Кәсіпорынның негізгі қорлары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ, БАҒАЛАУ МЕН МОРТИЗАЦИЯСЫ
- Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы . . . 5
- Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы . . . 12
2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ СИПАТТАУ
2. 1 Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау . . . 19
2. 3 Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын есептеу . . . 22
3 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ
3. 1 Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары . . . 28
3. 2 Амортизацияны есептеудің жеделдетілген тәсілін қолдану және негізгі капиталының ұдайы өндірісі . . . 32
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 39
КІРІСПЕ
Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен тәжірибені бірге ала отырып, әдістері мен тәсілдерін қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика пәндерінің арасында кәсіпорын экономикасы, оның ішінде негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану жолдары елеулі орын алады.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өту нәтижесінде кәсіпорындар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашыла бастады [1] .
Нарықтық баға белгілеу жүйесі кәсіпорындарды неғұрлым мол пайда әкелетін бағыт-бағдарын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпорындардың өздерінің өндірістік потенциалын толығымен пайдалану жолдарын іздеуді ұйғарды.
Өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалануды жақсартуға бағытталған шешімдер қаншалықты тиімді болса, кәсіпорынның жағдайының соншалықты тұрақты болуы да сөзсіз.
Нарықтық қатынастарда экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін кез келген кәсіпорын өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге кететін шығындарды максималды түрде азайтуды көздейді. Өндіріске кететін шығындарды минимизациялау нұсқаларының бірнеше түрлерін көрсетуге болады. Солардың ішінде ең негізгісі болып табылады: кәсіпорынның негізгі қорлары, құрамы мен құрылымы, тозуы мен амортизациясы және пайдалану мен талдау жасау.
Кәсіпорын өндірісінің тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторының бірі - негізгі қорларды қажетті санымен, ассортиментімен қамтамасыз ету және жалпы көлемде пайдалану болып табылады.
Әр кәсіпорын үшін негізгі қорлардың тым ескіруіне жол бермеу, кәсіпорынға мөлшерден жоғары шығындардың асып кетуін болдырмайтын нұсқаларының тиімдісін таңдау - негізгі қағидалардың бірі болып есептеледі.
Талдау жасау барысында негізгі қорлардың құрамы мен жағдайын, тозу деңгейін, негізгі қорлар мен құралдарын пайдаланудың тиімділігін қарастыру қажет.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі - кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды талдау, амортизацияның ерекшеліктерін ашып көрсету және оларды пайдалану жолдарын жақсарту мәселелерін зерттеуді талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның негізгі қорларын талдау және пайдалану жолдарын зерделеу, теориялық танымды негізге ала отырып, негізгі қорларды тиімді пайдалану туралы білімдерді жүйелеу, ашып қарастыру және жетілдіруді көздейді.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Кәсіпорынның негізгі қорлардың құрылымдық бөлімдерімен қамтамасыз етілуі мен жалпы және жеке көрсеткіштері бойынша пайдалану деңгейін анықтау, негізгі қорларды пайдаланудың қызмет көрсету көлеміне әсер етуін есептеу, кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану деңгейін зерделеу және негізгі қорларды тиімді пайдалану резервтерін ашып қарастыру.
- Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану жолдарын жақсарту ерекшеліктерін анықтау.
- Негізгі қорларды тиімді пайдалану жолдарын іздеу және оларды рационалды түрде және үнемдеп пайдалану.
- Берілген мәселелерге байланысты арнайы әдебиеттерде кездесетін ғылыми әдістер жинақтамасын жүйелеу және ортақ мақсатқа келістіру.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық маңызы, бағалау мен амортизациясы қарастырылған.
Екінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды «К & К - TALDYKORGAN» мысалында талдауы қарастырылды.
Үшінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану, жеделдетілген амортизацияның және негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің ерекшеліктері көрсетілген.
Бұл жұмыстың теориялық негізін отандық ғалымдардың еңбектерінен және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен алынған.
Зерттеу объектісі ретінде «К & К - TALDYKORGAN» негізгі қорларды, құрылымын, құрамын, техникалық жағдайын, оларды тиімді пайдалануды жақсарту жолдары көрсетіледі. Сонымен бірге, компанияның болашақтағы дамуын, нарықта алатын орнының ерекшелігін қарастырылады.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ, БАҒАЛАУ МЕН АМОРТИЗАЦИЯСЫ
- Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы
Кәсіпорынның бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай құралдардың көзі ретінде негізгі қорларды жатқызуға болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге асырылуы тек қана негізгі қорлардың іс жүзінде ықпалыменен болады.
Негізгі қорлар - өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, өзінің бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндірістік қорлардың бір бөлігі [2, 91б] .
Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған нұсқаларын ұсынуға болады:
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары - еңбек құралдарының құндылық белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі сыртқы нысанын өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары - бұл еңбек құралдары болып табылады, олар көптеген өндірістік циклдарда қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады[3, 142б] .
Негізгі қорлар - еңбек құралдарының құндылық сипаты болып табылады. Негізгі құралдардың басты белгісі оның өз құнын дайын өнімге біртіндеп көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен тозу көлеміне байланысты[4, 66б] .
Негізгі қорлар - кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қарулану деңгейіне байланысты болады[5, 100б] .
Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген топтастыруына қарай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.
Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға:
- Өнеркәсіп,
- Құрылыс,
- Ауыл шаруашылығы,
- Автомобиль көлігі,
- Байланыс,
- Сауда,
- Ғимараттар,
- Құрылыстар,
- Машиналар,
- Жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары жатады.
Олар өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.
Өндірістік емес қорларға:
- Тұрғын-үй,
- Коммуналдық шаруашылық,
- Денсаулық сақтау,
- Білім беру,
- Мәдениет,
- Спорт салаларына бөлінеді.
Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама әсер етеді[6, 43б] .
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді.
Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) мөлшері мен сапасына ықпал етеді.
Пассив бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрап, жағдай жасайды[7, 25б] .
Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай мына топтардан тұрады:
- Үйлер;
- Ғимараттар;
- Өткізбелік тетіктер;
- Күш машиналары;
- Жұмыс машиналары мен жабдықтар;
- Есептеуіш техникалары және олардың бағдарламалық құралдары;
- Тасымалдау құралдары;
- Құрал-саймандар мен жабдықтар;
- Өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары;
- Өнім және жұмыс малдары;
- Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;
- Кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері және басқа да негізгі қорлар деп бөлінеді. [7, 25б]
Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт сөндіретін шаруашылық құралдары және т. б. кіреді[8, 64б] .
Негізгі қорлар топтарының аталғандардың барлығы өндірістегі және тиімділігін көтеру маңызы әрқалай болады. Негізгі қорлардың белсенді бөлігі өндірістегі еңбектің техникалық қарулану деңгейіне тікелей байланысы бар, яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар және құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің сапасы және көлеміне үлкен әсерін тигізеді.
Өндірістік қорлардың басқа бөліктері өндіріс үрдісінде жанама қатысады (өткізбелік тетіктер), олар машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдалануда қажетті жағдайлар ұйымдастырады, себебі, машиналар өндіріс процесінің тірегі болып табылады. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базаның деңгейі негізгі қорлардың белсенді бөліктерінің саны мен сапасына қарай анықталынады.
Меншіктік қатынасына қарай қорлар өзіндік және уақытша жалға алынған болып бөлінеді. Өзіндік қорлар кәсіпорынның меншігіндегі қорлары болып табылады, ал жалға алынған қорлар басқа кәсіпорындардың меншігіндегі қорлар болып есептелінеді және нақты кәсіпорын келісімшартқа сәйкес пайдаланады[9, 4б] .
Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:
- Негізгі қордың тозуы;
- Амортизация;
- Негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар;
- Капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.
Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі салалардың негізгі қор құрылымы мынадай факторлармен анықталады:
- Өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты,
- Өндірістің техникалық деңгейі,
- Мамандыру және т. б.
Амортизация - негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі қорлар өндірістік процесте:
- Натуралды;
- Ақшалай нысанда зерделенеді.
Натуралды нысандағы құралдардың есебі:
- Негізгі қорлардың техникалық құрамын;
- Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын;
- Құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесін;
- Басқа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.
Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі:
- Негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;
- Амортизациялық аударымдардың есебін;
- Дайын өнімді тасымалдау құнын;
- Капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтайтын қажеттілік[10, 156б] .
Негізгі қорларға жататын негізгі құралдар пайдалану дәрежесіне қарай келесі негіздемелерге бөлінеді:
- Пайдалану түріне;
- Запасты (резервті) құру түріне;
- Құрастыру, құрылу кезеңдеріне, қайта құрастыру, модернизация және бөлшекті ликвидация кезеңдеріне қарай бөлінеді.
Объектілерге құқықтық иемдену тәуелділігіне қарай негізгі құралдар былайша жіктеледі:
- Меншіктік құқығы негізінде ұйымға жататын негізгі құралдар объектілері (соның ішінде жалға өткізілгендер) ;
- Шаруашылық жүргізу немесе басқарудың меншіктік құқығы негізінде ұйымның қарамағындағы негізгі құралдар объектілері;
- Ұйымнан жалға алынған негізгі құралдар объектілері[11, 137б] .
Кәсіпорынның өндірістік тиімділігі нарықтық экономиканың негізгі категорияларының бірі болып табылады. Өндірістің экономикалық тиімділігі - бұл екі өлшемнің жалпы түрдегі өндірістің сандық көрсеткіштердің қарым-қатынасы, яғни шаруашылық өндіріс нәтижелері және өндіріс шығындары.
Өндіріс тиімділігін есептеп шығару үшін кәсіпорын экономикасында келесі формулалады қолданады:
Негізгі капитал рентабелділігі:
П
Р нк = х 100% (1)
К н
Мұнда:
П - таза пайда;
К н - негізгі капитал.
Рентабелділікті реттеудің экономикалық әдісмтемелерге капитал рентабелділігі, өнімі рентабелділігі, активтердің рентабелділігі (қор қайтарымы) жатады.
Өзіндік капитал рентабелділігі:
П
Р өк = х 100% (2)
К ө
Мұнда:
К ө - өзіндік капитал.
Жалпы рентабелділік пайданың негізгі өндірістік және айналым қорларының орта жылдық құнына қатынасын есептеледі:
Жалпы рентабелділік:
П б
Р ж = (3)
НӨҚ +АӨҚ
Мұнда:
П б − баланстық пайда, яғни қызмет түрлері бойынша кәсіпорын байлансындағы пайданың жалпы сомасы;
НӨҚ және АӨҚ − негізгі өндірістік және айналым қорларының орта жылдық құны[12, 149б. ] .
Кәсіпорынның негізгі қорларының тиімділігін көтеру барысында қорлардың қорқайтарымы көрсеткіштерін есептейді.
Қор қайтарымы:
Q
Ф қ = (4)
Ф орт
Мұнда:
Q - өндірілген өнім көлемі (ақшалай түрінде) ;
Ф орт. - негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.
Бұл формула негізгі өндірістік қорларды пайдалану деңгейін талдау үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақтанғандығының арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақтағанға қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, онда бұл өте оңды нұсқа болып есептеледі. Өйткені, осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымның қарсы көрсеткіші - өнімнің қор сыйымдылығы (Ф с ) . Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы негізгі қордың құнын сипаттайды (теңге) .
Қор сыйымдылығы:
Ф орт.
Ф с = (5)
Q
Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді пайдалану қажет. Сонымен бірге, негізгі қорлардың қандай деңгейде пайдаланатынын, жалпы және жеке көрсеткіштер арқылы есептеп шығаруға, өзгерістердің пайда болу себептерін зерделеуге, өнім өндірісінің көлеміне, басқа көрсеткіштерге негізгі қорлардың қаншалықты ықпал ететінін есептеуге, кәсіпорынның және құрал-жабдықтардың өндірістік қуаттылығының пайдалану дәрежесін зерттеуге, негізгі құралдардың тиімді пайдалану резервтерін шығаруға экономикалық талдаулардың тиімділігі зор.
Талдау жасау әдетте негізгі қорлардың көлемін, олардың динамикасы мен құрылымын зерттеуден басталады. Біз айтып кеткендей, қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Кәсіпорындардағы өндіріс тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі - негізгі қорлармен қамтамасыз етілуі, олардың керекті мөлшерде, ассортиментте және толықтай пайдалануы күтіледі.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын өндірістік қорлар анықтайды, әсіресе, белсенді бөлігін (жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтар) және енжар бөлігін де ерекшелеу керек. Сонымен бірге, бөлек топтарды өзіндік қызметі бойынша (өндірістік бағыттағы ғимарат, қоймалар, жұмыс машиналары мен күш машиналары, жабдықтар, өлшеуіш приборлар мен құралдар, көлік құралдары және т. б. ) бөліп көрсетеді. Мұндай детализация құрылымды оптимизациялау негізінде пайдалану тиімділігін жоғарылату резервтерін шығарып көрсетуге қажет болады.
Келесі талдау жасаудың қадамы - кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуі зерттеледі. Машиналардың кейбір түрлерімен, механизмдерімен, құрал-жабдықтармен, ғимараттармен қамтамасыз етілуі өнім өндірісінің нақты көрсеткішінің және жоспарлы көрсеткішінің салыстыру қажеттілігімен орындалады.
Келесі формуларда кәсіпорынның қормен қамтылуын есептеуге болады.
Қормен қамтылу:
Ф орт
Ф қамт = (6)
S өнд
Мұнда:
S өнд - өндірістік алаң ауданы, га
Қормен қарулануы және техникалық қарулануы кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының деңгейін, жалпы өнімі көрсеткіштерін қамтамасыз етілуі еңбектің қормен қарулануы мен техникалық қарулануы болып табылады. Жалпы еңбектің қормен қарулануы орташа жылдық өндірістік қорлардың құндылығының ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санына қатынасы болып есептелінеді.
Еңбектің техникалық қарулану деңгейі өндірістік жабдықтардың ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санының қатынасымен анықталынады. Оның өсу қадамы еңбектің өнімділігінің жоғарылауымен сәйкес болады. Еңбек өнімділігінің өсімі еңбектің техникалық қаруланумен салыстырғанда ілгерілеу қозғалуы кәсіпорын үшін тиімді болып есептелінеді.
Қормен қарулануы:
Ф орт.
Ф қ. қ. = (7)
Ж өөп
Мұнда:
Ж өөп - өнеркәсіптік-өндірістік персоналдардың саны.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға бағытталған нақты жобаларды жасап шығаруды ұйымдастыру үшін соңғы жылдарда қандай деңгейде пайдаланғаны туралы толық талдаулар жасалуы қажеттілігін туғызады. Осы үрдіс кезеңінде өндірістік қорларды пайдаланудағы кемшіліктерді тауып, оларды шешу жолдарын анықтау қажеттілігі пайда болады. Келесі формулада кәсіпорындардың негізгі қорларды тиімді пайдалану барысында инстенсивті коэффициентін есептеп шығарады.
Интенсивті коэффициент:
Ө ф
К инт. = (8)
Ө м
Мұнда:
Ө ф және Ө м - құрал-жабдықтың фактілі және мөлшерлі өнімділігі.
Келесі формуламызға қарап, кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалануда өндірілетін өнімнің санына, көлеміне байланысты экстенсивті коэффициентті қолданады.
Экстенсивті коэффициент:
Т ф
К экс = ; (9)
Т к
Т ф
К экст = . (10)
Т п
Мұнда:
Т ф - құрал-жабдықтың фактілі жұмыс істеу уақытының қоры;
Т к және Т п - құрал-жабдықтың календарлы және жоспарлы (тиімді) жұмыс істеу уақытының қоры.
Кәсіпорынның интенсивті және экстенсивті коэффициенттерімен есептелген нәтижелерін келесі формуланы пайдаланып, интегралды коэффициентті шығара аламыз.
Интегралды коэффициент:
К и = К экст. х К инт. (11)
Талдау жасау барысында негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы анықталып, олардың тозу деңгейін, пайдалану тиімділігін ашып көрсетіледі.
Негізгі өндірістік қорлардың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі - жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен қол жетеді[12, 197б] .
Негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет ету мерзімі) өндірістік процесс барысында техникалық прогресс жағынан да, негізгі қорлардың жаңа түрлерін жасауға кететін тиімділігі жоғары капитал салымдарын пайдалану жағынан да маңызы зор болады.
Негізгі қорларды және айналым қорларды үнемді, әрі рационалды пайдалану әрбір кәсіпорынның басты міндеттердің біріне жатады. Әрине, кез келген кәсіпорынның қалыпты жағдайда қызметі үшін негізгі құралдармен бірге айналым құралдары қажет болады, олар ақша құралдары ретінде қолданылып, негізгі қорларды және айналым қорларды сатып алуға кетеді. Кез келген кәсіпорынның басты міндеттердің бірі - жалпы қоғамдық өндірістің сапасы мен тиімділігін жоғарылату және капитал алымдары мен негізгі қорларды қайтарымын үлкен көлемде ұлғайту, себебі, олар елдің өндірістік күштердің құрама бөлігі, материалдық базасы болып табылады.
Негізгі құралдарының сандық өсімі мен сапалық жақсару ғылыми-техникалық прогрестің негізінде құралған болса, онда ол еңбек өнімділігінің жоғары қарай өсуінің шешуші қадамы ретінде есептеуге болады.
Негізгі құралдардың құрылымы бойынша барлық негізгі қорлардың жалпы құндылығының үлес салмағы ретінде анықталынады[13, 103б] .
Негізгі қорлардың сыныптамасы, құрамы мен құрылымы бойынша талдап, олардың жұмыс істеуге жарайтын қалыпта сақтау және тиімді пайдалануын қарастырамыз.
- Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы
Негізгі қорлар кәсіпорын қызметіне бірнеше ұзақ жылдар бойы қызмет етеді де, физикалық және моральдық тозу процесіне ұшырайды.
Негізгі қорлар адам күшімен, жылдар мерзімдерінің әсерімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.
Негізгі қорлардың тозуы -құндылықтарының пайдалану кейпінде не болмаса жұмыс істемейтін күйінде негізгі қорлардың тұтынушылық ерекшеліктері мен бөліктік немесе толық ысырапқа ұшырауы.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардын тұрады:
- Негізгі қорлардың тозуы;
- Амортизация;
- Негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы;
- Негізгі қорларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Өндіріс процесіне қатысуымен негізгі қорлардың кез келген объектілері:
- Табиғи;
- Сапалық тозуға ұшырайды.
Негізгі қорлардың табиғи немесе физикалық тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесіне және негізгі қорлардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлар әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінде, металдардың тот басуымен, ескіруінен пайда болады.
Негізгі қордың табиғи тозуы - олардың өндірістік тұтыну барысында және табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары арқылы бұрыңғы қалпына келтіруге болады.
Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Экономикалық әдебиеттердің көрсетуі бойынша физикалық тозудың мына формуласын пайдалана аламыз.
Физикалық тозу:
Т фэ
И ф = (12)
Т н
Мұнда:
Т ф және Т н - НҚ-дың актілі және нормативті қызмет көрсету мерзімі.
Негізгі қордың сапалық тозуы - қор түрлерінің конструкциясы, өнімділігі, үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден кейін қалуы. Демек, экономикасы дамыған елдерде негізгі қорды ауыстыруда сапалық тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор болып табылады.
Негізгі қорлардың сапалық немесе моральдық тозуы техникалық прогреске өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі қорлардың арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланудағы негізгі қорлардың өздерінің құнының бөлігін жоғалтып құнсызданғаны байқалады.
Келесі формула арқылы біз моральдық тозудың есептелеулерімен танысамыз.
Бірінші ретті моральді тозу:
Ф баст - Ф қалпына келтіру
U u 1 = (13)
Ф баст.
Мұнда:
Ф қалпына келтіру - НҚ қайта қалпына келтіру құны.
Екінші ретті моральді тозу:
N 2 - N 1
U u 2 = х 100% (14)
N 2
Мұнда:
N 1 , N 2 - жаңа және ескі құрал-жабдықтар өнімділігі.
Сапалық тозудың екі нысанын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz