың тиімділікпен өтуін, әр оқушының білім деңгейінің төмен болмауын қарастырады.

Сондай-ақ бұл әдістің өміршендігі сол оқу тәрбие жұмысын кешенді түрде қарастыруды көздейді. Осындай мүкіндіктерді атқарғанда ғана мұғалім алдына қойған мақсатын орындай алады. Бұл үшін, ол өз оқушыларының жас ерекшелігін, білім дәрежесін, ой-өрісін, қабілет-талғамын, икемділік дағдыларын, психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеп оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру үшін ең тиімді әдіс тәсілдерін тыңдап алғанда ғана нәтижелі болмақ. «Егер сабақта үш тағылым: өмірлік, эстетикалық және адамгершілік тағылым ұштасқанда ғана, - дейді майталман ұстаз Е. И. Ильин, - ол тәрбие сабағына айналады». [4, 59]

Шығарма талдаудағы екінші бір тиімді, прогресшіл әдіс-проблемалық талдау әдісі. Ол сабақтың белгілі бір кезеңдерінде сұрақ арқылы қойылып, оқушылардың өздігінен ізденуіне жол бастайды, оны табудың жолдарын ойластырады.

Бұл әдіс оқушы қабілетін дамытады. Ол үшін мұғалім алдын ала проблемалық пікір-талас тудырарлық сұрақтарды дайындайды. Сұрақ неғұрлым пікір қайшылығына құрылса, соғұрлым оқушы қызығушылығын арттырып, дербес жұмыс істеуіне түрткі болады. Жауабын іздестіруге жұмылдырады.

Мысалы, «Қартқожа» романын оқыту барысында мынадай сұрақтар арқылы оқушыларға ой салуға болады.

  1. Жазушының Қартқожаны тақыр кедейдің баласы етіп алғанда қандай мән бар?
  2. Қартқожа ауыл молдасынан оқып жатқан көп баланың ішінен қандай мінез-құлықтарымен, қасиеттерімен ерекшелінеді?
  3. Қартқожа бейнесінен өмір сүрген дәуіріне тән қандай жаңалықты аңғарар едің?
  4. Қартқожаның мына сөзінен қандай ой түюге болады? «Әттең, менің кедейлігім-ау? Артық болса, малы артық. Дүние шіркін-ай! Кегімді алатын күн болар ма екен!» (27б. ) .

Қартқожаның ары қарайғы тағдыры не болады? Балалар мұндай проблемаға құрылған сұрақтарға жауап іздеп, ойы шарқ ұрады. Оқиды, ізденеді. Шешуге ұмтылады. Бірте-бірте өздігінше проблема тудыруға үйренеді.

Әдебиет өміріндегі оқиғаларды көркемдік суреттер арқылы бейнелейді. Көркем шығарманың құрылыс, ондағы әрбір деталь, көркемдік тәсіл белгілі бір мақсатты, ойды көздей отырып, шығарманың идеясы мен тақырыбын ашуға, жазушы мұратына жеткізуге лайықталып құрылады.

Сондықтан да әдебиет пәні мұғалімі шығармадағы көркемдік детальдарды таба білуге, жазушы шеберлігін дұрыс айқындауға бағыт-бағдар беруі керек. Көркемдік деталь жазушының шеберлігін танытатын құрал. Мәселен, «Ақбілектің романының басталуына көз жіберейікші.

Уайым-қайғысыз өмір сүріп жатқан Ақбілек үй ішінің көрпе-төсегін жинасып қасындағы қыздарға қарап: «Көзім тартып тұрғаны несі?ң-дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі
Қазақ әдебиеті жазушыларының шығармаларын меңгертудің тиімді жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
АҒАРТУШЫЛЫҚ ӘДЕБИЕТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Педагогикалық шығармашылық негіздері
Пәнаралық байланыс ұғымы
2-сыныпта қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz