Диндер



БУДДИЗМ
ЗОРОАСТРИЗМ
ДАОСИЗМ

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Дін - араб тілінен енген сөз. Сөздікте Бас ию, мойынсұну, әдеттену, басқару, қызмет ету мағыналарын береді.
Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы - дiнтану. Дiнтану ғылымы - дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың мақсаты - дiндi анықтау, түсiну және оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде әлеуметтiк құбылыс екенiн түсiндiру болып табылады.
Адамның рухани тазару дәрежесi көтерiлмесе және дiннен бас тартар болса, қоғам зандылықтары бұзылып, дүние ойран болады. Ислам философиясы - дiн адамды қатерден, апаттан, бос әрекеттерден сақтандырады, күнделiктi өмiрi мен тұрмысын мейлінше қатаң және дәл реттеп отырады, қоғамдық, жеке өмiрдегi тәртібін сақтайды, - дейді мамандар.
Мысалы, 1969 жылы Америка Құрама Штаттары арақты харам еткен заң шығарады. Оны iшетiндердің мал-мүлiктерiн тәркiлеп, алты ай абақты жазасы белгiлендi. Әйтсе де, заңды орындауға, оны қысқа мерзiмде iске асыруға мүмкіншілік болмады. Бiрiншiден, қоғамдағы адамдарды түгелдей абақтыға жауып, дүниелерін түгелдей тәркілеу қажет еді. Ал олай жасалмаған жағдайда заңның күшін жою керек болды. Әрине заңның күші жойылды. Осындай жағдай 1400 жыл бұрын Араб түбегінде орын алған. Онда арақтан тыйылу Алланың бір-ақ сөзімен іске асты. Ол - Алланың: Сендер тоқталасыңдар ма, жоқ па? - деген бұйрықты сұрағы еді. Арақтан тыйылу әлеуметтік қажеттілік деп шешті де, жауап қатты: Біз тоқталдық, ей иеміз... - деп ыдыстағы арақтар түгелдей жерге төгілді. Сол кезде төгілген арақтан көшелер шылқып кетті. Міне, мұсылмандар арасында арақ ішу осыдан бастап тоқталды. Демек, арақты харам етіп заң шығарудан ештеңе шықпай, Алла тағаланың өзі берген тыйымды, шапағатты жол адамның жүрегімен астаса жұмыс істегенде ғана нәтижесін көрсетті. Бұл мысалдан діннің мемлекеттік саясатқа әсерін де көре аламыз. Негізінен мемлекетте қай дін ресми дін ретінде мойындалса, мемлекеттік саясат соның ыңғайына құрылады. Зиянды ағымдардың өз үстемдігін орнатуға барынша ұмтылу себебі сонда жатыр.
Діннің құдіреті туралы тағы бір мысал келтірсек: Американың президенті Джон Кеннеди кезінде халқына: Қасиетті бұйымдар мен әдет-ғұрыптарды, мінез-құлықтарды сақтау керек, - деп насихат жасап, оны діннің күшімен орындауға болатынын, яғни дінсіз ешқандай ұлылықты сақтай алмайтындықтарын атап көрсеткен. Бұл салада көптеген мысалдар келтіруге болады. Әлемдік діндердің мәні мен шығу тарихын да осы тұрғыда саралаған жөн. Сонымен...
БУДДИЗМ
3ерттеушiлердiң пiкiрiнше, буддизм осыдан 2500 жыл бұрын пайда болған. Оның негізін Индияның солтүстiгiнде орналасқан шакья тайпасынан шыққан Шакьямуни есімді тұлға қалаған. Ол жер-жерлерді аралап жүрiп, өз ойында пайда болған ұғымдарды адамдарға уағыздаған. Өзiн Будда (атақты бiлгiш) деп таныстырған. Ол жердегі адамзатты, жан-жануарларды азаптан құтқарушы есебінде жіберілген адам екенін түсіндірген.
Шығыс философтарының тұжырымдарына сүйенсек, Будданың анасы, шакья тайпасының патшасының әйелі Майя (Махамайяульи Майя) бiрде түс көрген. Түсiнде оның құрсағына бiр аппақ пiл кiрiп кеткен. Содан көп ұзамай Майя жүкті болып, балалы болған. Аңызға қарағанда, бала жерге шыр етiп түскенде, оған бүкiл құдайлар қатты қуанған. Әкесi баласының дiн жолына түсуін қаламай, оған дүниелiк тәрбие берген. Көңілін дiннен қашықтату әрекетiнде болған. Патша болғандықтан, әшекей дүниелерге кенелтiп, оны үйлендiредi. Бiрақ, бұл әрекеттерi баласын тоқтата алмайды.
