Мектепке дейінгі мекемелерде оқыту үдерісінің мәні оның міндеттері мен құрылымын нақтылау



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Елімізге егемендік алғаннан бергі уақыт
ішінде білім беру жүйесін реформалау және оны дамыту мемлекеттік
бағдарламалары жасалды.
Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған
Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен
тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет
етіп қойып отыр. Бұл міндеттер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі
оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа
технологияларының табиғатын түсіне отырып, балалардың дидактикалық ойын
арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру қажеттігін негіздейді. Айтылған
мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, мектепке
дейінгі мекемеледе білім алу барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім
алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы
танылады. Сондықтан қазіргі мектепке дейінгі білім беруде балалардың
танымдық белсенділігін қалыптастыру маңызды міндет, ғылыми мәселе.
Елбасының өзі білім саласын дамытуды басты назарда ұстап келе
жатқаны белгілі. Үстіміздегі жылдың 27 қаңтарында халыққа Жолдауында
Президент: ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері
анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері
үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз
әрі алысты барлап кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз
инновациялық экономика құра алмаймыз.
Әлемдік прогресс күн сайын алға озып бара жатыр. Бұдан он жыл бұрынғы
ғылыми жаңалықтар қазір жаңалық болудан қалып барады. Олай болса елімізде
білім берудің жаңа жүйесін жасау кезек күттірмейтін мәселе екені айдан
анық.
Бүгінде адамдардың қиялы жеткен жерге қолы жетіп отыр деп айтуға
болады. Небір қиял – ғажайып дүниелер қазір шындыққа айналып барады. Қазір
қоғамдағы өзгерістер өте тез алмасуда. Сондықтан адамдар теориялық немесе
өмірлік білім алып қана қоймай, өз бетімен ізденіп білімін шыңдауы керек.
Жаңа ақпараттық жүйе бізге таныс білім алу үлгісін өзгертіп жіберіп отыр.
Бұрындары білім алу адамның жас кезіне ғана тән кезең болып келсе, енді
оның не уақыт, не кеңістік тіпті, жасына қарамай өмір бойы уйрену, білу
үрдісіне айналып отыр. Өйткені, бүгінгі ғылым жетістіктерін дер кезінде
меңгермесеңіз өмір керуеніне ере алмайсыз деген сөз. Білім беру мектептің
ғана ісі емес. Мектеп білім алудың кілтін ғана ұстатады. Ал мектептен тыс
білім алу дегеніміз-бүкіл бір ғұмыр! Адам өмір бойы білімін көтеріп отыруға
тиіс’’,-дейді Луначарский. Олай болса адам баласы ағаш бесіктен жер бесікке
түскенге дейін үйренуі қажет. Мен үйреніп, біліп болдым деп аз ғана білімге
тоқмейілсу астамшылық. Осыған дейін әр адам белгілі бір мамандық шеңберінде
ғана білім алып келсе, енді көптеген мамандықтардың негізінде жатқан
фундаментальдық ұстамдарды игеруі қажет.
Педагогика ғылымының бүгінгі таңда алатын орны ерекше. Заманауи
талаптарына сай болашақ мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға байланысты
қай салада болмасын белгілі бір деңгейде білімдермен қаруландыру бүгінгі
күннін талабы. Мектепке дейінгі педагогика пәнінің мақсаты-болашақ
мамандарды педагогика ғылымдарының теориялық негіздерімен қаруландырып,
тәрбие мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруға қажетті педагогикалық
білімдерді, біліктерді, дағдыларды қалыптастыру.
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды
жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы
әдістемелер мен технологияларды енгізу және қоғамдық жаңару
кажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын. Елбасымыз
Н.Назарбаевтың Қазақстан-2030 бағдарламасында, Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңында, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескере
отырып, білім берудің мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта
қарау қажеттілігін атап, білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан
өткізу мен енгізудің міндеттері атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатымен мақсатының
бірі - жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық белсенділігі
жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Дарынды, білімді жастар ғана
егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық
дамуына үлес қоса алады.
Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы
және бала тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып
табылады. Ендеше дайындық топ балаларының танымдық белсенділігін
қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты
болып саналады.
Еліміздің психология және педагогика саласындағы ғалымдардың,
мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі – балалардың танымдық
белсенділігін қалыптастыру болып отыр.
Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес
мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке
бұрынғыдай баланы пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір
жиынтығымен қаруландыру емес, баланың оқу-танымдық белсенділігін дұрыс және
тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға
қойылып отыр.
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде оқыту үдерісінің талаптары,
қажеттілігі біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты “Мектепке
дейінгі мекемелерде оқыту үдерісінің мәні оның міндеттері мен құрылымы ”
деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелерде оқыту үдерісінің мәні
оның міндеттері мен құрылымын нақтылау;
Зерттеу міндеттері:
- Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің педагогикалық-
психологиялық мазмұнын теориялық тұрғыда анықтау
- Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің ерекшеліктерін қарастыру
- Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері
мен құрылымының мүмкіндіктерін қарастыру
- Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің әдіс -тәсілдерін
пайдалану
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие үдерісі;
Зерттеу әдістері: философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық
және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау,
қорыту, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдарын талдау және жүйелеу;
білім беруді ақпараттандыруға байланысты құжаттармен танысу.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы,
Н.Ә.Назарбаев., Әлеуметтік-экономкалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты
бағыты 2012, 27 қаңтар, , Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, озат мұғалімдердің,
тәрбиешілердің тәжірибелері.
Диплом жұмысы: кіріспеден; екі тараудан; қорытындыдан; пайдаланған
әдебиеттерден тұрады.

1. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері
мен құрылымының теориялық негіздері.

1.1. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің педагогикалық-
психологиялық мазмұны

Бүгінгі Жолдауда да білімді дамытуды халықаралық деңгейге көтеру,
бәсекелестікке даярлау, Отансүйгіштікке, төзімділікке, маман ғана емес,
адам тәрбиелеуіміз керектігін баса көрсетті. ...Адамның өмір бойы білім
алуы үшін жағдай туғызуымыз керек. Білім беру реформасы – Қазақстанның
бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса
маңызды құралдардың бірі деген еді Елбасы. Елдігімізді алып, еңсемізді
тіктеп, тәуелсіздігімізді баянды етіп келе жатқан жылдар ішінде Президент
білім мен ғылым саласына қажеттің барлығын мүмкіндігіне қарай жасап келеді.
Н.Назарбаев Білім туралы Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Өткен жылы Білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, биылғы
жылдың басында Ғылым туралы жаңа заң, таяуда Білім туралы заңның жаңа
редакциясы қабылданды. Мемлекет басшысы тәуелсіздігіміздің алғашқы
күндерінен бастап жаңа Қазақстанды құрудың басты стратегиялық
жетістіктерінің бірі ретінде адами капиталды дамытуды белгіледі. Елбасының
білім саласына қарқынды түрде жаңаруда деп жоғары баға бергендігі айтыла
отырып, Елбасының Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында білім
саласына зор міндеттер жүктеп отырғандығы айтылған болатын.[1]
Қысқаша мемлекеттік білім беру бағдарламасын іске асыруда ең
маңызды сұрақтарға тоқталсам, 2015 жылға біз 12 жылдық білім беруге көшуге
жағдай туғызуымыз қажет. Яғни оқу үрдісіне жаңа технологиялар мен
әдістерді,  әлемдік білім стандартын енгізу және педагог шеберлігінің озық
тәжірибелерін интеграциялау арқылы білім жүйесін модернизациялауды жүзеге
асыруға міндеттіміз. Осы міндеттерді іске асыру үшін төмендегі
проблемаларды шешуіміз қажет : Біріншіден, педагогтар құрамының кәсіби
құзіреттілік деңгейін көтеру, бағдарлама белгілеген мақсатты индикаторларды
қабылдауға және жүзеге асыру қабілетін жетілдіру. Мемлекетіміз экономиканы
индустриалды-инновациялық дамыту бағытын алды және пәндерді сапалы оқыту
міндеті тұр.  Осыған байланысты, бірінші кезекте әр мектепте пәннің берілу
жағдайына терең сараптама жасап, ұстаздар потенциалын, жұмыс жасап отырған
педагогтардың деңгейін анықтау қажет. Екіншіден, әдістемелік кабинеттер
жұмысының заман талабына сәйкестігін   анықтау. Біз, бүгін қанша педагог
оқытудың жаңа технологияларын қабылдай және меңгере алатынына көз жеткізіп,
нақты білуіміз керек. [2]

Әл-Фараби оқыту дегеніміз – үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді.
Оқыту – мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған,
реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы
ұйымдастыру. Көбіне оқыту деп мұғаліммен оқушының бірлескен, мақсатқа
жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып,
білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту
және білім алу. Оқыту – оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім
алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар
аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.
Оқыту – үйрету және білім алу деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол
әлі сақталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі
тұлға болып келеді. Осы кезге дейін бңлңм беру, оқыту терминдері жиі
қолданылады. [3]
Тәрбиеші мен бала оқыту үдерісінде өзара әрекет жасайды, оның
негізі, оқыту мәні – тәрбиеші ұйымдастырған таным іс-әрекетін балалардың
атқаруы нәтижесінде мәліметтерді менгеруі, дамуы, тәрбиеленуі.
Демек, оқыту дегеніміз – ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды менгеруі,
шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетанымын, адамгершілік, эстетикалық
көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-
танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті. Оқыту
процесі – екі жақты процесс болғандықтан, тәрбиеші мен балалардың бірлескен
іс-әрекетін, тәрбиеші тарапынан баланың іс-әрекетіне басшылық етуді,
жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Оқытудың маңызды міндеттері:
- танымдық белсенділігін ынталандыру.
- ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-
әрекетті ұйымдастыру.
- Ақыл-ойды, ұғымталдылықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Осы процесте ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен
жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол
мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны
бағалау.
Білім беру деп – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім
жүйесін жеке адамның менгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін
айтады. Дидактиканың міндеті – білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды
ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? деген екі үлкен
сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар да туындайды: Оқыту
қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?, Кімдерді оқыту керек?, Не
үшін оқыту керек?, Қайда оқыту керек?. Осы сұрақтарға жауап беру үшін
дидактика үздік педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің
тәжірибесіне енгізумен айналысады.
Білім – адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен
құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке
адамның игілігіне айналдыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу,
салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау
операциясына сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың
негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз
бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Мектепке мекемелерде берілетін білім – оқыту процесін, ең бірінші
кезекте оқу материалдарын меңгерудің нәтижесі. Сондықтан баланың білімді
меңгерген, меңгермегенін оқыту жобаларымен – бағдарлама, оқулықтарымен
салыстырып анықтайды.
Білім – қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс-әрекет жеке
тұлғаны қалыптастырады.
Білім – қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, менгерілген
білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады,
қоғамдық-материалдық байланыстың артуына, рухани мәдениетінің дамуына өз
үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім керектігін, оның пайдасын
көреді. Білім жеке тұлғалық бөлікке енеді. Бұл жағдайда оқыту балаға тек
білім беретін процесс емес, ол баланың жеке тұлғалық бағыттарын, жақсы мен
жаманға көзқарастарын қалыптастырады.
Әл Фараби Бақытты болу, кәмілетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту
– барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді менгермегеннен кейін
адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда
болады - деген.
Білім толық, жинаққы, жүйелі, берік, пәрменді болу керек. Аталған
белгілер ақыл-ой сапаларын қалыптастырады. Олар: белсенділік, өздік,
өнімділік, сыншылдық, ұғымталдық, тұрақтылық, тереңдік.
Білім өздік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық іс-әрекетте
қолданылады, сөйтіп, ой жұмысы тұрақты, терең жүреді.
Ой тұрақтылығы дегеніміз – ойдың маңызды, оқу материалдарына
тоқталуы, оларды ойда сақтау, керек жерде қолдана білу. Ойдың тұрақтылығы
ақыл-ой жұмысының жоғары деңгейіне, ұзақ уақыт ақыл-ой жұмысымен айналысуға
байланысты.
Ойдың тереңдігі оқылған объектіні терең, оны өз бетімен зерттеп, ішкі
байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден көрәнеді.
Материалға шығармашылық тұрғыдан қарау, ашылған білімдерді теориялық және
тәжірибелік жұмыста қолдану, білімнің ішкі мотивтерге және сенімге айналуы
ойдың тереңдігін көрсетеді.
Меңгеру – ақиқатты білу арқылы болмысты тану процесі. Меңгеру
нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы
анықталады. Білім сапасы – білімді меңгеру нәтижесі.
Іскерлік – бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді
орындалатын іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз – іс әрекетті жақсы істеуге
керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау жіне
қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу
қабілеті.
Іс-әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар жасалады.
Іскерліктің құрылымы күрделі. Оған елес, ұғым, білім, дағды, зейінді
шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдау, ойлау, іс-әрекет процесін реттеу
және өзін-өзі бақылау дағдылары енеді. Осы бөліктердің бірлігі арқылы
оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс-әрекеттің тиімді
тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады.
Оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім
беру, оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту қызметтері.
Оқытудың білім беру қызметі – бұл адам баласының білім байлығымен
қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге
даярлау. Білімді игеру үшін қойылатын талаптар, бұл:
1. білімнің толықтығы – оқу материалдарын түсіру үшін танымдық іс-
әрекетті іске асыру;
2. білімнің түсініктілігі – оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл ойын
дамытуы;
3. білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімнің
шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Оқытудың дамыту қызметі. Оқыту процесі, білімді меңгеру оқушыны
дамытады. Баланың тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы, сезімі,
ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту – жеке тұлғаны дамыту
құралы. Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей, оқушыны әр жақты
дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған.
Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері. Дидактика тарихында
оқыту мақсаты туралы екі көзқарас болды. Біріншісі: мақсат – жеке тұлғаның
ақыл-ойын, есін және басқа қабілеттерін дамыту деген тұжырым. Екіншісі:
мақсат – ғылым негіздерін менгеру, өмірге қажет нақты білімдер беру.
Қазіргі оқыту мақсаты білім туралы мемлекеттік құжаттарда
белгіленген. Ол мүғалімнің сабақ жоспарларында нақтыланады. Оқу материалын
меңгерудің әрбір кезеңінде тәрбиеші өзінің алдына 4 түрлі дидактикалық
мақсат қояды. Олар:
- оқу материалымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту;
- оқығанды еске түсіру, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік
деңгейде қолдану;
- білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;
- білім, іскерлікті бақылау және есепке алу.
Оқыту мазмұны – оқыту процесінде бала меңгеретін ғылыми білімдер,
тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны
пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу
бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған.
Оқыту процесінің бастапқы кезінде тәрбиеші баланы оқу
материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырады. Оқу материалының
жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты – оқу
материалының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын балаға меңгеру.
Екінші кезеңде оқу материалы қайталанады және балалар алған білімдерін
қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – алған білімді нақтылау, кеңейту,
кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану.
Үшінші кезенінде тәрбиеші балалардың тәжірибелік жұмыстарын
ұйымдастырады, сол арқылы ұғымдарын жүйеге келтіреді. Бала алған білімін
тәрбиешінің көмегімен де және өзбетімен де қолданады, меңгерген білімдерін
бір-бірімен салыстырады.
Оқыту – оқыту процесінің негізгі бөліктерінің бірі. Баланың
іс-әрекеті баламен тікелей де, жанама да байланысты жүзеге асырылыды. Оқыту
үдерісі оқу үдерісінің белсенділігін талап етеді. Бұл талапты орндау
балалардың іс-әрекетін тәрбиешінің ұйымдастыруына, бақылауына, өздігінен
білім алуды жолға қоюына, өз мақсаты мен бала мақсатын сәйкестендіруіне
байланысты. Тәрбиеші:
- оқу ақпараттарын іріктейді, жүйелейді, бөліктерге бөледі және
балаларға ұсынады.
- Осы ақпараттарды үйретеді, меңгертеді, олармен істелетін жұмыс
әдістерін белгілейді.
- Әр баланың білімдер жүйесін меңгеруін және оларды оқу-өндірістік
жұмыстарда қолдануын ұйымдастырады.
- оқу-танымдық іс-әрекетіне басшылық етеді.
- белсенділігін және саналылығын ынталандырады, білімнің және оқу іс-
әрекетінің сапасын бақылайды, оқыту нәтижелерін талдайды, оқушының
жеке тұлғасын одан әрі дамытуды жоспарлайды.
Оқу – балалардың танымдық іс-әрекеті. Баланың оқыту үдерісіндегі
іс-әрекеті бір нәтижеге жетуге бағытталған.
Осы іс-әрекеттің маңызды белгілері: өзін-өзі сынау және өз
бетімен жқмыс істей білу, қызығушылық, қажеттілік, танымдық белсенділік,
табындылық, жігерлілік, өзінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсіну,
керекті іс-қимылдарды таңдау.
Оқу іс-әрекетінің өнімдері – білімдерде, іс-әрекетте, рухани
өмірде, қоғамдық қатынастарда, бағаларда бейнеленген. Оқу іс-әрекетінде
тұлғаның барлық сапалары көрінеді және қалыптасады.
Оқу іс-әрекеті мазмұны, жеке іс-қимылдар, мотивтер сияқты
бөліктерден тұрады. Оқу іс-әрекеті арқылы оқу міндеттері шешілсе, оның
құрамында мынадай бөліктер болады: міндеттерді талдау; міндеттерді орындау
туралы шешімге келу; оларды шешуге керекті білімдерді еске түсіру;
міндеттерді шешу жоспарын жасау; жүзеге асыру, шешілетін міндетті бақылау
және бағалау; оқу міндеттерін шешу процесіндегі іс-әрекет тәсілдерін
түсіну.
Оқыту нәтижелері, оны бағалау. Оқыту қол жеткен нәтижелерді талдаумен
аяқталады. Бірінші сабақтағы ең басты назар балаға жаңа білім,
іскерліктерді меңгеруге көмектесуге аударылып, келесі сабақтарда бақылау
және талдау күшейтіледі.
Оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселелерімен педагогиканың дидактика
деп аталатын арнаулы саласы шұғылданады. Дидактика бұл - білім мен
оқытудың теориясын жасап шығаратын, педагогика саласы. Дидактиканың
негізгі проблемалары оқыту процесінің заңдылығын ашу, білімнің
мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістері мен ұйымдастыру
формаларын жасап шығару болып табылады.
Оқытуды ұйымдастыру формасы ұғымының мәнін ашу үшін оқыту ұғымының
педагогикалық анықтамасына тоқтала кетейік:
Оқыту- жеке адамның қалыптасуының және бірінші кезекте, ақыл -ойы мен
жалпы білімін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың білім алудың қалған
барлық басқа түрлерінен және өздігінше білім алудан мынадай айырмашылығы
бар. Ол белгілі бір жүйеде және жоспар бойынша, тәрбиешінің басшылығымен
өтіп жатқан бағдарлы мақсатқа бағытталған процесс болып табылады. Әрбір
пәнді оқыған кезде балалар білімнің кейбір жиынтығын меңгереді және сол
саламен байланысты белгілі іскерлік пен дағдыға ие болды. Іскерлік – деп
іс жүзіндегі қимыл шәкірт алған білімнің негізінде жүзеге асырылатын
және жаңа білім алуға алдағы уақытта ықпал жасай алатын әрекет деп
айтуға болады.
Сонымен оқытуды ұйымдастырудың формасы ұғымының мәні Оқыту және
Ұйымдастыру формалары деген категориялардың жиынтығы ғана емес, олардың
синтезі болып табылады.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқытуды
ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның
қажеттілігімен сұраныстың талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды
ұйымдастырудың формалары бойынша жәктеледі:
– баланың саны мен құрамы
– жұмыс орны
– оқу жұмысының ұзақтығы
Балалар санына байланысты оқытуды ұйымдастырудың формасының жіктелуі
мынадай:

Оқытуды ұйымдастыру формасы

Көпшілік Топтық
Жеке -дара

1. Үйірме жұмыстары
2. Топ сағаттары 1. Cаяхат
1. Қосымша жұмыс
2. Қосымша сабақ
2. Сұхбаттасу

Оқыту үдерісі әрқашанда тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Сын көзімен
қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әртүрлі формалары шетел
педагогикасынан ауысып, мектепке дейінгі мекемелерде қолданылады.
Біріншіден, тәрбиешінің ролінің төмендеуі; екіншіден балалардың ғылым
негіздерінен терең білім алуына зиянды әсер етті.
Шетел мектепке дейінгі мекемелерінен ауысып келген оқытуды
ұйымдастырудың көптеген формаларын қатты сынға алынды.
Я.А. Коменский Ұлы дидактика (1632) атты әйгілі еңбегінде сабақтың
бір мезгілде басталуы; сабақтың белгілі бір уақыттағы; сабақ арасындағы
үзіліс; топтағы балалардың саны мен жас шамасының біркелкілігі;
материалды оқыту қарқынының бірдейлігі; сабақты белгілі бір
ұйымдастырылған түрде өткізу тәрбиешінің түсіндіруіне балалардың
назарын аудару; балаларға сұрақтар қою, тақырыпты игеруін бақылау сияқты
талаптарды қанағаттандыратын оқу сабақтарын өткізетін топтың түрінің
тиімділігін және қажетті теория жүзінде негіздеді. Сыныптық оқу аталған
топтық оқытудың осындай түрі кеңіннен таралып, нығая бастады және
қазірдің өзінде жетілдіру үстінде. [4]
А.Әбілқасымованың Қазіргі заманғы сабақ атты еңбегінде Оқыту
үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық – сабақтық жүйесінің
өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді:
– жастары және дайындық деңгейлері біркелкі балалар бір сыныпты құрайды
және мектептегі оқыту кезеңінде негізінен тұрақты құрамын сақтап
қалады.
– Сынып тұрақты кестеге сәйкес, бірыңғай жылдық жоспармен және
бағдарламамен жұмыс істейді.
– Сабақ оқудың негізгі бірлігі болып саналады.
– Сабақ оқу пәніне, тақырыпқа арналады, Сондықтан сынып балалары сол
материалмен жұмыс істейді.
– Сабақта балалардың жұмысына мұғалім басшылық жасайды, ол аз пән бойынша
оқу нәтижесін, әрбір баланың мегеру деңгейін жекеше бағалайды және
оқу жылының соңында баланы келесі сыныпқа көшіру туралы шешім
қабылданды. [5]
Оқудың сыныптық – сабақтық жүйесі осы кезге дейін әлем педагогтарын
ойландырып келеді. Оның жетістіктері мен кемшіліктері дидактика
жөніндегі көптеген оқу пәндерін оқыту әдістері жөніндегі көптеген іргелі
еңбектерде сондай -ақ педагогикалық психологиялық өнімдегі еңбектерде жан
-жақты талданған және сипатталған. Бұл еңбектердің авторлары оқытудың
сыныптық сабақтық жүйесінің даралап оқытумен салыстырғанда бірқатар
артықшылықтарын және кемшіліктерін атап көрсетеді.
Сыныптық сабақтық жүйесінің артықшылықтары:
– оқу- тәрбие үдерісін түгелдей тәртіпке келтіруді қамтамасыз ететін
ұйымдастыру құрылымының айқындығы;
– Басқарудың қарапайымдылығы;
– Балалардың проблемаларды ұжымдық талқылауда міндеттерге ұжымдық
шешіміздестіруде бір біріне өзара әсер ету мүмкіндігі;
– Оқыту үдерісінің процесіндегі балаларды тәрбиелеу ісінде тәрбиешінің
оларға ұдайы эмиционалдық әсерінің болуы;
– Оқыту үдерісінің үнемділігі және балалардың жеткілікті дәрежедегі
үлкен тобымен жұмыс істеуі
Сыныптық - сабақтық жүйенің кейбір кемшіліктері:
– Қабілеті орташа балаға бейімділік, және нашар балаға қиындықтар
туғызса, жақсы баланың қабілетінің дамуын тежейді.
– Тәрбиеші оқыту үдерісінің мазмұны, жылдамдығы, және әдістері бойынша
жеке ұйымдастыру жұмыстарында балалардың даралық ерекшеліктерін ескеруге
қиындық туғызуы;
– Ересек балалар мен жасы кіші балалардың ұйымдасқан түрде араласуын
қамтамасыз етпеуі және т.б;
Оқыту теориясын дамытуда К.Д. Ушинскийдің ролі ерекше. Ол сабақта
барлық негізгі жақтарын, сабақтың әрір құрамдас мағынаға толы қызметке
сай болуын, өйткені онсыз баланың көптеген жақсы қасиеттерін дамыту
мүмкін еместігін талап ете отырып, талдау жасады және шығармашылықпен
жұмыс істеді.
Сабақта және оны жетілдіруге қатысты проблемаларды Ушинскиймен қатар
және одан кейін де белгілі орыс педагогтары Д.А. Семенов, Н.А. Корор,
М.И. Демков, Н.Ф. Каптерев және т.б. зерттеді. [6]
1960 жылдары дидакттар және әдіскерлер сабақты ұйымдастыруды
жетілдіре отырып, топтарын үлгіден бірте – бірте бас тарта бастады. Олар
тақырыбы, бағдарламалардың бөлімдері бойынша өзара байланысты сабақтар
жүйесін дайындауды қолға алды. Эксперименттер мен оқытудың жалпылама
тәжірибесі сабақтың бұрыннан қалыптасқан теориясы мен практикасының жаңа
міндеттерге сай еместігін көрсетті. Психологтар В.В. Давыдов, Л.В.
Заньков., Н.А. Менчинская., Д.Б. Элкониннің зерттеулерінің арқасында
балалардың психологиялық ерекшеліктері мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың топсаяхат кезіндегі еңбегін ұйымдастыру формасы
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері мен құрылымының әдістемесі
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері мен құрылымының теориялық негіздері
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Ағылшын тілі әдістемесі
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдалану
Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Пәндер