Мектептегі тәрбие процесі – динамикалық жүйе ретінде. Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1- лекция. Тақырыбы: Мектептегі тәрбие процесі – динамикалық жүйе ретінде
Жоспары:
1.1. Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары.
1.2. Тәрбиенің құрамды бөліктері
1.3. Мектептегі тәрбие процесі және оны ұйымдастыру формалары.
1.4. Тәрбие процесі өзін-өзі тәрбиелеу ісімен тығыз байланысты
Лекция мақсаты: Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтарын меңгерту.
Тәрбиенің құрамды бөліктеріне тоқтала отырып, мектептегі тәрбие процесі
және оны ұйымдастыру формаларымен таныстыру.
Лекция мәтіні
Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары. Адамзат дамуының қай
кезеңінде болмасын тәрбие тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді.
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мәні – адамның
қоғамдық мазмұнын әлеуметтік оның ұжымы мен және қоғаммен практикалық
қатынастың жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық
міндеттердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді қамтиды:
1. Педагогикалық жағдайдың тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау
жоспарлау жұмысын реттеу. Сөйтіп оқушының тәрбиелігінің деңгейін анықтауды,
оның қоғамдық мәні мен ұжымның дамуын белгілеуде нақты педагогикалық
міндетті бөлуді және қалыптастыруды, оны шешудің жолдарын анықтауды,
тәрбиенің құрылымы мен әдістерін таңдай білуді тағы басқа қажет етеді.
2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл өзінің
мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы бөліктерге және
ықпалдарға бөлудің оқушылардың іс-әрекетіне педагогикалық басшылық етудің,
оқушылар ұжымы мен шағын топтардың, жеке оқушы мен дұрыс қарым-қатынастарды
бекітудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік психологиялық, шарттары мен
себептерін аңғара білудің, шарттары оқушыларға жеке тұрғыда қатынас
жасаудың бірлігінің болуын талап етеді.
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл
мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды
жүзеге асыруды сыртқы ықпалдың қауіпті жағдайға өтуін және қабылдауын
қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті
материалдарды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-қатынас
реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді жоюды,
оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды
педагогикалық жағдайларға байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген
жағдайларды тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дұрыс анықтауды және
тәсілдерді қайта құруды т.б. талап етеді.
4. Қорытынды есепке алу. Мұның мазмұны әдепкі берілгендермен
салыстырып, қол жеткен нәтижесіне талдау, қолдану тәрбие әдістің тиімділік
шеңбері анықтау баланың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған
қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды,
әдістерді, тәсілдерді жинақтау өз тәжірибесіне енгізілген мақсатта басқа
мұғалімнің іс-әрекетін зерттеу педагогикалық теория мен тәжірибені
сәйкестендіре білу деген сөз. Тәрбие бұл - педагогикалық құбылыс. Олай
болса педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс
мәселелерін қарайық. Бұл жерде кейбір заңдылықтарды атауға болады.
1. Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Неғұрлым
қоғамның әлеуметтік экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес
дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің
дамып қалыптасуына игі әсер етеді.
2. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы
мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Іс-әрекет барысында
белсенділіктің бірнеше түрін байқауға болады. Олар қарым-қатынас
белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.
3. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие,
оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты. Іс-әрекеттің бірнеше
түрлері бар. Оларға ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-
әрекеттері т.б. жатады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде баланың ақыл-ойы,
дүниеге көз-қарасы дамиды, мінез-құлық және эстетикалық қасиеттері
қалыптасады, еңбек етуде жауапкершілік сезімі артады.
4. Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке
алу.
5. Педагогикалық процесте ұжым мен адамның өзара байланысы.
Тәрбие-мақсат көздеген процесс. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда
тәрбие мақсаты-әрбір тұлғаны әр жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам
жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекеті
мен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда іс-әрекет қарым-қатынас иесі.
Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған
қоғамдық-тарихи жағдайларына тәуелді болады. Егер тәрбие мақсатының қалай
өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты
маңызды екенін айқын байқауға болады. Тәрбие - қоғамдық құбылыс, онсыз
ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес және тәрбие қоғамның пайда
болуымен бірге пайда болады, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады,
ілгері дамымайды.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту,
әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу
деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен
жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой
дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына
белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады.
Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды,
адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір
байлығын меңгереді. Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие
бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері:
1. Ақыл-ой тәрбиесі.
2. Құлық тәрбиесі.
3. Еңбек тәрбиесі.
4. Экономикалық және экологиялық тәрбие.
5. Эстетикалық және дене тәрбиесі.
Тәрбиені құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі
болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне жалпы дайындығына байланысты.
Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай:
- Үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны
біртұтас қалыптастыру;
- Азаматтық құндылықтар, әлеуметтік бағдарлы мотивация, ақыл-ой,
эмоционалдық және еріктік үйлесім арқылы негізінде тұлғаның адамгершілік
сапасының қалыптасуы;
- Оқушыларды ғылыми мәдени және өнер т.б. қоғамдық құндылыққа қатысу;
- Қоғамның демократиялық өңделуіне тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне
сәйкес өмірлік позицияға тәрбиелеу;
- Оқушылардың даралық және қоғамдық түсінімдерін дамытатын танымдық іс-
әрекет ұйымдастыру;
- Тұлғаның аса маңызды әлеуметтік функцияларын яғни өзгермелі еңбектің
іс-әрекет жағдайларының қатынастарын дамыту, әлеуметтік қуаттылықты көтеру.
Бастауыш мектептегі тәрбие процесі және оны ұйымдастыру формалары.
Күрделі де көп қырлы тәрбие процесі әр түрлі формалардың көмегімен жүзеге
асырылады. Олар өте өзгермелі, серпінді келеді. Оларды таңдау тәрбие
жұмысының мазмұнына, оқушылардың жас шамасына, тәрбиешілердің шеберлігіне
және тәрбие процесі өтетін басқа жағдайларға байланысты болады.
Тәрбиені ұйымдастыру формасы - көп жағдайды қамтитын кең мағыналы
ұғым. Ол тәрбие қызметін ұйымдастыру мен байланысты нақты процестерді
белгілеу үшін қолданылады. Егер тәрбиені ұйымдастыру формасын ең жалпы
түрінде қарастыратын болсақ, онда олар тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің
қандай позицияда тұрғанына байланысты тәрбие процесі белгілі бір
ұйымдастырушылық формаға келтіріледі. Олар басшылық ету және бағыну қарым-
қатынастарын, жұмсалатын күштің орны анықталуын, тәрбиелік қызметтің
жоспалануы мен ұйымдастырылуын, оның нәтижелерінің есепке алынуы мен
бағалануы мен сипаттайды.
Тәрбиені ұйымдастыру формасы - тәрбие элементтерінің ішкі байланысын
бейнелейтін және тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-
қатынастарын сипаттайтын тәрбие процесін ұйымдастыру әдісі.
Тәрбие формаларының жіктелуі: жаппай немесе бұқаралық, топтық немесе
үйірмелік және жеке дара. Бұл әлдеқайда көп таралған жіктеу. Ол ұйымдастыру
формаларын көрсетеді, мұнда тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің тәрбие
процесінде қарым-қатынастары, олардың араласу формалары бейнеленеді.
Тәрбие қызметін ұйымдастыру формаларын тәрбиелік ықпал жасау
методикасына байланысты жіктеуге талпынушылық та бар. Мұндай жіктеуде
тәрбие формалары мынадай топтарға жіктеледі: сөздік (саяси-хабарлар,
жиналыстар, жиындар, ленейкалар, лекциялар, баяндамалар, оқырмандар
конференциялары, диспуттар, кездесулер, газеттер, радио, журналдар т.с.с.);
практикалық (жорықтар, экскурсиялар, спартакиялар, олимпиадалар мен
конкурстар); көрнекілік (мектеп музейлері, соғыс және еңбек ерлерінің
галереялары).
Тәрбиенің күрделі процесінде ұйымдастырылудың белгілі бір формасын
қанағат тұтып қалуға болмайды. Тәрбие жұмысына қойылатын аса маңызды талап
- оны ұйымдастырудың алуан түрлі формаларын қолдану.
Тәрбие процесі өзін-өзі тәрбиелеу ісімен тығыз байланысты. Өзін-өзі
тәрбиелеу дегеніміз адамның өз мінез-құлқын өзгертуге, бағытталған іс-
әрекеттері деген сөз. Өзін-өзі тәрбиелеу дұрыс тәрбие беруге көмектеседі,
сонымен бірге соның нәтижесі де болып табылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу ісі жемісті болуы үшін, ойындағы жақтары мен
кемшіліктерін байқай білуі және кемшіліктерін өзі жойып, өмірдегі
қамтылатын мақсат-мұратын жақсы түсіну керек.
Бастауыш класс мұғаліміне оқушының мінез-құлқындағы бұрынғы тәрбие
нәтижесінде, әсіресе отбасы тәрбиесі нәтижесінде қалыптасқан кейбір
кемшіліктерді түзетумен айналысуына тура келеді. Бұл кемшіліктерді түзету
үшін мұғалім ата-аналарымен бірлесіп күш жұмсайды.
Мұғалімнің ата-аналармен жұмысы баланы мектепке жазу кезіндегі алғашқы
кездесуден басталады. Алғашқы әңгімені ата-ана мұғалім кеңесін
пайдаланатындай етіп, сабақ басталғанда дейінгі уақыт ішінде баласын
мектепке дейінгі уақыт ішінде баласын мектепке толық әзірлейтіндей етіп
өткізу керек. Оқу жылы бойында мұғалім өз оқушысының жанұяларында болып
отыруы керек. Оқушы үйіне баруға мұқият әзірлену, онда барғанда неге назар
аудару керектігін, ата-анасына не сұрап, нендей кеңес беру керек екендігін
ойластырып алу шарт.
Мұғалім мына нәрселерге назар аударуы тиіс:
1. Жанұядағы жалпы атмосфера микроклимат: ата-ана арасындағы, олардың
семьясының басқа мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас қалай дамығандығы.
Сондықтан да мұғалім үйдегі ересектер түгел болған кезде барғаны дұрыс.
Әңгіме басталған бетте-ақ отбасындағы өзара түсінушілік пен бір-бірін
сыйлауын, өмірге деген ортақ көзқарасын, үлкендердің кішілерге қарым-
қатынасынан, балалардың үйдегі орнын бірден байқауға болады.
2. Үйдегі жалпы тәртіп: сабақ әзірлейтін заттары қайда, сабаққа
арналған оқу столы бар ма? Ойыншықтары, кітаптары қандай жағдайда, сабақ
әзірлейтін орын балаға қолайлы ма? Үстел ылайықты ма? Жарық дұрыс түсе ме?
Телевизор мен радио бар ма, жоқ па? Осыған назар аудару керек.
3. Әңгімеде үйдегі ересектердің бәрі болғаны жөн. Олардың бала
тәрбиесін қалай түсінетінін, баласын қалай етіп өсіргісі келетін, ықпал
етудің қандай әдістерін тиімді деп санайтындығын анықтаған дұрыс. Мысалы,
сыныпта тыныш отырмасаң немесе осылай етсең, мұғалім сені сыныптан қуып
шығарады, тыңдамасаң саған көресіні көрсетеді т.б. Бала бойында әке
шешесінің осы сөздері мұғалімнен қорқу, үрей сезімдерін тудырады.
Бақылау сұрақтары
1. Тәрбиенің мәнін түсіндіріңіз?
2. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелері
қандай?
3. Тәрбиенің мақсаты.
4. Тәрбиенің құрамды бөліктерін атаңыз?
5. Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары қандай?
6. Тәрбиені ұйымдастыру формасы туралы түсіндіріңіз?
7. Өзін - өзі тәрбиелеу дегеніміз не?
2- лекция. Тақырыбы: Тәрбие процесінің ерекшеліктері, мәні мен мақсаты
Жоспары:
2.1. Тәрбие процесінің ерекшеліктері, мәні мен мақсаты
2.2. Тәрбие мақсаты мен тәрбие міндеттері
2.3. Арнайы ұйымдастырылған тәрбиенің мән-мағынасы
2.4. Тәрбие барысының нәтижелерін және тиімділігін зерттеу,
оның ерекшеліктері
Лекция мақсаты: Студенттерге тәрбие процесінің ерекшеліктері, мәні мен
мақсатын меңгерту.
Лекция мәтіні
Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған және сапалы, мақсатты
жүргізілетін педагогикалық қызмет. Тәрбие деп қалыптасушы жеке адамның
қоғамдық тәжірибенің бүтін жиынтығын: білім, ептілік, дағды, шығармашылық
іс-тәсілдерін, әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық қатынастарды игеру
үшін бағытталған белсенді іс-әрекетті қолдап, қуаттаушы әрі ұйымдастырушы,
бағдарлы, әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс болып табылады.
Қазіргі педагогикалық теорияда Тәрбие әдісі ұғымы әлі де жете
зерттелмеген мәселелердің бірі, өйткені бұл жөнінде әртүрлі көзқарастардың
бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген
анықтамаларының өзі-ақ дәлел бола алады.
Т.Е. Конникованың анықтамасы бойынша бұл педагогикалық жұмыстың
тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету.
И.С. Макаренконың анықтамасы бойынша тәрбие әдісі – бұл жеке адамға
тікелей және жанама түрде ықпал жасау.
В.А. Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінің іс-
әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды. Сонымен әртүрлі
авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қорытынды жасауға болады.
Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-
әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған
педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика
талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың
бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа
жеткізеді.
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін
жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір
қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің
орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі
белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет
мүмкіндігіненс туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау
болып табылады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны
әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам - жер бетіндегі тірі
организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс-әрекетімен мәдениет
субъектісі, басқаша айтқанда іс-әрекеті мен қарым-қатынас иесі. Адам іс-
әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық
тарихи жағдайларына тәуелді болады.
Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық философиялық ой-
пікірлер пайда болып, қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең
басты мәселеге айналды. Осыған орай балаларға білім мен тәрбие берудің
негзгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттердің мазмұны анықталады,
білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері
қарастырылады.
Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек тәрбие
мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айқын байқауға болады.
Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін
емес. Сондықтан да В.И. Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп
дәлелдеген. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болады, онсыз қоғам
жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды деді ол. Философия,
социология, этика ілімдерімен қаруланған педагогика ғылыми адамды барлық
жағынан дамытып, жарасымды етіп тәрбиелеуді өз алдына айқын мақсат етіп
қойды. Халыққа білім беру кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіріп
отыруды көздейді. Бұл әсіресе қазргі қайта құру кезеңінде ерекше маңызды.

деп қарастырды. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен
жастарды практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой
дамуының біртұтастығы деп түсіну керек. Адам баласының жарқын болашағы
толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты
міндеттері теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу
оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық,
экологиялық біліммен қаруландыру кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай
болса әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен
мекемелер тәрбиенің мәніне міндеттері мен мақсатын жете түсіну керек.
осыған орай тәрбиенің негізгі мақсаттары:
а) жастардың дүниеге ғылыми материалистік көзқарасын қалыптастыру;
ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып,
эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Әрбір адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру - негізгі шарттардың
бірі. Дүниетаным дегеніміз адамның табиғатпен әлеуметтік ортаны түсінуі
және онымен қарым-қатынасының, оның барлық іс-әрекетінің бағытын
бейнелейтін көзқарастарының жүйесі. Ал дүниеге көзқарас дегеніміз дүниенің
даму заңдылықтарын ғылым негізінде ашатын көзқарас.
Дүниеге ғылыми көзқарастағы адамдардың басты қасиеттері өзінің Отанына
шексіз берілгендігінде, жан қиярлықпен күресуге әзірлігінде. Мұндай
көзқарас болмайынша, адам өз өмірінің мақсаттарын, халқымыздың жалпы
күресіндегі өз орнын дұрыс түсіне алмайды.
Сонымен, еліміздің болашағына сай адам -ол теориялық іліммен
қаруланған, оны шығармашылықпен іс жүзіне асыратын белсенді қоғам
қайраткері, жаңа қоғамдық өмір үшін күресуге қабілеті мол, жоғары
мәдениетті, білімді, өз ісіне асқан шебер адам.

белсенді қатысуына әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады.
Мектеп білім мен тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды,

байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады. Өмір жастарды осы
заманға ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркендеу дәрежесіне қарай
жан-жақты тәрбиелеу міндеттері талап етеді. Қоғамдық және мемлекеттік
өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге қабілетті, сана сезімді
және жоғары білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап шығаруды көздейді.
Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының
көптеген мәселелерінде түбегейлі өзгерістер енгізіп қайта құру қажеттігі
туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектеп басшыларымен
педагог арасындағы қарым-қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет.
Осындай идеямен қаруланған халық ағарту қызметкерлерінің, жалпы орта
білім беретін мектеп мұғалімдерінің міндеттері-оқушылардың ғылыми-
техникалық қазіргі талаптарына сай баянды ғылым негіздерімен қаруландыру,
политехникалық білім беру, еңбекке тәрбиелеу, сыныптан тыс тәрбие
жұмыстарын, оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегін ұйымдастыру барысында
жүзеге асыра білу болып табылады. Осы мәселелерді өскелең өмір талабына сай
ұйымдастыру және іске асыру жас ұрпақты үйлесімді етіп тәрбиелеудің,
дамыту мен қалыптастырудың негізі болады. Ал тұлғаны жан-жақты дамыту бұл
тәрбиенің мақсаты.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін
байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл-ой
тәрбиесі, құлық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық
тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т.б. Тәрбиенің құрамды бөліктерінің
бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің
шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін-өзі дамытып,
барлық іскерлігімен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және
оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге
және қалыптастыруға әрқашан дайын болуы қажет. Міне, сонда ғана мектептегі
тәрбие жұмысының жемісті болуы мүмкін.
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен оның тәрбие
мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай
түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы.
Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар:
түрлі әсердің бала табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір
жинақталған көзқарасымен ынта-ықыласы, әдетімен талғамдарының болуы.
Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы өздері тап
болған жағдайдың себептерін, әрине біле білмейді.
Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының ішкі жағдайдың
игілігіне айналатын адам санасының шеңберіне өткізілуі. Келешекте іс-
әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың қай
жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның қоғамдық мәнінің
қалыптасуына оның осы жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және сол
жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл дамудың
әлеуметтік жағдайы деп аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық
мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бір қатар қарама-
қайшылықтар тән, олар сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар болуы мүмкін.
Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын
қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға өз-өзі қатынастар жасауға және
олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық мәнінің өмірдің
түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын оның
рухани жан дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні - адамның
қоғамдық мазмұнының әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен
практикалық қатынастар жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі
педагогикалық міндеттердің төмендегідей бір қатар мәселелерін шешуді
қамтиды:
1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау,
жоспарлау жұмысын реттеу.

ықпалдарға бөлудің, оқушылардың іс-әрекетіне педагогикалық басшылық
етудің, оқушылар ұжымдары мен шағын топтардың, жеке оқушымен дұрыс қарым-
қатынастарды бекітудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік-психологиялық
шарттары мен себептерін аңғара білудің, оқушыларға жеке тұрғыда қатынас
жасау бірлігінің болуын талап етеді.

жүзеге асыруды, сыртқы ықпалдардың қалыпты жағдайға өтуін немесе
қабылданбауын қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін
қажетті материалды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-
қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді
жоюды, оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды,
педагогикалық жағдайға байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген
жағдайлар да тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дұрыс анықтауды және

4. Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепті
берілгендермен салыстырып; қол жеткен нәтижені талдау, қолданылған тәрбие
әдістерінің тиімділік шеңберін анықтау, балалардың дамуындағы және
тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың туу себептерін
белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау, өз
тәжірибесіне енгізу мақсатында басқа, мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеу,
педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз.
Тәрбие - бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық
құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарайық. Бұл жерде
кейбір заңдылықтарды атауға болады.
Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Мысалы,
жоғарыда тәрбиені өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындау деп
анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты арнайы ұйымдастырылған тәрбие қызметінің
барысында іске асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті
үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс-әрекетке үйренумен де орындалуы
мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әртүрлі мағынаға
ие болатыны сөзсіз. Қоршаған орта тәрбиеледі, Отбасының тәрбие жемісі
деп нақтылап айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің
өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. Қоршаған орта тәрбиеледі немесе Отбасы
тұрмысы тәрбиеледі деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік-
экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты
бағдары болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді мектеп тәрбиесі десек, әңгіме
басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын
тәрбиелік қызметті білеміз.
К.Д. Ушинский: Педагогикадағы тәрбие - алдын-ала ниеттелген және
арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс,- деп тұжырымдаған.
Арнайы ұйымдастырылған тәрбиенің мән-мағынасы. Тәрбие мәнін дәлірек
топшылау мақсатымен американ психологы және педагогы Эдвард Ли Торндайк
былай деген еді: Тәрбие сөзіне әркім әртүрлі мағына береді, бірақ ол
қашанда өзгеріс дегенді аңдатады. Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ,
біз оны тәрбиелемегеніміз. Ал енді осы өзгерістер жеке адам дамуында қалай
көрінеді? Бұл сұраққа жауап бере, К. Маркс Адамның қоғамдық тұлға ретінде
дамуы мен қалыптасуы азаматтық болмысты игеру жолымен іске асады,- деген
еді. Бұл тұрғыдан тәрбиені өсіп келе жатқан әулеттің адамзаттық болмысты
игеруге пайдаланатын құрал-жабдығы деп білу қажет.
Ал енді осы болмыстың өзіне және оны игеру қалай өтеді? Адамзаттық
болмыс дегеніміз адамдардың көптеген ұрпағының еңбегі және жасампаздық
ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. Бұл тәжірибе өз ішінде келесі
құрылым бірліктерін қамтиды: 1) адамдардың табиғат және қоғам жөнінде
жасаған білімдерінің жиынтығы; 2) еңбектің әрқилы саласында қажет
ептіліктер мен дағдылар және шығармашылық іс-әрекет әдістері; 3)
әлеуметтік, рухани қатынастар.
Аталған тәжірибе көп ұрпақтың еңбегі және шығармашылық күшімен
жасалатындықтан білімдер де, тұрмыстық ептіліктер мен дағдылар да, сондай-
ақ ғылыми және көркемдік туындылар мен рухани-әлеуметтік қатынастар да
адамдардың әртүрлі танымдық, көркем шығармашылық, әлеуметтік және рухани
қызметінің нәтижелерінен қалыптасады. Енді осы тәжірибені өз игілігіне
айналдырып, меншіктеп алу үшін жаңа әулет қайтадан бұл затты ақыл-
саналық сипатқа келтіруі тиіс, яғни қай формада болмасын оны жасауға
бағышталған іс-әрекетті (еңбектік, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-
эстетикалық) шығармашылықпен көркейте, байыта отырып қайта жаңғыртып,
бұрынғыдан да дамыңқыраған түрде өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізуге борышты.
Тәрбие мақсаты мен тәрбие міндеттері. Мақсат категориясына қарама-
қарсы категория - арман. Екеуінің бір-біріне ортақ ұқсастығы олардың санада
туындап, әрі жасайтын идеялық бейне болуында. Ал айырмашылығы - осы бейнеге
субъект қатынасының әртүрлілігі.
Арман-елестің немесе қиялдың субъектіге берер біршама қанағаттану
сезімі. Арман адамды шындық болмыстан алшақтатады.
Мақсат - бұл да бейне, бірақ онан келетін қанағаттану тек ішкі
қабылдаудан емес, сол бейнені іс-әрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл
бейне не субъектіні белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай
отырып, мақсат ойға алған, көздеген нәтижеге жетпей, өз қанағатын таппайды.
Бұл арада бейне - нәтиже тек іштей қызығу үшін емес, нақты жетістік үшін
қажет.
Арман субъекттің енжарлығынан келіп шығады, әрекетсіздікке байланысты,
ал мақсат-іс-әрекет, белсенді қызметтің бастау көзі.
Бірақ өзіміз жасап отырған, қарама-қайшылығы қабысқан барша
дүниеміздегідей - бұл екі шекті құбылыс - арман мен мақсат өзара тығыз
байланысқан. Арман-мақсат түзу үшін негіз, арман-мақсаттарды қайта
қарастырып, үйлестіріп отыруға ықпал. Мақсат та өз кезегінде жаңа мақсатқа
жетелейтін жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетудің жолы тұр-тура болмақ
емес, ол үшін талай міндеттерді іске асыру қажеттіліктері туындайды.
Міндет-бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет
нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы
нәтиже де жоқ. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен
пайда болады. Кейін сол элементтердің бәрі бірігіп, іс-әрекеттің жалпы
нәтижесін алуға жұмсалады. Іс-әрекеттің барысында субъект, әдетте, мақсат
жөнінде ойламайды, оның есінде тек міндеттері, өз іс-әрекетін сол
міндеттердің кезегімен шешілуі деп біледі.
Мақсаттың ұмыт болуы - жалпы стратегиялық бағыттың жойылуына әкеледі,
ендеше, міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өз маңызын жояды. Мысалы,
бағбан адамдарға ләззат берер бақ бергісі келді (жалпы мақсат). Бірақ
нақты істерді (міндеттерді) орындау күйбеңімен жүріп, тиісті орынға гүл
егуді ұмытты, соның салдарынан бақ ләззат беру сипатынан айрылды, яғни
негізгі мақсат іске аспады, сонымен атқарылған міндеттер (атызды дайындау,
суғару, күтім жасау-бәрі де) босқа кетті.
Мақсат болжау-мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану нәтижесі.
Міндет - мақсаттың бір бөлігі, құрылым бірлігі. міндет көрер көзге
дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып барады. Мысалы,
педагог баланы күнделікті адамгершілікке баули отырып, қоғам азаматын
тәрбиелеу бағдарындағы мақсатты мүлде естен шығармауы тиіс, өмірде адамның
тұлғалық мазмұнын оның әр секунд, минут, сағаттағы белсенді тіршілігі
қалайды,- дегендей философиялық тұжырымды бетке ұстау лазым.
Кәсіптік еңбектің ажырамас бөлігі ретінде мақсат болжау мұғалімнің,
жоғары оқу орны оқытушысының қызметінің құрамды бөлігі. Осыдан, ертең
ұстаздық іске араласамын деген студент мақсат болжау проблемасының ғылыми
мағынасын, педагогикалық қызмет құрымындағы мақсат болжаудың мәні мен
мақсаттың орны мен маңызын, мақсаттарды әртүрлі негізде сараптауды жете
түсініп, игеруі міндетті.
Әрбір міндет өзінің орындалу сәтінде субъект үшін нақты бір мақсатқа
айналады да, ол мақсат өз кезегінде төменірек деңгейдегі жаңа міндеттерді
жүзеге әкеледі. Педагог жалпы мақсат бағдарын жаздырмай отырып, таңғажайып
үздіксіз міндетке, міндеттің мақсатқа өзгерісі мен ауысу аймағына тап
болды. Осыдан да, педагогикалық тәжірибеде түсініспестік орын алып келе
жатыр: нені мақсат, нені міндет деп танимыз?
Егер тәрбие мақсатының жалпылығы сақталса, онда педагогтің қадам сайын
алға қойып, әр сәт сайын шешіп отыратын әрекеттерінің бәрі-міндеттер.
Жалпы мақсаттық бағдар назардан ғайып болып, педагог міндет бағытында
жұмыс істеп, ойлай бастағаннан, дәл осы міндет мақсат мазмұнына ие болып,
өзіне қажетті міндеттерге ие болады.
Бақылау сұрақтары :
1.Тәрбие дегеніміз не ?
2.Тәрбие әдісін қалай түсінесіз?
3.Тәрбиенің негізгі мақсаттары.
4.Тәрбие ісінің педагогикалық міндеттері ?
5.Арнайы ұйымдастырылған тәрбиенің мән – мағынасын түсіндір.
6.Тәрбиенің міндеттері.
3- лекция. Тақырыбы: Тәрбие жұмысын талдау
Жоспары:
1. Тәрбие жұмысын талдау түрлері мен деңгейлері
2. Тәрбие жұмысының талдау жолдары.
3.3. Тәрбие жұмысы жүйесіндегі қажетті буын.
2. Лекция мақсаты: Тәрбие жұмысын талдау түрлері мен деңгейлерін білу.
Тәрбие жұмысының талдау жолдарын меңгеру. Тәрбие жұмысы жүйесіндегі
қажетті буындармен танысу.
Лекция мәтіні
Тәрбие жұмысын талдау түрлері мен деңгейлері. Тәрбие процесі үздіксіз
жалғасты тәрбие ісінен тұрады. Тәрбие ісі ұжымдық және шығармашылық
сипатта болғандықтан және ұжымдық тәрбие істері немесе ұжымдық шығармашылық
істер деп аталады.
Тәрбие ісі өз құрамында адамгершілік, эстетикалық, саяси, ақыл-ой
әсерлерін топтастырады. Іс-әрекеттік тұрғыдан тәрбие ісі тәрбие бағытын
көрсетсе, комплексті қолдаудан тәрбие сипаты миен мазмұнын анықтайды.
Тәрбие ісі жүйесіне сәйкес, негізінен сабақтас құралады. Кез келген
тәрбие ісі кезеңдері:
1. Мақсат анықтау.
2. Жоспарлау.
3. Дайындық және ұйымдастыру.
4. Жұмыстың міндетті түрде іске асуы.
5. Нәтижелерді талдау.
Тәрбие ісінің мақсаты мен жоспарлауының негізгі көздері:
1. Қоғамдық жағдайларға негізделген әлеуметтік ситуациялар;
2. Белгілі бір кезеңге арналған оқу-тәрбие мекемесі жұмыстарының
бағыты;
3. Тұлғада қалыптасуы қажет сапаларға анықтама.
Жоспарлау кезеңі мақсаттық кезеңнен кейін келеді. Ол мақсаттық
теориялық жағынан бөлінгенімен, практикалық жағынан үздіксіз процестің
құрамды бірлігі. бұл кезеңде педагог алдында тұрған маңызды міндет-
тәрбиеленушілермен бірге барлық бөлшектердегі жұмыс бағытын белгілеу,
оқушылардың жеке міндеттерін айқындау, орындалған істің қалай өткенімен
бірге, енді істелінетін істің қалай жасалатынын көрсету.
Тәрбие ісін жоспарлауда оқушылар да ат салысып, жұмыс жоспарын
ұйымдастыру мектебінен өтеді. Сол үшін жұмыс жоспарының тәжірибелік мәнін
жете түсіндірудің маңызы зор.
Тәрбие ісін ұйымдастыруда мұғалімдер басшылыққа алатын 6 теориялық
кезеңі ұсынылады.
1. Мақсатты айқын түсіну.
2. Әрбір оқушының міндетін дәл анықтау.
3. Мақсат пен нәтижеге қол жеткізу үшін барлық қажеттілікті дайындау.
4. Нәтиже өзгерісіне орай орындалатын қосымшаларды белгілеу.
5. Тәрбие ісіне жауапкердің есеп беру сәтін белгілеу.
6. Орындаушыларға түсініктеме-нұсқау беру.
Тәрбие ісін ұйымдастыруға қатысу тұлғаның төмендегідей маңызды
қасиеттерін тәрбиелейді:
а) мақсатқа жетуде шаршап-шалдықтау;
б) жауапкершілік;
в) бастаған ісін аяғына дейін жеткізу;
г) тәртіптілік;
д) орындаушылық.
Тәрбие ісінің барлық процестерін орындау кезінде ескерілетін жайттар:
1) тәрбиеші бастаған ісін оның аяғына дейін назардан тыс қалдырмауы
міндетті;
2) тәрбие ісі кезінде тәрбиеші дұрыс бағыт-бағдар ұстануы қажет;
3) байқалған қателіктер дер кезінде түзелуі шарт.
Істің қорытындылау кезеңі ұжымдық талқылау мен жеке педагогикалық
сарапқа бағытталады. Қойылатын мақсат-жетістік пен кемшіліктердің
себептерін анықтау.
Тәрбие жұмысының талдау жолдары. Бала жеке адам тек іс-әрекет үстінде
ғана қалыптасады. Бұл үшін баланың өмірі үнемі іс-әрекет арқылы
ұйымдастырылуы қажет. Ол іс-әрекет үнемі нақтылы мақсатты шешуге
бағытталып, қажет болған жағдайда арнайы ситуациялық іс-әрекеттер де
ұйымдастырылуы қажет. Енді тәрбие жұмыстарының түрлерін талдау әдістемесін
жеке-жеке қарастырамыз.
1. Тәрбие жұмысының бірінші тобы-оқушылардың санасына, сезіміне, ерік-
жігеріне жан-жақты ықпал жасауды қамтиды. Бала жеке адам болып қалыптасу
процесінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің жеке
сананың әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі.
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру,
әңгімелер, лекциялар, пікірталас үлгі өнеге жатады.
Жалпы азаматтық мораль талаптарына сай қасиеттерді қалыптастыру
мақсатында тәрбиеленушінің сана-сезіміне, еркіне, мінез-құлқына ықпал жасау
жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы сендіру әдісі деп аталады.
Сендіру дегеніміз-оқушылардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру,
адамгершілік жайлы түсініктер мен ұйымдарын қалыптастыру және жағымсыз
құлықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан-
жақты әсер етуді айтамыз.
Сенім-тек моральдық түсінік, ұғым ғана емес, ол адамның мінез-құлық,
іс-әрекетінің тұрақты жетекшісі.
Сонымен жеке адамның санасын қалыптастыратын әдістердің маңызы:
- қоғамдық, моральдық, еңбек, эстетикалық т.б. күрделі ұғымдарды,
түсініктерді, анықтамаларды, ереже нормаларымен нақтылай түседі;
- әрбір іс, қимыл, әрекеттердің, тәжірибелердің оң дәрежеде, жағымды,
көтеріңкі эмоциялық күйде болуына жағдай туғызады;
- нақтылы міндеттердің анық мақсаты мен маңызы қоғамдық адамгершілік
негізі арқылы айқындайды.
Бұл топтағы әдістерді қолдануда мынадай педагогикалық-психологиялық
талаптар ескеріледі.
1. Сөз өте күшті сенім қаруы екенін түсіну оқушыға шын мәнінде белгілі
ережені түсіндіру, жаңа мәліметтер беру немесе санасына әлдеқайда ерекше
ықпал жасау қажет болған уақытта өндіру әдісін қолдану;
2. Жеке бастың психологиялық табиғатын жақсы білу, сезімнің атқаратын
ролін айқындау;
3. Оқушының өмірлік тәжірибесіндегі алғашқы жинақталған ұғымдар,
түсініктер қорына, мінез-құлық қажеттеріне арқа сүйену, оның оң не теріс
екенін айқындау, орын алған ситуацияларды баяндау, оған қорытынды жасау.
4. Мұғалімнің, ата-ананың әңгімесіне, пікіріне баланың үнемі
белсенділікпен, қызығушылықпен қатысуын ұйымдастыру.
5. Әр баланың көңіл-күйін, ынтасын арттыратындай өз ісінің-мінезінің
кемшілігіне қысылатындай, өзін-өзі тәрбиелеуге жігерлендіретіндей жағдай
жасау.
6. Сендіру әдісінің барлық салаларын бірлікте, жүйелі түрде, үздіксіз
қолданғанда және балалардың сана-сезімі, тәжірибесі, білімі, көзқарасы мен
сенімі жас өзгешеліктеріне қарай біртіндеп жоғарылаған сайын әр әдістің
мазмұнын күрделендіріп, түрлендіріп, дамытып отырғанда ғана тәрбие ісі
нәтижесі болады.
7. Үнемі бір әдісті қолдану оқушыларға әсер етпейді.
Ең көп тағана әдістің бірі-түсіндіру. Оқушыға адамгершілік,
эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі.
Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар
шығармалары.
Әңгімелесу барысында оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болуына
жағдай туғызу; тәрбиешілердің оларға сеніммен қарай білуі, олардың
жауаптарына зейін қоя білу, дұрыс ойлы жауаптарына айрықша көңіл бөліп,
мадақтап, қолдап отыру, кемшіліктерін өте ептілікпен түзетіп, дұрыстығын
айту, реті келген кезеңде орынды әзіл, күлкі, сықақ сөздерді де пайдалана
білу, т.б.
Тәрбие процесінде үлгі-өнеге тәрбиенің ықпалды әдістерінің бірі
болатын себебі үлгінің тәрбиелік күші балалардың өзін қоршаған ортадағы
үлкендерге, жолдастары мен ең жақсы достарына ұқсауға еліктейді. Сонымен
қатар балаларға ұлы адамдардың өмірі мен қызметінің, сол сияқты еңбек,
соғыс ардагерлерінің, оқу озаттарының көркем әдебиет, өнер, бейнефильм,
театр кейіпкерлерінің өнегесі орасан зор әсер етеді.
Мектеп тәжірибесінде тәрбие әдісі ретінде балалармен тең дәрежеде,
кеңінен ашық, адал, еркін сөйлесе білуге, шындықты бүкпесіз айтуға үйрету,
қоғамдық пікірді орнатудың тиімді әдісіне айналып отыр.
Тәрбие әдісінің үшінші тобына мадақтау, жазалау және жарыс ұйымдастыру
әдістері жатады. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-әрекеттерін
қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс
қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.
Мадақтау-оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп
отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады.
Мадақтаудың түрлері өте көп: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, мақтау
қағаздарымен марапаттау, награда, ордентер тапсыру.
Жазалау-педагогикалық ықпал етудің бір жолы. Мұғалім мектептегі
жазалау шарасына ерекше ептілікпен әрі ойланып қарауы тиісм. Тәжірибелі
ұстаздар жаза қолдануда оқушылар (коллективінің) ұжымының көмегіне,
қолдауына арқа сүйейді. Мектеп практикасында арнайы қабылданған нұсқау
бойынша жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, оқушының тәртібі жөнінде
бағасын төмендету шаралары қолданылады.
Жарыс-әлеуметтік-психологиялық фактор ретінде жастардың бір-бірімен
еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады.
Оқушыларды зерттеу-оларды жекелеп тәрбиелеудің қажетті шарты. Мектеп
оқушыларын зерттеу-тәрбиелеу мен оқыту процесінде жекелеп тәрбиелеудің
әдісін қамтамасыз ету керек. Өздерінің мінезі ынтасы мен бейімділігі
жөнінен балалар бірдей емес. Олардың біреулері жылдамырақ, ал біреулері
икемсіз, кейбіреулері батыл және табанды, ал басқалары ұялшақ және
жасқаншақ. Ал біреулері ұйымшылдығы мен қайсарлығымен ерекшеленеді. Сынып-
балалардың бірдей бір-біріне ұқсас кескінсіз тобыры емес. Олардың мінезі,
ынтасы, көңіл-күйі мен тілек-талабы, дағдылары мен әдеттері міндетті түрде
әр түрлі келеді. Олардың әрқайсысы ерекше және қайталанбас.
Тәрбие жұмысы жүйесіндегі қажетті буын. Тәрбиенің табысты болуы көп
ретте оның нәтижелерін дұрыс есептеу мен объективті бағалауға байланысты.
Тәрбиешілер нақты тәрбие міндеттерін алға қоюы үшін олардың жеке адам мен
коллективті қалыптастыру және дамыту ісінде қол жеткеннің бәрін жақсы
білуге тиіс. Қол жеткенге сүйене отырып қана ойдағыдай ілгері басуға
болады.
Тәрбиенің нәтижелерін анықтау және оған баға беру міндетті түрде жеке
адам мен коллективті жан-жақты зерттеуді көздейді. Н.К. Крупская Тәрбие
жұмысы туралы мақаласында былай деп жазады: ... Педагогтар педагогиканың
негізгі ережесін жиі естен шығарады: баланы тәрбиелеу үшін жалпы бала
атаулыны және атап айтқанда тәрбиеленетін балаларды өте жақсы білу
керек...Балаларды осылайша білмейінше, тәрбие жұмысы ғана емес, сонымен
бірге оқыту жұмысын да шындап ұйымдастыруға болмайды, балаларды білмейінше
бір қалыпты жолға түсу, балаларға деген теңгерме көзқарасқа түсу оңай.
Мектептердің тәжірибесімен танысу, өкінішке орай оқушылардың әлі ұдайы
зерттелмейтінін, тәрбиенің шын мәніндегі нәтижелері есептелмейтінін және
бағаланбайтынын көрсетеді. Мұның бәрі тәрбие процесін ұйымдастырудың және
үйлестіруді, оны жетілдіруді қиындатады.
Оқушыларды жан-жақты зерттеу, олардың жан дүниесіне үңілу тәрбие
жұмысының неғұрлым тиімді формалары мен тәсілдерін творчестволықпен таңдап
алуға, оның нәтижелерін есептеп, бағалауға, оқушыларға жеке-жеке қарауды
қамтамасыз етуге көмектеседі.
Мектепте жүзеге асырылатын жалпы тәрбие міндеттерінің барлық
оқушыларға қатысы бірдей, бірақ оларды шешудің формалары мен тәсілдері әр
түрлі. Оқушылардың белгісіз, әрең білінетін ерекшеліктері тәрбиелік
ықпалдың түрлі тәсілдерін қолдануды талап етеді. Оқушы тәрбиелілігінің
дәрежесін білмейінше педагогтар көбіне көз жұмып жұмыс істейді де, елеулі
кемшіліктер жібереді, өз талаптарын арттырып, шама келмейтін міндеттер
қояды. Кейде оқушыларға қойылатын талаптар дәрежесі төмендетіледі, ал мұның
өзі олардың қажетті қасиеттерін дамытуға және қалыптастыруға жағдай
туғызбайды. Бұған жол бермеу үшін тәрбиенің жалпы міндеттерімен қатар әрбір
оқушының тәрбиелілік дәрежесін ескере отырып, жеке тәрбие міндеттеріне де
шешкен жөн. бір оқушының бойындағы, мысалы, батылсыздықты жеңу керек,
екіншісінің жинақылығын арттыру қажет, үшіншінің коллективизм сезімін
дамыту керек. нақты тәрбие міндеттерін алға қойған кездегі мұндай жеке
көзқарас тек әрбір оқушыны зерттеп, оның тәрбиелілік дәрежесін анықтаған
жағдайда ғана мүмкін.
Қазіргі жағдайда оқушыларды, әсіресе, жоғары кластағыларды зерттеу
оларға кәсіптік бағдар беруге байланысты, ерекше өткір әрі актуальды болып
отыр. Көңілге қонымды кәсіпті таңдап алуға көмектесу үшін тәжірибелі
педагогтар балалардың ынтасы мен қабілеттерін күн сайын зерттейді. Осының
негізінде кәсіптік бейімділікті дамыту, ортақ игілікке еңбек ету қажеттігін
тәрбиелеу, қажетті кәсіпті таңдап алуға көмектесу анағұрлым оңай.
Оқушыларды зерттеу жоғары кластарда факультативтік сабақтарды
ұйымдастырумен байланысты зор мағынаға ие болуда. Жоғары кластағылардың
танымдық ынтасы мен бейімділігін біле отырып, бұл сабақтарды зор табыспен
ұйымдастыруға болады.
Оқушыларды жан-жақты зерттеу оларға мінездеме беру үшін нақты материал
жинауға мүмкіндік туғызады. Мұнда, тәрбие нәтижесінің көрініс табатынын
әрбір оқушы тәрбиелілігінің нақты дәрежесі сипатталатыны белгілі.
Сонымен, тәрбие процесін ұйымдастыру, оның нәтижелерін есептеу және
бағалау оқушыларды жан-жақты зерттеуді, олардың тәрбиелілік дәрежесін
анықтауды талап етеді. Мұның өзі тәрбие жұмысы жүйесінің, жас ұрпаққа
коммунистік тәрбие беру процесін үйлестірудің өте маңызды және қажетті
буыны. Оқушыларды зерттеу тәрбие жұмысымен қатар әрі бір мезгілде
жүргізіледі. Ол осы процесті жедел үйлестіруге және жетілдіруге,
тиімділігін арттыруға, оның нәтижелерін есептеуге көмектесед. Оқытудың
тиімділігі туралы оқушылардың үлгерімі мен білімділігі дәрежесі бойынша
пікір айтылатын болса, тәрбие тиімділігінің көрсеткіші оқушылардың
тәрбиелілік дәрежесі болып табылады. Мұны анықтау тәрбие процесінде кері
байланысты қамтамасыз етуге, тәрбие жұмысында қол жеткен нәтижелер туралы
деректер алуға көмектеседі. Сондықтан тәрбиелілік дәрежесін дұрыс анықтау-
тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың пәрменді құралын табу деген сөз.
Қорыта айтқанда мектеп оқушыларын зерттеуге байланысты мәселелер
шеңбері шамамен осындай. Әрине зерттеу міндеттері жұмыс жағдайларына
байланысты. Зерттеу мақсатты және жүйелік сипаты болғаны маңызды.
Бақылау сұрақтары:
1.Тәрбие ісін ұйымдастыруда мұғалімдер қандай теориялық кезеңді
ұсынды?
2.Тәрбие жұмыстарының түрлерін,талдау әдістерін қарастыр.
3.Түсіндіру формасының түрлері.
4.Мадақтау дегеніміз не?
5.Жазалау дегеніміз не? Оның түрлері?
4- лекция. Тақырыбы: Тәрбие сағатын өткізу жолдары және тәрбие сағатының
жоспарының үлгісі
Жоспары:
4.1. Тәрбие сағаты және оны өткізу жолдары.
4.2. Тәрбие жұмысын жоспарлай білуге үйрету
4.3. Тәрбие жоспарының үлгісі
4.4. Сынып сағатын ұйымдастыру
Лекция мақсаты: Тәрбие сағатын өткізу жолдарымен танысу және тәрбие
сағатының жоспарын жасауға үйрету
Лекция мәтіні
Тәрбие сағатын өткізу жолдары және тәрбие сағатының жоспарының үлгісі
1.Тәрбие сағаты және оны өткізу жолдары.
1) Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы
сыныптық сабақ екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі оқушылармен
ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы-сынып немесе тәрбие сағаты
деп аталады. Соның негізінде оқушылар мұғалімдердің басшылығы арқасында
өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыратын арнаулы
ұйымдастырылған тәрбиелік әрекеттерге қатысады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында сынып сағатының алатын орны өте
ерекше. Сынып сағаты- оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруда,
өнер саласындағы талғам-тілектерін тәрбиелеу, адамдар өмірінде кездесетін
жағымды-жағымсыз мінез-құлық нормаларына, олардағы дұрыс көзқарасты
қалыптастыруға, елжандылық сезімдерін шыңдауда, сабақтан тыс кезде
өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып
саналады.
Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділіктері
артады, оларда іскерлік, дағды қасиеттері қалыптасады.
Сынып сағаты мынадай тәрбиелік қызметті атқарады: ағартушылық,
бағыттаушылық, болжамдылық және қалыптастырушылық.
Сынып сағатын ағартушылық қызметі оқушылардың оқу бағдарламасында
қамтылатын білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана
өмірдің барлық құбылыстарын қамтиды.
Болжамдылық қыметіне оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым-
қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір заттық және рухани құндылықтарды
жасау болады. Егерде сынып сағатының ағартушылық қызметі айнала қоршаған
өмірмен танысуға мүмкіндік берсе, ал болжамдылық оны бағалауға
көмектеседі. Бұл оның негізгі қызметі. Дегенмен де ол сынып сағатының
ағартушылық қызметімен өзара байланыста болады.
Бағыттаушылық қызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке
бағыттауға көмектеседі. Егер де сынып сағатын өткізу барысында онда белгілі
бір нақты бағыттың болмауы, онда оның ықпал ету әсері төмендейді, білім
сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез-құлқында келеңсіз
сапалардың пайда болуына жағдай туады.
Қалыптастырушылық қызметінде жоғарыда аталған 3 қызметтің орындалуымен
байланысты және оқушыларда ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге
өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айналдыруды қалыптастыруды, топпен
диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін қорғай білуді
көздейді.
Сынып сағаты негізінен екі бағатта жүргізіледі. Біріншісі, әдетте
өткен апта негізінде сыныптағы оқушылардың үлгерім нәтижелері, олардың
сабаққа қатысуы, тәртібі, оқуы, қоғамдық істері және олардың бір-бірімен
қарым-қатынасы жайлы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz