Мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
Мақалада мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері қарастырылған.
В статье рассматриваются особенности методической системы обучения информатике в школе.
In article features of methodical system of training to computer science at school are considered.
Кілттік сөздер: ақпаратты бейнелеу, ақпараттық үдерістер, компьютерлер, ақпараттық технологиялар, алгоритмдеу, формальдау және модельдеу, телекоммуникация, әлеуметтік информатика, ақпараттық-коммуникациялық технология.
Қазақстан өз тәуелсіздігін 1990 жылдардың басында алғанына қарамастан, информатиканы оқыту саласы елімізде өз бетімен Ресей мемлекетінсіз бірден дамып кете алмады. Сондықтан да, 1998 және 2002 жылдардағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «информатика» пәнін оқытуға қойылған мақсаттары мен міндеттерінің дәйектілігі сол кезеңдегі білім беру үдерісінің жағдайына толықтай сай деп айтуға болады. .
«Информатика» оқу пәнінің мазмұнының ядросы келесі жалпы білім беретін информатика курсының ұйымдастырушы өзара байланысқан мазмұндық желілерін құрайды: ақпаратты бейнелеу және ақпараттық үдерістер, компьютерлер, ақпараттық технологиялар, алгоритмдеу, формальдау және модельдеу, телекоммуникация, әлеуметтік информатика мәселелері. Бұл мазмұндық желілер информатиканың жалпы білім беру аумағының мазмұны өзегі болып табылады, сондықтан да оқу пәнін басыңқы бағдары информатиканың базалық және кәсіптік курстарында мазмұндық желілердің қиындық деңгейін арттыра отырып, оқытуды қамтамасыз ететіндей концентрлі болып табылады. Бұл сөзсіз мектеп информатикасының іргелі маңызын жоғарылатуға оң әсерін тигізді және нәтижесінде осы оқу пәнін оқытуды іргелендіруге алып келді.
Информатика - тез дамитын ғылым. Сондықтан осы ғылым саласының кейбір жаңа ұғымдары, мысалы компьютер архитектурасын дамытумен тікелей байланысты, информатика пәні мазмұнының өзегіне жататын параллель есептеулер ұғымы, негізгі қалаушылар бола алады, және осы ұғым негізінде информатика бойынша мектеп білім беру мазмұны мен оқытудың әдістемелік жүйесіне іргелі кәсіптік курс ретінде параллель есептеулер элементтерінің курсын қосу табиғи әрі мақсатқа сай болады.
Информатика бойынша барлық оқулықтар авторларының мектеп информатика курсының негізгі мақсатын түсінуі бір-біріне өте жақын болғанымен, олардағы мектеп курсының тұжырымдамасы, баяндау мазмұны мен тереңдігінің біршама айырмашылығы бар. Бүгінде информатикадан қолданылып жүрген мектеп оқулықтарына талдау жүргізе отырып, орта мектепте информатиканың үздіксіз курсының барлық тақырыптарын қарастыратын оқулықтың осы күнге дейін жоқ екендігіне көзіміз жетті. Сонымен қатар, оқулықтағы оқу материалдарының оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкессіздігі, оқу ақпаратының көптігі немесе жеткіліксіздігі, бір оқулық шеңберінде, әсіресе мемлекеттік тілде терминдердің бірыңғайлығы мен үйлесімділігінің болмауы, оқу материалын баяндау логикасының бұзылуы салдарынан мектепте информатиканы оқытуды іргелендіру мақсатында оқу ақпаратын қайта өңдеу, құрылымдау және жүйелеу қажет.
Осылайша 11-жылдық білім берудегі мектеп информатика пәнінің мазмұны мен оны оқытуды талдай келе, мектеп информатика пәнінің оқытудың әдістемелік жүйесін жасауда мынадай мәселелерді ескеру қажеттігі туындайды.
«Информатика» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға сәйкес құрылады.
Мектеп информатика курының теориялық бөлімі ақпараттық үдерістен ақпараттық технологияларға (ақпараттық үдерістердің орындалуын жүзеге асыратын алгоритмдерді құру, кез келген ақпаратты екілік кодтау түрінде көрсету мүмкіндіктері және т. б. ) өту шартын негізге ала отырып құрылған жөн.
Курстың практикалық бөлімі оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру ғана емес, басқа да оқу пәндерін меңгеру тиімділігін жоғарылату, сонымен қатар пәнаралық, жалпы оқу біліктіліктерін қалыптастыру үшін қажетті ақпараттық технология құралдарын пайдалану дағдыларын меңгеруіне бағытталады. Осыған байланысты материалды оқып-үйрену реті бүкіл оқу үдерісінің тиімділігін және оқу себебін жоғарылату үшін оқушыларға маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың барынша кең ауқымын ертерек қолдану мүмкін болатындай етіп құрылған. Мысалы, «ақпарат» ұғымы ең алдымен технологиялық ортаға қатыссыз, алайда бірден бейнесін және дыбысын жазу арқылы практикалық жұмыста бекітіледі. Содан кейін ақпаратты компьютерде өңдеудің практикалық мәселелері қарастырылады, оқушылардың әр түрлі ақпараттық нысандар жайлы түсініктері толықтырыла түседі. Мұнда ақпараттық нысан ұғымы оқушыларға алдағы уақытта кездесетін әр түрлі нысандар: мәтін, дыбыс, бейне және т. б. үшін жалпылау ретінде пайдаланылады.
Мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу технологияларымен танысқаннан кейін, информатиканың тағы бір маңызды ұғымы - модельдеу қарастырылады. Бұл кезеңге дейін оқушылар бізді қоршаған әлемді модельдеудің көрінісі мен сипаттаудың жалпы идеяларын меңгеруге жеткілікті түрде дайын болады.
Қазіргі заманғы информатиканың негізгі теориялық ұғымы - алгоритм мазмұндық ұғым ретінде енгізіледі. Алгоритмдерді жазу үшін блок-схемалардың және құрылымдық программалаудың формальді тілдері пайдаланылады.
Курстың соңғы бөлімдерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы ұжымдық жобалық іс-әрекет технологиялары игеріледі.
Курс оқушылардың қоршаған ортадағы ақпаратты қабылдау, іздеу, талдау, сыни тұрғыдан бағалау, ақпаратты сұрыптау; ақпаратты ұйымдастыру; ақпаратты тасымалдау; нысандар мен үдерістерді жобалау, өз іс-әрекетін жоспарлау; жоспарларды құру, жүзеге асыру және оған түзету енгізу біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталады.
Информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жоғарғы мектепте базалық деңгейде оқып үйрену негізгі мектепке қарағанда информатиканың мазмұнын іргелі ғылыми пән ретінде анағұрлым толық ашуға негізделеді. Осыған байланысты жүйелілік көзқарас тұрғысынан оқып үйренудің басым нысандарды ақпараттық модельдеу мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар болып табылады. Бұл:
- информатика курсының басқа да оқу пәндерімен интеграциясын қамтамасыз ету;
- негізгі мектепте информатика пәнінен алынған білімдерін жүйелеу;
- таңдалынған оқыту бағдарына байланысты білімді тереңдету;
- болашақтағы кәсіби өсуінің негізін салуға мүмкіндік береді.
Мектепте информатиканы оқытудың негізгі міндеті ақпараттық үдерістердің құрылуы мен қолданылуын және оның қызметінің жалпы заңдылықтарын оқып үйрену. Мазмұны жағынан қарастырғанда ол әлемнің тұтастай бейнесін тануға, ақпараттық модельдеудің мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды, бұл өз алдына информатиканың басқа да мектеп пәндерімен пәнаралық байланыстарының кеңейіп тереңдеуін қамтамасыз етеді.
Информатиканың маңызды ұғымдарының бірі ақпараттық модель ұғымы болып табылады. Ақпаратпен жұмыс істеген кезде біз дайын ақпараттық модельдермен жұмыс істейміз (оларды бақылаушы ролінде боламыз) немесе ақпараттық модельдерді өзіміз құрамыз. Компьютердегі кез келген үдерісті ақпараттық модельді жасамай және оны зерттемей оқыту мүмкін емес. Сондықтан да модельдеудің іс-әрекеттік сипатын атап өту маңызды. Ақпараттық модельдеу информатиканың зерттеу нысаны ғана емес, танымдық, оқу және практикалық іс-әрекеттің маңызды тәсілі болып та табылады. Сонымен қатар, оны ғылыми зерттеу және іс-әрекеттің өзіндік әдісі ретінде қарастыруға болады.
