Мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлері


Мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлері
Қазіргі кезеңде мектептің әдістемелік жұмыстарын сарапқа салып отырғанда оның шексіз де шетсіз бағыттарын, маңызды да ауқымды мазмұнын еске алып, мектептану ілімінің осы салада бағдар беретін дәрежедегі құқықтық ережелердің болуы керек екенін мойындаймыз.
Аталған ереже мектепте жүргізілетін сан түрлі жұмыста мектеп басшысының қателіктерге ұрынбауына, әдістемелік жұмыстың ішкі мазмұны мен құрылымын түсінуге көмектесер еді.
Қазіргі кезеңде мектептегі әдістемелік жұмысты тұтастай алып қарау керек, ғылым жетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибе өзара тығыз байланыстағы нәтиже, ал бұның өзі кәсіби білімі мен практикалық икем дағдысы жоғары мұғалімдер мен оқушылар ұйымының, мектеп әкімшілігінің бірлескен жұмысының көрсеткіші. Сондықтан тұтас түрдегі дамыған жүйе ретінде алынатын әдістемелік жұмыстың өзара байланысқан компоненттері бар. Бұған оның мақсаты, міндеті, мазмұны, әдістері, түрі, шарты, нәтижесі жатады. Бұл жүйеде маңызды роль атқаратын басшылар мен мұғалімдер, бұлар жоғарыдағы компоненттерді жүйелі бір мақсатта, бірлескен ынтымақтастықта іске қосса, мектептің әдістемелік жұмысының жоғары нәтижелігін жүзеге асырар еді.
Мектептегі әдістемелік жұмыстың өзіндік мазмұны бар.
Ол:
- мұғалімдердің кәсіби білімінің деңгейін көтереді;
- пәнді оқыту сапасын, оқушылар білімін, білік дағдыларының қалыптасуын, сапалы үлгерім нәтижесін беруін қамтамасыз етеді;
- педагогтық жұмыстың қиындығы кемшіліктерін анықтап, мұғалімнің іс- әрекеті мен жеке қасиетін зерттейді;
- озат тәжірибені тарату арқылы педұжымның белсенділігін арттырып, ерекше қолайлы жағдай туғызады;
- мектепішілік басқару жүйесінде адамдық факторды еске ала отырып, оқу-тәрбие жұмыстарының тиімді жүргізіліп, мектептің бүгінгі және перспективалық дамуын қамтамасыз етеді.
Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың
кафедралық жүйесінің ережесі.
Әдістемелік кафедра әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыратын, мазмұнын көтеретін, мектеп дамуының көкжиегін анықтайтын бір не бірнеше пән мұғалімдерінің бірлескен ұйымы. Кафедра бір пәннен сабақ беретін кемінде үш адамнан артық жағдайда ғана құрылады. Көп жағдайда тілшілер, политехникалық цикл және бастауыш сынып кафедрасы түрінде болады. Кафедраның іс әрекеті кәсіби ұйымдар сияқты оқу-тәрбие процесін бақылауда, педагогикалық анализ беруде, жоспарлауда, мектеп міндеті мен проблемасының әлеуметтік сұраныстың орындалуын ұйымдастыру мен реттеуде айқын көрінуі керек. Тексерудің бағытталуы мен реттелуі кафедраның маңызды міндеттерінің бірі.
Кафедралық жүйенің мақсаты:
Мұғалімнің іс-әрекетін ғылыми деңгейде жетілдіру, бағыттау, үйлестіру.
Міндеттері:
- Кафедра жұмысының ғылыми-зерттеушілік және эксперименттік функциясын қамтамасыз ету.
- Эксперименттік, авторлық және адаптациялық бағдарламаларды талқылау, енгізу және озат тәжірибені енгізу.
- Оқытудың жаңа технологиясын, диагностикасын жүзеге асыру.
- Оқушыларды оқытудың тиімді нәтижесін қамтамасыз ету.
Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың
тәсілдерін зерттеу мәселесі бойынша тізімдер
- Әдістемелік қызмет көрсетудің құрылымы
- Әдістемелік жұмыс жоспары. Тұжырымдама, мектеп дамуының жалпы білімдік бағдарламасы, жылдық жоспар.
- Даму бағдарламасындағы әдістемелік жұмыс мақсатының мектеп проблемасына сәйкестігі.
- Әдістемелік жұмыс мазмұнының қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкестігі.
- Мұғалімдер қызметінің кешенді диагностикасы.
- Мұғалімдердің кәсіби білімдері мен біліктерін жетілдірудің бағдарламалық - мақсаттық жоспарлануы.
- Сабақтарды ұйымдастырудың тәсілдері (проблемалық семинар, шығармашылық есеп, педоқулар, конференция) қаралған мәселелердің өзектілігі.
- Мектепішілік іс-әрекеттер аралығындағы байланыс (әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестік, ЖММ, ОТМ) жұмысының бірыңғай жүргізілуі.
- оқышылар білімінің сапасын көтерудегі және оқыту деңгейін арттырудағы әдістемелік жұмыстың тиімділігі (мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсуі және оқушылардың білім сапасының бірнеше жылғы өсу динамикасы) .
- Педкеңес жұмысы.
- Педкеңесте қаралған мәселелердің өзектілігі;
- Оқушылардың оқушылық және тәрбиелік деңгейіне талдау жасалуы;
- Әдістемелік кеңес жұмысы.
- Ұйымдастырушылық-педагогикалық;
( әдістемелік бәрлестік жұмысына басшылық жасау жоспары, МӘ жобасы, олардың бекітілуі) .
- Нұсқаушылық -әдістемелік;
(мұғалімдерге нормативтік құжаттардың орындалуы мен жаңа педагогикалық әдебиет туралы, озат тәжірибе жөнінде инструктаж беру)
- Ізденушілік-зерттеушілік;
(мұғалімдерді зерттеу, ізденушілік жұмыстарға тарту, педагогикалық проблемамен, технологиямен жұмыс жүргізуге енгізу) .
- Озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату;
- Адаптивтік;
(жас мұғалімдермен жұмыс)
- Мұғалімдердің кәсіби дайындығының сапасын талдау және болжамдау;
(курстық қайта даярлау жұмыстары)
- Пәндік және циклдік әдіс бірлестігінің қызметі. Жоспардың болуы (проблема, міндет, жоспарлау құрылымы) ; Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамытуға дайындаудың диагностикалық картасы; Белгілі бір тақырып және пәннің толық курсы бойынша оқушыларды оқытудың талдауы мен зерттеуінің түрі мен әдістері; Қойылған проблема мен міндеттерге жұмыс мазмұнының сәйкестігі; Мәселе мазмұны төмендегілерді қамти ма?Оқу бағдарламалық құжаттарды талдау мен зерттеу; Педагогикалық- әдістемелік, ғылыми әдебиет жаңалықтарымен танысу; Практика қолданылған ғылым жетістіктері мен озат тәжірибені зерттеу, іріктеу, қолдану; Білім беру процесіндегі нәтижені талдау, бақылау, тексеру жұмыстарын және емтихан билеттерінің материалдарын дайындау, өткізу. жалпы білім беретін пәндер бойынша бақылау жұмыстарын алу, пәндік декада, конкурс, олимпиада өткізу. Педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру. Ашық сабақтар өткізу, қатысу, талдау.
- ЖММ, ОТМ -ның қызметі (мұғалімдердің кешенді диагностика мазмұны мен мектеп проблемасының сәкестігі) .
Пәндік әдіс бірлестігінің жалпы ережесі
Жалпы ереже:
Әдіс бірлестігі мектептегі оқу-тәрбие жұмысын, әдістемелік, эксперименттік тәжірибе және сабақтан тыс жұмыстарды іске асыруда негізгіқұрылым болып табылады.
Әдіс бірлестігі ұқсас пәндерді құрайтын мұғалімнің саны 5-тен асқанда құрылады. Оған ұқсас пәндерді оқытатын мұғалімдер мүше бола алады.
Әдіс бірлестігіне мүше мұғалімдер өзі сабақ беретін пән бойынша оқушыларға білім беруі тиіс.
Оқу формасы - күндізгі.
Оқу қазақ тілінде жүргізіледі.
Пәндік әдіс бірлестігі өз жұмысында баланың құқығын қорғайтын конвенцияны, Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасы Президентінің указына сәйкес барлық білім беру мекемелерінің уставы және мектеп директорының нұсқауы басшылыққа алады.
Мектепшілік тәртіп пен мектептің устав ережесіне сәйкес еңбекті қорғау нормаларын, қауіпсіздік ережесінің техникасын және өрттен сақтану еңбек келісім шартына сай ережені сақтайды.
Әдіс бірлестігінің міндеті мен бағыты.
Бірлестік оқу ісіндегі құрылымдық бөлім болғандықтан белгілі міндеттер атқарады:
Оқушының интеллектуалды, мәдени және адамгершіліктің дамуын қанағаттандыру;
Оқу-тәрбие, әдістемелік және зертханалық-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру мен оны өткізу жоғары профессионалды дәрежеде болуы тиіс.
- мұғалімдердің педагогикалық білімін көтеруі;
- педагогикалық эксперимент өткізу;
- жоғары оқу орнына оқушыны даярлауы жоғары сатыда болуы шарт.
Әдіс бірлестігінің негізгі жұмыс формасы
- оқытудың әдістемелік проблемасы мен оқушыны тәрбиелеу негізі педагогикалық эксперимент ретінде өтілуі тиіс;
- мұғалімнің әдістемелік жұмыстары дөңгелек стол, семинар, пікірталас, шығармашылық есеп т. б. арқылы іске асады;
- оқыту әдістемесі мен оқушыны тәрбиелеудегі мәселелер әдіс бірлестігінің отырысында қаралады;
- әр пән бойынша ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралар орындалады;
- жалпы педагогика мен психология, оқыту әдістемесі, лекция, доклад, хабарлама, пікірталас түрінде өтеді;
- педагогикалық тәжірибе алмасу оқу-тәрбие процесінде бағыт беруші документті оқып-үйрену арқылы іске асады;
- пәндік және әдістемелік апталықтар өткізіледі;
- өзара сабаққа қатысу;
- оқытудың нәтижесі оқушының сапалық білімін тексеру арқылы іске асырылады.
Әдіс бірлестігінің негізгі бағыты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz