Мектептегі — педагогикалық технологияны оқытудың жаңа жүйелері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мектептегі — педагогикалық технологияны оқытудың жаңа жүйелері
Бүгінгі таңдағы өркениетті елу елдің қатарына қосылуды мұрат тұтқан
Тәуелсіз Қазақстанның қоғамы болашақ түлектерді, жедел өзгерісті дүниеде
өмір сүруге дайындау қажеттігінен оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі
талаптар қоюда.
Бастауыш мектеп педагогикасы – кіші оқу жасындағы балаларды тәрбелеу,
білімдендіру, оқыту заңдылықтарын зерттеумен айналысып, сол зандылықтарға
орай білімдерді тәжірибелік іс-қызметте тиімді пайдаланудың жолдары мен
әдістемелерін нақтылап ұсынушы ғылым. Бастауыш мектептің алдындағы шешімін
күтіп тұрған басты мәселелер, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу
әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру
болып отыр. Сонымен бірге жаңа педагогикалық технологияның қажеттігі
артуда.
Педагогикалық технология дегеніміз – В.П. Беспальконың анықтамасы бойынша,
– тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы,
педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды
бөлігі ғана. Педагогикалық жүйе ретінде ол оқушының жан-жақты қалыптасуына
ықпал ететіндей оқытудың әдіс, құрал, үрдістерінің мақсатты жиынтығын
қарастырады.
Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны форма, әдіс, амал, тәрбиелік
құралдардың (схема, сызба, диаграмма, карта) бірлігі негізінде іріктеліп
алынған психологиялық – педагогикалық қондырғының жиынтығы деп түсіндіреді.
Ал, технологиялық процесті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін
бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді.
В.Т.Лихачев педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық
құрылым емес, қайта бала мен мүғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-
қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді. Педагогикалық
технологияның мәні – шығармашылық қабілеттің дамуы үшін қажетті жағдай
туғызу.
В.В.Воронов педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен
айналысатын жаңа бағыт деп есептейді. Бұл оқыту технологиясының мынадай
арнаулы белгілері арқылы анықталады:диагностикалық тұрғыда қойылған оқыту
мақсатын анықтау; барлық оқу әрекетін оқу мақсаты белгілі бір нәтиже
беретіндей етіп бағдарлау; нәтиженің ағымдағы және қорытынды бағалары;
үйрету әрекетінің пайда болуы.
В.М.Шепель: Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік әдістердің
жиынтығы, жағдайдың өзгеруі, – десе, М.Чошанов: Технология – бұл
дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі, -деп анықтама береді.
Осылардың кейбіріне тоқталар болсақ, М.Н.Скаткин бастауыш сыныпта
оқушыларға өз беттерімен танымдық міндеттерді шештіруді, сабақ мазмұнында
берілетін материалдарды проблемалық мәселе ретінде ұсынуды құптайды.
Сабақта берілетін білім мазмұнын жан-жақты ашу үшін оқушыларға тек соңғы
нәтиже ғана айтылып қоймай, оның қалай жүзеге асатын жолдары түсіндірілуі
тиіс, – дейді.
Ғалым – дидактик В.В.Давыдов, М.Н.Скаткиннің бастауыш сыныпта жаңа
әдістердің енгізуін мақұлдап, оқушылардың теориялық түсініктерін
қалыптастыру мүмкіндігін , бала психикасын дамыта оқытудың тиімді шешімін
табуды алға қояды. Осы түжырымдарды мүғалімдердің озат тәжірибесімен
ұштастыра отырып, қазіргі бастауыш сыныптардың білім мазмұны мен әдістерін
жетілдіру мәселелері шешімін күтуде.
  В.В.Давыдовтың пікірі бойынша, төменгі сынып оқушыларына танымдық
міндеттерді шешудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені
меңгертуге болады. Соның нәтижесінде білім, білік және дүниеге көзқарас ,
қатынас қалыптасады. Осы жағдайда бастауыш сыныпта тәрбиелеу мен оқыту
баланың жеке бас қасиеттерін дамытады.
         В.В.Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қарастыруды
ұсынады. Оның құрылымы мынадай: оқу қызметі, оқу мақсаты мен міндеттерінен
, оқыту әдістерінен тұрады. Оқыту әрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды
түсіну), оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалды меңгеру дәрежесі, ал
қабылдау әрекетіне дағдылар мен біліктер жатады. 
Кесте -1. Дамыта оқыту тәсілдері
Педагогикалық процестің Дәстүрлі иллюстрациялық Дамыта оқыту
компоненттері түсіндірме әдісі
Мақсат білік, дағды Оқушыларға білім, Байқампаздығын
қалыптастыру. ойлауын, практикалық
әрекетін дамыту
Бастапқы мазмұн Мысалдар, дәлелдер, Зандылықтарды,
ақиқат, мәтіндер. теорияларды, ережелерді,
ұғымдарды қорыту.
Оқыту формалары Жеке, топтық, Бірлескен оқу қызметі,
фроньталды. ұжымдық оқыту әдісі
Оқыту әдістері Ауызша түсіндіру, Проблемалық баяндау,
көрнекілік, практикалық.ішінара ізденушілік,
зерттеушілік.
Бақылау, бағалау Бақылау, оқыту нәтижесінӨзін-өзі бақылау,
мұғалімнің бағалауы. өзін-өзі бағалау.
Ойлау Әмпирикалық: индукция, Теориялық: дедукция,
салыстыру, жіктеу. талдау. Рефлекция,
модельдеу.

Қазіргі кезде білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын
(оқушылардың зерттеу-жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі, жеке
тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқыту) тәжірибеде қолдану 12 жылдық
оқытудың негізгі бағыты болып отыр.
Баланың айналаны өз бетімен танып-білуге ұмтылысы негізінде құрылған
оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге оқытудың
басты мақсаты – адамзат мәдениетінің кез-келген саласындағы іс-әркетінің
жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен меңгеру қабілеті мен
дайындығын қалыптастыру.
   Балаларды оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының
білмекке құмарлығымен, оның қоршаган дүниені зерделеуге деген
қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіңдік зерттеулері, олардың
жеке қажеттіліктерімен сүраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді.
Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық
қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді.
Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе, өздері
үшін жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады.
Оқытуды іске асыру тәсілдерінің бірі – жобалар әдісі, өзінің дидактикалық
негізі бойынша шынайы өмірде тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін
қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзыреттілік тәсілді
қолдайтын технология.
Оқушылардың жобалау іс-әрекеті субъективті жаңа өнімді алуды көздейді.
Мұндағы жобалау іс-әрекетінің алгоритмі оқушының іс-әрекетінде қағидалы
түрде сақталады. Оқушы межелеген мақсатынан бөлек білім нәтижелеріне
қатысты мүғалімнің дидактикалық мақсатының да маңызы зор. Дидактикалық
мақсаттарға жету алгоритмі оқушылардың жобалай іс-әрекетінің қамтамасыз
ететін және қолдайтын әдістер мен тәсілдер жиынтығынан көрініс табады. Жеке
тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту-проблемалы бағытқа және
шығармашылық сипатқа ие, оның басты бағдары-білім беру, жаңа дүниені ашу
мен іздеу арқылы практикада қолдану; баланың жалпы және арнайы қабілеттерін
дамыту, білім, біліктерді меңгеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану
тілектерін ескеру. Оқу процесінде ойын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Жекелеме пәндерді оқытудағы ақпараттық технологиялар
Әлемдік деңгейдегі мектептегі білім жүйесі
Алтынсариннің педагогикалық жаңашылдық технологиясы
Кіріспені оқыту әдістемесі
Ақпараттық (информациялық) қызмет көрсету жүйелері мен компьютерлік технологияны білім беруде қолдану мәселесі
Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру әдістемесі
Пән сабақтарында АКТ-ны қолдануды жетілдіру
Оқыту процесін компьютерлендіру проблемалары және перспективалары
Пәндер