Мектеп информатика курсының теориялық және практикалық компонеттерінің мазмұны 50х50 қатынасында құрылған. Практикалық жұмыстарды орындағанда басқа пәндік аумақтардың өзекті мазмұндық материалдары мен тапсырмаларын қолданған дұрыс. Әдетте, мұндай жұмыстар бірнеше оқу сағаттарына есептелінеді. Практикалық жұмыстың бір бөлігі (ең алдымен ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарын қолдануды талап етпейтін дайындық кезеңі) оқушылардың үй тапсырмаларына, жобалық іс-әрекетіне енгізілуі мүмкін; жұмыс бірнеше бөлікке бөлініп, бірнеше апта бойы іске асырылуы мүмкін. Жұмыс көлемі мектеп компонентін және басқа пәндермен интеграцияны қолдану есебінен ұлғайтылуы мүмкін.
Тұлғаға-бағдарланған білім беру жағдайында оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізі Информатика пәнінің оқытудың сапалы нәтижесіне жетумен анықталады. Сондықтан да оқушыларға жалпы білім беру және тәрбиелеу сапасын жетілдіру маңыздылығы мен оған қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келуі қажет.
Жалпы білім беретін мектепте информатиканы оқытуды «спираль» бойынша ұйымдастырған абзал: барлық оқытылатын тақырыптар ұғымдарымен алғашқы танысу, содан кейін оқытудың келесі сатысында бұл модульдердің мәселелерін осы модульге қатысты жаңа ұғымдарды енгізе отырып, нақты түрде сапа жағынан жаңа негізде оқып үйрену және т. б. Мұндай «спираль орамдарының» саны нақты мектептегі информатика пәніне берілетін оқу сағаттарының санына байланысты екі немесе үшеу болуы мүмкін. Жоғарғы мектептің базалық деңгейінде бұл негізгі мектептің информатика курсының негізгі мазмұндық желілерін жан-жақты анағұрлым тереңірек оқып үйренуге жағдай жасайды, екінші жағынан бұл оқытудың нақты кәсібилендірілуіне мүмкіндік ашады.
«Компьютер - ақпаратты өңдеу құралы» тақырыбының мазмұнын ашуда оқушылар информатиканың іргелі ұғымдары аумағы бойынша өз білімдерін тереңдетеді және жүйелейді. Оқыту АКТ-мен толық жабдықталған жағдайда, яғни компьютерлерден өзге әр түрлі перифериялық құрылғылары бар, соның ішінде үдерістерді визуализациялау, компьютерді басқаратын әр түрлі құрылғылары оқыту бар ортада жүзеге асатын болса, онда оқытудың тиімділігі артады. Бұл бөлімнің мазмұны инварианттықтың жоғары дәрежесіне ие. Есепті шығару негізінде, соның ішінде алгоритмдік тілдерді қолдану арқылы жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамту жалғасады. Бұл іс-әрекеттің тікелей жалғасы практикалық жұмыс болып табылады.
«Ақпараттық модельдеу» тақырыбын оқып игеру табиғаты әр түрлі жүйелерде (физикалық, техникалық және т. б. ) басқару модельдерін сипаттау мен құру біліктіліктерін қалыптастыруға, сонымен қатар жаратылыстану, қоғамтану, математика және т. б. салаларда модельдер мен модельдеуші программаларды пайдалануға бағытталады.
Информатиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және сандық білім беру ресурстары білім беру, дидактика және танымдық сипаттағы құралдар ретінде пайдаланылады. Оқу бағдарламасында оқушыларды ақпараттық орта құру бойынша ақпараттық саясатты жүргізу қажеттілігіне, сонымен қатар адамзаттың орнықты дамуын және «өмір бойы білім алу» мәселелерін шешу қажеттіліктеріне сендіретін оқытудың іс-әрекеттік және құзырлылық көзқарастары ерекше орын алады.
Аталған пәнді оқып үйрену ақпаратты жүйелі түрде талдау, әр түрлі дереккөздерден ақпарат іздеу, өз ойлары мен көзқарастарын жеткізе білу, модельдеу, болжау біліктіліктерін меңгеруге, сонымен қатар оқушылардың өз бетіндік, ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруына, оның әрі қарай дамуына көмектеседі.
Қазақстанда ақпараттық қоғамының дамуымен мектеп информатикасы пәнінің мазмұнына келесі ұғымдар мен терминдер енгізілді: ақпарат, ақпараттық үдерістер, ақпараттық модельдеу, ақпараттық мәдениет, ақпараттық ресурстар, алгоритм, орындаушы, программа, операциялық жүйе, программалық жабдық, аппараттық жабдық, ақпараттық-коммуникациялық технология және т. б.
Мектеп информатикасының бастауыш курсы ақпараттың алғашқы ұғымынан адамның табиғатпен өзара қатысы туралы білімдерін біріктіретін оқытушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыратын курсқа айналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz