Мектепте тарихты оқыту әдiстемесi. ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДIСТЕРI, ТӘСIЛДЕРI МЕН ҚҰРАЛДАРЫ


Мектепте тарихты оқыту әдiстемесi
Жоғары оқу орындарының тарих мамандығы студенттерiне арналған оқу құралы
Алматы - 2006
II Б Ө Л I М
ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДIСТЕРI,
ТӘСIЛДЕРI МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
§4. Оқулық - маңызды бiлiм көзi және оқу құралы
§5. Оқытудың әдiстерi мен тәсiлдерi және оларды топтастыру
§6. Тарихи материалдың құрылымы және оны оқып үйренудiң тәсiлдерi
§7. Басты тарихи деректердi мазмұндау тәсiлдерi
§8. Теориялық оқу материалын оқып-үйрену
Түсіндiру, пiкiр, сипаттама беру
Түсіндiру - басты деректер мен теориялық материалды мазмұндаудың кең таралған тәсiлдерiнiң бiрi. Бұл түсінiк, ұғым, баға, қорытынды, тұжырым түрінде игерiлетiн ақпараттың бөлiгi. µғым (салық, жасақ) мен себеп-салдарлы байланыстардың мәнiн (Қазақ Ордасының құрылуының алғышарттары) мұғалім түсіндiрудiң көмегiмен аша алады. Осы тәсiлдiң көмегiмен тарихи деректер мен құбылыстардың мәнi мен маңызы, iшкi байланыстарының заңдылығы ашылады. Түсіндiруде деректердi талдау барысында жасалған бiр тұжырым екiншiсiнен ерекшеленiп тұрады.
Түсіндiру әдiсi оқушылар үшін оңай болғандықтан ол барлық сыныптарда қолданылады. Тарихи бiлiм дайын кұйiнде берiледi, оқушылар оларды түсінiп, есте сақтай бiлуi керек. Бұл тәсiлдiң кемшiлiгi оқушылардың өздiгiнше танымдық әрекетiн шектейтiндiгiнде.
Пiкiр (пiкiр бiлдiре отырып мазмұндау) себеп-салдарлы байланыс пен ұғымның негiзгi белгiсiн анықтауда қолданылатын түсіндiрудiң нұсқасы. Бұл тәсiл мұғалімнiң оқушыларға ойлау барысы, деректердi талдау үлгісiн көрсетуге мүмкiндiк бередi. Мұғалім оқушылардың ойын белсендi танымдық әрекетке жетелейдi. Пiкiр бiлдiру оқушылардың назарын аударатындай мәселе қоюмен қатар жұруi мүмкiн. Мұғалім әрбiр мәселеге ой толғауы, деректердi салыстырған пiкiр түрінде жауап бередi. Нәтижесiнде оқушылар оқу материалының теориялық мазмұнын қиналмай игередi.
Бұл тәсiлмен бiрге қисынды сұлба, оқу жаднамасы, мәтiндiк кесте, жапсырма сияқты оқыту құралдары қолданылады.
Салыстырмалы және жинақтаушы сипаттама. Оқу материалының теориялық мазмұнын баяндағанда салыстырмалы сипаттама берiледi. Мемлекеттiк билiк, шаруашылық типтерi және т. б. ұғымдар, деректер салыстырылады. Оның барысында тарихи нысанның салыстыратын белгiлерi айқындалады; сосын барып салыстыру барысында олардың ортақ, ерекше, жеке белгiлерi анықталып, қорытынды жасалады.
Ұлт-азаттық қозғалыстарын салыстыруға арналған мынадай жаднаманы қолдануға болады:
1. Ұлт-азаттық қозғалыстың себебi, 2. Қозғалыс басшысына сипаттама, 3. Қозғалысқа қатысушылар, олардың мақсаттары 4. Қозғалыстың сипаты, 5. Қозғалыс барысы, 6. Жеңiлу себептерi, 7. Тарихи маңызы.
Жинақтаушы сипаттаманың мақсаты мүлдем бөлек. Ол оқылған теориялық материалды қорытып, ұғым қалыптастырады. Белгiлi құбылысты жинақтай отырып, оның басты белгiлерiн логикалық бiрiздiлiкпен тiзедi. Мысалы, колхоз құрылысы туралы әңгiмелегенде оның директивалық жоспарластыру, өндiрiлген өнiмдi тартып алу, шаруаны жерге бекiтiп қою сияқты белгiлерiн атайды.
Жинақтаушы сипаттама күрделi тарихи құбылысты түсіндiру аяқталғанда немесе оның маңызды белгiлерi мен байланыстарын анықтағанда қолданады. Сол сияқты басты деректердi индуктивтi және дедуктивтi баяндағанда да бұл тәсiлдi жемiстi қолдануға болады.
Тарихты оқытудағы өзектi мәселе ахуалы
Өзектi мәселенi мазмұндау. Ойлау үдерісi проблемалық ситуацияға байланысты. Адамда әлдененi түсіну қажеттiлiгi пайда болғаннан бастап ол ойлануға кiрiседi. Ойлау қай кезде де мәселеден немесе сұрақтан, таң қалу, түсінбеу, қарама-қарсылықтан басталады.
Өзектi мәселенi оқыту элементтерiн Мұғалім көптеген сабақтарға енгiзе алады. Жаңа материалды түсіндiрер алдында оқушыларды ойландыратын қызықты, оқыс сұрақтар қояды, ал олардың жауабы сабақ соңында берiлуi керек. Ал өзектi мәселе сабағында теориялық мазмұнды игеру жолындағы белсендi iзденушiлiк әрекет бұкiл сабақ барысында жалғасады. Қабілеттi оқушыларға күрделi теориялық тапсырмалар берiлiп, мұғалім ұсынған мәселенi iзденушiлiк сипаттағы оқу тәсiлдерiне бағыттайды.
Өзектi мәселе ахуалы қалай қалыптасады? Ол оқу материалындағы ұйлесiмсiздiк немесе сабаққа қарама-қарсы сипаттағы құжаттардан үзінділер енгiзу немесе бiр мәселеге қарама-қарсылықты әртүрлi көзқарастарды баяндау өзектi мәселе ахуалына негiз болады. Мұғалімнiң мәселелiк мазмұндауынан туындаған мiндеттердi оқушылар бұрынғы алған бiлiмдерiне сүйенiп, өз бетiнше шешуi тиiс.
Әрине, өзектi мәселенi мазмұндау барысында теориялық бiлiмдердi игеру басты мақсат емес, бұл жердегi басты мақсат оқушылардың оқу үдерісiне деген жеке қабiлеттерiн қалыптастыру.
Өзектi мәселенi iздену әдiсiн дерегi мол немесе күрделi материалды игеру немесе уақыт тапшы жағдайларда қолдану тиiмсiз. Сол сияқты бұл әдiс мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмаған жағдайда да нәтиже бермейдi.
Оқушылардың ақыл-ой дағдылары мен тәсiлдерi
Ақыл-ой әрекетiнiң тәсiлдерi оқу жұмысы тәсiлдерiнiң тасасында, елеусiз көрiнедi. Дағдылардың әрбiр тобын игеру қарапайым ұйғарымдарды орындауды талап етедi. Ойлау әрекетiнiң алғашқы дағдыларын оқушылар 4-5 сыныптардан бастап қолданады. Мұғалім оларды тарихи оқиғаларды кiм? (не?) қайда? неге? қалай? не үшін? деген сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұндауға үйретедi.
Теориялық материалды оқып-үйрену тәсiлдерiнiң жүйесiне сөздiк-ұғымдық ойлау тәсiлдерi де енедi. Оған талдау және жинақтау, салыстыру, топтастыру, дәлелдеу, ең маңыздысын бөлiп алу, тұжырым қалыптастыру, қиялдау мен есте сақтау әдiстерi жатады.
Оқушылардың ақыл-ой дағдылары сыныптан сыныпқа өткен сайын күрделене тұседi. Олардың негiзгi тiзiмi мынадай: 5 сынып - жеке оқиғаларды салыстыра алу, деректердi суреттеу дағдылары; 6 сынып - тарихи деректердi жинақтап, талдап, қарапайым қорытындылар жасау, елдердiң табиғи жағдайларын, еңбек, мәдениет ескерткiштерiн салыстырмалы тұрде суреттей алу; 7-сынып - қоғамның әлеуметтiк топтарының басты белгiлерiн анықтау; бiр үлгідегi құбылыс, үдерістердi салыстыру; оқиғалардың себебiн жинақтап, маңызын анықтау; өз тұжырымдарын тұрлi дерек көздерiмен дәлелдеу; 8 сынып - құбылыстар мен оқиғалардың маңызын бағалау; отандық және жалпы тарихтың бiр үлгідегi үдерістерiн салыстырып, олардың себептерi мен салдарларын анықтай алу; 9 сынып - теориялық ережелерге сүйенiп, тарихи деректердi талдай алу; 10-11 сыныптар - жекелеген тарихи ұғымдарға анықтама беру; тарихи және қоғамтану бiлiмдерi, дереккөздерi негiзiнде талдау және жинақтау; қоғамдық құбылыс-тардың дамуын сипаттау; үдерістерге салыстырмалы сипаттама беру. Жоғары сынып оқушылары баяндама және реферат, сөйлейтiн сөзiнiң тезистерi мен конспектiлерiн дайындай алуы тиiс.
Әдiстердi игеру қысқа немесе ұзақ мерзiмге созылуы мүмкiн. Мысалы, салыстыру жүргізу дағдысын оқушы бiрнеше жылда меңгере алады. Сол сияқты оқушылардың талдау және жинақтау тәсiлдерiн игеруi де бiрнеше жылға созылады.
Талдау және жинақтау. Тұтас ұғымды ойша бөлшектеу тәсiлi талдау ( анализ) деп аталады. Анализге қарама-қарсы тәсiл - жинақтау (синтез) . Бiрақ бұл ойлау операциясы анализбен, жинақтау, жүйелеу, топтастырумен бiрге iске асады. Жинақтау - жеке бөлiктердi тұтас бiрлiкке ойша топтастыру (олардың арасындағы байланыстарды ашу) . Жинақтау тәсiлiн алғашқы қауымдық құрылыс белгiлерiнiң қисындық тiзбегiмен анық етiп көрсетуге болады: Қарапайым еңбек құралы - бiрлескен еңбек - ортақ меншiк - қауым мүшелерiнiң теңдiгi.
Отандық тарихты оқытуға қарапайым талдау тәсiлдерiн енгiзуге болады. Мысалы, сақ сарбазының суретiне қарап, оның қандай қарулардан пайдаланғанын анықтау. Бұл жұмыста мынадай арнайы жаднаманы пайдалануға болады: салыстыратын белгiлердi анықтау; олардың ең маңыздыларын қалдыру; ең маңызды белгiнi бiрiншi орынға, оған байланыстыларын одан кейiн тiзбектеу; оқиға мен құбылысты салыстыру; қорытынды жасау.
Салыстыру - ортақ және әртүрлi белгiлердi анықтау. Психолог зерттеушiлердiң айқындауы бойынша 5-7 сынып оқушылары салыстыру барысында ұқсастықтардан бұрын айырмашылықтарды жақсы ажырататындығы белгiлi, сол сияқты ерекшенi немесе тек жалпыны анықтау оңайға соғады.
Оқушылар Түркiстан мен Тараз қаласы, Аңырақай шайқасы мен “Шаңды жорықты” салыстыра отырып, олардың ұқсастықтары мен ерекшелiктерiн табады. Орта буын сыныптарындағы оқушылар оқулық мәтiнiндегi бiрнеше құбылысты салыстыра алады. Ал жоғары сыныптарда заңдылықтар, iшкi байланыстар сияқты күрделi ұғымдар салыстырылады.
Салыстыру дағдысын қалыптастыру үшін мынадай жаднаманы қолдануға болады.
1. Оқып үйренетiн құбылысты қандай бiрiздiлiкпен салыстыру керектiгiн ойлан.
2. Олардың маңызды ортақ белгiлерiн анықта.
3. Олардың арасындағы маңызды айырмашылықтарын анықта.
4. Салыстыруларға сәйкес қорытынды жаса.
Мұғалім салыстыруға байланысты мынадай тапсырмалар бередi:
1. Ежелгi Шығыс пен Ежелгi Греция халықтарының құдайлар туралы мифтерi және аңыздарын салыстыр.
2. “Тәуелдi шаруа мен ерiктi фермердiң жағдайы” атты салыстырмалы кесте құрастыр.
Әрбiр дағдылар тобын игеру жоспарластыруды қажет етедi. Қандай ойлау операциясы жаңа материалды жақсы игеруге мүмкiндiк беретiндiгiн бiлу керек. Мысалы, табиғат жағдайлары мен тұрғындардың кәсiбi туралы материалды оқығанда салыстыру тәсiлi, ал маңызды белгiлердi бөлiп алғанда дерексiздендiру немесе дәлелдеу тәсiлi тиiмдi.
Дәлелдеу тәсiлi ұғымның мәнiн түсіндiруде қолданылады. Тезис түрінде айтылған әлдебiр ереженi дәлелдеу үшін дәйектерге жұгiнедi. Олардың бәрi тезистiң ақиқаттығын негiздеуi тиiс. Дәлелдеу барысында қорытынды пiкiрлер бiр-бiрiнен дербес болады. Дәлелдеудiң негiзгi материалы ретiнде құжаттар, статистикалық мәлiметтер пайдаланылуы мүмкiн.
Дәлелдеу дағдысын игеруде мына жаднамамен жұмыс жүргізуге болады.
1. Дәлелдеудi қажет ететiн ойды қисынға келтiр.
2. Ол ойды нығайтатын қорытынды жаса және түсіндiр.
3. Дәлелдеудi аяқтайтын қорытынды жаса.
Жаднама төменгi сынып оқушыларының дәлелдеудiң өзiне анықтама беруiне көмектеседi, сол арқылы айтылған ойдың, пiкiрдiң дұрыс, бұрыстығын негiздейдi. Уақыт өткен сайын ол анықтама жаңа мазмұнмен толығып, нақтыланып, тереңдей тұседi. Жоғары сынып оқушылары дәлелдеуге тиiс пiкiрдiң ақиқаттығын ақиқаттығы дәлелденген басқа пiкiрдiң көмегiмен дәлелдейдi.
Теориялық материалды оқып-үйренудегi оқушылардың әрекетi
Таблица, қисынды сұлба, мақсат, түрлi жоспарлар теориялық материалдарды оқып-үйренуде кеңiнен қолданылады. Оқулықпен жұмыс iстеудiң кең тараған түрі - параграф бойынша жай және күрделi жоспар құру. Бастапқы кезде мұғалімнiң бөлiп берген мәтiнi бойынша оқушылардың алдын ала талқылауы өткiзiлiп, ол бөлiмдерге дербес ат қойып, сол бойынша жоспар жасалады. Содан соңғы мәтiндi жеке бөлiктерге бөлiп, олардағы басты ойды анықтап, жоспардың әрбiр бөлiмiнiң атауын құрастыру керек.
Жоспар оқулықтың пункттерi бойынша құрылып, рим сандарымен нөмiрленедi. Жоспардың негiзгi пунктiнен туындаған негiзгi ойлар араб сандарымен нөмiрленедi. Бұндай жұмыс оқу материалын жинақтауға көмектеседi.
Күрделi жоспар түзуге үйретуде мұғалім жаднамаға жұгiнедi. Жаднама қисынды сұлба ретiнде әрекет тәсiлдерiне жөн сiлтейдi:
1. Мәтiнмен мұқият таныс, оны дербес бөлiктерге бөл.
2. Әрбiр бөлiкке басты ойы негiзiнде атау берiп, рим сандарымен нөмiрле.
3. Әр бөлiктiң ең бастысын айқындайтын талаптарды анықта, оларды араб сандарымен нөмiрлеп, жеке ат бер.
4. Әрбiр атаудың мазмұнға қаншалықты сай келетiндiгiн анықтап, өз нұсқаңды ұсын.
Кейбiр сабақтарда оқушылар оқулық мәтiнiн талдап, параграфқа өзi ат қояды немесе оқушылар тақырыпшалардың атауын талдай келiп, сабақ тақырыбын оқып-үйренудiң тәртiбiн анықтайды.
Сыныпта күрделi жоспар құруға үйрету мұғалімнiң жетекшiлiгiмен iске асады. Оқушылар жоспар құратын мәтiнмен алдын-ала танысады. Мұғалім оқушыларға параграфтарды бөлiктерге қалай бөлудi, негiзгi мәселенi қалай бөлiп алып, жинақтауды қалай жүргізудi үйретедi. Үйретудiң ендiгi бiр жолы, жоспар түзгенде оқушылардың жiберген қателерiне назар аудару. Ол қателiктер бiрiншiден, басты ойды бөлiп ала алмаудан немесе материалды тым бөлшектеп жiберуден көрiнедi. Екiншiден, оқушылардың қисынды бөлудi қате жүргізуiнен және бөлiктiң тұтас құбылысқа сай келмеуiнен байқалады. Оқушылар көбiнесе құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтап, әртүрлi деңгейдегi ұғымдарды ұштастыра алмайды.
Кейде оқушылардың түзген жоспарында тақырыпша атауы сәтсiз таңдалып, материал мазмұны жеткiлiктi қамтылмай қалады. Көбiнесе жоспар түзуде тақырып атауларына сұраулы және баяндаушы атаулар таңдалады, олар оқытудың бастапқы кезеңiнде өзiн ақтағанымен мәтiндегi басты ойды жинақтап бере алмайды. Сондықтан, күрделi жоспар құрғанда оқушылар мазмұнды нақтылайтын және жинақтап, жалпылайтын атаулы сөйлемдердi қолдануға ұмтылғаны жөн.
Белгiлi бiр таным бойынша атқарылатын жұмыстарға бағыт беретiн жаднама құрастыру да (жоғарыда оның бiрқатар үлгілерi келтiрiлдi) жоспар түзудiң күрделi түрі болып табылады. Қисынды сұлба түзу тапсырмасы да күрделi болғандықтан, оқушылардан мұқияттылықты және ақыл-ой дағдыларын талап етедi.
Тарихты оқытуда қолданылатын тапсырмалар бiрнеше мақсатты көздейдi: оқушылардың бiлiмi мен дағдыларын айқындау; бiлiмдi игеру үшін машықтану жаттығуларын жасау; жаңа бiлiм мен дағдыларды игеру үшін iзденушiлiк әрекеттi ұйымдастыру; оқушылардың дербес ерекшелiгiне сай өз бетiнше iзденуiне жол ашу. Танымдық тапсырмаларды екi топқа бөлуге болады: тексеру-машықтану мұғалім әдiстердiң көмегiмен (әуелгi кезде жеңiл, кейiннен күрделi) және iзденушiлiк әдiстермен жаңа бiлiмдi игеруде оқушылардың өз бетiнше жұмыс iстеуi.
Қайталау және бекiту сұрақтары
1. Тарих сабағында түсіндiру және пiкiр айту тәсiлдерiн қалай қолдануға болады?
2. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырудың түрлерi мен тәсiлдерiн ата.
3. Тарих сабағында өзектi мәселе қою қалай iске асырылады?
4. Ақыл-ой тәсiлдерi мен дағдыларын ата және оларға анықтама бер
5. Теориялық материалды оқып-үйренудегi оқушылардың әрекетi қалай ұйымдастырылады?
Өзiндiк жұмыстардың (курс, бақылау, реферат, баяндама) тақырыптары
1. Теориялық оқу материалын оқып-үйренудiң әдiстерi
2. Тарихи бiлiм беруде мәселе қою тәсiлiнiң алатын орны
3. Тарих сабағында оқушылардың ақыл-ой тәсiлдерi мен дағды-ларын қалыптастырудың жолдары
§9. Оқу дағдылары және оқу жұмысының тәсiлдерi
Iскерлiк пен дағдыны жүйелеу
Оқушылардың оқу жұмыстарының тиiмдiлiгi мен нәтижелiгiн арттыру үшін бiрқатар әдiстемелiк шарттар орындалуы керек. Бiрiншiден, оқу қолдан келетiндей оңай, бiрақ жеткiлiктi деңгейде қиындықпен игерiлетiндей болуы тиiс. Оқытуды оқушылар үшін түсінiктi, әрi сол үдерістiң өзiн қызықты етiп жүргізу тиiмдi. Қолдан келердей оқу мiндеттерi тапсырманы орындауға ынталандырып, оқушының бiлiмге деген ықыласын оятады. Керiсiнше өте қиын немесе өте оңай тапсырмалар қызығушылықты төмендетедi. Екiншiден, оқытудың тиiмдiлiгi оқушылардың деректiк материалды игерумен бiрге теориялық қорытындылар мен жинақтаулар жасай алуы да ескерiледi. Сабақ материалы мүмкiндiк берсе, қорытындыны дайын кұйiнде ұсынуға болмайды. Деректердi жинақтау негiзiнде оқушыларды дербес, өздiгiнше қорытынды жасауға бағыттау керек. Үшiншiден, оқыту тиiмдiлiгi мен оның қарқыны арасында өзара байланыс бар. Қарқынның жылдам болуы оқушылардың материал мазмұнын игеруiн өте аз уақыт қалдырса, қарқынның тым төмен болуы олардың ойлауының дамуын тежейдi.
Оқу материалын саналы тұрде игеру үшін оқушылардың дербес жұмыс iстеу iскерлiгi мен дағдыларын қалыптастырудың маңызы ерекше. Оқу дағдылары мен ептiлiктерiнiң болмауы оқушылардың өз еңбегiн дұрыс ұйымдастыра алмауынан тым жұмысбастылыққа апарып соғады.
Әдiскерлер мен дидактиктер арасында iскерлiк пен дағды туралы тұрлi көзқарастар орын алған. Олар мыналар: iскерлiк - қандай да болмасын қызметтiң тәсiлiн саналы тұрде игеру. Автоматты деңгейге дейiн жеткiзiлген iскерлiк - дағды болып есептеледi. Демек, iскерлiк бiрте-бiрте дағдыға ұласады. Мысалы, әуелi мәтiндi оқу iскерлiгi пайда болады, ол кейiн жылдам оқу дағдысына айналады. Iскерлiктi меңгеру үшін әрекеттiң тәсiлiн бiлiп, үнемі жаттығу қажет болады.
Ендiгi бiр авторлар iскерлiктi әрекеттiң тәсiлi туралы бiлiм, дағды қалыптастырудың бастапқы сатысы деп есептейдi. Iскерлiктi саналы, тиянақты әрекетке дайындық немесе өзгермелi жағдайда мақсатқа саналы тұрде жетуге қажеттiлiк дейтiндер де бар. Осылайша ғалымдардың iскерлiк пен дағды, олардың оқушылардың дамуындағы орнын бағалаудағы пiкiрлерi әр алуан.
Жалпы дағдыларды төрт топқа бөлуге болады.
Оқу-ұйымдастыру дағдысы (әрекеттi жоспарластыру, тапсырманы тиiмдi орындау, өзiн-өзi бағалау, кұн тәртiбiн реттеу) .
Сөздiк дағдылар (ауызша және жазбаша) (сұраққа жауап беру, мәтiндi баяндау, байланыстыра мазмұндау, сынап-талдау)
Оқу-ақпараттық дағдылар (кiтаппен (оқулық, хрестоматия) анықтама, библиография, каталогпен жұмыс) .
Оқу, ақыл-ой дағдылары (әрекеттi дәлелдеу, ақпаратты қисындық тұрғыдан қорыту және мазмұндау, мәселенi шешу, қабылдау және еске тұсiру, өзiн-өзi қадағалау) .
Бұл дағдылар кейiнгi тақырыптарда кеңiнен қарастырылады.
Оқу жұмысының тәсiлдерi
Оқу жұмысының тәсiлдерi дегенiмiз сипаты әртүрлi тарихи материалды игеру жолындағы әрекеттердiң тiзбесi. Тәсiлдердi құрайтын әрекеттердiң тiзбесi жұмыстың орындалу тәртiбiн, оның жалпы бағыттарын айқындайды. Оқу жұмысының тәсiлдерi сөздiк-жазулық немесе кескiндемелiк әрекеттерде айқын танылады. Ол жағдайда қолданылған тәсiлдердi көруге, естуге болады. Сол арнайы тәсiлдi қолданғанда оқушының жiберген қатесiн түзетуге және соның көмегiмен оқу материалын тиянақты игеруiне көмек жасалады.
Тарихты оқу барысында оқушылардың бойында оқу еңбегiнiң, соның iшiнде ең алдымен ойлау және ақыл-ой дағдылары қалыптасады. Олар тарихи материалдың мазмұнын игеруге бағытталған қисындық операцияларды атқарады (тарихи мәтiнге талдау жасау, тарихи фактiлер мен құбылыстарды салыстыру, материалды жинақтап, қорытынды жасау) . Оқушылардың ақыл-ой дағдыларының деңгейi жоғары болған сайын олардың қисынды ойлау деңгейi де соғұрлым жоғары болады.
