Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары жайлы


Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
МАЗМҰНЫ
Нормативтік құжаттарға сілтемелер
Анықтамалар мен қысқартылған атауларға сипаттама
Кіріспе
3
4
6
1 Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздері
1. 1 Оқушылар ұйымының пайда болу генезисі
1. 2 Оқушылар ұйымының міндеттері мен мақсаттарын айқындаудағы теориялық еңбектерге талдау
1. 3 Тәуелсіз Қазақстанда оқушылар ұйымының ұлттық тәрбиеге негізделген моделі мен оны іске асырудың педагогикалық шарттары
13
13
34
50
2 Оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие жүйесін кешенді пайдаланудың педагогикалық мүмкіндіктері
2. 1 Оқушыларға ұлттық тәрбие беруге арналған «Атамекен» бағдарламасының мазмұны мен ерекшеліктері
2. 2 Мектептегі тәрбие жүйесінде «Атамекен» бағдарламасын пайдаланудың әдістемелері
2. 3 Эксперименттік бақылау жұмысының нәтижелері
75
75
93
117
НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРҒА СІЛТЕМЕЛЕР
Аталмыш диссертациялық зерттеу жұмысын орындау барысында нормативтік құжаттар мен стандарттарға төмендегідей сілтемелер жасалды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы , 27. 07. 2007 Астана, 2007.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің электрондық сайты : htpp//www. e. gov. kz
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің электрондық сайты : htpp//www. edu. gov. kz
Қазақстан жастарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы жөніндегі ҚР Президентінің Жарлығы. -А:2006
Мемлекетiк “Мәдени мұра” бағдарламасы \\ Егемен Қазақстан. - №311-312, 29. 11. 2003, №184-188, 16. 08. 2005.
Назарбаев Н. Ә. Қазақстан - 2030 . Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы. -А: Бiлiм, 1998, 90 б.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - Егемен Қазақстан. - № 39, 19 ақпан 2005 жыл.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасының жобасы . - А, Білім әлемі газеті, 2004
Конвенция о правах ребенка. Нью Йорк. -1989
Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі. - 05. 02. 1993
Мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. -А. РБК, 1995
Концепция развития образования Республики Казахстан до 2015 года. - Одобрена Правительством Республики Казахстан 24 февраля 2004 г. (протокол №3) .
Государственная программа развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 годы. Утверждена Указом Президента Республики Казахстан от 11 октября 2004 г. №1459.
Концепция 12-летнего общего образования в Республике Казахстан: Проект. \\ 12 жылдық бiлiм\ 12-летнее образование. - 2005. -№8. - С. 10-17
О реализации национальной политики Республики Казахстан в области образования в условиях перехода на 12-летнее среднее общее образование: Постановление коллегии МОиНРК от 21. 12. 2005. - №3. 1.
Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан. Среднее общее образование: Основные положения: Дата введения 01. 09. 2008. // 12 жылдық бiлiм\ 12-летнее образование. - 2006. -№10. - С. 4-59
Материалы по проблемам реформирования системы среднего общего образования в контексте Концепции развития образования в Республике Казахстан до 2015 года / Под ред. К. Т. Арынова. - Алматы: МоиН РК, КазАО им. Ы. Алтынсарина. -2004 г. . - 35 с.
АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
Аталмыш диссертациялық зерттеу жұмысын орындау барысында анықтамалар мен қысқартылған атауларға төмендегідей сипаттама берілді.
ҚР - Қазақстан Республикасы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ҚР БҒМ - Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
ҚБО - Қазақстан балалар Одағы
ОҚ - Орталық Кеңес
СИМЕА - Халықаралық балалар мен жасөспiрiмдер ұйымының комитетi
ЮНИСЕФ - БҰҰ жанындағы бала құқын қорғау комитеті
БҚ - Бала құқы
РҚБОӘО - Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
АО - Атамекен Ордасы
РАБЖҚБ - Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі
ПҒА - Педагогика ғылым академиясы
ҚЛКЖО - Қазақстан лениншiл коммунистiк жастар Одағы
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ҰБТ - Ұлттық бірыңғай тестілеу
БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары
ҮҚҰ - Үкіметтікемес қоғамдық ұйымдар
ҰЭ - Ұлттық энциклопедия
ҚСЭ - Қазақ совет энциклопедиясы
РФ - Ресей Федерациясы
БСЭ - Большая Советская Энциклопедия
ПЭ - Педагогикалық энциклопедия
ЭДЭ - Энциклопедия детского движения
СПО-ФДО - Союз пионерских организации - Федерация детских организации
РБОСО - Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы
Бала құқы - Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған (1989) халықаралық маңызы бар Конвенция. Аталмыш Конвенция Қазақстан Республикасы Парламенті шешімі негізінде ратификацияланған соң ҚР білім және ғылым министрлігінде мемлекеттік бала құқын қорғау комитеті құрылды.