Бiрде Суддхартхи (Будда патша кезінде осы есімді иеленген) қалада үстiн жара басқан бiр қартты кездестiредi де, Азаптан кұтқару идеясын ойлап табады. Содан барлық сана-сезiмiн сарп етiп, азаптан кұтылу үшiн не iстеу керек дейді өз-өзіне. Құтылудың жолы - тек өзiн-өзi азаптау. Барлық дүниесін тастап, ел кезіп, қайыршылық жолмен күн кешiп, идеясын уағыздауға көшедi. Қиындықтарды бастан кешіп, тұрмыстық дүниенi тәркi етiп, бедеулiк жолға түседi. Бiрақ сол кездегi өзiн бедеушiлiкте ұстайтын брахмандарға ұқсаудан сақтанғысы да келедi.
Әулиелiк қасиетi бар деп саналатын Бодхи деген ағаштың түбiнде отырып, төрт шындықты ойлап табады. Бiрақ ойын амалға асыруға өлiмнiң Құдайы - Мара кедергі жасап, тазаруға жiбермейдi. Қыздарын жiберiп, көңілін бөлгiсi келедi деп жазылады Будда туралы аңыздарда. Будда өз iсiне берiк болып, Варанас қонысына жақын жерде "пiл паркiнде" бiрiнші рет өз идеясын адамдарға жеткізеді. Сол төрт шындықты өз шәкiрттерiмен 40 жыл бойы ел аралап таратып, дiнiне кiрудi уағыздайды. Өсиеттерiнен, жасаған кереметтерiнен бiр дұрыс қорытынды табуға әрекет етедi. Бiрақ ешқандай дәлелдi немесе маңызды, құнды нәрсе таба алмайды.
Француздың буддолог ғалымы Г.Сенар Будданы мифологиялық образ санады. Немiс ғалымы Г.Керн Будданың тарихта болғанына күмән келтiрiп, оның өмiрбаяны - аңыз дейдi. Әйтсе де, көптеген ғалымдар Будданы тарихтағы белгiлi тұлға есебiнде қарайды. Аталмыш көзқарастың негiзiнде - Шакьямуни буддизм монахы құрылды.
Буддизм пайда болмай тұрғанда да Индияның мәдениетi өте жоғары деңгейде болған. Үндістердің жазуы, әдет-ғұрпы, дiндерi дамыған. Индия мәдениетi әлемдiк деңгейдегі Месопотамия, Египет мәдениеттерiнiң қатарында тұғын. Философиялық көзқарастарда Буддизм белгiлi бiр әлеуметтiк жағдайлардан туған дін. Үндiстанда б.д.д. ҮI ғасырда құл иеленуші қоғам құрылды. Қоғамды билеп-төстеушілер, брахмандар мен әскери қоғам бір-бірімен бақталаста өмір сүрді. Соғыста әскерлер жер иелеріне, саудагерлерге және хәлі нашар бұқараға сүйенді. Сөйтіп б.д.д. ҮІ ғасырда үнді қоғамындағы әлеуметтік коалиция ерекше парасатты жағдайдағы лауазымдарды құрметтейтін брахманизм идеологтарына қарсы күресті.
Индияның солтүстік жағында кішігірім мемлекеттер бір-бірін жаулап алған. Жауланған халықтың діни ұғымдарымен өздерінің діни ұғымдарын байытып, дамытып отырған. Құл иеленуші қоғам болғандықтан, үстем тап төменгі тапты қанаған. Дегенмен, өндіріс күші де дамыған. Әсіресе Ганга бойындағы өндіріс күштерінің дамуының нәтижесінде таптық күрестер шыққан. Жеке қолөнершілік, кіші кәсіпкерлік өсіп, төңірегіндегі топтармен байланыс жасау басталып, оларға өз мәдениетін таратуға әрекеттенген. Будданың өсиеттері жазылған Махавагга, Ману, Джатак деген кітаптары пайда болған. Индияның көпшілік таптары бір-бірімен соғысып отырғандықтан жоғарғы тап қорғану жағдайына көшіп, өз күшін нығайта түсіп, әрі бір-бірімен бірлестікке келіп, топтаса түскен. Нәтижесінде Маурья империясы орнаған. Осы кезде түрлі касталарға бөліну, дүниені зерттейтін институттар, діни философиялық ағымдар пайда болған. Осындай жағдайда буддизм де күш алып, әлем діні дәрежесiне жеткен.
Дін барлық халыққа жеңiлдiк беріп, бүкiл адамдардың қайғы-қасіретке бiрдей екенiн жариялап және одан арылуға шақырған. Дiни оқулар орны көбейiп кетiп, неше түрлi құдайшылдар топтары өз көзқарасын талқыға салған. Дүниенің пайда болуына, байланыс күшінің барлығына сенiмсiздiкпен қараған. Ол кезде құдайға сенушiлiк болған жоқ, дiни ұғыммен адамды тазалауға болады деп түсiндірген. Адамның қоғамға, айналадағы байлыққа көзқарасын екiншi орынға ығыстырған. Дегенмен, дiни тазалықты жоғарғы топтан ғана iздедi, ал ең соңғы касталарын адам деп қарамады, екi аяқты мал есебiнде көңiл бөлмедi.
Ү-ҮІІ ғасырларда буддизм мәдениетi өркендеп, ең жоғарғы деңгейге жеттi. Монастрларда үлкен байлық жиналды. Азияның қалалары -- Кошамби, Санчи, Бодх-Гасде, Матуре, Сарнатхе, Аджантеде әшекейленген храмдар салынды. Будданың мүсiндерi жасалды. І ғ. Қытайға, ҮП ғ. Тибетке, ХIҮ ғ. Монғолия мен Ресей мемлекеттеріне ендi.
ХРИСТИАН ДIНІ
Әлемдік діндердің бірі - христиан діні. Иса (с.ғ.)-ға түскен Інжіл кітабы адамдардың қолымен өзгертіліп жазылып, сол мазмұн бойынша тараған дін. Інжіл кітабының алғашқы түпнұсқасын өңдеп жазғандар: Матфей, Марка, Лука және Ионна еді. Кітаптардың түпнұсқасын жазған Павел деген апостол. Оның жазбасының 27 түрлі ерекшелігін Ионна атап көрсеткен. Діндарлардың көзқарасынша, кітаптың алғашқы түпнұсқасында әрбір әріп жоғарыдан, яғни жаратушы иеден, ал қоспа сөздерді адамдар өз қолдарымен жазды деген тұжырымдамаларды айтады. ІҮ ғасырда Шіркеу тарихы деген кітаптың авторы Кесарий кітапқа қосылған Ионна мен Павелдің қоспаларын атап көрсеткен.
Әртүрлі автордың жазғанынан Евангелий қолжазбаларының өзгергені соншалық, бір-бірінен ажырату немесе бір-біріне қабыстыру мүмкін емес. ІІ ғасырда-ақ христиан идеологтары Евангелийдің түпнұсқасын немесе біркелкі мәтінін анықтауға әрекет жасады. Әртүрлі пікірталастан кейін негізгі үш мәтінді қабылдады. Олар Александриялық Гесихия, Кесарийлік Памфила, Антиохийлік Лукиана мәтіндері.
Христиан дінінің пайда болу кезеңі Иса (с.ғ.)-ның туған кезінен, яғни дәуіріміздің бірінші ғасырының басынан деп белгіленеді. Бірақ оның кітабы - Інжіл бірнеше ғасыр бойы жазылып, өңделіп келді.
Дегенмен, христиан діні - адамзат тарихындағы ең ірі діндердің бірі. Ол Рим империясының шығыс бөлігінде пайда болды. Бұл кезеңде терең әлеуметтік күйзеліс империяны жайлаған еді. Күйзеліс дәстүрлі өндіріс, мемлекет, саясат, идея, сенім түрлерін ыдыратып жіберді. Мұндай дағдарысқа құлдар бұқаралық көтеріліспен жауап берді. Көтерілісшілерді басып тастауға Римнің күші жеткілікті еді. Өжеттерді жазалап, қинап, өлтіріп жатты. Ол кездегі Спартак көтерілісі де қанға боялды. Спартак көтерілісінен кейін құлдардың, езілуші таптың бостандықтан үміті үзілді. Ал, құлдардан басқа жер иеленушілер, саудагерлердің жағдайы өзгеше болды.
Рим империясы Жерорта теңізі бойындағы елдерді өзіне бағындырып, нағыз құл иеленуші болып алған. Олардың қасиетті жерлерін талқандады, дәстүр, әдет-ғұрпын, сенімдерін қорлады.
Римдіктер жаулап алған Шығыс халықтарының ескі тайпалық діндері, римдіктердің ұсынған ұлттық діндері халықтың көңіліне жұбаныш әкеле алмады. Сондықтан барлығына түсінікті дін қажеттігі туды.
Христиан діні осындай кезеңде, яғни барлық езуші таптарды біріктіру кезеңінде пайда болған дін. Оның негізгі идеялық негізін қалауда әртүрлі шығыстық діндер және әлемдегі бірқатар философиялық түсініктер әсер етті.

Келешектің жақсылығынан, көктен келген құтқарушының шапағатынан үміттенген Рим империясының адамдары оның іздерін иудей миссиясынан, Филоней Погосынан іздеді. Осындай жайлардан Құдай-адам, яғни Исус Христос бейнесіндегі құдай пайда болып, Христостың атымен христиан діні аталды. Бұл діннің негізін салған адам туралы, оның болғаны жайлы пікірталастар, дау-дамайлар осы күнге дейін жалғасып келеді. Өмірде болғанына сенімсіздікпен қараушылар көп.
ЗОРОАСТРИЗМ
Зороастризм отқа табынушылық діні. Зороастр сөзінің мағынасы зоро - адам, астра - жұлдыз.
Зороастризм діні ең алғаш протоинди ирандықтарынан шыққан. Олардың мекендеген жері Азияның кең байтақ далалары, Жайық өзенінің шығыс жағалауы. Протоинди ирандықтары Иранды жаулап алған және сонда мекендеген. Олар б.э. 3000 жыл бұрын өмір сүрген. Бұл дінді ең алғаш рет таратқан ирандық жігіт - Зороастр.
Ол туралы мынадай аңыз бар: 30 жасында бір сәуле көреді, оны уаху мая дейді. Қазақша аударғанда ашық сәуле деп аталады. Оны құдайлардың ең үлкені Ахурамаздаға апарады. Ахура қазақ тілінде - ақылды, мазда - құдай деген мағынаны береді. Ахурамазда Зороастрды өзінің елшісі етіп сайлайды. Содан Зороастр Ахурамазданың ең жоғарғы құдай екенін сезіп, әділетті, мейірімді Жаратушы құдай деп дәріптейді. Ахурамаздаға қарайтын 3 құдай бар:
1. Митру құдайы. Міндеті: жарату.
2. Анахиту - су құдайы.
3. Варуну - соғыс және жеңіс құдайы.
Бұларға қарсы Ақырман - зұлымдық құдайы. Кезінде қазақтар балаларын Ақырман келеді деп қорқытқан.
Зороастр дініндегілер күнделікті дәрет алып, 6 рет жуынады. Бұған қоса құммен тазаланады. Бұл тазалықтары 2 аптаға жетеді.
Құммен тазалану рәсімі: құмға дәрет сындырып, оны араластырып сүртінеді. Тазаланып болған соң жанына итті қойып іштей ғаттаны оқиды. Итті қазақтар сияқты қасиетті жануар санаған.
Қатаң тәртіптері бар: құмырсқаны, жыланды, осыларға ұқсас жәндіктерді ұстауға болмайды. Ұстау - күнә. Осымен қатар ет жеуге, жаңбырлы күні далаға шығуға болмайды, себебі жерді кірлетеміз дейді.
Әйелге қатысты заңдылықтары: етеккірі келсе, отқа жолатпайды, таза емес есебінде. Қараңғы жерде отырғызады, ұйықтайтын болса жерде жатады, тас орындықта отырады. От жағуға рұқсат жоқ, тамақты бөлек ішеді, храмға кіруге рұқсат бермейді. Әйел бала туатын болса, тазалықты кірлету деп есептейді. Бала туар алдында бөлмесіне от жағып қояды. Босанарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты мәліметтер
Діндер тарихы
Дін және адам
Дін
Дін және адам туралы түсінік
Діннің мәні, анықтамасы, әлеуметтік маңызы, шығу тегі, құрылымы және оның жіктелуі
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы этноконфессиялық үдерістер
Діннің түрлеpi
Діннің анықтамасы
Діни наным-сенімдердің бастауы
Пәндер