Оқу дағдыларының ендiгi бiр тобы арнайы тарихи материалды игеруге бағыталады, оның нәтижесiнде тарихи диалектикалық ойлау дағдылары қалыптасады. Сондай дағдылардың бiрi - тарихи деректердi уақыт шегiнде оқшаулау. Ол үшін мынадай әрекеттер бiрiздiлiкпен атқарылуы тиiс: тарихи оқиғаның ұзақтығы мен сабақтастығын, олардың син-хрондылығын анықтау; тарихи құбылыстар мен үдерістердiң кезеңдерi мен дәуiрлерiн анықтау; оқиғаны белгiлi бiр тарихи кезеңмен ұштастыру.
Осы сияқты оқушылар оқиғалар мен құбылыстарды кеңстiк шеңберiнде оқшаулау дағдыларын меңгередi. Бұл дағдылар картамен жұмыс арқылы қалыптасады.
Тарихты оқыту барысында оқушылардың игеретiн дағдыларының бiр тобы оқулық мәтiнiмен, оқу құралдарымен және дереккөздерiмен, тарихи құжаттармен жұмыс iстеуге байланысты. Бұл дағдылар мынадай әрекеттердi орындауды талап етедi: жай және күрделi жоспар құра бiлу; оқулықтың құрауыштарынан бағдар ала бiлу; тарихи құжаттарды оқып-үйрену барысында конспект және тезис жасай алу; бiр мезгiлде бiрнеше дереккөзiн пайдаланып, қажеттi мағлұматты ала бiлу; алған бiлiмдерiн жүйелеп, қисынды пайдалану.
Тарихты оқу барысында оқушылар тарихи үдерістiң жекелеген кезеңдерiн немесе ұқсас құбылыстарды салыстыру, олардың себеп-салдарлы байланыстарын анықтау, құбылыстар дамуындағы өзгерiстердi көре бiлу дағдыларын да игеруi тиiс. Бұл дағдылар арқылы оқушының бойында алған тарихи бiлiмдерiн мақсатты тұрде қолдануға қол жеткiзедi.
Бұл дағдыларды қалыптастыру мұғалімнiң басшылығымен жүргізiледi де ол жоғары сыныптарда оқушылардың дербес, өздiгiнен жұмыс iстей алуына ұласуы тиiс.
Жалпы алғанда, оқу жұмысының тәсiлдерi мынадай тиiстi ақыл-ой әрекеттерiмен сәйкес келедi: талдау, жинақтау, жалпылау, оқу материалын салыстыру, тарихи материалды көз алдына елестету, есте сақтау.
Iскерлiк пен дағдыларды қалыптастыру әдiстемесi
Тарихты оқытуда жоғарыда аталған iскерлiк пен дағдыларды қалыптастыру үшін мұғалімнiң өзi белгiлi бiр әдiс тәсiлдердi меңгерiп алуы тиiс. Әсiресе мектепте тарихты оқыту барысында үнемі қажет болатын дағдыларды, қай сыныпта қандай дағды қалыптастыру қажет екендiгiн жетiк бiлуi тиiс. Сонымен бiрге мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дағдыны күрделендiрiп, дамытуды нақты жоспарластыра бiлуi керек. Мектеп бiтiрушiлердi бiлiмдi дербес, өздiгiнен игеру дағдыларымен қаруландыру мақсатын көздейтiн бұл бағыттағы жұмыстар мұғалімнен ұлкен жауапкершiлiк талап етедi.
Бұл жұмысты оқушылардың жас ерекшелiгiн ескерiп, тарихтың әрбiр курсының материалдары негiзiнде олардың бойында қалыптастырылатын дағдылардың тiзiмiн белгiлейтiн мектеп бағдарламасымен танысудан бастау қажет. Бұл тiзiм сыныптан сыныпқа өткен сайын оқушылардың дағдыларын қалай дамытып, арттыру керек екендiгiне бағдар бередi.
Дағдыларды қалыптастыру мақсатты болуы тиiс. Әр сабақта қандай дағдыны қандай жолдармен қалыптастыру керек екендiгi де белгiлi болуы тиiс. Дағдыларды қалыптастыру жүйелi жүргізiлуi үшін оқушыларға қажеттi оқу жұмысының тәсiлдерi түсіндiрiледi; сабақтардағы жаттығу тапсырмаларының жүйесiн қамтамасыз етiп, олардың орындалуын қадағалауы қажет.
Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру бiрнеше кезеңнен тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz