Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың тәсілдерін зерттеу



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлері
2. Мектептегі әдістемелік жұмыстың өзіндік мазмұны
3. Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
4. Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың тәсілдерін зерттеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе
жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене
жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір
мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға
бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі
тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық
ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-
тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму
деңгейіне жеткізу
Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік,
әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке
жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу-
тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта
тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің
маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді
шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін
жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын
болады.
Мектеп әдістемелік кеңесінің құрамына барлық әдістемелік бірлестік
жетекшілері енеді. Әрбір ӘБ жыл бойы мектеп әдістемелік тақырыбымен тығыз
байланысты болып келетін өз әдістемелік тақырыптары бойынша жұмыс істеді.
ӘБ өз қызметін мұғалімге көмек көрсетуге, олардың өз тақырыптары бойынша
теориялық және практикалық ақпараттарын талқылауға, жоба бойынша жұмыс
қызметін, оқу процесін ұйымдастыруға бағыттады. ӘБ жұмысы мұғалімдер мен
оқушылардың белсінділігін, шығармашылығын көрсетуге,  өздерінің танымдық
процестерін жүзеге асыруға және ақпараттық және басқа да шараларды
ұйымдастырып өткізуге мүмкіндік берді.
             Оқу процесінде жетекші рөл педагогқа тиесілі болғандықтан, ол
өзін-өзі көрсете білуге, өзін-өзі басқара білуге, дербес жұмыс істеуге
ұмтылады. Ол оқу барысында алған білім, білік, машықтарын жұмысқа
қолдануына сенеді.

Мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлері
Қазіргі кезеңде мектептің әдістемелік жұмыстарын сарапқа салып
отырғанда оның шексіз де шетсіз бағыттарын, маңызды да ауқымды мазмұнын
еске алып, мектептану ілімінің осы салада бағдар беретін дәрежедегі
құқықтық ережелердің болуы керек екенін мойындаймыз.
Аталған ереже мектепте жүргізілетін сан түрлі жұмыста мектеп басшысының
қателіктерге ұрынбауына, әдістемелік жұмыстың ішкі мазмұны мен құрылымын
түсінуге көмектесер еді.
Қазіргі кезеңде мектептегі әдістемелік жұмысты тұтастай алып қарау
керек, ғылым жетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибе өзара тығыз
байланыстағы нәтиже, ал бұның өзі кәсіби білімі мен практикалық икем
дағдысы жоғары мұғалімдер мен оқушылар ұйымының, мектеп әкімшілігінің
бірлескен жұмысының көрсеткіші. Сондықтан тұтас түрдегі дамыған жүйе
ретінде алынатын әдістемелік жұмыстың өзара байланысқан компоненттері бар.
Бұған оның мақсаты, міндеті, мазмұны, әдістері, түрі, шарты, нәтижесі
жатады. Бұл жүйеде маңызды роль атқаратын басшылар мен мұғалімдер, бұлар
жоғарыдағы компоненттерді жүйелі бір мақсатта, бірлескен ынтымақтастықта
іске қосса, мектептің әдістемелік жұмысының жоғары нәтижелігін жүзеге
асырар еді.
Мектептегі әдістемелік жұмыстың өзіндік мазмұны бар.
Ол:
- мұғалімдердің кәсіби білімінің деңгейін көтереді;
- пәнді оқыту сапасын, оқушылар білімін, білік дағдыларының
қалыптасуын, сапалы үлгерім нәтижесін беруін қамтамасыз етеді;
- педагогтық жұмыстың қиындығы кемшіліктерін анықтап, мұғалімнің іс-
әрекеті мен жеке қасиетін зерттейді;
- озат тәжірибені тарату арқылы педұжымның белсенділігін арттырып,
ерекше қолайлы жағдай туғызады;
- мектепішілік басқару жүйесінде адамдық факторды еске ала отырып, оқу-
тәрбие жұмыстарының тиімді жүргізіліп, мектептің бүгінгі және
перспективалық дамуын қамтамасыз етеді.
Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың
кафедралық жүйесінің ережесі.
Әдістемелік кафедра әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыратын,
мазмұнын көтеретін, мектеп дамуының көкжиегін анықтайтын бір не бірнеше пән
мұғалімдерінің бірлескен ұйымы. Кафедра бір пәннен сабақ беретін кемінде
үш адамнан артық жағдайда ғана құрылады. Көп жағдайда тілшілер,
политехникалық цикл және бастауыш сынып кафедрасы түрінде болады.
Кафедраның іс әрекеті кәсіби ұйымдар сияқты оқу-тәрбие процесін бақылауда,
педагогикалық анализ беруде, жоспарлауда, мектеп міндеті мен проблемасының
әлеуметтік сұраныстың орындалуын ұйымдастыру мен реттеуде айқын көрінуі
керек. Тексерудің бағытталуы мен реттелуі кафедраның маңызды міндеттерінің
бірі.
Кафедралық жүйенің мақсаты:
Мұғалімнің іс-әрекетін ғылыми деңгейде жетілдіру, бағыттау, үйлестіру.
Міндеттері:
1. Кафедра жұмысының ғылыми-зерттеушілік және эксперименттік
функциясын қамтамасыз ету.
2. Эксперименттік, авторлық және адаптациялық бағдарламаларды
талқылау, енгізу және озат тәжірибені енгізу.
3. Оқытудың жаңа технологиясын, диагностикасын жүзеге асыру.
4. Оқушыларды оқытудың тиімді нәтижесін қамтамасыз ету.

Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың
тәсілдерін зерттеу мәселесі бойынша тізімдер
1. Әдістемелік қызмет көрсетудің құрылымы
2. Әдістемелік жұмыс жоспары. Тұжырымдама, мектеп дамуының жалпы білімдік
бағдарламасы, жылдық жоспар.
3. Даму бағдарламасындағы әдістемелік жұмыс мақсатының мектеп
проблемасына сәйкестігі.
4. Әдістемелік жұмыс мазмұнының қойылған мақсат пен міндеттерге
сәйкестігі.
5. Мұғалімдер қызметінің кешенді диагностикасы.
6. Мұғалімдердің кәсіби білімдері мен біліктерін жетілдірудің
бағдарламалық – мақсаттық жоспарлануы.
7. Сабақтарды ұйымдастырудың тәсілдері (проблемалық семинар, шығармашылық
есеп, педоқулар, конференция) қаралған мәселелердің өзектілігі.
8. Мектепішілік іс-әрекеттер аралығындағы байланыс (әдістемелік кеңес,
әдістемелік бірлестік, ЖММ, ОТМ) жұмысының бірыңғай жүргізілуі.
9. оқышылар білімінің сапасын көтерудегі және оқыту деңгейін арттырудағы
әдістемелік жұмыстың тиімділігі (мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсуі
және оқушылардың білім сапасының бірнеше жылғы өсу динамикасы).
10. Педкеңес жұмысы.
• Педкеңесте қаралған мәселелердің өзектілігі;
• Оқушылардың оқушылық және тәрбиелік деңгейіне талдау жасалуы;
11. Әдістемелік кеңес жұмысы.
• Ұйымдастырушылық-педагогикалық;
(әдістемелік бәрлестік жұмысына басшылық жасау жоспары,МӘ жобасы, олардың
бекітілуі).
• Нұсқаушылық -әдістемелік;
(мұғалімдерге нормативтік құжаттардың орындалуы мен жаңа педагогикалық
әдебиет туралы, озат тәжірибе жөнінде инструктаж беру)
• Ізденушілік-зерттеушілік;
(мұғалімдерді зерттеу, ізденушілік жұмыстарға тарту, педагогикалық
проблемамен, технологиямен жұмыс жүргізуге енгізу).
• Озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату;
• Адаптивтік;
(жас мұғалімдермен жұмыс)
• Мұғалімдердің кәсіби дайындығының сапасын талдау және болжамдау;
(курстық қайта даярлау жұмыстары)
12. Пәндік және циклдік әдіс бірлестігінің қызметі.
1) Жоспардың болуы (проблема, міндет, жоспарлау құрылымы);
2) Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамытуға дайындаудың
диагностикалық картасы;
3) Белгілі бір тақырып және пәннің толық курсы бойынша оқушыларды
оқытудың талдауы мен зерттеуінің түрі мен әдістері;
4) Қойылған проблема мен міндеттерге жұмыс мазмұнының сәйкестігі;
5) Мәселе мазмұны төмендегілерді қамти ма?
• Оқу бағдарламалық құжаттарды талдау мен зерттеу;
• Педагогикалық- әдістемелік, ғылыми әдебиет жаңалықтарымен
танысу;
• Практика қолданылған ғылым жетістіктері мен озат
тәжірибені зерттеу, іріктеу, қолдану;
• Білім беру процесіндегі нәтижені талдау, бақылау, тексеру
жұмыстарын және емтихан билеттерінің материалдарын
дайындау, өткізу.
6) жалпы білім беретін пәндер бойынша бақылау жұмыстарын алу,
пәндік декада, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны және оны ұйымдастыру
Озық педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымы жетістіктерін практикаға енгізу, педагогикалық инновацияның критерийлері
Мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлері
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы
Дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында студент психологиясының ерекшеліктері
Түркістан облысындағы шағын жинақы мектептердің қазіргі жағдайы мен болашағы
Болашақ мұғалімнің дидактикалық дайындығы
Мектептің педагогикалық кеңесі
Шетел тілінен өзіндік жұмысты ұйымдастыру өзін – өзі талдау, өзін – өзі бағалау, өздігінен даму жолы ретінде
Пәндер