«Атамекен» бағдарламасы - Республикалық «Ұлан» (18. 03. 1990) және «Егемен Қазақстан» (27. 08. 1991) газеттерінде жарияланған мектептегі тәрбие жұмысының әдістемелік үлгісі. Бағдарламаның негізгі мақсаты мектеп және мектептен тыс мекемелердегі оқушылар ұйымдарындағы ұлттық тәрбие жұмыстарын кешенді жүргізу және жас ұландардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру болып табылады.
Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі - тәуелсіз Қазақстандағы пионер мен комсомол ұйымының мұрагері болып табылатын тұңғыш оқушылар ұйымы. 1991 жылдың 7 желтоқсанында Алматы қаласында құрылды. Мемлекеттік тіркеуден өткен.
Аймақтық «Мың бала» оқушылар қозғалысы - Мемлекет және қоғам қайраткері З. Қ. Нұрқаділовтың қолдауымен құрылған оқушылар ұйымы. Мемлекеттік тіркеуден өткен.
Республикалық «Жұлдыз» балалар ұйымдарының одағы - 1994 жылы Ақмола облысында құрылды. Ұйымның негізін салушылар Д. Шайменова мен Е. А. Дмитриенко. Мемлекеттік тіркеуден өткен.
Республикалық «Болашақ» балалар ұйымы - 1995 жылы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. Ұйымның негізін қалаушылар С. Қ. Қалиев пен С. Т. Иманбаева. Мемлекеттік тіркеуден өткен.
Аймақтық «Жас ұрпақ» оқушылар ұйымы - Республикалық «Атамекен» бағдарламасын кешенді түрде жүзеге асыру мақсатында құрылған ұйым. 1991 жылы Тасбөгет қаласында (Қызылорда облысы) құрылды. Негізін салушылар М. Маханов пен Б. О. Сүйеубаева. Мемлекеттік тіркеуден өткен.
Қазақстан скауттар ұйымы - 1995 жылы Павлодар қаласында құрылған. Төрағасы В. Деймунд. Мемлекеттік тіркеуден өткен.
Тәлімгер (вожатый), ұлан (пионер), октябрят (балдырған), мұрагер (комсомол), ұйымтоп (отряд), ұйыморда (дружина) - Республикалық «Атамекен» балалар ұйымының І Құрылтайының (7. ХІІ. 1991) шешімі негізінде өзгертілген атаулар.
Неопедагогика һәм неопсихология - ғаламдық жаһандану жағдайындағы білім мен тәрбие және жеке тұлғаның (хомоинформатикус, постхомо т. б) мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеуге арналған жаңа бағыттағы қоғамдық ғылыми атау.
Социокинетика - жаңа Ресей тарихындағы балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының дамуы мен қоғамдық өмір заңдылығына әлеуметтену тенденциясын жан-жақты зерттеу мәселесіне арналған (Швецова Л. И, Богуславский М. В, Алиева Л. В, ВолоховА. В, Литвак Р. А, Кирпичник А. Г, Кабуш В, Дмитриенко Е. А, Искандирова Т. Н, Радина К. Д, Кудинов В,
Сорочинская Е) ғылыми-педагогикалық бағыт.
Балдәурен орталығы - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қолдауымен Халықаралық «Артек» балалар орталығы үлгісінде салынған республикалық оқу-сауықтыру орталығы. ҚР білім және ғылым министрлігінің бастамасымен (экс-министр Б. С. Әйтімова) «Балдәурен» орталығында Қазақстан балалар ұйымдарының (252 ұйым өкілдері) І Республикалық (25-27 тамыз 2006) Слеті өтті.
Құрылтай - 1990 жылдардан бері қарай Қазақстан мектептеріндегі оқушылар ұйымының ең жоғарғы органы (аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) ретінде көпшіліктің қоғамдық пікірі негізінде қалыптасқан демократиялық бағыттағы балалар ұйымының басқару органдарының үлгісі.
Джамбори - Қазақстандағы және шет елдердегі скаут (балалар мен жасөспірімдер) ұйымдарының жоғарғы органы болып табылатын - жиын.
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектiлiгi. Әлемдік жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер - қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi - жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн де алға тартып отырғаны шындық.
Мемлекетімізде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформаларына қатысты түбегейлі бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде дамыған мемлекеттердегі білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын 12 жылдық білім беру жүйесіне ену қарқыны - қоғамдық ортадағы адамдардың ерекше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болғаны рас. Көптеген өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы - бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Бұл құбылыс - бiлiм параметрлерiнiң заман талабына сай неопедагогикалық-неопсихологиялық сипат алуына мүмкiндiк туғызуда. Аса қарқынды белең ала бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан да терең талдаунамалар жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе отырып атқару мәселелерi жолға қойылуда. Мемлекеттiк “Мәдени мұра”[1] бағдарламасының халық игiлiгiне айналуы, Бiлiм туралы ҚР Заңының заман талаптарын ескере отырып қайта толықтырылуы және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жастарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы» [170] Жарлығының іске асуы соның куәсi болмақ.
Елбасының: “. . Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет. . ”, - деп, атай келе “Қазақстан - 2030” бағдарламасында: “ . . . бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады . . . ”, - делінген [3] .
Қазіргі ғылымның жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеу ғалымдардың нәтижелерiнде этнопедагогика мұралары назарға iлiніп, оны ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың қажеттілігі ұсынылуда.
Сондықтан, педагогика ғылымының осы кезге дейiн қалыптасқан озық тәжiрибелерiне сүйене отырып, оны мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдары арқылы тәрбие жұмыстарында этнопедагогика мұраларын барынша пайдалану -басты талаптардың бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасыың бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасында: “ . . . тәрбие мен оқыту баланың даму бағытын және мектеп жағдайына бейiмделуiн қамтамасыз етуге тиiстi . . . ”, - деп атап көрсетіледі[5] .
Қазақстан Республикасының Конституциясында : “ . . . неке мен отбасы, ана мен отбасы және бала мемлекеттiң қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы және мiндетi”, - деп жазылған [6] . Осы уақытқа дейiнгі тәрбие мәселесімен байланысты зерттелген еңбектерді төмендегiдей сараптама бойынша жіктедік:
Тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Қоянбаев Ж. Б [84], Болдырев Н. И [109], Бержанов Қ [45] ., Мусин Ж [45], Мұхамбаева А. Х [102], Подласый И. П [94], Сейталиев К [159] ) ; Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев Қ. Б [70], Қалиев С [71], Әбiлова З. Ә [87], Сарыбеков Н. Қ [72], Ұзақбаева С. А [73], Наурызбай Ж [76], Қожахметова К. Ж [33], Дүйсембiнова Р. Қ [78], Қабдыразақұлы Қ [75], Мұхамбетова С. К [77], Жұматаева Е. Ө., Сәдуақасов Ә [31], Қоңыратбаева Т. Ә [105] ) ; Ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ[146] ., Беркімбаева Ш. К[147], Оразбекова К. А [69] ) ; Оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротов В. М [117], Сабитова Г. В [184], Ходоровская З. А [95] ) ; Ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Көпжасарова М. Д [57], Байназаров Р [115], Галузинский В. М [51] ., Падалко Т. В[52] ) ; Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева К. Қ [58], Омаров Е. О [168], Садықова М. К [169] ) ; Оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi тәрбие жұмыстары (Иржанова Р. Д [56], Лебединский В. В [42], Абаева Н. Б [25], Мұқанова Б. Ы [112], Қасенов Е. Р [96] ) ; Балалар ұйымдарының дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық аспектілері (Алиева Л. В [176], Волохов А. В [177], Литвак Р. А [178] ., Искандирова Т. Н [180] ) ; Халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие беру (Төлеубекова Р. К [100], Қаплиева А. Қ [97], Садықова М. К [169], Сайдахметов Б. С [175], Байсарина С. С [182] ) ; Жаһандану жағдайындағы балалар қозғалысының даму тенденциясы және социокинетикалық ғылыми бағыт алғышарттары (Вульфов Б. З [174], Фришман И. И [179] ) ;
Соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеу еңбектерінде ұлттық мәдениетке баса көңіл бөлу назарға алынды. Әсіресе, мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудiң педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелерге Қалиев С., Наурызбай Ж., Беркімбаева Ш. К., Бөлеев Қ., Жұматаева Е. О., Оразбекова К. А., Қожахметова К. Ж., Асанов Ж., Әлсатов Т және басқа ғалымдар өз еңбектерiн арнаған. Оларда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң генезизi ғылыми-методологиялық тұрғыда сарапталынып, өз ретiнде мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарына ендiру қажеттiлiктерi ұсынылған. Аталған ғалымдардың еңбектерiн негізге ала отырып зерттеулер жүргiзген Төлеубекова Р. К., Иманбаева С. Т., Әбдiғаппарова У. М., Әбiлдина С. Қ., Өтемұратова Б. С., Аманжолова А. А., Хасанова Ж. С., Жетпiсбаева К. Б., Сырымбетова Л. С., Қаплиева А. Қ., Қисымова А. Қ., Егенисова А. Қ., Арзымбетова Ш. Ж., Садықова М. К., Сайдахметов Б. С., Байсарина С. С., Сыдықов М. Е және басқа ғалымдардың еңбектерiнде ұлттық тәрбие мәселелерi жеке сала бойынша (экологиялық, эстетикалық, адамгершiлiк, патриоттық, экономикалық т. б) зерделенгенімен, оны оқушылар ұйымы арқылы ұйымдастырудың жүйелi әдiстемелерi толығынан айқындалмағанын аңғардық.
Ал, 1991 жылға дейінгі мектептегi оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарын сипаттауға арналған Иржанова Р. Д., Құнантаева К. Қ., Татаурова Н. Л., Байназаров Р., Абаева Н. Б., Мұқанова Б. Ы., Кузьмина М. Н., Бекмағанбетова Р. К., Қасенов Е. Р. т. б зерттеулерiнде негiзiнен бұрынғы кеңестік дәуірдегі пионер (балалар) ұйымдарының iс-тәжiрибелерi партиялық идеология тұрғысынан зерттеліп, бұл еңбектердің өз кезінде педагогикалық маңызды рөл атқарғанына қарамастан, мектептегі оқушылар ұйымдары арқылы ұлттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастырудың толық қарастырылмағаны байқалды.
Оның негізгі себептерінің бірі - оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарының коммунистік идеологияға және авторитарлық-педагогикалық саясатқа бейімделе жүргізілгендігінен туындаған еді.
Бертін келе мектептегі тәрбие жұмысының өзекті саласы оқушылар ұжымы арасындағы тәрбие жұмыстарының “бірыңғай жалпыға ортақ тәрбие жүйесінің” дағдарысқа ұшырау себептері мен жаңа ғасыр жағдайындағы «социокинетика» ғылымының оқушылар ұйымының жұмыс мазмұнына түп қазық болатын идея, яғни жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетке сүйенген халықтық-демократиялық принципке негізделген жаңа моделінің қажеттілігін туындатты.
Айтылған мәселе бойынша бүгінгі күн талабы тұрғысынан жан-жақты зерттеген ғылыми-педагогикалық еңбектің жеткіліксіздігі біздің зерттеу тақырыбымызды айқындай түсуге себеп болып, зерттеушілік жұмысымыздың тақырыбын “Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары” деп атауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Мектептегі оқушылар ұйымының ұлттық демократиялық тәрбие беруге негізделген жаңа моделін құру және оған қажетті педагогикалық шарттарды айқындап, оқу-тәрбие үрдісіне ендіру.
Зерттеу объектісі: мектептегi оқушылар ұйымындағы тәрбие жүйесi.
Зерттеу пәнi: мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетті кіріктіре отырып, халықтық-демократиялық принципке негізделген оқушылар ұйымының жаңа моделі жасалса және оны іске асырудың педагогикалық шарттары айқындалса, онда жан-жақты дамыған, ұлттық сана-сезімі оянған азамат тәрбиелеуге мүмкіндік туады, өйткені білім беру мен тәрбие ісі әлемдік өркениет пен ұлттық мәдени құндылықтар негізінде іске асырылады.
Зерттеудің мiндеттерi:
- Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерделеу;
- Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделін құру және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындау;
- Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру жұмыстарын іске асыру мақсатында “Атамекен” бағдарламасын құрастырып оны қолданудың кешенін жасау;
- “Атамекен” бағдарламасы және оны қолданудың әдістемелік кешенін іс-тәжірибеден өткізу.
Зерттеудің жетекші идеясы: Қазіргі кездегі өркениет пен ұлттық мәдениет үлгілерін кіріктіре отырып, демократиялық халықтық мәдени мұра негізінде оқушылар ұйымын қайта құрып, сол арқылы ұлттық сана-сезімі оянған, жан-жақты жетілген ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Зерттеудiң теориялық және әдiснамалық негiздерiне философия, мәдениеттану, этнология, педагогика және психология саласы бойынша қарастырылған таным теориясына қатысты ғалымдар тұжырымдары, гуманистік ілімдер, этномәдениет, этнопедагогика және этнопсихология саласындағы жетекші зерттеулер мен қағидалар, Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудің кешенді бағдарламасы; білім беруді дамыту, ұлттық мектепте гуманитарлық, этномәдени білім мен тәрбие беру; адамгершілік, көркемдік-эстетикалық және экологиялық тәрбие беру жүйесіндегі мемлекеттік тұжырымдамалар; философиялық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық теориялар; жеке тұлға және оны дамытудағы қарым-қатынас, басқару қызметі және тәрбие теориясымен байланысты педагог, психолог, социолог ғалымдардың еңбектері негізге алынды.
Зерттеу әдістері: зерттеу барысында төмендегідей әдістер қолданылды: философиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық және әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау; жүйелі және салыстырмалы зерделеу барысында қол жеткізген мәліметтерді топтастыру, жүйелеу; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау; сауалнама, ойын-сайыстар, сұрақ-жауап, бағалау, салыстыру, бақылау және социометриялық кесте, тренингтер мен танымдық-тестік сұрақтар.
Зерттеу көздерi: Педагогика тарихы мен теориясы, философия, психология, этнопедагогика мен этнопсихология саласындағы ғылыми еңбектер, ресми оқу-әдiстемелiк құралдары мен басылымдар, ұлттық тәрбие мәселелерiне арналған мемлекеттiк және авторлық жобалар, бiлiм мен тәрбие жүйесiне арналған Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасында 2005-2015 жылдары білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi құжаттары.
Зерттеу кезеңдерi:
бiрiншi кезеңде (2009-2010ж. ж) арнайы педагогикалық әдебиеттер нәтижелері негiзiнде тәрбие теориясына қатысты ғылыми-әдiстемелiк еңбектер сараланып, нәтижесінде диссертация жұмысына тiкелей қатысы бар “Атамекен” бағдарламасының алғашқы жобасы жасалды, тақырыпқа сай зерттеу жұмысының жалпы бағытының жоспары жасалды. Оқушылар ұйымының ұлттық тәрбиеге негізделген моделі құрастырылып оны іске асырудың педагогикалық шарттары айқындалды.
екiншi кезеңде (2010-2011ж. ж) мектеп практикасына ендіруге бағытталған эксперименттік жұмыстар қолға алынды. Жинақталған тәжiрибелер оқу-тәрбие жүйесінде пайдаланылып, конференция, семинар жұмыстарында баяндалды, эксперимент нәтижелерi мен теориялық бiлiмдердi пысықтау, жинақталған материалдарды талдау мен сараптау негiзiнде диссертациялық жұмыс бір жүйеге келтіріліп, ғылыми талап пен ережелерге сай диссертацияның жалпы мазмұны айқындалып, жобасы түзілді.
Зерттеу базасы: Зерттеу жұмысына №59 (Алматы), №58 (Астана), М. Ғабдуллин атындағы №3 Көкшетау мектеп-кешені, С. Сауытбеков атындағы Балуан орта мектебі (Солтүстiк Қазақстан), І. Жақсыбеков атындағы Қарақол орта мектебі (Шығыс Қазақстан), № 226 Б. Мергенбаев атындағы орта мектеп (Қазалы) және Көкшетау қазақ лицейiнiң ұстаз-тәлiмгерлерi мен оқушылары тартылды. Эксперимент жұмысына 450 оқушы, 60 мұғалім қатысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz