Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні. Лекция сабақтары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 137 бет
Таңдаулыға:   
  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
  1. лекция. Таќырыбы:

Кіріспе

Жоспары:

  1. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні.
  2. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі факторлары.
  3. Мектепте тарихты оқытудағы әдістеменің орны мен рөлі.

Лекция маќсаты: Пәннің мақсаты, міндеттері оқу процесіндегі ролі мен таныстыру

Лекция мєтіні Әдістеме дегеніміз - методика. "Методика'' сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда - "таным тәсілі", "зерттеу жолы" деген ұғымдарды береді. Әдіс дегеніміз - нақты міндетті шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда, әдістеме бұл әдістер жиынтығы, кешені. Тарих оқыту әдістемесі тарихы оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Сонымен әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады. XX ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К. А. Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқыңдау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зерттейді. Осылайша әдістеме пәні - педагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің нысаны - оқытудың әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері. Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты оның мазмұны білім беру және оны игеруге басшылық жасау оқушылардың оқу әрекеті оқыту нәтижесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар оқыту мақсаты мен қол жеткен нәтиже арасында, қолданылуы жоспарластырылған және нақты қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады. Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып-үйрену де үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды. Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен де тығыз байланысты дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңғыртып пайдаланады. Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалім өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды. Өмірде нашар мұғалімдерді көп кездестіреміз, олардың пайда болуы өз пәнін жетік білмеуіне байланысты емес, ең бастысы олар өз білімдерін өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені, олар оқушыларға тарихи материалды баяндаудың әдістемелік негіздерімен таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы тиіс.

Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі факторлары

Тарихты оқытудың негізгі факторлары мына сұрақтардың жауаптарына байланысты:

- мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттар;

- стандарт пен бағдарламаларда бекітіліп, солардың негізінде оқулықтарда баяндалған тарихи білімнің мазмұны мен құрылымы;

- оқыту процесінің ғылыми-әдістемелік ұйымдастырылуы (оқыту мен оқудың түрлері, әдістері мен әдістемелік тәсілдері, құралдары) ;

- оқушылардың танымдық мүмкіндіктері;

- оқыту нәтижелерімен айқындалады.

1. Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отырды. Кеңестік кезеңге дейінгі мектептерде тарихты оқытуда көптеген объективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында ұлы орыстың шовинизм, ұлы державалық астамшылық басым болды. Қазақстандағы мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер оқытылмады. Кеңестік кезеңде тарих пәнінің мазмұнында жоғарыда аталған саяси белгілер коммунистік, таптық сипат алды. Дегенмен Қазақстан тарихы жеке пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Ол кезеңдегі тарих пәнінің мақсаты маркстік-лениндік дүниетанымға негізделіп, коммунистік идеяларға бағытталды. Қазіргі кезенде тарихи білім берудің мақсаттары былай айқыңдалған:

  • оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі; тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізе алу қабілетін дамыту; отансүйгіштік, тарихи тәжірибе, гуманизм идеялары негізінде оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;

-халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен
құрметін дамыту. Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады.

  • Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың, мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу; оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға бейімдеу; қазіргі қоғамға кіріккен және оны жетілдіруге ұмтылатын тұлға қалыптастыру; тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу; әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау;

- тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру. Тарихты оқытудың негізгі факторлары оқу процесінде кешенді түрде жүйемен іске асады. Жүйе дегеніміз - өзара әрекеттесіп, тығыз байланыста болып, белгілі біртұтастық, бірлік құрайтын бөліктердің жиынтығы. Оқу факторларының ішкі тұтастық қасиеті оқыту процесіне дұрыс ықпал жасап, оның сапасының жақсаруына жол ашады.

  1. Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. Әдістеме отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға; теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі. Мектепте оқыту үшін таңдап алынған тарихтың мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық түрінде көрініс табады. Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс және мектептен тыс оқу түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілі бір әдістемесі арқылы меңгереді.
  2. Әдістер(әрекет тәсілдері) әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, сөздік, баспа-қолжазбалық (мәтінмен жұмыс) . Көрнекі, практикалық деген сияқты. Олардың мәні қалай оқыту керек деген сұраққа жауап беріп, мұғалім мен оқушының екі жақты әрекетін айқындайды. Жақсы жолға қойылған оқытудың әдістемесі оқушылардың бойында тарихи білім мен танымдық дағдыларды, ғылыми көзқарас пен сенімді қалыптастырып, дамытуда тиімді нәтиже береді. Әдіс, тәсілдер мен оқытудың түрлері (жалпы сыныптық, топтық, дербес), сабақ типтері (қайталау-жинақтау, семинар, зертханалық, саяхат-сабақ), сабақ үстіндегі мұғалім әрекеті мен оқушының оқу құралдары тығыз байланысты. Оқу жұмысының құралдарынаоқу процесін қамтамасыз етуге керекті оқулық, жұмыс дәптері, тарихи карта, оқу картиналары, диафильм т. б. сияқты заттарды жатқызамыз. Оқу материалы мазмұнының, тиісті оқыту әдістемесінің ұйымдастырылуы және оқушылардың танымдық қызметі формаларының біртұтастығы негізінде оқушылар оқыту мақсатына қол жеткізеді.

4. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері оқушының жасына және соған сәйкес тарихи білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланысты. Тарихи танымға ұмтылуға күш жұмсау тұлғаның ойлауын, қиялын, ерік-жігерін және сезімдік қасиеттерін дамытуға айтарлықтай ықпал жасайды. Оқу процесінде оқушылардың тарихи білімді меңгеру және қолдану қабілеті дамиды. Қабілеттілік дегеніміз не? Ол тарихты оқып-игеруде табысқа жетуге алғы шарт болатын тұлғаның дербес ерекшеліктері. Ол қабілеттілік әрекеттің әдістері мен тәсілдерін тез, терең және оңай меңгеруден байқалады.

5. Оқыту нәтижелері алға қойған мақсаттарды іске асырумен тікелей байланысты. Ол оқушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың интеллектуалдық, эмоциялық және ерік-жігерінің деңгейін танытады. Білімін дәлелдеу және негіздеу, ең бастыны бөліп алу, себеп-салдарлы байланыстарды анықтап, қалыптасқан мәселені шешуде қажетті білімді қолдана алудан көрінеді. Оқыту нәтижелері мына деңгеймен өлшенеді: 1) 5-11 сыныптардағы бір сабақта, бір тақырыптағы бірнеше сабақта немесе бөлімдегі, тараудағы, курстағы, бүкіл курстағы алған тарихи білім; 2) ғылыми көзқарастың қалыптасуы; 3) тарихты оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеу; 4) оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту. Осылайша оқыту нәтижелері алға қойған мақсаттың орындалғанын немесе тек сөз жүзінде қалғандығын танытады. Соңғы жылдары білім сапасы тест көмегімен бағалануда. Оның есесіне оқушылардың алған білімдерінің практикалық қызметте қолдану қабілетін бағалайтын тапсырмалар аз қолданылуда. Тарих сабақтарында мұндай тапсырмалар қарапайым дерек көздері және құжаттарды зерттейтін зертханалық сабақтар жүргізумен тікелей байланысты. Оқушылар сабақтан бос уақытында мұражай мен мұрағаттағы жұмыстары негізінде баяндама, реферат, ғылыми мақала дайындауы да тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс.

Мектепте тарихты оқытудағы әдістеменің орны мен ролі

Әдістеменің маңызы мектептегі тарих пәнінің мұғалімі, студент үшін

- белгілі бір жастағы оқушылардың тарих пәні бойынша білім мен дағды деңгейін анықтауға;

- сынып, курс, бөлім және тақырып бойынша оқытудың мақсатын нақшлауға;

- оқу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жұмыс тиімділігін анықтап, оқыту міндетін нақтылауға;

- оқыту мазмұнын қолданылатын әдістер және тәсілдермен ұштастыруға;

- тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолданып, конспект дайындауға;

- оқытудың барынша тиімді әдістері, түрлері мен құралдарын қолдануға;

- оқыту нәтижелерін алдын ала болжап, педагогикалық әрекетке түзету енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағаланады. Тарихты оқыту әдістемесі өзге ғылымдармен, әсіресе оқытудың мазмұнын талдап жасайтын базалық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеменің мақсаты - тарих ғылымының негізгі мәліметтерін таңдап алып, оны дидактикалық өндеуден өткізіп, бейімдеп, мектеп курсының мазмұнына енгізу. Таңдап алу оқушылардың танымдық мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Оларды анықтауда психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеміз. Бұл ғылым оқушылар танымы мен танымдық әрекетінің ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. Оның үстіне тарихты оқыту процесіне талдау жасағанда бірқатар психологиялық және педагогикалық зерттеу тәсілдері де қолданылады. Әдістеме пәні оқытудың бір саласы ретінде педагогикамен де тығыз байланысты. Педагогика - оқыту, ғылыми зерттеу әдістемесі мен тәрбие мақсатын айқындайды. Осы әдістер мен мақсаттарды негізге алып, әдістеме оқу процесіне де, ғылыми зерттеуге де нақты тарихи мазмұн береді.

Ғылыми-зерттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалық бақылауды және қалыптастырушы эксперименттің (экспериметтік сабақ) мақсаты, міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз. Латын тіліндегі "экспериментум" сөзі тәжірибе, сынақ дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибелер белгілі бір оқытудың факторы және жағдайының әрекеті нәтижесінде пайда болады. Педагогикалық бақылау - оқу процесіне ықпал жасамай, тарихты оқыту практикасын зерттеу дегенді білдіреді. Зерттеуші тарих сабақтарына қатысып, оны талдайды, оқушыларға сұрақ қою мен тесті өткізіп, мұғалімдердің ашық сабақтарының хабарламаларын тексеріп, пән бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдарымен танысады.

Қалыптастырушы эксперимент тәжірибе жасаушының оқу процесіне белсене араласуын қарастырады. Мұндай эксперименттің міндетті құрамы - дәлелге негізделген, бірақ міндетті түрде тексеруді қажет ететін болжанған нәтиже, болжал болмақ. Болжал мына сұлба бойынша қалыптасады: оң нәтижеге қол жеткізуге бола ма, егер: а) мазмұнды, материалды баяндаудың бірізділігін өзгертсе, ә) оқытудың жаңа құралдарын, материалды баяндаудың жаңа тәсілін қолданса, б) таным әрекетін басқаша ұйымдастырса. Болжам іс жүзінде тиісті жағдайлар мен әдістер арқылы тексеріледі. Эксперимент жасаушы ең алдымен зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай әдістемелік талдама жасайды, содан кейін оның тиімділігін оқыту барысында тексереді.

Баќылау с±раќтары:

1Тарихты оқытудың басты мақсаты мен міндеті.

2. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндігін игерудегі тікелей байланыс.

3. Қабілет дегенімізне?

4. Мектепте тарихты оқытуда қалыптастырушы эксперименттің ролі.

2-лекция. Тақырыбы: Тарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен бағдарламары.

Жоспары:

  1. Мемлекеттік стандарт.
  2. Бағдарлама жасаудың принципі.
  3. Хронологиялық шектерін анықтау.
  4. Тарих пәнінің бағдарламалары.

Лекция маќсаты: Тарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен бағдарламаларын үйрету.

Лекция мєтіні:

Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихы өзінше курс болып, бірақ КСРО тарихы құрамында оқытылғаннан (1958-1959 оқу жылынан) бастап, осы уақытқа (2000-2001 оқу жылына) дейін оның құрылымы үш рет үлкен өзгеріске ұшырады.

Оның алғашқы құрылымы 1958-59 оқу жылынан бастап 1990-жылдар аралығында пайдаланылды. Қазақстан тарихы бағдарламасы, оқулықтары бар мектептік курс деп аталғанмен, оның оқу материалы мектептің 4 (5), 7 (8) -10 (11) -сыныптарында оқытылды, бес сыныпта 50-60 сағаттай ғана уақыт бөлінді.

4 (5) -сыныптағы "КСРО тарихынан эпизодтық әңгімелер" курсы құрамыңца "Қазақ КСР тарихының эпизодтық әңгімелері" 8-10 сағат көлемінде оқытылды.

Ал 7 (8) -10 (11), яғни төрт сыныпта КСРО тарихының жүйелі курсы құрамында Қазақ КСР тарихы 47-48 сағат, (7-сыныпта -12, 8-сыныпта 9-сағат, 9-сыныпта - 14-сағат, 10-сыныпта - 12 сағат) көлемінде оқытылады. 4 (5) - сыныпта да, 7-10-сыныптарда да Қазақ КСР тарихының мазмұны алғашқы қауымдық құрылыстан осы уақытқа дейінгі аралықтағы тарихты қамтыды. Бұл курстардың мазмұнының өте қысқа болғаны, КСРО мектептерінде одақтас республикаларға аты берілген ұлттың тарихын оқытуда орын алған кемшіліктер мен келеңсіз тенденциялар туралы басқа тарауларда айтылатындықтан бұл жерде қайталаудың қажеті жоқ.

Қазақстан тарихы құрылымының екінші үлкен өзгерісі 1991-1992 оқу жылында жасалды. Бұл өзгеріс өте қысқа уақытқа 10 жылға ғана созылғанмен дербес оқу пәні деп оқу жоспарына енген Қазақстан тарихының келешегі үшін үлкен маңызы болды. Өтпелі кезең деп аталатын азғана жылдарда тұңғыш рет "Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту тұжырымдамасы" жасалып, баспасоз бетінде жарық көрді (60), оның оқулықтарына бәйге жарияланып (55), қорытындысы шығарылды. Пәннің құрылымы мен мазмұнының қалыптасуына аса қажет: Мемлекеттік білім стандарты, оқу бағдарламалары, жаңа оқулықтар мен бірқатар шағын әдістемелік құралдар жарыққа шықты. 1990-1999 жылдар аралығында Қазақстан тарихынан жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сыныптарына арналған тек қазақ тілінде ғана 9 оқулықтың шыққанын және де олардың әрқайсысының 3-5 реттен басылғанын айтсақ та жеткілікті.

Аталған құжаттардың, бағдарламалардың, оқулықтардың, әдістемелік құралдардың енді ғана дербес, жеке пәнге айналған Қазақстан тарихын оқытуды жақсарта түсуге кеп пайдасы тиді, әсіресе тарихшы мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік басшылық, әрі нақты көмек болды. Екінші жағынан, осы жылдары жарық көрген тұжырымдамалар, бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар мен нұсқаулар, ұсыныстар жасау тәжірибесі келешекте Қазақстан тарихының жаңа бағдарламаларын, жаңа буын оқулықтарын, оқу-әдістемелік кешенін (ОӘК) жасауға көмек болды. Осының бәрі келіп "Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесінің" одан әрі қалыптаса түсуіне, дамуына пайдалы әсер етті.

Осы жағдайларға байланысты тараудың келесі параграфтарында 1990-1999 жылдары республика баспасынан шыққан мектептерде пайдаланған Қазақстан тарихының бағдарламалары, оқулықтары, хрестоматиялары, кейбір әдістемелік құралдары қысқаша талданады. Өйткені олардың бәрі осы курстың теориясы мен әдістемесінің және оның әдістемелік жүйесінің құрамына енеді.

Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері. Жұмыстың бұл түріне де тарих сабақтарының белгілі үш міндетін орындауға үлес қосу жүктеледі. Айырмашылығы ол міндеттер сыныптан тыс жұмыстарда басқа материалдар мен құралдардың көмегі арқылы орындалады.

Сыныптан тыс жұмыстардың басты міндеттерінің бірі - оқушылардың білімін қоғам тарихының түрлі салаларынан хабар беретін жаңа фактілермен, ұғымдармен толықтыру. Өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқушыларды тарихи білімнің археология, нумизматика, геральдика сияқты қосымша салаларымен таныстырады.

Бұл жұмыстың тағы бір маңызды міндеті оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру. Сыныптан тыс жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, тарих пәніне деген оқушылардың көзқарасы мүдде өзгереді, олар тарихтың қоғамдағы маңызды ғылымдардың бірі ғана емес, сонымен қатар оның әрбір адамға күңделікті өмірде аса қажет білім саласы екенін саналылықпен ұғады. Осы тұрғыдан келгенде тарихтың сыныптан тыс жұмыстарының тәрбиелеушілік мүмкіндіктері айқын байқалады. Оқушылар сыныптан тыс жұмыстардың түрлі формаларына қатыса жүріп қазіргі кезең тарихындағы өзін толғандырған мәселелерге ерекше назар аударатын болады, оларға жауап табуға тырысады.

Сыныптан тыс жұмыстардың тағы бір артықшылығы оның дерек көздерінің алуан түрлілігі. Олар: мемлекет атынан қабылданып жататын түрлі қаулы-қарарлар, маңызды тарихи құжаттар, қоршаған ортада болып жататын жаңалықтар мен өзгерістер, материалдық мәдениеттің құнды ескерткіштері мен қазір жасалып жатқан тамаша ғимараттары, түрлі көркем бұйымдар, мерзімді баспасөз, көркем әдебиет пен өнер туындылары, театрлар мен кино залдарында күнделікті қойылатын шығармалар мен фильмдер, архив, мұражайлардағы құжаттар мен экспонаттар т. б. Осы аталған және басқа да деректер оқушылардың білімін, ақыл ойын дамытуға, оларда күнделікті өмірге қажетті біліктерді қалыптастыруға үлес қосады. Бұлар әсіресе көрсеткіш және энциклопедиялық басылымдармен жұмыс жасап, бибиографиялық тізім құрастырғанда, архив құжаттары мен басқа да деректермен жұмыс істегенде, оқушылар мен үлкендер арасында хабар, баяндамалар жазғанда, тарихи фильмдер, көркем әдебиеттер туралы пікір жазғанда, тарихи оқиғалардың куәгерлерімен кездесіп, олармен әңгімелескенде, оны қағаз бетіне түсіргенде, туған өлкесінің өткен тарихы және қазіргі жағдайы туралы материал жинағанда, тарихи орындарға, мұражайларға экскурсия жасағанда, түрлі тақырыптарда көрмелер ұйымдастырғанда, түрлі кестелер, сызбалар, көрнекі құралдар, макеттер, модельдер жасағанда біртіндеп қалыптасып, одан әрі дамып, жетіле түседі. Осы жұмыстардың бәрі оқушыларға өткендегі және қазіргі тарихи құбылыстар мен оқиғаларға ғылыми тұрғыдан қарауды, қоғамның даму зандарын түсінуді, өзі меңгерген тарихи білімін өмірде қолдана алуды үйретеді.

Оқушы сыныптан тыс жұмыстардың өзі таңдаған формаларына қатыса отырып, белгілі бір ұжым мүшелерімен жұмыс істейді: қиындықты да, жұмыстың нәтижесін де бірлесіп көреді, бұл оларды ұйымшылдыққа, бірлесіп шығармашылық жұмысты істеуге тәрбиелейді т. б.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі ерекшеліктері:

Жұмыстың бұл түрінің тарихи білімді күнделікті оқытуды ұйымдастыру формалары арқылы үйретуден бірқатар өзгешеліктері бар. Оларды жеке-жеке атап өтейік.

Алдымен назар аударатын ерекшелік бұл жұмыстың еріктілік сипаты. Тарихшы мұғалімдер оқу жылы басында өз шәкірттерін мектепте ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыспен, оның формаларымен таныстырғаннан кейін, оқушылар жұмыстың қандай түріне қатысатынын өздері таңдайды. Мұғалім тек білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жағынан тиімдірек түрлерін басымырақ ұсынады. Ал оқушыларды сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне бөлгенде олардың ынтасын, бейімділігін ескеру керек.

Сыныптан тыс жұмыс қазіргі кезеңмен тығыз байланысты жүргізіледі. Мұның өзі бұрын болып өткен оқиғаларды қазіргі жағдайлармен салыстыру, өткендегінің қазіргімен байланысты тұстарын ашып көрсету, қазіргі қоғамдық-саяси, әлеуметгік-экономикалық, мәдени жағдайларды жақсы білу, түсіну үшін тарих пәнінің өмірлік маңызы зор екенін және де Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы қол жеткен табыстарын айқын сезіну үшін қажет. Өткенді қазіргімен байланыстырудың басқа да жолдары бар, бірақ қандай тәсілді қолдансақ та, ол оқушылардың ойлау қызметінің одан әрі дамуына, тәрбиелілігінің жақсара түсуіне әсер етуі, демек әдістемелік жағынан тиімді болуы тиіс.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың зерттеу әдісімен танысуына, оны іс жүзінде байқап көруіне мүмкіндік береді. Бұл жұмыс алдымен оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінше атқаратын жұмысында басталады. Бірақ та сабақ үстінде зерттеу жұмысын жүргізу шектеулі. Ал сабақтан тыс уақытта бұған мүмкіндік мол. Мұнда оқушыларға күрделірек, көлемді тапсырмалар беріледі, ал тапсырмалар көбіне жалпы беріледі, оларды шешудің нақты жолдарын оқушылар өздері іздеп табады. Мұны біз Алматы қаласындағы №12 мектептің жоғары сынып оқушыларымен өткен ғасырдың 80 жылдарының екінші жартысында Республикалық Мемлекеттік архивте, Республикалық Мемлекеттік өлкетану мұражайында жүргізген жұмыстарымыз кезінде байқадық. Мұндай жұмыстар Қазақстан тарихы бойынша қазір көптеген мектептерде жолға қойыла бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
«Дәстүрлі емес тарих сабақтары»
Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа формалары
Тарихты оқыту әдістемесі
Мектептегі семинар сабағының білім дағдысын қалыптастырудағы маңыздылығын көрсету
Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды тиімді пайдалану, білім беру жүйесінде шығармашылық пен ізденістерді іске асыру
Тарихты оқыту әдістемесі пәні, оның мақсаты мен міндеттері
Тарих пәнін мектептерде оқыту
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдерінің қолданылуы
Теориялық сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттыру формалары мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz